parts in state park Katon-Karagayskiy. As result it made an offer effectual prevention measures
for harm and consequences remediation of negative effect.
ӘОЖ 556(574.5):639
Қ.Ж. Сейтбаев
1
, Ж.С. Тулеубаев
2
, Г.К. Зияева
2
, Ғ.И Исаев
3
1
Тараз инновациялық-гуманитарлық университеті, Тараз қ.
2
Тараз мемлекеттік педагогикалық институты, Тараз қ.
3
Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық институты, Шымкент қ.
ФОСФОР ҚАЛДЫҒЫМЕН ЛАСТАНҒАН БИЛІКӨЛ КӨЛІНДЕГІ БАЛЫҚТАРДЫҢ
ПАТО-МОРФОЛОГИЯЛЫҚ ӨЗГЕРІСТЕРІ
Андатпа: Мақалада билікөл көлінің экологиялық, санитарлық жағдайы зерттеліп,
гидробионттардың түрлік құрамдары, олардың мезгілдік өзгерісі анықталып, аймақта
қалыптасып отырған экологиялық жайттарға және гидрологиялық режимге баға берілді. Билікөл
көлі суының гидрохимиялық көрсеткіштері, жалпы гидробионттар саны, альгофлораның түрлік
құрамы, жиынтығын пайдаланып, көл суларына экологиялық мониторг жасалынды. Климаттық
жағдайдан басқа Билікөл көлін толтыруға, егістік алқапты суаруға және басқада шаруашылық
қажеттер үшін жұмсалған су көлемі өзендер ағындысын кемітіп, Билікөл көліне құятын су көлемін
кемітіп отырғаны анықталды.
171
Кілтті сөздер: Билікөл, экологиялық, санитарлық, гидробионттар, гидрологиялық,
гидрохимиялық, альгофлора, шаруашылық, интенсивті, ШРК, фосфор, мыс, қорғасын, маргенец,
мырыш, фтор, альфа.
Билікөл көлінің экологиялық жүйесінде су деңгейінің төмендеп кету күрделі мəселе туғызып,
көлдің тиімді табиғи гидрологиялық, гидрохимиялық жəне гидробиологиялық режимін бұзуға əкеліп
соқтырды. Аса өзенінің ағысын негізсіз реттеу, толып жатқан суару жүйелері мен каналдар салу, осы
гидрожүйелердегі су ағысының бұзылуы көлдің табиғи су балансын бұзуға əкеліп соқтырды. Соның
салдарынан көлдің деңгейі кейінгі жылдары орта есеппен 3 метрге төмендеп, тұз құрамы, яғни судың
минералдануы екі есеге жуық артқан. Осылардың барлығы қазіргі кезде өсімдік жəне жануарлар
дүниесінің, балықтың түрлері мен санының мүлде азайып кетуіне əкеліп, климат жағдайына да əсер
етті. Көлдің жағалауындағы өсімдіктерге орасан зиянын тигізді.
Қәзіргі кезде«Билікөл» көлінің экологиялық жағдайы өзекті мәселеге айналып отыр. Билікөл
көлі мен оның маңындағы аймақтардың экологиялық жүйесіне Фосфор зауыты зиянды əсерін
тигізді. Өйткені 1982 жылдан бастап көлдің фосфор қосылыстарымен ластануы бірнеше рет
қайталануынан көл суының биохимиялық, минералдық құрамы өзгерген және еріген оттегінің
аздығынан көлдегі зоопланктондардың, зообентостардың дамуы төмендеген, органикалық және
неорганикалық өндірістік ластану көрсеткіші жоғарылаған, балықтардың түрлік құрамының
ихтиофаунасы өзгерген.
Сондықтан антропогендік факторлар әсерінен ластанған Билікөл көлінің экологиялық
жағдайын, жануарлар дүниесінің жай күйін, көлдің балық өсіруге жарамдылығын биологиялық
және экологиялық тұрғысынан бағалау, балық өнімдерінің ресурстарын сақтау олардың қорын
үздіксіз өсіру және тиімді пайдалану қажеттілігі туындады.
Зерттеу әдістерімен материалдары
Су айдындарының гидрофизикалық жағдайларын бағалау мақсатында тіршілік ортасының
және азықтық қордың даму деңгейін сипаттайтын сынамалар су бассейндерінің әр түрлі
акваториялары мен биотоптары ескеріліп, тор принципі бойынша белгілі үлескілерден алынды.
Сулардың гидрофизикалық және гидрохимиялық көрсеткіштері жалпы қолданыстағы
әдістемелік нұсқаулары бойынша анықталды. Гидробиологиялық зерзаттарды жинақтау және өңдеу
қолданыстағы әдістемелік ұсыныстар мен нұсқауларға сәйкес орындалды.
Зерттеу барысында зоопланктон мен зообентостың сынамалары өңделді. Организмдердің
идентификациясы және санын анықтау МБС-10, Motic (K.Zeis) микроскоптарының көмегімен
зертханада жүргізілді. Зоопланктон мен зообентостың түрлік құрамын айқындау үшін белгілі
анықтағыштар қолданылды.
Зоопланктон сынамалары кіші Джеди торымен су қойнауын
түгел сүзу арқылы жинақталды.
Торларда №55 және №70 диірмен торы пайдаланылды. Микроскоп арқылы организмдерді санау
сынаманың белгілі бөлігінде жүргізілді. Содан кейін ірі және сирек кездесетін дараларды табу
мақсатында сынаманың жарты мөлшері, немесе қалдығы түгелдей тексерілді. Зоопланктон
жәндіктерінің жекелей салмағын есептеу үшін сызықты-салмақты қатынасты сипаттайтын теңдеулер
қолданылды. Шаян тәрізділердің әр түрі үшін дамудың барлық сатыларындағы сан мен салмақ
қосындысы есептелді. Содан кейін барлық түрлердің даралар саны мен салмақ көрсеткіштері
ескеріліп, организмдердің негізгі топтары және бүкіл қауымдастық бойынша қосындысы анықталды.
Зоопланктонның саны мен массасы су қойнауының 1 м
3
шаққанда есептеледі.
Зообентос сынамалары қамту ауданы 0,025 м
2
Петерсен ұлтанқазғышы (дночерпатель)
көмегімен алынды. Сынама нәзік фракциялары жойылғанға дейін №23 диірмен торынан жасалынған
елегішінде жуылды. Тірі организмдер грунттан жинақталып, этикеткаланған пластик немесе әйнек
контейнерлерге салынды, содан соң 4% формалин ерітіндісінде сақталды. Зертханада микроскоп
көмегімен организмдер идентификацияланды, әрбір сынамадағы жәндіктер саналды және өлшенді.
Майда жәндіктердің массасын өлшеу тексеру мүмкіндігі 0,001 г торсионды, немесе электронды
таразыларда, ал ірі омыртқасыздардың салмағын анықтау тексеру мүмкіндігі 0,01г табақшалы
таразыда жүргізілді. Содан кейін сынамадағы жануарлардың саны мен биомассасы туралы
мәліметтер 1м
2
шағылып, анықталды.
Ихтиологиялық материалдарды жинақтау, өңдеу, балықтардың түрлік құрамын анықтау
Правдинге (М., 1966) негізделді.
Балық қорлары 2013-2014 ж. вегетациялық кезеңінің шілде, тамыз, қыркүйек айында бақылау
торларын қою нәтижесінде ұсталынған балықтарды тікелей сандық есептеу тәсілімен бағалады.
172
Ғылыми-зерттеу мақсатында балық аулау үшін көздері 20-80 мм, ұзындығы 25-50 м торлар
пайдаланылды. Су айдынының ауданына байланысты тәулігіне алтауға дейін торлар қойылды.
Бір тор құру ұзақтығының мөлшері тәулігіне 12 сағатты құрады.
Балықтардың паразиттермен залалдануын анықтау мақсатында ауланған барлық дараларды
толық емес гельминтологиялық сойып-зерттеу тәсілімен (Скрябин, 1938) тексерілді.
Гистологиялық зерттеу обеъктісі – балықтардың желбезегі, асқазаны және ішек бөлімі.
Материал 10 % - ті формалин ерітіндісінде сақталынған және белгілі гистологиялық тәсілмен
парафинде құйылған. Гистологиялық кесінділер гематоксимен – эозиним бояуы арқылы боялған.
Даярланған гистологиялық препараттарды зерттеу және фотосуреттерін алу жарықтық микроскоп
Leica DMLS және сандық фотокамера Leica DFS 280 арқылы жүргізілді. Алынған фотосуреттер
Pentium 4 компьютерінде өңделді.
Зерттеу нәтижелері Билікөл көлінің географиялық орналасуын, физгеографиялық
сипатталуы.
Билікөл көлі айрықша экологиялық, ғылыми, мәдени, рекреациялық және эстетикалық
құндылығы бар көл. Көл Тараз қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 75 шақырым жерде, Билікөл
ауданында Қаратаудың солтүстік беткейіндегі тектоникалық ойыста орналасқан. Бұл Жамбыл
облысындағы ең терең, ірі су айдыны. Көлдің қазіргі көрінісі 8 тәрізді формада, солтүстіктен
оңтүстікке қарай созылып жатыр. Аумағы 85 км
2
, солтүстіктен оңтүстікке дейінгі ұзындығы – 18
километрге жуық, батыстан шығысқа дейінгі ұзындығы – 7,5 км., ең терең жері 8 м. Жауын-шашын
мол жылдары су көлемі 182 млн. м
3
-ге жетеді. Суы тұщы. Билікөлге Аса өзені шығыс жағынан
құйып, солтүстігінен ағып шығады. Көлде 1,4 млрд. текше метрге жуық су жиналады.
Билікөл көлінің суы сульфатты минералды су типіне жатады. Су құрамында тұз қышқылы,
кальций гидрокарбонат, магний және өмірге қажетті басқа да минералды элементтер бар. Көлге
шығыс жағынан Аса өзен құяды. Билікөл — Шу — Талас алабындағы көл, солтүстік кеңдікті-
43°02'60'' шығыс ендікті-70°42'00'', теңіздің денгейдің үстінде-429 м орналасқан. Жайпақ құм
жағалауында қоға аралас қамыс өседі. Көл суын төңіректегі шаруашылықтар егіс суаруға
пайдаланады. Желтоқсан айының екінші жартысында көл толығымен қатады. Мұздың тұрақтылығы
орташа есеппен 120 күнге созылады, ал қалыңдығы 40 см-ден 60 см-ге дейін жетеді. Мұздың еруі
наурыз айының екінші жартысында басталады. Билікөл көлінің ерекшелігі жылдық орташа су
толуының тұрақсыздығы. Билікөл көлінің көктемгі көтерілуі сәуір айының 2- ші онкүндігіне сәйкес
келеді, шарықтау шегі мамыр айының 3-ші онкүндігіне жетеді. Бұл мерзім балықтардың уылдырық
шашу мерзімі болып саналады, сондықтан көктемгі су толуы жайылымдарды толтырып,
балықтардың көбеюіне мүмкіндік туғызады.
Билікөл көлінде Қазақ Балық шаруашылығы ғылыми-зерттеу иниститутың 2005 жылғы
мәліметі бойынша Билікөл көлінде балықтардың 13 ден астам түрі мекендеген: күміс мөңке, тұқы-
карп, торта, көксерке, жыланбас, ақ амур, ақ дөңмаңдай, білеубалық (востробрюшка), тарғақ балық
(елец), бұзаубас балық (бычок), медака, Амур шабағы (Амурский чебачок). Соңғы кездері
балықтардың түрлері күрт төмендеп кеткен.
Қазіргі таңда 2013-2014 жылғы зерттеу нәтижелері бойынша Билікөл көлінің ихтифаунасын
мына балықтар түрі құрайды тұқы-карп, көксерке, жыланбас, табан, торта, мөңке.
Көлдің экологиялық жағдайы, суының химиялық құрамын, өсімдік, жануарлар дүниесі,
алабының физикалық-географиялық сипаты зерттелініп, нәтижесінде көлдің табиғи орнықтылығын
сақтап қалуға бағытталған нақты шаралар белгіленді. Көл шөл және шөлейт климаттық белдеуде
орналасқан. Қаңтардағы орташа температура –15 – 17
0
С, шілденің орташа температурасы 24
0
С.
Жауын-шашынның көп жылдық орташа мөлшері 120 мм. Ауаның салыстырмалы ылғалдылығы 55 –
66%, желдің жылдық орташа жылдамдығы 4,5 – 4,8 м/с. Жел көлдің батыс бөлігінде көбінесе,
солтүстіктен, шығысында – солтүстік-шығыстан соғады. Осы себепті көлде үнемі күшті толқын
болады. Жаздағы булану ауа райына байланысты 950 мм-ден 1200 мм-ге дейін ауытқиды. Көл беті
көбіне қарашаның аяғында қатып, наурыздың ортасында мұзы ериді. Мұздың қалыңдығы кей
жылдары 150 см-ге жетеді. Сонғы жылдары көлдің табиғи гидрологиялық режимі көп өзгеріске
ұшырады. Билікөл – жартылай тұщы көл. Суының химиялық құрамы көл алабының гидрографиялық
ерекшеліктеріне байланысты. Көл екіге бөлінген (үлкен бөлік және кіші бөлік), гидрологиялық және
гидрохимиялық жағынан бір-бірінен өзгеше. Судың минералдылығы мен тұздылығы бұл екі бөлікте
екі түрлі. Көлге ағып келетін судың негізін Аса өзені құрайды. Билікөл фаунаға бай. Көл түбінде
моллюскілер, судағы ұсақ жәндіктердің дернәсілдері, шаян тәрізділер тіршілік етеді. Солтүстік бөлігі
планктонға бай. Көлде балықтың 6-дан астам түрі бар. Ауланатын балық – сазан, көксерке, табан,
жыланбас.
173
Уақытында табиғатты қорғауға арналған жұмыстардың жүйелі жүргізілмеуінен соңғы
жылдарда Билікөл деңгейінің таяздануы мен ластануы байқалуда. Осыған байланысты көлдің
экосистемасын жүйеге келтіру бүгінгі таңның өзекті мәселелерінің бірі болып табылуда.
Билікөл көлнің гидрологиялық, гидрохимиялық және гидробиологиялық су режімдері
шаруашылыққа байланысты екенін көрсетеді. Шаруашылық әрекеттік суға деген сұранысы өсе келе
және климаттық жағдайларының өзгеруінен көлдерге құйятын су мөлшері азайған, ол су деңгейінің
төмендеуіне, интенсивті эфтофрикацияға және көлдің таяздануына әкелді. Соңғы оңжылдық
қарастырылған мәліметтеріне сүйенсек көлдердің су деңгейінің тұрақсыз тенденциясы байқалады.
(Кесте-1)
Кесте 1 - Билікөл көлінің су денгейінің сипаттамасы, м.
Айлар
қа
ңт
ар
ақ
ран
наур
ыз
С
әу
ір
м
ам
ыр
м
аус
ым
ш
іл
де
та
м
ыз
қы
рк
үй
ек
қа
зан
қар
аша
ж
ел
то
қсан
2009ж 319
335
374
374
361
342
316
299
284
275
275
278
2010ж 280
286
298
314
317
307
291
277
260
250
246
250
2011ж 252
260
320
396
407
384
370
344
324
325
344
365
2012ж 383
402
417
417
400
380
375
352
333
322
322
340
2013ж 358
373
393
410
391
365
346
322
302
393
-
-
Қоршаған табиғи ортада зиянды қалдықтардың түзілуінің негізгі көздерінің бірі – химия
өнеркәсібі екендігі белгілі. Соның ішінде фосфор өндірісінің қалдықтарының табиғи ортаға, адам мен
жануарлар ағзаларына және өсімдіктер дүниесіне зиянды әсерін тигізіп отырғаны белгілі. Фосфор
шикізатты өндіру және өңдеу жұмыстары қоршаған ортаға кері әсер ете отырып, онда қалыптасқан
экологиялық байланыстарды бұзады. Бұл өзгерістер әртүрлі жағдайда қоршаған табиғи ортаға зиянды
әсерін тигізеді. Соның ішінде, ең маңыздысы жер асты және жер үсті суларының ластануы.
Су нысандарына үлкен қауіп төндіретін минералданған ағынды сулар және олардың
құрамындағы фосфорлы қосылыстар. Жер қорлары жағдайында жыныстардың құрамында
фосфордың радиоактивті қосылыстардың болуы, топырақты тек ластап қана қоймай, биосферадағы
тірі заттар жүйесінің алмасу механизмін де бұзады. Фосфорды өңдеудің негізгі мәселелерінің бірі –
фтордың зиянды әсері. Бұл фтордың аз ерігіш түрде болатындығын растайды және эндемикалық
флюороздың дамуына мүмкіндік жасайды.
Фосфаттарды өндіру барысында фтор, әдетте, тез ерігіш және ұшқыш түрге түзіледі.
Минералды тыңайтқыштар алу мақсатында фосфатты кендерді өңдеуде фтордың дайын өнім мен
қалдыққа (сұйық, қатты, газ түріндегі) бөлінуі жүреді. Қаратау аймағында үлкен жылдамдықтағы
желдердің болып отыратындығын ескерсек, ондағы атмосфераның әртүрлі құрамды шаң-тозаңмен
бірге фосформен ластануы едәуір жоғарылайды.
Билікөл көлінің экологиялық проблемалары кешенді табиғи, антропогендік және техногендік
үрдістермен байланысты. Көлдің суы ластануы су түсуінің қысқаруы, көлдің су деңгейінің төмендеуі
биоқұрылымдарға, биомассаға, фитопланктондар мен зоопланктондар күрт азайюына әкелді. Осының
нәтижесінде балықтың қоректенетін тамағы азая бастады, бағалы балықтар азайып бағасы төмен
балықтарға ауыса бастады.
Билікөл көлінің орташа тереңдігі 8 м болып келетін таяз су айдыны болғандықтан су
деңгейінің өзгеруі мұнда тұратын халықтың шаруашылығына, қоршаған ортаның экологиясына әсері
жылдам байқалады, сондықтан Билікөл көлі проблемасы өзекті мәселеге айналып отыр. Ол негізінен
көл деңгейінің күрт төмендеуінен туындап отыр. Әр жылда көлге құятын су көлемі азайды, көлдегі су
деңгейі төмен түсіп, көл жағаларының бірқатар ауданы құрғап қалды, құрғаған көл табанындарынан
құмның және шаң-тозаңның көшуі орын алып отыр. Балықтың өнеркәсіптік түрлерінің қоры
төмендеп кетті, көлдің жалпы минералдылығы өсіп отыр. Билікөл көлінің гидрохимиялық
режимінің сараптамасы 2-кестеде берілген.
174
Кесте 2 - Билікөл көлінің гидрохимиялық сараптамасы. (2013 жыл)
№ п/п Сынама алынған
күн
Су денгейі
см
БПК5
мг О/л
ХПК
мг О/л
Фтор
мг/л
Сульфат
мг/л
1.
16 қаңтар
251
22,8
75,2
1,23
865
2.
12 ақпан
258
25,7
71,4
1,56
802
3.
12 наурыз
285
26,1
91,3
1,43
778
4.
15 сәуір
389
26,7
87,2
1,46
800
5.
13 мамыр
410
22,1
63,6
1,40
800
6.
17 маусым
384
27,0
67,5
2,08
913
7.
1 шілде
377
29,2
103
1,44
923
8.
6 тамыз
351
23,2
75,2
1,13
931
9.
6 қыркүйек
330
27,5
87,2
1,78
970
10.
13 қазан
325
27,0
79,3
1,53
1009
11.
10 қараша
340
29,2
54,6
1,45
1023
12.
14 желтоқсан
364
33,2
69,4
1,54
855
ШЖШ
3,0
15,0
0,75
100,0
Химиялық құрамы жағынан Билікөл көлі суы сульфаттық топқа жатады. Судың жалпы
минералдануы 774-897 мг/дм.куб аралығында. Көл суының рН көрсеткіші үлкен бөлігінде 7,85, кіші
бөлігінде 8,20 тең болса, жаз айларында ол көрсеткіш 8,25 болды, су ортасының әлсіз сілтілік
болатындығын дәлелдейді.
Көл суының еріген оттегінің көрсеткіші: маусымда 7,7 мг/л болса, су денгейінің тұрақталған
кезінде шілде, тамыз айларында 7,30-8,55 аралығында болды. Перманганаттық тотығу көрсеткішіне
келетін болсақ, көктемде 5,44 ал жазғы су денгейінің тұрақталған уақтында 6,56 тең болды. Билікөл
көлінің су үлгілерінің гидрохимиялық сараптамасы көрсетілген.
Көл суында кальций, аммонийлық азот, темір, еркін жүзетін белсенді заттар, мыс, нитриттер
көрсеткіштері төмен. Су денгейі қалпына келгеннен кейін көл суы құрамында магний, сульфаттар,
көрсеткіштері көтерілгендігін көруге болады. Керісінше, хлоридтер, гидрокарбонаттар иондары
төмендейді. ШРК көрсеткішінен тек фосфор көрсеткіші жоғары екендігі байқалады.
Жүргізілген зерттеулер суда металл иондарының мөлшерінің өзгерісі жоқ екенін көрсетті.
Темір иондарының ШРК 0,10 мг/дм
3
тең. Көл суында мырыш, мыс иондарының концентрациясы
ұқсас шамада өзгерді.
Су сынамаларына жүргізілген зерттеулер, бақыланған токсиканттардан қорғасын, мыс, темір,
аммонилы азот, сульфаттар, нитраттар және хлоридтердің ШРК жағдайында болғаны анықталды.
Қорытынды
1. Ауыр металдардың мөлшері, негізінен концентрацияның фондық деңгейінде немесе ШРК
көрсеткішінен аспайтындай дәрежеде. Кейбір жекелеген жағдайларда фосфор ШРК шегінен жоғары
көрсеткіштері анықталды. Мыс, қорғасын, маргенец, мырыш, фтор мөлшерін нысандар бойынша
салыстыра қарағанда, зерттеу жүргізілген мерзім кезінде барлық бақыланған нысанда оның
нәтижелері ШРК деңгейінен төмен.
2. Зерттеу жұмыстарының нәтижесінде алынған мәліметтер бойынша, Билікөл көлінде альфа
және бета белсенділігі маусым айындағы сынамасында ШРК-дан төмен болды, тамыз айында альфа
белсенділігі ШРК дан 4,4 есе артады, қараша айындағы зерттеулерде альфа белсенділігі 0,74, бета
белсенділігі 1,11 болды.
3. Билікөл көлінің экологиялық жүйесінде су деңгейінің төмендеп кету күрделі мəселе туғызып,
көлдің тиімді табиғи гидрологиялық, гидрохимиялық жəне гидробиологиялық режимін бұзуға əкеліп
соқтырды.
Мақсатты түрдегі тұрақты қаржыландырусыз Билікөл көлінің экожүйесін қалпына келтіру
жəне қалыпты өмір қызметін қамтамасыз ету мүмкін емес.
175
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
1. Руководство по химическому анализу поверхностных вод суши.-Л.: Гидрометеоиздат,
1977.-541с.
2. Алекин О.А. Методы исследования органических свойств и химического состава
воды.//Жизнь пресных вод СССР.-М.: АН СССР, 1959.-Т.4. –С.213-298
3. Унифицированные методы анализа вод. Под ред.Ю.Ю. Лурье.-М.: Химия,1973. -376
с.
4. Руководство по методам гидробиологического анализа поверхностных вод и донных
отложений.–Л.:Гидрометоиздат,1983.-239с.
5. Методические рекомендации по сбору и анализу материалов при гидробиологических
исследованиях на пресноводных водоемах: Зообентос и его продукция.- Л., 1983. – 50 с.
6. Методические рекомендации по сбору и анализу материалов при гидробиологических
исследованиях на пресноводных водоемах: Зообентос и его продукция.- Л., 1984. – 33 с.
Достарыңызбен бөлісу: |