225
Әдебиет
1.
Әбдіуақап Қара. Мұстафа Шоқай. – Алматы, "Арыс", 2004 ж. – 310 б.
2.
Айтан Нүсіпхан.Таңдамалы. Аударып, құрастырған 1 - том. Мұстафа Шоқай. – Алматы, "Қайнар",
1998 - 1999 жж. – 349 б.
3.
Мұстафа Шоқай. Мария Шоқай. Естеліктер. Құрастырып, баспаға дайындағандар - Ә.Такенова,
М.Қойгелдиев. – Ыстамбұл, 1997 ж. – 228 б.
4.
Қыдыралиев Д. Мұстафа Шоқай. – Астана, "Фолиант", 2007 ж. – 128 б.
5.
Қошым - Ноғай Б.С. Мұстафа Шоқай. Түркістанның қилы тағдыры. – Алматы, "Жалын", 1992 ж. –
236 б.
6.
Есмағамбетов К. Әлем таныған тұлға. – Алматы, "Дайк - пресс", 2008 ж. – 332 б.
МУСТАФА ШОКАЙ – ПРЕДСТАВИТЕЛЬ ДУХОВНОЙ ТУРЕЦКОЙ ИДЕИ
Д.Б.Малғаждар
Данная статья рассматривает личность, труды, жизненый путь Мустафы Шокая, не
только как национальную гордость казахского народа, но и как борца за единство,
независимость и свободу турецкого государства.
MUSTAFA SHOKAI IS A REPRESENTATIVE OF THE SPIRITUAL TURKISH IDEA
D.B.Malgazhdar
This article characterizes personality, labours,life way of Mustafa Shokay , not only as national
pride of the Kazakh people but also as a fighter for unity, independence and freedom of the Turkish state.
УДК: 94:325,1(5744) “19”
Б.Ж. Атантаева, Г.А. Кемербаева
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті
ХХ ҒАСЫРДЫҢ ЕКІНШІ ЖАРТЫСЫНДАҒЫ ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ КӨШІ-ҚОН
ПРОЦЕСТЕРІ
Аннотация: Бұл мақалада ХХ ғасырдың ІІ жартысындағы Шығыс Қазақстандағы
миграциялық процестердің өсу динамикасына статистикалық мәліметтер келтіріліп, сараптама
жасалған.
Түйін сөздер: миграция, этнос,демография, процесс
ХХІ ғасыр Қазақстанның демографиялық дамуындағы басты ерекшелік – халықтың сандық
және сапалық динамикасында табиғи өсімнің емес, көші-қон үдерісінің ықпалының басты рөл
атқаруы болды. Көші-қон халықтың көп ұлттық құрылымын қалыптастырып қана қоймай,
республиканың саяси-әлеуметтік, экономикалық даму ерекшеліктерін айқындап, қазақ ұлтының
дәстүрлі даму бағыттарына күрделі өзгерістер енгізді. Сонымен бірге, көші-қон үдерістерінің көлемі,
бағыттары мен негізгі үрдістері Қазақстанның жеке аймақтарының әлеуметтік, экономикалық және
демографиялық даму ерекшеліктерінің қалыптасуына да әсерін тигізді[1].
Президент Н. Ә. Назарбаев 2010 жылғы халыққа Жолдауында: «2020 жылға қарай
республика халқының саны 10 пайызға өсуі үшін мемлекет барлық мүмкіндіктерді жасайды деп»,
қазіргі кезеңдегі еліміздің дамуының басымдылық бағытына ерекше көңіл бөлді. Табиғи өсіммен
бірге көші-қон мәселесінің сындарлы саясаттың, тұрақты экономиканың, құқықтық қатынастардың,
ұлтаралық достық пен келісімнің негізгі тіректерінің бірі ретіндегі рөлі көтерілуде. Еліміздегі
демографиялық ахуалда оң өзгерістерге қол жеткізу үшін көші-қон мәселесіне басымдылық беріп,
табиғи өсімді ынталандыру – мемлекетіміздің демографиялық саясатындағы басты бағыттарының
бірі болып табылады»[2].
ХХ ғасырдың екінші жартысындағы Қазақстан халқының этникалық құрамы кеңестік саясат
ықпалымен түрлі өзгерістерге ұшырады. 1954-56 жылдары тың және тыңайған жерлерді игеру кезеңі
226
мен 1959-65 жылдар аралығында өнеркәсіп нысандарын салу жұмыстарының желеуімен
республикамызға Кеңестік Одақ құрамындағы елдерден түрлі ұлт өкілдері қоныс аударды. Соның
әсерінен жергілікті халық саналатын қазақтардың үлесі 30 пайыздық деңгейге дейін төмендеп кеткені
тарихи шындық.
Ресми дерек бойынша айтар болсақ, 1960 жылдан бастап көшіп келушілер мөлшері біршама
азайып, жыл сайынғы мөлшері 60–70 мыңдай адам болды. 80-жылдардың екінші жартысынан,
әсіресе, 1990 жылдан кейін ғана Қазақстанды мекендеген өзге ұлт өкілдерінің тарихи отандарына
қайтуы басталды.
Кеңестік кезеңде көші-қон кеңес республикаларын орталықтандыру, сондай-ақ орталықтың
саяси белсенді құралы болып алды. Табиғи байлықтарды экстенсивті игеру міндеттерін орындау
көбінесе демографиялық көпшілік-славян халқы есебінен жүзеге асырылды, мұның өзі "артта қалған
аймаққа" ағалық көмек керсету болып саналды [3].
Республика аумағы бойынша да, Шығыс өңір бойынша да еліміздегі өзге ұлт өкілдерінің саны
басымы- орыстар болып есептеледі. 1959-1979 жылдар аралығындағы ресми деректер бойынша айтар
болсақ, осынау ұлт өкілдері 3 974 229-дан 5 449 826-ға дейінгі аралықты сақтаған. Егер Ресейдің
бізбен ежелден көршілес, тарихи байланысы тереңде жатқанын ескерсек, бұл көрсеткіштің заңды
екендігін аңғару қиын емес. Ал Ресейдің бірқатар облыстары Шығыс Қазақстан облысымен
шектесетіні аян. Сондай-ақ неміс ұлт өкілдері 1959 жылы 659 751адамнан 1979 жылға дейінгі
аралықта 839 649-ға дейін өскен.
Шығыс Қазақстан облысында миграциялық процестердің белсенділігі жалпы республика
бойынша қарағанда, біраз жоғары. Бұл біздің облыс халқының спецификалық этникалық құрамы бар
шекара маңы аймақ болып табылатынымен анықталған.
1-Кесте. 2006 жылғы Шығыс Қазақстан облысындағы миграциялық процестер [4]
Кеткендер
Келгендер
5261
13641
Миграциялық процесс
8380
Кесте бойынша 13641 адам кетіп, 5261 адам келді, көші-қон процесі 8380 адамды құрады.
Мынаны атап өткен дүрыс, 1997 - 2001 жылы кезеңінде ол 5 жылдықта минималды болды.Шығыс
Қазақстан облысында халықтың ағыны 1997 жылы болды, миграция сальдосы (123406 адам құрады
миграцияның темптерінің кейбір баяулауынақарамастан, кері сальдо біздің облысқа кетуге қарағанда
адамдар аз келуін айтады. Миграция ағымдарының бағытында облыс ішілік айырмашылықтар.
Жакын шетел елдерге Өскемен, Зырян, Риддер, Курчатов, Глубокое және Шемонаиха аудандарына
тән, онда тұрақты тұруға бұл аймақтардан 65 тен 72 % дейін мигранттар қоныс аударған.
Мигранттардың есебі Европа ұлтының өкілдері екенін атап өту керек (орыстар, украина, беларус)[5].
Облыс ішінде және республикада көшіп- қонушылардың басым көпшілігі Аягөз, Жарма,
Күршім, Тарбағатай және Үржар ауданының бұрыңғы тұрғындары, кейіннен миграциялардың
бағытына әсер етеді.
Шығыс Қазақстан облысынан әрбір алтыншы қоныс аударушы облыс ішіне қоныстанбаған.
Бұл бағытта шыққандардың аса үлкен саны - 16-дан 22 % - не дейін - бұрын Өскемен, Семей,
Бородулиха ауданда тұрған. Негізгі отандары Германия және Израиль болған.
Шығыс Қазақстан облысында өзге ұлт өкілдері Зырян, Риддер қалаларында, Глубокое,
Бородулиха, Бесқарағай, Шемонаиха тағы да бірнеше аудандарда қоныстанған. Мәселен, Зырян
ауданында бүгіндері 39,2 мың адам тұрады, 30-дан астам ұлт бар. Халықтың жалпы санына шақсақ,
қазақтар – 28,4 пайыз, орыстар – 55,6 пайыз, немістер-11,1 пайыз. Ал халық саны бойынша облыста
үшінші орын алатын Глубокое ауданында 66 500 адам тұрады. Ал этникалық құрамы төмендегідей:
орыстар 81,6% болса, қазақтар 12,0%-ды құрайды. Өзге ұлт өкілдері 6,4%[6].
Республика аралық көші-қондағы жағымды өсімнің қысқаруы Қазақстандағы 1960
жылдардың ортасы мен 1970 жылдың басына келді. 1957-1961 жылдардың өзінде ғана жалпы
Қазақстан бойынша қоныс аударушылардың 10 мың жанұясы кетіп қалды. Соның ішінде олардың
жартысынан көбі 5200 жанұя тек 1967 жылдың өзінде кері кайтты.
227
1-диаграмма . 1970-1980 жылдардағы Шығыс Қазақстан облысындағы миграциялық процестер [4]
Екінші жағынан алғанда, 1971 жылы Украинаның қала халқының өсуі, мысалы, Қазақстан
есебінен 11,8 пайызы, ал 1977 жылы - 17,3 пайызы болды.
1979-кеткен, олардың үлесі-67,7% құраса, ауылдық жердегі кеткендердің саны 22,3% құрады.
1970 ж. халық санағының мәліметтері бойынша көшіп-қонушылардың басым бөлігі республика
ішінде орналасты. Белгілі орында халық санағына дейін екі жылдан аз тұрған 1025,8 адам ішінен
603,1 мың (немесе 58,8%) адам Қазақстан ішінде 41,2% (немесе - 22,7 мың адам) басқа
республикалардан қоныс аударған. Осы кезеңде Қазақстаннан сырт жерге 444474 адам кетті.
Бұлардың көпшілігі негізінен РСФСР-ға 20,5%, Украинаға 2% кеткен.Осы жылдарда Шығыс
Қазақстан облыстық статистика басқармасы құрылып, 1997 жылы қайтадан аумақтықөзгерістер
болды. Шығыс Қазақстанныңқұрамына Семей облысы кірді.Шығыс Қазақстанда көші-қонның
қалыптасу процесі мен дамуы мемлекеттік басқару қажеттігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беру
мақсатында статистика үшін күрес, күрделі қарама-қайшылық жағдайында өтті. Осы жылдар ішінде
үлкен тәжірибе жинақталды, көптеген ұйымдық және әдістемелік мәселелер шешілді,
статистикалықғылым құрылды. Осының бәрінің басында өз күштері мен білімін статистикаға
арналған жоғары кәсіби шеберлігімен және өз ісіне шексіз берілгендігімен ерекшеленетін адамдар
тұрды[7].
Мәселен, 1970 жылдар басында Шығыс Қазақстан аймағының халқы негізінен механикалық
қозғалыстың есебінен өсті. Республика экономикасының жоғарғы қарқынмен дамуы, өнеркәсіптің
қаулап өсуі мен ірі өнеркөсіп кәсіпорындарының құрылуы көші-қон үрдерістерінің қарқын алуына
ықпал етті . 1959-1970 жж. Қазақстанға келушілердің саны шамамен 6,6 млн адамды құрады, ал
кеткендердің саны 5,5 млн адамға артты. Бұл кезеңде «таза» көші-қон айырмасы 1,3 млн адамды
құрады. Алайда ресупбликаға ағылған келушілердің саны өткен кезеңмен салыстырғанда, 4 есе
кеміді, - бұл құбылыс ең алдымен, материалдық және мәдени-тұрмыстық жағдайы анағұрлым жақсы
қалаға селолықтардың ағылуымен байланысты болды[8]. 1998-2002 жылдар ішінде Шығыс
Қазақстан облысының статистика басқармасында да ақпараттарды өңдеу техникалыққұралдар
көмегімен жаңара түсті .
Олар қысқа уақыт аралығында қаралуға тиісті маңызды мәселелер бойынша ағымдағы және
жиынтық жедел, әрі қажетті ақпараттармен қамтамасыз етіледі.Көші-қон процесінің жоғары
көрсеткішке ие болуы Қарағанды, Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарында өндірістің дамуымен
ерекшеленеді, мұндағы көрсеткіш 1980-84 жылдары көші-қонның жалпы шамасының 25,7 пайызына
деңгейлес болды[9].
Бүгінгі тәуелсіз Қазақстан тек ТМД кеңістігінде ғана емес, әлемде саяси тұрақтылық пен
ұлтаралық татулықты берік сақтап келе жатқан бірден-бір мемлекет. Бұл ұстаным- Елбасы Нұрсұлтан
Назарбаевтың елімізді ортақ Отаны санаған өзге ұлт өкілдерінің өзара байланысына, ынтымағына
баса назар аударған саясатының жемісі. Сол тұрғыда Қазақстандағы барлық халықтардың
мәдениетін, әдет-ғұрпын, тілін, ұлттық құндылығын өрістетуге барынша мүмкіндік беріліп отыр.
Есесіне мемлекет басшысының «Бір ел, бір Отан, бір тағдыр» аясындағы береке-бірлікке негізделген
саясатын жүзеге асыруда Қазақстан халқы Ассамблеясы мен еліміздің әр өңіріндегі ұлттық мәдени
орталықтар өздеріне жүктелген міндетті айқын түсінеді. Тағдырдың түрлі толқынымен өткен
ғасырдың әр жылдары Қазақстанға қоныс аударған түрлі ұлт өкілдерінің бір шоғыры Шығыс
Қазақстан облысында да тұрады. Ресми статистикаға сүйенсек, облыс халқының этникалық құрамы
2011 жылғы 1 қаңтарға мынадай ара салмақта ұсынылған: қазақтар -54,5 %, орыстар- 40,5 %, басқа
ұлттар – 5,0 % құрайды[9].
Бүгінде әлем елдеріне бейбітшілікті үнемі насихаттап, саяси тұрақтылық пен өзара
байланысты берік сақтауды әрдайым айтып келе жатқан еліміздің Тұңғыш Президенті
0%
10%
20%
30%
40%
1970 жыл 1980 жыл
халықтың өсімі
228
Н.Назарбаевтың өткен ғасырдың жартысында республикамызға қоныс аударған басқа ұлт
өкілдерімен арадағы береке-бірлікті сақтау жолындағы ересен еңбегінің бір нәтижесі осы. Өйткені,
өзге ұлт өкілдерінің арасындағы достық қарым-қатынастың дамуы - мемлекет саясатының құрамдас
бөлігі болып та табылады.
Әдебиет
1.
Татимов М.Б. Проблемы демографического развития Казахстана. //Методологические
проблемы изучения народонаселения в социалистическом обществе. Материалы
Всесоюзной конференции. - Киев, 1973. - С. 471-473
2.
Назарбаев Н.Ә. Қазақстан халқына жолдауы «Жаңа он жылдық – жаңа экономикалық
өрлеу – қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» - Егемен Қазақстан. -2010. - 30қаңтар.
3.
Асылбеков М.Х, Козина В.В. Демографические процессы современного Казахстана. Алматы:
Атамура 1995; Казахи: (демографические тенденции 80-90-х гг.), - Алматы: Оркениет, 2000.
4.
Численность, естественное движение и миграция населения Казахской ССР в 1989г.-С82.
5.
Итоги миграции населения по Республике Казахстан за 1995 год. Госкомитет Республики
Казахстан по статистике и анализу. Алматы, 1996.
6.
Миграция населения Республики Казахстан. Итоги переписи населения 1999 года в
Республике Казахстан. Статистический справочник. / Под ред. А. Смаилова. - Алматы. 2000. -
С. 13,17.
7.
Алексеенко А.Н., Алексеенко Н.В. Население Казахстана за 100 лет (1897-1997 гг.). - Усть-
Каменогорск: РВК ПО Полиграфия, 1999. – 157 с.
8.
Игнатьева, Людмила Николаевна Роль миграции в формировании населения Казахстана :
1926-1959 гг. : автореферат дис. ... кандидата исторических наук : 07.00.02 / Алт. гос.
(Российская государственная библиотека)
9.
Атантаева,Б.Ж. Т.А. Камалджанова Влияние миграции на формирование этнических диаспор
Восточного Казахстана в 1937-2005гг.: (социально-демографический и культурный аспект) /
Гос. ун-т им. Шакаримаг.Семей.- Семей: Интеллект, 2014.- 255с.
МИГРАЦИОННЫЙ ПРОЦЕСС ВО ІІ ПОЛОВИНЕ ХХ ВЕКА
В ВОСТОЧНОМ КАЗАХСТАНЕ
Б.Ж.Атантаева, Г.А.Кемербаева
В этой стаьте приведены статистические данные, анализ которых показывает
динамический рост миграционного процесса Восточного Казахстана ІІ половиы ХХ века.
THE MIGRATION PROCESS IN THE EAST OF KAZAKHSTAN IN THE SECOND PART
OF THE XX CENTURY
B.Zh.Atantaeva, G.A.Kemerbaeva
In this article are analyzed the dynamical rise of migration process of East Kazakhstan in the
second half of XX century.
229
ӘОЖ: 94(574.42):339
Т.Мұздыбаева
Қазақ инновациялық гуманитарлық заң – университеті
ЕРТІС ӨҢІРІНДЕГІ СЕМЕЙ САУДАСЫ
Аннотация: Мақалада Семейдің ежелден сауда орталығы екендігін және саяси
ерекшеліктерін айқындайтын дәйектер арқылы тарихи оқиғаларын көрсете отырып, қазақ
тарихындағы орыстар мен қазақтардың ең алғашқы сауда байланыстары туралы мәселелер
қарастырылады. Семейдің қытай, орыс және Орта Азия мемлекеттерімен экономикалық-сауда
орталығы болғандығын ғылыми тұрғыда негіздейді.
Түйін сөздер: тарих, сауда, қазақ – қытай, қазақ – орыс, келісім шарт, керуен,
экономикалық даму.
Қазақстанның қоғамдық-саяси және әлеуметтік-экономикалық өмірінде өзгерістер болып
жатқанда, оның өткен тарихи кезеңдерін түсіну мен зерттеудің маңыздылығының артатындығы
белгілі. Еліміз тәуелсіздігін алған уақыттан бергі жылдарда қоғамда көптеген өзгерістер, жаңарулар
болды. Бүгінгі таңда сауда саттықты, сыртқы сауданы дамытуға мемлекеттік қолдау көрсету, оның
аясын кеңейту мәселелері жолға қойылып отыр. Бәрімізге мәлім 2012 жылдың 14 желтоқсанында
Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан-2050» стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси
бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында көрсеткендей, «Дәйекті де болжамды сыртқы саясат –
ұлттық мүдделерді ілгерілету мен өңірлік және жаһандық қауіпсіздікті нығайту барысында
экономикалық және сауда дипломатиясын дамытуды көздеп отырғаны белгілі. Біздің
басымдықтарымыз өзгермейді – көршілеріміз – Ресеймен, Қытаймен, Орталық Азия елдерімен,
сондай-ақ АҚШ-пен, Еуроодақпен, Азия елдерімен серіктестікті дамыту мәселесі болып табылады»
және де «EXPO-2017» бүкіл әлемдік көрменің Қазақстан аумағында ұйымдастырылады» деген[1].
Міне, осы мақсатта бұл міндетті жүзеге асыруда әлемнің дамыған елдерінің тәжірибесіне сүйенумен
қатар, отандық сауданың даму тарихына да назар аударудың мәні зор. Қазақстанға ресейлік отарлау
процесімен қатар енген капиталистік қатынастардың ерекшеліктерін анықтау, сондай-ақ Ертіс
өңіріндегі Семейде сауданың дамуы, оның аймақтық ерекшелігін тиянақты түрде зерттеу - заман
талабынан туындап отырған қажеттілік.
Қазақстанның шығысы ерте дәуірлерден бері геосаяси, әлеуметтік-экономикалық, этно-
демографиялық және мәдени жағынан маңызды аймақ болып табылады. Бұл өлкенің осындай
артықшылықтарын қазіргі уақытта тиімді пайдалануды қамтамасыз ету үшін, оның экономикалық
тарихына, әсіресе, ХІХ ғасырдың екінші жартысында қалыптаса бастаған жергілікті сауданың даму
нәтижелеріне объективті баға беру қажет.
Кейінгі жылдары отандық тарихнамада сауда мәселесі бойынша зерттеулер жүргізу жандана
бастады. Дегенмен, зерттеушілер тарапынан Қазақстанның шығыс аймағындағы сауданың даму
тарихы кешенді түрде қарастырылмады. Белгілі бір саланың дамуының шынайы көрінісін жасау,
оның барлық жақтары қамтылып, олар өзара салыстырылған жағдайда ғана іске асатындығы белгілі.
Сондықтан, зерттеуде елдің шығысындағы кәсіпкерліктің өнеркәсіп, сауда салаларында қалыптасып,
дамуына басты назар аударылып отыр.
Алайда, тарихта «айыпты» деп айдалып келгендер алдымен Тобылға, одан кейін Омбы,
Кереку, Семей және Өскеменге қоныстанып, аталған елді мекендердің дамуына айтарлықтай үлес
қосты [2]. Мәселен, Ертіс өзеніне таяу маңда 1613 жылдан бастап тұз өндіріліп, соған сәйкес 1697
жылдан бастап Сібір орыстары мен жергілікті қазақтар арасында айырбас сауда өрістей бастады.
ХVIIІ ғасырдың бірінші ширегінен басталатын аталған аймақтағы сауда қатынасы алғашында
негізінен айырбас ретінде жүрді. Жергілікті қазақтардың осы саладағы саудаланатын басты тауары
мал және оның өнімдері болды. Бұлар Ресейлік өнеркәсіптік тауарларына, астыққа, әртүрлі
ыдыстарға, әшекей бұйымдарына, шай, қант, жеміс, т.б. тағамдарға, күнделікті қажетті мүліктерге
кеңінен ауыстырылды. Айырбас сауда, әсіресе, қазақтар мен Алтай таулы өлкесіндегі Кабинеттік
шаруалары, сонымен қатар Бұқтырма өңірі казактары арасындағы қызу жүрді. Айырбасталатын
тауарлардың ішінде астық өнімдері басым болды [3, 25-26]. Осы мерзімнен басталған қазақ-орыс
саудасының жергілікті халық тұрмысының дамуындағы маңызы да арта түсті.
230
«Орыстар мен қазақтардың ең алғашқы байланыстары,- [4] деп жазды Н.В. Алексеенко,- сауда
байланыстары болды. Қазақ даласымен сауда қарым-қатынасы… Ямышево (1720), Семей (1754),
Железинск (1764) қамал кедендері арқылы жүрді. Аталған сауда қатынастары, әсіресе 1758 жылғы
Жоңғар мемлекеті талқандалғаннан кейін жедел қарқынмен дами бастады. Алғашқы ақшасыз саудада
жалпы айырбас құны бір жылдық тоқты болды.
Семей өңірі жалпы географиялық орналасуы тұрғысынан алсақ, Қытаймен, Ресей және
Моңғолия мемлекеттерімен шекаралас аймақтағы елді мекен. Семей жерінің сауда орталығына
айналуына негізгі себепкер болған Орта жүз ханы Әбілмәмбеттің баласы Әбілпейіз болатын. Сауда –
саттықтың кең көлемде өрістеуі үшін ең басты шарт керуен жолының қауіпсіздігі еді. Әбілпейіздің
1759 жылы қырғызға жасаған жорығының себебінде де осы мәселеге қол жеткізу болды. Әбілпейіз
билік еткен жылдары Семипалат бекінісін қазақтардың Ресеймен сауда жүргізетін екі аралықтағы
орталыққа айналдыруды көздеген еді. Шығыс өңірімен Жетісуға жаңадан келіп, орнығып жатқан
қазақтардың бұрын сауда жасасып келген Орынбор қаласынан алыстап кетуі, сауда орталықтарының
бір қиыр шетте қалуы көп тұрмыстық қиындықтар туғызды.
1761 жылы жазда Әбілпейіз сұлтанның Қаратал өзені бойындағы ордасына Абылай хан
бастаған қазақ ел билеушілері тұтас жиналып, бірнеше кеңестер өткізген. Онда Ресейге, Қоқанға
және қырғызға қатысты сыртқы саясаттың негізгі мәселелері талқыға түсті. Осы кездесуде қазақтың
игі жақсылары көрші елдермен қарым – қатынаста соғыс емес, елшілік жолын тұтынудың қажеттігін
көрсеткен. Халыққа мал өсіру үшін алдымен жер керек, содан соң тұрмыс қажеттерін қанағаттандыру
үшін сауданың жолға қойылуы өте маңызды істердің бірі [5].
Қараталда өткен жиын Әбілпейіздің Ресей патшасы Петр Федоровичтың атына 1762 жылы 21
қаңтарда Семипалат бекінісінен қазақтарға сауда орталығын ашуды сұрап хат жазуына түрткі
болды. Өзінің ұлы бабасы Тәуке хан заманында қазақ пен орыс арасында сауда жүргенін, одан кейін
араға соғыстар килігіп, сауда жасауға кедергілер болып, Семипалат бекінісінің өз қоныстарына
жақын орналасқанын, сауда орталығын ашуға қолайлы аймақ екенін баяндап хат жазады. Әбілпейіз
Ресей патшасына өзінің Семипалат бекінісіндегі сауданы тікелей қадағалайтынын, егер сауда
орталығы ашылып, оған Ресей саудагерлері келген жағдайда, әкесі Әбілмәмбет ханмен келісіп,
оңтүстіктен керуен келтіруге уәде етеді. Осы хатты кіші жүздің билеушісі болып отырған қайын
атасы Нұралы ханмен ақылдаса отырып жазғандығы көрсеткен[6]. Әбілпейіздің мөрі басылған хатты
Ресейге Баймырза батыр, Құдайберген, Төркіш деген адамдар жеткізген.
1718 жылы Ертістің оң жағалауын игере бастаған орыстар бекініс салуды құптайды. Оған
себеп, Семипалат атанған бекіністің сауда орталығына, қалаға айналуы және жоғары келтірілген хат
алмасудың бастау алған мәселе еді. Әбілпейіз сұлтанның замандасы, оны бірнеше рет көрген,
тілдескен, Семипалат бекінісін салушылардың бірі капитан Андреев қаланың тарихында сұлтанның
еңбегі зор екендігін көрсетеді. Ол бекініске келіп кететін Ташкен, Бұхар керуендерін жолдағы
қарақшылардан қорғау үшін ықпалды ру басылары мен өз балаларын жасақтарымен қоса жіберіп
отырған. Патша өкіметінің органдарына хат жазған Бопы Сұлтан: «әкем Әбілпейіз Семипалат
қаласының салынатын орнын көрсетіп, патшаға көп қызмет етті» еді.
Семей жері сауда орталығы болып бекерден қалыптасқан жоқ. Алғашқыда сауда жасауға
ташкенттіктер, бұхарлықтар мен қашғарлықтар ғана сауда жүргізетін. Ал, дала қазақтары сауда
жасауға бекініске жіберілмейтін болатын. Семипалат бекінісінің сол кездегі ең шеткі шекаралық
аумақта орналасуы қауіпсіздік мақсатында қолданылған шара болуы керек. Негізгі сауда орталығы
болғандығын айғақтайтын мына мәлімет. Андреев: «бекініс салғаннан, 1718 жылдан бастап
азиялықтармен сауда жасалына бастады. Сол үшін алдымен бақылаушылар, ал кейіннен 1754 жылдан
кедендік комиссарлар тағайындалды. Онда баж салығы аз жиналды. Сондай-ақ, ол Тобылдағы Сібір
губерниясына жіберілді. 1764 жылы қырғыз – қайсақтардың сауда жасауына рұқсат берілгеннен
кейін ғана сауда жанданып, жиналатын салықтың мөлшері еселене түсті. [7] Оны мына кестеден
көруге болады:
жыл
Сом (рубль)
Тиын
1754
90
301/4
Қырғыз – қазақтардан басқа ташкентіктер, бұхаралықтар
1755
149
233/4
1763
306
60
1964
1467
74
1765
2517
70
1774
2345
74
Осы кезден бастап қырғыз – қазақтармен сауда жасай бастады
1784
4463
383/4
231
Жиналған салық мөлшері біркелкі жылдардың барлығы көрсетілмей, үлкен өзгерістер болған
жылдар ғана алынды. Себебі, сол кездегі мәліметтерге сүйене отырып, сол қоғамдағы қандай
өзгерістер салық мөлшерінің артуына әсер еткендігін көруге де болады. Сұлтан Әбілпейіздің жазған
хатының ізін ала 1762 жылы сауданың жанданғанын кестеден көре аламыз. Кестеде, қазақтармен
сауда 1774 жылы жылдан басталды деп көрсетілсе, жазба нұсқасында Андреев 1764 жыл деп
көрсеткен. Саудадан түсетін баж салығының да осы 1764 жылдан бастап көбейгені байқалады.
Деректерді саралай келе, Әбілпейіздің патшаға жолдаған хатынан кейін жергілікті халықтар өз
өкілеттіктері деңгейінде 1764 жылдан бастап іске асыра бастаған. Ал, 1774 жыл – патша өкіметінің
ресми жарлығымен қазақтарға Семей қаласында сауда жасауға рұқсат етілген уақыты болып
шығатындығы байқау қиын емес. Бұдан қамал басшылығының қауіпсіздік мәселесінде Әбілпейізге
сенгендігі, жақсы қарым – қатынаста болғандығы аңғарамыз.
Тарихи деректегі мәліметтерге назар аударсақ, Семей жеріндегі сауданың дамуына Әбілпейіз
сұлтанның еңбегін, қажырлығын көруге болады. Сонымен бірге, сұлтан тек Семей мен ғана емес,
Орта Азия елді мекендерімен сауда – экономикалық байланыс орнатуға әрекет еткен бірден – бір
тұлға екендігін байқаймыз. Ол шығыстың оңтүстік аймақпен сауда жасауына ыждаһаттық танытқан.
Әбілпейіздің старшын Қабанбайлар тұрған жерде бас қосып, негізгі мәселені талқыламақшы деген
деректер де бар.
Әбілпейізден ежелден игі мақсаты шекарада сауда орындарын ашу және оны Қытай, Ресей
саудасын Ташкентке бағыттап отыру болды. Осы аталған мақсаттың бір көрінісі Қазақ жерін басып
өтіп, сауда керуендерін қорғау және олар өздерінің істеген әрекеттері халық үшін маңыздылығын
арттыру еді. Жоғарыда аталған мақсаттардың бір көрінісі 1768 жылы Әбілпейіздің өз ұлы Жошыны
Қытай императорымен кездесуге Бейжіңге жұмсауы.
Қазақ елшілігінің басты көтерген талаптарының бірі – Қытай саудасының Қашқар арқылы
емес, тікелей Алтай мен Тарбағатайды қабырғалай қоныстанған қазақтар үшін шекаралық алқаптағы
саудаға қолайлы аймақ екендігі. Осы келіссөздер оң шешімін табуға негіз болды [8].
1804 жылы Семей қазақ даласының шығысындағы айырбас сарайына айналады. Тоғыз жол
торабындағы керуен сарайына Сарыарқадан Ташкент, Қашқар, Бұқара, Қоқан хандықтарының,
Қытайдың Шәуешек, Бұлантоғай шаһарларының, Сібірдің Тобыл, Түмен, Тор, Омбы, Орал
маңындағы өндіріс орталықтарынан алуан түрлі жүк тиеген керуендер келіп жататын да, ескі
Семейде бұл бұйымдар қалаға тұрақтамайтын, онда өңделмейтін, ол арқылы әр тарапқа тарап кететін.
Мұның нәтижесінде Семей саудагерлерінің қалтасы ақшаға толатында, қаланы жөндеуге, мәдени
білім орталығын орнатуға қаражат болмайтын.
Семейдің мәдени және экономикалық дамуы туралы Ф.Достаевский «Омбыдан нашар, бір түп
ағашы жоқ» деп сипаттайды. Себебі, сауда ісінің ірі өкілдері – көпестердің, бай саудагерлердің көбісі
қала дамуына үлес қосуға парықсыз болды. Қалада бірде-бір өндіріс орны мен мәдени ошақ болмады.
Семей арқылы Қытай елімен тура қатынастар жасаудың тиімділігіне Санк-Петербургтағы
өкімет басшыларының сенімін толық бекітеді. Ол үшін дала және су қатынас жолдары тура
пайдаланылады. Бұл жөнінде де екі өкімет арасында бірнеше келіссөздер жүргізілді. Сөйтіп, 1851
жылы 25 шілде күні Құлжа келісіміне қол қойылады. Ол екі ел арасындағы сауда-саттық қарым-
қатынастарды атқарудың тәртібін белгілеген алғашқы ресми құжаттардың бірі болды. Осы арқылы
Құлжа және Шәуешек қалаларына тура және еркін сауда жолы ашылды. Сауда мекемелерінің
/факториялардың/ орны мен рөлі жөнінде 1856 жылы Құлжаға сапар шеккен ғалым Ш.Уәлиханов өз
еңбектерінде біршама мәліметтер берген [9].
1878 жылы айдауда жүрген Э.П. Михаэлис Семейден Өскеменге келгенде «қаладағы ең көзге
түсер көрнектісі үш кластық училищесі, шіркеу, татар мектебі, тері илейтін интернат үйі, тізілген
саудагерлер магазині, базар, шөп сататын алаң және қалада небәрі бес көше ғана болды»-деп жазады
[9, 73].
Н.Г.Андреевтің жазуынша – «сауда қырғыз – қайсақтар мен шекаралас Қытайдың
губерниялық қаласы Құлжа арқылы жүргізілді…». Құлжадан Ресей патшалығының шекараларына
дейінгі қарауылдар – Катон-Қарағай Ертіс өзені құятын ең шеткі Зайсан көлі Шұғышақ арқылы
Ташкенттіктер Семей қаласымен сауда жасайды. Қазақтар сыртқы саудаға негізінен жылқы, ірі қара,
қой малдарын және мал өнімдерін шығарады. Қытайлықтар әр түрлі бұйымдар ыдыс, барқыт қытай
бұлдарын саудалайды делінген [5].
ХІХ ғасырдың басында-ақ, Қазақстанның Шығыс, Алтай өлкесі, Ертіс бойындағы Семей
өңіріндегі сауда-саттықтың Ресей арқылы Еуропаға да, Қытай қалаларына да өтетін бірден бір негізгі
қақпасы болғаны тарихтан белгілі. Атап айтқанда, ХІХ ғасырдың ортасына таман Семей қаласының
сауда орталығы ретінде атқаратын қызметінің маңызы зор болды. Қазақстанға капиталистік қарым-
232
қатынастардың енуі қазақ ауылының шаруашылық өміріне көптеген өзгерістер әкелді. Өлке
экономикасы жалпыресейлік шаруашылық жүйесінің құрамдас бөлігі ретінде дамыды. Қазақстандағы
ішкі сауданың дамуына жергілікті рыноктың құрылуы, ақша қатынастарының енуі әсер етті.
Дегенмен, Қазақстанның барлық аймақтарының арасында бір-бірімен байланыс жүйелі түрде орнады
деп айту қиын. Қазақтардың басты тауары — мал мен мал шаруашылығы өнімдері. Қазақстан
капитализм жедел қарқынмен дамып келе жатқан ресейлік рынокқа тартыла бастады. Ресейден қант,
галантерея және басқа да тауарлар әкелінді. Ресейге мал мен шикізат шығару, әсіресе, өлкеде темір
жол салынғаннан кейін ұлғая түсті, егіншілік өнімдерін шығара бастады.
ХҮІІІ ғасырда қазақтар мен еркін сауда – саттық негізінен шекара шебіне таяу бекіністерде
жүргізілген болса, ХІХ ғасырды оның сипаты мүлдем өзгерді. Олар әкімшілік реформаларының
жүргізілуімен, сондай-ақ қоныс аударушы шаруалар арқылы отарлау әрекеттерімен байланысты
болды. Сауда орталықтары бірте-бірте Қазақстанның ішкі аудандарына да қарай ойысты. Ресейдің
Қытаймен, сондай-ақ, Орта Азиямен байланыстар жасаудың орталығы Семей қаласы болып табылды.
Оны атақты зерттеуші П. Семенов-Тянь-Шанский «Азияның жерін тану» еңбегінде әділ атап
көрсетеді. Сонымен, Шәуешек және Құлжа қалаларымен Семей тікелей екі бағыт арқылы қатынас
орнатады. Оның бірі Көкпекті Приказы арқылы Тарбағатай тауының жоталарымен өтетін болса,
екіншісі Сергиополь тракты бойынша атқарылған.
XIX ғасырдың II жартысында капиталистік қатынастардың дамуына байланысты Қазақстанда
сауда дами бастады. Шаруашылықтың типіне сәйкес Қазақстанда сауданың негізгі үш түрі: көшпелі
аудандарда айырбас түріндегі – тасымалды сауда, шаруашылық типі жартылай отырықшы
аудандарда – жәрменке саудасы, отырықшы шаруашылықтары басым аудандарда – тұрақты сауда
(магазиндер, қоймалар, дүкендер) болды.
Қазақстанда тасымал сауда неғурлым кеңінен тарады. Ресейдің қазақтармен сауданың басым
көпшілігі тепе-тең баламасыз айырбас түрінде болды. Барлық нәрсенің бірдей баламалы эквиваленті
қой (ісек) болды. Ресей көпестері арзанқол өнеркәсіп бұйымдарын бағалы мал өнімдермен
шикізаттарға айырбас жасап, шаш – етектен пайда тапты. Мәселен, айырбас түріндегі тасымалды
сауда түрімен алыпсатарлар айналысты. Олар алыс ауылдағы қазақтарға әр түрлі арзанқол
тауарларды малға айырбастады. Тасымал саудасы, әсіресе алыс ауылдарда ашықтан-ашық тонау
сипатында болды. Далалық айырбас саудасының кең қанат жаюы қалалық тұрақты сауда
орындарының дамуына әсер етті. Далалық ұсақ саудагерлер үстінен қарайтын ірі саудагерлер бекініс
шептері маңындағы қалаларда шоғырланды [10, 21].
Ресей саудагерлері Қазақстанға сауданың жаңа түрін – жәрмеңкелік сауданы енгізді. Халқы
сирек, ұшы-қиырсыз жері бар, қатынас жолы дамымаған, халқының дені көшпелі өлкеде
жәрмеңкелер ірі сауданың қолайлы түрі болды. Қазақстандағы туңғыш жәрмеңке 1832 жылы Бөкей
ордасында хан ордасы жанынан ашылды. Кейіннен (1855 ж.) Семейде екі қалалық жәрмеңкелер
ашылды. 1848 жылы Қарқаралы уезіндегі Қоянды жәрмеңкесі, ал кейіннен Шар (Семей облысы),
Қарқара (Жетісу), Әулиеата (Сырдария облысы), Ойыл, Темір (Орал облысы) жәрмеңкелер жұмыс
істеді.
Жәрмеңкелер тауар – рынок қатынастарын дамытуға жәрдемдесті, мал шаруашылығының
тауарларын арттыруға ынта туғызды. Жәрмеңкелер қазақ шаруашылығың капиталистік экономикасы
мен байланысын нығайтты. Натуралды шаруашылықтың ыдырауын тездетті.
Екі ел арасындағы сауда қатынасын дамытып, өркендетуге орыс үкіметі әуелден мүдделі еді.
Оған қазақ халқының патша өкіметіне бас июі негіз болды. Себебі, жергілікті халықпен айырбас
саудасы Ресей үкіметіне тиімді еді. Қазақтарға сапасыз, Ресейдің ішкі аудандарында сұраныс жоқ
өнеркәсіп тауарларын малға, оның өнімдеріне ауыстырды. Осы арқылы Ресей кәсіпорындарын арзан
шикізатпен тұрақты қамтамасыз етуге мүмкіндік туды. Бұл туралы белгілі зерттеуші-ғалым
Е.Бекмаханов былай дейді [11]: «Даламен сауда жасау орыс саудагерлеріне аса көп пайда әкелді.
Олар мұнда өтпейтін тауарларды әкелумен қатар осы арқылы үлкен табыс тапты. Дала мен екі
ортадағы сипаттама жасай отыра, А.К. Гейнс былай деп жазды: «Ресейден қырғыздар барлық
жәрмеңкелерде өтпеген сапасыз тауарларды алады. Керісінше, бұл қажетсіз бұйымдар қырғыз
даласында малға айырбасталып, тиімді өтеді». Осы кезеңдегі қазақтардың малының молдығы мен
олардың оны көп мөлшерде орыс тауарларына ауыстратындығы жөнінен Батыс Сібір мен қазақ
даласын зерттеуші И.Завалишин де көрсеткен, оның айтуынша - «Олар негізінен мал
шаруашылығымен айналысады. Тері, мал майы, жүн, т.б. тауарға-темір, тері, көбінесе астыққа
ауыстырылады. Мал, қой, жылқыны да олар өте көп мөлшерде сатады [12].
Қазақ халқының шаруашылық дамуы патша өкіметінің тікелей бақылауында болды. Оған
себеп, орыс халқының қазынасы қазақ халқының үлесі арқылы толығып отырды. Осы ретте 1840
233
жылдың басында Шығыс Қазақстан, Алтай өлкесі округтері қазақтарының мал саны бірнеше рет
саналып, анықталды. Санақ қортындысы бойынша князь Петр Дмитриевич Горчаковқа берілген
мәліметте: «Көкшетау, Қарқаралы, Баянауыл, Ақмола, Аягөз, Көкпекті және Құсмұрын округтерінде
800 000-ға дейін жылқы, 200 000-ға дейін ірі қара, 3000 000-ға дейін қой» бар екендігі көрсетілген.
Ресейдің сауда мәселесімен мемлекеттік коммерц коллегиясы айналысып келді, ал Орта жүз
қазақтарының Ресеймен сауда байланысы Семей қаласы арқылы жүргізілді.
…Ресейдің 1758 жылдан бастап сауда жұмысын басқарған обер-директоры Никита Шемякин
тұсында сауда өркендей түсті. Саудадан түскен салық орыс мемлекетіне мол қазына болып құйылды.
Мысалы, мемлекеттік саудадан 1789 жылы 3922 рубль, 90 тиын алынса, 1791 жылы 8 380 рубль, 74
тиынға өсті. Семейде 1792 жылы орыс, Сібір және неміс тауарлары 51 338 рубльге, ал қазақ, Ташкент
және Қытай тауарлары 63 800 рубль 94 тиынға жетті [13].
Айырбас сауданы дамыту орыс мемлекеті тарапынан тиімді болғандықтан олар қазақ жерінде
сауда алаңдарын көбейтуді мақсұт етті. «Оның…халықаралық саудадағы қолайлылығын ескере
отыра Елизавета патшаның жарлығымен 1765 жылы Өскемен маңайында айырбас алаңы негізделді.
Мұнда ташкенттіктер мен бұхарлықтар үнемі өз тауарларын әкелетін болды, ал қырғыз-қайсақтар,-
деп жазады сол кездегі құжаттар, — көп мөлшерде қой, жылқы, жүн, тері сататын».
Семей облысы аумағында сауда жасайтын саудагерлерге, мещаньдарға, т.б. бірінші топтағы
саудагерлерге екі мың күміс, екінші топтағы саудагерлерге бір мың күміс, үшінші топтағы
саудагерлерге 400 күміс рубль капиталы барлар он жыл сауда салығынан босатылатын болды.
Саудагерлер өз есебінен Аягөз, Қапал немесе Көкпекті қоныстарында сауда алаңдарын салуға
міндеттелді. Сонымен қатар олардың өндіріс базаларының болуы талап етілді [13].
Тұтастай алғанда, Әбілмәмбетұлы Әбілпаейіздің бастамасымен сауда орталығына айналған
Семей ХҮІІІ ғасырдан бастап қазақ елінің, қазақ жерінің шығыс аймақпен экономикалық сауда
байланысының негізгі күре тамыры болып келеді. Бастапқыда айырбас түрінде басталған қазақ –
орыс саудасы бірте – бірте тауар – ақша қатынасының туындауына себепкер болды. Сауда арқылы екі
ел арасында экономикалық байланыс орнады. Семей жері бүгінгі қоғамның аталған мемлекеттермен
саяси – экономикалық дамушы орталығы болып отыр.
Достарыңызбен бөлісу: |