Педагогикалық технологияның мәнін ашу Қазіргі уақытта “педагогикалық технология” ұғымы әртүрлі түсіндіріледі. Көп тараған анықтама – В.П. Беспалько ұсынған: ол педагогикалық технология оқу мен тәрбие процестерінің (теориялық негізделген) еске түсіру барысында қолданған құралдар мен әдістер жиынтығы, олар білім мақсатын тиімді жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Педагогикалық технология қол жеткен жетістіктерді сатылы өлшеу мен қорытынды бағалаудың объективті мүмкіншілігін жеткілікті дәрежеде сақтайтын мақсаттары мен тапсырылған оларға сәйкес ғылыми жобалардың болуын қалайды. Бірақ бұл анықтамадағы көрсетілген бір–бірімен тәуелсіз және дербес өмір сүруін оқыту және тәрбие процестері болады деген оймен келісу қиын. Тұлға дегеніміз тұтастай тұратын құрылым, және ол біртұтас педагогикалық процеспен байланысты. (Ильин В.С.), демек педагогикалық технологияда осы педагогикалық процестің басты белгісіне сәйкес болуы керек.
Педагогикалық технологияда берілген басқа да анықтама бар, ол: оқыту процесін жүзеге асырудың мазмұндық техникада (В.П. Беспалько), педагогикалық ұйымдастыру мен жүзеге асырудың жобасы (алгоритмі), оқыту процесін ұйымдастырумен жүргізуді жобалау барысындағы бірлескен педагогикалық іс–әрекетінің моделі (В.М.Монахов), барлық сабақ беру процесін жасаудың, қолданудың және анықтаудың жүйелі әдісі, білімді меңгерудегі техникалық және адам және олардың өзара әрекеттерін ескеру (ЮНЕСКО), мазмұнын қорытындылау (Г.К.Селевко). В.Н.Бордовская мен А.А Реанның көрсетуінше білім беру технологиялары дегеніміз бұл білім беру процесіндегі ұстаздар мен оқушылардың жүйелілік іс–әрекеттеріне, ол мақсат, мазмұн, әдістерді ұйымдастырудың белгілі бір нақтылы принциптері мен өзара байланыстылығына сай нақтылы идея негізінде жасалынады.
Дәстүрлі оқыту технологиялардың концептуалдық анықтамаларын атау Оқытудың дәстүрлі технологиясы.Білім беру- оқытудың тәрбие мен дамытудың үздіксіз процесі. Белгілі балалар психологы Д.Б. Эльконин дәлелдегендей 3-10 жас аралығындагы балалар біріккен мәдени – білім беру саласында ортақ өмірмен дами отырып, ортақ тәрбиеленіп, ортақ оқып үйреніп өмір сүруі керек. Яғни бұдан шығатын қортынды бұл (сабақтастықтың) яғни бастауыш сатыда мазалайтын сұрақтар проблемалары біреу ғана. Ол баланың тілін ойөрісін, қиялы мен шығармашылығын дамыту болып, жаңа заман талабына сай жан-жақты дамыған жеке тұлға ретінде оқытып тәрбиелеу