Х. Досмұхамедов атындағы Атырау му хабаршысы №4(39), 2015


ҰН ҮЛГІЛЕРІНІҢ ӘРТҮРЛІ СОРТТАРЫНДАҒЫ МИКРООРГАНИЗМДЕР САНЫ



Pdf көрінісі
бет22/28
Дата03.03.2017
өлшемі6,15 Mb.
#5651
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   28

ҰН ҮЛГІЛЕРІНІҢ ӘРТҮРЛІ СОРТТАРЫНДАҒЫ МИКРООРГАНИЗМДЕР САНЫ 
 
Аңдатпа 
Безостая-1  ұнының  әртүрлі  сорттарының  органолептикалық  қасиеттері, 
ылғалдылығы,  желімділігі,  қышқылдылығы  мен  күлділігі  зерттелді.  Сонымен  бірге 
ұнның  әртүрлі  сорттарының  микрофлорасы  зерттелді.  Ұнның  барлық  сорттарында 
картоп  таяқшасының  (B.mesentericus),  ашытқы  саңырауқұлағының,  ашытқы 
саңырауқұлағы  тәрізділер  мен  мицелиальды  саңырауқұлақтардың  барлығы 

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау МУ Хабаршысы 
 № 4(39), 2015 
187 
 
анықталды.  Жалпы  алғанда  ұнда  картоп  таяқшасы  аз  мөлшерде  кездесті. 
Микробиологиялықкөрсеткіштер бойынша талаптарға сай болды. 
Негізгі  сөздер: 
ұн  сорттары,  микрофлора,  картоп  таяқшасы,  ашытқы 
саңырауқұлақтары, мицелийлі саңырауқұлақтар, бірлік түзуші шоғыр. 
 
Астықтың ластану дәрежесібактериялар мен саңырауқұлақтар санына, басқа 
қоспалардың  болуына  және  сақтау  шараларына  байланысты  болады.  Бөгде 
микроағзалардың  сандық  құрамын  төмендету  үшін  кейбір  авторлар  бидайдың 
дымқыл  астығында  дамып  келе  жатқан  өңездің  таза  дақылдарына  озонның  әсерін 
және саңырауқұлақ спораларына қатысты оның фунгицидтік әсерін қолданса,басқа 
зерттеушілер құрамында азоты бар реттелетін газ ортасының әсерін зерттеген. Осы 
жағдайларда бидайды сақтау кезінде ұнның қасиеттері өзгермеген [1]. 
Көптеген зерттеулерде ұн микрофлорасын зерттеу кезінде, жалпы микроағза 
тұқымын  жұқтырудан  басқа,  картоп  таяқшасы  мен  сүт  қышқылы  бактериялардың 
болуына көңіл бөлінеді.  
           Нан  дайындауда  әртүрлі  микрофлорасы  бар  ұнды  қолданады.  Ал  ұнның 
микрофлорасы өнімді жинауға, оны сақтау жағдайына, тасымалдау үрдісіне, қызмет 
көрсетуші мамандарға, сонымен бірге өндіріс орнының ауасының температурасына, 
ылғалдылығына және тағы басқа да гигиеналық шараларға байланысты екені белгілі 
[2; 3].  
Технологиялық үрдіс залалсыздандырылмаған жағдайда жүретіндіктен, ұнда, 
оған  сәйкес  сол  ұннан  жасалатын  ашытқы  мен  қамырда  пайдалы 
микроорганизмдермен  бірге  зиянды  түрлері  дамуы  мүмкін.  Элективті  қоректік 
орталарды  пайдалана  отырып  бөгде  микрофлораны  анықтауға  болады. 
Микробиологиялық  бақылауды  үнемі  жүргізіп,  нан  пісіруде  енгізілген  таза 
культураның дамуын бақылау арқылы зиянды микрофлораны дер кезінде анықтап, 
оның  өсуін  тоқтату  үшін  шара  қолданылады.  Алдын  –  ала  өзге 
микроорганизмдерден  сақтандырудың  табиғи жолы  -  сүт  қышқылы  бактерияларын 
нан ашытуда қолдану екені белгілі [4; 5; 6].  
     
       
Атырау  бидай  ұнтақтаукомбинатынан    алынған  Безостая-1  бидай  ұнының 
жоғары, бірінші, екінші сорт ұндары зерттелді.  
Атырау 
бидай 
ұнтақтаукомбинатынан 
алынған 
ұн 
қасиеттерінің 
көрсеткіштері 1 -кестеде көрсетілген. 
 
Кесте 1 –
 
Әртүрлі сорттағы ұн қасиеттерінің көрсеткіштері  
 
Ұн 
сорты 
Органолептикалық 
көрсеткіштері 
Ылғал 
дылы 
ғы, % 
Желім 
ділік 
мөлшері,

Желім-
ділік 
мөлшері, 
см 
Қыш 
қылды 
лық, 
0
С 
Күл-
ділі 
гі, % 
Түсі 
Дәмі 
Иісі 
Жоғары   Орташа  Орташа  Орташа 
14,1 
14,3 
14,2 
32 
31 
31 
13,4 
13,6 
13,6 
1,7 
1,8 
1,8 
0,54 
0,52 
0,54 
Бірінші   Орташа  Орташа  Орташа 
13,3 
13,5 
13,5 
30 
32 
31 
13,1 
13,2 
13,1 
1,9 
2,0 
2,0 
0,70 
0,67 
0,69 
Екінші 
Орташа   Орташа  Орташа 
14,3 
14,5 
14,3 
29 
29 
30 
13,7 
13,9 
13,9 
2,2 
2,3 
2,3 
1,3 
1,2 
1,3 

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау МУ Хабаршысы 
 № 4(39), 2015 
188 
 
Ұнның  сапасы    нан  пісіру  қасиеттері  бойынша  орташа  екендігі  байқалады. 
Алдымен  ұнның  әртүрлі  сорттарында  кездесетін  картоп  таяқшасы,  ашытқы 
саңырауқұлақтары,  ашытқы  саңырауқұлақтары  тәріздес  және  мицелийлі 
саңырауқұлақтар саны зерттелді. 
    
Картоп таяқшасының саны ет пептонды агарда, 
ашытқы  саңырауқұлақтары  –  сусло-агарда,  мицелиальді  және    ашытқы  тәріздес 
саңырауқұлақтар саны Чапек қоректік ортасында анықталды. 
Ұнның әртүрлі сорттарындағы микроағзалардың бірлік түзуші шоғыр саны 2-
ші кестеде көрсетілген.  
 
Кесте 2 -  Ұнның әртүрлі сорттарындағы микроағзалар саны (х10
2
БТШ) 
 
Ұн  
сорт-
тары 
Картоп 
таяқшасы 
Ашытқы 
саңырауқұлақ-
тары 
Ашытқы 
саңырауқұлақ-
тары тәріздестер 
Мицелийлі 
саңырауқұлақтар 
Жоғары 
0,05

0,2 
0,5

0,2 
0,8

0,1 
0,2

0,3 
Бірінші 
0,1

0,1 
1,1

0,1 
0,9

0,21 
1,5

0,2 
Екінші 
0,9 

0,3 
1,2

0,2 
1,9

0,6 
1,9

0,5 
 
2  –  кестеден  барлық  ұн  сорттарында  картоп  таяқшасы,  ашытқы  саңырауқұлағы, 
ашытқы  саңырауқұлағы  тәрізді  және    мицелиальді  саңырауқұлақтардың  барлығы 
анықталды.  Барлық  ұн  сорттарында  картоп  таяқшасы  өте  аз  кездесті,  көбірек 
мөлшері  ұнның  екінші  сортында,  яғни  1  г-да  90-нен  аспайтыны  байқалды. 
Мицелиальді  саңырауқұлақ ұнның жоғары  және  бірінші  сортында  аз  кездескенімен 
ұнның  екінші  сортында  оның    саны  190  БТШ/г-ға  жеткен.  Ашытқы 
саңырауқұлағының  саны  мен  ашытқы  тәрізді  саңырауқұлақтар  ұн  сортына  
байланысты аз өзгерген. Сөйтіп, микробиологиялық көрсеткіш талабына сай екендігі 
анықталды. 
 
Әдебиеттер тізімі 
1 Блохина Н.И., Петренко Т.П. Изменение технологических и хлебопекарных свойств 
зерна  пшеницы  при  хранении  его  регулируемой  газовой  среде
 
//Эффект  и 
рациональное использование сырья в производстве пищевых продуктов.- М., 1983.-
 
С.
 
4-10. 
2
 
Spicher  G.,  Schröder  R.,  Stephan  H.  Die  Micriflora  des  Sauerteiges.  X.  Mitt:  Die 
bactechnische
 
Wirking  der  in  “Reinzuchtsauern”  auf
 
tretenden
 
Mikchsäurebacterien 
Genus lactobacillus Biejerinck //Z. Lebensmittel – Untersuch. Forch. – 1980. – Vol. 171, 
№ 2. – P. 119-124. 
3
 
Cahagnier B. Qualifemicrobiologue des grains et teneursen ergo sterol //Ind. alim. et. 
agr. – 1988. – 105
,
 № 1-2. – P. 5-6. 
4
 
Дудикова  Г.Н.,  Тулемисова  К.А.,  Орлюк
 
Т.М.  Микробиологический  м
о
ниторинг 
зерна  и  продуктов  его  переработки  различных  регионов  Казахстана  //Хранение  и 
переработка сельскохозяйственной продукции. – 1999. - № 2. – С. 20-22. 
5
 
Тулемисова  К.А.,  Дудикова  Г.  Н.  Актуальные  проблемы  качества  и 
микробиологической безопасности сырья и продуктов питания //Вестник КазНУ им.
 
аль–Фараби. Серия биологическая. – 2002. – № 1 (16). – С. 12-18. 
6
 
Витавская А.В., Дудикова Г. Н., Тулемисова К. А. Биологическая защита хлеба от 
картофельной болезни. – Алматы: Бастау, 1998. – 240 с.  
 

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау МУ Хабаршысы 
 № 4(39), 2015 
189 
 
Резюме 
В  статье  представлены  результаты   исследования  органолептических  
свойств, а также влажность, клейковина, кислотность,  зольность муки Безостая -1, 
производимой   Атырауским   мелькомбинатом.   Кроме  того,  были  изучены 
микрофлора   различных  сортов  муки.  Во  всех  сортах  муки  обнаруживается 
картофельная 
палочка 
(B.mesentericus), 
дрожжи, 
дрожжеподобные 
и 
мицелиальные   грибы.  Мука  слабо  обсеменена  спорами  картофельной  палочки. 
Необходимо отметить, что по микробиологическим показателям мука соответствует 
нормативным требованиям. 
 
Summary 
The article presents the results of  the tests of organoleptic properties as well as 
moistness, gluten, acidity, ash content of flour Bezostaya 1 produced by Atyrau flour mill. 
In addition, the microflora of various types of flour have been studied. All the varieties of 
flour  have  potato  sticks  (B.mesentericus),  yeast,  yeastlike   and  filamentous  fungi.  The 
flour  is  weakly  contaminated  with  spores  of  potato  sticks. It  should  be  noted  that  the 
microbiological indicators of the flour of Atyrau flour mill meets all the requiments. 
Қабылданған күні 23.11.2015 ж 
 
 
ӘОЖ 576 
С.З. Сағындықова, А. Саматова, А. Нұрғалиева 
 
Х. Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті 
Қазақстан Республикасы, 060011, Атырау қ., Студенттер даңғылы, 212 
E-mail: 
Sofiazul@mail.ru
 
 
БАЛЫҚ ЖЕМДЕРІНІҢ ДАЙЫНДАЛУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ 
 
Аңдатпа 
Мақалада  балықтың  құрғақ  және  тірі  жем  түрлеріне,  олардың  құрамы, 
дайындалу  жағдай  байланысты  әдебиеттерге  шолу  жасалған.  Пробиотик 
микроорганизмдердің балықтың тіршілігінде маңызы келтірілген. 
Негізгі  сөздер: 
құрғақ  жем,  тірі  жем,  бактериялар,  олигохеттер,  калифорниялық 
қызыл құрт (Eisenia foetida), тоған. 
 
Балық өсіру кезіндебалық жемдерінің құрамына аса мән беріледі. Құрғақ жем 
дайындағанда  балықтың  ағзасына  қажетті  қоректік  құрамдарды  енгізеді.  Мәселен, 
балықтардың өсу қарқыны және жас шабақтардың өмірсүру қабілетін арттыру үшін 
жемнің  құрамы:    жануар  ұны  15-20%,  өсімдік  ұны  8-15%,  гаприн  30-40%, 
микроорганизмдер  ферментолизатының  биомассасы  30-40%,  витамин  қоспасы 0,7-
1,3%  және  метионин  0,7-1,3%  мөлшерінде  дайындалған.  Балық  тағамын 
микроэлементтермен толықтырылған ұзақ уақыт сақтау үшін қосымша құрам ретінде 
Candida  utilis  ашытқы  саңырауқұлағын  микроэлементтер  көзі  ретінде  өсіріп, 
марганец тұзының қатысында 100 мг/л мөлшерде қосады. Егер кобальт қосылатын 
болса  концентрациясы  10-12  мг/г,  ал  селен  тұзы  қатысында  экспоненциальды 
фазада 0,12 мг концентрацияға дейін қосылады. Микроэлемент көзі ретінде ашытқы 
саңырауқұлақ биомассасы 1 кг-ға 2 г мөлшеріңде қосу ұсынылады.  

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау МУ Хабаршысы 
 № 4(39), 2015 
190 
 
Балық жемінің құрамына сорбциялық қасиеті бар целлюлоза шикізаты және 
целлюлоза  қалдықтарын  өңдеп  қоса  отырып,  оған  азотфиксациялайтын, 
целлюлотикалық микроорганизмдерді қосады [1, 2]. 
Тоған  балықтарының  өнімділігін  арттыру  үшін  негізгі  балық  жеміне  арнайы 
амилолитикалық,  сүт  стрептококкасы,  пропион  қышқыл  бактериясы  және 
целлюлозолитикалық  споралық  бактериялардан  тұратын  бактериялық  ашытқы 
қосылады [3]. 
Қазақстанда  балық жемін  дайындауда  Е.С.  Язықбаевтың  бірнеше  еңбектері 
бар.  Ол  балық  жемінің  құнарлығын  дайындау  үшін  жем  құрамына  артемияның  5-
85%  декапсульденген жұмыртқасын және  оған  қосымша  23-41%  балық  ұны,  32%-
соя  ұнтағы,  6%  -  гидролизденген  ашытқы  саңырауқұлағы,  5-7%  ұн  немесе 
ұнтақталған бидай, 5-7%  балық майы және 1%  премикс қосуды ұсынады [4, 5]. 
Binder  M.  (2002)  балық  жеміне  қосымша  қоспа  ретінде  натрий,  калий, 
аммоний,  магний,  кальций  тұздарының  бірін  қосуға  болады.  Кейбір  жағдайда 
қоспасы  бар  D-пантотен  қышқылын,  немесе  олардың  тұзын  қосса,  ал  Kihara  M. 
(2003)  0,01-10%  олигосахарид,  фрукто-,  галакто-  немесе  рафинноза,лакулозаны, 
гентиоолигосахарид,  соя  олигосахаридін  қосады  [6,  7].  Сүттегі  лактоферринді 
жойып, ұнтақ түріндегі лактопротеин пайда болғанша кептіріп барып гидролиздейді. 
Алынған  гидролизатты  0,01-0,2%  шамасында  балық  жеміне  қосса,  Hanekawa  Y. 
(2006) Lactobacillus gasseri  сүт қышқылы бактерияларын кептіру арқылы өнім алып 
жемге  қосады.  Сонымен  бірге,  Lactobacillus  citrain  сүт  қышқылы  бактерияларын 
жасыл  жемді  консервілеу  үшін  қолданса,    кейбір  зерттеулерде  сүт  қышқылы 
бактерияларының штамдарын балық жемін дайындауда қолданған [8, 9, 10].  
Skyttae  E.  (2002)  балықтардағы  газды  болдырмау  үшін  балық  сүрлемін 
дайындаған. Оның құрамында 0,05-0,2%, сульфит немесе дисульфит, 0-0,5% нитрит 
және 0-0,5% бензоаттан тұрады. Көбіктендіру ингибиторы 0,0005-0,02% шамасында 
болады.Ал  зерттеуші  Kato  T.  (2006)  балықтардың  төмен  температурада  стресс 
алмауы үшін балық шабағын өсіруде қолдануға болатын балық жемін ойлап тапқан. 
Оның  құрамында  Н-6  докозагексан  қышқылы  бар  микроорганизм,  сол  сияқты 
микроорганизмдердің  клетка  қабықшасын  бұзатын  эйкозапентаен  қышқыл  өнімі 
енгізілген.  Сонымен  бірге,бекіре  мен  евроазиалық  окунь  балығын  өсіру 
үшінкоролевский краб ұнын балық жемін дайындауда қолданады [11, 12, 13].    
Құрғақ  балық  қорегімен  бірге  тірі  балық  қорегі  де  маңызды  орын  алады. 
Бекіре  тұқымдас  балықтарды  зауыт  жағдайында  көбейтуде,құрамы  толыққанды 
ақуызға, майларға, көмірсуларға бай, дәрумендер мен ферменттердің және басқа да 
биологиялық  белсенді  қосылыстардың,  сондай-ақ    минералдық  заттардың  қоры 
болып табылатын тірі жемнің орны ерекше. Тірі жеммен қоректендіру балықтардың 
белсенділігін  дамытып,  тіршілігін  арттыруға  септігін  тигізеді.  Зауытта  ақ  энхитрей 
құрты  (
Enchytreus  albidus),  жауын  құрты  тектес  қызыл  калифорниялық  құрттар 
(
Eisenia  foetida)  және  су  бүргесі  (Daphnia  magna)  тірі  жемдеріөсіріледі.  Бұл 
организмдерді  органикалық  қалдықтарды  ыдырату  мақсатында,топырақты 
тыңайтуға,жемдік  қоспалар  шығаруүшін  қолданады.  Қазіргі  уақытта  жауын 
құрттарын балық жемін дайындау үшін өндірістікте көбейту мәселесіне көбірек көңіл 
бөлінуде. Құрт  бөлме температурасына  оңай  үйренеді.  Калифорниялық  құрт  басқа 
құрттарға  қарағанда,  жоғары  өсімділігі  және  ары  қарай  өмір  сүріп  кетуімен 
ерекшеленеді.  Олардың  ұрықтануы  апта  сайын  өтеді.  Жаңа  туылған  құрттар  жіп 
тәрізді жіңішке, ұзындығы 4-6 мм болады және қан тамырлары арқа жағында айқын 
көрініп  тұрады.  Алғашқы  күндері  бұл  құрттарда  түстері  болмайды,  20-30  күн 

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау МУ Хабаршысы 
 № 4(39), 2015 
191 
 
өткеннен кейін олар қызыл түске боялады. Балық өсіру саласында,қосымша азықтық 
ақуыздар  беріп  өсірілетінкалифорниялық  қызыл  құрттың  (Eisenia  foetida)  
биосалмағын  көбейту  есебінен  алынған  және  балық  қажеттілігінің  50%-ын 
жабатынын көрсететін оңтайлы көрсеткіштер бар.  
Балық  тоғаны  бар  зауытта  қызыл  құрттарақ  олигохеттермен  бірге  бір 
бөлмеде  өсірілгендіктен  температура  олар  үшін  оптимал  температурадан  біраз 
төмен,20-25°С  орнына  16,8-24,5°С  аралығында  болады.  Топырақ  ылғалдылығы 
жоғары 70-80% аралығында болуы керек. Жемдеу  белгілі  құраммен 10 күнде 1 рет 
жүргізіледі,  бір  айырмашылығы  айына  бір  рет  калифорниялық  құрттардың  жеміне 
мал тезегі (жылқы,сиыр қиы) қосылады.  
1  кг  тезек  мөлшеріне  10  кг  құртқа  есептеледі.  Калифорниялық  қызыл 
құрттарды  ақ  энхитрейлер  сияқты  баптайды.  Мәселен,  Атырау  балық  өсіру 
заводында    60  жәшікте  өсірілуде.  Бір  жәшікте  орташа  тығыздық  3465-4127  дана 
құрттарды  құрайды,  салмағы  157,2-352,2  г/жәшік,  жеке  құрттардың  орташа 
ұзындықтары 30-170 мм, салмағы 108-550 мг аралығында болады [14, 15]. 
      
Қорек жемінің көлемі биологиялық жағынан қолайлы және концентрлі болуы 
керек, cебебі, балық қоректенгенде энергиясын көп жоғалтпау керек.  Балық қорегі 
балық керек еткен уақытта ғана пайдаланылуы керек. 
Соңғы  уақытта  балық  ауруларының  көбеюіне  байланысты  балық  жеміне 
пробиотикалық 
микроорганизмдерді 
енгізуде. 
Ондай 
микроорганизмдерді 
субстраттардан  бөліп  алып  идентификациялап,  пробиотик  ретінде  қолдану 
балықтардың  кейбір  аурулардан  алдын  ала  сақтануларына  мүмкіндік  береді. 
Аурудан таза балық адамдардыңденсаулығының кепілі. Осыған орай, біздің ғылыми 
зерттеу  жұмысымыз  балықтарға  арналған  жемдерді  модификациялап  тоған  және 
лабораториялық  жағдайда  зерттеуге  арналған,  сонымен  бірге  биология  магистрі 
Айман 
Нұрғалиеваның 
балықтың 
тірі 
жеміне 
байланысты 
магистрлік 
диссертациясының жалғасы болып есептеледі.  
 
Әдебиеттер тізімі 
1  Патент.  1575333  Россия.  Стартовый  корм  для  карпа/Остроумова  И.Н.;    опубл. 
1998.08.10 
2  Пат.  2056762  Россия.  Обогащенная  микроэлементами  кормовая  добавка  для 
животных, рыб и птиц и способ ее получения /Белов А.П.; опубл. 1996.03.27 
3 Предпатент 12664 Казахстан. Способ приготовления кормовой добавки для рыб и 
способ  разведения  рыб  в  пруду  с  ее  использованием  /Переверзева  М.В.; 
Бадрызлова Н.С.; Исмуханов Х.К.; опубл. 17.02.2003, бюл. № 2. 
4 Предпатент  15085 Казахстан. Комбикорм для ценных видов рыб /Языкбаев Е.С.; 
опубл. 15.12.2004, бюл. № 12. 
5  Предпатент  16030  Казахстан.  Способ  производства  комбикормов  для  ценных 
видов рыб; публ. 15.08.2005, бюл. № 8. 
6  Пат.  6319528  США.  Способ  изготовления  добавок  для  кормовых  средств, 
содержащих        D–пантотеновую  кислоту/или  ее  соли  /Binder  M.;  опубл.  20.11.01; 
ИСМ, 2002, Вып. 3,       №11, С. 62. 
7 Пат. 3348740 Япония. Корм для рыб /Kihara M.; опубл. 20.11.02; ИСМ, 2003, Вып. 
3,     №11, с. 82. 
8 Заявка 3643407 Япония. Корм для водных организмов /Tamai T.; опубл. 27.04.05; 
ИСМ, 2006, Вып. 3, № 5, С. 75. 

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау МУ Хабаршысы 
 № 4(39), 2015 
192 
 
9  Заявка  3648233  Япония.  Кормовая  добавка  /Hanekawa  Y.; опубл.  18.05.05;  ИСМ, 
2006, Вып. 3, № 5, С. 76. 
10  Межд.  Заявка  100043  РСТ.  Способ  выбора  штамма  Lactobacillusstrain  для 
консервирования  зеленого  корма,  консервирования  зеленого  корма  /Skyttae  E.; 
опубл. 04.01.01; ИСМ, 2002, Вып. 3, № 1, с. 78. 
11  Сағындықова  С.З.,  Аубакирова,  И.А.  Дюсекенова  А.  Бекіре тәрізді  балықтардың 
қоректену  ерекшелігі  //«Бәсекеге  қабілетті  маман  даярлау  сапасын  арттырудағы 
жаратылыстану  ғылымдарының  ролі»  атты  респуб.  ғылыми-тәжірибелік  конф. 
материалдар жинағы.- Атырау,- 2007. - 26-27 б.б. 
12  РСТ,  межд.  заявка  2005027651  Корм  для  зоопланктона  /Kato  T.;  № 
РСТ/JP04/013619; от 17.09.04; публ. 31.03.05; ИСМ, 2006, Вып. 3, № 4, с. 199. 
13  Федоровых  Ю.В.,  Баканева  Ю.М.,  Пономарев  С.В.,  Грозеску  Ю.Н.  Мука  из 
королевского краба для кормления и выращивания осетровых рыб и евроазиатского 
окуня //Рыбная промышленность.- 2012.- № 1.- С. 20-23.  
14  Пат.  390804  Япония.  Микроорганизм  рода  Lactobacillus  и  кормовая  добавка 
/Morotomi Masami; Kushiro Akira; опубл. 25.04.2007 ИСМ, 2008, Вып. 3.  
15 Васильева Л.М., Амбросимова Н.А., Петрова Е.А. Методические рекомендации по 
культивированию  красного  калифорнийского  червя  (Eisеniafoetidaangrei).  Научно-
производственный центр по осетроводству «БИОС».- Астрахань - 2003. 
 
Резюме  
В  статье  приводятся  технологические  данные  по  составу,  способам 
приготовления  сухих,  живых  рыбных  кормов,  а  также  выявляется  значение 
микроорганизмов-пробиотиков в приготовлении кормов для рыб. 
 
Summary 
The  article  presents  the  technological  data  on  the  composition,  methods 
preparation  of  dry,  living  feed  for  fish.  The  authors  show  the  importance  of 
microorganisms probiotics in the preparation of fish feed.  
Қабылданған күні 23.11.2015 ж 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау МУ Хабаршысы 
 № 4(39), 2015 
193 
 
 
ЭКОНОМИКА ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚ
 
ЭКОНОМИКА И ПРАВO 
 
ӘОЖ 339.13 
Ж.Т. Ильясова, А.Ж. Мукашева  
Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік Университеті, 
 Қазақстан Республикасы, 060011, Атырау қаласы, Студенттер даңғылы,212 
E-mail: 
murat---79@mail.ru
 
 
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТРАНСАЙМАҚТЫҚ 
ИНФРАҚҰРЫЛЫМЫНЫҢ  ӘЛЕУЕТТЕРІ 
 
Аңдатпа 
 
Қазіргі  заманауи  экономикада  Қазақстанның  көмірсутек  қорлары  негізінде 
мұнай  газ  тасымалдау  мәселесін  шешу  негізгі  даму  бағыттарының  бірі  болып 
табылады.  Мұнай-газ  шикізатын  тиімді  пайдаланып  және  оның  экспортын  өсіру 
мақсатында  Қазақстанда  экспорттың  еркін  жылжуын  және  тасымалдау 
инфрақұрылымын  дамыту  қажет.  Қазақстан  Республикасының  әлеуметтік  және 
экономикалық  дамуының  басты  ерекшелігі  –  өнім  сапасын  арттыру  және  отандық 
өнеркәсіптік өндірістің бәсекеқабілеттілігін арттыру айқындалады.
 
Негізгі  сөздер: 
мұнай,  газ,  индустриялық-инновациялық  даму  бағдарламасы, 
шикізат,  ұлттық  инновациялық  жүйе,  көмірсутек,  Дүниежүзілік  сауда  ұйымы, 
экономикалық даму, ынтымақтастық ұйым, стратегиялық бағдарлама. 
 
КІРІСПЕ 
 
Елбасының 
«Қазақстан-2050»  Стратегиясы  қалыптасқан  мемлекеттің  жаңа 
саяси  бағыты
»  атты  Жолдауында  қазақстандық  жолдың  жаңа  кезеңі  –  ол 
экономиканы  нығайтудағы,  халықтың  әл-ауқатын  арттырудағы  жаңа  міндеттер 
екенін  атап  өтті. Қазіргі  әлемде  бұл  әлеуметтік-экономикалық жаңғыртудың  негізгі 
мәселесі. Бұл Қазақстанның таяу онжылдықтағы дамуының басты бағыты. Қазақстан 
халқы  біртұтас,  бірлігі мызғымас  кемел  елге  айналды.  Дегенмен,  біз  күрмеуі  қиын, 
қайшылығы мол алмағайып заманда өмір сүрудеміз. Біздің міндетіміз – экономиканы 
осы сынаққа дайындау, оны диверсификациялауды жалғастыру, - деп атап көрсетті 
Нұрсұлтан Назарбаев [1].  
Қуатты  Қазақстан  дегеніміз  –  бұл  ең  әуелі  өңірлердің  қуаттылығы.  Елдің 
болашағы  экономикадағы  келешегі  зор  салалардың  дамуымен  байланысты.  Алға 
үлкен міндеттер жүктеді. Президент атап айткан кешенді 10 міндеттің алтыншысы, 
инфрақұрылымды  дамытуға  деген  қағидатты  түрде  жаңа  көзқарастарды 
қалыптастыру. Елбасы халыққа Жолдауында «Инфрақұрылым экономикалық өсімнің 
мүмкіндіктерін  кеңейтуге  тиіс.  Инфрақұрылымды  екі  бағытта  дамыту:  ұлттық 
экономиканы жаһандық ортаға кіріктіру, сонымен қатар, ел ішінде өңірлерге қарай 
қадам жасау қажет. 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   28




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет