сипаттары басшылыққа алынды:
нақты мақсатқа бағытталу;
анықталған нәтижелерді мектеп басқару қызметінде орынды пайдалану;
ұжымдық әрекеттерді ескере отырып зерттеу;
тұлғалық бағдарлы технологияны жүзеге асырудағы жүйелілік, бірізділік және үздіксіздік;
нәтижелердің педагогикалық ғылым мен практиканың соңғы жетістіктеріне сай болуы.
Осы талаптардың мазмұнына сәйкес білім беру үрдісіне қатысушы мұғалімдердің қызметі төмендегі диагностикалық әдістеме негізінде бағаланады:
Тұлғалық қасиеттері:
адамгершілік және педагогикалық мәдениеті;
кәсіби парызын сезінуі мен жауапкершілігі;
- гуманистік және демократиялық көзқарастары.
Кәсіби дайындығы:
пән бойынша арнайы мамандығы;
әдістемелік дайындығы;
психологиялық дайындығы;
тәрбие теориясы мен әдістемесін меңгеруі.
Нәтижелік әрекеттері:
оқушының білім алуға жауапкершілігін қалыптастыруы;
оқушының еңбек етуге жауапкершілігін қалыптастыру;
саналы тәртіпке бағыт беруі;
өзін-өзі басқаруға, тәрбиелеуге бағыт беруі;
- ата-аналармен, ұстаздармен өзара түсіністік қарым-қатынасқа үйретуі.
Диагностика педагогикалық қызметтің төмендегі сипаттарын көрсете
алады:
кәсібилігіне ықпал ететін тұлғалық қасиеттерінің болуы;
кәсіби құзырлылығы мен педагогикалық шеберлігі;
іс-әрекетінің нәтижелілігі.
Тұлғалық бағдарлы білім берудегі оқушылардың кызметі төмендегі диагностикалық әдістеме негізінде бағаланады:
өзіндік білім алуға ынталылығы;
шығармашылық жұмысқа ынтасы;
адамгершілік тұлғалық ерекшеліктері;
өзіндік білім алудағы ерік-жігері, киындықтардан жол таба білуі;
өз мүмкіндігіне сай жеке жұмыс түрлерін таңдай білуі;
өзін-өзі бақылауда, бағалауда өз жауапкершілігінің жоғары деңгейі.
Диагностика корытындыларын талдау барысында оқытушылар мен
оқушылар өзіндік білімін жетілдіру, өзін-өзі тәрбиелеу мен өзіндік коррекциялық әрекеттерге кеңінен тартылады. Осы жұмыстардың нәтижесінде танымдық, эмоционалдық, мінез-кұлықтық өзгерістері үшін психологиялық қолайлы орта жасалып, педагогикалық өзара ықпалдастық мүмкіндіктері туғызылады. Бұл қатынастар тек әдістемелік және технологиялық құралдар арқылы ғана емес, мұғалімнің тұлғалық ұстанымдары негізінде де жүзеге асырылады.
Мектепішілік басқару жүйесіне енетін бағыттардағы жетістіктер мен кемшіліктерді диагностика негізінде үнемі талдап, бағалап отыру менеджмент қызметінің сапасын арттырып, жоғары деңгейдегі нәтижелерге жетуге мүмкіндік жасайды. Олар:
1) білім беру сапасын қамтамасыз ету бағытындағы барлық
сыныптар және пәндер бойынша білімділік деңгейін, білім
сапасын тексеру қорытындысы:
оқу жылы басы және аяғындағы оқушылар саны, келім-кетімді
бақылау динамикасы;
үздік оқушылар, екпінділер, үнемі орташа оқитындар,
үлгермеушілер өзгеріс динамикасы;
ауруына байланысты, не себепсіз сабақ жіберу кестесі;
әртүрлі есепке алынғандар (отбасы жағдайы туралы, әлеуметтік, денсаулық деңгейі бойынша);
оқулықпен қамтамасыз етілу деңгейі;
ыстық тамақпен қамтылу деңгейі;
ұзартылған топқа қатынасатындар.
сыныптан тыс және тәрбие жұмыстарының сапасы бойынша:
дене тәрбиесі керсеткіштерінін тиісті деңгейге сәйкестігін талдау,
жыл сайынғы өзгерістері;
еңбек практикасының өнімділігі, нәтижесі;
сыныптардағы және мектеп бойынша өткізілетін шаралар деңгейін
бағалау;
оқушылар палатасы қызметін өзіндік бағалау;
ата-аналардың мектептегі іс-шараларға қатысу деңгейі.
3) әлеуметтік-психологиялық қызмет сапасын талдау:
оқушылар арасындағы зерттеулер (мектепалды, бастауыш, жасөспірімдер деңгейлеріне сай жұмыстар);
педагогикалыкқ ұжымдағы ахуал деңгейі;
ата-аналармен "Отбасылық таным" қызметі;
мектепке дайындық деңгейі;
мұғалімдер мен оқушылардың, ата-аналардың өзіндік таным қызметі.
әдістемелік бірлестіктер мен аттестациялық қызмет:
әдістемелік жұмыстың педагогтардын кәсіби және тұлғалық өсуіне ықпал ету факторлары;
педагогикалық шеберлікті арттыру, тәжірибе таратудың жаңа түрлері туралы ұсыныстар;
рефлексия арқылы әркімнің өзіндік даму аймағын белгілеуі негізінде ұжымның кәсіби өсу картасын жасау нәтижесі;
мектепішілік басқарудың басты бағыттарын талдау:
білімдік-мазмұндық;
нормативті-құқықтық;
бағдарлық-әдістемелік;
материалдық-техникалық;
финанстық;
Басқару үнемі өзара байланыста, қозғалыста болатын, дамып және өзара дамытып отыратын іс-әрекеттер жиынтығы. Басқаруды диагностикалау бір жүйенің екінші жүйеге әсерін, субъектердің өзара байланысты әрекеттерінің нәтижесін көрсетеді. Осы жұмыстардың мектеп деңгейінде үнемі жүргізіліп талқылануы нәтижесінде жаңа даму деңгейіне өтуді қамтамасыз ететін жаңа мақсат-міндеттер мен күтілетін нәтижелерді нақтылау жолға қойылады және олар оқу жылы аяғында және басында өткізілетін педагогикалық кеңестер үшін ақпараттық база болып табылады. Сөйтіп, диагностикалық әрекеттер жалпы педагогикалық ұжым мақсаты мен тұжырымдамасына, басты мәселелері мен шараларға өзгерістер енгізіліп, оны қадағалап отыруға мүмкіндік береді.
Достарыңызбен бөлісу: |