От – жылу, ыстық.
Көзімді алмай қарайтынмын егістікке телміріп,
Бірде шалқып, Бірде жанған, бірде өшкен оттарға – деген жолдарда оттың
физикалық қасиеттері мен ерекшеліктері өзектелсе, төмендегі жолдарда оттың
осы қасиетінен туындайтын сапалық белгісі /жылу көзі/ ауыспалы мәндегі
адам жанының суықтығына қарсы мәнде қойылады:
От жағып қоймайсың ба алаулатып,
Отыр ғой қабатыңа қырау қатып.
От – береке, бірлік. Ақын танымында от тіршіліктің, берекенің белгісі
ретінде көрініс тапқан:
От жанды, ас та келді алдарына,
Айналды жалғыз түтін малды ауылға
...........
Қызған еңбек әлі дағы тынбапты.
66
Жарқырайды түнгі ауылдың оттары
От – ошақ – отбасы. От пен ошақ ұлттық таным жүйесінде әрекеттестік
жақындығы жағынан қойындас ұғымдар болып табылады. Ақын өлеңдерінің
контекстінде от/ошақ пен отбасы ұғымдарының сабақтастық мәні айрықша
байқалады:
Оттары қайда ауылымның,
Ошақ та сөніп қалған ба?!
...........
Өкінбе, әке, отың бар сөнбейтұғын,
Ол мәңгілік жанады көрмей тыным.
От – мифтік танымның символы. Ақынның өлең жолдарында от тек қана
физикалық құбылыстың көрінісі емес, сонымен қатар, мифтік санамен тікелей
байланысы бар бейне ретінде де көрініс табады:
Отқа тарт, түнгі жолаушым!
От жанған жерде ошақ бар,
Барарсың, мүмкін, қонарсың
Отқа тарт, отқа, жолаушым,
Жоғалсын үрей, жоғалсын!
.......
Әкеліп үрей кімдерге,
Әкеліп үміт кімдерге
Жанады оттар түндерде – деген жолдардағы от – жарық көзі –
қараңғылық бинарлық жұбын құрай отырып, қараңғылық – мифтік қара күштер
– жамандық ассоциациялық тізбегімен шендесе келе, оттың қара күштерден
қорғаушы мәні өзектеледі. Мұқағали Мақатаевтың тілдік қолданысындағы от
лексемасының концептілік жүйе түзуі ақын дүниетанымының ұлттық таным
дүниесімен сабақтастығынан туындап отыр.
Пайдаланған әдебиеттер тізімі:
1.
Большой англо-русский словарь. - М.: Наука, 1987.
2.
Аскольдов-Алексеев С.А. Концепт и слово // Русская речь. -М.: Наука,
1986.
3.
Лихачев Д.С. Концептосфера русского языка // ИАН СЛЯ. 1983. Т.52,
№1.
4.
Стернин И. А. Может ли лингвист моделировать структуру концепта? //
Когнитивная семантика: Материалы 2-ой международной школы-
семинара по когнитивной лингвистике. Ч. 2. Тамбов, 2000.
5.
Кубрякова Е.С. Язык и знание. М., 2004. С.372-375.
6.
Степанов Ю.С. Константы: Словарь русской культуры. Опыт
исследования. М.,1997.
7.
Рысберген Қ. Онимдік концептіні моделдеу тәжірибесі //Қазақ тіл білімі
мен түркологияның өзекті мәселелері. І Кеңесбаев, М.Балақаев,
Ғ.Мұсабаевтардың 100 жылдығына орай өткізілген Халықаралық
конференция материалдары. Алматы, 2007
67
8.
Әмірбекова А. Көркем мәтінге концептілік талдау үлгілері // Тілтаным
2005, №3
9.
Уәлиханов Ш. Таңдамалы. Алматы: Ғылым, 1996.
10.
Махмұд Қашқари . Түркі сөздігі. 3 томдық. Т. 1
11.
Қоңыров Т. Тұрақты теңеулер сөздігі. Алматы: Арыс, 2007.
12.
http://ikitap.kz/book/m_makataev_olender_jinagi
Резюме
В статье рассматривается методические проблемы концептуального
анализа и концептосфера лексемы «огонь».
Summary
Methodical problems of the conceptual analysis and концептосфера lexemes
"fire" is considered In article.
ЛИНГВИСТИКАЛЫҚ ТЕРМИНДЕРДІ ҚАЛЫПТАСТЫРУДАҒЫ АЛАШ
ЗИЯЛЫЛАРЫНЫҢ ПІКІР-КӨЗҚАРАСТАРЫ
Мазибаева Ж.О. -
Абай атындағы ҚазҰПУ
Қазақ тілі теориясы және әдістемесі
кафедрасының аға оқытушысы
1910 – 1930 арасында қазақ елінің зиялы қауымы ұлттық тілдің дамуын
негізге ала отырып, білім және өнер салаларына арналған дәстүрлі еңбектерін
жаза бастады. Осы уақыт аралығында білім және өнер саласында көптеген
еңбектер жазған А.Байтұрсынұлы, Ш.Құдайбердіұлы, Х.Досмұхамедұлы,
Ж.Күдерин, М.Дулатов, М. Жұмабаев, С.Қожанұлы, Е.Омарұлы, Т.Шонанов,
Н.Төреқұлов сияқты қазақ зиялылары болды.
Әртүрлі салаларда қазақ тілінде кітап жазу және басқа тілдерден
аударылуы нәтижесінде онда көптеген терминдердің енгізілгенін байқауға
болады. Бұл оқу құралдары терминдердің қалыптасуына тікелей ықпал етті.
Алғашында термин жасаудың белгілі бір құралы, қағидаты мен тәсілі
болмағандықтан термин жасау қиын және шиеленіскен іс болды, сонымен қатар
қазақ зиялылары үшін ауыр жүкке айналған міндет еді.
Қазақ зиялылары жазған мақала, кітаптарында бар күшін салып қазақ
тілін және оның сөздік қорын дамытуға атсалысты. Қазақ тілінің сөз қорының
терминдену барысында ең ұтымды тәсілдерді шығарып, оларды осы тәсілдерге
қатысты етіп, қазақи ұлттық сана сезімді қалыптастырды. Әуелі қазақ
зиялыларының І Ұлттық ғылыми конференцияда, кейін 1926 жылы Бакуде
Бүкілодақтық түркологтар жиынында халықаралық терминдер мәселесінде
қазақ тілінің барлық мүмкіндіктері қолданылғаннан кейін, туыс тілдердің де сөз
қорының қолданылу барысында ұлттық терминдердің жасалу қағидаларын
шығарды [1].
Қазақ
терминологиясын
зерттеушілердің
барлығы
дерлік
А.Байтұрсыновтың пікірі мен оның жазған еңбектерінде көрсетілген қазақ
68
тілінің терминдену үдерісіне белсенді түрде қатысты және кейін де сол бағытта
жұмыс істеді.
Х.Досмұхамедұлы өз зерттеулерінде лексика, грамматика, фонетика,
аударма, тіл, тарих салаларына байланысты мәселелер жөнінде құнды пікірлер
қалдырған. Ғалымның тіл біліміне қатысты онға жуық еңбегін атап өтуге
болады. «Қазақ-қырғыз тіліндегі сингармонизм заңы» [2,229] деген еңбегінде
ғалым қазақ тіліне терминдерді басқа тілдерден орынсыз қабылдамау, алған
күнде тілдің өз заңына сәйкестендіріп қабылдауды ұсынады. Кірме
қосымшаларды үндестік заңына бағындырып қолдану керектігін айтады.
Дыбыстардың құрамын, түрлеріне қарай оларды дауысты, дауыссыз, дәнекер
дыбыс, жарым дауыстылар, жарты дауысты, жуан дыбыстар, жіңішке
дыбыстар деп бөліп атайды.
Х.Досмұхамедұлы фонетикалық терминдерді жалаң және күрделі деп бөліп
қарастырады. 1. Жалаң атаулар: дыбыс, буын, басу (екпін), дауыссыз, дауысты,
демеу, әндесу//үндесу, дыбыстарды екілетіп айту, дыбыстарды қосарлатып
айту, ереже, шолақ (у) т.б.; 2. Тіркес атаулар: дауыстылар гармониясы, жарым.
дауысты, дәнекер дыбыс, бас буыи, бітеу буын, шала кос дыбыс, саңыраулау
естілеу, жіңішке сөз, жақша белгісі, ағайындас дыбыс, жат харіф т.б.
Лексикалық терминдер: меншікті түпкі сөз, еуропа сөздері, жуан сөз, сөз
өзгерісі, шала сіңген сөздер, жат сөздер т.б.
Емлеге байланысты терминдер: әліфбе//әліппе, дәйекші, ноқат, апостроп,
сәкін, үтір, сызықша т.б.
Морфологиялық терминдер: 1. Жалаң атаулар: етістік, сарф, көсемше,
тәуелдік, тұкыл, түбір, демеулік т.б.; 2. Тіркес атаулар: ниетті көсемше,
ұйғарынды есімше, үнемді көсемше, асыл нұсқасы, туынды демеу, билік рай, т.б.
Жалпы тіл біліміне қатысты терминдер: халық тілі, "шатақ тіл",
жалғамалы тіл, хүкімет тілі, казақ тілінің заңдары, ғылым тілі, т.б. [3].
Аталған терминдердің көпшілігі осы күнде қолданылады, ал бірен-саран
атаулар қолданыста жоқ. Мәселен, дәнекер дыбыс, ниетті көсемше, жарым
дауысты, ұйғарымды есімше, екілетіп айту, т.б.
Ғалымның 1924 жылы жарық көрген "Қазақ тіліндегі сингармонизм заңы"
атты еңбегінде қазақ тілінің дыбыс жүйесіне қатысты кейбір мәселелер
баяндалады. Түркі тілі – жалғамалы тіл болғандықтан қосымша жалғанғанда
сөздердің түбірі өзгермейтінін, қазақ сөздерінің түбірі бірыңғай жуан, не бірыңғай
жіңішке келуі сингармонизм зандылығы екендігін айтып, "сингармонизм түрік
тілінің айрықша өзіне біткен қасиеті", - дейді [2,82].
Х.Досмұхамедұлының ғылыми терминология мәселесіне терең бойлауына
ең әуелі оқулықтар жазу қажеттігі себепкер болып, жол ашқан.
Қ.Кемеңгерұлы – қазақ тілінің дыбыстық жүйесі, олардың саны мен
құрамы, буын, сингармонизм табиғаты, т.с.с. мәселелерге ерекше көңіл
аударып, пікір қалыптастырған зерттеушілердің бірі. Қ.Кемеңгерұлы қазақ
тілінің дыбыс қорының зерттелуі сингармонизмге негізделуі керектігін терең
пайымдаған. Ол сингармонизмді дауыстылармен қатар дауыссыздардың
үндестігі деп түсінеді. Түркі тілдеріндегі сингармонизм табиғатын тануда
зерттеушілер екіге жіктелген. Яғни И.А.Бодуэн де Куртенэ, В.В.Радлов,
69
П.М.Мелиоранский, А.Байтұрсынұлы, Е.Д.Поливанов, Т.Шонанов, т.б.
зерттеушілер сингармонизмді дауыстылардың ғана үндесуі деп түсінсе,
Х.Досмұхамедұлы, Қ.Кемеңгерұлы, К.К.Юдахин, т.б. зерттеушілер оны сөз
құрамындағы барлық дыбыстардың үндесуі деп түсінген. [4].
Қ.Кемеңгерұлының терминдік атауларды қолдануда, дыбыстарды
дауысты, дауыссыз, жарты дауысты деп топтастыруы да Х.Досмұхамедұлы,
А.Байтұрсынұлының жіктеуімен ұқсас. А.Байтұрсынұлы ұяң дауыссыздарды
жалғау, жұрнақтардың ауанына қарай әрі сөз соңында келмеуіне байланысты
ымыралы, ымырасыз деп жіктесе, Е.Омарұлы жарты дауыстыларды
қосымшаның басқы дыбыстарын өзгертуіне байланысты ымыралы, ымырасыз
деп бөледі. Ал Қ.Кемеңгерұлында ымыралы, ымырасыз деген атаулар
кездеспейді. Келтірілген ғалымдардың бәрінде де дауыстылар құрамы мен
қатаң дауыссыздарды топтастырылуында ұқсастық байқалады. Мысалы Б
дыбысы А.Байтұрсынұлы еңбектерінде қатаңға жатқызылса, Е.Омарұлы мен
Қ.Кемеңгерұлының еңбектерінде ұяң дауыссыздар қатарына жатқызылған.
Қ.Кемеңгерұлы, Е.Омарұлы, Т.Шонанұлының дыбыстарды топтастыруы
бірдей. Қ.Кемеңгерұлы қатаң дыбысқа сәл дауыс қосылса, ол өзгеріп, ұяңға
айналатынын ескеріп, әрі қатаң дыбыстар өзінен кейін қатаң дыбыстың, ұяң
дыбыстар ұяң дыбыстың келуін қажет ететіндіктен, үнсіз дауыссыздарды
жұптап топтастырады. Ал үнді дауыссыздардың бұдан ерекшелігі – бір
жағынан, сыңары болмайды, екінші жағынан, диссимиляциялық өзгерістерге
түседі.
Қ.Кемеңгерұлы, Е.Омарұлы, Т.Шонанұлының қатаң, ұяң дауыссыздарын
А.Байтұрсынұлы «қысаң жолды, босаң жолды дауыссыздар» деп атайды. [4].
Осы терминдерді Қ.Жұбанұлы да пайдаланады.
Ғалымдардың қазақ тілінің дыбыстық жүйесін анықтауда, дауысты,
дауыссыз, жарты дауыстыларды саралауда, дауыссыздарды қатаң мен ұяңға
жіктеулерінде бірізділік байқалады. Атаулары (терминдері) әртүрлі болғанмен,
топтастырулары бірдей.
Қазақ тілінің дыбыстық жүйесін, емле мәселесін сөз еткен
Қ.Кемеңгерұлы, Е.Омарұлы, Т.Шонанұлы, т.б. ғалымдардың тұжырымдарынан
Қазан мектебінің өкілдері И.А.Бодуэн де Куртенэ, В.А.Богородицкий, т.б.
ғалымдардың әсері байқалады. Қ.Кемеңгерұлы «фонема» атауын қолданып,
фонема, дыбыс пен әріптің айырмашылықтарын түсіндірген, дыбыстардың
корреляттық байланысын, психофонема теориясын, т.б. анықтауы жағынан
И.А.Бодуэн де Куртенэнің еңбектерімен таныстығы байқалады.
Сонымен қатар Қ.Кемеңгерұлы шақ түрлері, оның көрсеткіштері туралы өз
пайымдауын жасаған. Оның шақ түрлерін тануы А.Байтұрсынұлы еңбектеріндегі
жіктеулерден өзгешелеу. Екі ғалымда да келер шақ, осы шақты тануда өзгешелік
жоқ. Ал өткен шақта Қ.Кемеңгерұлы "прошедшее определенное", "прежде -
прошедшее I, II; давнопрошедшее" сияқты түрлерін қосып, өткен шақтың 6 түрін
көрсетеді. [4].
Қ.Кемеңгерұлының шақ түрлеріне жеке-жеке атау беріп, оның мәні мен
реңкін түсіндіруі өзіне дейінгі ғалымдардан өзгеше екенін көреміз. Өзінен басқа
ғалымдардың еңбектеріне сүйенгенімен, қолданған терминдерін қайталамай,
70
өзінше терминдік сипат беріп, шақтардың түрліше мән, реңкін де өзінше
түсіндіреді. Мәселен, ғалым бұрын дағдылы, қалыпты түрде өтіп тұрған істі
білдіретін өткен шақ түрін "прошедшее постоянное" деп атаса, әлі толық
аяқтала қоймаған істі білдіретін шақ түрін "несовершенное прошедшее
11
деп
атайды [4].
Уақыттың талап етуі бойынша білімді азаматтардың ғылымға деген ынта-
жігері оларды тарих сахнасына шығарады. Жиырмасыншы жылдары ұлттың
игілігіне қызмет жасаған кемеңгер халық қайраткерлерінің арасынан Телжан
Шонановтың бейнесі ерекше жарқырап көрінеді. Оның саяси-қайраткерлік
келбеті, білімдарлық бет-бейнесі өз заманында-ақ айқын еді.
Т.Шонанов зерттеулерінен көптеген ерекшеліктерді анық көруге болады.
Қазақ жерін отарлаудың кезеңдеріне тоқталуы, ғалымдардың еңбектеріне талдай
жасай білуі, заң-қаулыларды ғылыми тұрғыдан, түсініктеме бере отырып
талдауы, отаршылдық саясатының түп-төркінін санамалап беруі, нақты ұсыныс,
талап-тілектермен дәйектеуі және термин сөздерге талдау жасауы, оның
баламасын дәл беруі [5] арқылы ғалымның жан-жақты білімдар, саяси жағынан
толысқан, қоғам қайраткері, нағыз тіл жанашыры екендігін көре аламыз.
Педагог ғалым Т.Шонанов ғалым А.Байтұрсынұлымен бірлесіп, 1926 жылы
мектеп оқушыларына арнап 412 беттік «Оқу құралын» (хрестоматия)
құрастырды. 1927 жылы ҚазПИ-дің доценті М.Жолдыбайұлымен бірлесе отырып
«Жаңа арна» оқулығын шығарды. Сонымен қатар «Тіл дамыту» (1931); «Тіл
дамыту» (ІІІ бөлім, 1931); «Тіл дамыту» (1939) оқулықтарын шығарды. [6]. «Тіл
дамыту» кітабында қазақ тілі мен оқыту әдістемесіне байланысты талдаулар
жасай отырып, нақты оқыту турасында құнды пікірлерін ортаға салады.
Аталмыш еңбегіндегі «Жол аузында» деп аталатын мақаласында азат жолға
байланысты ғылыми тұжырымдар жасай отырып, азат жолға нақты анықтама
береді. Сонымен қатар осы еңбекте Т.Шонанов көптеген мысал өлеңдер мен
мәтіндер бере отырып, олардың тыныс белгілерін дұрыс қою жөніндегі ой-
пікірлерін ортаға салады. Ғалым сөйлемге, сөйлем мүшелеріне анықтама беріп,
ғылыми қорытынды жасап, терминдік атауын нақтылайды.
Ғалымның 1933 жылы Алматыда жарық көрген «Қазақ тілінің оқу құралы»
(орыс мектептері үшін) атты еңбегінде балалардың қабылдауында жеңіл ете
отырып, суретті көрініс береді. Осы еңбегінде екпінге анықтама беріп және оны
мысалдар арқылы түсіндіреді. Қазақ әліпбиінің кестесін жасайды, орысша-
қазақша айтылуы мен жазылуын көрсетеді. Дауысты және дауыссыз дыбыстарға
классификация жасап, орысша аудармасымен қоса, оларға ғылыми тұрғыдан
анықтама береді.
Т.Шонанов өз еңбектерінде әдеби тіл нормаларын сақтау, тілдің тазалығын
қорғау секілді маңызды проблемаларды көтерді. Әртүрлі Ғылыми Кеңестерде
терминология мен орфография заңдылықтары жөніндегі сұрақтарды алға тартып,
оларды шешу жөніндегі ой-пікірлерін ұсынып отырды.
Тіл ғылымы мен терминология мәселесі Т.Шонанов шығармашылығының
күретамыры болды. Аталмыш мәселелер туралы көптеген еңбек жазып, ұлт
ғылымының өркендеуіне айрықша үлес қосты. Және еңбектерінің ең ұтымдысы –
әрбір ұсынған материалдарының нақты, дәлелді болуында. Ғалым тұстастарын
71
қазақ тілі заңдылығын бұзбауға, табиғатына жат нәрсені тілге таңбауға шақырып
отырғанын ерекше атауға болады. Ғалым Т.Шонанов – қазақ тілінің нағыз
жанашыры бола білді.
Алаш зиялылары қазақ тілін сан қырынан зерттеп, оның қыр-сырын жан-
жақты аша түсуге тырысқан. Соның нәтижесінде қазақ тілі атауларының,
терминдердің бірқатар мәселелеріне байланысты түрлі көзқарастар, бағыттар
болған. Кейбір мәселелерге келгенде бірін-бірі дамытып, қолдап отырса, енді
бірқатар мәселелерде басқа қырынан келіп, тіл терминдерінің жан-жақты
айқындалып, нақтылана түсуіне ықпал етіп отырған.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1.
Құрманбайұлы Ш. Қазақ терминологиясы дамуының кезеңдік сипаты. – Астана, 2002.
2.
Досмұхамедұлы X. Қазақ-қырғыз тіліндегі сингармонизм заңы. Ташкент,
1924. Алматы, 1992, 53 б. 18 -32
3.
Досмұхамедұлы X. Аламан, Ана тілі, 1991, 172 б.
4.
Жұбаева
О.С.
Қ.Кемеңгерұлының
тілтанымдық
мұрасы
мен
лингвистикалық тұжырымдамалары: филол. ғыл. канд. ... дисс. Алматы,
2002.
5.
Құлманов Қ.С. Т.Шонанұлының шығармашылық мұрасы: филол. ғыл. канд. ...
дисс. Астана, 2002
6.
Салқынбай А. А. Байтұрсынұлы терминдерінің мәні // Профессор
С.М. Исаев оқулары / «Көркем әдебиет тілінің өзекті мәселелері»
халықаралық ғылыми-теориялық конференция материалдары. – Алматы,
2003. – Б. 127-132
7.
Құрманбайұлы Ш. Қазақ әдебиеті // №29-30, 2008.
Резюме
В статье рассматриваются лингвистические термины, которые предложили
интеллигенции алашординси.
Summary
The article deals with linguistic terms that suggested intelligentsia alashordintsy.
ҚАЗІРГІ АЙТЫСТАҒЫ ӘЛЕУМЕТТІК МӘСЕЛЕЛЕРДІҢ
КӨТЕРІЛУІ
Жұмаділұлы Смағұл –
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық
университетінің 2-курс магистранты
Жер бетінде қай ұлттың болмасын өзіне тән мәдениеті, салт-дәстүрі,
ұлттық құндылықтары болғаны ақиқат. Қазақ халқының сондай бір өзге
ұлттардан шоқтығын биік етіп көрсететін теңдессіз өнері, есте жоқ ерте
замандарда туып, қалыптасып, дамып, жетіліп, бүгінгі күннің де қажетіне
жарап отырған халық ауыз әдебиеті болса, оның ең бір өміршең жанры
қазақтың қанына сіңген таңғажайып тамаша қасиеттің бірі табан асты суырып
72
салып, жәй сөзбен емес, өлеңмен өрнектеп жеткізе білетін - айтыс өнері. Айтыс
ертеде тек қазақтарда ғана емес, өзге халықтарда да болғандығы осыған дейін
бізге жеткен әдеби-тарихи еңбектерден белгілі. Мұхтар Әуезовтің «Әдебиет
тарихы» кітабында айтыс турасында айта келіп, «Француз әдебиетінен басқа,
ескі араб әдебиетінде «Мұғалла хат» деген өлеңдер болған, бірақ бұл нағыз
айтыс емес, көбінесе өлең жарысы сияқты» [1, 173 б.] болғандығына тоқталады.
Сонымен қатар, осы тақылеттес пікірді Қ.Жұмалиев өз еңбегінде «Айтыс
қазақтан басқа арабтардың бадауилер тайпасында, түркітілдес елдердің бір
қатарында, ірі ақындар айтысы Үндістан халықтарында болған» [2, 102 б.] деп
келтіреді Ал қазір айтыс тек қана қазақ халқында, ішінара қырғыз
ағайындарымызда кездеседі. Бірақ, қырғыз айтысы біздегідей жоғары деңгейге
көтерілмеген.
Айтыс ежелден қазақпен бірге жасасып, халықтың ауызындағы сөзі,
көңіліндегі мұңы, көзіндегі жасы, көкірегіндегі шері болғандығы мәлім. Ауыз
әдебиетінің көркемдігі мен көлемі жағынан ең бір ерекше дараланған, дәуір
тарихының жылнамасы, бізге жеткен бабалар дауысы, халық жаршысы іспетті.
Халқымыздың бүгінге дейін айтысты асқақтатып, әлпештеп отырғаны ұлттық
демократиямыздың ежелден-ақ жоғары деңгейін айқындап көрсетеді.
Өнер атаулының ішінде айтушы мен тыңдаушы арасында психологиялық
эмоциялық күшті байланыс болатын, азаматтық құқық теңдігі толығымен
жүзеге асатын сәт айтыстың тұсы екендігі шындық. Бабаларымыздан жалғасқан
осы киелі өнеріміз осы заман ағымына ілесіп, кемелденіп дамып отырды.
Кешегі кеңестік кер заманда да өз күшін жоймаған айтыс тәуелсіздік таңы
атқаннан кейін ақындарымыз тіліне еркіндік алып, мейлінше шырқау шыңға
көтеріліп дами түсті. Бұрынғыдай бір облыс, аймақтың көлемінде шектелмей,
жалпы республикалық деңгейден асып, халықаралық биікке көтерілді. Бұған
дәлел 2004 жылғы Мәскеудегі айтыс, 2008 жылғы Францияда өткен айтыс.
Айтыстың осыншалық зор дәрежеде дамуына бірден бір басты себеп: ХХ
ғасырдың 90 жылдары Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі жарияланып,
сөз өнерінің дамуында да жаңа бағыт басталды. Дәстүрлі поэзия өз жалғасын
тауып, жаңарып, жан-жақты мол білімі бар, сауатты болуымен қатар, бұрынғы
дәстүрдің озығын пайдаланып, кейде жазба ақындардың айта алмаған салмақты
ойларын көркем тілмен кестелеп жеткізе білуімен дараланды. Нағыз суырып
салма ақындардың жаңа толқыны келіп қосылды. Жас толқындар қазақ
халқының арғы-бергі тарихындағы ерлік қаһармандық істерді, тарихымыздағы
хандарды, би-шешендерімізді, қайраткерлеріміздің абзал ісін жалғастырды.
Айтыс халқымыздың бастан кешкендерін, отарлық бұғаудың зардаптарын,
қуғын-сүргінді және т.б. қиыншылықтарды көрген халықтың қасіретін
қамтиды.
Ал кешегі ақындар легін Мұхамеджан Тазабеков, Мэлс Қосымбаев,
Ақмарал Ілеубаева, Айнұр Тұрсынбаева, Бекарыс Шойбеков, Аманжол Әлтаев,
марқұм Оразәлі Досбосынов, Дәулеткерей Кәпұлы жалғап әкетті.
Әрине осы заманғы айтыс ақындарының басты мақсаты тәуелсіздікті
жырлау болды. Осы заманғы ақындар айтысында ең әуелі ата-бабаларымыз
73
ғасырлар бойы аңсап өткен азаттығы, арайлап атқан тәуелсіздігіміздің ақ таңы
асқақ сезіммен жырланды.
Үш жүз жыл бойғы бодандық қамытын киіп, ұлтым деп ұрандаған
ерлерін атқызып, одан қалса, абақтыға жапқызып шерменде еткені, елім-
айлаған қазақтың басынан кешірген сан қилы қиыншылықтары елінен-жерінен
айрылған мұңлы халықтың жай күйін Әбілқайыр Сыздықовпен болған
айтысында Иманғазы Нұрахметұлы былай деп бейнелейді. Иманғазы:
Ақынсың өзіңді еркін меңгермеген,
Сөзің көп олпы-солпы жөнделмеген.
Ел көрмеген сұмдықты көрсетем деп,
Оғаш мінез көрсеттің мен көрмеген.
Бір кезде ақтабан ғып Жоңғар шапқан,
Шоқпар жоқ ел басына сермелмеген.
Он алтыда ұлдарын оққа байлап,
Жүректерді жібімес тоң кернеген.
Аштық жылы үш қазақтың екеуі өліп,
Біреуі қасіреттен сенделген ең.
Үш жүз жыл бодан болып бөгде жұртқа
Қайғыны басқа жұрттан кем көрмеген.
Әбеке-ау, бұдан артық сен көрсетер,
Тағы қандай сұмдық бар ел көрмеген? [3, 141-142 б.]
Сан жылдар бойы боданда болып келген халқымыз қашанда азаттықтан
үмітін үзбеді. Армандаған азаттық үшін егей ерлеріміз халқым деп басын
бәйгеге тікті. Өз билігі өзіне тиер еркіндікті аңсап, сол үшін аянбай күресті.
Соның бірі кешегі кеңес үкіметінің құлауына себепкер болған қазақ
жастарының қайсарлығы танылған 1986 жылғы желтоқсан көтерілісі Шорабек
Айдаровпен болған айтысында Оразалы Досбосыновтың жырларынан былайша
көрініс тапты:
Махамбетің аңсаған азаттық бұл,
Бас кеткен соң ісі алға баспай қалған.
Кенсары ханға да керегі сол
Тәуелсіздік еді ғой басты ойланған.
Ақыры сексен алты себеп болып,
Ақ елге ажал оты жастай жанған.
Горбачев Колбинді әкеп айдап салып,
Бірлігіңнің жоқтығын жақсы аңғарған.
Иіс сезгені болмаса, кәпір кесір,
Ит ішіне бәрібір жақпайды айран.
Қазақта шалдар босқа шамданбаған,
Тамаша іс күтпе деп тас маңдайдан, [4, 1]
Азаттық үшін ат арқасын төсек, жалын жастық етіп елінің ертеңі үшін
басын оққа байлаған батыр бабаларымыздың аңсаған арманы орындалып,
тәуелсіздікке жеткенде енді өсіп келе жатқан жас ұрпақ бабаларының осы ерен
74
ерлігін ұмытпай, батырлығын ұлықтап арайлап атқан азаттық таңының қадіріне
жете білуді, Дәулеткерей Кәпұлының
Еділді келіп алғанда,
Етекке қолын салғанда.
Жайықты келіп алғанда,
Жағаңа қолын салғанда.
Ойылды келіп алғанда,
Ойындағысы болғанда.
Есілді келіп алғанда,
Сарыарқа жұмақ сары алтын
Төсіңді келіп алғанда.
Құдағайыңның қасына
Сасығын әкеп салғанда.
Ұлы Абайыңның басына
Атомын әкеп жарғанда.
Тәңірге жылап зарлауға,
Күрмеліп тілің қалғанда,
... Тәубеңе келгін қазағым,
Осы бір сөзім жалған ба? [3,79б.] – деп жырлай келіп, осы күнге тәубе
ету керек деген оймен аяқтайды.
Қазіргі айтыстарда ақындардың бірін-бірі кеміту, азаматтың намысына
тиетін ауыр сөз айту жоқ. Бұл айтыстың моральдық жақтан толысып, кемелдене
түскенін көрсетеді. Баяғы айтыстарда ақындар рудың сөзін сөйлеп, сойылын
соғатын, сондықтан рудың намысына тиетін ауыр сөздер айтылатын. Қазіргі
ақындарға ондай ымырасыз қызысудың қажеті шамалы. Өйткені қазір ру
атынан емес, бүкіл бір ұлт болып жұдырықтай жұмылуды, ел ішіндегі береке
бірлікті сақтауды, ынтымақты болуды, сонда ғана киелі тәуелсізігімізді сақтап
қалуға болатынын аңғартады. Бұл тамаша идеяны көтерушілерді бірі
Мұхамеджан Тазабеков былайша жырлайды:
... Оң жағыңнан көресің үш бейнені,
Қазақтың бірлігіне сеп қылғандай.
Үш жүзім бірлігіңе берік бол деп,
Үшеуінің әруағы кеп тұрғандай.
Елдігіңнен егерде айырылсаң,
Суретке айналарсың деп тұрғандай [5, 133 б.].
... Шау қарға, ұзақ қарға, құзғын болып,
Үш жүзге бөлінеді қарғалар да.
Бір бірінің көзін бірақ шұқымайды,
Жағаласып қонса да жардан жарға.
Қарға екеш қарғалардың ынтмағын,
Қазаққа нәсіп қылса арман бар ма?! [6, 248 б.]
Осы заманғы ақындар айтысы мазмұн, түр жағынан да өзгерді.
Тәуелсіздік алған жылдардан бастап айтыстың ежелгі дәстүріне құрмет
көрсетіліп, айтыскерлердің еркін ой толғап, кең көсіле құлаштауына жол
75
ашылды. Тілінің тұсауы кесілді. Соның нәтижесінде айтыс өнері тұла
бойындағы қасиетін сақтай отырып, халқымызбен қайтадан, жаңаша қауышты.
Ақындардың ойы да, сөзі де шешілді. Еркін ойлайтын, батыл айтатын, бетінен
ешкім қақпаған кең тынысты жас буын ақындар келді. Олар қоғамдық,
әлеуметтік саладағы көлеңкелі тұстарды дөп басып, дәл танып, жетер жеріне
жеткізіп айтуға тырысты. Жеткізіп айтты да. Ақындарға бұл тұста айтар
тақырыпты да дәуірі өзі даярлап берді. Арғы бодандық қамытын алғаш киген
кезеңді айтпағанда, кеңес одағының құрамында болған саяси тар шеңбер,
экономикалық қысым, рухани бұғаудан енді құтылған жас мемлекетімізге
кемелденіп толысудың жолы бұралаң болды. Алдында ауыр міндеттер тұрды.
Тәжірибенің аздығы экономикалық, өнеркәсіптік негіздің әлсіздігі салдарынан
алғашқы жылдарда қоғамдық құрылыста жаңсақ басылған қадамдар, жетесіз
жерлер үнемі кездесіп отырды. Ол тек қана мемлекеттің емес, жеке
кәсіпкерлердің де, саяси тұлғалардың да басынан өтті. Бұғаудан құтылған жұрт
болса, елдің бірақ күнде дүниедегі озық елдердің қатарынан көрінуін
армандады. Осы ойдың көшбасында ақындар жүрді. Сөйтіп ақынның айтамын,
жеткіземін дегенін заман өзі жасап берді [5, 6 б.].
Қазіргі айтыс ақындарының көтеретін мәселесінің ендігі бірі қоғам
бойындағы ұнамсыз қылықтар, ел басқарып отырғандардың қателігі, бабадан
мұра боп қалған қасиетті жерімздің сатылуы, жемқорлық ұрлық қарлық тағыда
басқа кемшіліктерді жасқанбай ашық айтуы. Мысалы Мэлс Қосымбаевпен
айтысында Балғынбек Имашев:
Мен, мен едім, мен едім, мен, мен едім
Шетелге мұнайменен дем беремін.
Көлімді қарға құзғын шоқып жатыр,
Сұраса шошқаға да жем беремін.
Ұшқан құс, жүгірген аң бәрін сатам,
Санап берсе, доллар мен теңгелерін.
Кен таусылса, сататын жетімдер бар,
Сарқылмас қазына ғой ел дегенің.
Иығында басы жоқ үкіметтің
Саясатын осылай термеледім, - [3, 264 б.] деп жанын берсе де, арын
бермеген бабаларымыздың ерекше қасиетін айта келіп, бүгінгі қоғамның сол
баба ісінен үлгі алмай, көрінген көк аттыға байлығымызды беріп жатқанына
қатты қиналыс білдіреді.
«Қашанда айтыс қоғамдық әлеуметтік болмысынан тыс қалмайды, оның
құндылықтарының өзі де сол өмір шындығын қаншалықты терең әрі шебер
меңгергендігімен сипатталып отырады. Қарсыласса екі ақын айтысқанда сол
шындық басты өлшемге алынады. Алайда, осы өмірлік шындыққа жүгіну әр
ақынға әр түрлі, бұл мәселе олардың ұстанған қалыпты дәстүрімен әлеуметтік
көзқарасына келіп саяды» дейді Жармұхамедов [7, 69 б.].
Шекарамыз енді-енді бекітіліп жатқан тұста биліктегілердің әлсіздігінен
кейбір жерлеріміз ел аман, жұрт тынышта өзге мемлекеттердің иелігі боп қала
берді. Сонымен бірге шығыстан қаптаған Қытайдан елімізге ағылып келіп
жатты. Жарамсыз тауары базарды жаулап алды. Ел ішінде түбі тәуелсіздігімізге
76
қауіп төндірер ме деген ой болды. Бұл туралы Оразалы Досбосынов
былайдейді:
Саудан гөрі сырқат көп бұл қоғамда,
Жалап жаза алмассың жауырынды.
Қытайың жылтырағын жылтыратып,
Балқытып сипап жатыр сауырыңды,
Қысық көз табаныңнан жалап жүріп,
Бір күні қиып кетер тамырыңды.
Осы бастан ойламасаң айығуды
Алтын төсек жаза алмас ауыруды - [4, 3] дей келіп, «сақтықта қорлық
жоқ екенін» ескеріп, еліне әр қадамын абайлап басуды ескертеді.
Қазіргі ақындар айтысында көтерілген мәселенің тағы бірі тоқырау
заманнан кейінгі тозтоз болған ауыл бейнесі, қазақ тілі мен дін жайы. Ашығын
айтқанда тәуелсіздік алса дағы бабадан қалған асыл тіліміздің бүгінгі күнде
жалпы мемлекеттік сипат ала алмай жатқандығы ел ішіндегі екінші сортты
тілге айналғандығы, ал дініміздің сан тарауға бөлініп, ел ішінде түрлі
ағымдардың жауыннан кейінгі саңырауқұлақтардай қаптап өскендігі, қазақтың
алтын қазығы болған ауыл өмірінің тоз-тоз болған жағдайы ақындар тіліне тиек
болды. Бұл туралы президентке дат айтқан ақиқаттың ақ берені Айбек
Қалиевтің мына жырларынан көрінеді:
Датымның біріншісі тілім жайлы,
Ислам ілім тұтқан дінім жайлы.
Нұр аға тіл мен дінді көтеріңіз,
Қызған темір суыса, ұрылмайды.
Датымның екіншісі жерім жайлы,
Жерім деп еңіреген елім жайлы.
Егінімді себетін жер түгілі,
Өлігімді көметін көрім қайғы.
Датымның үшіншісі ауыл жайлы,
Ауылда сорлап жатқан қауым жайлы.
Жетпіс жыл орнамаған коммунизм,
Үш жылдың қырқасынан табылмайды [4, 11].
Қорыта айтқанда, қазіргі айтыс ақындары үш жүз жыл боданда болып,
сан қиындықты бастан кешірген халқымыздың тәуелсіздігін күмбірлеген
домбыра үніне салып жүректегі жырын айтысқа қосты. Сол отты тілдің
айбынды жырлары ақын көмейінен шерге толы болса да арман-тілекпен
ұштасып жатты. Тәуелсіздіктің қадіріне жетіп, егемендігіміздің баянды болуын
тілге тиек етті. Айтыстағы әр ақынның жыр шумақтарында елдің мұңы мен
зары, қуанышы мен қайғысы қатар айтылды. Ақындарымыз елдің тәуелсіздігін
жырлап қана қоймай, сатылып жатқан жер, иесіз қалған мекен, ұрпақ тәрбиесі,
тіл мен дін мәселесін де кеңінен айтып, кемшін тұстарын сонымен бірге
тәуелсіз елдің жетістіктерін кейде тұспалдап, кейде туралап, жеріне жеткізе
жырлау ақындар сөзіне арқау болды.
|