Х. В. Бекбосынова функционалды грамматика ұҒымдарымен етістің Ұштасуы (КӨркем шығарма мәтіндер негізінде) 6М020500 Филология магистрі академиялық дәрежесін алу үшін дайындалған магистрлік диссертация


Етісті оқытудағы инновациялық технологиялар



Pdf көрінісі
бет4/6
Дата06.02.2017
өлшемі0,74 Mb.
#3560
1   2   3   4   5   6

2.2Етісті оқытудағы инновациялық технологиялар

Қазіргі таңда білімге ерекше көңіл бөлінгендігі белгілі. Ол бүгінгі өскелең

өмірдің талаптарына сай маңыздылығымен ерекшеленеді. «Халықтың кемеліне

келіп өркендеуі үшін, ең алдымен азаттық пен білім керек» деп көрегендікпен

Шоқан   Уәлиханов   айтқандай,   халқымызды   кемеліне   келтіру   үшін

жастарымызды   білімді,   мәдениетті,   Отанын,   тілін   шексіз   сүйетіндей   етіп

дайындауға   -   әрбір   ұстаз   міндетті.   Қазақ   тілі   де   елімен   бірге   өзінің   қайта

өрлеуінің әрбір күні ғасыр жүгін арқалаған ауыр болса да – абыройлы, күрделі

кезеңін жүріп өтті. Ендігі мақсат өсіп келе жатқан жас ұрпақты өз Отанының

мемлекеттігінің кепілі – мемлекеттік тілді құрметтеуге баулу, оны оқып үйренуге

деген   қызығушылықтарын   арттыру   болмақ.   Оқу   үрдісінде  инновациялық

технологияны   тиімді   пайдалану   еліміздегі   түрлі   сала   бойынша   білім   алып

жатқан   оқушылардың   болашақ   бәсекеге   қабілетті   ертеңгі   маман   ретінде

дайындап шығаруға мүмкіндік береді. Педагогтар инновациялық технологияны

тиімді   пайдалану   арқылы   оқушылардың   өз   ойларын   жеткізе   білуін,

творчестволық   ойлау   қәбілетін   арттыруды,   бір-бірімен   оқушы   ретінде   емес,

іскерлік қарым-қатнаста болашақ маман ретінде қызмет барысында туындаған

өзекті   мәселелерді   бірлесіп   шешу   жолдарын,   ақпаратты   тиімді   пайдалану

әдістерін үйретеді. Білім беру әдістеріне педагогика теориясында: «...Білім беру

әдістері   оқушылардың   білім   мен   білігін,   олардың   практикалық

дағдысынқалыптастыру   жолындағы   мұғалімнің   жүргізетін   жұмыстарының

тәсілі  және  оқушылар  жүргізетін   жұмыстыңмұғалімнің  басшылығымен  орын

далатын   тәсілі»   деген   анықтама   берілген.  Әдіс   -   белгіленген   оқу   мақсатына

жету үшін мұғалім мен оқушы іс-әрекетінің үйлесу тәсілі немесе мұғалімнің

оқушыларды білім және білікпен қаруландыратын құралдары мен тәсілдерінің

жиынтығы,   ал   тәсіл   -   әдісті   құрайтын   әлементтер.   Оқыту   әдісі   -   оқытудың

мақсатын, міндеттерін, шет тілін оқытудың мазмұнын тудыратын және оларға

жетудің   оқыту   кезеңдері   мен   шарттарына   сәйкес   тәсілдерін   айқындайтын

оқытудың   бағыты.   Әдіс   –   ілім,   зерттеу   жолы,   көздеген   мақсатқа   жетудің

бірыңғайланған тәсілдері, тәртіпке келтірілген қызмет жүйесі. Оқыту әдістері

білімдік,   тәрбиелік,   дамытушылық,   уәждемелік   қызмет   атқарады,   сондықтан

әдістерді сабақтың  дидактикалық мақсаттарына сәйкес тиімді қолдана білудің

маңызы зор. Жалпы тілді оқыту мен үйретуде бір ғана әдісті қолдану мүмкін

емес. Бұл жөнінде Қ.Жақсылықова: «Қазақ тілін оқыту – көп факторлы және әр

жақты   құбылыс.   Сондықтан   тілді   оқытудың   жалғыз   әмбебап   бір   ғана   тірек

әдісін   қолдану   мүмкін   емес.   Шынтуайтына   келгенде   жалпы   оқытудың

60


ешқандай да бір әмбебап әдісі жоқ және бұл да мүмкін емес екенін тәжірибе

дәлелдеп тұр», - деп жазды. [26].

Соған   байланысты   қазақ   тілін   оқыту   әдістемесінде   ғалымдарымыз

әдістердің тұтастығы, бірлігі, жиынтығы мәселесін көтере бастады. Олар тілді

оқытуда бірнеше амал-тәсілдерді аралас қолдану оқу үдерісінің нәтижелілігін

арттыруға,   білім   сапасын   жоғары   деңгейге   көтеруге   ықпал   ететіндігін   атап

көрсетті. 

Әдіскер ғалым К.Назарғалиева оқыту процесіндегі негізгі мақсат - таным-

білімді меңгеру және меңгерту, оқытушы мен оқушының әрекеттерінен тұрады,

сондықтан   оқыту   әдістерін   саралауға   өзге   емес,   осы   қағида   басшылыққа

алынуға тиісті деп, оқыту әдістерін екі топқа бөліп топтастырады. 

-

Оқыту әдістері: ауызша баяндау, информациялық хабарлау, түсіндіріп оқыту,



әңгімелеу, демонстрациялау, экскурсия, тексеру, жүйелеу, бағалау.

-

Оқу   әдістері:   әңгімелесу,   оқулықпен,   кітаппен,   қосымша   материалмен



жұмыс,   жоспарлау,   тапсырманы   орындау,   бақылау,   зерттеу,   қайталау,

графикалық жұмыс, жаттығу, оқыған материалын баяндау.

Инновациялық білім беру – іскерліктің жаңа түрі. Инновациялық қызмет

оқу   ісін   дамытуға,   пәндердің   мәнін   тереңдетуге,   оқытушының   кәсіптік

шеберлігін арттыруға басқа жаңа технологияларды енгізуге, пайдалануға және

шығармашылық   жұмыстар   жүргізуге   бағытталған.   Мұндай   технологияларды

қолдану - біріншіден, оқытушы ұтады, яғни ол сабақты тиімді ұйымдастыруға

көмектеседі,   оқушының   пәнге   деген   қызығушылығы   артады,   екіншіден   –

оқушы   ұтады,   себебі   оның   тақырып   бойынша   танымы   кеңейеді.   Оқытудың

интерактивті   әдісі   оқу   –   ағарту   саласындағы   жаңа   ұғым   емес.   Бұл   әдіспен

көптеген оқушылар мен оқытушылар таныс. Оқытудың бұл әдісінің тиімділігін

қазіргі таңда көптеген оқу орындары мойындап отыр. Оқытудың интерактивті

әдісінің   мақсаты,   оқушылардың   тек   жеке   және   ұжымдық   қәбілетін   арттыру

емес,   сондай-ақ,   олардың   ақпараттарды   дұрыс   қабылдап,   оларды   бағалау,

ақпараттарды талқылауға қатысу, толғандырған мәселелер бойынша шешімдер

шығару, өз ойын өзгелерге жеткізу арқылы көздеген бір мақсатқа жету болып

табылады.

1

  Оқытудың   интерактив   әдісі.   Интерактивті   әдісте   оқушы   да,



оқытушы да бір мезгілде оқытудың субъектісі болып табылады. Оқытушы тек

оқыту   үрдісінің   ұйымдастырушысы   ролін   ойнайды.   Оқу   үрдісінің   барлық

қатнасушылары бір-бірімен тығыз байланыста болады, сондай-ақ бір-бірі мен

ақпарат алмасып, өзекті мәселелерді бірлесіп шешеді. Оқушылар өз ойларын

ашық түрде жеткізіп, өзге оқушылардың атқарған жұмыстарына баға береді.

Оқушылар бір-бірімен іскерлік байланыста болып, болашақ маман ретінде алға

қойған тапсырманы бірлесіп шешеді. Интерактивті оқытуда сабақ өткізу кезінде

мұғалім кеңесші, серіктес  ролін атқарады. Ал топ белсенді түрде әрекет ете

отырып   бірін-бірі   қолдау   толықтыру   арқылы   сұхбат   құруға   үйренеді.   Екі

оқушының сұхбатына үшіншісіде араласа алады. Ол қарсы топтың оқушысы да

болуы   мүмкін.   Қарсы   топтан   болғандықтан   ол   сұхбатқа   өзінің   сұрағымен

немесе   екі   оқушының   сұхбатында   айтылмаған   тақырыпқа   қатысты   тың

дерегімен де  кіре алады.  Мұны полилог дейді.  Бұл білім алуды жеделдетеді

61


және   кездескен   қиындықтарды   жеңуге   көмектеседі.   Жаңа   технологияларды

меңгеру мұғалімнің зияткерлік, кәсіптік, адамгершілік, рухани, азаматтық және

басқа да көптеген адами келбетінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді, өзін-өзі

дамытып, оқу-тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі. «Өз еңбегін

талдай білген адам ғана тәжірибелі ұстаз бола алады»,–деген  В.Сухомлинскийдің

сөзін   оқытушының   талмай   ізденген   еңбегінің   нәтижесінде   ғана   көрінетіні

белгілі.   Қазіргі   кезде   ғылым   мен   техниканың   даму   деңгейі   әрбір   оқушыға

сапалы   және   терең   білім   беруіне   жағдай   жасап   отыр.   Оқытушы   баяндайды,

әңгімелейді, түсіндіреді, ал оқушы тыңдайды, қабылдайды, ойлайды, т.б. таным

әрекеттерін жасайды. «Жүз рет естігеннен, бір рет көрген артық» деген сөздерді

ескере   отырып,   сабақтарымызда   мүмкіншілігіне   қарай   мультимедиялық

проекторды пайдаланып отырсақ оқытушының ұтары мол деп ойлаймын. Тек

оларды   тиімді,   жүйелі   түрде   қолдану   оқытушының   шеберлігіне   байланысты

әрқилы   жүзеге   асырылуы   мүмкін.   Осы   технологияны   пайдаланудың   тиімді

тұстары:

оқушының пәнге деген жеке қызығушылығын оятады;



танымдық қабілеттілігін қалыптастырады;

этнопедагогикалық тәрбие береді;



оқушыны шығармашылық жұмысқа баулиды;

оқытушының уақытын үнемдейді;



қосымша мәліметтер береді.

Мультимедиялық проекторды пайдаланудың оқытушыға береріне келсек:



барлық баланы оқыту;

оқу-тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыруға көмектесу;



білім берудің формасын оңайландыру міндеттерін атқару;

оқушының жеке қабілетін айқындау, іздену.



Яғни,   әр   қазақ   тілі   сабақтарын   слайдтар   қолдану   арқылы   өткізсек,   әр

сабағымыздың өзінде оқушыларды тілге деген қызығушылығымызбен баурап

алатынымыз сөзсіз.

Әр   саланың   өз   жаңалық-жасампаздығы   болса,   біздің   тіліміздегі   тілдік

талдауларға   қажетті   жаңалықтың   бірі   –   сатылай   оқыту   технологиясы.   Тіл

білімінің   қай   саласы   болмасын   сатылап   талдануға   бағынады.   Сатылай

комплексті талдаудың маңызы зор деп ойлаймын:

-

оқушы материалды қалай меңгергендігі байқалады



-

оқушы білімін тұрақтандыруға көмектеседі

-

ізденуге жетелейді, қызықтырады



-

талдау нәтижесінде оқушылардың ойлау, есте сақтау қабілеті артады

-

өзіндік пікірі қалыптасады.



Біз   ұстаздар   қауымы   қандай   да   болмасын   жаңалыққа   құлақ   түре

жүретініміз   айқын.   Жаңа   технологияларды   сабақта   қолданудың   тиімділігін

қашан   да   жолға   қоярымыз   анық.   Соның   бірі   –   «Оқу   мен   жазу  арқылы   сын

тұрғысынан ойлауды дамыту» технологиясын сабақты жоспарлауды  қолданудың

тиімділігіне тоқталсам. Мұнда әр оқушының ойы шыңдалып, өз даму деңгейіне

62


сай жетістіктерге жетуге болады. Сын тұрғысынан ойлау жобасы мынандай үш

құрылымнан тұрады:

-

қызығушылықты ояту;



-

мағынаны тану;

-

ой-толғаныс.



Бұл   технологияда   бұрынғы   білім   мен   жаңа   ұғым   ұштастырылады.   Ал,

соңғы кезеңде оқушы өз шығармашылығынан қабілетін таныта алады. Мұнда

оқушыға   ойланып-толғануға   уақыт   берілуі   керек,   ойын   айтуға   оқушы

шығармашылығын қалыптастыратынын атап өту керек.

«Мағынаны   тану»   кезеңінде   оқушыларды   топқа   бөлу   арқылы   сұрақтар

дайындап, оны «Кубизм» стратегиясы арқылы жүзеге асыруға болады. Сұрақтар

үш   деңгейде   әзірленеді.   Дайындалған   сұрақтарға   оқушылар   өз   ойларымен

жауап бере отырып, бұл сұрақтар оқушылардың деңгейіне сай топтастырылған

немесе   сұрақтардың   өзін   сұрыптауда   «Жуан   және   жіңішке   сұрақтар»

стратегиясын   оқытушы   жүзеге   асырады.   Осы   кезеңде   «Түртіп   алу   кестесі»

бойынша да жұмыстану арқылы қорытынды шығаруға болады:

Бұл   технологияның   келесі   бір   кезеңі   –   ой-толғаныс.   Мұнда   «Венн»

диаграммасын қолдану арқылы тақырыптардың ұқсастығы мен айырмашылығын

көрсетуге болады. Осы кезеңде оқушылардың тілдік  дағдыларын   қалыптастыру

мақсатында сабақ тақырыбына байланысты «Дебат» яғни, пікір-сайыс өткізуге

немес «5 минуттық эссе» жаздыруға болады. Мұндағы мақсат – оқушылардың

өзіндік   көзқарасын   қалыптастыру.  Сол  эссе   жазғанда   сабаққа   қабілеті   төмен

деген оқушылардың өзі 5-6 сөйлемнен тұратын ойын жазса, соның өзі оқушыны

сабаққа тарта білгеніміз.

Ұстаз үшін ең негізгі мақсат – әр сабақты тартымды, тиімді, түсінікті етіп

өткізу.   Оны   жүзеге   асырудың   бір   жолы   –   заман   талабына   сай   ақпаратты

технологияларды қолдану. Қазақ тілі мен әдебиетін оқытудағы негізгі мақсат –

оқушыларды   қазақ   тілінде   оқи,   жаза,   түсіне,   сөйлесе   білуге   үйрету,

дағдыландыру; қазақ халқының әдеби мұрасының озық үлгілерімен басқа тілді

оқушыларды таныстыру. Бұл мақсатты жүзеге асыру үшін оқытудың инновациялық

әдістерін қолдану тиімді.

Профессор  Н. Оралбаева,  К.  Жақсылықова «Орыс  тіліндегі  мектептерде

қазақ   тілін   оқыту   әдістемесі»   оқулығында   қазақ   тілін   оқытумен   байланысты

мына әдістерді көрсетеді: баяндау, түсіндіру, ойландыру, жалқылау, жалпылау,

әңгімелесу, еліктеу, жаттығу, ана тілімен салыстыру, көрнекілік, топ, экскурсия

әдісі.

Ж. Сүлейменова әдістерді жалпыдидактикалық және жеке пәндік деп екі



топқа бөліп қарастырады: Жалпыдидактикалық топқа ауызша хабарлау немесе

сөз   әдісі   (баяндау,   түсіндіру,   әңгімелеу,   пікірталас,   дәріс);   көрнекілік   әдісі

(иллюстрациялау, демократиялау), бейне әдіс (электронды оқулық), практикалық

әдіс (жаттығу, тәжірибе жасау, экскурсия), кітаппен жұмыс жасау әдісін жатқызады.

Жеке   пәндік   топқа   ана   тіліне   сүйену   немесе   салыстыру   (еліктеу,   аударма,

грамматикалық   талдау,   коммуникативті-ситуативтік,   драматизациялау);

63


лингвистикалық сөздіктермен жұмыс (сан әдісі);  апроксимация, грамматикалық

ойын әдісін жатқызған.

Модульмен   оқыту   –   жеке   бағдар,   жеке   нысана.   Әрбір   оқушының   жеке

басының   дамыуына   кәсiби   бiлiктiлiгiн   көрсетуге,   оқу   үрдiсiн   жекелендiруге,

бiлiм   деңгейiн   саралауға   бағытталған   оқу   жүйесi.   Модульдi   оқыту   1960

жылдардың   аяғына   қарай   шет   елдерде   пайда   болады.   Американ   ғалымы

J.N.Poslethwait   оқу   материалының   мазмұнын   аз   порциямен   (единицамен),

дербес   тақырыптармен   берудi   ұсынады.   Алғашында   ғалым   бұл   единицаны

«микрокурс», кейiнен «миникурс» деп атады.

Бұл   курстардың   мазмұны   мен   көлемi   пәндi   оқытудың   дидактикалық

мақсатымен анықталады. Оқытудың жаңа үрдiсi педагогтiк тәжiрибеге ене келе

«модуль», «модульдi оқыту» болып қалыптасты.

Кесте   2   -   Қазақ   тілін   оқытуда   қолданылатын   инновациялық   белсенді

әдістер. 



Оқу үдерісінің

құрылымдық-

мазмұндық

буындары

Оқытудың инновациялық белсенді әдістер

мазмұнының жалпылама сипаты

Мақсаты

Мамандыққа баули оқыту;

Кәсіби жағымды уәж тудыру;

Сапалы нәтижеге қол жеткізу;

Шығармашылық белсенді тұлға қалыптастыру;

Тілдік тұлға қалыптастыру;

Ақпараттық, қатысымдық құзыреттерін 

қалыптастыру



Оқыту әрекеті

Кеңесші, ақылшы;

Көмекші, ұйымдастырушы;

Бақылаушы, бағалаушы;

Жетекші, сыншы;

Демеуші, жанашыр;

Коммуникативтік тренажер

Үйренуші әрекеті

Белсенді субъект;

Белсенді қатысымға мұқтаж, бейім тілдік тұлға;

Өзін-өзі дамыту;

Шығармашыл, жасампаз тұлға;

Әрекет субъектісі;

Өзін-өзі тексеру;

Өзін-өзі басқару



Өзара әрекет

Ізгілік;


Ынтымақтастық;

Өзара көмек;

Еркіндік;

Психологиялық микроклимат;

64


Субъект-субъектілік қарым-қатынас әрекеті;

«Компьютер – студент» диалогы

жалғасы  - Кесте 2

Оқу үдерісінің құрылымдық-

мазмұндық буындары

Оқытудың инновациялық белсенді

әдістер мазмұнының жалпылама

сипаты

Оқытуды ұйымдастыру

формасы

Интерактивтік дәріс;

Бейне дәріс;

Ақпарат-семинар;

Қатысымдық ойындар;

Жағдаяттық тапсырмалар;

Интерактивті өзара әрекеттер;

Сергіту сәттері



Оқыту әдістері мен

технологиялары

Коммуникативтік (қатысымдық) әдіс;

Жеделдете оқыту әдісі;

Сүңги оқыту әдісі;

Натуралдық әдістің тиімді әлементтері;

Суггестопедиялық әдістің әлементтері;

Миға шабуыл;

Интерактивті;

Проблемалық-зерттеушілік;

Пікірталас;

Дидактикалық оқу ойындары;

Әвристикалық, жобалау

Деңгейлік оқыту;

Ақпараттық

 

коммуникациялық



технологиялар;

Модульдік оқыту технологиясы;

Дамыта оқыту технологиясы;

Сыни тұрғыдан ойлау технологиясы



Оқу формасы

Жұптық, топтық;

Ұжымдық;

Тұлға аралық қарым-қатынас



Оқытудың техникалық

жағынан қамтамасыз етілуі

Компьютерлер желісі;

Мультимедиалық проектор;

Интерактивті тақта;

Бейне-дыбыстық таспа жазулары;

Мультимедиалық оқыту 

бағдарламалары;

Электронды оқу құралдары;

Интернет желісі;

Электронды білім беру порталы;

Электронды оқытушы парағы;

Іp-Хелпинг; 

65


Электронды кітахана қоры

жалғасы  - Кесте 2



Оқу үдерісінің құрылымдық-

мазмұндық буындары

Оқытудың инновациялық белсенді

әдістер мазмұнының жалпылама

сипаты

Білімді тексеру, бағалау

Үздіксіз тексеру, объективті бағалау;

Өзара тексеру, Өзіндік тексеру, Тест;

Білім деңгейін анықтау компьютерлік 

бағдарламалары;

Аралық және қорытынды сынақтарды 

ұйымдастыруға арналған 

компьютерлік оқу бағдарламалары



Нәтижесі

Өте жоғары, материалды толық 

меңгеру.

Ақпараттық, қатысымдық, кәсіптік 

құзыреттердің қалыптасуы

Модульдi   материалының   бiр   единицасын   қамтитын   «оқу   пакетi»   деп   те

атады.   Модульдi   оқыту   жүйесi   ТМД   елдерiнде   ең   алғаш   рет   Литваның,

Вильнюстiң жоғары оқу орындарында оқу ғылыми мектебiнiң негiзiн салған

ғалым – П.Юцявичене.

 Ғалымның  «Теоретические   основы   модульного  обучения»  атты   ғылыми

еңбегi   модульдi   оқытудың   методологиялық   негiзiн   салуда,   принциптерiн

айқындауда,   теориялық   және   практикалық   мәнiн   көрсетуде,   оқытуды

ұйымдастыруда ең алғашқы iргелi зерттеу болып есептеледi. 

Модульдi оқытудың практикалық тұрғыдан тиiмдi екендiгiн Н.Д.Никандаров,

Л.А.Толкачева, Л.М.Твердин, Г.Овено, В.Оконь, т.б.  ғалымдар арнайы зерттеулерi

мен ғылыми мақалаларында атап көрсете бастады. 

Модуль   –   латынның   «өлшем»,   «шама»,   «мөлшер»   деген   сөзi.   Модуль   –

iрiленген мазмұнды дидактикалық бiрлiк. Ол зерттелiп отырған педагогикалық

құбылыстың мәнiн сипаттайтын ғылыми бiлiм жүйесiн өзара функциональдық

байланыстармен   қоса   ашып   көрсетедi.   Әрбір   сабақ   модуль материалды

қисынды графикалық түрде түсiндiрумен, мәлiметтермен қамтамасыз етуімен,

бiлімдi мәндендiретiн әдiстермен сипатталады. Сонымен модуль дегенiмiз – iрi

блок, бөлшек, дидактикалық бiрлiк, шама, мөлшер. Яғни оқу үрдiсiне енгiзудiң

негiзгi мақсаты:

– оқытудың тиiмдi жолдарын қарастыру, 

– пән мазмұнын тереңiрек меңгерту;

– бiлiм алушылардың өз бетiмен iздену қабiлетiн қалыптастыру, т.б.

Оқу үрдiсiне модуль жүйесiн енгiзу үшiн оны дұрыс ұйымдастыру қажет.

П.   Юцявичене   модуль   жүйесiн   ұйымдастыруда   екi   нәрсеге   көңiл   бөледi. 

Оқытуды жекелендiру (индивидуализация обучения). 

66


Бiлiм   алушылардың   дербес   жұмыс   iстеуiне   мүмкiндiк   жасау.   Оқытуды

жекелендiрудi   бiлiм   берудiң   мазмұнына,   меңгеру   темпiне,   меңгерудiң

жолдарына,   тексеруге,   педагогтiң   қарым-қатынасына   қарай   қарастырады.

Оқытуды   жекелеу   -   әр   оқушы   бiр-бiрiне   байланыссыз   жеке   бiлiм   алу   емес. 

Әрбiр   жеке  тұлға   –   ұжымның   бiр   бөлшегi.   Жекелеу  материалдың   мазмұнын

бiлiм   алушылардың   жеке  бастарынан   ерекшелiктерiне:   ойлауы,   бiлiм,   дағды,

iскерлiктерiне, жұмыс iстеу қабiлетiне белсендiгi мен пәнге қызығушылығына

негiздеу; оқытудың мазмұнын белгiлi бiр жеке мақсатқа құру; оқытудың темпiн

студенттiң   жеке   басының   игеру   қабiлетiмен   байланыстыру;   т.б.   Модульдiң

мазмұнын   құрастыру.  Модуль   мазмұнын   құрастыруда   модульдiк,   әдістемелiк

және   информациялық   материалдардың   тиiмдi   берiлу   принципi   басшылыққа

алынады. Мұндай модуль материалдарының логикалық жалғастығы, пәнаралық

байланыс ескерiледi. Модульдiң мазмұны логика-құрамдық схемаға негiзделiп

құрастырылады.   Модульдiң   мазмұнын   құрастыруда   бiлiмнiң   берiк   болу

принципi   де   басшылыққа   алынады.     Бұл   мақсатта   қайталау   материалдары

берiледi.   Қайталау   –   оқу   арқылы   алған   бiлімдi   бекiту,  толықтыру,  жүйелеу

болады. Сонымен қатар оқу тапсырмаларына да көңiл бөлiндi. Модульде қатар

оқу тапсырмаларының (үй тапсырмасы деп бердiк) мақсаты – оқушының пәндi

тереңiрек   меңгеруiне,   кәсiптiлiгiн   арттыруға,   педагогтiк   шеберлiгiн

қалыптастыруға мүмкiндiк жасау. Оқу – оқушының бiлiм алудағы әрекетi. Бұл

әрекеттi В.П.Беспалько екiге бөледi: репродуктивтi және өнiмдi (продуктивтi).

Үй   тапсырмаларын   орындауда   әрекеттiң   екi   түрi   де   қолданылып   отырады.

Негiзгi көңiл бөлгенiмiз - өнімдi әрекет. Өнiмдi әрекет оқушы жаңа информация

алады,   жұмысты   орындауда   жаңа   әдiс   –   тәсiлін   үйренедi.   Өнiмді   әрекет

материалды   игерудi   3(аңғару),   4   (практикада   қолдану),   5(творчествоға

айналдыру)   деңгейлерiне   негiзделдi.   Оқу   процесiн   басқару   және   оны

әдiстемелiк жағынан қамтамасыз ету. Модульдi оқытуда оқу әрекетiн басқару

және оны әдiстемелiк жағынан қамтамасыз ету маңызды орын алады. Модульдi

оқытуда   оқытушы   мен   оқушы   субъект   –   субъектiлiк   қатынаста   болады.

Оқытушы   негiзiнен   кеңесшi,   ұйымдастырушы   қызметiн   атқарады.   Оқытушы

өзiнiң   басқарушылық   қызметiн   модуль   бағдарламасы   арқылы   iске   асырып

отырады. Модуль бағдарламасы арқылы оқытушының басқарушылық қызметi

өзiне - өзi басқаруға айналады. Яғни басқару дами келе өзiн - өзi басқаруға

ұласады. Материалды меңгеру, игеру екi жақты процесс. Мұнда бiлiм берушi

(басқарушы) және бiлiм алушы (басқарылушы) жақтар бiрлесiп жұмыс iстейдi,

әрекеттенедi.   Өзiн   -   өзi   басқарумен   оқу   процесiн   жүйелеп   отыру   үшiн   оны

әдiстемелiк жағынан қамтамасыз етiп отыру қажет. Әдiстемелiк қамтамасыз ету

дегенiмiз:

материалды   тереңiрек   игеруге   бағытталған   иллюстрациялық

материалдардың берiлуi.

– теориялық материалдың нақтылығы, мақсатының айқындығы,

– қосымша әдебиеттердiң қамтылуы, т.б. 

Модульдi оқытуда керi байланысты iске асыру үшiн 3 түрлi мiндеттi шешу

керек (П. Юцявичене).

67


– Керi байланыстың мазмұнын анықтау, яғни тексерiлетiн оқу элементтерiнiң

жиынтығын анықтау.

– Меңгерудiң сапасын көрсететiн диагностика жасау.

– Керi байланыстың жиiлiгiн анықтау

Бiрiншiсi модульдiң дидактикалық мақсатымен байланысты. Дидатикалық

мақсатты   ашатын   барлық   оқу   элементтерi   тексерiлуi   тиiс.   Диагностика

оқушыдан   талап   ететiн   бiлім,   дағды,   iскерлiктiң   көлемiн,   тереңдiгiн   өлшеу,

соған орай бағалаумен байланысты.

 Модульдi   оқыту   –   оқу   процесiн   активтендiретiн,   оқушылардың   бiлiм,

дағды, iскерлiктерi мен кәсiби шеберлiгiн қалыптастыратын оқытудың тиiмдi

бiр нысаны. Модульдi оқыту өз мақсатына жетуi үшiн оған қажеттi жағдайлар

жасалуы   қажет.   Ол   үшiн,   ең   алдымен,   оқу   процесiн   модульге   құру.  Ал   әр

модульдiң сапасы, мазмұнды құралуы үшiн:

– модульдiң мазмұны жалпы дидактикалық мақсаттан шығуы;

– әр оқу элементтерiнiң мақсатының айқындылығы:

– әр оқу элементтерiн тексерудiң формасының нақты берiлуi;

– оқу әрекетiн басқару жүйесi;

– тексеру нысандары анықталуы тиiс.

Модульдi оқытуда ең қиын да, маңызды мәселе әр модульдiң мазмұнын

құрастыру,  элементтерiн   анықтау.  Ол   үшiн   мынадай   бiрiздiлiк   сақталынады:

нақты   мақсат   айқындалып,   соған   орай   модульдiң   аты   белгiленедi,   жеке

дидактикалық мақсаттар анықталып, модульдiң логика –құрылымдық схемасы

жасалады, оқытудың нәтижесi айқындалады; қайталау элементтерi берiледi, ол

әр модульдiң алдында орналасады,  оқытудың мазмұны құрастырылады; әр оқу

элементiн тексерудiң сипаты анықталады; басқару жүйесi салынады.

Модульдi оқытуда тексерудiң тест әдiсi кеңiнен қолданады. Осы модульдік

оқытудың   теориялық   түсініктері   мен   оқытушы   үшін   қажет   жақтарын   ескере

отырып 6-сыныпта етістіктің етіс категориясын оқытудың бір сағаттық үлгісіне

талдау жасадық.

Қазақ   тілін   оқыту   –   қиын   да   қызық   жұмыс.   Қазіргі   кезде   қазақ   тілін

оқытатын мамандарға қойылатын талап жаңа технологиялық әдістерді қолдана

отырып,   сапалы   білім   беру.  Олардың   ойлау,   есте   сақтау,   көру   қабілеттерін

жетілдіру және танымдық күшін қалыптастыруға жағдай жасау, оқытушының

жеке басының интелектісін, оқу әрекетін, өтетін тақырып мазмұнын аша білу. 

Білім   негізінен   пән   арқылы   берілгендіктен,   әр   пәнді   заман   талабына   сай   өз

деңгейінде   игерту,  қай   кезде   болмасын,   ең   маңызды   мәселе   болып   келгені

даусыз. Технология мен әдістеменің мақсаты бір – «қалай оқыту мәселелерін

қарастырады».Интерактивтік әдісі – оқыту әдісінің өзара қатынасқа батып кетуі

(оқушы белсенділігінің мұғалім белсенділігінен жоғары болуы). Интерактивті

әдіс  – мұғалім мен  оқушының қарым-қатынасының  мейлінше  артуы. Қазіргі

таңда   оқыту   технологиясы   туралы   екі   пікір   қалыптасып   отыр.   Бірінші,

«технология – өнер, шеберлік» деген ұғымның синонимі ретінде аталады, яғни

«педагогикалық шеберлік» деген ұғымды білдірсе, екіншіден, «білім беру ісін

технологияландыру сол арқылы жоғарғы сапалы өнім алу, ғылым мен өнердің

68


синтезі»   деген   мағынаны   білдіреді.   Өндірістегі   технология   сапалы   жаңа   бір

нәрсе   жасап   шығаруды   нақты   мақсат   етіп   соған   жақсы   материал,   шикізат

іздейді,   оның   жобасын   конструкциясын   жасайды,   жоғары   сапалы   құрал-

жабдықтарын   әзірлейді.   Педагогикалық   технология   үшін   баланың   жеке   бас

ерекшелігін білу, білімді соған қарай бағыттай беру ең басты мәселе. Білімді

тұлғаға   қарай   бағыттау,  белсенді,   жан-жақты   дамыған   өзіне   сенетін,   өмірге

икемді   тұлға   қалыптастыру   болып   табылады.   Жаңа   педагогикалық

технологияларды қолданысқа енгізуде оқу-тәрбие үрдісінің қолайлық жағдайын

туғызу оның базалық қорын жасау – жұмыс сапасының негізі болып табылады.

Біздің бүгінгі мамандық жұмысымызда – морфологияға тиісті сөз таптарының

бірі етістіктің етіс категориясын теориялық түсініктерімен қатар, жаңаша сабақ

өту   жолдары   көрсетіліп   берілді.   Бұл   жұмыста   етістіктің   етіс   категориясы

туралы толық теориялық түсінік бере отырып, оны оқушы ұғымына жеткере алу

әдістерін сөз еттік. Кіріспеде зерттеліп отырған жұмысымыздың мақсаты мен

міндеттері,   зерттеу   объектісі,   қазіргі   таңдағы   жаңа   педагогикалық

технологияның  сабақ барысындағы  тиімділігі,  маңызы,  тілдік ерекшелігі, тіл

біліміндегі   орны,   олардың   қолданылу   аясы   жайлы   кең   сөз   етілді.   Бірінші

тараудың бірінші бөлімінде етістіктің етіс категориясын, оның өзіне тән болған

белгілері,   өзгешеліктері   теориялық   мәліметтермен   берілді.   Етiс   –   етiстiктiң

ерекше   категориясы.   Әдетте   етiс   қимыл,   iс   -   әрекеттi,   субъектi   мен   объектi

арасындағы (семаникалық – синтаксистiк сипаты) әр түрлi қатынасын бiлдiрiп,

белгiлi   қосымшалар   жүйесi   арқылы   жасалатын   етiстiк   категориясы   деп

анықталады.   Етіс  категориясы   деп  амалдың  субьекті  мен  обьектіге қатысын,

сондай-ақ   керісінше   субьекті   мен   обьектінің   амалға   қатысын   білдіретін

формалардың   жүйесін   атаймыз.   Бұл   формаларда   сөз   тудыру   қабілеті   де,

сөйлемдегі сөздердің синтаксистік құрылысын өзгерту қабілеті де болады.  Етiс

категориясының   семантикалық   (лексика   –   грамматикалық)   сипаты   қазақ   тiл

бiлiмiнде арнайы зерттелсе де, әлi тұрақты бiр пiкiр жоқ. Зерттеушiлердiң бiр

тобы   етiс   тұлғаларын   сөзжасам   қосымшаларының   қатарына   жатқызады.

Етістіктің   етіс   категориясы   жайлы   зерттеушілер   А.   Хасенова,   А.   Қалыбаева,

И. Маманов,   А.   Ысқақовтың   пікірлері   көрсетіліп   берілді.   Екінші   бөлімінде

етістіктің   етіс   категориясының   бөлінуі   көрсетілді.   Етістер   жұрнақтарының

түрлеріне, олардың мағыналары мен қызметтеріне қарай төмендегідей бес түрге

бөлінеді: негізгі етіс, өзгелік етіс, ортақ етіс, ырықсыз етіс, өздік етіс.

1)   Негізгі   етістіктің   арнаулы   көрсеткіші   болмайды.   Оған   әрбір   түбір   я

туынды етістіктердің де, күрделі етістіктердің де негіздері жатады. Бар, кел,

сөйле, шөлде, ақта, арала, қарайла, оян қуан т.б.

2)   Ортақ   етіс   -с,   -ыс,   -іс   жұрнағы   арқылы   негізгі   етіс   формасынан

жасалады. Мысалы: айтыс, әкеліс, апарыс, қарас, таныс, көмек, көрсетіс т.б.

3) Өзгелік етіс -т, -тыр, -тір, -дыр, -дір, -қыз, -кіз, -ғыз, -гіз жұрнақтары

арқылы   және   сол   жұрнақтардың   қабаттаса   жалғануы   арқылы   негізгі   етіс

формасынан жасалады.

4)   Ырықсыз   етіс   -ыл,   -іл,   -л   жұрнағы   арқылы   жасалады.   Мысалы:   қой

қамалды, үй жиналды, жіп үзілді.

69


5)   Өздік   етіс   -ын,   -ін,   -н   жұрнағы   етістік   негізіне   жалғану   арқылы

жасалыды. Мысалы: тара-н, жу-ын, ор-ан ки-ін.

Етіс   категориясының   төрт   немесе   бес   түрінің   жасалу   жолдарына   тіл

біліміндегі   зерттеушілердің   таласты   пікірлеріне   салыстыру   негізінде   талдау

жасалды. 

Екінші   тараудың   бірінші   бөлімінде   қазіргі   таңдағы   заманға   сай   білім

саласындағы сабақ өтудің жаңа интерактив әдістері, инновациялық технология

жайлы сөз етілді. Қазіргі таңдағы заманагөй технологиялардың әдістері мәтiн

тануда   «Ой   шақыру»,   «Инсерт»,   «ББҮ»,   «Сахналық   қойылым»,   «Диалог»,

«Монолог», «Авторға хат жазу», «Кластер», «Венн диаграммасы», «Кубизм»,

«Семантикалық карта», «Тiрек сызба», т.б. элементтерiнен пайдаланып сабақ

өту жолдары көрсетілді. Етіс категориясын өтуде ұстаздың түрлі әдісті қолдана

отырып   сабақ   өту   жолдары   ізбе-ізділігі   сараланып   берілді.   Бұл   әдістерде

оқушыларға   теориялық   білімді   толық   түсіндіріп   болғаннан   кейін,   оларды

жаттығулар,   тест   тапсырмалары   арқылы   бақылау  үлгілері   көрсетіліп   берілді.

Етістің   бес   түрі   бар   екендігіне   байланысты   топардағы   оқушыларға   сол   етіс

түрлеріне арналған жұмбақтар шештіру, етіс түрлеріне байланысты сұрақтарға

әрбір топтың оқушысы жауап беріп, білімдері сыналады. Теориялық сұрақтарға

толық жауап алғаннан соң сергіту кезеңін өткереміз. Сергіту кезеңінде етістің

бес түріне байланысты Абай өлеңдерінен қатарларды табу, жаттығулар орындау.

Осылайша   тақырыпқа   байланыстыра   отырып   жаңа   әдіс-тәсілдерді   кеңінен

пайдаланып, айтар ойымызды оқушылармен бірлесе отырып шешіп отырсақ,

сабақтың   құны   артады.   Екінші   бөлімінде   етістіктің   етіс   категориясын

оқытудағы   жаңа   педагогикалық   технологияға   сай   модульдік   жүйе   әдісінен

пайдалана   отырып   жарыс   сабақ   жолдары   көрсетілді.   Ең   алдымен   модульдік

жүйенің   не   екендігіне   түсінік   беріліп,   одан   соң   оның   орындалу   кезеңдері

көрсетілді.   Модульдік   сабақ   түрінде   қарлы   кесек,   брейн-ринг,   өрмекшi,

сиқырлы   сандықша   ойын   түрлерінің   сабақ   өтуде   қолданылу   жолдары

көрсетілді. Сабақ нәтижесінде оқушының теориялық білімдері толығып, оны

практикалық   түрде   тапсырмалар   орындау  нәтижесінде   меңгеруге   ие   болады.

Бұл   әдістерде   оқушыларға   жаттығулар,   тест   тапсырмалары   арқылы   бақылау

үлгілері көрсетіліп берілді. Үшінші бөлімінде етістіктің етіс категориясының

бір түрі болған өзгелік етісті деңгейлік тапсырмалар арқылы оқушы ұғымына

жеткере білу жолдары көрсетілді. «Халықаралық тәжірибелерге сүйіне отырып,

қазақ   тілін   оқытудың   қазіргі   заманғы   озық   бағдарламалары   мен   әдістерін

әзірлеп, енгізу қажет. Мемлекеттік тілді тиімді меңгерудің ең үздік, иновациялық

әдістемелік,   тәжірибелік   оқу   құралдарын,   аудио-бейнематериалдарын   әзірлеу

керек»,- деген болатын Елбасы Н.Ә.Назарбаев.

Инновациялық әдістердің ең негізгісінің бірі –«интерактивті оқыту әдісі»

Бұл   әдістің   негізгі   қағидасы   –   педагогикалық   қарым-қатынас   пен   қарым-

қатынас диалогі арқылы жеке тұлғаны қалыптастырып дамыту. Интерактивті

оқыту   –   бұл,   ең   алдымен   оқушы   мен   мұғалімнің   қарым-қатынасы   тікелей

жүзеге   асатын   сұхбаттасып   оқыту   болып   табылады.   Интерактивті   оқытудың

мәнісі – кластағы барлық оқушы таным үрдісімен қамтылады, олар өздерінің

70


білетін   және   ойлайтын   нәрселері   арқылы   түсінуге   және   қарсы   әсер   етуге

мүмкіндік   алады.   Таным   үрдісінде,   оқу   материалын   игеруде,   оқушылардың

біріккен   әрекеттері   мынаны   білдіреді:   әр   оқушы   өзіне   тән   еңбегін   сіңіреді,

білім, идея, әрекет ету тәсілдерімен алмасу үздіксіз жүреді. Сонымен қатар, бұл

үрдіс   мейірімділік   пен   өзара   бір-біріне   қолдау   көрсету   аясында   болады.

Интерактивті әдіс қолдану кезінде мыналар ескерілуі керек:

– тұлғаның еркіндігі мен құқықтары сақталуы;

– өзін көрсете алуына жағдай жасау;

– педагогикалық қолдау көрсету.

Интерактивті   әдістерге   мыналар   жатады:проблемалық   шығарма   әдістері,

презентациялар,   пікірталастар,   топпен   жұмыс,   «миға   шабуыл»   әдісі,   сын

тұрғысынан   ойлау   әдісі,   зерттеулер,   іскерлік   ойындар,   рөлдік   ойындар,

«инсерт» әдісі, сахналау, тест сынағы әдісі, дебат, т.б.

Интерактивті   әдіске   сондай-ақ   әр   түрлі   көмекші   құралдарды:   тақта,

кітаптар, бейне материалдар, слайдтар, флипчартттар, постерлер, компьютерлер

және   т.б.   пайдалана   отырып,таныстырулар   жатады.   «Миға   шабуыл»   («ми

шабуылы», «ми штурмы» немесе «дельфи») әдісі бойынша берілген сұраққа әр

оқушы   жауап   бере   алады.   Маңыздысы   –   айтылған   көзқарасқа   баға   қоймау

керек,   барлық   жауап   қабылданады   және   әр   пікір   тақтаға   немесе   қағазға

жазылғаны дұрыс. Қатысушылар олардан негіздеме немесе түсініктеме талап

етілмейтінін   түсінулері   тиіс.   Бұл   әдісті   кері   байланыс   алу   үшін   қолдануға

болады. 


Қорыта   айтқанда,   келер   ұрпаққа   қоғам   талабына   сай   тәрбие   мен   білім

беруде   мұғалімнің   инновациялық   іс-әрекетінің   ғылыми-педагогикалық

негіздерін меңгеруі маңызды мәселелердің бірі. Өйткені жаңа педагогикалық

технологияны меңгеруге таярлау – мұғалімнің кәсіби білімін көтеруге таярлау

аспектісінің бірі және педагогтің жеке тұлғасын қалыптастыру үрдісіндегі іс-

әрекеттің нәтижесі болып табылады. Егер өткізілген жұмыстар бойынша мысал

келтіретін болсақ, төмендегідей болады: 

1-деңгейлік тапсырмасы. Шағын мәтін беріледі. Сөйлемдердiң құрамынан

өзгелiк   етiстi   терiп   алып,   олардың   түбiрi   мен   жұрнақтарын   дефис   арқылы

ажыратып жазыңдар.

«Қобыз сазы» тақырыбы әңгімесінен етістік  категорияларының  түрлерін

табыңыздар.

... Қобыз үні бейнебір жортқан аттың аяқ дыбысына түсіп, созыла беріпті.

Бір   кезде   үрген   ит,   ыңыранған   әлдеқандай   үн   елестеп,   күңгірт   қуаныш,

әлдекімнің наразылығы байқалып, байлаулы ат босанғандай, құбылып ұйтқыған

үн   бір   еркіндікке   шығып   самғаған   қырандай   қалықтап   біраз   отырды   да,

барынша   үнін   жіңішкертіп,   алуан   түрлі   құбылтып,   айрықша   көркем   бейнені

елестете отырып, ... ботасы өлген нардай боздап, иесіз қалған иттей ұлып, алуан

түрлі құбылып, үн қайғы мұхитына малыныпты да кетіпті. Бебеу қаққан қыл

сыңсып жылағанда әкем де, тоқым төсегінен тұрмай отырған жолдасы да езіліп,

көз жастары тамшылап жүре береді.(Қ. Әбдіқадыров).

71


2-деңгейлік   тапсырмасы.  Терме   диктант.  Берiлген   мақал   –   мәтелдерден

өзгелiк етiстердi терiп жаз.

Ер өтiрiк айтпайды,



Жоқтық айтқызады.

Ер асылық айтпайды,



Тоқтық айтқызады.

Ақыл көпке жеткiзер,



Өнер көкке жеткiзер. 

Өзен, су көлге жеткiзер,



Соқпақ жолға жеткiзер,

Жол молға жеткiзер.



Ақылды адам айтқызбай бiлер,

Ақ сұнқар қаққызбай iлер.

Ашу шабыстырады,



Ақыл табыстырады.

Елдестiрмек елшiден,



Жауластырмақ жаушыдан.

3-деңгейлiк   тапсырма.  Өлең   шумақтарынан   өздiк   етiстi   тауып,   өзгелiк

етiске айналдырып, сөйлем құраңдар.

1) Ағашқа қонып, қаранып,

Қанатын, жүнiн таранып,

Болмақшы едi мәз-мейрам.

2) Ісiндiң, кебiндiң,

Сонда да не пайда?

Түрi жат өгiздiң,

Сен қайда, ол қайда?

3) Төсi төмен салынған,

Бауыры iшке алынған,

Шоқтығы озат көрiнген

Қатар тұрған нарыннан.

Құлан дерсiң мүсiнiн

Қарап тұрсаң алдынан.

Отан қорғар ұлымның 

Мiнерiне осы ат

Лайық деп танылған.



4-деңгей.  1.   Етiстердi   қатыстырып   «Адамгершiлiк   –   асыл   қасиет»

тақырыбына ой-толғау жаз.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет