Х. В. Бекбосынова функционалды грамматика ұҒымдарымен етістің Ұштасуы (КӨркем шығарма мәтіндер негізінде) 6М020500 Филология магистрі академиялық дәрежесін алу үшін дайындалған магистрлік диссертация


  –   іс-әрекетті орындаушы   белсенді   субъект  S



Pdf көрінісі
бет3/6
Дата06.02.2017
өлшемі0,74 Mb.
#3560
1   2   3   4   5   6

 



іс-әрекетті

орындаушы   белсенді   субъект  S



2

–   іс-әрекетке   қатысы   жоқ,   пассив   субъект,

тыңдаушы, ақпаратты қабылдаушы.  О  – нысан.  Үй тазаланды  деген сөйлемде

ырықсыз етіс тұлғасы жағдаятты басқаша сипаттайды. Мұнда нысан ғана, істің

нәтижесі   ғана   көрінген,   яғни   екінші   субъектіге,   іс-әрекетке   қатысы   жоқ,

белсенсіз субъектіге ақпарат беріледі. Ол әрекетке бірінші субъектінің қатысы

байқалмайды.   Іс   өзінен   өзі   орындалғандай   болады.   Бұдан   сабақты   етіс   пен

ырықсыз   етіс   тұлғалары   арқылы   концептуалдау   түрлі   сипатта   болатынын

аңғаруға   болады.   Ырықсыз   етіс   тұлғасы   етіс   концептінің   мазмұнындағы

белсенсіздік   сипатын   актив   қолданысқа   түсіріп,   морфологиялық   мән

қалыптастырады.   Сол   арқылы   «сөйлемде   бастауыш   қызметінде   жұмсалатын

затқа бағытталған қимыл» мәні түзіледі. Етіс мәндеріндегі белсенділік   және

белсенсіздік   сияқты   жалпыланған   морфологиялық   мәндер   сабақты   және

45


ырықсыз етіс тұлғалары арқылы актив қолданысқа түседі. Әрі қарай қосымша

лингвистикалық факторлардың көмегімен мәндері нақтыланып, қатынас  негізгі

концептінің сипаты түзіледі. Яғни етіс концепті етіс морфологиялық  категориясы

мен оның көрсеткіштері арқылы көрініс табатын концептуалды деңгей бірлігі

болып табылады. Сонымен қатар ол осы категорияға негіз болып, белсенділік

және   белсенсіздік   мәндері   ретінде   көрінеді.   Сабақты   етісті   қалыптасқан

тұжырымдарға сәйкес етістік деп атамай,  етісдеп атауымыздың өзіндік себебі

бар. Себебі сабақты етістің етіске тән мағынасы бар. Сабақты етіс те, басқа

етістер   сияқты,   қатынас   концептін   репрезентациялап,   субъектілі-объектілі

қатынасты   білдіреді.   Сабақты   етіс   тұлғалары   етіс   концептінің   мазмұнында

белсенділік сипатын активтендіреді. Сол арқылы белсенділік морфологиялық

мәні түзіліп, бастауыш қызметіндегі субъект қимылдың иесі екенін білдіреді.

Бұл мән жалпылық сипат алып, субъектінің бастауыш қызметінде, объектінің

толықтауыш қызметінде жұмсалатынын білдіреді. Ол семантикалық, синтаксистік

және   мәнмәтін   факторлары   сияқты   қосымша   лингвистикалық   факторлардың

көмегімен нақтылана түседі. Екіншіден, оның өзіндік көрсеткіштері (-т‚ -қыз‚



-тыр‚ –р) бар. Бүгінгі таңда өзгелік етіс қосымшалары ретінде танылып жүрген

бұл қосымшалар сабақты етіске жалғанған жағдайда ғана өзгелік етіс тудыра

алады. Ал салт етіске жалғанса, ол өзгелік етіс емес, сабақты етіс тудырады.

Мысалы, үйді ағарт, көлікті жүргіз, ағашты сындыр, жерді қаздыр, хабарын



сұрат  т.с.с. Келтірілген етістіктер өзгелік етіс қосымшаларын қабылдағанмен,

өзгелік етіс бола алмайды. Себебі өзгелік етіс болу үшін іс-әрекетті субъектінің

өзі орындамай, басқа біреуге істетуі керек. Яғни сөйлемде тура толықтауышпен

қатар барыс септік тұлғалы жанама толықтауыштың да болуы шарт. Ал бұл

етістіктерде   субъект   іс-әрекетті   өзі   орындап   тұр.   Бұл   етістіктер   өзгелік   етіс

болуы   үшін   оларға   өзгелік   етіс   қосымшалары   үстемелене   жалғануы

керек:ағарттыр   немесе   ағартқыз,   жүргіздір,   сындыртқыз,   қаздырт,

сұраттыр т.с.с. Ендеше, сабақты етіс етіске тән өзіндік мағынасы мен арнаулы

көрсеткіштері болуына байланысты етіс категориясынан өз орнын алуы керек

сияқты.   Ал   сабақты   етіс   етіс   ретінде   танылатын   болса,   онымен   оппозиция

құрайтын, яғни тура толықтауышты (объектіні) керек етпейтін салт етіс те осы

категория  шеңберінде  қарастырылуы  қажет. Салт  етісте  белсенді  субъектінің

әрекеті нысанға бағытталмайды. Ол қалып-күйді өзі қабылдайды. Олай болса,

түркітануда   көп   жылдар   бойы   талас   тудырып   жүрген   негізгі   етістің   орнына

салт,   сабақты   етістерді   етіс   қатарында   тануға   әбден   болады.   Салт-сабақты

етістіктердің   бұл   ерекшелігін   ұлттық   тіл   білімі   қалыптаса   бастаған   кезеңде

А.Байтұрсынұлы [10], Қ.Кемеңгерұлы [18], Қ.Жұбанұлы [2] еңбектерінде айқын

көрініс тапқан. Ғалымдар етіс категориясының табиғатын терең түсінгендіктен,

салт,   сабақты   етістікті   етіс   категориясына   қатысты   сөз   етеді.   Алайда

ғалымдардың   репрессиялануына   байланысты   еңбектеріне   тыйым   салынған

кезеңнен,   яғни   1939   бастап   салт,   сабақты   етістер   оқулықтар   мен

грамматикаларда етіс қатарынан ығыстырылды.  Өздік етісте  қимыл іс-әрекет

орындаушысына (иесіне), субъектіге қарай бағытталып, сабақты етістікке-ын/-



ін  қосымшасы қосылып жасалады:  ки — ки-ін-ді, көр  (дәрігерге) —  көр-ін-ді,

46


шеш — шеш-ін-ді, тара – тара-н-ды, сұра -сұра-н-ды, сүрт — сүрт-ін-ді  т.б.

Осы   мысалдан   көрінетіндей,   біріншіден,   қимыл,   іс-әрекет   іс   иесі   субъектіге

қарай бағытталады, сөйтіп, субъекті әрі тура объекті мәнінде қызмет атқарады.

Ол   өзіне   өзі   субъекті   әрі   тура   объекті   мәнінде   қызмет   атқарады   [16,   509].



Ырықсыз етіс деп қимыл, іс-әрекеттің өздігінен орындалатын мән үстеп, қимыл,

іс-әрекеттің   тура   объектісі   оның  грамматикалық   бастауышы   болу   қызметін

атқарып,   тек   сабақты   етістіктерден  -ыл/   -іл  қосымшасы,   түбір   құрамында-л

дыбысы болса,  -ын/-ін  қосымшасы арқылы жасалатын етістің түрін атаймыз

[16, 509]. Ырықсыз етіс баяндауыш қызметінде жұмсалған сөйлемде қимыл иесі

айтылмайды,   яғни   ол   сөйлемде   қимыл   иесінің   кім   екені   белгісіз   болады.

Бастауыш   қызметінде   жұмсалған   қимыл   иесі   өзі   қимыл-әрекет   істемейді,

керісінше, ол басқа біреудің қимыл-әрекетінің объектісі болады.  Өзгелік етіс

қимыл, іс-әрекеттің тікелей субъектінің өзі арқылы емес, екінші бір субъекті

арқылы   істелінетінін,   іске   асатынын   білдіріп,   сабақты   етістіктен   (кез   келген

етістіктен емес) белгілі бір қосымшалар арқылы жасалатын етіс  категориясының

түрі болып табылады. Демек, өзгелік етісте қимылды, әрекетті іске асырушы

субъекті   бір   емес,   екеу   болады:   бірі   –   іс-әрекетті,   қимылды   орындатушы,

сөйлемде ол грамматикалық бастауыш қызметінде болады, яғни бұл логикалық

субъекті   әрі   грамматикалық   субъекті   болады,   екіншісі,   іс-әрекетті,   қимылды

тікелей орындаушы субъекті (агенс). Ол сөйлемде берілмеуі де мүмкін, берілсе,

барыс септік тұлғасында тұрып, ол сөз сөйлемде жанама толықтауыш қызметін

атқарады. Бұл – бір. Екіншіден, өзгелік етіс тек сабақты етістікпен жасалады,

сабақты   етістікке   өзгелік   етіс   қосымшасы   үстелгенде,   ол   баяндауыш   болып

тұрған   сөйлемде   тек   іс-әрекет,  қимылды   тікелей   атқарушы   барыс   септіктегі

екінші субъект (агенс) қана пайда болады, [16, 510]. Өзгелік етісті схема түрінде

былайша беруге болады:

O

S

2



S

1

Яғни   мұнда   іс-әрекетке   екі   субъект   те   қатысады:   оның   бірі   –   тура



толықтауыш тұлғалы субъект, екіншісі – барыс септіктегі жанама толықтауыш

тұлғалы субъект. Бірінші субъект (S

1

) екінші субъектінің (S



2

) істі орындауына

түрткі болады, қозғау салады. Мысалы: Астыма жорғамінгізді. Үстіме торқа

кигізді, Оқытып білім білгізді, Қызық дәурен сүргізді. Ақ тұйғын беріп қолыма,

Көлінен аққу ілгізді. Бай мен ханның баласы Бәрімен бірге жүргізді (Бақтыбай

ақын,   Жел   қобыз).   Мұнда   қимыл-әрекетке   қатысушылар   өзара   тәуелді,

бағынышты   деңгейде   болады.   Ол   бағыныштылық   әлеуметтік   немесе   жас

ерекшелігіне байланысты болуы да мүмкін [16]. Ортақ етіс қимыл, іс-әрекеттің

47


бір емес, бірнеше субъекті арқылы іске асатынын білдіріп, -ыс/-іс қосымшасы

арқылы   жасалады.   Біріншіден,   ортақ   етісті   қимыл,   іс-әрекеттің   субъектілері

қимылға ортақтығы бірдей де, бірдей емес  те болуы мүмкін (субъект көптік

тұлғадағы   бір   зат   атауы,   немесе   бірыңғай   бастауыштар   немесе   біреуі

грамматикалық   субъект   те,   екіншісі   грамматикалық   жанама   объекті   болуы

мүмкін   т.б.,   екіншіден,   ортақ   етіс   қосымшалары   салт   етістікке   де,   сабақты

етістікке де жалғанып, ортақ етіс жасай береді:  олар хат жаз-ыс-ып тұрады

[16, 511]. Ортақ етісті схема түрінде былайша беруге болады. Мұнда іс-әрекетке

қатысушы   субъектілер   өзара   тең   дәрежеде   (қызметі,   лауазымы,   жасы   т.с.с.)

болуы мүмкін немесе жасы үлкен адам іш тарту, жақын тарту мақсатымен ортақ

етіс қосымшаларын мақсатты түрде қолдануы мүмкін. 

48


2 Етістің және функционалды грамматика ұғымдарының

ұштасуының негіздемесі.

2.1 Ортақ етістің жақтылық категориямен арақатынасы.

Қазақ  тілінде   жазылған  еңбектердің   ішінде   етіс  туралы   алғаш  айтылған

пікірді   Ахмет   Байтұрсыновтың   «Тіл-құрал»   оқулығынан   табамыз.

А.Байтұрсынов етістіктің етіс түріне ереже бермей, бірден «Етістікте он түрлі

етіс бар»,-дей келе, оның сабақты етіс, салт етіс, ортақ етіс, өздік етіс, өзгелік

етіс, беделді етіс, ырықсыз етіс, шығыс етіс, дүркінді етіс, өсіңкі етіс - деген

түрлері барын келтіреді. Етіс түрлері ішінде салт етіс пен сабақты етісті етістің

түрлері   қатарында   атайды.   Салт   етістік   пен   сабақты   етістікті   етіс

категориясымен бірге қарау, бұдан кейінгі жылдары шыққан мектепке арналған

оқулықтар мен жоғары оқу орнына арналған грамматикаларда да орын алып

келді.  Етіс   категориясын   ғылыми   тұрғыда   лексика-грамматикалық   сипаты

жағынан арнайы зерттеген ғалым профессор А.Қалыбаева (Хасенова). Ғалым

Аққал Қалыбаева етіске берген сипаттамасында етіс категориясының етістікке

қатысы жайында және сабақты етістік пен салт етістіктердің етіс категориясы

мен   байланысы   жөнінде,   етістің   түрлері,   олардың   жасалу   жолдары,   етіс

категориясының   мағынасы   мен   тұлғалық   ерекшеліктеріне   ғылыми   талдау

жасап, «Етіс мәселесін дұрыс шешу үшін, сөйлем мүшесі (баяндауыш) мен сөз

табының   (етістік)   ерекшеліктерін   байланыстыра   салыстырып,   бірінен   бірін

бөлмей тұтас қарау қажет» - деген құнды тұжырым жасайды. Ғалым басқа сөз

таптарының   грамматикалық   категориялары   сияқты   етістікгің   етіс

категориясының қалыптасуы сөйлем мүшелері мен сөз таптарының дамуымен

байланысты   екенін   дұрыс   бағдарлайды.  Өзінің   қалыптасу   дәуірінде   түрлі

заңдылықтарды басынан өткізген етіс категориясының синтаксистік қызметіне

сай   беретін   мағынасы,   өзіне   тән   тұлғалық   ерекшеліктері,   ол   тұлғаларды

жасайтын   қосымшалары   бар.   Етіс   жасайтын   қосымшалар   етістіктің   сабақты

түріне   де,   салт   түріне   де   жалғанып,   етістіктің   етіс   тұлғасын   жасайды.   Салт

етістіктерден қимыл мен қимыл иесі арасындағы қатынастан туып, субьектінің

ішкі   мәнін   түрлендіретін   өзгелік,   ортақ   етіс   түрлері   жасалса,   сабақты

етістіктерден етіс қосымшалары қосылу арқылы барлық етіс түрі жасала береді.

Қазақ   тіліндегі   етіс   қосымшаларының   осындай   бір-бірінен   мағыналық

ерекшеліктерімен қатар, етістіктің басқа қосымшаларынан ажырататын өзіндік

тағы бір ерекшелігі бар. Ол-етіс тудыратын жұрнақтардың етістіктің түбіріне

тікелей жалғанатын болымсыз -ма, -ме, -ба, -бе, -па, -пе жұрнақтарынан бұрын

жалғанатындығы.   Мысалы:   кел-тір-меді,   кел-тір-іл-меді,   кел-тір-т-кіз-беген,

ойла-н-бады, ойла-т-пады, ойлан-дыр-т-қыз-бады, әкел-ін-беді, әкел-т-тір-меді,

өкел-іс-педі т.б. Бұл мысалдардан етіс қосымшаларының тағы бір ерекшелігі

етістіктің негізгі және туынды түбірлеріне тікелей жеке де, және бірінен соң

бірі   үсті-үстіне   жалғана   беретін   қасиеті   бары   көрінеді.   Етістік   етіс

қосымшаларынан   соң   өзінің   басқа   категорияларының   қосымшалары   ретімен

қабылдайды.   Яғни,   етіс   қосымшаларынан   кейін   түбірге   етістіктің   басқа

49


категорияларының   есімше   не   көсемше,   рай,   шақ,   жақ   тұлғаларынның

көрсеткіштері қосылады. Осындай етістіктің ерекше мағыналық құбылуынан,

тұлғалық түрленуінен етістің жасалуы, немесе  субьекті мен обьектінің өзара

қатынасына сай семантикалық және модальдық құбылуынан етіс категориясы

туады.   Сөйтіп,   етіс   жұрнағы   жалғанған   етістік   сөз   етістіктің   грамматикалық

категорияларын   кезегімен   қабылдау  арқылы   түрлене   келе,   сөйлемнің   белгілі

мүшесі баяндауыштың қызметін атқарады.Етіс деп қимылдың объекті субъекті

қатысын   білдіретін   етістіктің   категориясы   аталады.   Етіс   5  түрге  бөлінеді:   1)

негізгі етіс, 2) ортақ етіс 3) өзгелік етіс 4) ырықсыз етіс 5) өздік етіс.

Негізгі етіс. Етістің түрлеріне құбылмай тұрғандағы оларды

салыстырып   тұлғасы   мен   мағынасындағы   айырмашылықты

айқындайтын  етістіктің  түбір  қалпы  негізгі етіс  деп  аталады:



жат, оқы, ойла, әзірле, келіп кет, кіріп шық т.б.

Ортақ   етіс.   Негізгі   етістен  –ыс,   -іс,   -с  жұрнағы   арқылы

жасалып, қимылдың бірнеше субъектіге ортақ екенін білдіретін

етістің түрі ортақ, етіс деп аталады: айт + ыс, - айтыс, кел + іс



–   келіс,   жақ   +   тас   –жақтас   т.б.   Мысалы,   Қазір   олармен

сөйлеспек  (сөйлесу   –   оларға   ортақ   қимыл).  Ол   адамдармен

танысып жүр (танысу - бірнеше адамға ортақ қимыл).

Өзгелік етіс. Негізгі етістен –тыр, / -тір, -дыр, / -дір, -ыр, / -ір,

-т, -қыз, / кіз, -ғыз, гіз жұрнақтары арқылы жасалып, қимылдың

бөгде адам арқылы жасалуын білдіреді: айт + тыр – айттыр,

сөйле + т – сөйлет, жаз +ғыз – жазғыз т.б.

Ырықсыз   етіс.  Негізгі   етістен  –ыл,   )-іл,   -л),   -ын   (-ін,   -н)

жұрнақтары   арқылы  жасалып,  қимылдың  жасаушысы   белгісіз

болып, қимыл өзінен өзі жасалғандай болып көрінуін білдіретін

етістің   түрі   ырықсыз   етіс   деп   аталады:  (орындық)   қой+ыл   –

қойыл(ды), (су) құй + ыл(ды) – құйыл(ды), (киім) іл + ін(ді) –

ілін(ді)   т.б.  Мұнда   орындықты   кім   қоиған,   суды   кім   құйған,

киімді кім ілгені белгісіз.

Өздік   етіс.  Негізгі   етістен  –ын,   -ін,   -н  жұрнағы   арқылы

жасалып, қимылдың субъектінің өзіне жасалатынын білдіретін

етістің түрі өздік етіс деп аталады: жу + ын – жуын, ки + ін –

киін,   тара +  н  –  таран,  сыла  + н  –  сылан   т.б.  Мұнда  жуыну,

киіну   ,тарану,   сылану   қимылын   жасайтын   да,   сол   қимылға

түсетін де –субъекті.

Көркем   шығармада   олай   емес   стильдік   мақсатта     жалпы

халықтың

 

тілдегі



 

қарапайым,

 

тұрпайы


 

және


жергіліктіерекшеліктерін   сипатындағы   сөздердің   бәріде

қолданады.

 Әр   тілден   оның   аясы   кең.   Стилистика

грамматиканы   да   өзінің   зерттеу   объектісі   ете   алады.   Ол

грамматикалық құбылыстарға стильдік талдау жасайды, бірақ

грамматикалық талдау мен стильдік талдау бірдей емес.

50


Морфология сөздердің тұлғалық зерттесе, стилистика ойды

мәнергігі   жеткізу   үшін   морфологиялық   формаларда   қандай

жағдайда қалай қлданатының қарастырады.

Синтаксис   -   сөйлем,   сөйлемнің   құрылысын   зерттейді.   Ал

стилистика   ойды   білдіретін   сөйлеудің   қолданылуына,   айтылу

тәсіліне   қарай   және   сөйлемдегі   сөздердің   орналасу   тәртібін

қарастырады. 

Стилистиканың   объектісі   лексикология   да   болады,   бірақ

стилистика   сөздің   қолдану   заңдылықтарын,   сөздермен   сөз

тіркістерінің   экспрессивті   тұрғыдан   дұрыс   пайданалу

принципін зерттейді. 

Енді Ж. Аймауытовтың шығармаларында жазушы  не үшін

ортақ   етісті   қолданғаның   қарайық   және   жасалу   жолдарына

тоқтайық.   Ш.   Бектуров,   М.   Серғалиева   ортақ   етіске   өз

еңбектерінде   анықтама   береді.   Істі   істеуші   нақты   айтылмай,

біреу   емес,   бірнеше   адам   істегенін   көрсететін   етістікті   ортақ

етіс дейміз. Мысалы: төгісті, алысты санасты, күресті т. б.  

Ортақ етіс етістіктің түбіріне -с, -ыс, -іс жұрнақтары қосылу

арқылы сабақты салт етістіктің екеуінен жасала береді. 

Ортақ етістің мағынасы өзінің субъектісімен бірге келгенде

айқындалады: Мысалы: сен айтыс, айтыс басталды. Сондықтан

ортақ   етістің   жұрнағы   зат   есім   тудыратын   (-ыс,   іс,   -с)

жұрнақтарымен   омонимдес   келетіндігін   де   ескеру   керек  [16-

112].


Шындығында, бұл етістіктен ортақ етіс те, қимыл есімі де -ыс, -іс жұрнағы

арқылы жасалатындықтан жеке тұрғанда дербес мағынасы аңғарылмайды. Оны

тек контексте ажырату мүмкін.

Сондықтан   қимыл   есімі   мен   ортақ   етіс   формасының   өзгешеліктеріне

тоқтала кету орынды болмақ.

– Ортақ етістің грамматикалық мағынасы әрқашан іс иесі екі не одан да көп

екенін   білдіреді.   Ал   қимыл   есімінде   іс   иесінің   санына   қатысты   мағына

болмайды.

– Ортақ етіс формасы рай, көсемше, есімше формасында қолданылады, Қимыл

есімі тек есімдерше тәуелденіп, септеліп қолданылады.

– Ортақ   етіс   формасында   қолданылып   тұрған   сөзді -у қосымшалы   қимыл

есімімен ауыстыруға болмайды. Ал қимыл есімдерінің жұрнағы өзара алмаса

береді.

– Ортақ етіс формасына қимыл есімінің -у, -мақ жұрнағы жалғана береді, ал 



ыс жұрнақты қимыл есіміне бұл жұрнақтар үстемеленіп жалғанбайды.

Ортақ етіс -ыс, -іс, -с жұрнағы арқылы жасалады , істі екі не

одан     да   аса   субъекті   қатысып   жүзеге   асыраттындықты

білдіретін   мән   үстейді   ,   яғни   бірнеше   субъектінің   қатысы

арқылы   жүзеге   асатын     амалды   білдіреді.   Мысалы:   әкеліс,

құшақтас т. б. -Ла +с тұлғаларынан біріккен құранды -лас - лес,

51


-дас   -дес,   -   тас-   тес   -   жұрнағы   арқылы   есімдерден   жасалған

туынды етістіктері де ортақ етіс семантикасын білдіреді.: тату-

лас, сыр-лас, т. б. 

Етістіктің бұл түріне орыс  тілінің возвратный залог взаимно

- возвратного значения деп аталатын түрі сәйкес келеді, олар

сабақты етістіктерден мынадай жолдармен жасалады:

а)   -ся   постфиксі   арқылы   тек   сабақты   етістіктерден:

обняться, целоваться т.б ;

ә)   аналитикалық   тәсіл   арқылы   :   вместе   рисовать   -   сүрет

салысу, помочь сделать- істеу т.б [17-117/]. Отақ етістің негізгі

морфологиялық   көрсеткіші   болып   саналатын   -с   аффиксі

дауыссыз дыбысқа аяқталған түбірлерге -ыс немесе -іс болып

қосылады. Көптеген туынды түбір етістіктерде бұл аффикс - ла

// -ле формантымен ажыратуға келмейтіндей -лас// -лос; -дас//-

дес;   -тас//-тес   болып   күрделене   қосылып   қолданылады:   Мұн-

дас-у   ,   сыр-ла-у   (сыр   айтысу   д-м),   ақыл-   дас-у   ,   тату-лас-у   ,

араз-дас-у т. б. Осы тәрізді етістіктердегі -лас//- лес аффиксі -

ла//   -ле   және   -с   аффикстерінен   құралғанымен   бұл   келтірген

түбірлер   -с   аффиксінсіз,   ақыл-да,   тату-ла   болып   толық

мағыналы дербес сөз есепті айтылмайды.  

Бөліп   қолдануға   келмейтін   бұлөмас   //   -лес-   күрделі

аффиксін қазіргі қазақ тілінде -ла// лк және -с деп жігін ашып

айтуға болатын түбірлермен шатыстыруға болмайды. Өйткені

ымдас,   қалтықтас,   жұлқылас   тәрізді   етістіктер     бұл   арада   -с

-да, және ым-да-с, қалтық-та және   қалтық-та -с, ара-ла және

ара-ла-с тәрізді салыстыра берген  мысалдардан айқын көруге

болады.

Ортақ   етіс   жасайтын   -с   аффиксі   бір   ғана   мін   деген   түбір



етістікке   -гес   болып   қалыптасқан   түрінде   қосылып

қолданылады.

-с, - ыс//іс, аффиксі етістік түбірлерінің бәріне бірдей дерлік

қосылып қолданыла береді. Бірақ бұл аффикспен тұлғаланған

түбірлердің   беретін   мағыналары,   атқаратын   қызметі   әр   келкі

болып   келеді.   Олай   болатын   себебі   бастапқы   түбірлердің

лексикалық   мәнімен,   сондай-ақ   салт   немесе   сабақты   етістік

болуымен де тікілей байланысты. -с, ыс//іс- аффиксі қосылған

сабақты   етістіктердің   басым   көпшілігі   субъектелерге   ортақ

етіске айналаса, салт етістіктен  жасалғандар етістік пен  көп

субъекті   арасын   қиыстырушы   грамматикалық   тұлға   есепті

қолданалады.   Өзгелік   етіс   аффиксі   қосылу   арқылы   салт

етістіктен   сабақты   етістікке   айналған   түбірлерге   де   -ыс//   -іс

аффиксі   үстеліп,   қиын-дір-іс,   отыр-ғыз-ыс   тәрізді   етістіктер

жасайды. 

52


Бірақ   бұл   етістіктерді   субъектілердің   бір   біріне   жалғаса,

жәрдемдесе   істеген     бірлестік   мәнді   іс--   әрекетін   білдіреді.

Сөйтіп,   -е,   -ыс//іс   және   -дас//дес   аффиксті   етістіктерді

мағыналық   өзгешіліктеріне   сәйкес   төмендегіше   топтап

көрсетуге болады:

1)

а) Көптік жалғаулы бастауыш арқылы



ә) бірыңғай бастауыш рақылы.

б) бірі-бастауыш, екіншісі-көмектес не барыс, кейде табыс



септіктегі толықтауыш арқылы.

в) екеуі не  үшеуі,  бәрі т.  б.  осындай  жалпылау сөздердің



бастауыш болып келуі арқылы.

2)  -ыс//-іс   аффиксті   сабақты   етістіктердің   бір   тобы   екі

немесе  бірнеше субъектінің ортақ объекті арқылы іске асатын

бірлестік процесі болып қолданылады: Апар-ыс-у, әкел-іс-у, т.б.

тәрізділерді де осы топқа жатқызуға болады.  -ыс//-іс аффиксі

кез   келген   салт   етістікке   қосыла   бермейді.   Бұл  формант

қосылған   жағдайда   ондай   етістіктер   субъекттінің   көптігін

белдіреді,   бастауыш   пен   баяндауышты   үшінші   жақта   да

көпшеде қиыстырып, сөздерді байланыстырушы жалғау есепті

қызмет   атқарады.   Етіс   аффикстері   күрделі   етістіктің   толық

мағыналы   негізгі   компонентіне   қосылса,

 

бұл   соңғы



фунциясында -ыс//-іс аффиксі көмекші етістікпен де қолданыла

береді. 


3)  -с,   -ыс//-іс   аффиксті   етістіктердің   жоғарыда   санап

өткендегідей   т.б 

мағыналық   және   грамматикалық

айырмашылықтары   бар   екенін   өзгелік   етіс   аффиксі   үстелген

-стыр//-стір   күрделі   аффиксінен   де   байқауға   болады.   Мектеп

директоры   оқушарды   жаңа   оқутушымен   таныстырды   деген

сөйлемдегі  таны-с-тыр  етістігі  мен  ол  келген  қонақтардан  ел

жаңалығын   сұрастырды   дегендегі   сұра-с-ты-у   етістігін

салыстырып   қараңыз.   Екеуі   де   сабақты   етістік   мәнінде

айтылып   тұрған   бұл   сөйлемдердегі   етістіктердің

алғашқысында   ортақ   етіс   толық   өз   мәнінде   айтылып   тұр   .

Соңғы   сөйлемдегі   етістік   (сұрастыр)   ортақ   етістің   ,   бірлесе

жүзеге асырған қимылдың да мағынасында   айтылып тұрған

жоқ. Өйткені мұнда ел жаңалығын сұраған бір ғана субъект.

Мұнда-дүркін-дүркін   ,   елденеше     рет   қайталанған   процесс

беріліп   тұр.   Сұра-с-тыр   тәрізді   ізде-с-   тір   ,   қара-с-   тыр   т.б

етістіктердегі   күрделі   -стыр//-стір   форманты   өздері   қосылған

түбірге   белгілі   вид   мағынасын   (бұл   арада   дүркінділік)   үстеп,

негізінен грамматиқалық қызмет атқарады [18-173-175].

С. Исаев  өз еңбегінде ортақ етістің ерекшелігіне тоқтайды:

"Ортақ   етіс   қимыл,   іс-әрекеттің   бір-емес   бірнеше   субъекті

53


арқылы іске асатының білдіріп, -ыс  -іс  -с   қосымшасы арқылы

жасалады.   Біріншіден,   ортақ   етісті   қимал,   іс-әрекеттің

субъектлері   қималға   ортақтығы   бірдей   де,   бірдей   де   емес

болуы мүмкін  (субъект көптік тұлғадағы бір зат атауы немесе

біріңғай бастуыштар  немесе біреуі грамматикалық субъект те,

екіншісі-грамматикалық   жанама   объекті   болуы   мүмкін.

екіншіден,   ортақ   етіс   қосымшылары   салт   етіске   де,   жасай

береді: олар  хат жазыс - ып  тұрады, қонақтар жайғасып отыр

- ыс -ты, ол бізге үй сал-ыс -ты т. б. 

Сөйтіп,   ортақ   етіс   мағынасы   мен   қосымшылары   етістің

басқа   түрлерінен   сабақтылық   салтылық   сипатқа   бейтарап

болуы   негізінде     де   ерекшеленеді.   Отрақ   етістің   тағы   бір

ерекшелігі   -   қимыл   атауын   білдіруге   бейім   тұрады   да,

кейбіреулері сол арқылы заттық ұғымның пайда болуымен зат

есім болып кеткен: соғыс, айтыс, жүріс, байланыс т. б.

Ортақ етіс пен өзгелік етістің симантикасында мынадай бір

ұқсастық бар: екеу де, іс - әрекеттің бір субъекті емес, бірнеше

субъекті   арқылы   орындалатынын   білдіреді,   бірақ   өзгелік   тек

сабақты       етістіктен   жасалып,   онда   екінші   субъект   -   агенс

міндетті   түрде   болады   да,   ол-   қимыл   іс-әрекетті   тікелей

орындаушы,   ал   ортақ   етісте  бұлар   жоқ.   Сондай-ақ   етіс

қосымшылары бірінің үстіне екіншісі де жалғана береді. Оның

тәртібі: 

өздік етіс +ортақ етіс : желпі -н -іс, көр-ін-іс т.б



ортақ етіс +өзгелік етіс: сөйлес -тір, жина -іс –ір [19-283].

Осының бәріне осындай қортынды жасайық :

Ортақ  етіс  -  қимыл  -әрекеттің  бірнеше  субъектінің  қатысы

арқылы  жүзеге  асатындығын  білдіруі  және  тұлғалық  -  ыс  /

-іс  /-с   жұрнақтары  арқылы  көренеді.  Зерттеу  барысында  Ж.

Аймауыовтың  "Қартқожа"  романынан  алпыс  сегіз  сөйлем

тауып,  сол  сөйлемдердің  ішінен  алпыс  тоғыз  ортақ  етіс

шығарылды.  Оның  арасында  бірнеше  рет  қолданған  және

сөйлемдерде  қайталанып  отырған  ортақ  етіс  бар.  Мысалы,

айтысып,  айтысты  деген  ортақ  етістерді, -  ыс  жұрнақ  арқылы

құралған  романда  жазушы  жеті  рет  қолданады.  Ал  сөйлесті,

сөйлесіп  деген  ортақ  етістерді  он  бес  рет  қайталайды.  Бұл

етістің  формалары  -с  жұрнақ  арқылы  жасалған.  Десті  деген

ортақ етіс - с -жұрнағы бар бес рет қайтаналады, кірісті - төрт

рет    (іс-    жұрнағы  бар).  Сөйлесті  деген  ортақ  етістің

синонимдері  жиі  кездеседі  .  Мысалы,  әңгімелісті,  сырласты.

Айтыс  деген  ортақ  етіс  бірнеше  рет 

 кездесед.  Етіс

мағынасында  бұл  сөз  жектеледі,  септеледі,  рай  түрленеді,  ал

есім  мағынасында   септеледі,  тәуелденеді.  Соғыс  деген  ортақ

54


етіс формасы жиі кездеседі, бұл сөз есім сөз болып қалыптасып

кеткен.  Жазушы  неге  осылай  жиі  ортақ  етістерді  қлданған

деген  сұрақ  туады.  Ортақ  етіс  жазушыға  ойын  жеткізу  үшін

керек  .  Ортақ  етіс  көпшілік  оқиғалар,  көпшілік  мәселелдерді

көрсеткенде  ең  қолайлы,  ұтымды  форма,  тұрақтылық-ыс/іс/с

жұрнақтары арқылы көренеді. 

Ортақ етіс жазушының идеясын жеткізуге қызмет етеді деп

айтуға болады. 

1916  жылғы  ұлт  -азаттық  қозғалысының  басталуы  мен

оның 


1917

 жылы 


февраль 

революциясына 

ұласуы 

,

қазақтардың  ел  ішіндегі  әлеуметтік  күрестерге  аралысуы,



"Алаш орданың" құрылыу мен ақ әскерлерінің большевиктерге

қарсы  күресі,  Октябрь  революциясы  мен  азамат  соғысының

жеңісті  оқиғалары  роман  сюжетіне  негізгі  желі  боп  кіреді.

Шығарма  каһарманы  Қартқожа  да  ,  оның  елі,  жұрты  да  осы

оқиғалар  фонындағы  тартыста  есеіп,  есін  жинап,  ілгері

басады, болашаққа қарайды. 

Автор  кейделер  ортасынан  шыққан  жас  Қартқожаны,  елі

үшін  күйген,  еңбекті  сүйген,  ер  жүректі,  жұртшылық  көсемі  -

жалынды  жастырдың  (автордың  арнау  сөзінен)  қатарынан

көргісі  келеді  .  Оның  халықтық  ойлары  Қартқожа  бейнесі

арқылы  өрібіп  дамиды.  Бұл  "Қартқожаның"  жалпы  қазақ

романның  тарихындағы  маңыза  қоса  тақырыптық  ,  идеялық

жаңалығында көрсетеді [12-10].

Сонымен,  ортақ  етіс  арқылы  жазушы  ойын  ,  шығарманың

идеясын  жеткізу  үшін  қолданып,  ортақ  етіс  бірлікті

қолдайтының топшылауды жақсы көретінін көрсетеді. 

Болашақта  адамдардың  үлкен  істі  атқару  үшін  бір

ауздықты  қолдау  керектігін  автор  мезгейді.  Қорта  айтқанда:

бірлік бар жерде тірлік бар. 

Осы  сөздерді  дәлілдеу  үшін  "Қартқожа"  романнынан

мысалдар  келтіруге  болады:  Біреу   шын  ұрысып  жатыр  екен

деп ойлар [20-26].

Былай  таман  шықан  соң  Қартқожа  шәкіртпен  әңгімеге

кірісті  [20-31].

Құбыла  жағына  келіп  тізіліп  ақсақалдар  да  отырысты  [20-

47].


Шеткері  отырған  жамау,  жаман  тымақтылар  сәлем  берісті

[

20-47].



Оларды  кимелеп,  қамшысын  білеп  ұмырлауы  жігіттер

ақырысты [20-49].

Осы не білуші еді…- десті жұрт [20-50].

Дереу жігіттер алқа -қотан отырысты [20-51].

55


Тіпә-тіпә деп, азан-қазан болып, түкірісті [20-51].

Шу , қара құйрық! Кеткенен келме! -деп тағы шуласты көп

[

20-51].


Енді Нығманды әкел ! Басқаңмен күреспейді [20-61].

Жүген іздесіп атқа жүгірісті [20-66].

Бәрі   де   бір   адамның   баласындай,   біріне-бірі   сүйеніскен,

айқансқан, құшақтасқан [20-67].

Біреу   жылқы   баққанын,   біреу   сасқанын,   біреу   ұялғанын

айтысты [20-69].

Ұмтыл! Шап ! деген жаң-жұң, қарбалас,  жанталас, жүгіріс

[

20-87].



Баратын үйіне ауылдың кісілері жүгірісіп кіріп жатыр  [20-

92].


Дәретсіз   алақанын   топыраққа   соғып,   дембі   қағысты.  [20-

95].


Қартқожа   башқұртпен   әңгімелесіп   жүріп,   оқытатын   бір

орыс тауып алды [20-99].

Қайтарды, патша түскен соң соғыс бола ма? [20-100].

Әжеммен ақылдасам ба, ақылдаспайым ба? [20-105].

Әйтсе де сөйлесейін деп, өшетілге барды [20-108].

Балалар   үйлерінен   жаялығын   ала   келуді  ұйғарысты    [20-

114].

Касен олармен сырласатын  [20-116].



-Бүгін   түні   ар   жаққа   шығып,   жастар   соғысамыз   деп   сөз

байладық [20-117].

Қатқожамен жампайдап, амандасып кетті [20-117].

Айтыс болғалы жатыр- деседі [20-117].

Қазақ   азаматтары   қырдан   қайта   келіп,   қызметке   кірісіпті

[

20-118].



Ақтар қашып келеді… деп гулесті [20-119].

Айғай-ұйғай жүгіріс [20-120].

Жастар жұмысқа кірісіпті [20-122].

Олар бұ күнде ұсталды. Бірақ көп алыстық [20-121].

Қартқожа соларға ілесіп кетті [20-127].

Тұрмыс-күнкөріс тартысы [20-133].

"Нар   жолында   жүк   қалмайды"  десіп,   жолдастары

Қартқожанын жүгін сиістырып таратып алды [20-136].

Жүрісі шабан, митын аяң  [20-136].

Қатын   әуелде  көнбесе  де,   артынан   еркегімен  ақылдасып,

қызып Қартқожаға берді [20-137].

Бір сабынға сөйлесіп, келісе алмады  [20-138].

56


Ал   енді   ортақ   етістің   сөйледегі   қызметіне   тоқтасақ,   бұл

тұлға   сөйлемдерде   бастауыш   ролін   атқаратын   мысалдарды

келтруге болады: 

Атыс болғалы жатыр - деседі [20-117].

Бұл сөйлемде атыс -  бастауыш ролін атқарып отыр, атыс-

бұл есім мағыналы ортақ етіс, - ыс жұрнақ арқылы жасалған. 

-Қайтарады, патша түскен соң, соғыс бола ма? [20-100]. -бұл

сөйлемде   де   соғыс   -   ортақ   етіс,   бастауыш   қызметін   атқарып

тұр.

Ортақ   етіс   романда   көбінесе   баяндауыш   қызметін



атқаратын мысалдар өте көп:

Тұрмыс - күнкөріс тартысы

 

  [20-133] - бұл сөйлемде тартысы



есім   мағыналы   етіс,   бірақ   сөйлемде   баяндауыш   қызметін

атқарып тұр. 

Балалар  үйлерінен   жаялығын   ала   келуді  ұйғарысты

 

   [20-



114] - бұл сөйлемде де ортақ етіс баяндауыш ролінде.

Касен   олармен  сырласатын  [20-116]  -  бұл   сөйлемде   ортақ

етіс сырласатын дара + баяндауыш қызметіде.

Сонымен   романнан   алған   мысалдар   арқылы   осындай

қортынды жасауға болады: 

Ортақ   етіс   «Қартқожа»   романнында   бастауыш,   көбінесе

баяндауыш қызметін атқарып жүреді.

«Қартқожа»   романы-   көркем   шығарма,   мында   жалпы

халықтың   тілдегі   қарапайым,   тұрпайы   және   жергілікті

ерекшеліктерін көреміз.

Ж.   Аймауытов   -   шығарма   тілдің   шебері,     осы   романда

тілінің байлығын, кереметтілігін , көркемділігін көруге болады. 

Ортақ   етіс   -грамматикалық   форма,   ал   грамматикада

стилистиканың   объектісі   деп   үстінде   айтқандай   ортақ   етіс

арқылы   жазушы   ойды   мәнерлі   жеткізу   үшін   қолданғанын

мүмкіншілігіміз келгенше дәлелдедік .

Енді   Ж.   Аймауытовтың   «Ақбілек»   романдағы   ортақ   етіс

тұлғалардың стильдік сипатына тоқтайық. 

Зерттеу барысында жазушының «Ақбілек» романынан жүз

отыз сөйлем тауып, сол сөйлемдердің ішінен жүз елу ортақ етіс

шығарылды.  Арасында   бірнеше   рет   сөйлемдерде   қолданған

ортақ етістер қайталанады.

Мысалы,   ең   жиі   қайталанатын   ортақ   етіс   тұлғалары   -

сөйлесіп,   сөйлесті.   Олар   шығармада   жиырма   төрт   рет

кездеседі. 

Романда   кейіпкерлер   ішкі   монолог,  диалог   арқылы   көп

сөйлеседі.

57


А.   Зейнуллинаның   айтуынша:   Ішкі   монолог   көбіне   үшінші

жақтан,   яғни   әңгімелеуші   тарапынан   баяндалады.   Кейіпкер

ойы   мен   жазушы   сөзі     бір-бірін   толықтырып,   сезімдері   бір

арнаға   түскендей   болады.   Ж.   Аймауытұлы   ішкі   монологты

орнымен ұтымды пайдаланады [13-26].

Тағы жиі кездескен ортақ етіс тұлғасы - айтысқан (он рет

қайталанады), мағынасы жағынан үстеңгі сөзге жақын, тек ол

ішкі   монологта  кездесе,   айтқан   деген   сөз   көбінесе   диалогта,

үнсіз диалогта кездеседі.

Ортақ етіс диалог тәсіліне көмек беріп тұрғандай. Демек ол

көпшілік   оқиғалар   ,   көпшілік   мәселелерді   көрсетуге   лайық

форма. 


А.   Зейнуллинаның   пікірі   бойынша:   «Диалог   тәсілі   арқылы

жазушы шығармаларында кейіпкердің арманы , мақсаты белгі

береді» [13-30].

Соғыс, соғысты деген ортақ етіс тұлғалары жиі кездеседі

(8   рет).   Бұл   сөздердің   қолданғаны   романның   тақырыбымен

байланысты.

С.   Қирабаевтың   айтуынша:   «Ақбілек»   тақырыбы   жағынан

«Қартқожа»   романымен   үндес.   Егер   «Қартқожада»   жазушы

ескі   қоғамдық   құрылыс   жағдайында   теңсіздікте   күн   кешкен

қазақ   кедейінің   Социалистік   революциядан   соң   құлдықтан

құтылып,   азаттық   күрес   жолына   шыққанын   сүретесе,

«Ақбілекте» де осы идеяны жалғастырады. Мұнда феодалдық -

рушылдық   ортада   жікшілдік   тартыстардан   қорлық   көрген

қазақ   қызының   жаңа   шындығын   пайдаланып,   өз   бақытын

табуы тең праволы азамат болуы бейнеленеді [14-10].

Тағы   да   романда   кірісіп,   көрісіп,   ұстасып,   құшақтасып,

сүйісетін   деген   ортақ   етіс   тұлғалары   бірнеше   рет   кездеседі.

Бұл   сөздер   шығарманың   идеясын   ашуға   көмектеседі   деп

айтуға   болады:   алай   -   түлей   қаранғы   қара   күндер   барса

келмеске   біржола   кеткендей,   анау-алыста,   етекте   біржола

қарасы   өшкендей   көренеді.   Ақбілек   бейнеттен   ,   қорлықтан   ,

күнәдан тазарып сонау жетіқат көктегі ғарышқа барып жүрегін

алтын   легенге   салып   тұрғандай,   анадан   жаңадан   туғандай

тазарадыn [20-339].

Қорыта   келгенде   -   бұл   романда  жазушы   қазақ  ауылының

жаңаруын   көрсету   үшін   ортақ   етіс   тұлғаларын   шеберлікпен

қолданады.   Жаңа   ауылдың     өмірі   тек   қана   көпшіліктің

арқасында өзгереді. 

Осыны дәлілдеу үшін мысалдар келтірейік: 

Қашанғы   өзді   -өзіміз  боқтасып  ,  керісіп,  төбелесе  берейік

[

21-155].


58

Тіршілік - деген арпалысып күнелту деген сөз [21-155].

Орыспен де қазақпен де сөйлесе кетем [21-157].

Алыс-жұлыс,   ауыр   күйік,   аттың   соққысымен   Ақбілектің

сілесі қатып, аттан түсіргенде өлген адамша сылқ ете түскен

[

21-159].


Өзге   орыстар   жирен   орысты   мазақтағандай   қарқ-қарқ

күлісті [21-160].

Жасасын   Совет   өкіметі   !   -деп     әр   кімнің   стаканына   бір

шағылыстырды [21-229].

Бұл  айтысты  естіп   отырған   Бекболаттың   кімдікі   дұрыс,

кімдікі теріс екеніне ақылы жете алмады [21-233].

Ертеңінде   шайдан   кейін   ақсақал   қораның   бұрышында

Әлдекей екеуі отырып, бір қыдыру сөйлесті [21-261].

Әйнек алдында бастары түйісе жаздап, шүңкілдесіп екі жас

әйел іс тігеді [21-262].

Емен   бе,   қарағым   ?   -   деп   әуелі   Ақберген  амандасты

 

   [21-



271].

"Құр, жауарым, құр!" - деп атқа енсесін салысты [21-287].

Ағаындары  қуанысқан  болып,   "қайырлы   болсын"  айтысты

[21-287].

Ас ішіп тараған соң , қатындар төрге төсек салуға  кірісті

[21-287].

Жар дегенде Өрік, Ұрқиямен ұстасты [21-294].

Күлян   күнде   еке   үш   серіктесімен   сенекте  қолтықтасып,

сөйлесіп, сұңқылдасып, жүруші еді [21-321].

Енді   ортақ   етіс   тұлғалардың   сөйлемдегі   қызметіне

тоқталайық. 

Зерттеу   барысында   шығарманың   ішенен   ортақ   етіс   тек

қана   бастауыш   пен   баяндауыштың   қызметін   атқарған

сөйлемдер   ғана   кездейспей,   тұрлаусыз   мүшелері   де   болған

сөйлемдер жиі кездесті. 

Мысалы:


Көріп,   мауқын   басқан  соң,   екі   жас   әйел   бірне-бірі  таянасып,

аяқтырын  айқастырып, телмендеп отырып әңгімеге кірісті  [21-

311]  -   бұл   сөйлемде   баяндауыш   -  кірісті  (-іс   жұрнақ   арқылы

жасалған ортақ етіс), ал ортақ етістер пысықтауыш қызметін

атқарады.

Мен қайтып кележатқанда Күлян мен Жаңыл сөйлесіп, күлісіп



келе жатты  [21-320]  - бұл сөйлемде де ортақ етістер  сөйлесіп,

күлісіп, пысықтауыш ролін атқарады(қалай келе жатыр?) 

Біз   соғысқа   барамыз,   сен   қайтесің?  [21-176]  -   бұл   сөйлемде



соғысқа  мекен   пысықтауыш   ролін   атқарады.  Соғыс-   есім   сөз

болып қалыптасып кеткен сөздердің бірі. 

59


Қорыта келгенде «Ақбілек» романының тілі таңқылдырады,

сүйсендіреді,   әсересе   табиғатты   суреттеу   үстінде   қандай

өрнекті бейнелі, көркем сөздер табылған!

Жазушы   өз   ойын   жеткізу   үшін   ортақ   етіс   тұлғаларын

шеберлікпен   қолданады,   өйткені   ортақ   етіс   көпшілік   қатысы

арқылы жүзеге асатын амалды ғана білдіреді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет