Х а б а р ш ы с ы в е с т н и к государственного



Pdf көрінісі
бет19/58
Дата27.02.2017
өлшемі7,72 Mb.
#5028
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   58

Зерттеу  әдістемесі.  Биосүзгілердің  жұмыс  жасау  бағытына  байланысты  көптеген 

ғалымдардың  пайымдауларынша  [5,  6],  арнайы  колонияларда  орналасқан  нитрифицирлеуші 

бактериялар шамамен 10,7 күн ішінде белсенді жұмыс істей бастаса, жаңа қалыптасушы биологиялық 

сүзгілерде 22,2 – 23 күн ішінде әсер ете бастайды делінген. 

Нитриттеуші бактериялардың дамуы үшін биосүзгілердің жұмыс режимініңқолайлы жағдайда 

қалыптасуына байланысты болады.Олардың дамуы үшін қолайлы жағдай болып су температурасы 22 

ден  24С  аралығында,  рН  көрсеткіші  6,5-7,5  және  судағы  ерітіліген  оттегі  көрсеткіші  7  мг/л  дейін 

болуы керек.  

Олай дейтініміз көптеген бактериялардың түрлері су температурасының ауытқуын белгілі бір 

шамада  көтергенмен,  бірақ  олардың  белсенділігі  біршама  төмендеп  кетеді.  Бейімделу  мерзімінде 

болатын  процесс  уақытша  температуралық  инактивация  (УТИ)  деп  аталады.  Бұл  процесс  суды  тез 

салқындатқаннан  пайда  болады,  су  температурасын  жоғарылату  биохимиялық  процессті  тездетеді 

сондықтан  бейімделу  мерзімі  байқаусыз  өтіп  кетеді.  Нитрификациялану  процессінің  кинетикасын 

зерттеу  кезінде  су  температурасын  тек  қана  4°С  көтерген  кезде  аммония  және  нитриттердің 

қышқылдануы  бұрынғы  қалпына  қарағанда  50  және  12%  ке  тездеткен,  ал  су  температурасын  1°С 

аммонийдың  қышқылдануы  30%  ке  төмендеген,  ал  температураны  1,5°С  түсіргенде  нитриттің 

қышқылдануы бұрынғы қалпына қарағанда 8% ке азайған. 

Тұщы суға қарағанда теңіз суындағы Рн көлемі 9 дан төмен болған кезінде нитрификациялану 

күшті болатынын тапқан. Олар төменгі Рн көлемі табиғи тұщы суларда болады деп түсіндірген [4]. 

Тұщы  сулардағы  аммонийдың  қышқылдануы  Рн  тың  төмендеуі  кезінде  жоғарылайды.  Аммонийдің 

қышқылдануы  үшін  Рн  тың  қолайлы  жағдайы  7,8  болса,  нитриттің  қышқылдануы  үшін  7,1. 

Нитрификация  процессі  үшін  қолайлы  Рн  ортасы  7,1-7,8  деп  есептелінеді  [4].  Теңіздік 

нитрификациялаушы - бактериялар Рн көлемі 7,45 (7-8,2 диапазонында) белсенді болған. 

Биологиялық  сүзгілерді  үлкен  тыныс  алушы  организммен  салыстыруға  болады.  Олай 

дейтінімізбисүзгілер  дұрыс  жұмыс  жасаған  кезде  жоғарғы  көлемдегі  оттегіні  көптеп  талап  етеді. 

Биосүзгілердің оттегіні биологиялық жоғары талап етуі, көпсанды нитрификациялаушы бактериялар 

санының белсенді әсер етуіне әкеледі [4]. 

Тұйық  жүйелі  сумен  қамтамасыз  етілген  қондырғылардағы  гидрохимиялық  режимді 

қалыптастыру үшін; ең біріншіден оның биосүзгілерін іске қосу керек. Бұл балық өсіру ортасының 

гидрохимиялық  құрамын  өзгеріске  әкеледі.  2014  жылдың  қыркүйек  айында  тұйық  жүйелі  сумен 

қамтамасыз  етілген  техникаларды  пайдалану  қолға  алынды.  Зерттеу  обьектісі  ретінде  сібір 

бекіресінің  (Acipenser  baeriiBrandt)  екі  жас  жарымдық  шабақтары  алынды.  Зерттеу  обьектісіндегі 

балықтарды  өсіру  кезінде  біз  ТЖСҚЕҚ-да  су  ортасының  нормативтік  параметрлерін  (А.В.  Жигин, 

2003 бойынша) салыстырып отыруға тура келді. 



Зерттеу  нәтижелері.  Біздің  зерттеуіміздегі  орта  жағдайында  биосүзгілердегі  судың 

гидрохимиялық  көрсеткіштері  оның  тез  қалыптасуына  қолайлы  болып  табылды.  Зерттеу 

жұмыстарымыздың  алғашқы  10  күндігінде  судың  гидрохимиялық  көрсеткіштері  келесідей 

көрсеткіштермен байқалды: нитриттер құрамы 0,03 – 0,22 мгN/л, нитраттар 14,7 мгN/л– ге дейін, ал 

фосфаттар 0,57-1,18 мг/л. Фосфаттар саны қалыпты көрсеткіштен біршама жоғары болды, яғни бұл 

керамзитті  биосүзгілерді  жуғаннан  және  оның  уақыт  өте  келе  қалыптасуынан  байланысты  болды. 

Бұдан  кейін  олардың  көрсеткіштері  жіберілу  мөлшеріне  дейін  төмендеп,  әрі  қарай  тұрақты  болды. 

Бұл мәліметтер келесі 1-ші суреттекөрсетілген. 



139 

 

0



5

10

15



0

2

4



6

8

10



12

14

16



18

20

М



ө

лш

ері

. мл



Тәуілік,  уақыты

Нитрит


Нитрат

 

Сурет 1 - ТЖСҚЕҚ–ғы азотты қосылыстардың динамикасы 

 

Тұйық  жүйелі  айналымдағы  бассейндерге  келіп  түсетін  су  құрамы  барлық  талаптарға  сай 



болды.Су ортасында рНкөрсеткішінің өзгеруі 7,2-7,5 мөлшерінде ғана болды, бұл бекіре балықтары 

үшін қалыпты. Қалыпты жағдайда рН көрсеткішінің өзгеруі, әр түрге жататын балықтар үшін өзгеше, 

мысалы  дернәсілдердің  өсуіне  әсер  етеді,  бұл  жағдайда  тыныс  алу  қарқындылығы  төмендейді,  бір 

күндік рационы және оттегінің шығыны бірлік өсімге келеді [1]. 

ТЖСҚЕҚ-ғы  бассейндердегі  судың  қалыпты  температурасы  (20-22ºС)  кезінде,  аттрактивті 

заттар  қосымшаланған  құрама  азықтармен  азықтандыру  кезіндегі  бекіре  балығының  өсу 

қарқындылығы біршама жоғарылады. 97 күн ішінде өсірілетін балықтардың орташа көрсеткіші 800-

900  г  құрады,  мұны  2-ші  суреттен  анық  көруге  болады.  Бұл  бақылау  нұсқаларына  қарағанда  30  % 

жоғары екенін байқатты. 

 

 



Сурет 2 - ТЖСҚЕҚ–ғы азотты қосылыстардың динамикасы 

 

Зерттеу  обьектілері  болып  алынған  бекіретұқымдас  балықтардың  орташа  тәуліктік  өсім 



жылдамдығы  және  салмақ  қосу  коэффиценттері  су  ортасының  гидрохимиялық  режимінің  нақты 

тұрақтануына байланысты болды, бұл мәліметтерді келесі 3-ші суреттен көруге болады. 



140 

 

 



 

Cурет 3- Сібір бекіресі балығының өсу көрсеткіші 

 

Нәтижелерді  талқылау.  Бір  ескеретін  жағдай,  биосүзгілерді  қалыптастырудың  алғашқы 

күндері  зерттеу  обьектісіндегі  балықтардың  орташа  тәуліктік  өсу  жылдамдығы  және  салмақ  қосу 

коэффиценттік көрсеткіштері жоғары болмады, бұл биосүзгілердегі гидрохимиялық көрсеткіштердің 

төмендеуінен  балықтардың  өсімталдығына  біршама  әсер  етті.  Бірақ  судың  температурасы  қалыпты 

20-22ºС болғаннан соң, биосүзгілерден кеп түсетін су құрамындағы нитраттар мен нитреттер құрамы 

тұрақтанып зерттеу обьектілерінің де өсім көрсеткіштері жоғарылай бастады. 



Қорытынды.  Зерттеу  жұмыстарының  нәтижесінде  келесі  жағдайларға  көз  жеткізілді: 

биологиялық  сүзгілердегі  нитрифицирлеуші  бактерияларды  қалыптастыру  уақыты  гидрохимиялық 

реакцияның  жүру  уақытына  байланысты  болды,  азоттық  көрсеткіштердің  максимальды  бірігу 

шамасы  10-12  тәулік  аралығында  байқалды,  балық  өсіру  бассейндеріне  балықтарды  отырғызғаннан 

кейінгі  20  тәуліктен  соң  биосүзгілердегі  жұмыс  жасау  режимінің  тұрақтылығы  белгіленді.  Толық 

көрсеткіштердің тұрақтылығы тек қана 22 тәулік өткеннен кейін анықталды. Биосүзгілердің толықтай 

қалыптасуы өсірілетін обьектілерге азотты қосылыстардың әсер етуін біршама төмендетеді. 

 

Әдебиеттер: 

1.

 



Сариев Б.Т., Туменов А.Н., Кулбаев Р.М., Кисметова А.Л. Тұйық жүйелі сумен қамтамасыз 

ету  құрылғыларында  орыс  бекіресі  балығын  өсіруде  гидрохимиялық  режимнің  маңызы  //  Отандық 

етті  бағыттағы  ірі  қараның  заманауи  жағдайда  дамуының  өзекті  мәселелері  Халықаралық  ғылыми-

практикалық конференция материалдары, Орал 2014ж. - С. 176-181. 

2.

 

Проскуренко И.В. Замкнутые рыбоводные установки Специально для АкваРост – Москва: 



ВНИРО, 2003. – С 51, 52. 

3.

 



Матишов  Г.Г.,  Пономарёва  Е.Н.,  Журавлёва  Н.Г.,  Григорьев  В.А.,  Лужняк  В.А. 

Практическая  аквакультура  -  Российская  академия  наук  Южный  научный  центр  Мурманский 

морской биологический институт: Ростов-на-Дону.: ЮНЦ РАН, 2011. – С 113-115. 

4.

 



Спотт С. Содержание рыбы в замкнутых системах: пер с анг. – М: Легкая и пищевая пром-

сть, 1982. – С 130. 

5.

 

Жигин  А.В.  Установки  с  замкнутым  водоиспользованием  в  аквакультуре  Рыбное 



хозяйство сер. «Пресноводная аквакультура», 2003, вып. 1, С. 1-68 с. 

6.

 



Разработка  технологии  выращивания  рыбы  при  замкнутой  системе  водоснабжения: 

Промежут. отчет № 80010023/ВНИИРХ. – пос. Рыбное: рук. Филатов В.И. – М, 1980. – С 26. 

 

ВЛИЯНИЕ ФОРМИРОВАНИЯ БИОЛОГИЧЕСКОЙ СТРУКТУРЫ ФИЛЬТРА ПРИ 

ВЫРАЩИВАНИИ ОСЕТРОВЫХ РЫБ В УСТАНОВКАХ ЗАМКНУТОГО ВОДООБЕСПЕНИЯ     

Б.Т. Сариев,  А.Н. Туменов,  К.Н. Абуов,  А.М. Джунусов      

 

Аннотация:  В  статье  показано  работа  биологического  фильтра  в  установках 

замкнутого  водообеспечения  при  выращивании  осетровых  рыб.  В  период  работы  биофильтра 

были  установлены  гидрохимические  показатели  водной  среды  (щелочность,  содержание 

нитратов,  нитритов,  фосфатов)  влияющих  на  процесс  выращивания  рыб.  Отмечено  влияние 

процесса формирования биофильтра на выращиваемые обьекты, показатели роста зависели от 


141 

 

содержания  азотистых  соединений  в  системе.  Обосновано  перспективность  использования 



биологического фильтра воды в замкнутых аквариальных системах. 

 

THE INFLUENCE OF FORMATION OF FILTER BIOLOGIC PATTERNS ON THE 



OBJECTS OF CULTIVATION IN RAS                                                                                                   

B. Sariev,  А. Тumenov,  К.  Аbuov,  А. Dzhunusov     

 

Summary:  The  paper  contains  the  work  illustration  of  the  biological  filter  in  Recirculating 

Aquaculture  Systems  (RAS)  during  sturgeon  farming.  During  the  fish  cultivation  the  hydrochemical 

parameters  of  water  environment,  like  alkalinity  of  water,  phosphates,  nitrate  and  nitrite  content,  have 

been set. The impact of the formation of the biofilter for the cultivated objects has been mentioned. The 

growth  indicators  have  depended  on  the  content  of  nitrogen  compounds  in  the  system.  The  Biofiter 

application perspectiveness has been justified in Recirculating Aquaculture Systems.  

 

 

ӘОЖ 330.15 



Н.Н.Султаева, С.М.Тугамбаева 

Семей қаласындағы Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті 



 

ТАУЫС ҚҰСЫНЫҢ  ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ ДАМУ  МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ  

 

Мақалада  Қазақстандағы  және  Ресейдегі  тауыс  құстарының  даму  технологиясының 

салыстырмалы  физикалық  факторлары  мен  шаруашылықтағы  жұмыртқаларының  оптималды 

параметрлерінің  көрсеткіштері,  табиғи  және  инкубациялық  дамуы,әр  түрлі  құс  түрлерінің 

жұмыртқаларының даму ұзақтылығы көрсетілген. 

Түйін сөздер:температура, ылғалдылық, биологиялық маңыздылығы, даму технологиясы. 

 

Қазақстанда    шаруашылық  әрекеттерінде  құстардың  алуан  түрлі  және  үлкен  маңызы  бар. 



Дегенменде көптеген  түрін  Ресейдегі  арнайы  қожалықтардағы  тауыс құстарының  қолға  үйретіп,  үй 

құсына  айналдырған,  бұл  әрекетті  осы  кезге  дейін  жетілдіріп  келеді.  Көбінесе  тауыс  құсын 

шаруашылықта  сәндік  үшін  және  ет,  жұмыртқаларын,  деликатес    мақсатына  пайдаланады.Тауыс 

құстарың  –жануарлар  саябақтарында,  орман  шаруашылығында,  шаруашылық  кәсібінде,  сауда 

саттықта  зор  маңызы  бар.  Құстардың  экономикалық  маңызы  өте  күрделі,  ол  механикалық  шеше 

салатын мәселе емес. Бір түрге жататын тауыс құстардың өзі бір жағдайда пайдалы болса, екінші бір 

жағдайда зиянды болып саналады. Шаруашылықтың бір түріне пайдалы болған құс, шаруашылықтың 

екінші саласына зиянын тигізуі мүмкін. Ал, тауыс құсының табиғи жағдайдағы және инкубациялық 

даму кезеңіндегі  физикалық көрсеткіштерін 1- кестеден көруге болады. Тауыс құсының табиғи және 

инкубациялық  кезендегі дамудың  физикалық  көрсеткішін  сұрыптау  технологиясы  арқылы  байқауға 

болады [1]. 

 

Кесте1-Тауыс құсының табиғи және инкубациялық дамукезіндегі физикалық көрсеткіштері 



 

Көрсеткіштер 

Сұрыптау технологиясы 

Табиғи 


Инкубациядағы 

Даму кезіндегібалапаның  саны 

2—5 дана. 

200  дана. 

Даму кезіндегі жұмыртқаның орналасуы 

Көлдененінен 

Тігінен көлденен 

Жұмыртқаға қойылатын жылулық температурасы, СС 

4-6 

0,1—0,2 


Температуралық режим 

Ауыспалы 

Тұрақты, ауыспалы 

Ылғалдылығы 

Клииматикалық 

жағдайы 


Реттеледі 

Максималды концентрациясы СО,% 

0,3—1,5 

Жұмыртқаның ауысу әдісі 



Реттелмейді 

Реттеледі 



142 

 

Бұл кестеде Мәскеу қаласындағы тауыс құстарының салыстырмалы сұрыптау технологиясын 



байқауға  болады.  Даму  кезінде  табиғи  жағдайда  балапан  санын  аналықтар  2—5  дана.  шығарса, 

инкубациялық  жағдайда  200    дана.  шығаратынына  көз  жеткізуге  болады.  Физикалық  жағдайда 

температурасы  инкубациялық  кезенде  реттеуге  болады.  Ал,  табиғи  жағдайда  жұмыртқаның  ауысу 

әдісін    реттеуге  болмайды.Инкубацияның  бокстық  технологиясын,  оның  жаңа  дезинфекциялық 

заттармен қоса қолдану әдістерін, инкубациялық жұмыртқаларды сақтау мерзімін ұзарту жолдарын, 

тұқымдық  және  тағамдық  жұмыртқаларын  өндейтін  құралдар  мен  препараттар,  оларды  өндірістік 

енгізудің ғылыми және тәжірибелік маңыздары өте зор. 

Ресейдегі  өндірістік  тауыс  құс  шаруашынығында  жаңа  ғылыми  әдістерді,  жетістіктерді 

шығарып,  оларды  шаруашылықта  пайдалануды  тездету  компьютерлік  технологияны  кеңінен 

қолдануға  байланысты.  Казіргі  таңда  тауыс  құс  щаруашылығының  негізгі  даму  бағытын  жобалап, 

ұйымдастыру  жұмыстарын  жетілдіру,  басқару,  еңбек  өнімділігін  арттырудың  қосымша  жолдарын 

табу,  тауыс  құс  шаруашылығы  өнімдерінін  өзіндік  құнын  төмендету  мәселелері  компьютерлік 

технологияларды кеңінен қолдану жолымен ғана дұрыс шешілуде [2].  

Тауыс құс шаруашылығы өнімдерінен, яғни етінен, меланж, жұмыртқадан ұлпа алу жолдары 

да  жетілдірілу  үстінде.  Ғалымдар  мен  мамандардың  ең  басты  мақсаты  тауыс  құс  өнімдерін 

тұтынушыларға сапалы да жеткілікті мөлшерде дайындау болып табылады.  

Міне,  осы  айтылған  көптеген  мәселелерді  дер  кезінде  орындап,  оларды  жетілдіру 

жұмыстарының  мерзімдерін  қысқарту  тауыс  құс  шаруашылықтарының  тиімділігін  бұрынғыдан  да 

арттыра түседі. 

 

Кесте 2 - Тауыс құсы мен ауылшаруашылық құс жұмыртқаларының инкубациядағы пайыздық (%) 



көрсеткіштерін салыстыру. 

 

Құс түрлері 



Азық 

түлік 

түрлері 

Жұмыртқаларын

ың жетілуі 

Жұмыртқаларыны

ң шығаруы 

Балапандарының 

пайда 

болу 

аралықтары 

Тауықтар 

Жұмырталы 

  

92-95  

87-92  

78-85  

Етті 

85-93  

78-86  

Лт-жұмыртқалы 

85-90  

78-82  

Үйректер 

Етті 

90-92  

80-85  

70-75  

Бұлшықты 

88-90  

78-83  

65-70  

Күркетауықтар 

Салмақты 

87-90  

80-85  

70-75  

Қаздар 

Жеңіл 

85-90  

80-90  

70-78  

Салмақты 

80-89  

65-75  

Тауыс құстары 

Лет жұмыртқалы  90-95  

80-85 

70-85 

 

Кесте 2- Тауыс құсы мен ауылшаруашылқ құс жұмыртқаларының инкубациядағы пайыздық 

(%)  көрсеткіштерінің  зерттеу  жұмыстарын«Ресей  мемлекеттік  аграрлық  университеті      К.А. 

Тимирязев  атындағы  биология  және  мал  шаруашылығы    ғылыми    оқу  орталығында»  жүргізілді. 

Зерттеу  кезінде  тауыс  құстарының  жұмыртқаларын  басқа  құс  түрлерінің  жұмыртқаларының  даму 

ұзақтылығының    салыстырмалы  көрсеткіштері  өте  баяу  жүретіндігін  айта  кетуге  болады.  Сонымен 

қатар  тауыс  құстарының  жұмыртқаларының  жетілу  ұзақтылығы  90-95%  ,қаздарда85-90%, 

күркетауықтарда 87-90%, үйректерде 90-92%, тауықтарда 92-95% пайыздық көрсеткіштерді байқауға 

болады [3]. 

Тауыс  құстың  жұмыртқалағыштығын  арттыруда  оларды  дұрыс  және  тиімді  азықтанудың 

маңызы зор. Жұмыртқалау кезеңінде тауыс құстарында зат алмасу процесінің қарқыны жоғарлайды, 

организим  шығыны  артады.  Химиялық  талдауларға  қарағанда  жұмыртқаның  құрамы  өте  күрделі. 



143 

 

Онда 65,5 %  су, 11,9%  ақуыз, 9,3% липидтер,  0,9%  көмірсулар, 0,9%  минералды заттар болады. 



Егер салмағы 1,8 кг тауыс құсы жылына орташа массасы 56 г. 240 жұмыртқа жұмыртқаласа, онда ол 

жалпы  алғанда  13,4  кг  жұмыртқа  массасын,  оның  ішінде  1600  г  құнарлы  белок,  1250  г  май,  125  г 

көмірсу  өндіреді.Жұмыртқа  құрамында  барлық  алмастырылмайтын  амин  қышқылдары,  әр  түрлі 

макро  және  микроэлементтер  болады.  Жоғарыда  баяндалған  жайлар  тауыс  құстарды  дұрыс 

азықтандыру  мәселелеріне  баса  көңіл  бөлуді  қажет  етеді.  Тауыс  құстары  азық  құрамына  қажетті 

мөлшерде  қоректік  заттар  қабылдау  керек.  Сонымен  қатар  олар  қабылдаған  қоректік  заттар  жеңіл 

қортылып, оңай сіңетін күйде болу керек. 

 

Кесте 3 - Әр түрлі құс түрлерінің жұмыртқаларының даму ұзақтылығының көрсеткіштері. 



 

Құс түрлері  

Жұмыртқа массасы, грамм  

Сақталуы 

6 аптаға 

дейін 


Балапандарының 

сақталу 


пайыздылығы,%  

апта  



апта  


апта  


апта  


апта  


Қазақстан 

13,8  


13,6  

13,4  


13,5  

13,6  


93,2 

90 


Ресей 

13,4  


13,3  

13,2  


13,0  

13,0  


97,9 

95,0  


 

Кесте 3 – Қазақстандағы арнай қоршауда ұстайтын тауыс құстарының және Ресейдегі арнайы 

шаруашылықта  табиғи  түрдегі  әрі  инкубациялық  түрдегі  жұмыртқаларының  даму  ұзақтылығының 

көрсеткіштерін,  жұмыртқа  массаларында  ауытқу  бар  екендігін,  балапандарының  сақталуында 

өзгешеліктер бар екендігінбайқауға болады [4].  

 

 



 

Сурет  1  -  жұмыртқаның  толық  дамуын  және  шала  дамуының  кезеңдерінің  көрінісін  көруге 

болады.  А – 6 аптадан кейінгі инкубациялық кезеңі, Б - 11 күнен кейінгі инкубациялық кезеңі, В -  19 

күнен кейінгі инкубациялық кезеңі. 

 

Сурет  1-ден  Семей  өңіріндегі  арнайы  биологиялық  орталықта  асырайтын  тауыс  құс 



жұмыртқаларыныңинкубациялық  дамуын  көруге  болады.  Оңжақтағы  жұмыртқасы  –  толық 

дамыған,ал,  сол  жақтағы  жұмыртқаларының  дамуы  шала  әрі  даму  деңгейі  баяу.  Олардың 

инкубациядан  кейінгі  биологиялықдамуда  жүргізілген  бақылаудың  қорытындысы  бойынша, 

инкубацияда пайда болған балапандарының сапасы мен анализдік қорытындысы: 

Ø

 

Инкубациялық көрсеткіштері – балапандары жұмыртқада толығымен жетілген;  



Ø

 

Балапандардың ішінде толық жетілгендірімен соның ішінде әлсіздері де кездеседі; 



Ø

 

Инкубациялық балапандардың морфологиялық және биологиялық көрсеткіштері бойынша, 



орта деңгейлік көрсеткіштерді көрсетеді.  

Ø

 



Инкубациялық балапаның  паталогиялық және анатомиялық жетілуі  7 аптадан аспайды;  

Инкубациядағы  оттегі  концентрациясын  жасанды  жолмен  31-41%    дейін  жоғарлатқанда 

эмбрионның өсу қарқыны 1,5 есеге артып, балапан төзімділігі артқан. Зерттеулерде ең қолайлы әсер 

ететін оттегі мөлшері  32% болатыны анықталған. Ал, оттек мөлшері   75-95% жоғарлағанда өлімге 

ұшырайды.  Эмбриондардың  өлуі  аллантоисты  тыныс  алудан  өкпелік  тынысқа  ауысқан  кезде 


144 

 

байқалады.  Сонымен  қатар  эмбриондық  дамудың  3-5  және  9-11  күндері  тыныс  алу  жүйесінің 



өзгеруімен байланысты алмағайып күндер болып табылады. Оның себебі алғашқы кезеңде сарыуыз 

қапшығы қан тамырының дұрыс қалыптасып үлгермесе, екінші кезенде аллантонс толық жетілмейді.  

Жасына байланысты тауыс құстарының балапандары бірінші күні сағатына 62-66 мл, 2-күні  

66,2,  үшінші  күні    42  мл,  төртінші  күні    57  мл  оттегін  пайдаланады.  Зерттеу  нәтижесінде  тауыс 

құстарының балапандары 1-20 күн аралығында дене салмағы 1 кг шаққанда сағатына 2-2,4 л оттегі 

пайдаланып,  1,4-1,6 л көміртегін бөледі [5].  

 

           



 

А - В                                        

Сурет 2 -  Тауыс жұмыртқаларының көлемдік өзгерістері. А- Тауыс құсының жұмыртқасының 

жұмыртқа  көлемдерін  анықтау.  В-тауыс  құс  жұмыртқаларының  инкубацияға  дайындық  кезеңін 

анықтау. 

 

Сурет  2  -  ден  ШҚО  Семей  өңіріндегі  тауыс  құстарының  мезгілдік  тауыс  құс 



жұмыртқаларының  көлемдік  даму  өзгерістерінің  физикалық  және  биологиялық  маңыздылығын 

анықтап,  Ресей  өңірінен  әкелінген  тауыс  құстарының  жұмыртқаларының  инкубациялық  дамуға 

дайын  екендігіне  көз  жеткізе  балапандарын  толық  жетілдіру  жолдары  қарастырылып,  қолайлы 

жағдай жасалды. 



 

Кесте 4 - Тауыс құс жұмыртқасының инкубациялық режимі 

 

Күн аралық инкубациясы 



Температурасы, С  

Желдету клапандары 

Құрғақ ауада 

Ылғалды 


ауада 

1-12  


37,8  

31,0  


жабық 

13-24,5  

37,6  

28,5  


10-15 мм. ашық 

24,5-28,0  

37,2  

29,0-30,0  



 

10-15  мм  ашық,  2-3  сағат  бұрын 

толығымен ашық болады 

 

Кесте  4-те  тауыс  құс  жұмыртқаларының  инкубациялық  дамыту  технологиясын  дұрыс  іске 



асыру жұмысын көруге болады. Бұл жұмыста күн аралық инкубацияда1-12 күн аралықтарда, құрғақ 

ауадағытемпература  37,8  С,  ылғалдылды  ауада  температура  31,0  С,  желдету  клапандары  жабық 

болады.  13-24,5  күн  аралықтарында  құрғақ  ауадағы  температура  37,6  С,  ылғалдылды  ауада 

температура 28,5 С,желдету клапандары 10-15 мм. ашық болады. 24,5-28,0 күн аралықтарында құрғақ 



145 

 

ауадағы  температура  37,2  С,ылғалдылды  ауада  температура  29,0-30,0  С,  желдету  клапандары  10-15 



мм ашық, 2-3 сағат бұрын толығымен ашық болады [6].  

Бұл  зерттеу  әдіс  тәсілдері    «Ресей  мемлекеттік  аграрлық  университеті      К.А.  Тимирязев 

атындағы  биология  және  мал  шаруашылығы    ғылыми    оқу  орталығында»  және  еркіндікте  тіршілік 

етпейтін ШҚО  «Семей  қаласындағы облыстыұ  балалар  орталығында»  ұсталатын  тауыс  құстарымен 

жүргізілді. 

Зерттеу  кезінде  кесте1-тауыс  құсының  табиғи  және  инкубациялық  дамукезіндегі  физикалық 

көрсеткіштерін,  кесте  2-  тауыс  құсы  мен  ауылшаруашылық  құс  жұмыртқаларының  инкубациядағы 

пайыздық  (%)  көрсеткіштерін  салыстыру,кесте  3-  әр  түрлі  құс  түрлерінің  жұмыртқаларының  даму 

ұзақтылығының  көрсеткіштерін,  сурет  1  -  жұмыртқаның  толық  дамуын  және  шала  дамуының 

кезеңдерінің  көрінісін  көруге,  сурет  2  -    тауыс  жұмыртқаларының  көлемдік  өзгерістерін,кесте  3  - 

тауыс құс жұмыртқасының инкубациялық режимі байқалды [7]. 

Осы зерттеулердің нәтижелерін қортындылай келсек тауыс құстарының  инкубациялық даму 

технологиясын, даму кезеңдерінің физикалық көрсеткіштерін, жұмыртқаларының даму ұзақтылығын, 

жұмыртқаларының көлемдік өзгерістерін көруге болады. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   58




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет