Х а б а р ш ы с ы в е с т н и к государственного



Pdf көрінісі
бет33/43
Дата07.01.2017
өлшемі6,63 Mb.
#1389
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   43





1896 
48240 
25,4 
 
 
 
1897 
18816 
22,5 
1898 
27742 
14,1 

220 
 




1899 
42107 
19,9 
 
182389 
1900 
45484 
21,5 
1901 
19378 
18,1 
 
 
 
 
111887 
1902 
20369 
19,8 
1903 
22607 
20,7 
1904 
25514 
73,6 
1905 
24019 
73,4 
 
Кестеден  көріп  отырғандай  1896-1905  жылдар  аралығында  Қазақстанға  294,276  мың  адам 
Ресейден қоныс тепті. 
Қазақ  еліне  шаруалардың  отарлауы  ХІХ  ғасырдың  соңғы  жылдарында  басталды,  ал  ХХ 
ғасырдың басында Столыпиндік реформаға байланыста өте жоғары артты. 46 жылдың ішінде біздің 
елімізге  1,6  млн  өзге  ұлт  өкілдері  қоныс  аударды.  Халықтың  басым  көпшілігі  1907-1916  жылдары 
келген болатын. Осы көші қон нәтижесінде ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басында елімізде 
60  ұлт  өкілдері  тұрды.  Мысалы  ретінде  қарастырсақ,  түркі  тілдес  бауырларымыз  да,  немістер, 
дүнгендер, еврейлер, поляктар да және тағы басқа өкілдер бар еді[10]. 
Бүкіл  халыққа  қайғылы  жылдар  1928-1934.  Бұл  жылдары  ашаршылық  кезінде  көшіп  қонып 
жүретін  қазақтарды  және  қоныс  аударып  жатқан  халықты  отырықшыландыру  урбанизациялау 
жұмыстары  басталды.  Жүздеген  мың  халық  қырылды,  оның  ішінде  қазақтар  да,  орыстар  да, 
украиндер де болды.  
1930 жылдары этностық топтардың бірсыпырасы көшіп келді, олардың бір бөлігі Қазақстанға 
дер аударды. Сол жылдары Ұйғыр Шығыстан корейлер, әзірбайжан мен армендер жер аударды. Олар 
көбіне Оңтүстік Қазақстан, Алматы облысына қоныстанды. 
1930  жылдардың  аяғында  жасалған  санақ  бойынша  қазақтар  саны  алдындағы  санақпен 
салстырғанда  20,5  пунктіге  төмендеп,  38%  құрады,  украиндер  мен  өзбектер  де  13,9%  және  2,1% 
төмендеді. Ал орыстар керісінше 20 дәрежеге өсіп, 40,2% дейін жетті. Немістер 1,5%, корейлер 1,6%, 
белорустар 0,5% болды[11]. 
Орта Азиядан да сол жылдары чечен, ингуш халықтары мен балқарлар, қарашайлар, татарлар 
күштеп  қоныс  аударылды.  1957  жылдары  автономиялар  қайта  құрылған  кезде  чечен  мен  ингуш 
халықтары қайта көше бастады. Бірақ басым бөлігі Орта Азия мен Қазақстан жерінде қалып қалды. 
Қазақстанның  тың  жерлерін  игеру  мақсатымен  мемлекетке  1954-1962  жылдары  2  млн  адам 
келді.  Олар  көбіне  Европалық  бөліктен  келген.  Басым  қоныс  аударушылар  халқы  Украина, 
Белоруссия, Молдовия, Литвадан келді.  
1939,  1959,  1970  жылдары  өткізілген    халық  санағы  бойынша  Қазақстандағы  ең  саны  көп 
этнос орыстар болып есептелген. 1939-1970 ж.ж. арасында орыстар, украиндар, белорустар халықтың 
басым көпшілігі болып келді. 
Орыстар,  татарлар,  корейлер  негізінен  қалада  тұратын  этностар  болып  қалды  да,  қазақтар, 
немістер,өзбектер, әзербайжандар ауыл селолық этностар болды. 
ХХ ғасырдың басында Шығыс Қазақстан облысында халықтың 4,2 % шоғырланған болатын. 
Оның  25%  қалалық  жерде  болса,  35  %  ауылдық  жерлерді  қоныстаған.  Сол  жылдардағы  ұлттық 
құрамды қарастырсақ, қазақтар – 30% құраса, 35% орыстар, қалғанын басқа ұлт өкілдері құрады [12]. 
Көші-қон  қозғалысының  нәтижесінде  Қазақстандағы  ұлттардың  ара  салмағында  өзгерістер 
болды. Мәселен, 1926 жылғы санақта қазақтар  – 55,6%, 1939 жылы 38%, яғни, өзге ұлт өкілдерінің 
республикамызға көптеп көшірілгендігі байқалады 
Дегенмен  Қазақтардың  әлеуметтік  демографиялық  дамуында  әлі  де  келеңсіз  жағдайлар 
кездесетінін де айтқан жөн. Табиғи өсім жағынан қазақтар басқа түркі-мұсылман этностарынан әлі де 
едәуір кейін қалып келеді. Өзбек, ұйғыр, азербайжан, түрік, күрд және басқа ұлт өкілдерінің табиғи 
өсімі  қазақтардан  едәуір  басым  келіп,  құрамы  күшеюде.  Қазақтардың  білім  деңгейі  де  көп  ұлт 
өкілдерінен  әлі  де  төмен.  44  этностың  ішінде  қазақтар  жоғарғы  білім  деңгейі  бойынша  сегізінші 
орында,  аяқталмаған  жоғарғы  білім  деңгейі  бойынша  –  19,  арнайы  орта  білім  бойынша  28,  жалпы 
орта білім бойынша 1, негізінде орта білім бойынша – 37, ал бастауыш білім бойынша – 35 орында 
[13]. Қала тұрғындары, өнеркәсіп, құрылыс және транспорт салаларында  қазақтар үлесі әлі де төмен 
өз  деңгейінде  емес  екендігі  де  белгілі,  әсіресе  кәсіби  жұмысшы  мамандар,  инженер  –  техниктер 
арасында  ұлттық  кадрларды  көптеп  тәрбиелеу  проблемасы  күн  тәртібінде  тұрған  өзекті 
мәселелерге   жатады.  «Көш  жүре  түзеледі»  деген  ата-бабаларымыздан  қалған  мақал  сөз  бар. 

221 
 
Тәуелсіздігіміз  нығая  түсіп,  әлеуметтік  –  экономикалық  жағдайымыз  жақсарған  сайын  Республика 
халқының, оның ұйытқысы – қазақтардың саны өсіп, құрамы күшейе түсетіні баршамызға анық және 
болашақтың  кепілі.  Бұл  үшін  Республикада  ғылымға  негізделген  әлеуметтік-демографиялық  және 
көші-қон саясаты жүргізілуге тиіс. 
 
Әдебиет 
 
1
 
Қазақстан  Республикасы  Статистика  агенттігі. Агентство  по  статистике  РК.  Численность 
населения Республики Казахстан ҚР Үкіметінің 2004 ж. 31 желтоқсандағы № 1460 қаулысы (ҚР 
ПҮАЖ, 2004, №51, 683-бап) 
2
 
Н.Ә. Назарбаев. Ғасырлар тоғысында . - Атамұра, 2003. – 265 б. 
3
 
www.akorda.kz/kz/page/page_218342_ 
4
 
А.Н. Донич Народонаселение Казахстана // Народное хозяйство Казахстана. - Кзыл-Орда, 1928. 
- № 11-12. -4-39-бб 
5
 
Ф.Н.  Базанова  Формирование  и  развитие  национальной  структуры  населения  Казахстана  (на 
материалах  межреспубликанской  миграции  автореферат  диссер.докт.ист.наук.  -  Алма-Ата, 
1988. Российская Государственная библиотека (РГБ) 
6
 
М.  Тынышпаев.  История  казахского  народа:  Учеб.  пособие.  -  Алматы:  Қазақ  Университеті, 
1993. - с. 224. 
7
 
Бекмаханов Е. Казахстан в 20-40 годы ХІХ века. – Алматы, 1992. – С. 51-52 
8
 
Бекмаханова  Н.Е.  Формирование  многонационального  населения  Казахстана  и  Северной 
Киргизии. Последняя четверть ХVІІІ- в-е годы ХІХ в. – М., 1980. – С. 193 
9
 
Г.Б.Алмагамбетова.  ХІХғ.соңы  мен  ХХғ.басында  (1880-1905ж)  крестьяндардың  Торғай 
облысына қоныс аудару қарқыны // ҚазҰУ хабаршысы. Тарих сериясы, №3(54). 2009 
10
 
"Қазақ Энциклопедиясы", Алматы, "Қазақ энциклопедиясы", 1998 ж, 9 том 
11
 
Население Казахстана по Всесоюзной переписи населения 1939 года. 1 том. – Алматы, 2009. – 
С. 28; Всесоюзная перепись населения 17 декабря 1926 г. Краткие сводки ВПН. Народность и 
родной  язык  населения  СССР.  –  М.,  1928.  –  С.  16-17;  Российский  Государственный  архив 
экономики (РГАЭ). Ф. 1562. Оп. 336. Д. 248. Лл. 63-83 
12
 
Қазақстан  Республикасы  Статистика  агенттігі. Агентство  по  статистике  РК.  Численность 
населения Республики Казахстан. ҚР Үкіметінің 2004ж. 31 желтоқсандағы № 1460 қаулысы (ҚР 
ПҮАЖ, 2004, №51, 683-бап) 
13
 
Мендикулова  Г.М.  Исторические  судьбы  казахской  диаспоры  (Происхождение  и  развитие).  – 
Алматы: Ғылым, 1997. – С. 3 
 
ОСОБЕННОСТИ ФОРМИРОВАНИЯ ПОЛИЭТНИЧЕСКОГО ОБЩЕСТВА В КАЗАХСТАНА 
Б.Ж.Атантаева, А.Е.Бекбаева 
 
В  статье  рассматривается  история  формирования  полиэтнического  общества  в 
Казахстана  в  ХХв.  Статистические  сведения  ХІХ  ХХ  веков  показывают  интенсивность 
колонизации царского и советского периодов 
 
THE PARTICULAR OF MULTI-ETHNIC SOCIETY FORMATION IN THE KAZAKHSTAN 
B.J.Atantaeva, A.E.Bekbayeva  
 
The  given  article  describes  the  history  of  multi-ethnic  society  formation  in  the  Kazakhstan  of  the 
XX century. Statistical information of ХІХ ХХ centuries show intensity of colonization reign periods
 
 
 
 

222 
 
ӘОЖ: 94.574.323.2 
 
Д.Б.Малғаждар 
Қазақ инновациялық гуманитарлық – заң университеті 
 
МҰСТАФА ШОҚАЙ - ТҮРКІ ИДЕЯСЫНЫҢ РУХАНИ КӨСЕМІ 
 
Аннотация:  Мақалада  халқымыздың  мақтанышы  қазақ  халқының  ғана  емес,  бүкіл  түркі 
тектес  халықтардың  бірлігі  мен  тәуелсіздігі,  өз  алдына  дербес  мемлекет  болу  жолында  арпалыс 
күреспен өткізген Мұстафа Шоқай еңбектері мен өмір жолы қарастырылады. 
 
Түйін сөздер: Түркістан, автономия, тәуелсіздік, Алаш зиялылары, эмиграция, саясат. 
 
Саналы  өмірін  қазақ  халқының  ғана  емес,  бүкіл  түркі  тектес  халықтардың  бәріне  бірдей 
қамқоршы болу жолындағы арпалыс күреспен өткізген Мұстафа Шоқайдың еңбектері мен өмір жолы 
- қазіргі түрік тілдес тәуелсіз республикалар басшылары үшін өнеге, үлгі болатын сара жол. 
Мұстафа  Шоқай  -  Түркістан  халықтарының  бірлігі  мен  тәуелсіздігі  идеясын  ту  етіп  ұстанған 
аса  көрнекті  саяси  қайраткер,  жалынды  публицист,  аудармашы,  жазушы,  ХХ  ғасырдың  басындағы 
қазақ  интеллигенциясының  ең  жарқын  өкілдерінің  бірі.  Мұстафа  бұрынғы  күнтізбе  бойынша  1890 
жылдың  25  желтоқсанында,  ал  жаңаша  есеппен  1891  жылдың  7  қаңтарында  қазіргі  Қызылорда 
облысы, Шиелі ауданы, Сұлутөбе маңындағы Наршоқы қыстауында дүниеге келді. Мұстафа - текті 
отбасының ұрпағы. Арғы тегі қырғыз - қайсақ, руы Орта жүзде Қыпшақ, оның ішінде Торайғырдың 
Шаштысы  болып  келеді.  Ата  -  бабалары  көшпелі,  ал  Мүстафаның  өз  әкесі  Шоқай  отырықшы 
болған[1,8]. 
Мұстафа  Шоқайдың  саяси  істерге  қызығушылығы  Ташкентте  басталған.  Бірақ  оның  саясатқа 
дендеп  араласуыПетербургке  оқуға  баруымен  тұспа  -  тұс  келеді.  Заң  саласында  оқитын  Мұстафа 
Петербургтегі  саяси  қозғалыстарға  белсенді  араласады.1910  -  1917  жылдары  Петербургте  болған 
кезеңі  -  Мұстафа  Шоқайдың  Түркістан  ұлт  -  азаттық  қозғалысының  көрнекті  қайраткері  ретінде 
жетілген шағы. 1913 - 1914 жылдары Балқан соғысы кезінде Түркия жөніндегі Ресей саясатына қарсы 
шерулерге  үн  қосқан.  Орыс  мұжықтарының  қазақ  жеріне  қоныс  аударуына  қарсылық  ретінде 
ұйымдастырылған  науқандарға  қатысу  үшін  Петербургтен  Перовскіге  де  келіп  тұрған.  Ол  Әлихан 
Бөкейханов,  Алимардан  Топчыбашов,  Садри  Мақсуди,  Сәлімгерей  Жантөрин  сияқты  түркі 
халықтарының саяси сұхбаттардан қалмайтын. Сондай - ақ орыс демократтарымен пікір алысып, ой 
жарыстыратын.  Ал  үлкен  саясатқа  ол  Әлихан  Бөкейхановтың  арқасында  келді.  1914  жылы  Әлихан 
Бөкейханов Мемлекеттік Думаның мұсылмандар кеңесіне Мұстафа Шоқайды ұсынады. Мұстафа бұл 
жерде жүріп, шыңдала түсті.Әсіресе, оның қайраткерлік қыры 1916 жылы ашыла түсті. 1916 жылы 
Мемлекеттік  Думаның  мұсылман  фракциясының  хатшылық  міндетін  атқарған  Мұстафа  Шоқай 
белгілі  бір  дәрежеде  бүкілресейлік  ұлт  -  азаттық,  мұсылмандық  қозғалыстың  эпицентрінен  бір  -  ақ 
шықты.  Бұл  мекемедегі  қызметтің  берер  негізгі  пайдасы  -  империя  көлеміндегі  түркі,  мұсылман 
халықтарының  өмірінде  болып  жатқан  ең  елеулі  оқиғалар  туралы  аса  құнды  ақпарлардың  осында 
жұмыс жасайтын кісілердің қолынан өтетіндігінде еді[2,23]. 
М.Шоқай Түркістанда ХІХ ғасырда әкімшілік басқару жүйесі ретінде орныққан орыс билігіне 
сын  көзбен  қарады.  Ол  өзінің  "Ақ  -  қызыл"  аталатын  мақаласында  "...  патшалық  Ресейдің  жарты 
ғасырлық үстемдігі кезінде Түркістанға ешқандай бір жаңартқыш сипаттағы рухани ағым енген жоқ. 
Тіпті заман талабы тұрғысынан қарағанда атамекеніміз кері кетті" деп жазды. 
Ежелгі  замандардан  әлемдік  орталықтармен  тікелей  байланыста  болып  келген  Түркістан  енді 
басқа  батыс  және  шығыс  елдерімен  тек  Ресей  арқылы  ғана  қатынаса  алатын  еді.  Енді  ғана 
өнеркәсіптік даму жолына түскен Ресей болса, Түркістанды тек арзан шикізат көзі және өзі өндірген 
тауарларды өткізетін рынок деп білді. Міне, осындай жағдайда Түркістан 1917 жылғы  төңкерістерге 
жетті. 
Ақпан  төңкерісін  М.Шоқай  Петербургте  қарсы  алды.  Осылайша  1917  жылы  төңкеріс  болған 
кезде  ол  танымал  саясаткерге  айналып  үлгерген  еді.  Сондықтан  ол  қазақ  даласындағы  түрлі 
жиындарға, құрылтайларға қатысып, соларға басшылық жасай бастады[3,11]. 
Мұстафа Шоқай - тайпалық танымның, тіпті ұлттық пайымның шеңберінен шығып кеткен, кең 
ауқымды ойлайтын ірі тұлғаОл Түрікстандағы бауырлас халықтардың бір болғанда ғана ірі боларын, 
ірі болғанда ғана тірі қаларын ойлаған. Сондықтан қашанда тұтастық пен бірліктің жақтасы болған. 
Мысалы, естеліктерінде өзі былай дейді: "Торғайдағы құрылтайдан кейін Амангелді бастаған бір топ 

223 
 
келіп: "Мұстафа,  мына  арғындар  "Алаш,алаш" деп  өздерінің  мемлекетін  құрып  алды. Біз  өкіметтен 
тыс қалдық, сен де қыпшақтың бір баласысың, біз өз алдымызға бөлек мемлекет құрайық. Сен біздің 
басшымыз  бол",  -  дейді.  Сонда  Мұстафа:  "Ағалар,  мұндай  сөзді  мен  сіздерден  естімеген  болайын, 
қазір  "арғын  -  қыпшақ"  түгілі,  "қазақ  -  өзбек"  болып  бөлінетін  заман  емес.  Біз  бір  болғанда  ғана 
іргеміз  бүтін,  ірі  боламыз",  -  деп  жауап  береді.  Бұл  жауап  -  сол  кездегі  Алаш  арыстарының  ортақ 
ұстанымыеді[4,28]. 
ХХ  ғасырдың  басы  жеке  түркі  халықтарының  өздерінің  дербес  ұлттық  мемлекетін  құруға 
ұмтылушылығымен  сипатталады.  Мұндай  тенденция,  мәселен,  қазақ,  татар,  башқұрт  және  басқа 
халықтар  зиялыларының  саяси  қызметінен  анық  байқалды.  "Алашорда"  мен  "Еркін  Башқортостан" 
соның көрінісі болатын. Жеке түркі халықтарының дербес мемлекеттікке ұмтылуы олардың бірнеше 
ғасырлық  жетілуінің  нәтижесі  болатын.  Дегенмен  бұл  жағдай  "бүтін  Түркістан"  идеясының  жаңа 
сапада қайта жаңғыруына кедергі бола алған жоқ. 
Мұстафа Шоқайдың саяси қызметі 1917 жылдың жазында басталады. Ол Мәскеуге Құрылтай 
мәжілісіне  Түркістаннан  жіберілген  болатын.  1917  жыл  оның  жетекшілігімен  түркістандықтардың 
үлкен құрылтайы болып өтеді. Мұстафа Шоқай Уақытша үкіметтің Түркістан комитетінің мүшесі еді. 
Түркістан ұлттық комитетіне Мұстафа төраға болып сайланады. 
1917 жылдың 17 желтоқсанында автономия құру жайлы жоспар жасалады. Мұстафа Шоқайдың 
жетекшілігімен Қоқанда болып өткен ІV ұлттық құрылтайда Түркістан автономиясы жарияланады[2, 
32]. 
Шоқай  мен  оның  серіктерінің  автономияны  Қоқан  қаласына  барып  құруының  бірнеше  себебі 
бар. Біріншіден, ол кезде Түркістан да, Ташкент те большевиктердің қолында еді. Большевиктердің 
қолында күш, әскер болды. Екіншіден, Қоқан Түркістандағы Ташкенттен кейінгі аса ірі қала еді. Ірі 
өндіріс  орындары,  зауыттары  мен  банктері  болған  бұл  көне  шаһар  бұрынғы  Қоқан  хандығының 
орталығы  еді.  Ал  Қоқан  хандығы  Түркістан  аумағындағы  бір  кездегі  ең  үлкен  хандықтардың  бірі 
болатын.  Мұндай  жағдайда  бұқара  халық  жаңа  өкіметті  бұрынғы  алып  хандықтың  жалғасы  деп 
қабылдап, тез қолдап кетуі кәдік еді. Дәлірек айтқанда, бұлай болған жағдайда автономия - жаңашыл 
зиялы  жастардың  жасанды  бастамасы  емес,  тамыры  үзілмеген  елдік  пен  мемлекеттіліктің  жалғасы 
есебінде өмірге келетін еді.  Сондықтан, Қоқан қаласында құрылтай шақыру арқылы бұрынғы Қоқан 
хандығымен  жалғасқан  мемлекеттігімізді  қайта  құрып  жатырмыз  деп  елге  рух  беріп,  халықтың 
еңсесін көтеруді көздеді. 
1917  жылы  қазақ  қайраткерлері,  интеллигенциясы  арасында  қазақ  облыстарының  Түркістан 
мен  бірігуі  мүмкіндігіне  байланысты  қарама  қарсы  екі  пікір  болды.  Мұстафа  Шоқай  идеясы 
«Орыстың  отаршылдығынан  құтылу  үшін  Орта  Азия  елдері  болып  бірігуіміз  керек,  Түркістан  туы 
астында біріге отырып, тәуелсіздікке тұтастық арқылы жетуге шақырған».  
Мұстафа Шоқай Түркістанды тұтас мемлекет емес, федерация түрінде құру қажет деп білген. 
Ол  бойынша  әр  ұлт  жеке  мемлекет  болу  құқығын  сақтайды,  елдік  дәстүрін  жалғайды.  Мұстафа 
Шоқай бұл мәселеде Швейцарияны мысал ретінде көрсеткен. 
Бұл  кезде  білесіздер,  Еуропада  Еуроодақ  туралы  әлі  ешқандай  сөз  қозғалмаған.  Еуропадағы 
көптеген елдер бір – бірнмен қырғи – қабақ жағдайда болатын.   
Түркістан  автономиясының  өмірге  келуі  Түркістан  халықтарының  саяси,  экономикалық  және 
рухани  дербестікке  ұмтылысының  көрінісі  болатын.  Бірақ  большевиктер  билігі  жергілікті  жұрттың 
мұндай табиғи талабымен есептескен жоқ, 1918 жылы 11 ақпанда большевиктер Ташкенттен Қоқанға 
әскер жібереді, Қоқан қаласын қанға бояп, автономия үкіметін күшпен таратып жіберді. 
Мұстафа  Шоқай  бір  сәтке  де  саяси  күрестен  жеке  басын  артық  көрген  адам  емес,  ол  "Қоқан 
қырғынынан" соң біраз уақыт Ферғана тауында жасырынып жүреді де, Ташкентке оралады. 
1921 жылы көктемде Ытамбул арқылы Парижге табан тірейді. Осы жерде оның эмиграциядағы 
күрес  тарихы  басталады.  Шоқайдың  біз  үшін  қымбат    тағы  бір  қыры,  ол  -  қазақтың,  тіпті, 
Түрікстанның  тарихында  саяси  эмиграцияны  алғаш  бастаған  тұлға.  Оған  дейін  біздің  тарихымызда 
шет  елдерге  шыққан  адамдар  болғанымен,  саналы  түрде,  күрес  жүргізу  үшін  эмиграцияға  кеткен 
тұлға  болған  емес.  Сонымен  қатар,  шет  елдерде  большевиктік  блоктың  белсенді  басшыларының 
біріне  айналған  Шоқай  қазақ  тарихындағы  батысқа  танымал  алғашқы  саясаткер  болды[5,36].  Ол 
Грузия, Түркия, Германия, Франция, Британия, Италия, Польша, Чехия сияқты елдерді аралап жүріп, 
түрлі  халықаралық  беделді  ұйымдармен,  соның  ішінде  Біріккен  Ұлттар  ұйымымен  байланысса 
отырып,  Кеңес  Одағындағы  қанды  қырғын  мен  ұлттарды  жаппай  жойып  жатқан  солақай  саясат 
туралы  мақалалар  жазып,  батыс  әлеміне  шынайы  ақпарат  таратты.  Сол  үшін  де  Сталин  бастаған 
большевиктер Шоқайдан өлердей қорықты. 

224 
 
Батыс  елдерінде  М.Шоқайды  әйгілі  француз  ғалымдары  П.Пеллио,  Э.Блоше,  Г.Ферранд, 
ағылшын  профессорлары  Э.Браун,  Д.Росс  түркі  халықтарының  тарихы  мен  мәдениетінің  білгірі 
ретінде  қабылдады.  Германияда  М.Шоқай  Берлин  университеті  жанындағы  Шығыс  институтының 
профессоры  Герхард  фон  Мендеммен  ,  әйгілі  түріктанушы  Аннемарн  фон  Габенмен  жақсы  таныс 
болған. 
Парижге келген бойда Франция сыртқы істер министрлігінің баспасөз органы "Темп" газетіне 
сұхбат  берген.  "Матэн"  газетінің  тілшісі  Анри  де  Кораб  оны  француз  жұртшылығына  "Түркістан 
ұлттық  қозғалысының  көсемі"  деп  таныстырған.  Мұстафа  Еуропа  елдерінің  мемлекет,  қоғам 
қайраткерлері  мен  журналистері  қатысқан  конференцияда  баяндама  жасайды.  Кейін  ол  Париждегі 
Orient et Occident журналына жарияланады. Онда ұлт - азаттық қозғалысының алдында тұрған бірден 
-  бір  мақсат  -  Түркістанның  толық  тәуелсіздікке  жетуі  туралы  мәселе  алғаш  рет  қойылады.  Мақала 
Еуропа баспасөзінде Түркістанның , оның ішінде қазақ елінің де тәуелсіздігі, дербес мемлекет құруы 
жөнінде Алаш зиялылары арасынан ашық пікір білдірген тұнғыш материал болатын[6,32]. 
Мұстафа өз көзқарастары мен саяси күрес концепциясын насихаттау мақсатында   орыс
француз, түркі және ағылшын тілдерінде шығатын әр түрлі газет  - журналдарға Түркістан мәселесі 
тақырыбын  терең  әрі  батыл  қозғаған  материалдар  жариялап  тұрды.Сонымен  бірге  1927  жылы 
Ыстамбұлда  Зәки  Уалидидің  бас  редакторлық  етуімен  "Жаңа Түркістан" журналын  ұйымдастырды. 
1929  жылдан  бастап  түркістандықтардың  тілінде  "Яш  Түркістан"  журналын    шығара  бастады,  ол 
журналға өзі редакторлық етті. Бұл журнал 1939 жылғы дүниежүзілік соғыс басталғанға дейін шығып 
тұрды  және  ең  ықпалды  баспасөз  органдарының  бірі  ретінде    тарихта  үлкен  із  қалдырды.Бұл 
кездейсоқ  жетістік  емес,  Мұстафа  Шоқайдың  студенттік  жылдарынан  бастап  баспасөз  саласында 
жинақтаған үлкен тәжірибесінің жемісі болатын. 
Мұстафа Шоқай  Түркістандағы орыстар жасап жатқан зұлымдықтарға қарсы үгіт жұмыстарын 
жүргізді, мақалаларында жергілкті халықтың кең көлемдегі мемлекеттік істерге араласуы керектігін 
баса  көрсеті.  Саяси  істерінде  барлық  күш  -  жігерін  Түркістанда  әлеуметтік  реформа  жасауға 
жұмсады.  Жергілікті  халықтың  өз  мемлекетін  құруға  қатыспағандығына  күрсінетін.  Түркістанның 
жергілікті  тұрғындарының  ішінде  жоғары  әскери  кадрдың  жоқтығына  күйінетін.  Барлық  басқару 
мекемелерін,  жоғарғы  және  төменгі  буындарды  орталық  Ресейден  келген  орыстар  басып  алған 
болатын.  Теміржол,  пошта,  телеграф,  милиция  қызметі,  мектептер  мен  банктер  орыстардың 
қарамағында болатын. Тәуелсіз республика тек қағаз жүзінде еді. 
Көшпелілердің  мінез  -  құлқын,  олардың  отырықшылық  өмірі  мен  қала  халқын  жақсы 
көрмейтіндігін білгендіктен,  Мұстафа Шоқайұлы оларды  бұл  ойдан  арылтуды,  көшпелі  өмірді  тәрк 
етіп,  отырықшылыққа  үйретуді,  сауда  мен  өнерге  баулуды  жөн  көрді:  ол  үшін  сауда  және  өнер 
мектептерін  ашу,  басқа  елдердегідей  Түркістанның  өз  кадрларын  дайындау  үшін  шетелдерден 
профессорлар  шақырту  керектігін  айты.  "Біз  қазір  оқымасақ,  ешқашан  тәуелсіз  бола  алмаймыз,  ол 
жолды бізге сырттан біреу әкеліп бермейді, біз өзіміз бірте - бірте мемлекет органдарын қолға алып, 
өзімізді - өзіміз басқаруға тиіспіз", - дейтін. 
Мұстафа өзінің бүкіл ғұмырын, күллі қажыр – қайраты мен ақыл – ойын туған халқының ғана 
емес, тұтас Түркістан аумағындағы түбі бір түркі жұртының бірлігі мен тәуелсіздігі, өз алдына дербес 
мемлекет  болуы  жолындағы  күреске  арнады,  соңғы  демі  біткенше:  «Түркістан  үшін  өлу,  Түркістан 
үшін жан беру  – бәрімізге бір мақсат, бір мухаббәт уәзифа болмақ. Мұны ұмытпау керек!...»,  - деп 
өтті. 
Мұстафа Шоқай өз заманында Түркістанда орнаған кеңестік биліктің отаршыл сипатын қатесіз 
тани  білген  және  онымен  ымырасыз  күреске  ғұмырын  арнаған,  сондай  -  ақ  бұл  күреске  Түркістан 
халықтары  тарихында  бұрын  болмаған  жаңа  мазмұн  беріп,  жаңа  интеллектуалдық  көкжиекке 
көтерген ұлы қайраткер еді. Оның өмір жолы ұлы отаны - Түркістан үшін от кешкен ұлы азаматтың 
жолы болатын. 
Мұстафа жастардың  жетік  білім алуын  армандады.  Ол  қала  салып, жұрт  қатарына қосылуды, 
өркениет көшіне ілесуді аңсады. Сол арманы да орындалды. Есілдің жағасынан асқақ Астанамыз бой 
көтерді.  Қазақ  жаңа  елордасымен  бірге  шын  мәнінде  қалалық  ұлтқа  айналды.  М.Шоқайдың  үлкен 
арманы - Түркістанның тұтастығы мәселесі екені белгілі. Бүгінде түркі халықтары арасында алыс  - 
беріс  артып,  интеграциялық  байланыстар  дамып  келеді.  Түркі  кеңесі  (2012  ж.)  құрылды,  Астанада 
"Түркі академиясы"     (2011 ж.) ашылды. Бұл ретте "Тіліміз жақын, тілегіміз бір. Тағдырымыз ұқсас, 
тарихымыз  ортақ"  деген  Елбасымыздың  Орта  Азия  одағын  құру  туралы  бастама  көтеруі  де  көп 
жайтты аңғартады. Сондықтан, Шоқайдың арманы азаттықпен бірге ақиқатқа айналды дей аламыз. 
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   43




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет