Хабаршы «Педагогика ғылымдары» сериясы



Pdf көрінісі
бет47/57
Дата14.02.2017
өлшемі5,69 Mb.
#4128
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   57

Түйін 
Элективті курс – мектепте химиялық білім беру мазмұнында жаңа вариативті қарқынды даму сферасы. Беріліп 
отырған  мақалада  химиядан  элективті  курстарды  ұйымдастыру  мәселесі  қарастырылады.  Жұмыста  элективті 
курстың жіктелуі, химиядан аймақтық мазмұнды элективті курстардың ролі мен орны баяндалады.  
Түйінді сөздер: аймақтық, бейімді оқыту, пәнаралық, сараланған, элективті курс 
 
Summary 
Elective course is an area of rapid development of the new variable content of school of chemical education. This article 
deals with the problem of the organization of elective courses in chemistry . The paper provides a classification of elective 
courses, as well as the role and place of elective courses in chemistry with regional content.  
Keywords: regional, specialized instruction, interdisciplinary, differentiated, elective courses 
 
ОӘЖ 372.851 
 
ЖЕТКІНШЕК КЕЗЕҢДЕ ӨЗІН-ӨЗІ ЖЕТІЛДІРУ САТЫЛАРЫ МЕН ДАМУ КЕЗЕҢДЕРІ 
 
З.Б. Қабылбекова, Ә.Ә. Жолдасбеков, Ш.Е. Рсмаханбетова, Г.Накыпбек – Қазақ инженерлі-
педагогикалық Халықтар достығы университеті, М.Әуезов ат. Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік 
университет, Шымкент қ., Қазақстан 
 
Өзін-өзі тәрбиелеу тұлға дамуының заңды құбылысы. Өзін-өзі қоғамды құрылымға байланысты түрлі 
бағыт, индивидтік қалыптасуында үлес салмағы және пайдалы әрекеттік коэффициенті бар. Адам қоғам 
мүшесі  болғандықтан,  оның  тәрбиесіне  және  өзін-өзі  тәрбиелеуіне  көп  факторлармен  қоса,  өмір 
жағдайлары да әсер етеді. 
Зерттеушілердің  айтуы  бойынша  өзін-өзі  тәрбиелеу  күрделі  үрдіс.  Бірақ  реалды  үрдіс  және  бұл 
құбылысты зерттеу кезінде, оның өтуінің объективті заңдылықтарын біліп, оларды қолдану қажет. 
Бірқатар  зерттеулер  бойынша  (А.Я.Арет,  А.А.Бодалев,  А.Г.Ковалев,  И.А.Кочетов,  Ю.А.Самарин, 
Ж.И.Намазбаева) өзін-өзі белсенді түрде тәрбиелеу қажеттілігі тұлғаның жеткіншек жас кезеңінде көрініс 
береді. Аталған ғалымдардың зерттеулері бойынша көп жағдайларда оқушылардың  «өзін-өзі тәрбиелеу 
кажеттілігі» ұғымы 5-6 сыныптарда пайда болады. Бұл пубертатты немесе өтпелі кезең болып табылады. 
Жеткіншектік кезеңде белсенді өзіндік тәрбие үдерісі басталып, адамның кейінгі бүкіл өмірінде түрлі 
формада жалғасатынын айтып  өту керек. 12-13 жасқа жеткен кезде балалар  алғаш рет  интеллектуалды 
және дербес өзін-өзі жетілдіру мүмкіндіктері жайында ойланып, осы мақсатқа қол жеткізу үшін саналы, 
мақсатты түрде әрекеттер жасай бастайды. 
Өзіндік тәрбие нақтылы даму жолынан өтеді. Егер оның негізгі жастық сатыларын қамту мүмкіндігі 
болса,  онда  оның  жас  ерекшеліктерін  ескере  отырып  қалыптасуының  тұтастай  жолын  төмендегідей 
сатылап зерделеуге болатыны анық.  
Бірінші саты – физиологиялық және ерікті өзіндік тәрбиелеу, жасөспірімдік шақ. Бұл жастағы негізгі 
мақсат – жеткіншекті ерікті және физикалық жетілдіру, ал міндет – арнайы құралдар мен жаттығуларды 
қолдану  арқылы  ерлік,  шыдамдылық,  төзімділік,  батылдық  және  т.б.  тұлғаның  ерікті  қасиеттерін 

Вестник КазНПУ им. Абая, серия «Педагогические науки», №4(48), 2015 г. 
260 
жақсарту болып табылады. Бұл физикалық дамуға да қатысты, себебі осы шақта көптеген балалар дене 
тәрбиесі мен спортпен шұғылдана бастайды.  
Екінші саты – өзін-өзін рухани жетілдіру. Бұл кезеңдегі өзіндік тәрбиенің мақсаты – рухани, моральды 
даму,  адамгершілік,  мейірімділік,  қамқорлық,  достыққа  адалдық,  сүйікті  адамына  адалдық,  қиын  кезде 
қол ұшын беру және басқа да тұлғалық қасиеттер мен құндылықтардың қалыптасуы.  
Үшінші саты – кәсіби өзіндік тәрбие. Өмірдің бұл кезеңін іскерлік өзін-өзі жетілдіру уақыты ретінде 
қарастыруға болады. Бұл кезеңде таңдап алынған мамандық бойынша табысты жұмыс істеу үшін маңыз-
ды қабілеттер, білім-біліктерді қосқанда адамға қажетті кәсіби қасиеттердің бүтіндей кешені дамиды. 
Төртінші  саты  -  әлеуметтік-дүниетанымдық  өзіндік  тәрбие.  Бұл  кезеңде  өзін-өзі  жетілдіру  міндеті 
әлеуметтік ұстанымды, дүниетанымды, өмірге нақтылы көзқарасты қалыптастыру болады.  
Кейде адамның өзіндік белсендіру мақсатын жүзеге асыруға сәйкес келетін бесінші саты да кездеседі. 
Гуманистік психологияда бұл саты дербес дамудың жоғарғы сатысы деп белгіленеді. 
Адамның өзіндік тәрбиесін дамытуда жоғарыда айтылып өткен бес сатының екеуі жасөспірімдік және 
ерте  бозбалалық  шақтарға  тура  келеді.  Бұл  жылдары  дербес  өзін-өзі  жетілдірумен  айналысудың 
нәтижелілігі адамның тұлға ретіндегі мінезін анықтайды. 
Ересек адамның жасөспірімді өзіндік тәрбиелеуге қызығушылықпен, белсенді атсалысуы оған әдетте 
өз  күштеріне  сенуге,  аталмыш  жасқа  тән  дағдарысты  құбылыстар  мен  кемшіліктерді  жеңуге 
жәрдемдеседі.  
Жеткіншектер  мен  бозбалалардың  өзіндік  тәрбиесінде  ересек  адам  үлгісі  үлкен  рөл  атқарады.  Бұл 
жастағы  балалар  көбіне  ересектерге  еліктеп,  өздерінен  жасы  үлкен  адамдардан  байқайтын  дербес 
қасиеттерді бойларына сіңіруге тырысады.  
Жеткіншектердің өзіндік тәрбиеге қабілетін анықтау үшін келесі деректерді ескеру қажет: 
1. Өзіне деген көзқарасын төменгі көрсеткіштер арқылы анықтау: 
а)  оң  көрсеткіштер:  талап,  өзінің  күштері  мен  мүмкіндіктерін  объективті  бағалау,  өзін-өзі  сынау, 
кемшіліктеріне сын көзбен қарау т.б.; 
б)  кері  көрсеткіштер:  өзін-өзі  асыра  мақтау,  өзін  сынамау,  өзін  тыныш-тандыру,  кемшіліктері  мен 
қателіктерін ақтап алу, мақтансүйгіштік, өзгелерге жоғары талаптар қою. 
2. Өзін жоғары санауға бағытталу: көшбасшысы болуға, ұжымда жоғары орынға ие болуға, ересектер 
алдында  ұтымды  көрінуге,  басқаларды  ұрыстыруға  ұмтылу,  принципсіздік,  мансапкершілік,  қате 
ұстанымдарға ұмтылу. 
3. Тұрақты түрде көрінетін және өзін-өзі тәрбиелеуде қолданылатын жеке тұлғалық қасиеттер. 
4. Қоғам талаптарына сай оң қасиеттер, дағдылар мен мұқтаждықтар. 
5. Өзіндік тәрбиеге кедергі келтіретін және қажетті бағытта түзетілуге тиіс теріс қасиеттер. 
Жеткіншек өзімен жұмыс істеу тәсілдері арқылы: 
- біріншіден, өзінің мінез-құлқындағы кемшіліктерді, әлсіз жақтарын жоюға ұмтылады; 
-  екіншіден,  оған  күшті  епті,  дербес  саналуға  құкық  беретін  жеке  адамның  жағымды  қасиеттерін 
қалыптастыруға ұмтылады [1]. 
Зерттеулер  нәтижелері  жас  өспірімдер  ең  басты  ерік  кемшіліктерін  жоюға  және  ерігі  күшті  адам 
сапаларын:  батылдык,  ерлік,  төзімділік,  табандылықты  өзінің  тұлғалық  қасиеттері  ретінде  тәрбиелеуге 
ұмтылатындығын көрсетеді. 
Өзін-өзі тәрбиелеу нәтижесінде жеткіншектержинақырақ жүйелі оқуға және еңбекке қабілетті болады. 
Бірақ  бұл  жаста  өзін-өзі  тәрбиелеу  дұрыс  емес  жолмен  кетуі  мүмкін.  Сондықтан  бұл  жаста  өзін-өзі 
тәрбиелеуде және ата-ана тарапынан басшылық ерекше маңызды. 
Өзін-өзі  бағалау  жеткіншектерде  әсіресе  қарқынды  дамиды,  себебі  бұл  уақытта  олардың  басқа 
адамдармен қарым-қатынасы күрделенеді, жаңа идеалдары мен жаңа қажеттіліктер деңгейі пайда болады. 
Бұл  уақытта  өзін-өзі  бағалау,  өзіндік  реттеу  функциясы  елеулі  орына  алады  (Е.И.Савонько, 
Н.В.Кузьмина, ЕА.Шумилин және т.б.). 
К.А.Абульханова-Славская  өзін-өзі  жетілдіру  негізінде  қалыптасқан  тұлғалардың  бірнеше  типін 
көрсеткен: 
1.  Өзін-өзі  әлеуметтік  процестеріндегі  түрткі  және  себеп  тұрғысынан  бағалайтын  тип.  Мұндай  тұлға 
өзінің өмір интегралды өмірлік процестеріне негізделіп құралған, тартылу спекторын белгілейтін қоғам-
дық  процестерге  қатысу  формаларын  анықтай  алады.  Мұндай  тұлға  белсенділігі  ұлғаю  сипатында 
болады. 
2.  Субъективизмге  бет  бұрып  тұратын  тұлға  типі,  даңғайлық  тенденцияға  ие.  Ол  сәтсіздіктерден 
абстракциялану шеберлігімен емес, өзін-өзі адекватты бағалай алмайтынымен көзге түседі. Бұндай тұлға 
белсенділігі тұғырықтану тенденцияда. 

Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Педагогика ғылымдары» сериясы, №4(48), 2015 г. 
261 
3.  Субъективизмге  өзін-өзі  бірдей  бағалай  алмауға  бет  бүрып  тұратын  тұлға.  Олар  сәтсіздіктерге 
басым назарын аудару тенденциясына ие. 
4. Инфантильді, психологиялық даярсыз тұлға типі.  
К.А.Абульханова-Славская тұлға белсенділігін оның қашықтығынан көрінуінен, қоғамдық қажетті іс-
әрекеттерімен  қатынасынан  тыс  түсінуге  болмайды  деген  тұжырымға  келеді  [1].  А.В.Захарова  ойынша 
өзін-өзі бағалау өзіндік реттеу жүйесінің қалыптастырғыш факторы болып табылады. 
В.С.Мерлин мынадай 4 кезеңді бөліп көрсетті: 
1.  «Ұқсастықты  саналы  сезіну»  (өмірдің  бірінші  жылы)  нәрестенің  өз  денесінен  пайда  болатын 
сезімдермен басқа заттардан пайда болатын сезімдерді айыра бастаған кезі. 
2. «Мен сезімі» (2-3- жаста пайда болады). Өзін-өзі іс-әрекет субъектісі ретінде сезіну. Баланың жіктеу 
есімдіктерін игере бастағанкезі. 
3. Өзінің психикалық қасиеттерін өзін-өзі бақылау нәтижесінде абстрактылы ойлау арқасында сезінуі. 
4.  Әлеуметтік  өзін-өзі  бағалау.  Бозбалық  жаста  қарым-қатынас,  іс-әрекетену  нәтижесінде  жиналған 
тәжірибе негізінде пайда болады. 
Л.И.Божович, Г.А. Собиевалар адамның өзін-өзі бағалауықоршаған ортаның пікірін анықтап, көбінесе 
өзгелер  бағалап  отыратын  тұлға  қасиеттерін  сезінуінен  басталады  деп  көрсеткен.  Өзінің  психикалық 
қасиеттерін  сезіну  қарым-қатынас  жасаудың  белгілі  дәрежесін  қажет  етеді.  Сондықтан  мектептан  кіші 
сынып оқушыларының өзін-өзі бейнелеуі тек өздерінің іс-әрекеттерін бейнелеуімен шектеледі. Тұлғаның 
өзіндік  қасиеттерін  сезінуде  оның  жалпы  бағдары  мен  дүниеге  көзқарасы  үлкен  роль  атқарады. 
Л.И.Божович бұл ықпалды мектептің жоғарғы буын оқушыларына байланысты мұқият қарастырған [2]. 
Адамның өзінің психикалық қасиеттерін сезінуі өзгетұлғаларды қабылдауына үлкен әсер етеді. 
Жеткіншек  жасының  соңына  қарай  өзін-өзі  бағалау  дербестігі  мен  адекваттығы  арта  түседі. 
Балалардың  өзін-өзі  бағалауға  талпынысының  деңгейі  күшейеді,  осы  жасқа  тән  қасиет,  және  «өзін-өзі 
бағалаудың  тиімді  даму»  кезеңі  деп  атаса  болады  (Л.И.Божович).  Өзін-өзі  бағалау  жеткіншекжас 
кезеңінің  соңында  тұрақты  болып  дамудың  маңызды  факторы  болады.  Ол  идеалдарды  «бала  мен 
қоршаған ортаның жаңа қарым-қатынасында жасөспірім дербес дамуға қол жеткізуімен» анықталады. 
Өзін-өзі  бағалаудың  боз  балалық  мезгілдегі  қалыптасуын,  олардың  өз  тұлғасының  ерекшеліктерін 
ұғынуын В.К.Горбачевский, И.С.Кон, В.Ф.Сафин, А.Л. Ширман еңбектерінде зерттелген.Бұл мерзімде өзі 
жайлы  жалпылама  ұғым  қалыптасады.  Өзінің  «Мені»  және  жеке  тұлғасы  жайлы  түсінік  қалыптасады. 
Бұдан  кейінгі  студенттік  мерзімдегі  өзін-өзі  бағалауды  зерттеулер  анағұрлым  аз  (А.А.Бодалев,  Мейлин 
және  т.б.).  Тек  Ананьев  және  И.С.Конмектебі  ғана  бұдан  тыс  жатыр.  Бірақ,  олар  осы  мерзімдегі 
психофизиологиялық  ерекшеліктерді  зерттеумен  шектелген.  И.С.Кон  бұл  мерзімді  ерекше 
сипаттайды.Адам  өміріндегі  18-23-25  жастарды  ол  бозбалалықтың  соңы  -  жетілудің  басы  дейді.  Бұл 
уақытта ағза толық дамып-жетіледі деп санап, осы кезеңді биологиялық әлеуметтік және психологиялық 
аспектілерде зерттеу қажет ететіндігіне ерекше көңіл аударған [3].  
Аталған  зерттеулердің  нәтижесінде  жеке  тұлғаның  құрылымын  зерттеуде  мынадай  бағыттарды 
айқындауға болады: 
- интеллект деңгейін, эмоционалды қалыпты, тұлға қасиеттерін өзіндік бағалау, анықтау; 
- сыртқы пішін бейнесі (А.А.Бодалев, Р.А.Мейлин); 
- өзіндік реттеу (Чеснокова И.И. және т.б.); 
- өзі-өзін тәрбиелеу (Осипов П.Н. т.б.; 
-  өзіндік  сана-сезім  формасы  ретіндегі  өзін-өзі  бағалау  (Божович  Л.И.  Кон  И.С.,  Рубинштейн  С.А., 
Смеркин С.Л., Столин В.В. және т.б.); 
- онтогенездегі өзін-өзі бағалау динамикасы (Божович И.Л., Савонько Е.И. т.б.); 
-  оқу  барысындағы  өзін-өзі  бағалаудың  функциялары  (Липкина  И.А.,  Захарова  А.В.,  Беруфон  Л.Ф., 
Кузьмина П.В., Рыбин А.Р.) 
Адам саналы жан ретінде, үнемі өзінің іс-әрекетін мотивтендіріп отырады, яғни өзіне және басқалараға 
белгілі себептерге байланысты қандайда бір әрекеттеріне есеп беріп отырады. 
Мотив  -  бұл  сапалы  талап.  Адамды  іс-әрекетке  әсер  ету  күштері  сияқты,  ішкі  де  күштерді 
талаптандыруы  мүмкін.  Сыртқы  талаптарға  экономикалык,  саяси,  өмір  жағдайлары,  әлеуметтік 
идеологиялық  және  моралдық  талаптары,  жеке  адамға  қойылатын  ұжымның  талаптары  жатады. 
В.С.Мерлиннің  айтуынша,  егер,  сыртқы  талаптан  жеке  адамның  қызығушылықтарымен  сәйкес  келсе, 
онда олар қажетті және қалаулы болады, адамның белсенділігіне түрткі болады. Егер де бұл талаптарды 
жеке адам қабылдамаса, олардың қылықтарына ықпал етпейді [4]. 
Ішкі  талаптарға  материалдық  және  рухани  қажеттіліктерді  қызығушылықтарды,  адам  сенімдерін 

Вестник КазНПУ им. Абая, серия «Педагогические науки», №4(48), 2015 г. 
262 
көрсететін  түрлі  әлеуметтік  мақсаттар  тағы  басқалар  жатады.  Сонымен  өзін-өзі  тәрбиелеу  тек  жеке 
адамның ғана емес, қоғамдық мәнді іс-әрекет. Сондықтан бұл іс-әрекеттің мотивтері қоғамдық әрі жеке 
талаптарға  сәйкес  болуы  мүмкін.  А.Я.  Арет,  А.Г.  Ковалев,  Л.С.  Сапожникова  және  өзге  ғалымдардың 
зерттеулері бойынша оқушы баланың өзін-өзі тәрбиелеуінің негізгі мотивтері келесілер болады: 
1.
 
Әлеуметтік моральдық талаптар. 
2.
 
Ұжымның сыйлауы мен әлеуметтік орынға ие болуға талаптану. 
3.
 
Жарыс (бәсекелесу). 
4.
 
Сын және өзін-өзі сынау. 
5.
 
Үлгі. 
6. Материалдык кызығушылық [5]. 
Адамның өнегелі - психологиялық касиеттерінің дұрыс деңгейде қалыптсуы-тәрбиелеуге және өзін-өзі 
тәрбиелеуге байланысты болып келеді. Өнегелі қасиеттер біртіндеп қалыптасып жетіледі, яғни өнегелік 
өзін-өзі  жетілдіру  бойынша  жұмыс,  өнегелік  талаптарды  түсіну  тереңдігіне  байланысты  өмір  бойы 
созылуы да мүмкін [6]. 
Қорыта  келгенде,  жеткіншектердің  өзін-өзі  тәрбиелеу  мәселесі  бойынша  зерттеулерді  талдау 
нәтижелері оның келесі нақты логикалық кұрылымын анықтауға мүмкіндік беріп отыр: 
1.
 
Өзін-өзі  тәрбиелеу  мақсаты:  олар  қоғамдық  мақсаттармен  реттеле  отырып,  саяси,  өнегелік, 
кәсіби-еңбектік, эстетикалық және т.б. бағыттарды қамтиды. 
2.
 
Өзін-өзі  тәрбиелеудің  мазмұны  мен  мәселелері.  Олар  өзін-өзі  тәрбиелеу  мақсатына  жеткізетін 
мінез-құлықты  және  іс-әрекетті  түсінеді.  Ол  көбінесе  жеке  адамның  психикалық  қасиеттеріне,  оның 
интеллектуалдық, эмоционалдық және тәжірибелік, еріктік сферасына байланысты. 
3. Өзін-өзі тәрбиелеу кұралдары. Өзін-өзі тәрбиелеу кұралдары дегеніміз, адам өзіне әсер етудің түрлі 
тәсілдерімен  қарулануы.  Өзін-өзі  тәрбиелеудің  ең  негізгі  құралы,  адамның  тәжірибелік  іс-әрекетінің 
мазмұны болып табылады. Өзін-өзі тәрбиелеу құралдары ретінде көптеген заттар мен құбылыстар болуы 
мүмкін. Сондықтан барлық құралдарды негізгі және қосымшаға бөліп алған абзал. 
4.  Өзін-өзі  тәрбиелеу  нәтижесі.  Жеке  тұлға  бойында  өзін-өзі  тәрбиелеу  ықпалдарының  нәтижесінен 
болатын өзгерістер. 
 
1  Абульханова-Славская  К.А.  Іс-әрекетте  тұлғаның  дамуы.  Психология.  Адамзат  ақыл-ойының  қазынасы.  -10 
томдық. –Т.2. – Алматы, 2005. 
2 Божович Л.И. Проблемы формирования личности.- М., Воронеж, 1995. 
3 Кон И.С. Психология юношеского возраста. М., Просвещение, 1979г. 
4 Мерлин В.С. Лекции по психологии мотивов человека.-Пермь, 1971. 
5  Сапожникова  Л.С.  Самооценка  и  притязания  подростка./  Психологические  особенности  самопознания 
подростка. Под ред. М.И. Боришевского. - Киев, 1990. 
6 Липкина А.И. Психология самооценки школьника. - М., 2004. 
 
Резюме 
В данной статье рассматриваются психолого-педагогические аспекты процесса самопознания и самовоспитанияв 
подростковом возрасте. В частности, определены основные ступени, типы и структурные элементы самовоспитания 
школьников. 
Ключевые  слова:  самовоспитание,  личность,  индивид,  цель  самоактивизации  личности,  формирование 
личности, подростковый возраст, процесс воспитания 
 
Summary 
This  article explores the psychological and pedagogical aspects of the process of self-knowledge and self-education. In 
particular, the basic level, types and structural elements of self schoolchildren. 
Keywords: itself to bring up, individual, formed, teenager, a process is education 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Педагогика ғылымдары» сериясы, №4(48), 2015 г. 
263 
ӘОЖ 371,1 
 
ОҚУ ПӘНДЕРІН ИНТЕГРАЦИЯЛАУ – ОҚУШЫЛАРДЫҢ БІЛІМ САПАСЫН АРТТЫРУДЫҢ 
ДИДАКТИКАЛЫҚ ШАРТЫ 
 
Б.Т. Ортаев, А.А. Куралбаева, Ш.Исахова – Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік 
университететі, Түркістан қаласы 
 
Білім сапасын арттыру мәселесі нормативті құжаттар мен Елбасының Жолдауларында көрініс тауып 
отырады.  Солардың  бірі,  Президентіміздің  мемлекетіміздің  болашақта  дамуына  арналған  «Қазақстан  – 
2050:  Бір  мақсат,  бір  мүдде,  бір  болашақ»  атты  Қазақстан  Халқына  Жолдауында  [1,  2-3  б.]  «Барлық 
дамыған елдердің сапалы бірегей білім беру жүйесі бар. Ұлттық білім берудің барлық буынының сапасын 
жақсартуда  бізді  ауқымды  жұмыс  күтіп  тұр.  2020  жылға  қарай  Қазақстандағы  3-6  жас  аралығындағы 
балаларды  мектепке  дейінгі  біліммен  100  пайыз  қамту  жоспарлануда.  Сондықтан  оларға  заманауи 
бағдарламалар мен оқыту әдістемелерін, білікті мамандар ұсыну маңызды. Орта білім жүйесінде жалпы 
білім беретін мектептерді Назарбаев зияткерлік мектептеріндегі оқыту деңгейіне жеткізу керек. Мектеп 
түлектері  қазақ,  орыс  және  ағылшын  тілдерін  білуге  тиіс.  Оларды  оқыту  нәтижесі  оқушылардың 
сындарлы  ойлау,  өзіндік  ізденіс  пен  ақпаратты  терең  талдау  машығын  игеру  болуға  тиіс»  -  деп 
Қазақстанның  әлемдегі  ең  дамыған  30  елдің  қатарына  кіру  тұжырымдамасында  алдағы  жұмыстың 
ұзақмерзімді басымдықтарының бірінде атап көрсетті. 
Біздің  ойымызша,  білім  сапасын  арттыруға  сәйкес  бастауыш  сынып  пәндерін  интеграциялау  екі 
аспектіде қарастырылады: біріншісі, мазмұндық; екіншісі, процессуалдық аспекті. 
Мазмұндық  аспектіде  интеграциялау  үдерісінің  (пәнаралық  байланыстың)  оқыту  мазмұнын  түзетін 
құжаттарда  тіркелуін  қарастырады.  Ал,  процессуалдық  аспектіде,  интеграциялауды  (пәнаралық 
байланысты)  оқыту/оқу  үдерісінде  жүзеге  асырудың  әдіс-тәсілдері,  ұйымдастыру  формалары 
сипатталады.  Пәндерді  интеграциялау  педагогикалық  үдерісте,  оның  ішінде  оқыту  үдерісінде  жүзеге 
асырылады  және  аталған  үдерістің  сапасына  тікелей  байланысты.  Оқыту  үдерісінің  мәнін  түсінуде, 
оқушылардың білім сапасының жоғарылығын қамтамасыз ететін оқыту үдерісінің моделін іздестіруде біз 
үшін  Н.Д.Хмельдің,  Т.И.Щукинаның  еңбектерінің  өте  үлкен  маңызы  бар.  Н.Д.Хмель  «педагогикалық 
үдеріс» деп «педагог-оқушы» жүйесінің жағдайларының алмасуы ретінде қарастырады. Ол: «педагогтар 
мен оқушылардың өзара әрекеттесуі бар жерде, педагогикалық үдеріс те бар» - деп тұжырымдайды [2, 35-
36 б.]. Н.Д.Хмель «Педагогикалық үдеріс» ұғымының мазмұнын «педагогтың белсенді қатысуымен және 
басшылығымен  өтетін  оқушылардың  мәдениет  байлығын  меңгеруге  және  оларды  еңбек  пен  қоғамдық 
өмірге  даярлауға  бағытталған  бірлескен  іс-әрекеті»  ретінде  анықтайды  [2,  35-36  б.].  Ол  педагогикалық 
үдерісті  мұғалім  іс-әрекетінің  объектісі  ретінде  санай  отырып,  бұл  үдерісті  іс-әрекеттердің  алмасуы 
есебінен жүретін, қызмет ететін үдеріс екендігін атап көрсетеді. 
Педагогикалық үдеріс сәйкес педагогикалық жүйеде жүзеге асырылады.  
Педагогикалық  жүйе  –  оқушы  дамуының  алға  қойған  мақсаттарына  жетуге  мүмкіндік  беретін 
(қабілетті ететін) барлық факторлардың тұтас бірлігі. 
Педагогикалық  үдерісте  жүретін,  орын  алатын  өзгерістер  педагогикалық  жүйе  элементтері  арқылы 
жүзеге асырылады және оларды жобалау арқылы қамтамасыз етуге болады. 
И.П.Подласый  педагогикалық  жүйе  құраушыларының  төмендегідей  элементтерін  атап  көрсетеді: 
оқыту  мақсаты,  оқыту  мазмұны,  әдістері,  оқытудың  формалары,  құралдары,  педагогикалық 
технологиялар, басқару, оқушылар, мұғалім, нәтиже [3]. 
К.К.Платоновтың, А.А.Кыверялгтың зерттеулеріне сәйкес білім сапасы оқушының жеке тұлғалық төрт 
қасиетіне байланысты деп айтуға болады, олар: 
1) бағыттылығы (сенімі, дүниетанымы, идеалы, қызығушылығы); 
2) тәжірибесі (адамның даярлығы, оның білімі, дағдысы, іскерлігі мен әдеті); 
3) психикалық үдерістері (қабылдауы, ойлауы, түйсінуі, зейіні, есі, ерік-жігері, сезімі, эмоциясы);  
4)  темпераменті  (адамның  жоғары  жүйке  қызметінің  типологиялық  негіздері,  жасы,  жеке  тұлғаның 
жыныстық қасиеттері мен потологиялық өзгерістері). 
Бастауыш сынып оқушыларының білім сапасын пәнаралық байланыстар бойынша қамтамасыз етуді: 
ақпаратты  амал  жасау,  себеп-салдарлық  байланысты  орнату,  қолдануды  жүзеге  асыру  тұрғысынан 
қарастырған  Д.Кішібаеваның  зерттеуін  атап  өтуге  болады.  Ізденуші  білімнің  сапалық  қасиеттерін 
төмендегіше көрсетеді [4, 28 б.]: 

Вестник КазНПУ им. Абая, серия «Педагогические науки», №4(48), 2015 г. 
264 
Ақпаратты амал жасау (кіріктіру): объектідегі (заттағы) негізгіні бөліп көрсету (түсін, пішінін, көлемін, 
арналуын, т.б.); басқа объектімен (затпен), объектіні (затты) жасау технологиясымен (үдерісті) сәйкес қою 
негізінде салыстыру (ерекшелікті көрсету, айырмашылықты табу т.б.); объектіні (затты) дайындау бойын-
ша оқу материалдарын (материалы, қолданылатын еңбек құралдары, орындайтын үдерісі, сызба жұмыс-
тары т.б. бойынша) жүйелеу; объектіні (затты) сыртқы (конструкциясы) пішіні, көлемі тұрғысынан өзгер-
ту;  объектіні  (затты)  жетілдіру  тұрғысынан  (түсіне  сәйкес  элементтер  (әшекей  т.б.)  қосу)  толықтыру, 
конструкциясын  жетілдіру,  оқу  материалдарын  толықтыру;  объектіні  (затты)  дайындау  бойынша  оқу 
материалдарын (сызбасын сызу, материалтану, еңбек құралдары, еңбек үдерістері т.б. бойынша) және іс-
әрекеттерді (орындалатын үдерістерді: еңбек тәсілдерін, әрекеттерді, қозғалыстарды) ойша және практи-
када біріктіру; объектіні (затты) дайындау үдерісіне қатысты жіберілген қатені табу, түзету бойынша ой 
және дене әрекеттерін орындау қажет. Себеп-салдарлық байланыс бойынша: объектіні (затты) дайындау-
дағы  немесе  үдерісті  жүзеге  асыру  себебін  анықтау;  үдерісті  орындаудағы  жіберілген  қателіктерден 
немесе үдерісті орындаудан, қауіпсіздік шараларын сақтамаудан шығатын салдарды анықтау; объекті (зат) 
үшін тиімді түстің, пішіннің таңдалуын, арналуын т.б. дәлелдеу; үдерістің дұрыс орындалмауын немесе 
түстің,  пішіннің  зат  үшін  дұрыс  таңдалмауын  терістеп  сипаттау;  объекті  үшін  түстің,  пішіннің  немесе 
орындалуы керек үдерістердегі т.б. байланыстарды анықтау; объектінің (заттың) атқаратын функциясын 
анықтау;  заттың  өзінің  элементтері  арасындағы  байланыстарын  анықтау;  бар  объектінің  құрылымына 
енген жаңа элементтерді анықтау сияқты оқу-интеллектуалдық іскерліктерінің орындалуы қажет етілді. 
Практикалық  іс-әрекеттерді  жоспарлау  және  орындау  бойынша:  объектіні  (затты)  әзірлеу  бойынша 
жоспар құрастыру; практикалық іс-әрекетте өзіне, бұйымды даярлау үдерісі кезінде объектінің (заттың) 
өлшемін бақылауды, өлшеуді және тәжірибені жасауды жоспарлау және оларды практикада жүзеге асыру; 
болашақ әзірленетін объектіні болжау; практикалық іс-әрекетті орындаудың жоспарын талдау әрекеттерін 
орындау  талап  етілді.  Оқушылардың  білім  сапасын  арттыру  бойынша  оқыту  үдерісінің  моделін 
С.Абдукадирова  өзінің  зерттеу  жұмысында  құрастырған.  Ізденуші  әзірлеген  модель  бойынша 
төмендегідей тұжырым жасауға болады: 
- оқушының оқыту үдерісіндегі іс-әрекеті орындаушылық, атқарушылық сипатта болуы: оның ойлау 
қызметі енжар-репродуктивті сипат алады, осыған сәйкес оқушы мұғалімнің ұсынған ақпаратын қабыл-
дауға, мағынасына жетіп түсінуге, пайымдауға, түсінуге, есте сақтауға қабілеттілік көрсетеді; бұл білім 
дұрыстық, толықтық, терендік, жүйелілік, саналылық талаптарына жауап береді. 
- оқушының оқыту үдерісіндегі іс-әрекеті белсенді-атқарушылық сипатта болуы: оның ойлау қызметі 
белсенді-репродуктивтік  сипат  алады.  Білімді  практикада  үлгі  бойынша  қолдануға  жаттыға  отырып, 
оқушы білімді осы деңгейде және осы үлгіге ұқсас, оңай танылатын деңгейлерде меңгереді; бұл жағдайда 
білім  толықтық,  дұрыстық,  тереңдік,  жүйелілік,  саналылық,  нақтылық,  беріктік,  ықшамдылық 
қасиеттерге ие болады. 
- оқушының оқыту үдерісіндегі іс-әрекеті белсенді-шығармашылық-өзіндік әрекет сипатында болуы: 
оның әрекетшілдік бағыт ұстанғандығын көрсетеді, оның ойлау қызметіне өнімділік және шығармашы-
лық  сипат  тән  келеді;  бұл  оқушының  білімді  таныс  емес  жағдайларға  қолдануын  қамтамасыз  етеді; 
осының нәтижесінде оқушының білімі сапалық қасиеттердің бүкіл жүйесіне ие болады. 
Білім  сапасын  арттыру  педагогиканың,  оның  ішінде  дидактиканың  айналысатын  мәселесі  екендігі 
белгілі.  Бастауыш  сынып  пәндерін  интеграциялау  оқушылардың  білім  сапасын  арттырудың 
дидактикалық  шарттары  арқылы  жүзеге  асырылады  деп  білеміз  және  интеграцияның  атқаратын 
функцияларына  сәйкес  оларды  нақтылау  қажеттігі  туындайды.  Пәндер  интеграциясы  негізінде 
бастауыш  сынып  оқушыларының  білім  сапасын  арттырудың  дидактикалық  шарттарын  анықтау  үшін 
алдымен  оқытудың  дидактикалық  шарттарының  мазмұндық  сипатын  анықтау  қажеттігі  туындайды. 
Осыған  сәйкес,  «дидактикалық  шарттар»,  «білім  сапасын  арттырудың  дидактикалық  шарттары» 
ұғымдарының мәнін ашуды жөн санадық. 
Педагогика ғылымында шарттар объективті және субъективті деп ажыратылады. Объективті шарттар 
мұғалімге  байланысты  емес,  оған  мемлекеттік  оқу-әдістемелік  құжаттар,  оқушылардың  жас  және  жеке 
дара  ерекшеліктері,  мектептің  жұмысы  және  оны  қоршаған  ортаның  нақты  жағдайы  қатысты  болып 
табылады.  Субъективті  шарттарға  мұғалімнің  жеке  тұлғалық  қасиеттері  мен  шеберлігі,  оқыту  мен 
тәрбиелеу жөніндегі заңдар мен білімдер, оларды практикада қолдану іскерлігі, оқу және тәрбие үдерісіне 
жағымды  жағдайды  мұғалімнің  жасау  және  тәрбиеленушілермен  дұрыс  қатынасты  орнатуы  жатады. 
Кейбір кезде белгілі іс-әрекет түріне қабілетті субъективті жағдай шешуші мәнге ие болады [5]. 
Педагогикалық  зерттеулерді  талдау  «дидактикалық  шарт»  ұғымын  пайдалануда,  оқытудағы  жаңа  - 
оның жекелеген бөліктеріндегі немесе бүтіндей мектептегі оқыту, білім беруді жетілдірудегі келесі қадам 

Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Педагогика ғылымдары» сериясы, №4(48), 2015 г. 
265 
ретіндегі  практикаға  ендірілген,  педагогикалық  эксперимент  тәртібінде  дайындалған  жаңа  оқыту, 
дайындау (әрекет ету) жүйесін сипаттауды талап ететіндігін көрсетеді. 
Интеграциялаудың  оқыту  үдерісінде  анықталған  функцияларын  (әдістемелік,  білім  беру, 
дамытушылық,  конструктивті)  білім  берудегі  интеграцияның  әдістемелік  жұмыс  бағдары  болып 
табылатынын  назарға  ала  отырып,  «біз  оқу  пәндерін  интеграциялау  –  оқушылардың  білім  сапасын 
арттырудың дидактикалық шарты» - деп білеміз. 
«Дидактикалық шарттар» ұғымын ашу үшін бәрінен бұрын оны «дидактикалық негіздер» ұғымынан 
шектеу  қажет.  «Дидактикалық  негіз»  деп  кез  келген  дидактикалық  жүйеге  қатысты  оқытуды  жүзеге 
асырудың жалпы сипаттамаларын мақсатты түсіну қажет. Бұрынғы болған немесе қазіргі уақытта бар кез 
келген  оқыту  жүйесі  бірқатар  міндетті  құраушылармен  сипатталады  және  ерекшеленеді.  Олардың 
сапалық, мазмұндық сипаттамасы әр түрлі оқыту жүйесінде әр түрлі болады. Оқыту жүйелері дидактика-
лық шарттармен ажыратылады. Дидактикалық шарттардағы өзгешеліктер оқыту жүйесіндегі өзгешелік-
терді анықтайды. 
Сонымен,  дидактикалық  шарттарды  сипаттау,  оның  даындамасын  әзірлеуге,  жетілдіруге, 
жетілдірілген  оқыту  жүйесін  құрастыруға  ұмтылғанда  ғана  мәні  болады.  Егер  де  алға  ондай  міндет 
қойылмаса, онда дидактикалық шарттар кең көлемде түсінікті бола бермейді. 
Педагогикалық  үдеріс  үшін  оқыту  жүйелері  құраушыларын  анықтау  туралы  әр  түрлі  пікірлер  бар. 
А.М.Пышкало оқыту жүйелерінің бес құраушысын атап көрсетеді, олар: 
- оқытудың нақты мақсаттары; 
- оқыту мазмұны; 
- оқытуды ұйымдастыру формалары; 
- оқу/оқыту әдістері; 
- оқыту құралдары [6]. 
М.В.Зверева «О понятии «дидактические условия»» деген мақаласында оқыту жүйелерінің мазмұндық 
сипаты тұрғысынан олардың төмендегідей құраушыларын атап көрсетеді [7]:  
- оқыту міндеттері (олар оқыту алдына қалай тұжырымды етіп қойылады);  
-  оқыту  мазмұны  мен  әдістерін  іріктеу  принциптері  (яғни,  дидактикалық  принциптер,  олардың  мәні, 
бағыттылығы); 
- оқытудың принциптері (олар қаншалықты оқушылардың әр түрлі іс-әрекетін қамтамасыз етеді); 
-  оқыту  әдістері  (олар  мектеп  бағдарламасын  игерту  мен  оқушылардың  жалпы  дамуын  қаншалықты 
қамтамасыз етеді); 
- оқытуды ұйымдастыру формалары (олар қаншалықты нұсқалы, қозғалмалы); 
-  мұғалімнің  оқытудың  нәтижелелерін  бөліп  алудағы  тәсілдері  (қаншалықты  бұл  толық  нәтижелілік 
есепке алынады); 
-  мұғалім  мен  оқушылардың  арасындағы  өзара  қатынастың  сипаты  (қаншалықты  эмоционалды 
сәттілігін, оқыту үдерісіне қатысушылардың эмоционалды жабдықталғандығын қамтамасыз етеді); 
- оқытудың құралдары, оқулықтар. 
М.Звереваның  оқыту  жүйелерінің  мазмұндық  сипатынан:  1  -  оқытудың  нәтижелерін;  2  -  танымдық 
және  шығармашылық  іс-әрекетті  дамытудың  құралдары  мен  жолдарын  (іс-әрекет  бағыттарын) 
дидактикалық шарттар қатарына қосу керек деп білеміз. 
Б.Т.Ортаев  өзінің  зерттеуінде  дидактикалық  шарттар  деп,  «...оқыту  жүйелерін  құраушылардың 
мазмұндық сипаттамаларын конструкциялауды және нәтижеге жетуді түсінеді» [5, 27 б.]. Біздің ойымыз-
ша, «дидактикалық шарттар деп, мақсатқа сәйкес нәтижеге жетудегі оқыту жүйесі құраушыларын 
жобалаумен жүзеге асыруды конструкциялауды және оны қамтамасыз етудің базасын» түсінеміз. 
Оқу  пәндерін  интеграциялау  негізінде  бастауыш  сынып  оқушыларының  білім  сапасын  арттыруды 
қамтамасыз етудегі дидактикалық шарттардың оқыту жүйесіндегі мазмұндық сипатын төмендегідей 
деп білеміз. Олар: 
1. Мақсаты, оқытудың міндеттерінің қойылуы (оқу пәндерін интеграциялау негізінде бастауыш сынып 
оқушыларының білім сапасын арттыру). 
2. Оқыту мазмұнында пәнаралық байланысты жүзеге асыратын оқу материалдарының болуы. 
3. Оқытуда пәнаралық принциптердің басшылыққа алынуы. 
4.  Оқыту/оқу  әдістерінің  пәндер  интеграциясын  қамтамасыз  етумен  білім  сапасын  арттыруда  жүзеге 
асырылуы. 
5. Білім сапасын арттыруда оқытуды ұйымдастыру формаларының, интеграциялық сабақтардың орын 
алуы. 

Вестник КазНПУ им. Абая, серия «Педагогические науки», №4(48), 2015 г. 
266 
6. Оқушылардың танымдық және шығармашылық іс-әрекеттерін дамытудың құралдары мен іс-әрекет 
бағыттары  бойынша  жаңалықты  оқу  материалдарының  болуы,  оқушының  білім  меңгеру  бойынша 
белсенділігі. 
7.  Оқу  пәндерін  интеграциялау  негізінде  бастауыш  сынып  оқушыларының  білім  сапасын  арттыру 
бойынша мұғалім дайындығы.  
8. Білім сапасын арттыруға бағытталған оқыту технологиясы, оның техникалық жарақталуы. 
9. Оқыту нәтижелерінде оқу пәндерін интеграциялау негізінде бастауыш сынып оқушыларының білім 
сапасының арттырылуы. 
Оқу  пәндерін  интеграциялау  негізінде  бастауыш  сынып  оқушыларының  білім  сапасын  арттыруды 
жүзеге асырудағы педагогикалық шарттардың негізгілері төмендегідей белгіленеді: 
-
 
қазіргі оқу материалдарын белсенділікпен, саналылықпен зерделеу; 
-
 
әр  түрлі  оқу  материалдары  негізінде  жатқан  жалпы  принциптерді,  байланыстарды,  үдерістерді 
салыстыру, сәйкес қою жолымен табуға үйрету; 
-
 
оқушылардың  оқу  пәндері  сабақтарында  игерген  теориялық  білімдерін  оқу,  еңбек,  өндірістік 
үдерістерді зерделеу мен игертуде негіздеу. 
Сонымен,  дәстүрлі  оқыту  жүйелеріне  қарағанда  жаңа,  жетілдірілген  оқыту  жүйесіне  қызмет  ететін 
шарттар жиынтығы дидактикалық шарттар болып табылады.  
 
1
 
Қазақстан Республикасының Президенті – Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстан-2050: Бір мақсат, бір мүд-
де, бір болашақ» атты Қазақстан Халқына Жолдауы / Егемен Қазақстан. – 2014, қаңтар – 18. - №11(28235). - Б. 34. 
2
 
Хмель Н.Д. Педагогический процесс в общеобразовательной школе. -Алма-Ата, 1984. -133 с. 
3
 
Подласый И.П. Педагогика. – Владос: Гуманитарный издательский центр, 2000. - 576 с. 
4
 
Кішібаева Д.Ж. Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық іс –ірекетін пәнаралық байланыс негізінде 
қалыптастыру: пед.ғыл.канд. ... автореф. – Шымкент, 2006. - 28 б. 
5
 
Ортаев Б.Т. Болашақ еңбек пәні мұғалімдерін оқушыларды қолөнерге баулуда политехникалық бағыттылық-
ты қамтамасыз етуге даярлаудың дидактикалық шарттары: пед. ғыл. канд. ... автореф. – Шымкент, 2002. - 27 б. 
6
 
Совершенствование обучения младших школьников/под ред. А.М.Пышкало. - М.: Педагогика, 1984. - 128 с. 
7
 
Зверева  М.В.  О  понятии  «дидактические  условия»  //  Новые  исследования  в  педагогических  науках.  -  М.: 
Педагогика, 1987. - № 1. - С. 29-32. 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   57




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет