Х. В. Бекбосынова функционалды грамматика ұҒымдарымен етістің Ұштасуы (КӨркем шығарма мәтіндер негізінде) 6М020500 Филология магистрі академиялық дәрежесін алу үшін дайындалған магистрлік диссертация



Pdf көрінісі
бет1/6
Дата06.02.2017
өлшемі0,74 Mb.
#3560
  1   2   3   4   5   6

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

Инновациялық Еуразия университеті

Х.В.Бекбосынова

ФУНКЦИОНАЛДЫ ГРАММАТИКА ҰҒЫМДАРЫМЕН ЕТІСТІҢ

ҰШТАСУЫ (КӨРКЕМ ШЫҒАРМА МӘТІНДЕР НЕГІЗІНДЕ)

6М020500 – Филология магистрі

академиялық дәрежесін алу үшін дайындалған

МАГИСТРЛІК ДИССЕРТАЦИЯ

Павлодар – 2015

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

Инновациялық Еуразия университеті

«Қорғауға жіберілді»

«Журналистика және филология»

кафедрасының меңгерушісі,

филол. ғ. д., проф.

________________ А.Р.Бейсембаев

«___»  ________________ 2015__ж

МАГИСТРЛІК ДИССЕРТАЦИЯ

ТАҚЫРЫБЫ: ФУНКЦИОНАЛДЫ ГРАММАТИКА

ҰҒЫМДАРЫМЕН ЕТІСТІҢ  ҰШТАСУЫ (КӨРКЕМ ШЫҒАРМА

МӘТІНДЕР НЕГІЗІНДЕ)



Мамандығы: 6М020500 – Филология

Орындаған ФИЛк(М)-201 тобының 

магистранты__________________ Х.В.Бекбосынова

(қолы)

Ғылыми жетекшісі

филол. ғ. д., профессор________________ Ғ.Е.Имамбаева

(қолы)

Павлодар – 2015 

АҢДАТПА

Бұл   магистрлік   диссертация   етістің   функционалдық   грамматика

ұғымдарымен   ұштасу   ерекшеліктерін   қарастырады.   Магистрлік   жұмыстың

өзектілігі   қазақ   жазушыларының   көркем   шығарма   тіліндегі   етістің

функционалды грамматика ұғымдарымен ұштасуын табу және анықтау болып

табылады. 

Магистрлік   диссертацияның   бірінші   бөлігінде   етіс   категориясының

теориялық   негіздері,   етістің   функционалды   грамматикадағы   орны   және   етіс

категориясының семантикалық-синтаксистік сипаты қарастырылған.

Диссертацияның екінші бөлігі қазақ жазушыларының шығармаларындағы

етіс   тұлғалары   жинақталып,   оның   стильдік   сипатын   көрсетуді   және   етісті

оқытудағы инновациялық технологияларды қолдануын қарастырған. 

  Диссертациялық   зерттеудің   теориялық   маңызы  қазақ   тіл   білімінде

лингодидактикалық   аспектіде   және   ғалымдардың   теориялық   көзқарастарын,   ой-

тұжырымдарын,   ұстанған   бағыттарын   арнайы   зерттеу   сол   ғылым   саласының

қалыптасу, даму тарихын қазіргі тіл білімінің жетістіктері және жаңа салаларымен

сабақтастығын теориялық тұрғыдан пайымдауға жол ашады.

Зерттеуде алынған нәтижелер және зерттеу материалдары оқулықтар мен

оқу құралдарын жасауда, морфология пәні, функционалды грамматика бойынша

лекциялар курсында кеңінен қолдануға болады. Диссертацияның кейбір деректері

мектеп  оқушыларына  арналған   қазақ   тілі  бойынша   оқу-әдістемелік  құралдар

құрастыруға,   арнаулы   курстар   мен   факультативтік   сабақтарға   бағдарлама

жасауға қолдануға болады. 


АННОТАЦИЯ

Данная   магистерская

 диссертация 

рассматривает   особенности

соотносительности   залога   и   понятий   функциональной   грамматики.

Актуальность   магистерской   работы   состоит   в   определении   и   обосновании

соотносительности залога и понятий функциональной грамматики на языковом

материале художественных текстов казахских писателей. 

В первой главе магистерской диссертации рассматривается теоретические

основы   категории   залога,   его   семантико-синтаксические   характеристики   и

место в функциональной грамматике.        

Вторая   глава   магистерской   диссертации   рассматривает   материалы

исследования   языковых единиц, извлеченные методом сплошной выборки из

текстов   художественных   произведений   казахских   писателей,   а   также

раскрывает инновационные технологии при изучении залога. 

Теоретическая значимость диссертационного исследования заключается в

дальнейшей разработке и конкретизации проблем изучения категории залога в

общетеоретическом и лингводидактическом аспектах.  Результаты исследования

могут быть использованы в практических целях при изучении и исследовании

казахского   языка,   отдельные   положения   работы   могут   быть   использованы   в

вузовских курсах по общему и сопоставительному языкознанию, в написании

статей. 


Практическая   значимость  диссертации  состоит   в   возможности

использования ее материалов и результатов в составлении учебников и учебных

пособий   по   морфологии,   функциональной   грамматике,   факультативов   и

спецкурсов по углубленному изучения казахского языка. 



ABSTRACT

  This master thesis examines particular correlation of voice and concepts of

functional grammar. The urgency of the master's work is to determine the justification

of   correlation   and   concepts of functional grammar linguistic material of Kazakh

writers’ art texts.

 

In the first chapter of master’s thesis deals with the theoretical basis of the



categories  of  voice,   the   place     of  voice   category   in   the   functional   grammar   and

semantic and syntactic characteristics of the category of voice .

 The second chapter of the master's work consists of study materials of the

language units extracted by continuous sampling of the texts of artistic works of

Kazakh writers, as well as disclose the innovative technologies in the training of

voice.  


The theoretical significance of the research is to further the development and

concretization of the problems of studying the category of voice in general theoretical

and   linguadidactical  aspects. The results can be used for practical purposes in the

study and research of the Kazakh language, certain provisions of the work can be

used in university courses in general and comparative linguistics, writing articles.

 The   practical   significance   of   the   work   lies   in   the   possibility   of   using   its

materials and results in the preparation of textbooks and manuals on the morphology,

functional grammar, specialized courses and electives in-depth study of the Kazakh

language.


АНЫҚТАМАЛАР

Морфология

сөздердің   морфологиялық   құрылымы   мен   типтері,

морфемалар мен олардың түрлері, сөздердің түрленуі,

олардың   формалары   мен   сөздердің   лексика-

граммтикалық топтары туралы ілім. 

Етіс

тілде қатынас идеясын репрезентациялайтын, 



субъектілі-объектілі қатынасты білдіретін етістіктің 

морфологиялық категориясы.

Етіс категориясы

деп амалдың (істің) субъекті мен объектіге қатысын, 

сондай-ақ, керісінше субъекті мен объектінің амалға 

(іске) қатысын білдіретін формалардың жүйесін 

айтамыз. 

Грамматика

Грамматикалық құрылыстағы тіл бірліктерінің 

функцияларын (қызметін) және олардың 

заңдылықтарын объектетіп зерттейтін грамматика 

түрі.


Функционалды 

грамматика

негізгі объектісі – грамматиканың ішінде «мазмұнын –

тұлға, ұғымнан – үлгіге» сияқты тілдік бірліктерді 

зерттейтін бағыт.

Семантика

сөз

 мағынасын, 



сөз құрамындағы

 

элементтердің



 өзара 

мағыналық қарым-қатынасын, 

сөз

 мағынасы 



түрлерінің даму зандылықтарын зерттейді.

 

Функционалды-



семантикалық өріс

дегеніміз «белгілі бір семантикалық категорияға 

негізделіп, семантикалық қызметінің ортақтығына 

қарай өзара әрекеттес келетін грамматикалық және 

лексика-грамматикалық, сондай-ақ әр түрлі аралас 

(лексика-синтаксистік т.б) тілдік құралдар тобы».



НОРМAТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР

1

Қазақстан   Республикасы   Президентінің   2011  жылғы   29   маусымдағы   №   110



жарлығы «Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011 -

2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы» 

2

Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 11 шілдедегі № 151-1 «Тіл туралы»



Заңы 

МАЗМҰНЫ

Нормативті сілтемелер

Анықтамалар 

Кіріспе


9

1

1.1 



1.2

1.3


Етіс категориясын зерттеудің теориялық негіздері және негізгі 

ұғымдарының анықтамасы

Етістің функционалды грамматикадағы орны.

Етіс категориясының семантикалық-синтаксистік сипаты

Модальділік категориямен етістің ұштасуы

12

12



29

35

2



2.1

2.2


2.3

Етістің функционалды грамматика ұғымдарымен ұштасуының 

негіздемесі

Ортақ етістің жақтылық категориямен арақатынасы

 

Етісті оқытудағы инновациялық технологиялар



 

Етістің функционалды грамматика ұғымдарымен ұштасуы 

бойынша эксперимент

    43


    43

    52


    68

          Қорытынды

70

          Пайдаланылған әдебиеттер тізімі



                                    

72


КІРІСПЕ

Бұл   магистрлік   диссертация   етістің   функционалдық   грамматика

ұғымдарымен ұштасу ерекшеліктерін қарастырады. Қазіргі заман тіл білімі –

дамудың биік шыңына көтеріліп келе жатқан кең салалы, көп тармақты ілім.

Оның   құрамында   әртүрлі   лингвистикалық   бағыттар,   мектептер,   зерттеудің

әртүрлі әдіс-тәсілдері бар. Оның сипатын, бүгінгі күйін басқаларынан бөлініп

алынған жеке бір мектеп, я зерттеудің жеке бір әдіс-тәсілі көрсете алмайды,

оған өресі жетпейді. Сол бағыттарды, мектептерді, әдіс-тәсілдерді бірлікте алып

қараған   жағдайда   ғана   тіл   білімінің   қазіргі   күйін,   сипатын   толық   түсінуге

болады.


Осыған   орай,   жекелеген   ғалымдардың   мұрасын   оқып-үйрену   –   ғылым

үшін, оның болашағы үшін аса маңызды қажеттілік. Лингвистикалық мұраны

зерттеу жалпы тіл білімінде, соның бірі түркі тілдерінде, ғылым туралы ғылым

ретінде әбден орныққан, қалыптасқан дәстүр болып табылады.

Қазақстан Республикасы Президентінің жарлығымен бекітілген, «Тілдерді

қолдану мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасында» белгіленген мақсатқа

қол жеткізу үшін негізгі міндетті шешу ұсынылған болатын. Солардың бірінде:

«Тілдің, ең алдымен мемлекеттік тілдің, елімізде қоғамдық өмірде қызмет ету

аясын кеңейту. Тіл білімінің өзекті мәселелері бойынша зеттеулер жүргізу және

тілді оқу  орындарында  оқыту мен үйрену  әдістемелерінің  сапасын  жақсарту

тілдерді   оқытудың   төлтума   бағдарламалары   тіл   үйрету   мен   оқытудың   жаңа

әдістемелерінің қажеттілігіне мән берілген болатын. 



Зерттеудің өзектілігі: 

Әр сөз табын нақты оқушыларға түсіндіру барысындағы ең қиыны етістік

және тікелей етістікке қатысты етіс категориясы. Грамматикалық  формаларының

көптігі мен мазмұнының байлығы жағынан және қызметтерінің қарымдылығы

мен   сан-салалығы   жағынан   етістіктер   тіліміздегі   сөз   таптарының   жүйесінде

төтенше   орын   алады.   Грамматикалық   категориялар   берілетін   мағынасы

жағынан   үш   түрге   бөлінеді:   обьективті,  субьекті   мен   обьекті   арасындағы

әртүрлі қатынасын білдіретін (жақ, шақ категориясы) қимылдың орындалуын

қарастырады     (етіс,   оның   түрі   және   т.б.).  Етіс   категориясы   субьекті   мен

обьектінің   өзара   әр   түрлі   қатынаста   болуынан,   яғни   бастауыш   пен

толықтауыштың   сөйлемдегі   қатынасынан   пайда   болатын   категория. Етіс

категориясы тіл білімінде аз зерттелген. Оқушылардың тілін дамыту үшін қазақ

тілі сабағында өздері бағдарлама бойынша өтетін қазақ әдебиеті сабақтарында

етіс тұлғаларын жинап, оның стильдік сипатын көрсету.

Басқаша   айтқанда,   шығармалар   арқылы   етісті   қолдану   ерекшеліктерін

зерттеу. Бұл диссертациялық жұмыстың өзекті мәселеге арналғанын білдіреді.



Зерттеу нысаны. Функционалды грамматикадағы етіс теориясы

9


Зерттеу   пәні.  Қазақ   әдебиеттегі   етістің   функционалдық   грамматика

ұғымдарымен ұштасу ерекшеліктерін анықтау. 



Зерттеу   жұмысының   мақсаты.  Етіс   категорияларының   қолданылуын

ғылыми   тұрғыда   зерделеп,     етістің  функционалды   грамматика   ұғымдарымен

ұштасуын қарастыру. 

 Зерттеу міндеттері. 

ұсынылған тақырыптың ғылыми-теориялық негізін айқындау;



етістің функционалды грамматика ұғымдарымен ұштасуын көрсету. 



Зерттеудің   дереккөздері.  5,6   сыныптың   қазақ   әдебиетінің   оқулығы

бойынша  көркем  шығармалардан  етістер   теріліп,  карточкалар  жасалды.   1980

жылы Алматыда «Жазушы» баспасында жарық көрген, жазушының «Ақбілек»,

«Қартқожа» романдағы ортақ етістерді теріп, 200 карточкалар жасалды. 



Диссертациялық   жұмыстың   теориялық   және   әдіснамалық   негіздері.

Жалпы тіл білімі жекелеген тілдерді зерттеудің негізінде дамиды. Сондықтан

жекелеген   тіл   білімі   өкілдерінің   зерттеулері   ұлттық   тіл   ғылымының

тарихындағы теориялық бағыттар мен мектептердің, оның көрнекті өкілдерінің

алатын орны мен рөлін анықтауда ерекше маңызды болып табылады. Қазақ тіл

білімінде ғалымдардың теориялық көзқарастарын, ой-тұжырымдарын, ұстанған

бағыттарын  арнайы зерттеу сол ғылым саласының қалыптасу, даму тарихын

қазіргі   тіл   білімінің   жетістіктері   және   жаңа   салаларымен   сабақтастығын

теориялық   тұрғыдан   пайымдауға   жол   ашады.   Жұмыстың  ғылыми   негіздері

ретінде тіл теориясы бойынша (Бахтин М.М., Бейсембаев А.Р., Маслов М.Ю.,

Дмитрюк Н.В.); жалпы тіл білімі (Соссюр Ф., Гумбольдт В., Балли Ш., Щерба

Л.В.); қазақ тіл білімі (А. Байтұрсынов, С.Аманжолов, А.Қалыбаева, С.Исаев);

қазақ тілін оқыту мәселелері бойынша практикалық және теориялық зерттеулер

(Қ.   Бітібаева,   Р.   Әміренова,   Ж.   Мұсаұлы,   А.   Зейнуллина,   Ғ.   Имамбаева);

лингвокультурология   (Момынова   Б.К.,   Бейсембаева   С.Б.,   Магжан   С.,

Ешимов М.) бағыттары негізге алынды. 



Зерттеу әдістері. Жұмыстың зерттеу әдістеріне тіл білімінде қалыптасқан

бірқатар   ілгерінді   әдіс-тәсілдер   алынды.   Тарихи-салыстырмалы,   бақылау,

жинақтау,   сипаттау,   индуктивті-салғастырмалы,   дедуктивтік   салғастырмалы

әдістер де қолданылды. 

Зерттеуде алынған нәтижелер және зерттеу материалдары оқулықтар мен

оқу   құралдарын   жасауда,   морфология   пәні,   функционалды   грамматика

бойынша   лекциялар   курсында   кеңінен   қолданылады.   Жұмыстың   кейбір

деректері ғалымның еңбектері туралы энциклопедияларда, қазақ тілі бойынша

анықтағыштарда қолданылады.

10


Зерттеудің ғылыми жаңалығы. 

Көркем  шығарма  тіліндегі   етістің  функционалды   грамматика  ұғымдарымен

ұштасуын табу және анықтау

Қорғауға ұсынылатын тұжырымдар.  Диссертациялық жұмысты қорғау

төмендегідей тұжырымдар ұсынылып отыр:

– Көркем   шығарма   тілінде   етістің  функционалды   грамматика   ұғымдарымен

ұштасуы арқылы туынды мазмұнын ашуда өзіндік рөлі анықталады. 

– Жақтылық пен модальділік категорияларымен байланысы бар.

Зертеудің   теориялық   және   практикалық   мәні.  Зерттеу   нәтижелерін

мектептерде   факультатив   сабақтарыда,   арнайы   курс,   қазақ   тілі   мен   әдебиет

сабақтарында,   қазақ   әдебиетін   тереңдетіп   оқыту   сыныптарында,   лицей,

колледж,   жас   ғалымдарға   немесе   филология   факультетіндегі   қазақ   бөлімі

студенттері   үшін   курстар   мен   семинарлар   жүргізуге   қосымша   оқу   құралы

ретінде пайдалануға болады.



Зерттеу   жұмысының   жариялануы.  Диссертациялық   жұмыстың

нәтижелері қала мектептерінің қазақ тілі мен әдебиет мұғалімдеріне, сонымен

қатар қала мектептерінің өзге ұлт өкілдерінің басқа да пән мұғалімдеріне оқыту

семинар ретінде ұсынылды. 

– Диссертациялық жұмыс келесідей публикация ретінде жарияланды:

– Функционалды   грамматика:етіс   категориясының   жүзеге   асырылуы.//

«Голоса   молодых»   (опыи   лингвистических   исследований).   –   Павлодар

қ.,2014 ж. – 33-37 б.

– Функционалды   грамматика:етіс   категориясының   жүзеге   асырылуы.//

«Collegy.ucoz.ru»

 

интернет-журналы.



 

02.12.2014ж.

 

http://


Collegy.ucoz.ru/publ/45-1-0-19648

– Ж.Аймауытовтың шығармаларындағы ортақ етіс тұлғаларының стильдік

сипаты.//«ХҮ Сәтбаев оқулары» атты халықаралық ғылыми конференция. –

Павлодар қ., 2015 ж. – 247-254 б.

– Ж.Аймауытовтың шығармаларындағы ортақ етіс тұлғаларының стильдік

сипаты.//  «Collegy.ucoz.ru»   интернет-журналы.   15.12.2014ж.   http://

Collegy.ucoz.ru/publ/45-1-0-19650

– Функционалды  грамматикадағы  етістің ерекшеліктері  //  «Үздіксіз  білім

берудің   өзекті   мәселелері»   атты   Т.С.Садықовтың   еске   алуға   арналған

халықаралық ғылыми-практикалық конференция. – Павлодар қ.,2015 ж. –

162-166 б.

– Функционалды   грамматикадағы   етістің   ерекшеліктері//   «Collegy.ucoz.ru»

интернет-журналы. 27.11.2014ж. http:// Collegy.ucoz.ru/publ/45-1-0-19647

11


– Етіс   категориясының   қолдану   аясы//   «Голоса   молодых»  (опыи

лингвистических исследований). – Павлодар қ., 2015 ж. – 40-44 б. 

– Етіс   категориясының   қолданыс   аясы.//  «Collegy.ucoz.ru»   интернет-

журналы. 11.03.2015ж. http:// Collegy.ucoz.ru/publ/45-1-0-19649.



Зерттеу   жұмысының   құрылымы.  Жұмыс   кіріспеден,   екі   тараудан,

қорытындыдан тұрады. Соңында пайдаланылған әдебиеттер тізімі берілген. 

12


1 Етіс категориясын зерттеудің теориялық негіздері және негізгі

 ұғымдардың анықтамасы

1.1Етістің функционалды грамматикадағы орны

Қазақ   тілі   қазіргі   кезде   он   миллионан   астам   халықтың

қарым-қатынас   тілі   болып   отыр.   Ұлан   ғасыр   ата   мекеніміз

қандай  кең  болса,  жеріміз де,  пейіліміз де,  сондай  бай. Тіл  –

табиғаттың адамға берген сыйы. Тілсіз қоғам болмақ емес, тіл

тағдыры   –   ел   тағдыры.   Ұлтымыздың   бүгінгі,   ертеңі   ана

тіліміздің   дамуына   байланысты.   Яғни   әдемі   сөйлеу,   қатесіз

жазу, тілді білудің бастамасы. Бүгінгі ұстаздардың алдындаға

басты   проблемасы   осы.   «Қазақтың   тағдыры,   келешегі,   ел

болуы да мектебінің қандай негізінде болуына барып тіреледі»,

- деп атақты ақын педагог М. Жұмабаев айтқан.

  Қазақстан

Республикасының   жаңа   «Білім   туралы»   Заңына   мемлекеттік

саясат негізінде ең алғашқы рет «Әр баланың жеке қабілетіне

қарай   интеллектуалдық   даму,   жеке   адамның   дарындылығын

дамыту» сияқты өзекті мәселелер еңгізіліп отыр.

Дарынды   да   талапты   жастар   –   бүгінгі   егеменді   елеміздің

жарқын болашағы. Осыған орай, елбасы Н.Ә. Назарбаев: «Бізге

керегі   –   шын   дарындылар.   Нарқы   қол   –   аяғымызды   қалай

қыспасын   мемлекет   өзінің   талантты   ұлдары   мен   қыздарын,

тарланбоз   жүйріктерін   қолдауға,   қорғауға   міндетті»,   -   деп

жеткіншектер болашағына үлкен мән берген. Ондай оқушыны

тек қана тіл арқылы өсіруге болады.

Тіл   білу   ұлтаралық   қарым-қатынасты,   мәдениетті

жақсартады.   әрбір   халықтың   жылдар   бойы   жасаған

мәдениетінің, оның озық үлгілерін таныту арқылы баланы сол

уақытқа   құрметтеп   қарауға   тәрбиелеумен   бірге,   оның   тілге

деген сүйіспеншілік сезімін оятады. «Тіл туралы» Заңға сәйкес

республикада   мемлекеттік   тіл-қазақ   тілін   дамыту,   қоғамдық

ортада оның әлеуметтік қолдану аясын кеңейту, республикада

тұратын түрлі ұлттардың қарым-қатынас құралына айналдыру

мақсатында көптеген маңызды істер жүзеге асырылды. Соның

бірі – ұлт мектептерінде қазақ тілін оқыту заңды жүйеге көшті.

Ана тілі  білімнің кілті дегендей ана сүтімен бойымызға дарыған

13


қазақ  тілінің   құдіреттілігі-оның   орындылығында,   өрлігінде,

орасан зор байлығында. Тіл тазалығы барлық уақытта керек.

Бағымызға   қарай   тілді   үйрену,   өмірлік  қажеттіліктің   ақ   жолы

қазақ   тілі   үшін   енді   басталды.  Қазақстан   Республикасында

мемлекеттік   тіл-қазақ   тілін   білу-   әрбір   азаматтың   міндеті.

«Өнер   алды   –   қызыл   тіл»,   -   дейді   халқымыз   сол   өнердің   де,

білімнің   де   алды   адамдар   қарым-қатынасында,   басты   құралы

тілде   талай-татлай   қызық   бар.   Пайымдап   қарасақ,   ана

тіліміздің   сөздік   қоры   мол,   оралымызды   екенін   көреміз.

Тіліміздің   сан   алуан   сырын,   қызық   құбылысын   оқушыларға

грамматиканы оқып үйрету арқылы меңгере аламыз. Ал қазақ

тілінің грамматикасы екі үлкен саласыдан тұрады: морфология

сөздің   құрамын,   сөз   тұлғасы   ерекшіліктері,   мен   сөз   табы

қасиеттерін   зерттесе,   синтаксис   сөздердің   байланысу

заңдылықтарын,   сөз   тіркесі   және   сөйлем   синтаксисін

қарастырады.

Адам санасында түйінделген ұғымдар сөзбен белгіленгенімен,  органикалық

бірлікте   емес.   Сол   себептен   әр   халықтың   тілі   әр   басқа.   Әр   тіл   өзінің   ішкі

дамуына   сәйкес   әр   алуан   өзгеріске   түсіп,   тілдің   грамматикалық   құрылысы

қалыптасады.   Сөз   және   сөздің   грамматикалық   құрылымы   туралы   анықтама

беру   үшін,   басқа   тілдерде   қолданылатын   кейбір   грамматикалық   терминдерді

қолданбас бұрын, тілдік материал негізінде анықтап алу қажет.

Қорыта келе айтарымыз, Әр халықтың тілі басқа, тіл ішкі дамуға сәйкес

өзгеріске   түсіп,   грамматикалық   мағынасы   қалыптасады.   Ал   грамматикалық

мағынаны   түсіну   үшін   оның   зерттелуіне   келесі   жолдарда   қысқаша   тоқтала

кетеміз. 

Сөздердің грамматикалық құрылымын қарастырмас бұрын, «сөз» дегеніміз

не   және   ол   қандай   тұлғаларға   бөлінеді   деген   мәселеге   тоқталады.   Сөзге

анықтама берудің әртүрлілігі қай ғалымның қандай тілді зерттеп, қай тұрғыдан

айтқан   пікіріне   байланысты   әртүрлі   болып   келе   береді.   Сол   сияқты   түркі

тілдерін зерттеуші мамандар тарапынан сөзге берілген анықтамалар ішінде де

айырмашылықтар кездесіп отырады. Оған Н.А.Баскаков (1963), Э.В. Севортян

(1971)   берген   анықтамаларды,   сондай-ақ   белгілі   қазақ   ғалымы   Н.Сауранбаев

дәлелдемелерін келтіруге болады. Тілші-ғалым Ы. Мамановтың сөз, морфема

туралы пікірі жоғарыда айтылған анықтамалардан басқаша. «Қазіргі қазақ тілі»

еңбегі мен «Сөз, морфема, қосымша туралы түсінік» атты мақаласында түбір

сөз   бен   түбір   морфеманың   өзіндік   айырмашылықтарын   ғылыми   негізде

сипаттап көрсетеді [1, 18-20], [2, 6-8].

Белгілі лингвист ғалымдардың «морфема тілде дербес  қолданылмайтын,

тек сөз  құрамында  қолданылатын  сөз бөлігі» дейтін анықтаманың  флективті

тілдерге бірдей ортақ қағида екендігіне назар аударады.

14


Орыс   тілі   –   флектив   (жүйелі)   тіл,   ал   қазақ   тілі   –   аглютинативтік

(жалғамалы) тіл. Орыс тілінің сөздік құрамына енетін атауыш сөздер лексика-

грамматикалық формалар (словоформа), яғни орыс тіліндегі сөздер түбір сөз

және сөздің грамматикалық формалары деп екі топқа бөлінбейді. Ы.Е.Мамановтың

көрсетуінше,   қазақ   тіліндегі   негізгі   түбір   сөздерді,   орыс   тілінің   үлгісімен

механикалық түрде,  морфемаға  жатқызу дұрыс емес.  Орыс тілінде түбір сөз

(корень) дербес сөз емес, ол – «сөз мұқылы» ғана. Орыс тілінде сөз бөлшектеріне

бөлінбейтін мужской род формасындағы зат есімдер ғана. Олар грамматикалық

формалармен түрленгенде, қазақ тіліндегі түбір сөздер тәрізді өзінің бастапқы

қалпын   сақтайды.   Бірақ   бұлар   зат   есімнің   мужской   родын   білдіретін

грамматикалық   форма   болып   саналады.   Ал,   қазақ   тіліндегі   түбір   сөздер

грамматикалық   форма   емес,   олар   сөз   таптарының   форма   тудырушы

қосымшаларымен түрленгенде ғана грамматикалық формаға енеді [1, 8] . 

Грамматикалық   құбылыстар   жөнінде   пікір   алалығы   түркі   тілдерін

зерттеушілер  арасында  жиі  кездеседі.  Осымен  байланысты   форма тудырушы

қосымшалар   мен   жалғауларға   берілген   түсініктемелер   әлі   де   жеткіліксіз   бе

деген   ойға   саяды.   Сөйтіп,   қазақ   тіліндегі   қосымшаларды   тілдік   материалға

сәйкес,   тілдің   аглютинативті   табиғатына   сүйенген   ғалым   Ы.Е.Маманов   сөз

тудырушы және форма тудырушы деп екі топқа бөліп қарау арқылы ғана сөздің

морфологиялық   құрылымын   лингвистикалық   тұрғыдан   дұрыс   тануға   болады

деп есептейді. 

Қазақ   тілі   аглютинативті   тілдер   тобына   жатады.   Сонымен   байланысты

сөзжасам және сөзтүрленім қызметін көбінесе қосымшалар атқарады. Қосымша

термині алғашқы грамматикаларда «приставка», «послелог», «частица» делініп

түрліше аталды. «Қосымша» терминін алғаш қазақ тіліне енгізген белгілі ғалым

А.Байтұрсынұлы   жалғанған   сөзінің   тұлғасын   ғана   өзгертіп,   мағынасын

өзгертпейтіндерді – жұрнақ деп атаған. Қ.Жұбанов болса, жұрнақ терминінің

орнына «үстеу» терминін қолдануды ұсынған. Ал Ы.Е.Маманов қосымшаларды, ең

алдымен, не сөз жасайтын қосымшалар не форма ғана жасайтын қосымшалар

деп жіктеу қажет деген концептуалды пікір ұсынады. Кейін Ы.Мамановтың осы

концепциясын   дамытқан   ғалым   С.Исаев   қосымшаларды   осы   негізде   бөліп

көрсеткен.   Ғалым   еңбегінде   қосымшаларды   осы   үлгіде   жіктеуде   өзгешелік

кездеседі.   Ол   сөзжасам   қосымшаларының   бір   тармағы   етіп   –   функциялық

қосымшалар деген бөлікті қосады. Бұл қосымшалар - -дай, -дей, -ша, -ше, -сыз,



-сіз, -ғы, -гі  қосымшалары. Ғалым бұл қосымшаларды жаңа сөз де  тудырмайтын,

форма да тудырмайтын, контексте ғана өмір сүретін сөзжасам  қосымшаларының

ерекше қолданысы деп атайды [5, 226]. 

Қазақ тіл білімінде жоғарыда аталған қосымшалар Ә. Болғанбаев, Ә.Төлеуов,

Ибатов, Ғ.Қалиев, М.Томанов, А.Ысқақов т.б. ғалымдар еңбектерінде сөзжасамдық

қырынан біржақты ғана қарастырылған.

Бұл   аффикстердің   форма   тудыру   қызметін   ашып   айтпағанмен,   өзіндік

ерекшелігіне баса назар аударған Ғ.Мұсабаев пен Н.Оралбаева болды. 

Бәрімізге мәлім: ең қиыны морфология саласында етістік бөлімін меңгеру.

Соның ішінде етіктіктің етіс категориясын оқыту. Белгілі қазақ зерттеуші Аққал

15


Қалыбаева   –   Хасенова   өз   еңбектерінде   осы   туралы   мынадай   пікір   айтқан:

«Етістік деген тұтас ұғыммен оның түбірін айырып, ғылыми тұрғыдан шегін

анықтап,   дәлелдеп,   жүйелі   түрде   көрсету   үстінде   бұлардан   басқа   да   толып

жатқан ерекшеліктер мен қиыншылықтар, даулы мәселелер мен қайшылықтар

кездеседі. Соның бірі етістіктің етіс категориясы. Бұл категория жөнінде қазақ,

қарақалпақ, башқұрт, өзбек, түркімен, азербайжан, қырғыз т.б. түрік тілдерінде

арнайы   зерттеліп   жеке   еңбектер,   мақалалар   жарияланып,   тюркологтар   бас

қосып, айтыс, жиналыстар өткізіп, белгілі топшылаулармен ғылыми қорытындылар

жасап, әрі қарай зерттеуді керек ететін даулы мәселердің бетін ашып салды». /3-

6/

Етіс категориясының зерттелуіндегі осындай жетістіктерге қарамай, қазақ



тілі  грамматикасында   бұл  мәселе  күңгірт қалып  өз   орнын  ала   алмай   келеді.

Қазіргі кезде мектепте тіл оқыту барысында да етістіктің етіс категориясына

көп көңіл бөлінбейді. А.Хасенова айтқандай: «Ең алдымен етіс категориясының

бөлінуі, сөз жасау және сөздерді түрлендіру категорияларына қатысы, сабақты

және   салт   етістіктер   мен   ауыстүйгесі,   етістіктердің   басқа   грамматикалық

категориясымен байланысы, сондай-ақ, лексика мен грамматиканы, морфологиямен

синтаксисті жақындастырудағы рөлі». Орта мектептерде қазақ тілін жүргізетін

ұстаздар   етіс   категориясы   туралы   көптеген   сұрақтар   қойып   жүреді,   өйткені

мектеп   грамматикасында,   жоғары   оқу   орнындарына   арналған   құралдарда   да

ғылыми тұрғыдан жеткілікті мағлұмат аз [3].

Р. Сыздыкова етіс категориясының тарихын зерттеп айтса,

өз   кітабында   етіс   туралы   мынадай   мағлұмат   береді:

«Қимылдың   объекті   мен   субъектіге   қатысын   білдіретін

етістіктің түрін етіс дейміз» [4]. 

А.   С.   Аманжолов   орыс   тілінде   жазған   «Глагольное

управление   в   языке   древнетюрских   памятников»   деген

еңбегінде   етіс   туралы   осылай   жазған:   «Өзара   бірлескен   етіс

аффикспен   бірліскен   қимыл,   екі   немесе   бірнеше   субъектік

қосылған   қимылы   (көпше   түрге   сәйкес   келеді)   айтылса   тура

ауыспалы етістіктің тура толықтауышпен меңгеруі өзгермейді

(форма жасауы) мысалы: үлэ «бөлу» - үләш -үлэс-бірге болу ,

бөлісу (салыстыру қазақша үлес бөлу, тарату) Сөзлэ - сөйлеу,

айту   -   сөзлэш-   «бірнемені»   бірлесіп   айту,   яғни   таллқылау,

«кэс»-   кесу   ,   аралау   -кәсім-   кесуге   көмектесу   немесе   кесуде

жарысу,   тут-   ұстау,   тұту,   ұстап   алу   -   тутум   -   бірге   ұстау   ,

бірлесіп   ұстау,   ұстауға   көмек   көрсету   және   т.б.   Руникалық

мәтін   тілінде   өзіне   назар   аударылатың   ауыспалы   етістік

йоққыш   жою,   құрту,   ол   йоқ   «жоқ»   атауынан-қыш   форманта

арқылы   жасалған,   онда   –қ   тарихи   етістіктің   интенсивтік

аффиксі болып табылады, ал -ыш- аффиксі өзара бірлескен етіс

16


аффиксі.   Жалпы   йоққыш   етістігі   интенсивтік  жинау   қимылын

білдіреді.(құрту, жою) және тура объектіні меңгереді.

Мысалы:   Булмыш   түші-н   тәң   үлхүр   біз.  (USP-28)  Одан   (сол

жерден)   алынған   тән   бөлшектерге   бөлеміз;   Ол   маңа     йығач

кәсіліді   (МК2,   110,   үзб.   бас)   Ол   маған   ағашты   кесуге

көмектесті, ол мана кэйік тутушды (МК-2, 94 үзб. бас), ол маған

аңды   ұстауға   көмектесті.   Ортақ   етіс   аффиксімен   бір-бірімен

бірлескен  қимыл,   екі   немесе   субъектерледің   қосылған   қимылы

айтылады.   Бірлескен   қимылдың   екінші   субъекті   жиі

грамматиқалық   жалама   септікпен  көрсетеледі(аты   көмектес,

барыс   септіктірде   немесе   бірлэ   деген   шылаумен)   Сонымен

бірге   ортақ   етіс   аффиксі   тура   ауыспалы   етістікті   жалама

ауыспалы етістікке айналдырып жібереді: соқ-соғу , ұру>соқуш

«қағысу, біреумен кездесу , біреумен кездесіп қалу» Мысалы:

Утру   әкі   айлығ   кіші   оғлы-   н-соқушмыш  (ТҺS,2)  Ол   екіайлық

баламен кездесіп қалды; Бай эр қоны үркүрэт   бармыш бөрікэ

сооқушмыш (ThS,40), Байдың қойы, үркіп, қашты да қасқырмен

кездесіп қалды;

Егер бірлескен қимыл субъектілері логика арқылы бір біріне

тура   объекті   болса,   бірақ   грамматикалық   бұл   көрсетілмесе,

онда ортақ етіс тура ауыспалы етістікпен ауыспалы емес өзара

ортақ   өздік   етістік   ретінде   уғыға   болады,   мысалы;   көр-

көру>көруш   -   өзара   көрісу,   кездесу.   Мысалы;   олар   іккі

тутушдылар   (МК-2,94узб.басыл.),   ол   екеуі   бір-бірімен   ұстасып

қалды.

М.   Кашгарский   сөздігінде   ортақ   етіс   аффиксі   қимыл



етістігінде бірлескен,   қос қимыл күй етістігі -бастау, біртелігі,

интенсификациясы   және   т.б.   орта   бірліскен   (медиалдық)

мазмұнын   білдіріп   ауыспалы   емес   етістікке   қосыла   алады.

Мысалы:   тэз-«жүгіру»>тэзім   –«бірге   жүгіру»,   қачө   «қашу»

қағыш   –   «бір-бірінен   қашу»,   бар-   «кету,   жүру»   барыш»   бару,

біреу-біреуге   бару;   жүріге   көмектесу   немесе   жарысу»,   сүчі-

«тәтті   болу»   сүчүш-   «тәттіге   айналу»   (МК-2,   107,   98,   100,   92

үзб. бас. қара) [5].

Тіл   білімінің   атасы   А.   Байтұрсыновтың   «Тіл   тағылымы»

деген   еңбегінен   қарасақ,   етістікте   10   түрлі   етіс   бар   деп

17


жазады.   Олар:   сабақты,   салт,   ортақ,   өздік,   өзгелік,   беделді,

ырықсыз, шығыс, дүркінді, өсіңкі етістер. Ортақ етіске ғалым

осындай   анықтама   береді:   «Ортақ   етіс   дейміз   –   іс   жеке

істелмесе,   мәселен,   бала   жарысты,   жау   соғысты,   балуан

күресті. Бала жалғыз жарысуға болмайды, біреумен жарысады,

жау өзімен өзі соғыспайды, біреумен соғысады; балуан өзімен-

өзі күреспейді, біреумен күреседі».

Осындай


 

жеке


істелмейтін   екі   жақтан   істейтін   істерді   көрсететін   сөздерді

ортақ   етіс   дейіміз  [6].   Академиялық   грамматикада   етіс

категориясы   осылай   көрсетіледі:   «Мектеп   оқулықтары   мен

арнаулы курстарда негізінен 4 түрге бөлініп баяндалып келген

бұл   категория   арнаулы   зерттеушілер   еңбегінде   5-ке   бөлініп

тұр.   Мұның   өзі   соңғы   жылдары   дәстүрге   айналып   отыр.

Мағыналық   ерекшеліктері   мен   синтаксистік   қызметіне   және

тұлғалық ерекшеліктеріне негізделіп, қазақ тіліндегі етістерді

де: негізгі етіс, өздік етіс, ырықсыз етіс, ортақ етіс және өзгелік

етіс деп 5-ке бөлуге болады» [7]. 

Бұл   пікірді   А.Ысқақов   та

толық қолдайды: «Етістер жұрнақтарының түрлеріне, олардың

мағыналары   мен   қызметіне   қарай   төмендегідей   5   түрге

бөлінеді: 1) негізгі етіс 2 ) ортақ етіс 3) өзгелік етіс 4) ырықсыз

етіс 5 ) өздік етіс. 

Оның   ойынша,   ортақ   етіс   –   с   (ыс,   -   іс)   жұрнағы   арқылы

негізігі   етіс   формасынан   (етістік   негізінен)   жасалады.   Бұл

жұрнақ   негізгі   етістікке   амалды   (істі)   кем   екі   я   онан   да   аса

субъекті   қатысып   жүзеге   асыратындықты   білдіретін   мән

үстейді,   демек,   бірнеше   субъектінің   қатысы   арқылы   жүзеге

асатын   амалды   білдіреді.   Мысалы:   айтыс,   әкеліс,   ат   салыс,

апарыс, көріс, келіс, қарас, таныс, артыс т.б [8].

М.Ә.Қараев   өз   пікірі   осындай:   «Тілімізде   жылқы   тебісті,

сиыр   сүзісті,   Әбіш   Шәкенмен   сөйлесті   дегендер   дағдылы

құбылыс. Тебісу, сүзісу, сөйлесу қимылдарын екі жақтан бірдей

болғандықты көрсетеді,сондықтан мұндағы қимылдар бір ғана

субъектінің жеке қимылы емес, бірнеше субъектіге тән ортақ

қимыл. 


Бір   ғана   субъекті   тарапынан   істелмей,   бірнеше   субъект

арқылы   ортақ   істелетін,   я   болатын   іс-қимыл   туралы   ұғымды

18


білдіретін   етістіктің   семантикалық   құбылуы   ортақ   етіс   деп

аталады. Ортақ етіс түбір етістікке және есім негізді, кейде етістік

негізді   туынды   етістіктерде   –   с   (-   ыс,   -   іс)  жұрнақтарының

жалғануы   арқылы   жасалады:   көр-көріс,   өр-өріс,   таны-таныс,

сүй-сүйіс, сана- санас, сұра-сұрас т.б.

Ортақ етіс формасындағы сөздердің туынды етістік, етіс я есім

мағыналары

 

ерекше



 

формалармен

 

сараланбайды,



айтылмайды,   олардың   грамматикалық   құбылуынан

(жіктелуінен,   септелуінен   т.б.)   айқындалады:   Бөліс,   жарыс,

егіс,   алыс   дегендер   етістік,   етіс   мағынасында   жіктеледі   де,

шаққа, райға түрленеді. Ал есім мағынасында бұлар септеледі,

тәуелденеді. 

Ортақ   етіс   –   с   (ыс,   -   іс)   жұрнағы   арқылы   негізігі   етіс

формасынан   (етістік   негізінен)   жасалады.   Бұл   жұрнақ   негізгі

етістікке амалды (істі) кем екі я онан да аса субъекті қатысып

жүзеге асыратындықты білдіретін мән үстейді, демек, бірнеше

субъектінің   қатысы   арқылы   жүзеге   асатын   амалды   білдіреді.

Мысалы:   айтыс,   әкеліс,   ат   салыс,   апарыс,   көріс,   келіс,   қарас,

таныс, артыс т.б [8].

Кесте 1 - Етіс категрриясының түрленуі

Етістік


Етіс

Есім


Жарыст

ым 


Жарыст

ың

Жарыст



ы

Жарыстық 

Жарыстыңда

р

Жарысыпты



Жарысқа түсті

Жарысқа 


қатысты

Жарыс басталды

Жарысад

ы

Жарысқа



н 

     


Жарысты

Жарысып 


келеді.

Жарыс бастады

Жарыстың 

нәтижесі


Жарыстан 

қалмайды


Ортақ етіс формасындағы сөздердің кейбіреулері көбінесе,

етіс   сөз   болып   қалыптасып   кеткен.   Мысалы:   сөгіс,   туыс,

жиналыс, отырыс, мәжіліс, жел + іс, ағыс (заманның ағысы) [9].

19


Жоғары   оқу   орындарына   арналған   проф.   С.  Аманжолов

«Қазақ   әдеби   тілі   систаксисінің   қысқаша   курсы»   атты   еңбегі

күні бүгінгі дейін үлкен мәнге ие болған. 

Ғылыми   еңбекте   етістердің   туралы   маңызды   сөз   болады.

Әсіресе   автордың:   «Бұл   жұрнақтар   жалғанған   етістіктер   де

сөйлемдегі өзінен бұрыңғы жалғаулы сөздерді өзіне тартатын

солай болса, басқа сөздермен қарым-қатынасқа түсетін ерекше

қасиеті бар дәнекерлер», - деген ойларына назар аударайық.

Мысалы:   ортақ   етіс   жұрнағы   туралы   айтқанда,   ғалым   оның

негізінде бір түрлі: - л, - ыл, -іл екендігін көрсетеді. Автордың

пікірі бойынша: «Бұлар етістік түбіріне жалғанып, табыс, барыс,

шығыс, жатыс, көмектес жалғауларды керек қылады» - дейді.

Аманжоловтың   айтуынша,   барлық   –   с,  -  ыс,   -   іс   жұрнақтары

жалғанған етістіктің бәрі ортақ етіс бола бермейді.

Мысалы:   «Ат   жемін   жеп   тауысты»   дегенді   «Мен   оның

түйісің қарастым» дегенмен салыстырыңыз. Алдыңғысы ортақ

етіс   бола   алмайды,   түбірі   айқын   емес.   Алдыңғы   «тауысу»

жалпы   айтылған,   белгілі   бір   субъектің   қимылына   дербес

қатысы жоқ. 

Ал,   соңғынікі,   біреудің   істеп   жатқан   ісіне   дербес

қатынасып, істеу бар екенін көрсетеді. Білекке – білек, іске – іс

жалғасады. Міне осындай ғана ортақ қимыл (етіс) дей аламыз.

Қазақ   тіл   білімінің   негізгі   салушы,   белгілі   түркітанушы

С. Аманжоловтың   «Қазақ   әдеби   тілі   синтаксисінің   қысқаша

курсы»     еңбегінде   етіс   категориясына   берген   анықтамасы

тарихта болған басқа зерттеулердің етіс категориясына деген

көзқарастарынан   өзгеше   екендігін   аңғарамыз.   Бұл   туралы

тілші – ғалым А.Қалыбаева «Қазақ тіліндегі етіс категориясы»

деген   еңбегінде   С.  Аманжоловтың   өз   сөзімен   өзгешелікті

келтіріп   жазады:   «Кемі   екі   субъектінің   қимылы   қатыспаған

етістік   етіс   қатарына   қосылмайды   кейбіреулердің   ойында,

жұрнақ   жалғанған   етістік   түбірі   түгелімен   етіс   болатын

сияқты. Бұл нағыз формализм, мағынаны керексіз қылушылық,

-   деп   етісті:   өзгерек,   ырықсыз   және   ортақ   деген   үш   түрге

бөлген» [3].

20


Өз   еңбегінде   С.Аманжолов   ең   алдымен   етістердің

жұрнақтары негізінде  үшеу екенін көрсетеді. Олар: өзгелік етіс

жұрнақтары, ырықсыз етіс  жұрнақтары,  ортақ етіс жұрнақтары.

Сонымен   қатар,   автор   осы   еңбегінде   етіс  жұрнақтарының

әрқайсысына толық мынадай сипаттама береді:

Өзгелік етіс жұрнақтарының өзі үш түрлі:



–қыз, -ғыз, -кіз, -гіз;

–дыр, -дір, -тыр, -тір;



–т;


Ырықсыз етіс жұнақтары. Бұлар екі түрлі:

–л, -ыл, -іл;



–н, -ын, -ін;

Ортақ етіс жұрнағы. Бұл негізінде бір түрлі: -л, -ыл, -іл; [2].



Сонымен,   етіс   категориясының   қазіргі   қазақ   тілінің

грамматикасынан   алатын   орнын   белгілей   отырып,   мынадай

қорытынды   жасауға   болады.   Орыс   ғалымдары  XIX  ғасырдың

екінші жартысынан түрік тілдерін зерттей бастады. Сол кезден

бері жазылған еңбектерде тілдің басқа салаларымен бірге етіс

категориясы   да   сөз   етілді.   Бұл   мәселе   жөнінде   қазақ   тілін

зерттеушілер түрік жүйелі тілдерді тексеруге алғашқы қадам

болған   бұл   ғалымдарды,   олардың  ішінде   «Алтай   тілі

грамматикасының»

 

авторы



 

А.Архангельский

 

және


П.М.Мелиоранский,   тағы   басқалардың   кейбір   пікірлеріне

сүйеніп,   күні   бүгінгі   дейін   пайдаланып   келді.   Бұл   жерде   етіс

категориясын беруде профессор С. Аманжоловтың рөлі ерекше.

Өйткені етіс саласындағы басқа зерттеулерге қарағанда проф.

С.Аманжолов негізінен етістің үш түрін қалыптастырды. Бұлар

осы   күнге   дейін   кеңінен   қолданылуда.   Қазіргі   таңға   дейін

С. Аманжоловтың   қазақ   тілінің   етіс   категориясының   зерттеу

еңбегі   мектеп   оқулықтарында   ғана   емес,   жоғары   оқу

орындарының оқу құралдырында да тиісті орнын алып келеді

[

2].



С.Аманжоловтың зерттеуіне сүйене отырып, қазақ тілідегі

етіс   -   өз  алдына  белгілі  мағыналық  ерекшелігі   мен   тұлғалық

көрсеткіштері   бар,   қалыптасқан

 синтаксистік   категория

екендігін   анықтаймыз.   Қорытынды:   етіс   –  грамматикалық

21


құрылыста  әбден  қалыптасқан,  қызметі мен  мағынасына  сай,

белгілі   тұлғасы   бар,   етістіктің   синтаксистік   категориясының

бірі.

Қазақ   тіліндегі   етіс   категриясының   зерттелу   тарихына



шолу   жасасақ   етіс   категриясы   туралы   көптеген   еңбектер

жазылғанмен, оның синтаксистік құрылысынан нақты зерттелу

болған   жоқ   екендігін   аңғарамыз.   Мәселен,   М.А.   Казем-Бектін

жазған   еңбегінде   біріншіден,   «етіс   деген   терминді   дұрыс

пайдаланбағантықтан, етістің болымсыз түрін «отрицательный

залог»   деп   қате  айтса,   етіске   жататын   атауларды   «етіс»   деп

атамай, «етістік» деумен  қанағаттанғанын  көреміз. Екіншіден, М.

А.   Казем-Бектін   өздік   пен   ырықсыз   етістердің  жасалуындағы

тұлғалық   ұқсастығының   себебін   көрсетпек   болып,   тілдің

ерекшеліктерін,   мазмұнның   тілден   алатын   орнын   жоққа

шығарғаны» [2-74].

Қазақ   тіліндегі   етіс   категриясы   туралы   ең   үлкен   зерттеу

еңбектерінің   бірі –   А.   Қалыбаеваның   «Қазақ   тіліндегі   етіс

категриясы»   деген   кітабы.   Мұнда   еңбек   авторының   қойып

отырған   ең   басты   мәселесі:   түрік   системалы   тілдерде   бір

түбірге   бір   ғана   емес,   екі   не   бірнеше   етіс   жұрнақтарының

қатар қосылып, айтылуы заңды екендігі. 

Етістің   морфологиялық   кейбір   негізгі   белгілерін   көрсетіп,

«етіс» деген терминді дұрыс қолданып, етісті:

1) өздік, 2) ырықсыз, 3) ортақ, 4) өзгелік, - деп төрт түрге

бөліп қараған П.М. Мелиоранский мен А.К. Боровков [2-75].

Тіл   маманы   А.   Қалыбаева   етістіктің   салт   және   сабақты

болып  бөлінуін   өз алдына  бір мәселе екендігін,   ал  етіс те  өз

алдына тиянақты дербес категория екендігін анықтай отырып,

бұл   екеуінің   бір-бірімен   тығыз   байланыста   болатындағын

көрсеткен. 

Етіс   категориясын   мүмкіншілігімізше   жан-жақты

зерттеуіміз   қажет.   Етіс   категориясын   етістіктің   тұлғалық

ерешеліктерінің   негізгі   етістіктің   негізгі   бір   саласы   екендігін

айқындап   жүйеге   салумен   ғана   тыңбай,   оның   беретін

мағынасы   мен   сөйлемде   атқаратын   қызметтінің

ерекшеліктеріне де кеңінен тоқталумыз керек. 

22


Осы   мақсатпен   біз   өз   мүмкіншілігімізге   қарай   ортақ   етіс

тұлғалардың   Ж.Аймауытовтың   шығармалары   арқылы

ерекшеліктеріне және стильдік сипатына көңіл бөлдік. 

Шағын   нәрседен   бастау   керек.   Қазақ   филологиясында

Ж.Аймауытовтың шығармаларының тілі аз зерттелген, әсіресе

ортақ   етістің   қызметі.   Ж. Аймаутовтың   жазықсыз   жазаға

тартылып. Оның шығармаларын оқуға тыйым салынғалы (1929

жылы ол ұсталып, 1931 жылы арамызда кетті). 1989 жылы 60

жыл толыпты. «Қазақстан Компартиясының Орталық комитеті

Республикада 30 жылдары орын алған зорлық – зомбылықтың,

социалистік   Заңдылықты   бұзудың   құрбаны   болып,   жазықсыз

жазаға   ұшыраған   қазақ   мәдинетімен   әдебиетінің   бір   топ

қайраткерлерін ақтау туралы қаулы қабылдады» - деп атақты

сыңшы акдемик С. Қирабаев сол қаулы бойынша ақталған кейін

1989   жылы   шыққан   Ж. Аймауытовтың   ең   тұңғыш

шығармаларының   алғы   сөзінде   жазған.   Ғалым   айтуынша,

Жүсіпбек   қазақ   қоғамы   дауының   ең   бір   күрделі   кезінде,

әлеуметтік   революциялар   дәуірінде  өмір   сүрді.   Сол   дәуірдің

қайшылықты   сипаттарында   бойына   сіңірді.  Сондықтан   оның

шығармаларындағы,   көз   қарасындағы   қайшылықты,   сәттерді

көргенде, оның себебін алдымен дәуірдің күрделігіне іздеуіміз

керек. Сонымен бірге жалпы өнер адамына тән сезім ырқында

кетіп,   өңірді   өз   ыңғайына,   ұғымына   лайықтап   түсіндірілген

тырысуда   Жүсіпбек   басында   болды.   Сондықтан   оның   кейбір

пікірлері өз дәуіріндегі Совет саясатымен қиғаш келіп қалған

тұстары да жасырын емес. 

Бұл   ең   алдымен   жазушының   кедейлер   мүддесін   жырлап,

оларды   шығармаларына   кейіпкер   етіп   аяғымен   үнемі   тап

тартысы,   кедей   мен   байдың   күресі   идеясына   ашық   бара

берметінен көрінеді. Ол тап көлеміне шығып, жалпы қазақтың

тұтастығын,   елдігін   көздеуге,   адам  балалсының  бәріне  ортақ

гуманистік   идеяларға   ауысып   кетеді.   Көңілдегі   ойын   толық

жеткізбей,   басқа  нәрселерді   суреттеуге   бұрыла   салады.   Бұл

өзгешілікті жазушы шығармаларынан тану қиын емес. Бір кезде

Жүсіпбек   осы   үшін   сыналды,   таяқ   жеді.   Бүгін   жеке   адамға

табыну   кезінде,   социализм   принциптерінің   бұзылғаның   анық

23


көріп   отырған   тұста,   Жүсіпбек   шығармаларындағы   жалпы

адамдық (оның ішінде қазақтық) идеяның туу заңдылығының

түсінгендей   боламыз.   Жүсіпбек   шығармаларын   байындап

оқыған   адам,   оның   қателіктері   мен   қайшылықтары   емес,   біз

үшін   ең   маңыздысы   жазушының   жаңа   советтік   шындықты

танып,   мойындап,   оның   келемегін   айқын   болжаудан   туған

еңбектерң   екенін   көре   алады.   Сонда   ғана   советтік   дәуірінде

туған   қазақтың   жаңа   әдебиетінің   өркен   жаюындағы

Жүсіпбектің орнын және ролін айқын түсінетін боламыз [12-6]

Енді   сол   үшін   Ж.   Аймауытовтың   шығармаларына   көңіл

бөлейік.   Жүсіпбек   Аймауытов   –   қазақтың   тұңғыш   психолог

ғалымы,   «Мен   Жүсіпбектей   шебер   жазушыны   бұрын-сонды

көрген   емеспін»   –   деп   атақты   қазақ   жазушысы  Б. Майлинде

айтып   кеткен 

ғалым,   профессор   А. Ф.   Зейнуллинаның

«Ж. Аймауытұлының   шығармашылық   шеберлігі   деген   еңбегінде

қазақ   романының   тууы   және   ондағы   Ж. Аймауытұлының   тарихи

ролін  және  романдағы   психологизмін   өте   үлкен   шеберлікпен

жазған.

Ғалымның айтуынша, 1920 жылдары  жарық көрген көрген



романдарын тақырып жағынан үш жікке айқындауға болады.

Біріншісі – қазақ қыз –келіншектерінің бас бостандығы, екіншісі

–   халықтың   әлеуметтік   теңсіздігі,   таптық   күресі,   үшіншісі   –

бұқараның жаңа заман, жаңа өмір құрыға күресу жолы, оның

қалыптысқан бейнесін жасау шеберлігі ескеріледі. 

Осындай   ізденіс   толқыннан   кейін,   қазақ   әдебиетіндегі

роман   жазуға   алғашқы   ұмтылысты   құңарлы   қалам,   күрделі

талант   иесі   –   Ж.Аймауытұлы   жасады.   Жүсіпбек   Аймауытұлы

әдебидамудың   шкі   заңдылықтарын   тереңнен   игере   отырып,

үлкен прозаның тұнғыш ретінде «Қартқожа» романын жазады.

Жүсіпбек Аймауытұлының «Қартқожа» романы алғашқы қазақ

романы деген әқиқатты академик С.Қирабаев «Ж.Аймауытов»

атты   монографиясында:   «Қазақ   әдебиеттегі   роман   жасауға

ұмытылыс жиырмасынша жылдардың орта тұсынан басталады.

Оның   алғашқы   үлгісін   Ж. Аймауытов   жасады.   Оның

«Қартқожасы   –   тек   жазушының   бұл   жаңырдағы   алғашқы

туындысы ғана емес, бүкіл қазақ совет романының төл басы.

24


1926 жылы Қызылордада жеке кітап болып басылды. Бұдан

бір жыл кейін С. Сейсулиннің «Тар жол, тайғақ кешуі шықты.

Бірақ бұл тарихи мемуарлық кітап еді. Онда жзушы революция

жылдары өзі көрген, қатысқан әлеуметтік тартыс оқиғаларын

ешбір   әдеби   қоспасыз   декеті   фактілер   көлемінде   суреттеді.

Көркем   шығарма   тән   оқиғаны   жинақтап,   бейнелеп,   тиісті

әсерін  жазушы  қиялымен  жетілдіріп,  суреттеу әдісінен  Сәкен

саналы   түрде   бас   тартты.   Ол   шығарманың   деректілігін

тарихилығын   сақтады.   Жазылу,   басылу   мерзімі   қатарлас

болғанымен   «Қартқожаның»,   «Тар   жол,   тайғақ   кешуден»

жанрлық форма жағынан айырысатын жері осы. Әйтпесе, екеуі

де, үлкен прозаның үлгілеріне жатады» [13-15-16].

Жүсіпбек   Аймауытұлының   шығрамаларында   лирикалық

шегіну,   пікір   қозғау,   көсілтіп,   баядау,   кемелдеп   суреттеу,

табиғат   құдіретін,   портретті   толығырақ   бейнелеу,   ұтымды,

монологтарды беру шеберлігі кеңірек көрінеді. Жазушы өзіне

елеулі   еркіндік   беріп,   кеңістікті,   уақытты,   ортаны,   өмір   –

құбылыс   –   жаңалықтарын   атты   аталған   шығармаларында

тиісінше қамтиды.

Адам   мінезін-келбетін   даралап   ашқызатын   тартым,   мінез

қақтығыстары   нанымды,   құнырықты   жайлар   сан   қырынан

баяндалады.

Ж.Аймауытов   –   Мағжантанудың,   Сұлтанмахмұтттанудың

негізін салушысы, қара сөзден жыр құйған сөз зергері, көркем

әдебиетінің шыны. Қазақтың ұлы жазушысы Мұхтар Әуезов Ж.

Аймауытовты ұстаз деп санаған.

Профессор   А.Зейнуллина   айтуынша:   «...әдебиеттің   көк

жиегінен   қос   қырандай   көрінген   М.Әуезов   пен

Ж.Аймауытұлының сырлы, сұлу сөздерін ежектеп түсындермеу

керек,   оны   елтіп   түсіну   керек.   Ол   үшін   тек   қана   тебіре   оқу,

тербеле тыңдай керек. Сонда ғана шапағатты сөз нұры. Сіздің

көкірегіңізге кеп ұялайды, мәңгі сақталады.

Әлемнің   халықтардың,   ұлттық   рухани   жетімсіздігін   ұлы

тұлғалар   толтырыды.   Азат   ел   ұрының,   алашордашылар,

аманатын   арына   айнаодырған   өз   ұлты   шарқ   ұрып   таппай

25


жүрген жоғарыдағы идеяны – «қазақ идеясын» Ж. Аймауытұлы

көркем шығармашылықпен –ақ уағыздай білді» [13-17].

Осы салада жас ұрпақты Ж.Аймауытовтың шығармаларын

әдебиетті   тереңдетіп   оқыту   жайында   неге   көңіл   бөлуіміз

керегін белгілі ғалым – ұстаз Қ.Бітібаева: Ж.Аймауытов – ақын

жазушы,   драматург,   сыншы,   публицист,   аудармашы.   Өзінің

қоғамдық   саяси   ғылыми   педагогикалық   еңбегімен

тарихымызда   өшпес   із   қалдырған,   патшаның   отарлау

саясатына қарсы күреске, бүкіл өмірін қазақ халқының ұттық

мүдделеріне арнаған, сол үшін жазықсыз жапа шегіп, құрбан

болған   үлкен   қайраткер,   әнші   домбырашы,   актерлік   қабілеті

бар, «сегіз қырлы бір сырлы» тума талант екендігін деп жазады

[15-247].

Ұстаз   ғалым:   Ж.Аймауытов   жазықсыз   жаламен   қырық   екі

жасында   1931  жылы   мерт   болып,   халқына   қайта   оралып,

Жүсіпбектану ғылымының басталуына көңіл бөлу керек дейді.

Романдарына   тоқталғанда   мектепте   қалай   оқытуға   ғалым

арнайы бағдарлама жазған. 

«Қартқожа»   романы.   Роман   қазақтың   эпикалық   үлгіде

жазылған   алғашқы   шығармаларының   бірі.   Қазақ   кедейінің

қарапайым   халықтың   ауыр   тұрмысын   көрсеткен,   1916   жылы

ұлт   азаттық   қозғалысы,   1917   жылы   революциялардың

шындықпен   көрінді,   қазақ   кедейі   Қартқожаның   өсіп   -

өркендеуі.   Қартқожа   –   елі   үшін   күйген,   еңбекті   сүйнен   ер

жүректі, жұртшылдық көсемі [14-22].

Романның   көркемдігіне,   Жүсіпбекке   тән   шешендік,   тіл

шеберлігіне тоқталуына керек. 

«Ақбілек»   романы.   Романның   тек   1989   жылы   жазушы

жинағында жарық көруі (негізге қолжазба түрінде сақталған).

«Ақбілек» - Ғ: Мүсіреповтың айтуынша - қара сөзден құйылған,

дастан – толғау. «Ақбілек» чудесный нәрсе.»

Романның көркемдік ерекшілігі:

а)   поэтикалық   тілмен,   шешен,   әдемі   шебер,   ұйқаспен

жазылған қара сөздер айшығы;

ә)   романдағы   терең   психологизм   (Ақбілектің   жау

қолындағы, одан босап, елге келе жатуы);

26


б)   образға   құрылған   толғауы   сипатындағы   ғажайып

монологтар, ойлы тартысқа құрылған диалогтер;

в)   кестелі   сөзбен   мүсінделген   портреттер,   адам

қайғысымен   қабаттаса   суреттелінген   табғат   көріністері.

(Табиғаттың да Ақбілекпен бірге зар жылап, Ақбілекпен бірге

қан жұтқандай бейнеленуі) [15-248].

Енді   қарай   зерттеудің   негізгі   мақсатына   көшейік.   Ең

алдымен стилі деген сөзге тоқтайық. Стиль - белгілі бі тілдегі

лексикалық,   грамматикалық,   фонетикалық   тәсілдерін

қолданылу принципті айтамыз. Бір ұғымды айтып жеткізу үшін

қажеттік   тілдік   тәсілдері   сұрыптап   қлдану   керек.   Стильдік

мазмұны кең, жұмсалатын орны көп. Стиль -  Stylos-   латынша

"жазу   құралы".   Латын   тілінде   стилі   сөзі   жазу   мәнері   деген

мағынада   қолданылға.   Кейін   ұлттық   әдеби   тілдің   қалыптасу

дәуірінде   кейбір   елдерде   стилі   белгілі   бір   жанрға   тән   тілдік

құрал деген ұғымда қолданады.  Стилистика ең алдымен стилі

туралы  ғылым. Жүсіпбек Аймауытовтың шығармалары көркем

әдеби стиліндегі жазылған шыны, үлгісі.

Көркем әдеби стилі немесе көркем сөз ойды және сезімді

образ   арқылы   бейнелетін   айырықша   өнер.   Тіл   көркем

шығармада   эстетикалық   қызмет   атқарады.   Сөйлеу   тілімізде

сөздер   бұрыннан   үйреншікті   қалпында   қлданылады.   Көркем

шығармадағы   сөздер   сараланып,   белгілі   стильдік   мақсатта

жұмсалады.   Көркем   сөзбен   жазылған   әдеби   шығарма   өмір

фактілерін жан-жақты терең қамтитын жанды организм. Онда

адамда, құста, табиғатта бәрі де қатысады .

  Көркем   шығарма   тілі   проблемалық   мәселе.  Көркем

шығарма жасау ушін жазушы шығармадан жазушының өзіндік

ерекше стилі байқалап отырады.

Шеберлік   -   тілге   тікілей   байланысты,   өйткені   әдеби

шығарманың   негізгі   құралы   тіл.   Жазушының   стилі-қор.

Шығарма   жазу   үстінде   қалыптасатын   әр   жазушының   өзіндік

мәнері, сөз қолдану тәсілдері болады.

Жазушының   стилі   ерекшеліктері   жалпы   халықтың   тілдің

жалғасы ретінде дамитын әр тілдік маңызды бөлшегі. 

Стиль   дегеніміз   -   ол   әр   ақынның,   әр   жазушының   тіл

ерекшеліктері.   Әдеби   тіл   нормасы   жазба   тіл   арқылы

қалыптасып, шындалып отырады.  Оның өңделіп жетілуі және

халық   арасында   тарап   жалпыға     танылуы   ұлтық   әдебиеттің

дамуымен байланысты болады. Әдеби тілмен көркем шығарма

тілі   екеуі   бір   ұғымды   бідірмейді.   Әдеби   тіл   -   ол   тек   көркем

шығарманың   ғана   тілі   емес,   жалпы   жазба   тіл   түрлерін

қамтиды,   әдеби   тіл   сөйлемде   және   жазуда   пайдаланған,

27


номаланған   тілдік   белгілер.   Әдеби   тілінің   көркем   шығарма

тілінен оның шеңбері тар. 

Функциональдық грамматиканың теориялық мәселелерінде (В.Г. Адмоний,

А.В.   Бондарко,   В.Г.  Гак,   Н.А.   Слюсарева,   Н.Ю.   Шведова,   М.А.   Шелякина

еңбектері),   функциональдық   –   синтаксистік   концепциялары,   (Г.А.   Золотова,

Д.Н.     Шмелев),   функционалды   аспектологияның   концепциялары   (Ю.С.

Маслова, А.В. Бондарко, Т.В. Булыгина, М.Я. Гловинский, А.М. Ломова, Д.М.

Насилов және тағы басқалар) грамматика мен лексиканың байланысы, ең әуелі,

өріс теориясын пайдалануы арқылы қарастырылады. Функционалды грамматика

грамматикалық   типологиямен   тығыз   байланыста   (С.Д.   Кацнельсон,   А.А.

Холодович,   В.С.   Храковский,   В.П.   Недялькова   және   т.б.)   контрастивтік

грамматикамен   (В.Н.   Ярцеваның   ғылыми   еңбектерінде),   грамматикалық

семантика   бойынша   әртүрлі   зерттеу   бағыттарымен   (Н.Д.   Арутюнова,   Т.В.

Булыгина, Е.С. Кубрякова, Е.В. Падучева, О.Н. Селиверстова, Ю.С. Степанова,

Н.Ю.   Шведова   т.б.)   мәтін   грамматикасы   мен   психолингвистиканың

грамматикалық аспектілерімен тығыз байланыста. Грамматиканың  функционалдық

аспектілері   К.С.   Аксаков,   А.А.   Потебня,   И.А.   Бодуэн   де   Куртенэ,   А.А.

Шахматов, А.М. Пешковскийдің еңбектерінде көрініс тапқан. Грамматикалық

зерттеулердің ерекше түрі ретінде функциональдық грамматиканың  қалыптасуына

Бодуэн де Куртенэнің тілдік ойлау тұжырымдамалары маңызды рөль атқарды.

Осыған қоса функциональдық грамматиканың қалыптасуына Ф. Брюноның «Ой

мен   тіл»   атты   ғылыми   еңбегінің   де   маңызы   зор.   Ғалым   О.Есперсеннің

«Грамматиканың   философиясы»   атты   еңбегі   де   ұғымдық   пен   синтаксистік

категориялар   арасындағы   сәйкестікті   анықтайды.   Кеңес   тіл   біліміндегі

функциональдық   грамматиканың   теориялық   негіздерін   қалыптастыруда   Л.В.

Щерба, И.Мещанинов, В.В.Виноградовтың еңбектері елеулі рөль аткарды. Л.В.

Щерба «пассивтік» пен «активтік» грамматикалар арасындағы  айырмашылықтардың

негіздерін тапты. Осыған орай, сөз формасының грамматикалық функциялары

мен синтаксистік құрылым, лексема туралы сөз етуіміз қажет.

Қазіргі  кездің   соңында  зерттеулердің  маңызды   бағыттарының  бірі-тілдік

бірліктерді талдау негізінде олардың функциональдық ерекшеліктерін меңгеруі

жатыр. Етісті зерттеу мәселесі ғалым-зерттеушілердің назарынан тыс қалмаса

да, бұл категорияның кейбір жақтары, әсіресе, функционалдық ерекшеліктері,

әлі   де   болса,   толық   зерттелген   емес.   Етіс-тың   тақырып.   Әсіресе,   бұл

категорияның   функциональдық   көрінісі   ерекше   назар   аударарлықтай   болып

есептеленеді.   Сондықтан   да,   етісті   функциональдық   тұрғыдан   қарастыру

мәселесі   алға   қойылып   отыр.   Себебі,   функциональдық   сипат   арқылы,шын

мәнінде,етіс   категориясының   ерекшеліктері   айқын   көрініс   табады.  Функционалды

грамматиканың негізгі объектісі – грамматиканың ішінде «мазмұннан – тұлғаға,

ұғымнан – үлгіге» сияқты тілдік бірліктерді зерттейтін бағыт болып табылады.

Орыс тіл білімінде алғаш бұл бағыт А.В. Бондарко ғалыммен тереңдете, жан-

жақты зерттеліп, «ономасиологиялық функционалды грамматика» деп аталған

болатын.   Функционалды-семантикалық  өріс  орыс  тіл  білімі  функциональдық

грамматикасының   негізгі   нысаны   болып   табылады.   Олар   мағыналық

28


категорияларға   жатады.   Алғаш   рет   «мағыналық   категория»   термині   ғылыми

айналымға О.Есперсен ғалымымен еңгізілген болатын. Мағыналық категория –

адам санасындағы болмыс бейнесі. Адамдардың нақты әлем туралы көріністері

бірдей,   сондықтан   да   мағыналық   категориялар   да,   олар   үшін   бірдей

болады.Мағыналық категориялар – ойлау мен тілді, логика мен психологияны

тілдің   лексикалық   материалдарымен   байланыстыратын   аспап,   құрал   ретінде

болады. Мағыналық категориялар – логикалық пен психологиялық  категорияларға

негізделіп, тілдік құралдарға ауысады. К. Рысалды  функционалды-семантикалық

категорияларды «мағыналық категориялардың түрлері» деп атайды [Рысалды,

2007,   120   б.].   Мағыналық   категориялар   және   тілдік   функциялар   бір-бірімен

байланысып, тілдікмағыналық бірлігін құрайды. Жоғарыда айтылған  көзқарасты

негізге ала отырып, А.В. Бондарко мағыналық категорияларды тілдік құрылым

ретінде қарастыру керек деп, оған басқа атауды ұсынған еді. Грамматикалық

категориялар өз бастауын логикадан алады. Логикалық пікірлер мен нәтижелер

барлық адамзатқа тән болса да, бір тілде ғана болатын категориялар басқа да

тілде бола алады. Бұл категориялар әр тілдің грамматикалық жүйесіне бағынып,

басқалай көрініс табады.  Ғалым З.Қ. Ахметжанованың жетекшілігімен жазған

өзінің   докторлық   диссертациясында   М.Жолшаева   қазақ   тіліндегі   «іс-қимыл

әрекетінің   өту   сипатын»   орыс   пен   түрік   тілдерімен   салыстыра   отырып,   оны

грамматикалық   категориялардың   ішінен   бөліп,   лексика-грамматикалық

категориялар тобына жатқызады. Профессор А.В. Бондарконың функционалды

грамматикасы   функционалдысемантикалық   өрістер   теориясына   негізделген.

Өзінің   жеке   әдісі   ретінде,   А.В.   Бондарко   «триада»   принципінің   теориясын

қолданып,   «функционалдысемантикалық   категория   теориясының,  функционалды-

семантикалық   өріс,   категориялық   жағдай»   сияқты   жақтарын   белгіледі.   Бұл

принциптің   жағымды   жағы,   ол   жалпы   тілдік   семантикалық   категорияларын,

жүйелілік құрылыс ретінде анықтап, қарастыруында жатыр. А.В. Бондарконың

бұл   принципі   қазақ   тілінің   функционалды   грамматикасын   тиісті   деңгейде

зерттеп, қалыптастыруға зор көмегін тигізеді.  Шындығында, етіс аффикстердің

функциясы,   ең   алдымен,   олардың   жаңа   мағыналы   сөз,   немесе   сөз   түрін

жасайтындығына   байланысты   анықталады.   Мысалы,   тілші-ғалым   Қинаят

Шаяхметұлы   қалыптасқан   негіздердің   одан   әрі   нақтылы   категорияларға

орнығуы – екінші кезектегі үдеріс деп түсіндіреді [Шаяхметұлы, 2007, 36 б.].

Жалпы   алғанда,   етіс   мағынасының   сипаттамасына   субъект   пен   объектінің

арасындағы қарым-қатынастығы енеді: субъект – іс-әрекетті жасаушысы болса,

объект іс-әрекетке тап болып, қимылдың бағытын көрсетеді, бұл жайт – етістің

анықтамасынан шығатыны, сөзсіз  Етіс мәселесі төңірегінде  кейбір  ғалымдар

етісті сөйлем ішіндегі баяндауыштың бастауышқа тікелей қатынасы бар етіп

қарастырады.   Бұл   етістің   синтаксистік   анықтамасына   жатады.   Егер   де   етіс

арқылы   берілетін   қимыл   әрекетті   субъектіге   қатыстырып   қарастырсақ,   онда

етістің   анықтамасы   семантикалық   сипатқа   ие   болатындығы   рас.     Сонымен,

етісті   сөз   еткенде,   сөйлем   көлеміндегі   қимылдың   тура   толықтауышқа

бағытталған объектіні ескере отырып, етісті баяндауыштың бастауыш пен тура

толықтауышқа қатынастығын айқындау арқылы қарастырған жөн. Осыған қоса,

29


семантикалық тұрғыдан, бізше, етісті субъект пен объектіге қатынастығы бар

қимылды   көрсететін   етістікке  тән   категория   ретінде   қабылдау  қажет.    Басқа

сөзбен   айтқанда,   етістіктің   морфологиялық   категорияларына   қарағанда,   етіс

категориясы   сөйлем   синтаксисімен   тығыз   байланыста   болады.   Жүсіпбек

Аймауытов   шығармасынан   келтірілген   сөйлемдердегі   етіс   категориясының

синтаксиспен байланысы етістік қайшылықтар мазмұнының, сөйлем мүшерелі

мен   жағдаят   қатысушылары   арасындағы   әртүрлі   біркелкіліктерді   көрсетумен

анықталады.   Етістік   –   сөз   табы   ретінде,   жағдаяттың   негізі   болып   саналады.

Етістіктің   айналасында   жағдаятқа   қатысушылар   мен   іс-әрекет   жасаушылар

топтасып, қимыл-әрекет білдіретін етістік сөз табына бағынышты бола келе,

субъект пен объектіге бөлінеді. Сөйтіп, етіс сөйлем ішіндегі синтаксистік пен

семантикалық деңгей арасындағы тілдік бірліктердің байланыс пен қатыстығын

сақтайтын категория есебіне жатады. Етістің жоғарыда көрсетілген сипатына

орай,   сөйлем   ішінде   семантикалық   пен   синтаксистік   деңгейлер   бірліктерінің

сәйкестігін   сақтауға   да   ықпалын   тигізеді.   Осыған   байланысты   етіс   жүйелі

дәрежеге   ие   категория   есебіне   жатады.   Бастысы   –   етіс   өзіндік   табиғатымен

тиісті   синтаксистік   құрылымдар   жасауда   да   ерекше   рөль   атқарады.     Етіс

етістікке   тән   категория   болғандықтан,   функциональдық   тұрғыдан   оның

лексика-грамматикалық табиғаты сөйлемнің нақты қазығы болатын, тек қана

етістік сөз табы шеңберінде ғана айқын ашылады. Мысалы, орыс тіл білімінде

етістік туралы ғалым А.А. Потебняның тұжырымдарын алып қарастырсақ, онда

етіс формасында субъект пен іс-әрекет объектісінің арасындағы байланыс сөз

етіліп,   нақтырақ   айтқанда,   баяндауыштың   бастауыш   пен   толықтауышқа

қатынастығы  көрсетіледі. Белгілі тілші А.В.  Попов етіс мәселесі төңірегінде

актив   пен   пассив   конструкциялардың   үш   мүшелік   құрылымын   құрастырып,

сөйлемдегі   субъект   пен   объектінің   бір-біріне   өзара   тәуелділігін   анықтаған.

Қазақ тіліндегі етіс категориясының түрлерін белгілегенде, пассив конструкциясына –

іс-әрекет жасаушы – субъект жоқ, ырықсыз етісті жатқызсақ, актив конструкциясына

іс-әрекет   жасаушысы   –   субъект   бар,   етістің   басқа   түрлерін   (негізгі,   өздік,

өзгелік,   ортақ)   жатқызуды   дұрыс   деп   санаймыз.   Жоғарыда   етіс   жайлы

айтылғандарды   түйіндей   келе,   етіс   категориясы   салт   және   сабақты

етістіктермен тығыз байланыста екендігі рас. А.В. Поповтың ойынша, пассивтік

айналымдар, былайша айтқанда, ырықсыз етісті құрылым, сабақты айналымға

жатады десе, келесі ғалым-тілші А.В. Исаченко етістің актив пен пассив деген

екі   формасын   белгілейді.   Оның   ойынша,   барлық   етістіктер   етіс   саласының

қатынастығына   енеді,   себебі   олардың   әрқайсысы   сабақтылық   пен   салттық

мағынасына ие болады [Исаченко, 1960]. Етісті сөз еткенде, бұл категорияны

етістікке   тән   екендігін   ескере  отырып,   етістікке   қатысты   барлық   лексика-

грамматикалық жақтарымен байланыстыра қараған дұрыс сияқты. Бұндай пікірді

өзінің   көптеген   еңбектерінде   ғалым   В.В.   Виноградов   та,   грамматика   мен

лексиканы байланыстыра меңгерудің қажеттілігі туралы айтқан еді. Ал, белгілі

тілші   А.В.   Бондарко   етісті   субъект   пен   объектіге   қимыл-әрекеттің   тілдік

семантикалық   қатынастығын   көрсететін,   функционалды-семантикалық

категория ретінде қарастырады [Бондарко, 1972, 20 б.]. Етіс өзіндік табиғатын

30


тек сөйлем ішінде ғана толық ашады. Етіс етістікке тән категория болғандықтан,

етістіктің   сөз   табы   ретінде   барлық   ерекшеліктері   де   етіс  жүйесіне   ықпалын

тигізетіндігі сөзсіз. Функционалды тіл білімі қазақ тіл білімінде енді ғана қолға

алына бастаған сала екендігін ескере отырып, өз тарапымыздан, қазақ тіліндегі

етіс     категориясының   лексика-грамматикалық   табиғатын   функциональдық

тұрғыдан   ашуға   талпыныс   етіп,   бағыт   алдық.   Негізінен,   функционалды   тіл

білімі   –   тіл   табиғатын   кешенді   сипатта   зерделеумен,   адамдардың   қарым-

қатынасында белгілі бір хабарды  жеткізуде қолданылатын лексика-грамматикалық

бірліктердің   қызмет   жүйесінің   өзара   қарым-қатынасындағы   заңдылықтарды

айқындаумен   анықталатындығы   рас.   Сонымен,   «функционалды   тіл   білімінің   басты

ерекшелігі – тілдік құралдар қызметі жүйесінің сөйлеу барысында мағына мен

мәнді   берудегі   ортақ   заңдылықтарын   айқындау,   яғни   грамматикалық

бірліктердің лексикалық жүйе мен контекстің арасындағы ортақ заңдылықтар

сөйлеуге қатысты анықталып, талданады» [Қазақстан, 2007, 246 б.]. Жоғарыда

айтылғандарға   ойымызды   дәлірек   жеткізу   мақсатымен   функционалды

(қызметтік) таңба деген ұғымға ғылыми анықтама беруді жөн көрдік. Демек,

ғылыми   анықтама   бойынша:   «Функционалды   (қызметтік)   таңба   да   белгі-

таңбаға   жатады.   Бірақ   табиғи   таңбалармен   салыстырғанда,   қызметтік

таңбалардың   белгілеп   тұрған   нәрсемен   байланысы   –   олардың   объективті

қасиеттеріне емес, орындайтын қызметіне негізделеді» [Әлемдік мәдениеттану,

2005, 6 б.]. Жалпы, тіл білімінде етіске қатысты пассив пен актив ұғымдары бар

болғандықтан, оның лексика-грамматикалық табиғатын толық функциональдық

тұрғыдан   ашуды   көздей   отырып,   функционалды-семантикалық   өріс   аясында

пассив, яғни ырықсыз етістің тұжырымдамасын шығаруды жөн көрдік. Әрбір

«функционалды-семантикалық   өрістің»,   қысқаша   белгілеуін   –   ФСӨ,   деп

көрсетпекпіз. Функциональдық тұрғыдан ырықсыз етісті қарастыруымыз – етіс

семантикасын   функционалды-семантикалық   өріс   аясында   көрсетіп,   әртүрлі

деңгейдегі элементтермен байланыс пен өзара қатынастық арқылы өтеді. ФСӨ –

қазақ тілінің семантикалық функциялары өзара қатынасып, ортақтас негізінде

біріккен (морфологиялық, синтаксистік, сөзжасам, лексикалық, сонымен қатар,

қиыстырылып, қосылған лексика-синтаксистік және т.б.) бірдеңгейлік құралдарының

жүйесі. Белгілі орыс ғалымы А.В. Бондарконың  тұжырымдамалық   қағидаларына

сүйенетін,   «функционалды-семантикалық   өріс»   -   функционалды  грамматиканың

басты   ұғымы   ретінде   қарастырылады.   А.В.   Бондарконың   тұжырымдамасы

бойынша,   ФСӨ-тің,   негізгі,   екі   құрылымдық   үлгісін   шығаруға   болады:

бірорталықты   мен   көпорталықты   түрлері   бар.   Біріншісіне   –   негізінде,

грамматикалық   категория   болатын,   қатты   күште   орталықтандырылған,

екіншісінде – негізінде, әртүрлі тілдік құралдарының тиісті жиынтығы болатын,

әлсіз орталықтандырылған өріс аялары жатады. ФСӨ-ті, көбінесе,  грамматикалық

құралдарына аса мән беріп, қарастырып жүрсек те, оның лексикалық жақтары

бүгінгі күнге дейін толық зерттелген емес. Осыған байланысты, етісті (ФСӨ)

функционалды-семантикалық   өріс  аясында  қарастыру  арқылы,  бұл  категория

төңірегінде   кешенді   зерттеу   өткізуі   –   етістің   лексикалық   деңгейін   ескеруді

31


талап   етеді.   Функционалды-семантикалық   өріс   сатылай   құрылым   ретінде

болып, орта (ядро) мен сыртқы қоршалымға бөлінеді. 

Сонымен,   ФСӨ-тің  орталығында   белгіленген   семантикалық   категорияны

көрсететін, тілдің, ең тиісті, құралдары негізделеді. Етістің функционалдысемантикалық

өріс ядросы, бір-біріне қарама-қарсы болатын, актив пен пассивтен тұрып, олар,

өз тарапынан, актив пен пассивтік екі микроөріске бөлінеді. Етіс категориясын

қарастыруда, сөйлемдердің мазмұндық жағына аса мән беру арқылы лексика

мен грамматиканың тығыз байланысын айтуға тура келеді. 

Тіл білімінде функционалды-семантикалық өріс аясы төңірегіндегі  мәселелерді

қарастырғанда   тілші-ғалым   А.В.   Бондарко   ақпаратты   жеткізуде   мазмұндық

құрылымға ие болатын, категориялық жағдаят ұғымын анықтайды [Бондарко,

1983, 16 б.].  Бұны біз еңбек бетінде КЖ деген белгімен көрсетеміз.  Категориялық

жағдаят (КЖ), негізінен, төмендегідей жақтармен сипатталады: а) тілдің тиісті

ФСӨ-не   негізделеді;   ә)   нақты   сөйлеу   әрекетінің   жалпы   жағдаятының   бірін

көрсетеді.   Осындай   құрылымды   ұсынуда   А.В.   Бондарко   мазмұнның

жалпымағыналық (ұғымдық) негізін, сонымен қатар, нақты – тілдік жеткізудің

өзгерістерін беретін, олардың баламаларын шығарады. Категориялық жағдаят

ұғымымен     қатар,   тар   шеңбердегі,   «етіс   жағдаяты»   -   (ЕЖ)   ұғымы   бар.   Етіс

жағдаятына   –   етістің   ФСӨ-сі   негіз   болатын,   сөйлеуде   тиісті   балама   арқылы

жеткізілетін,   типтік   мазмұндық   құрылым   жатады.   ЕЖ   арқылы   етістік

қимылының иегеріне қатысты, бағыт сипатын беруге жағдай жасалып, сонымен

бірге, жалпы жағдаяттың тиісті бір жағын көрсетеді. Етіс жағдаят ұғымы, етіс

семантикасына қатысты, жағдаят элементтерін шығарумен  байланысады.Негізінен,

ФСӨ   құрылымының   орталық   пен   сыртқы   қоршалым   бөлшектер   арасындағы

шекаралық   шектеулік   пен   орталықтан   сыртқы   қоршалымға   ауысу   қабілеті

нақты белгіленіп, сипатталмайды. Кейбір жағдайларда тілдік құралдар өзіндік

ерекшеліктері   бойынша,   ядролық   элементтеріне   қатысы   болса   да,   басқа

ерекшеліктерімен   сыртқы   қоршалымға   жатады,   осыған   байланысты,

белгіленген   бөлшектерді   құрылымдық   аясының   қайсыбір   сатысына   жатқызу

керектігінде   қиындық   туындайды.   Етіске   қатысты,   орыс   ғалымы   В.А.

Богородицкий   өзінің   ғылыми   еңбектерінде   сабақтылық   пен   салттылықты

лексика-грамматикалық   тұрғыдан   қарсылас   қойып,   етіс   байланысты,   етістің

төрт (негізгі, өздік өзгелік, ортақ) түрін жатқыздық. Шынын айту керек, «актив»

ұғымын   анықтауда,   қайткенімен   субъекті   қимыл-әрекеттің   өтуінде   орын

алатындығы   сөзсіз.   Мысалы,   негізгі   етістің   арнаулы   көрсеткіштері   жоқ.   Тіл

білімінде:   «негізгі   етіс   деп   өзге   етіс   формаларына   таяныш   –   негіз   болатын,

солардың   түрлерін,   мағыналарын,   қызметтерін   салыстырып   айқындайтын

форманы – айтамыз» деп көрсетілген [Қазақ тілі грамматикасы, 2002, 283 б.].

Етістің   бұл   түрінде   қимылдың   субъектіге   мен   объектіге   қатысы   сөйлем

көлемінде   айқын   көрініс   табады.   Кереку   өңірінің   ғұлама   тұлғасы   –

Ж.Аймауытовтың «Ақбілек» романын алып қарасақ, шығарманың басталуында

жазушы,   көбінесе,   қимыл-әрекетті   жеткізу   мақсатында   негізгі   етісті  сөйлемдерді

қолданады.   Мысалы:   «Өскеменнің   ар   жағасында,   Бұқтырманың   оң   жағында

әлемге   аян   Алтай   бар»   [Аймауытов,   1989,   146   б.].   «Малын   жайлап,   шайы

32


қайнап, ел де орынға отырды» [Аймауытов, 1989, 147 б.]. «Тау күңгірлеп, тас

шықырлайды»   [Аймауытов,   1989,   150   б.].   «Қане,   осыны   дауысқа   саламын»

[Аймауытов, 1989, 151 б.].  

Көркем   шығармадан   алынған   сөйлемдердегі   негізгі   етіс   формаларын

функционалдық тұрғысынан қарастырсақ, олардың қызметі үш жақтық көрініс

табады:   -   біріншіден,   қимыл   иесі   –   субъект,   анық   көрінбегеннің   өзінде-ақ,

етістіктің жіктік жалғаулары арқылы беріледі; - екіншіден, субъект бастауыш

рөлінде  нақты синтаксистік тұрғыдан сипатталады; - үшіншіден,  субъект әрі

морфологиялық, әрі синтаксистік ерекшеліктермен сипатталады. Негізгі етістегі

тұрған етістіктің 3 жақпен салыстырғанда, 1 мен 2 жақта тұрған негізгі етістің

субъектісі   нақты   көрініп,   сөйлемдегі   қимыл   иесі   –   субъектіге   баса   назар

аударылады.   Негізгі   етіс   қазақ   тілі   лексикасының   жартысынан   көбі   белсенді

қимылды   көрсететін   етістіктерге   тән.   Ал   көңіл-күйді   білдіретін   етістіктерде,

субъектісі жасырынды тұрған, негізгі етісте субъект қимыл жасаушы емес, тек

қимыл иесі болады. Демек, негізгі етісте белсенділік пен көңіл-күй білдірудегі

қимылдың   субъектік   қатынасы   теңесіп,   көңіл-күй   иесі   –   субъект   объекті   –

агенске айналады. Қимыл мен көңіл-күйді негізгі етісте көрсетудің бір жайты –

грамматикалық   субъекті   –   бастауышпен   формальдық   түрде   байланыс   пен

қатыстықты   көрсету.   Негізгі   етіс,   көбінесе   сабақты   етістіктерден   тура

толықтауыш қосылу арқылы жасалады, мысалы: «Қазаншы матүшке ас үйде

тамақ  істеп жатыр екен» [Аймауытов, 1989, 218 б.].  «Сұлу  қыз  кішкене көк

кемзалды тізесіне салып, омырауына ойған тана, күміс қадайды» [Аймауытов,

1989,   262   б.].   Белсенділік   қимылды   білдіретін   салт   етістіктен   негізгі   етіс

тұлғасында   тұрғандарда   тура   толықтауыш   жоқ.   Мысал   ретінде   мынадай

сөйлемді   келтіруге   болады.   «Бауырдан   артына   таяғын   көлденең   ұстап,

талтаңдап біреу келеді» [Аймауытов, 1989, 264 б.]. Кейбір жағдайларда негізгі

етіс   тұлғасында   жақсыз   етістіктермен   қатар,   әртүрлі   сезімдерді   білдіретін

етістіктер   де,   етіс   жүйесінде   ерекше   орын   алады.   Келтірілген   сөйлемдерде

етістік 3 жақпен белгіленсе де, субъект болуы мүмкін емес. Мысалы: «Жаңбыр

жауды», «Біреудің басы ауырса да, барлықтардың басы ауырмайды».   Шынын

айту керек, синтаксистік деңгейде етістік лексикасы кең тараған. Негізгі етіс

шеңберінде синтаксистік тұрғыдан субъектік қатынастарды құбылмалы түрде

көрсетуі – нәтижесінде етістік лексикасын байытып, етістің басқа (ырықсыз,

өздік, өзгелік, ортақ) түрлерін дамытуға себеп болды.Көрсетілген  мәліметтерден

мынадай қорытынды шығаруға олады: сөйлем құрамының пассив (ырықсыз)

етіс категориясының семантикалық анықтамасына – субъектінің қимылға  қатыстығы

жатса, синтаксистік  түріне – етістік  баяндауышының бастауышқа қатыстығы

жатады. 


Нақтыланған анықтамалардың басты айырмашылығы – объект күйіндегі

толықтауыштың   болуында   жатыр.   Осындай   жағдайда,   етіс   категориясының

семантикалық анықтамасы – етісті қимылдың субъект пен объектіге, ал синтаксистік –

сөйлемдегі етістік баяндауышының бастауыш пен толықтауышқа қатынасы ретінде

қарастырылады. Пассив (ырықсыз) етісі екі деңгейлі грамматикалық категория

сияқты болып қарастырылады. Етісті тереңірек зерттегенде, етістік  морфологиясы

33


мен   семантикасында   қимылдың   субъектіге   қатыстығы   көрініс   табады.   Бұл

деңгей   –   «диатеза»   деп   аталады.   Етісті,   сыртқы   жағынан,   қарастырғанда,

сөйлем   ішіндегі   етістік-баяндауышының   бастауышқа   қатыстығы   сипатталып,

тар мәнінде, «етіс» деп атайды. Пассив (ырықсыз) етіс категориясы активтің

өзгеруін   көрсетеді,   яғни   негізгі   мен   туынды   болып   қаралатын,   актив

құрылымдарын тиісті пассив құрылымдарына ауыстыруы. Қимыл мен көңіл-

күйді   негізгі   етісте   көрсетудің   бір   жайты   –   грамматикалық   субъекті   –

бастауышпен   формальдық   түрде   байланыс   пен   қатыстықты   көрсету.  Сөйлем

құрамында етістік басты рөль атқарумен қатар, сөйлемнің тірек сөзі  ретінде

қабылданады, сондықтан да оны функционалдық тұрғыдан қарастыруға тура

келеді.     Функционалды-семантикалық   өріс   аясында   етіс   семантикасын

шығаратын   (морфологиялық,   синтаксистік,   лексикалық)   тең   деңгейлі

элементтерінің өзара ықпалы мен байланысын анықтауға мүмкіндік береді.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет