Х а б а р ш ы с ы в е с т н и к государственного


ПАТОМОРФОЛОГИЧЕСКИЕ ИЗМЕНЕНИЯ РЫБ ОЗЕРА БИЛИКОЛ, ЗАГРЯЗНЕННОГО



Pdf көрінісі
бет24/58
Дата27.02.2017
өлшемі7,72 Mb.
#5028
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   58

    

ПАТОМОРФОЛОГИЧЕСКИЕ ИЗМЕНЕНИЯ РЫБ ОЗЕРА БИЛИКОЛ, ЗАГРЯЗНЕННОГО 

ФОСФОРНЫМИ ОСТАТКАМИ                                                                              

К.Ж.Сейтбаев,  Ж.С.Тулеубаев,  Г.К.Зияева, Г.И.Исаев 

 

В статье определены изменения экологического, санитарного состояния озера Биликол, 

видовой  состав  гидробионтов,  определение  их  сезонных  изменений,  экологические  вопросы 

сформированные  в  регионе  и  дана  оценка  гидрологического  режима.  Гидрохимические 

показатели  воды  озера  Биликол,  общее  число  гидробионтов,  видовой  состав  альгофлоры, 

используя  это  в  совокупности  сделан  экологический  мониторинг  вод  озера.      Кроме 

климатических  условий,    было  установлено,  что  орошение  пахотных  земель  и  объемы  воды 

израсходованные  на  другие  хозяйственные  нужды  приводят  к  уменьшению  скорости  течения 

озер, к снижению объема воды, вливаемой в озеро Биликол.  

 

PATHOMORPHOLOGICAL CHANGES OF FISH IN LAKE BILIKOL CONTAMINATED 

WITH PHOSPHORIC RESIDUE                                                                                

H.J.Seytbaev, J.S.Tuleybaev, G.K.Ziyaeva, G.I.Issayev 

 

The article discusses the changes in environmental, sanitary state of Bilikol, species composition 

of  aquatic  organisms  and the  determination    their  seasonal  changes,  environmental issues  generated in 

the region and assessed the hydrological regime. Hydrochemical indicators of water of Bilikol, the total 

number of aquatic organisms, the species composition of the algoflora using this together made ecological 

monitoring lake water. In addition to climatic conditions, it was found that the irrigation of arable land 

and  water  volumes  spent  on  other  needs  lead  to  a  decrease  in  the  flow  velocity  of  lakes,  to  reduce  the 

volume of water poured into Bilikol. 

 

 

 

ӘОЖ  556(574.5):639   



Қ.Ж.Сейтбаев

1

,  Ж.С.Тулеубаев

1

,  Г.К.Зияева

1

, Ғ.И.Исаев

2

                                                                                                   

Тараз мемлекеттік педагогикалық институты

1

, Тараз қ.                                                                                                             



Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық институты

2

, Шымкент қ. 



 

ФОСФОР ҚАЛДЫҚТАРЫНЫҢ ӘСЕРІНЕН БИЛІКӨЛ КӨЛІНІҢ  

ИХТИОФАУНАСЫНЫҢ ТҮРЛІК ҚҰРАМЫ МЕН ГИСТОМОРФОЛОГИЯЛЫҚ  

ҚҰРЫЛЫСЫНЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ 

 

Мақалада  2013  жылы  жүргізілген  зерттеулер  ауланған  өнімнің  түрлік  құрамының  көлде 

мекендейтін  балықтардың  нақты  құрамына  сәйкес  келмейтіндігін  көрсетті.  Сексенінші 

жылдардың соңғы кезеңінде балық аулаудың күрт өзгеруі және жаздың соңына қарай су денгейінің 

үнемі  төмендеуі  кәсіптік  маңызы  бар  балық  түрлерінің  құрылымының  өзгеруіне  алып  келді. 

Тоқсаныншы  жылдарынан  бастап  көлдегі  табан  мен  көксеркенің  санының  өсуі  үдей  түссе,  ал 

сазанмен  мөңкенің  қоры  күрт  төмендегені  байқалды.  2000  жылдан  бастап  жыланбас  балығының 

түрлері  басымдық  танытатын  түрлерге  айналды.  2012  ж  балық  аулаудың  нәтижесі  бойынша 

176 

 

балық өнімділігі гектарына -0,18 кг құрады, ал ауланған 32,350т ішінде балық түрлері төмендегідей 



болғаны айтылған.  

Түйін сөздер: ихтиофауна, тұщы су, балықтар, көбею, теңіз, ихтиология, көксерке, мөңке, 

табан, сазан балықтар, эпителий клеткасы, ламеллдің өзгеріске түсуі (ілгіш тәрізді иілуі, түйреуіш 

тәрізді  ұлғайуы),  деструктивт,  дескавамация  эпителий  тканінің,  бездердің  клеткаларының 

некрозы, қабынуы. 

 

Соңғы кездері балық шаруашылығын дамыту, балық өнімділігін қалпына келтіру ісіне басты 



көңіл  бөліне  бастады.  Қазіргі  кездегі  басты  міндет-бағалы  балықтардың  популяциясын  сақтау  мен 

қалпына  келтіру,  өндірістік  қордың  репродуктивтік  мүмкіндігінің  жоғары  деңгейде  сақталуын 

қамтамасыз ету болып табылады. 

Билікөл  көлі  Жамбыл  облысы  үшін  су  ресурстарының,  балық  шаруашылығының  маңызды 

көзінің  бірі  болып  саналады,  әрі  көптеген  фауна  мен  флораның  өсіп-өнетін  тіршілік  ортасы,  түрлі 

ландшафтың тараған жері және аймақтың климатын реттеуде аса маңызды рөл атқарады. 

Билікөл  көлінің  ихтиофаунасы  биологиялық  ерекшеліктеріне  байланысты  үнемі  өзен 

арнасында немесе өзен салаларында тіршілік ететін баяу өсетін тұщы су балықтарынан және көбею 

кезінде теңізден өзенге өтетін жартылай өтпелі немесе өтпелі балықтардан тұрады. 

Жамбыл  облысының  балық  шаруашылығының  дамыуында  Билікөл  көлінің  алатын  орны 

ерекше. Билікөл көлінің өзіне тән гидрологиялық тәртібі бар суды, күз-қыс мезгілдерінде жинақтау, 

ал сәуірмен қыркүйекті қоса есептеген мезгілдерде оны пайдалану. Судың ең төменгі денгейі қазан 

айына  тура  келеді.Қазгидроменттің  бақылауы  бойынша  көл  суының  гидрохимиялық  құрамы, 

гидробионттардың  тіршілік  етуі  үшін  қолайсыз  болды.  Ол  оттегілік  тәртіптің  жақсы  болмауымен 

ерекшеленеді,осы кезде 5 тәулікте оттегінің биохимиялық түтынуы (ОБТ5) бұл көрсеткіштің мөлшері 

27,2-35,8  жетті.  Биогендік  қоспалар  тәртібі  тұрақты  болған  жоқ,  фосфор  элементтерінің  мөлшері  су 

флорасының нормальды дамуын қамтамасыз ете алмады. 

2012  жылдың  зерттеулері  бойынша  химиялық  талдау  жүргізуде  қажет  болған  сынаманың 

көрсеткіштері  төмендегідей  болды  су  әлсіз  сілтілі  реакцияны  рН  -7,85-8,20  перманганттық 

тотығушылығы  төмен  екенін  көрсетті.  Биогендік  қоспалардың  мөлшерлік  денгейі  балық 

шаруашылығына      арналған  нормативтеріне  сәйкес  келеді.  Жаз  айларындағы  судың  минералдануы 

774-897  аралығында  өзгерді.  Алдыңғы  жылдары  бұл  көрсеткіштің  мәні  1028-2120  аралығында 

болатын.  Демек,  көл  суының  жеке  жылдары  минералдануындағы  айырмашылық  елеулі  болды,  бұл 

өсіп-өну кезеңіндегі судың сапасының төмендігін көрсетеді.  

2012  ж  маусым,  шілде,  тамыз  айларында  алынған  сынамалар  негізгі  гидрохимиялық 

көрсеткіштердің  динамикасы  туралы  алынған  мәліметтер,  жалпы  алғанда  алдыңғы  жылдардағы 

материалдарға  жақын  келеді.Соңғы  жылдардағы зерттеулер,  биогендік  қоспалардың  жылдан  жылға 

өзгеріп  отыратындығын  көрсетуде,  дегенмен  де,  оның  жалпы  денгейі,  суаттағы  су  флорасының 

дамуын  толық  қамтамасыз  ете  алады.  Судағы  органикалық  заттар  мөлшері  көп  емес,  суаттың 

акваториясыныда перманганттық тотығушылықтың өзгеруі өте аз мөлшерде, ол 1,04-6,56 құрайды.  

2013  жылы  жүргізілген  зерттеулер  ауланған  өнімнің  түрлік  құрамының  көлде  мекендейтін 

балықтардың  нақты  құрамына  сәйкес  келмейтіндігін  көрсетті.  Сексенінші  жылдардың  соңғы 

кезеңінде  балық  аулаудың  күрт  өзгеруі  және  жаздың  соңына  қарай  су  денгейінің  үнемі  төмендеуі 

кәсіптік  маңызы  бар  балық  түрлерінің  құрылымының  өзгеруіне  алып  келді.  Тоқсаныншы 

жылдарынан  бастап көлдегі  табан  мен  көксеркенің  санының  өсуі  үдей  түссе,  ал  сазанмен  мөңкенің 

қоры  күрт  төмендеген.  2000  жылдан  бастап  жыланбас  балығының  түрлері  басымдық  танытатын 

түрлерге  айналды.  2012  ж  балық  аулаудың  нәтижесі  бойынша  балық  өнімділігі  гектарына  -0,18  кг 

құрады, ал ауланған 32,350т ішінде балық түрлері төмендегідей болды  (кесте-1) 

 


177 

 

Кесте- 1. Билікөл су айдынында 2012 жылғы кәсіпшілік балық қоры мен балық санын есептеу 



және 2013 жылға аулауға шектеулі рұқсат (ОДУ)  

 

Балық 



түрлері 



Кәсіптік  

К

оптим



  

 

ОДУ  



2013жыл

ға, т 


Орташа 

кәсіптік 

балық 

аулау,г 


Зерттеу 

кезіндегі 

ауланған 

балық 


мөлшері, кг 

Ауланған 

балықтың 

пайыздық 

көрсеткі 

ші 


саны 

мың.дана 

Биомасса

, т 


Табан 

28,6 


16,5 

32,8 


19,6 

0,3 


6,500 

384 


Тұқы 

31,4 


18,2 

34,4 


16,4 

0,23 


4,250 

476 


Көксерке 

35,3 


20,8 

25,0 


17,2 

0,3 


5,200 

688 


Жыланбас 

23,4 


13,5 

9,6 


29,16 

0,36 


8,100  

1133 


Мөңке 

37,1 


21,5 

54,0 


17,5 

0,32 


7,300 

304 


Торта  

16,5 


9,5 

7,4 


2,24 

0,32 


0,700 

 

Барлығы  



172,3 

100 


155,8 

102,1 


 

32,350 


 

 

Құрылған  торлар  арқылы  ғылыми-зерттеу  мақсатында  жүргізілген  аулаудың  нәтижесінде, 

ауға  түскен  балықтардың  арасында  ересек  даралармен  бірге,  негізінен  сазанның,  табанның, 

көксеркенің  ерте  жастағы  топ  өкілдері  де  кездесетіндігі  анықталды.  Бұл  өндірістік  ресурстар 

қорының  және  ересек  жастағы  балықтардың  санының  көп  емес  екендігін  көрсетеді.  Торлардың 

көзінің  пішіміне  байланысты  әр  түрлі  балықтардың  балық  өнімділігі  салмағы  бойынша-  304  тен 

1113грамға  дейін,  саны  бойынша-  1,3-9,4  мың    дана/га аралығында болды.  Барлық  түрлер  бойынша 

жалпы  тордағы  балық  өнімділігі  орташа-172,3  кг/га  құрады.40-45  мм  көзді  тормен  ауланған 

көксеркенің өнімі алынды, яғни, 2+-3+ жастағы даралар ауланды. 40-50 мм көзді торлармен негізінен 

мөңке, табан, жыланбас ауланды. Билікөл көлінің кәсібі маңызды түрлердің ұдайы өндірілу өте төмен 

дәрежеде деп айтуға болады. 

Балықтардың  ұдайы  өндірілуіне,  уылдырық  шашумен  жерді  суландыру  мақсатына  суаттқа 

келетін судың ауыл шаруашылығына пайдалануына сәйкес келуі, соның салдарынан уылдырықтың, 

су денгейі төмендегенннен кейін таяз судағы ұрықталған уылдырықтың көпшілігінің опат болуы кері 

әсерін тигізеді. 

Балықтардың  қорын  анықтау  екі  әдіспен  жұргізілді:  бақылау  ауларындағы  балықтардың 

сандарын тікелей есепке алу және балықшылар бригадасының ауларына талдау жасау. Балық аулау 

үшін, көзінің пішімі 12 ден 80 мм дейін болатын, әр бірінің ұзындығы 25 метрден жалпы саны 560 

дана ау пайдаланылды. 

Балықтардың санының және биомассасының кәсібі маңыздылығын бағалау Л.И.Кушнаренко 

және  С.С.Лугаревтардың  аулаудың    пассив  құралдарына  арналған  әдістемесі  бойынша  жұргізілді. 

Бақылау  және  аулау  торларындағы  балықтарды  тікелей  есепке  алу  әдісі  бойынша  оларды  санымен 

биомассасының кәсіби маңыздылығы туралы мәліметтер алынды. 

Бұл мәліметтер, жалпы қордың тек бір бөлігін ғана құрайтын, негізінен 3+ және одан жоғары 

жастағы  даралардың  яғни  үйірдің  тек  кәсіби  маңызға  ие    бөлігінің  мөлшерін  ғана  сипаттайды.  Ал 

кәсіби  маңызы  жоқ  пішімдегі  балықтарды,  олардың  жалпы  қорының  төмендеп  кетуіне  жол  бермеу 

және  балықтардың  популяцияларына  зиян  келтірмеу  мақсатында  аулауға  рұқсат  етілмейді.  2012 

жұргізілген  зерттеулер  нәтижесі  бойынша  кәсіби  маңызды  балықтардың  қоры:    биомассасы 

бойынша- 102,1 тонна құрайды деп шамаланады.  

Зерттеу жұмыстарының нәтижелеріне сәйкес, негізгі кәсібі маңызды түрлерді мына балықтар 

құрады: көксерке-20,8%, сазан-18,2%, мөңке 21,5%, табан 16,5%, жыланбас 13,5 %, торта 9,5% 

Табан.  Табан  балық  суаттың  барлық  акваториясында  таралған,  ол  суаттың  таяз  және  терең 

жерлерінде  де кездеседі.Табандар  3+  жасында  жыныси  жетіледі.  Табандардың  уылдырықтық  келуі, 

су  температурасының  -13-14  градусқа  дейін  көтерілген  кезінде,  3  м  тереңдікте  басталады,  ол 

температура 15 градус жоғары болған күнде де жұре береді, бұл сәуір мамыр айларына тура келеді. 

Аталықтармен аналықтардың ара қатынасында көбінесе аналықтар басымырақ болады. 

Табанның  жастығындағы  уылдырықтар  әр  түрлі  пішімді  болып  келеді,  бұл  оларды  бөліп-

бөліп  шашатындықтың  дәлелі.  2012  жылдағы  табанның  кәсіби  маңызды  қоры  Л.И.Кушнаренконың 

аулаудың пассив құралдарына арналған әдістемесі бойынша, биомассасы- 19,6 т. болатын – 32,8 мың 

дана деп бағаланды. 


178 

 

Күміс түсті мөңке суаттың барлық акваторияларына тарқалған. Ауланған балықтар арасында 



ол  төртінші  орында  иеленді.  Даралардың  жастары  бойынша  ажыратқандағы  пайыздық  мөлшер 

популяцияның негізі жалпы санның 3+ жастағы даралар екенін көрсетті. Мөңкенің жас дараларының 

саны  54,0  мың,  биомассасы  17,5  т.  құрады.  Уылдырық  шашу,  тереңдігі  0,4-1,0  м  болған  таяз, 

температурасы -16 градус жоғары суда іске асады. Жыныстардың ара қатынасы, олардың жасы және 

пішімі  өскен  сайын,  аналықтар    саныда  көбейе  түседі.  Мөңке  аналықтарының  жастарының 

уылдырықтардың  пішімі  әр  түрлі  болады,  бұл  уылдырықтың  бөлініп-бөлініп  шашылатынының 

белгісі.  

 Дегенмен,  аталған  көлдің  балық  өнімділігі  өткен  ғасырдың  70-80-ші  жылдарымен 

салыстырғанда  ондаған  есеге  төмендеп  кетті.  Соңғы  кездері  балық  шаруашылығын  дамыту,  балық 

өнімділігін  қалпына  келтіру  ісіне  басты  көңіл  бөліне  бастады.  Қазіргі  кездегі  басты  міндет-бағалы 

балықтардың  популяциясын  сақтау  мен  қалпына  келтіру,  өндірістік  қордың  репродуктивтік 

мүмкіндігінің жоғары деңгейде сақталуын қамтамасыз ету болып табылады. 

Билікөл  көлі  Жамбыл  облысы  үшін  су  ресурстарының,  балық  шаруашылығының  маңызды 

көзінің  бірі  болып  саналады,  әрі  көптеген  фауна  мен  флораның  өсіп-өнетін  тіршілік  ортасы,  түрлі 

ландшафтың тараған жері және аймақтың климатын реттеуде аса маңызды рөл атқарады. 

Билікөл  көлінің  ихтиофаунасы  биологиялық  ерекшеліктеріне  байланысты  үнемі  өзен 

арнасында немесе өзен салаларында тіршілік ететін баяу өсетін тұщы су балықтарынан және көбею 

кезінде теңізден өзенге өтетін жартылай өтпелі немесе өтпелі балықтардан тұрады. 

Ихтиологиялық зерттеулердің нәтижесінде Билікөл көлінде  6 балық түрі ауланды. Мақсатты 

жерсіндіру  жұмыстары  жүргізілмегендіктен  Билікөл  көлінде  ихтиофаунсына  тән  емес  балықтар 

кездеспеді. 

Билікөл көлінің сазан балығы барлық аймағына біркелкі таралған, дегенмен үлкен бөлігінде 

көбірек  кездеседі.  Сазан  ауланған  балықтардың  18,2  %-ын  құрады.  Сазанның  орташа  ұзындық  

көрсеткіші  (L)  55,0  см,  ал  кәсіптік  ұзындығы  43,0  см  болды,  орташа  жалпы  салмағы  475  гр. 

Популяцияның  негізін  құрайтын  3+  -4+  жастағы  даралар.  Жыныстық  арақатынасы  1:2,1  аталық 

балықтардың  басымдығы  байқалады.  Сазан  кеш  уылдырық  шашатын  балықтарға  жататын 

болғандықтан, оның көбеюі көктемгі су тасуының мерзімдік ұзақтығына байланысты. Қазіргі уақытта 

сазан  балығының  жалпы  ихтиофаунадағы  үлесінің  азайып  кетуі  негізгі  кәсіптік  түр  ретінде  көп 

мөлшерде аулануынан болып отыр. 

Көксерке-  суаттың  барлық  акваториясында  таралған.  Көксеркенің  өндірістік  қорының 

алдыңғы  жылдармен  салыстырғанда  қысқаруы  байқалады,  бұған  су  айдынынан  ағызылған  су  мен 

бірге  оның  Бөгеткөлге,  Ақкөлге  кетуі  себеп  болды.  Көксерке  3-4  жасында  жыныси  жетіледі.  Енді 

пісіп  жетілген  дараның  ұзындығы  -23-34  см,  салмағы  -230-370  г.  Олар  5-жасында  жаппай  толық 

жетіледі.  Даралардың  салмағымен  ұзындығы  өскен  сайын,  оның  абсолюттік  жеке  өнімділігіде  арта 

түседі.  Жалпы  айтқанда,  көксерке  популяциясының  ұдайы  қайта  өндірілуі-төмен  дәрежеде  деуге 

болады. Көксеркені аулау негізінен 3+,5+ жастағы үш топқа негізделеді. Балық аулау ұйлесімді алып 

барылмаса, оның қорының мөлшерінің қысқаруы мүмкін. Жастарының пайыздық көрсеткіші, жалпы 

популяция  санының  20  пайызын  құрайтын  3+  жасар    даралардан  тұратынын  көрсетті.  Көксеркенің 

2012 жылғы кәсібі маңызды қоры  25,0 дананы ал биомассасы -17,2 т. құрады.  

Қазіргі  жағдайда  сазан-тұқының  санын  көбейту,  соған  сәйкес  оның  қорын  молайту  үшін 

суатты  осы  түрлермен  балықтандыру  жұмыстарын  алып  бару  қажет.  Бақылау  үшін  ауланған 

шабақтардың  көрсеткіштері,  олардың  санының  мөлшері  кем  екенін  көрсетті,  бұл  сазан-тұқы 

популяциясының кәсіби маңызды табиғи үйірден ұдайы өндірілуінің денгейінің өте төмен дәрежеде 

екендігінің  дәлелі.  Жас  және  пішімдік  көрсеткіштері    бойынша  жыныстардың  ара  қатынасында 

аналықтар  басымдық  танытады,  ұзындығы  41  см  асатын  үлкен  жастағы  ересек  топтарда  аталықтар 

байқалмаған.  Жынысы  жетілмеген  балықтар  тек  3  жасқа  дейінгі  даралар  арасында  ғана  кездеседі. 

Сазан-тұқы  4-5  жасында  жынысы  жетіле  бастайды,  ал  бес  жасында  олар  түгелдей  жетісіп  болады. 

Сазан-тұқының  ұзындығы  мен  салмағы  өскен  сайын,  даралардың  да  жеке  абсолюттік  өнімталдығы 

жоғарылай түседі.  

 

Гистологиялық  зерттеуде  –  балықтардың  желбезегі,  асқазаны  және  ішек  бөлімі 



қаралды.  Материал  10  %  -  ті  формалин  ерітіндісінде  сақталынған  және  белгілі  гистологиялық 

тәсілмен  парафин  құйылған.  Гистологиялық  кесінділер  гематоксимен  –  эозиним  бояуы  арқылы 

боялған.  Даярланған  гистологиялық  препараттарды  зерттеу  және  фотосуреттерін  алу  жарықтық 

микроскоп  Leica  DMLS  және  сандық  фотокамера  Leica  DFS  280  арқылы  жүргізілді.  Алынған 

фотосуреттер Pentium 4 компьютерінде өңделген. 

(Сурет -1-4) 



179 

 

  



 

          

Сурет-1. Судак желбезегі.                     Сурет-2. Көксерке желбезегі. 

 

1-сурет.  Желбезек  жапырақшалары  және  одан  тарайтын  талшықтары.  Жапырақшылар 



пішіндерінің  өзгеруі,  желбезек  эпителиясының  некрозы  және  тамырлы  қабаттың  деструкциясы. 

Гематоксилин және эозин боялғысымен боялған. Ұлғайуы  х200. 2-сурет. Желбезек жапырақшалары 

ламеллалауымен.  Жапырақшалар  эпителийіндегі  ісіктері  және  ламеллалаудың  деструкциясы. 

Гемотоксилин және эозин боялғысымен боялған. Ұлғайту. х 200 



Көксерке  балығы желбезегінің морфологиясы. 

Көксерке    балығы.    Зерттелген  көксерке  желбезектерінің  қалың  қабатындағы  шеміршекті 

гиалинді желбезек доғалары дәнекер тканьдермен қапталған және ірі қан тамырларымен торланған. 

Желбезектері  алғашқы  желбезек  эпителиймен  қапталған,  ал  көп  қабатты  респиратор  қызметін 

атқарады.  Оның  негізгі  құрамын  респираторлы  клеткалар  құрайды;  базофильді  цитоплазма  және 

орталық  бөлігінде  ядросы  бар  кішкене  клеткалар.  Алғашқы  желбезек  эпителийінде  респираторлы 

клеткалардан  басқа  қоймалжың  және  саусақ  тәрізді  клеткалар  анықталды.  Бұл  типтегі  клеткалар 

желбезек  талшықтарының  арасында  және  талшықтардың  сыртында  орналасқан.  Қоймалжың 

клеткалар ірі  көлемде оксифильді  цитоплазмада. Ядросы базальді бөліміне  ығысқан.  Саусақ  тәрізді 

клеткалар дөңгелек дұрыс формада (көлденң кесіндісі), сопақшұа формада (тік кесіндісі); оксифильді 

цитоплазмадағы  ядросы  базальді  бөліміне  ығысқан  (сурет-1).  Зерттеу  нәтижесінде  желбезек 

эпителийлерінде  ауқымды  ісік  анықталды,  ол  негізінен  көпшілігінде  эпителий  қабатының  базальді 

бөлігінде көрініс береді (сурет-2).  

Желбезектің  екі  жағына  көптеген  желбезек  талшықтары-  ламеллалар  таралған.  Зерттелген 

көксеркенің  ламеллаларның  формаларында  морфологиялық  өзгеріс  байқалды.  Ламеллалардың 

ұштары  қайырылған  және  ламеллалар  ілгіш  формасын  алған.  Ламеллалар  екі  қабатты  жазық 

респираторлы  эпителиймен  қапталған;  ол  базальді  мембранада  орналасқан  және  оның    астыңғы 

бөлімінде сұйықтық қабат бар. Соңғысында бір қатарда бағана тәріздес клеткалар орналасқан, бүйір 

араларындағы  кеңістіктер  қанмен  толған.  Зертелген  көксерке  дараларынан  біз  эпителий 

ламеллаларында  кеңінен  таралған  некроз  анықтадық.  Ламелла  ұштарында  екінші  желбезек 

эпителийімен қапталған жерінде ісіктер анықталды. Бұдан басқа көптеген ламеллаларда деструктивті 

өзерістер байқалған, ол қан тамырларыныда геморрагийлер пайда болуына және қан құйылуына алып 

келеді. 


Сондықтан  біз  зерттелген  көксерке  дараларының  желбезектерінде  деструктивті  сипаттағы 

морфологиялық  өзгерістер  көрініс  алғанын  анықтадық.  Олар  ламелла  пішіндерінің  өзгергендігінде, 

екінші  желбезек  эпителиясындағы  кең  көлемдегі  некроз,  қан  тамырларының  деструкциясы  және 

ламелля қабаттарындағы геморрогиямен қан құйылуы.  



ҚОРЫТЫНДЫ 

1.  Билікөл  көлінің  ихтиофаунасы  биологиялық  ерекшеліктеріне  байланысты  үнемі  өзен 

арнасында немесе өзен салаларында тіршілік ететін баяу өсетін тұщы су балықтарынан және көбею 

кезінде  теңізден  өзенге  өтетін жартылай  өтпелі  немесе  өтпелі балықтардан  тұрады.  Ихтиологиялық 

зерттеулердің нәтижесінде Билікөл көлінде  6 балық түрі ауланды. Мақсатты жерсіндіру жұмыстары 

жұргізілмегендіктен Билікөл көлінде ихтиофаунасына тән емес балықтар кездеспеді. 

2.  Тексерілген  балықтардың  қарынында  айтарлықтай  өзгерістер  анықталмады.  Керісінше, 

ішекте  (барлық  тексерілген  балықтардың)  патоморфологиялық  өзгерістер  бары  анықталды;  ісіктер, 

бокал  тәрізді  клеткалардың  көбеюі,  дескавамация  эпителий  тканінің,  бездердің  клеткаларының 

некрозы және қабынуы. 



180 

 

3.  Қорытындылай  айтқанда,  біздің  зерттеулер  нәтижесінде  балықтардың  тіршілік  ету 



ортасында  токсикалық  заттар  бар,  оның  әсері  балық  организмінде  ауыр  патоморфологиялық 

өзгерістерге, соңында өлуіне алып келеді. 



 

ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 

1. Руководство по химическому анализу поверхностных вод суши.-Л.: Гидрометеоиздат, 

1977.-541с. 

2.  Алекин  О.А.  Методы  исследования  органических  свойств  и  химического  состава 

воды.//Жизнь пресных вод СССР.-М.: АН СССР, 1959.-Т.4. –С.213-298 

3.  Унифицированные  методы  анализа  вод.  Под  ред.Ю.Ю.  Лурье.-М.:  Химия,1973.  -376 

с. 

4.  Руководство  по  методам  гидробиологического  анализа  поверхностных  вод  и  донных 



отложений. –Л.: Гидрометоиздат, 1983. -239 с. 

5. Методические рекомендации по сбору и анализу материалов при гидробиологических 

исследованиях на пресноводных водоемах: Зообентос и его продукция.- Л.,  1983. – 50 с. 

6. Методические рекомендации по сбору и анализу материалов при гидробиологических 

исследованиях на пресноводных водоемах: Зообентос и его продукция.- Л.,  1984. – 33 с. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   58




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет