Х. Досмұхамедов атындағы Атырау му хабаршысы №4 (31) 2013



Pdf көрінісі
бет14/16
Дата24.03.2017
өлшемі1,73 Mb.
#10288
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16

 
Әдебиеттер тізімі 
1.  Қазақстан  Республикасында  Білім  беруді  дамытудың  2011-2020  жылдарға 
арналған мемлекеттік бағдарламасы 
2. Н.Ә.Назарбаев «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» Егемен Қазақстан, 2007. 
2.Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңы. Астана, 2000. 
3.Ж.Б.Қоянбаев, Р.Ш.Қоянбаев. «Педагогика оқулығы» Астана 1998ж. 
4. Бабаев Ю.Д. Дарындылықты анықтаудың психологиялық тренингі.-М.1987 
5.Байтукова  Б.У.  «Дарынды  балалардың  шығармашылық  қабілетін  дамыту 
мәселелері» Дарын. -2004.-№6. 
 

  Х.Досмұхамедов атындағы Атырау МУ Хабаршысы 
 № 4 (31) 2013 

122 ~
 
 
Резюме 
  
Оценивание особенных качеств и потенциала одаренных детей, изучение и 
знание    их психологических  особенностей  является  одной из  основных      проблем. 
Данная проблема требует дальнейшего изучения в общеобразовательной школе.  В 
статье  рассматриваются  вопросы  одаренности  и  роль  учителя  в  определении 
одаренных детей.  
 
Summary 
Estimation  of    special    qualities  and  potential  of    gifted  children,  study  and 
research  their  psychological  peculiarities    is    one  of  the  main  problems.  This  problem 
requires  further  investigation    at    general  education.  In  the  article  is  considered  
problems  and  role  of teacher in determination of  gifted children. 
 
 
ӘОЖ 37.015.3 
А.Ж.Молдашева  
Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті  
 
МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАР ПСИХОЛОГИЯСЫНЫҢ 
ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ 
 
Аңдатпа 
         
Бұл  мақалада  мектеп  жасына  дейінгі  балалардың  психологиялық  және  жас 
ерекшеліктерін  ескере  отырып,  оларды  адамгершілік  құндылықтарды  сіңірген  жеке 
тұлға 
ретінде 
қалыптастыру 
мәселелері, 
 
жас 
кезеңдеріндегі 
ақыл-ой 
белсенділіктері, қабілет пен қасиеттерінің көріну мәселелері қарастырылған. 
Негізгі  сөздер:   
адамгершілік  құндылықтар,  жаңа  принциптер,  әлеуметтік-
экономикалық  қоғам,  жеке  тұлға,  дағды,  мектепке  дейінгі  кезең,  психологиялық 
ерекшеліктер. 
 
          Ғылым  мен  техниканың  қарыштап  дамыған  мына  дәуірінде  адамгершілік 
құндылықтардың  жаңа  принциптерінің  қалыптаса  бастауы  ертеңімізге  ойланып 
қарауға мәжбүр етеді. Өйткені біз жаңаша өмір салты орныққан кезеңде өмір сүріп 
отырмыз.  Болашақтың  жастары,  яғни  қазіргі  былдырлаған  балаларымыз  қандай 
болмақ? Бұл бүкіл адамзатты ойландыратыны да, толғандыратыны да рас.  
          Шәкәрім:  «Адамның  жақсы  өмір  сүруіне  үш  сапа  негіз  бола  алады.  Олар 
барлығынан  басым  болатын-адал  еңбек,  мінсіз  ақыл,  таза  жүрек.  Бұл  сапалар 
адамды  дүниеге  келген  күнінен  бастап  тәрбиелейді»-деген.  Шынында  да,  құнды 
қасиеттерге ие рухани адамды қалыптастыру-оның туған күнінен басталса керек. 
          Адамның адам болып қалыптасуында ата-аналармен қатар, тәрбиешілер мен 
мұғалімдердің  рөлі  зор.  Яғни,  бала  тәрбиесімен  айналысатын  адамдарға  болашақ 
ұрпақты  тәрбиелеуде  үлкен  жауапкершілік  жүктелген.Сондықтан  бұл  істе  асығыс 
шешім, жалған әдіс, қатып қалған тәсіл қолданылмауы тиіс.  
          Оқытушы-тәлімгер  әрбір  баланы  жеке  тұлға  деп  тануы  тиіс.  Себебі, 
әлеуметтік-экономикалық қоғамда жеке тұлғаның ықпалы күшті.  
          «Баланы  жастан»  деген  қағиданы  ескере  отырып,  олардың  жас  ерекшелік 
психологиясына  баса  назар  аударуды  естен  шығарып  алмай  тәрбиелеуге  көңіл 
бөліну  керек.  Көптеген  елдерде  бала  тәрбиесіне  ерекше  көңіл  бөлетін  кезең  5-14 

  Х.Досмұхамедов атындағы Атырау МУ Хабаршысы 
 № 4 (31) 2013 

123 ~
 
 
жас  аралығы  деп  саналады.  Осы  орайда  қазақ  халқы  да  «Тәрбие  басы-тал  бесік» 
деп, баланы 3-4 жастан бастап адамгершілік тәрбиесіне баулыған.  
          Бала  тәрбиесі-өте  күрделі  процесс.  Жеке  тұлға  ретінде  қалыптастыру 
тәрбиесі  еркіндікті,  шығармашылықты  талап  етеді.  Баланы  әр  түрлі  қалыптасып 
қалған  «тыйымдардан»  босату,  өз  пікіріңізді  тықпалай  бермей,  бала  пікірімен  де 
санасу,  шығармашылық  мүмкіндік  туғызып  отыру  қажет.  Бала  тәрбиесімен 
айналысатын  тәлімгерлердің  балалардың  жасына  байланысты  ерекшеліктерін  жан-
жақты  жақсы  біліп,соған  сай  жұмыс  істеуі  балалардың  іс-әрекетін,  олардың 
дағдыларын  қалыптастыруға,  тіл  меңгеруін  ұйымдастыруға  үлкен  септігін  тигізеді. 
Баланың мектепке дейінгі жетекші іс-әрекетінің түрі – ойын болып табылады. Соған 
байланысты балалармен жұмыс барысында ойлауын, қиялын, еске сақтауын дамыту, 
мінез-құлық ерекшеліктерін меңгерту ойын іс-әрекеті арқылы жүзеге асырылуы тиіс.  
          Баланың бойында тұлғалық құндылықтарды тәрбиелеу ісі білім берумен ғана 
шектелмейді,  бұл  баланың  сезіміне  әсер  ету  арқылы  ішкі  дүниесін  оятудың 
нәтижесінде  оның  дүниетанымын  қалыптастырады.  Адамзаттық  құндылықтар  бала 
бойына іс-әрекет барысында, түрлі ойындар,хикаялар, қойылымдар арқылы берілген 
жөн.  Өйткені  өзгенің  басындағыны  өз  басынан  өткізгендегідей  етіп  қабылдауы 
баланың  болашағын  аңғаруына,  айналасындағылардың  іс-әрекетін  түсінуіне, 
сезінуіне ықпал етеді.  
         Балалардың  жасын  түрлі  кезеңдерге  бөлуде  психологиялық  дамудың 
ерекшеліктерін бір-бірінен ажыратпай, бәрін бірге алып қарастыру керек.  
         Мектепке  дейінгі  балалық-  адам  өміріндегі  қысқа  кезең,  алғашқы  жеті  жыл. 
Бірақ баланы ересектерден бөлетін де дәл осы кезең. Мектепке дейінгі балалардың 
жас кезеңдерінің психологиялық ерекшеліктері төмендегідей: 
1)  1жасқа  дейінгі  кезең.Бұл  кезеңді  алғашқы  балалық  шақ  деп  те  атайды.  Осы 
кезеңде бала 8-15 сөзге дейін қолдана алады. Кейбір сөздердің мағынасын түсініп, 
жүре 
бастайды. 
 
Заттардың 
алыс-жақындығын, 
үлкен-кішілігін, 
т.б. 
айырмашылықтарды  айыра  бастайды.  Алғашқы  кезде  бала  үлкен  адамдардың 
істеріне еліктеп, олардың әрекеттерін қайталауға тырысады. 
2)  2  жасқа  дейін  баланың  сөздік  қоры  -300-400  сөзді  құрайды.  Сөйлем  құрауы 
қалыптаса  бастайды.  Баланың  денесімен  бірге  оның  психикасы  да  дами  бастайды. 
Мектеп  жасына  дейінгі  баланың  психикалық  процестері  –түйсіну,  қабылдау,  зейін, 
ес, т.б. анағұрлым жақсы дамиды.  
3)  3 жасқа қарай неге? деген сұрақ туындайды. Бала бағыт-бағдар арқылы көрген-
білгенін  айтып  бере  алады.Кез-келген  нәрсені  тануға,  білуге  құмарлығынан  үш 
жасар  бала  сұрақ  қойғыш  келеді.Оның  ең  негізгі  әрекеті-ойын.  Бұл  жас 
шамасындағы балалар көбіне жалғыз ойнайды. Көппен бірігіп ойнай алмайды. Тағы 
да бір жас ерекшелігі- сөйлеуге әуестігі. Көрген, танып-білген нәрселерін суреттеуге 
құмар. Айналасындағы дүниеден танығанын  сурет салу арқылы, әңгімелеу арқылы, 
ойын арқылы сыртқа шығарады.  
4)   3-4  жасқа  келгенде  оның  есі  едәуір  дамиды.  Баланың  есінің  көрінісі  белгілі  бір 
заттарды  немесе  құбылыстарды  танудан  басталады.  Бұл  жастарда  бала  өздерін 
көрсетуге  ұмтылады:  қырсықтық,  тыңдамау,  теріс  қылықтар  көрсете  бастайды. 
Жалғыз ойнайды.  
5)  5  жаста  бала  өзінің  атын,  әкесінің  атын,  жасын  біледі.  Құрастырмалы 
ойыншықтарды қолдана алады. Сурет салады.  
6)  6  жаста  ересектермен  дұрыс  сөйлесе  алады.Ата-аналардың  тарапынан 
мейірімділікті, сүйіспеншілікті қажет етеді. Өзі сияқты балалармен достасып, көпшіл 

  Х.Досмұхамедов атындағы Атырау МУ Хабаршысы 
 № 4 (31) 2013 

124 ~
 
 
болады. Осы кезеңде кітап оқу, есеп шығару сияқты еңбек түрлерімен айналыстыру 
қажет. 
7)  Жеті  жастағы  баланың  ойлауы  көрнекі  ойлау  түріне  жатады.  Баланың  сөйлеуі 
дамып, сөздік қоры молаяды. Баланың мұндай сөздік қоры алғаш рет оқытуға толық 
жеткілікті  болады.  Осы  кезеңде  ата-аналар  баланы  мектепке  дайындау  барысында 
оның  жалпы  дамуы  мен  психикалық  даму  ерекшеліктерін  міндетті  түрде  есепке 
алулары керек.  
            Сөйтіп, мектепке дейінгі жаста баланың өсуі осындай кезеңдерден өтеді. Бұл 
өзгерістер кейде дәл осылай, кейде балалардың денсаулығына байланысты немесе 
отбасының тұрмыс шарттарына қарай өзгеріп отырады.  
            Мектеп  жасына  дейінгі  балаға  тәрбие  неге  керек?  Әрине,  бала  қалай 
болғанда  да  өсіп  жетіледі  ғой.  Бірақ,  мектепке  дейін  тәрбие  көрмеген  бала  көп 
білімнен, көптеген жақсы әдеттерден құр қалады. Кейде осы білімдерінің орны өмір 
бойы толмай жатады. Мектепке дейін бала не үйрене алады? Жүру, жүгіру, секіру, 
көру,  есту,  сезу,  сөйлеу,  ойлай  білу,  ойын  жарыққа  шығару,  бірігіп  еңбек  етуді 
үйренеді.  
             Жалпы  үш  жастан  жеті  жасқа  дейінгі  кезеңде  балалардың  ақыл-ой 
белсенділіктері,түрлі нәрселерді ұғынулары молайып, мектепте көрінетін қабілет пен 
қасиеттердің біразы нақ осы шақта қалыптасады. Осы кезеңнің тамаша ерекшелігі-
баланың  оқуға  құштарлығы.Бала  кез-келген  нәрселерді  тез  ұғынып  алады.  Кейбір 
отбасында  балаларға  шамадан  тыс  қамқорлық  жасалады,  оларға  көптеген 
мәліметтер тек баяндау түрінде беріледі де, құбылыстар арасындағы ең қарапайым 
байланыстарға назар аударылмайды. Бұл баланың ақыл-ойын дамытуға кері әсерін 
тигізеді.  
            Үлкендердің  тапсырмаларын  орындауға  тырысу-мектеп  жасына  дейінгі 
кезеңде  балалардың  ең  жақсы  көретін  нәрсесі.  Жетінші  қара  сөзінде  Абай  осы 
жастағы  балалардың  психологиясын  тамаша  көрсеткен.  Оның  айтуынша  бала  «... 
білсем екен демеклік, не көрсе соған талпынып, жалтұр-жылтыр еткен нәрсе болса, 
оған  қызығып,аузына  салып,  дәмін  татып  қарап,  тамағына,  бетіне  басып  қарап, 
сырнай-керней  болса,  даусына  ұмтылып,  онан  ер  жетіңкірегенде:  ит  үрсе  де,  мал 
шуласа  да,  біреу  келсе  де,  біреу  жыласа  да  тұра  жүгіріп,  «ол  немене?»,  «бұл 
немене?»  деп,  «ол  неге  үйтеді?»,  «бұл  неге  бүйтеді?»  деп    көзі  көрген,  құлағы 
естігеннің  бәрін  сұрап,  тыныштық  көрмейді.Мұның  бәрі-  жан  құмары,  білсем  екен, 
үйренсем екен деген». 
            Бала табиғаты дамылсыз қимылды керек етеді. Ал үлкендер олардан тыныш 
отыруды талап  етеді.  Балаға  керегі-ойын,  сөйлеу. Бала  тынымсыз  қимылмен өседі. 
Баланың  білуге  құмарлығының негізінде  оның  болашақтағы  түрлі  білімінің іргетасы  
қаланады.Баланың сұрақтарына жауап бермей, «мазамды алма», «шуламай, тыныш 
отыр»  деген тәрізді түрлі тыйымдармен  үнемі  баланы  қайтарып  отыру  оның  білуге 
деген, дүниені тануға деген құмарлығын жояды.  
           Бала  ұнатқан  нәрсесінің    ішінде  не  бар  екендігін  білмек  болып,  оны  бұзып, 
сындырып,қайта  жасамақ  болады.  Бұл  бала  психологиясының  ерекшелігі-  зерттеп 
білуге  деген  құмарлығы.  Балалардың  бұл  қасиетінің  де  көбіне  үлкендер  «тиме, 
сындырасың!»,  «таста,  үстіңді  былғайсың!»  деген  тәрізді  сөздерімен  тамырына 
балта шабады.  
           Мектепке  дейінгі  жаста  баланың  қиялы  ойын  әрекеті  үстінде  қалыптасады. 
Бала сурет салғанда, ертегілер мен тақпақтарды ойлап шығарғанда қиял неғұрлым 
айқын  байқалады.  Бұл  пайда  бола  бастаған  сананың  көрінісі.  Қиялдың  дамуы  да 

  Х.Досмұхамедов атындағы Атырау МУ Хабаршысы 
 № 4 (31) 2013 

125 ~
 
 
зейін  мен  естің  дамуы  сияқты  баланың  мінез-құлқының    қалыптаса  бастауындағы 
жалпы көрініс болып табылады. Бала үлкендердің оқып, немесе айтып бергендерін  
өз  фантазиясымен  өзгерістерге  ұшыратып  отырады.  Оның  себебі-баланың  қиялы 
үлкен адамның қиялынан да бай болатындығында. 
           Осы  жас  кезеңдері,  яғни  мектепке  дейінгі  жас  аралығы,  балаларда    берік 
мінез  қалыптастыру  үшін  өте  қолайлы  кезең  болып  табылады. Балада  дұрыс  мінез 
пайда болу үшін негізгі екі шартты орындау керек. 
1.  Баланың қолынан келетін істерге толық ерік беру.Басқаның көмегіне сүйенбей,өз 
қолынан келетін істерге араластыруға ата-ана көмек көрсетіп жіберу керек. Баланың 
шамасынан артық, өз күшінен асатын тапсырмаларды орындатып, баланың тауының 
шағылмауын  қадағалау  керек.  Қолынан  келген  еңбекпен  айналысу  балаларда 
қуаныш  сезімін  тудырады,  өйткені  бұл  жұмыс  қозғалыс  арқылы  жүргізіледі,  ал 
балалардың қозғалысқа деген құмарлығы күшті болады. 
2.   Баланы  қажытпайтын  тәртіпке  бағындыру  керек.  Баланы  еркіне  жіберу  оны 
ерлікке, 
батырлыққа 
үйретсе, 
тәртіпке 
бағындыру 
оны 
шыдамдылыққа, 
табандылыққа  үйретеді.    Осы  екі  жағы  тең  адамның  мінезі  күшті  болмақ.  Баланы 
еркіне  жібермеу  оны  жасқаншақ,  жасық,  қорқақ  етеді.  Ал  тіпті  тізгінсіз  қоя  беру, 
оның  бар  керегін  орындай  беру,  баланы  ессіз  тентек  етіп  шығарады.  Назарды  осы 
екі  жақтың  біреуіне  аударып  жібермей,  баланы  тең  ортада  ұстау  ұшін  ата-аналар 
мынаны ескеру керек: 
Балаға  жұмыс  тапсырған  кезде  айқайламай,  салмақпен  айтып,  былай  да  жарайды          
дегендей  табансыздық та  көрсетпеу  керек.  Ата-ананың  табансыздығын  сезсе, бала 
оны сыйламайды, тілін алмайды.Және ата-ана істе тиянақты болуы керек.Балаға бір 
нәрсе  істе  дегенде  де,  сол  талптың  себебін  ұғындырып  отыру  қажет.Себебін  ұқса, 
біраздан соң бала өз бетімен-ақ дұрыс іске ұмтылып, теріс әрекеттерден тыйылатын 
болады. Ерінбей, жалықпай, балаға әрбір істің себебін ұқтыра беру керек. 
           Бала  кеңшілікті,  еркіндікті  жақсы  көреді.  Жүгіріп,  көбелек  қуып,  шыбын-
шіркей,  құрт-құмырсқаны  танып,  көңілі  де, жан-тәні  де  бірдей өсіп өркендемек.  Ал 
біздің 
қала 
балалары 
төрт 
қабырғаға 
қамалып, 
табиғаттың 
әсемдігін  
танымай,компьютерге телміріп, семіп қалған гүлдей болып өседі.  
           Мектеп жасын дейінгі балалардың еркін өсуіне кедергі келтіретін нәрселер: 
1.  Үлкендердің балалар психологиясының ерекшеліктерін жете түсіне бермеуі. 
2.  Балалық шақты тезірек жойып, үлкендікке жеткізу керек деп түсінуі. 
Әрине,  баланың  өсіп,  өркендеп,  дүниені  тануы,  ойланып  сөйлей  білуі 
табиғатындағы  зейінінен,  ұғымынан  болады.  Дегенмен  «Ұяда  не  көрсе,  ұшқанда 
соны  іледі»  дегендей,  қоршаған  ортасының,  тұрмысының    жайсыздығының, 
қолайсыздығының да әсері тимей қоймайды.  
            Мектепке  дейінгі  жаста  тәрбиенің  маңыздылығын  түсінетін  саналы  ата-
аналар  да  бала  психологиясының  ерекшелігіне  жете  үңілмеуі  салдарынан  немесе 
балалық  шағына  шын  мән  бере  алмағандығынан  балаларына  жеткілікті  түрде 
қамқорлығын  көрсете  алмайды.  Ата-аналардың  басым  көпшілігі  тынымсыз  тұрмыс-
тіршілікте тамақ асыраудың қамымен жүреді.  
            Мектепке дейінгі балалардың психологиялық ерекшеліктерін ескере отырып, 
оларды  адамгершілік  құндылықтарға  тәрбиелеу  үлкен  мен  баланың  арасындағы 
шынайы  қарым-қатынасты  талап  етеді.  Көзге  көрінбейтін,  өте  нәзік  сезімді,  аса 
құнды  қасиеттерді  жүректен  жүрекке  үзбей  жеткізу  тек  шебер  тәлімгердің  ғана 
қолынан  келеді.  Сондықтан  баланы  жас  күнінде,  әсіресе  бес  жасқа  дейін  дұрыс 
тәрбиелей  білу  керек,  оның  келешекте  қандай  адам  болуы  ең  алдымен  сол  бес 

  Х.Досмұхамедов атындағы Атырау МУ Хабаршысы 
 № 4 (31) 2013 

126 ~
 
 
жасқа  дейінгі  тәрбиеге  байланысты.  Егер  балаға  бес  жасқа  дейін  дұрыс  тәрбие 
берілмесе, кейін оны қайта тәрбиелеуге тура келеді. Ал қайта тәрбиелеу-өте қиын іс 
екендігі  бала  тәрбиесінің  ішкі  дүниесімен,  өмірімен  етене  таныс  әрбір  адамға 
белгілі.Әр баланың жүрегінің терең түкпірінде өз пернесі болады, ол өзінше әуенмен 
сыр  шертеді,  ал  баланың  сол    пернесін  дөп  басып,  дұрыс  ажырата  білсек,  тамаша 
адамгершілік  құндылықтарды  бойына  сіңіре  білген  жек  тұлға  тәрбиелеп  шығаруға 
әбден болады.  
           Ұсынылып  отырған  баяндама  шығармашылық  ізденіске  түрткі  бола 
алатынына және жаңа болашақтың адамын тәрбиелеу, жеке тұлғаны қалыптастыру 
міндеттерін шешуге көмектеседі деп сенемін.  
 
Әдебиеттер тізімі 
1.  Игенбаева Б.Қ. Адамгершілік сабақтары. Алматы 2001. 
2.  Ж.Мейір,Б.Игенбаева. Креативтік тәрбие. Астана 2009.  
3.  Қ.Жарықбаев, С.Қалиев. Қазақтың тәлімдік ой-пікір антологиясы.Алматы.1998ж. 
4.  Қ.Жарықбаев.Психология негіздері.Алматы.2001. 
5.  Қ.А.Оразбекова. Отбасы психологиясы. Алматы 1997. 
          
Резюме 
           В  данной  статье  рассматривается  воспитание  духовно-нравственных 
ценностей детей дошкольного возраста, учитывая их психологические особенности. 
А также большое влияние семьи на воспитание ребенка, как личности. 
 
Summary 
This  article  considered  the  problem  of  moral  values  and  ways  of  education  of 
preschool children  their psihological characteristics. 
 
 
УДК 159.9.019 
 
Д.Р.Муталиева, Н.Б.Кайрлиева  
Атырауский государственный университет имени Х.Досмухамедова 
 
ПСИХОЛОГИЧЕСКАЯ ПОМОЩЬ ВЫПУСКНИКАМ ШКОЛЫ 
ПРИ ПОДГОТОВКЕ К ЕНТ 
 
Аннотация 
В 
статье 
рассматриваются 
проявления 
комплексов 
в 
поведении 
старшеклассников,  которые  часто  проявляются    у  них  (неуверенность  в  себе, 
тревожность,  боязливость,  застенчивость,  скованность  и  др.  и  негативно 
отражаются  на  их  учебной  деятельности  и  препятствует  успешной  подготовке  к  
ЕНТ.  Даны  рекомендации  по  применению  психотехнических  приемов,  выполнение 
которых  позволяют  отработать  навыки  психологической  подготовки  к  экзаменам, 
снимают  излишную  эмоциональность,  стрессовое  состояние,  активизируют 
мыслительную  деятельность,  вселяют  уверенность  в  себе,  а  главное  подавляют 
комплексы в поведении.  
Ключевые  слова: 
комплекс,  процесс  социализации,  комплекс  неполноценности, 
состояние тревожности. 

  Х.Досмұхамедов атындағы Атырау МУ Хабаршысы 
 № 4 (31) 2013 

127 ~
 
 
Для 
современного 
состояния 
казахстанского 
общества 
характерно 
акцентирование  внимания  на  формирование  у  подрастающего  поколения  навыков 
коммуникативного поведения, уверенности в себе, настойчивости и готовности быть 
конкурентоспособным  на 
рынке  труда.  Однако 
многие 
старшеклассники 
закомплексованы  в  собственном  поведении.  Состояние  тревожности,  боязливости, 
застенчивости, скованности и неуверенности в себе - часто проявляемые качества, 
негативно 
отражающиеся 
на 
учебной 
деятельности 
школьников. 
Из-за 
застенчивости,  робости  и  излишней  скромности,  ведущих  к  низкой  самооценке, 
дискомфорту и пессимистическому настроению, учащиеся избегают межличностных 
взаимодействий  с  окружающими.  Все  это  ведет  к  формированию  представлений  о 
себе как неудачного, малоприятного для окружающих человека людей и усугубляет 
процесс социализации.  
Многим  старшеклассникам  характерен  страх,  образовавшийся  на  фоне  всех 
этих  комплексов:  оказаться  несостоятельным  в  обществе  сверстников,  в  будущем 
среди  людей.  Процесс  комплексации  проявляется    противоборствующимися 
представлениями 
старшеклассников 
о 
самом 
себе: 
стремлением 
к 
самоутверждению,  акцентуации  своего  «Я»,  проявлением  положительных  качеств 
личности и в тоже время стремлением к самоуничижению, неуверенностью в себе. 
В  зависимости  от  того,  как  гармонично  будет  складываться  образ  «Я»  в 
представлении старшеклассника, зависит успех его дальнейшего профессионально-
личностного становления.  
Впервые  понятие  «комплекс» (лат. 
сomplex —  связь,  сочетание)  введено  К. 
Юнгом  и  означает  совокупность  тех  представлений, мотивов   и установок    у 
человека,  которые  существенно  влияют  на  развитие  его  психики  и  поведения,  а 
Альфред  Адлер  впервые  ввел  определение  «комплекс  неполноценности», 
проявляемого  в  несостоятельности,  беспомощности  и  зависимости  от  окружающих 
людей.  Это  состояние,  испытываемое  человеком  еще  в  детские  годы,  постепенно 
вытесняется 
в 
бессознательное 
и  ищет 
компенсации 
для 
собственной 
состоятельности.  
Школьники  на  протяжении  старшего  школьного  возраста  готовятся  к 
поступлению в ВУЗ. Им предстоит сдать ЕНТ (единое национальное тестирование), 
следовательно,  необходима  физическая,  интеллектуальная,  эмоционально-волевая 
и  личностная  готовность  ученика  к  экзамену.  Однако  трудно  сказать  о 
психологической 
готовности 
ученика 
к 
ЕНТ, 
где 
основной 
причиной, 
препятствующей успешной сдаче ЕНТ является закомплексованность в поведении. В 
непривычной  обстановке  в  условиях  конкуренции  нервно-психическое  состояние 
выпускника становится   предельно напряженным,  ослабевает контроль над собой. 
По отношению к ним необходима психологическая помощь. Задача школьного 
психолога заключается в том, чтобы развивать у учащихся навыки волевых качеств,  
выработать  рабочее  самочувствие  при  подготовке  к  экзаменам,  научить 
сопротивляемости к стрессу путем снятия эмоционально-психического напряжения. 
Психологи  рекомендуют  психотехнические  приемы,  выполнение  которых 
позволяют  отработать  навыки  психологической  подготовки  к  экзаменам,  снимают 
излишную  эмоциональность,  стрессовое  состояние,  активизируют  мыслительную 
деятельность,  вселяют  уверенность  в  себе,  а  главное  подавляют  комплексы  в 
поведении.  
Следует  придерживаться  следующих  рекомендаций  при  подготовке  к 
экзаменам. 

  Х.Досмұхамедов атындағы Атырау МУ Хабаршысы 
 № 4 (31) 2013 

128 ~
 
 
1. 
 Приемы  запоминания.  Память,  как  правило  обладает  способностью 
усвоения и запоминания большого количества учебного материала. При подготовке 
к  экзаменам  полезно  сохранять  в  памяти  большой  учебный  материал,  нежели 
небольшие  по  объему  информации,  причем  следует  заучивать  осмысленный 
материал,  а  для  этого  подбирать  их  по  частям  и  обобщать  в  целом.  Выделять  в 
тексте  главные  мысли,  опираясь  на  опорные  слова.  Составить  план  пересказа, 
который поможет перед экзаменом вспомнить весь материал.  
2. 
Постоянно  укреплять  силу  духа и  веру  в  себя,  для  этого полезны приемы 
визуализации  или    «обманные»  техники  (многократное  повторение  аффирмаций, 
пение  песенки  или  чтение  стихов,  мысленное  заострение  внимания    на  чем-либо 
интересном).   
3. 
Соблюдать  правильный  режим  дня.  При  подготовке  к  экзаменам  следует 
планомерно  выполнять  дневной  график:  готовиться  к  экзаменам  8  часов  в  день; 
прогуляться или сходить в фитнес; спать 8 часов, не исключая и дневной сон.  
4. 
Правильно 
организовать 
свое 
рабочее 
место. 
Для 
повышения 
интеллектуальной  активности  желательно  иметь  на  столе  картины  или  предметы 
желтого или фиолетового цвета. 
5. 
Следует  развивать  мышление.  Активизация  мыслительных  операций 
выражено  в  умении  различать  новое  в  предметах  и  явлениях  с  разных  сторон, 
сопоставлять  их  между  собой,  находить  главное,  а  для  этого  наблюдать, 
сравнивать,  анализировать,  обобщать,  систематизировать.  Собственные  суждения 
ученик  должен  выражать  словами  в  речи,  знать  смыловое  содержание  терминов, 
понятий, излагать мысли, оспаривая их во время дискуссий, «мозговых атак». 
6. 
Как  поддерживать  работоспособность?  Следует  чередовать  умственный  и 
физический  труд.  При  кувыркании,  стойке  на  голове  усиливается  приток  крови  к 
мозгу,  что  важно  для  умственного  руда.  Выполнять  упражнения  для  глаз,  делать 
перерыв через каждые 20-30 минут. 
7. 
Как  управлять  своими  эмоциями?  Снять  отрицательные  эмоции  можно 
смехом,  который  представляет  защитную  функцию  нервной  системы.  Смех 
позволяет  разрушать отрицательные притоки нервных импульсов и выпускает при 
дыхании  положительные  энергии.  Важно  осуществление  дыхательных  упражнений  
«вдох-выдох», что способствует снятию стресса
Смена  обстановки,  вхождение  в  природную  среду  (прогулки  по  лесу, 
слушание  пение  птиц,  наслаждение  запахом  цветов)  восстанавливает  психическое 
состояние, возвращает покой и душевное равновесие. 
Фитнес,  бег,  утренняя  гимнастика  дают  разрядку  организму  человека. 
Существуют простые приемы для снятия эмоциональной напряженности: послушать 
спокойную музыку, подтянуться на шведской лесенке, поколотить подушку, выжать 
полотенце, позвонить подруге (другу) и высказать свои обиды о ком-то. 
8. 
Как  преодолеть  волнение,  страх  и  неуверенность.  Настроение  человека 
меняется  на  протяжении  всего  дня,  недели  в  зависимости  от  испытываемых 
человеком  чувств,  состояний.  А  нужно  находиться  в  бодром  хорошем  настроении, 
тогда  человек  вполне  адекватен.  Свои  достижения  и  лучшие  качества  человек 
может занести в таблицу и в период плохого настроения он может зачитывать их и 
это даст возможность вспомнить все хорошее. 
Упражнение  «Сесть  удобно.  Закрыть  глаза,  приглушить  окружающие  звуки, 
глубоко вдохнуть от 1 до 10 медленно через нос  и задержать дыхание на 5 секунд. 
Выдохнуть  при  счете  от  1  до  10  и  задержать  дыхание.  Данное  упражнение 

  Х.Досмұхамедов атындағы Атырау МУ Хабаршысы 
 № 4 (31) 2013 

129 ~
 
 
проводится  в  течение  5  минут  и  приводит  человека  в  состояние  равновесия  и 
спокойствия». 
9. 
Чтение аффирмаций при подготовке к ЕНТ: «Я смогу набрать баллы», «Я 
сдам экзамен хорошо», «У меня все получится». Надо ставить конкретные цели  для 
преодоления комплексов. 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет