Хабаршы «Педагогика ғылымдары» сериясы



Pdf көрінісі
бет45/57
Дата14.02.2017
өлшемі5,69 Mb.
#4128
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   57

Keywords: family, education, study, children, theory, problem, contact 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Педагогика ғылымдары» сериясы, №4(48), 2015 г. 
247 
ӘОЖ 371,1 
 
ОҚУ ПӘНДЕРІН ИНТЕГРАЦИЯЛАУ – ОҚУШЫЛАРДЫҢ БІЛІМ САПАСЫН АРТТЫРУДЫҢ 
ДИДАКТИКАЛЫҚ ШАРТЫ 
 
Б.Т. Ортаев, А.А. Куралбаева, Ш.Исахова – Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік 
университететін, Түркістан қаласы 
 
Білім сапасын арттыру мәселесі нормативті құжаттар мен Елбасының Жолдауларында көрініс тауып 
отырады.  Солардың  бірі,  Президентіміздің  мемлекетіміздің  болашақта  дамуына  арналған  «Қазақстан  – 
2050:  Бір  мақсат,  бір  мүдде,  бір  болашақ»  атты  Қазақстан  Халқына  Жолдауында  [1,  2-3  б.]  «Барлық 
дамыған елдердің сапалы бірегей білім беру жүйесі бар. Ұлттық білім берудің барлық буынының сапасын 
жақсартуда  бізді  ауқымды  жұмыс  күтіп  тұр.  2020  жылға  қарай  Қазақстандағы  3-6  жас  аралығындағы 
балаларды  мектепке  дейінгі  біліммен  100  пайыз  қамту  жоспарлануда.  Сондықтан  оларға  заманауи 
бағдарламалар мен оқыту әдістемелерін, білікті мамандар ұсыну маңызды. Орта білім жүйесінде жалпы 
білім беретін мектептерді Назарбаев зияткерлік мектептеріндегі оқыту деңгейіне жеткізу керек. Мектеп 
түлектері  қазақ,  орыс  және  ағылшын  тілдерін  білуге  тиіс.  Оларды  оқыту  нәтижесі  оқушылардың 
сындарлы  ойлау,  өзіндік  ізденіс  пен  ақпаратты  терең  талдау  машығын  игеру  болуға  тиіс»  -  деп 
Қазақстанның  әлемдегі  ең  дамыған  30  елдің  қатарына  кіру  тұжырымдамасында  алдағы  жұмыстың 
ұзақмерзімді басымдықтарының бірінде атап көрсетті. 
Біздің  ойымызша,  білім  сапасын  арттыруға  сәйкес  бастауыш  сынып  пәндерін  интеграциялау  екі 
аспектіде қарастырылады: біріншісі, мазмұндық; екіншісі, процессуалдық аспекті. 
Мазмұндық  аспектіде  интеграциялау  үдерісінің  (пәнаралық  байланыстың)  оқыту  мазмұнын  түзетін 
құжаттарда  тіркелуін  қарастырады.  Ал,  процессуалдық  аспектіде,  интеграциялауды  (пәнаралық  байла-
нысты)  оқыту/оқу  үдерісінде  жүзеге  асырудың  әдіс-тәсілдері,  ұйымдастыру  формалары  сипатталады. 
Пәндерді интеграциялау педагогикалық үдерісте, оның ішінде оқыту үдерісінде жүзеге асырылады және 
аталған  үдерістің  сапасына  тікелей  байланысты.  Оқыту  үдерісінің  мәнін  түсінуде,  оқушылардың  білім 
сапасының жоғарылығын қамтамасыз ететін оқыту үдерісінің моделін іздестіруде біз үшін Н.Д.Хмельдің, 
Т.И.Щукинаның еңбектерінің өте үлкен маңызы бар. Н.Д. Хмель «педагогикалық үдеріс» деп «педагог-
оқушы»  жүйесінің  жағдайларының  алмасуы  ретінде  қарастырады.  Ол:  «педагогтар  мен  оқушылардың 
өзара әрекеттесуі бар жерде, педагогикалық үдеріс те бар» - деп тұжырымдайды [2, 35-36 б.]. Н.Д.Хмель 
«Педагогикалық  үдеріс»  ұғымының  мазмұнын  «педагогтың  белсенді  қатысуымен  және  басшылығымен 
өтетін оқушылардың мәдениет байлығын меңгеруге және оларды еңбек пен қоғамдық өмірге даярлауға 
бағытталған бірлескен іс-әрекеті» ретінде анықтайды [2, 35-36 б.]. Ол педагогикалық үдерісті мұғалім іс-
әрекетінің объектісі ретінде санай отырып, бұл үдерісті іс-әрекеттердің алмасуы есебінен жүретін, қызмет 
ететін үдеріс екендігін атап көрсетеді. 
Педагогикалық үдеріс сәйкес педагогикалық жүйеде жүзеге асырылады.  
Педагогикалық  жүйе  –  оқушы  дамуының  алға  қойған  мақсаттарына  жетуге  мүмкіндік  беретін 
(қабілетті ететін) барлық факторлардың тұтас бірлігі. 
Педагогикалық  үдерісте  жүретін,  орын  алатын  өзгерістер  педагогикалық  жүйе  элементтері  арқылы 
жүзеге асырылады және оларды жобалау арқылы қамтамасыз етуге болады. 
И.П.Подласый  педагогикалық  жүйе  құраушыларының  төмендегідей  элементтерін  атап  көрсетеді: 
оқыту  мақсаты,  оқыту  мазмұны,  әдістері,  оқытудың  формалары,  құралдары,  педагогикалық 
технологиялар, басқару, оқушылар, мұғалім, нәтиже [3]. 
К.К.Платоновтың, А.А.Кыверялгтың зерттеулеріне сәйкес білім сапасы оқушының жеке тұлғалық төрт 
қасиетіне байланысты деп айтуға болады, олар: 
1) бағыттылығы (сенімі, дүниетанымы, идеалы, қызығушылығы); 
2) тәжірибесі (адамның даярлығы, оның білімі, дағдысы, іскерлігі мен әдеті); 
3) психикалық үдерістері (қабылдауы, ойлауы, түйсінуі, зейіні, есі, ерік-жігері, сезімі, эмоциясы);  
4)  темпераменті  (адамның  жоғары  жүйке  қызметінің  типологиялық  негіздері,  жасы,  жеке  тұлғаның 
жыныстық қасиеттері мен потологиялық өзгерістері). 
Бастауыш сынып оқушыларының білім сапасын пәнаралық байланыстар бойынша қамтамасыз етуді: 
ақпаратты  амал  жасау,  себеп-салдарлық  байланысты  орнату,  қолдануды  жүзеге  асыру  тұрғысынан 
қарастырған  Д.Кішібаеваның  зерттеуін  атап  өтуге  болады.  Ізденуші  білімнің  сапалық  қасиеттерін 
төмендегіше көрсетеді [4, 28 б.]: 

Вестник КазНПУ им. Абая, серия «Педагогические науки», №4(48), 2015 г. 
248 
Ақпаратты амал жасау (кіріктіру): объектідегі (заттағы) негізгіні бөліп көрсету (түсін, пішінін, көлемін, 
арналуын, т.б.); басқа объектімен (затпен), объектіні (затты) жасау технологиясымен (үдерісті) сәйкес қою 
негізінде  салыстыру  (ерекшелікті  көрсету,  айырмашылықты  табу,  т.б.);  объектіні  (затты)  дайындау  бо-
йынша оқу материалдарын (материалы, қолданылатын еңбек құралдары, орындайтын үдерісі, сызба жұ-
мыстары т.б. бойынша) жүйелеу; объектіні (затты)  сыртқы (конструкциясы) пішіні, көлемі тұрғысынан 
өзгерту; объектіні (затты) жетілдіру тұрғысынан (түсіне сәйкес элементтер (әшекей т.б.) қосу) толықтыру, 
конструкциясын  жетілдіру,  оқу  материалдарын  толықтыру;  объектіні  (затты)  дайындау  бойынша  оқу 
материалдарын (сызбасын сызу, материалтану, еңбек құралдары, еңбек үдерістері т.б. бойынша) және іс-
әрекеттерді (орындалатын үдерістерді: еңбек тәсілдерін, әрекеттерді, қозғалыстарды) ойша және практи-
када біріктіру; объектіні (затты) дайындау үдерісіне қатысты жіберілген қатені табу, түзету бойынша ой 
және дене әрекеттерін орындау қажет. Себеп-салдарлық байланыс бойынша: объектіні (затты) дайындау-
дағы  немесе  үдерісті  жүзеге  асыру  себебін  анықтау;  үдерісті  орындаудағы  жіберілген  қателіктерден 
немесе үдерісті орындаудан, қауіпсіздік шараларын сақтамаудан шығатын салдарды анықтау; объекті (зат) 
үшін тиімді түстің, пішіннің таңдалуын, арналуын т.б. дәлелдеу; үдерістің дұрыс орындалмауын немесе 
түстің,  пішіннің  зат  үшін  дұрыс  таңдалмауын  терістеп  сипаттау;  объекті  үшін  түстің,  пішіннің  немесе 
орындалуы керек үдерістердегі т.б. байланыстарды анықтау; объектінің (заттың) атқаратын функциясын 
анықтау; заттың өзінің элементтері арасындағы байланыстарын анықтау; бар объектінің құрылымына ен-
ген  жаңа  элементтерді  анықтау  сияқты  оқу-интеллектуалдық  іскерліктерінің  орындалуы  қажет  етілді. 
Практикалық іс-әрекеттерді жоспарлау және орындау бойынша: объектіні (затты) әзірлеу бойынша жос-
пар құрастыру; практикалық іс-әрекетте өзіне, бұйымды даярлау үдерісі кезінде объектінің (заттың) өл-
шемін бақылауды, өлшеуді және тәжірибені жасауды жоспарлау және оларды практикада жүзеге асыру; 
болашақ әзірленетін объектіні болжау; практикалық іс-әрекетті орындаудың жоспарын талдау әрекеттерін 
орындау  талап  етілді.  Оқушылардың  білім  сапасын  арттыру  бойынша  оқыту  үдерісінің  моделін 
С.Абдукадирова  өзінің  зерттеу  жұмысында  құрастырған.  Ізденуші  әзірлеген  модель  бойынша 
төмендегідей тұжырым жасауға болады: 
- оқушының оқыту үдерісіндегі іс-әрекеті орындаушылық, атқарушылық сипатта болуы: оның ойлау 
қызметі енжар-репродуктивті сипат алады, осыған сәйкес оқушы мұғалімнің ұсынған ақпаратын қабыл-
дауға, мағынасына жетіп түсінуге, пайымдауға, түсінуге, есте сақтауға қабілеттілік көрсетеді; бұл білім 
дұрыстық, толықтық, терендік, жүйелілік, саналылық талаптарына жауап береді. 
- оқушының оқыту үдерісіндегі іс-әрекеті белсенді-атқарушылық сипатта болуы: оның ойлау қызметі 
белсенді-репродуктивтік  сипат  алады.  Білімді  практикада  үлгі  бойынша  қолдануға  жаттыға  отырып, 
оқушы білімді осы деңгейде және осы үлгіге ұқсас, оңай танылатын деңгейлерде меңгереді; бұл жағдайда 
білім  толықтық,  дұрыстық,  тереңдік,  жүйелілік,  саналылық,  нақтылық,  беріктік,  ықшамдылық 
қасиеттерге ие болады. 
- оқушының оқыту үдерісіндегі іс-әрекеті белсенді-шығармашылық-өзіндік әрекет сипатында болуы: 
оның әрекетшілдік бағыт ұстанғандығын көрсетеді, оның ойлау қызметіне өнімділік және шығармашы-
лық  сипат  тән  келеді;  бұл  оқушының  білімді  таныс  емес  жағдайларға  қолдануын  қамтамасыз  етеді; 
осының нәтижесінде оқушының білімі сапалық қасиеттердің бүкіл жүйесіне ие болады. 
Білім  сапасын  арттыру  педагогиканың,  оның  ішінде  дидактиканың  айналысатын  мәселесі  екендігі 
белгілі. Бастауыш сынып пәндерін интеграциялау оқушылардың білім сапасын арттырудың дидактика-
лық шарттары арқылы жүзеге асырылады деп білеміз және интеграцияның атқаратын функцияларына 
сәйкес  оларды  нақтылау  қажеттігі  туындайды.  Пәндер  интеграциясы  негізінде  бастауыш  сынып 
оқушыларының білім сапасын арттырудың дидактикалық шарттарын анықтау үшін алдымен оқытудың 
дидактикалық шарттарының мазмұндық сипатын анықтау қажеттігі туындайды. Осыған сәйкес, «дидак-
тикалық  шарттар»,  «білім  сапасын  арттырудың  дидактикалық  шарттары»  ұғымдарының  мәнін  ашуды 
жөн санадық. 
Педагогика ғылымында шарттар объективті және субъективті деп ажыратылады. Объективті шарттар 
мұғалімге  байланысты  емес,  оған  мемлекеттік  оқу-әдістемелік  құжаттар,  оқушылардың  жас  және  жеке 
дара  ерекшеліктері,  мектептің  жұмысы  және  оны  қоршаған  ортаның  нақты  жағдайы  қатысты  болып 
табылады.  Субъективті  шарттарға  мұғалімнің  жеке  тұлғалық  қасиеттері  мен  шеберлігі,  оқыту  мен 
тәрбиелеу жөніндегі заңдар мен білімдер, оларды практикада қолдану іскерлігі, оқу және тәрбие үдерісіне 
жағымды  жағдайды  мұғалімнің  жасау  және  тәрбиеленушілермен  дұрыс  қатынасты  орнатуы  жатады. 
Кейбір кезде белгілі іс-әрекет түріне қабілетті субъективті жағдай шешуші мәнге ие болады [5]. 
Педагогикалық  зерттеулерді  талдау  «дидактикалық  шарт»  ұғымын  пайдалануда,  оқытудағы  жаңа  - 
оның жекелеген бөліктеріндегі немесе бүтіндей мектептегі оқыту, білім беруді жетілдірудегі келесі қадам 

Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Педагогика ғылымдары» сериясы, №4(48), 2015 г. 
249 
ретіндегі  практикаға  ендірілген,  педагогикалық  эксперимент  тәртібінде  дайындалған  жаңа  оқыту, 
дайындау (әрекет ету) жүйесін сипаттауды талап ететіндігін көрсетеді. 
Интеграциялаудың  оқыту  үдерісінде  анықталған  функцияларын  (әдістемелік,  білім  беру, 
дамытушылық,  конструктивті)  білім  берудегі  интеграцияның  әдістемелік  жұмыс  бағдары  болып 
табылатынын  назарға  ала  отырып,  «біз  оқу  пәндерін  интеграциялау  –  оқушылардың  білім  сапасын 
арттырудың дидактикалық шарты» - деп білеміз. 
«Дидактикалық шарттар» ұғымын ашу үшін бәрінен бұрын оны «дидактикалық негіздер» ұғымынан 
шектеу  қажет.  «Дидактикалық  негіз»  деп  кез  келген  дидактикалық  жүйеге  қатысты  оқытуды  жүзеге 
асырудың жалпы сипаттамаларын мақсатты түсіну қажет. Бұрынғы болған немесе қазіргі уақытта бар кез 
келген  оқыту  жүйесі  бірқатар  міндетті  құраушылармен  сипатталады  және  ерекшеленеді.  Олардың 
сапалық, мазмұндық сипаттамасы әр түрлі оқыту жүйесінде әр түрлі болады. Оқыту жүйелері дидактика-
лық  шарттармен  ажыратылады.  Дидактикалық  шарттардағы  өзгешеліктер  оқыту  жүйесіндегі 
өзгешеліктерді анықтайды. 
Сонымен,  дидактикалық  шарттарды  сипаттау,  оның  даындамасын  әзірлеуге,  жетілдіруге, 
жетілдірілген  оқыту  жүйесін  құрастыруға  ұмтылғанда  ғана  мәні  болады.  Егер  де  алға  ондай  міндет 
қойылмаса, онда дидактикалық шарттар кең көлемде түсінікті бола бермейді. 
Педагогикалық  үдеріс  үшін  оқыту  жүйелері  құраушыларын  анықтау  туралы  әр  түрлі  пікірлер  бар. 
А.М.Пышкало оқыту жүйелерінің бес құраушысын атап көрсетеді, олар: 
- оқытудың нақты мақсаттары; 
- оқыту мазмұны; 
- оқытуды ұйымдастыру формалары; 
- оқу/оқыту әдістері; 
- оқыту құралдары [6]. 
М.В.Зверева «О понятии «дидактические условия»» деген мақаласында оқыту жүйелерінің мазмұндық 
сипаты тұрғысынан олардың төмендегідей құраушыларын атап көрсетеді [7]:  
- оқыту міндеттері (олар оқыту алдына қалай тұжырымды етіп қойылады);  
-  оқыту  мазмұны  мен  әдістерін  іріктеу  принциптері  (яғни,  дидактикалық  принциптер,  олардың  мәні, 
бағыттылығы); 
- оқытудың принциптері (олар қаншалықты оқушылардың әр түрлі іс-әрекетін қамтамасыз етеді); 
-  оқыту  әдістері  (олар  мектеп  бағдарламасын  игерту  мен  оқушылардың  жалпы  дамуын  қаншалықты 
қамтамасыз етеді); 
- оқытуды ұйымдастыру формалары (олар қаншалықты нұсқалы, қозғалмалы); 
-  мұғалімнің  оқытудың  нәтижелелерін  бөліп  алудағы  тәсілдері  (қаншалықты  бұл  толық  нәтижелілік 
есепке алынады); 
-  мұғалім  мен  оқушылардың  арасындағы  өзара  қатынастың  сипаты  (қаншалықты  эмоционалды 
сәттілігін, оқыту үдерісіне қатысушылардың эмоционалды жабдықталғандығын қамтамасыз етеді); 
- оқытудың құралдары, оқулықтар. 
М.Звереваның  оқыту  жүйелерінің  мазмұндық  сипатынан:  1  -  оқытудың  нәтижелерін;  2  -  танымдық 
және  шығармашылық  іс-әрекетті  дамытудың  құралдары  мен  жолдарын  (іс-әрекет  бағыттарын) 
дидактикалық шарттар қатарына қосу керек деп білеміз. 
Б.Т.  Ортаев  өзінің  зерттеуінде  дидактикалық  шарттар  деп,  «...оқыту  жүйелерін  құраушылардың 
мазмұндық сипаттамаларын конструкциялауды және нәтижеге жетуді түсінеді» [5, 27 б.]. Біздің ойымыз-
ша, «дидактикалық шарттар деп, мақсатқа сәйкес нәтижеге жетудегі оқыту жүйесі құраушыларын 
жобалаумен жүзеге асыруды конструкциялауды және оны қамтамасыз етудің базасын» түсінеміз. 
Оқу  пәндерін  интеграциялау  негізінде  бастауыш  сынып  оқушыларының  білім  сапасын  арттыруды 
қамтамасыз етудегі дидактикалық шарттардың оқыту жүйесіндегі мазмұндық сипатын төмендегідей 
деп білеміз. Олар: 
1. Мақсаты, оқытудың міндеттерінің қойылуы (оқу пәндерін интеграциялау негізінде бастауыш сынып 
оқушыларының білім сапасын арттыру). 
2. Оқыту мазмұнында пәнаралық байланысты жүзеге асыратын оқу материалдарының болуы. 
3. Оқытуда пәнаралық принциптердің басшылыққа алынуы. 
4.  Оқыту/оқу  әдістерінің  пәндер  интеграциясын  қамтамасыз  етумен  білім  сапасын  арттыруда  жүзеге 
асырылуы. 
5. Білім сапасын арттыруда оқытуды ұйымдастыру формаларының, интеграциялық сабақтардың орын 
алуы. 

Вестник КазНПУ им. Абая, серия «Педагогические науки», №4(48), 2015 г. 
250 
6. Оқушылардың танымдық және шығармашылық іс-әрекеттерін дамытудың құралдары мен іс-әрекет 
бағыттары  бойынша  жаңалықты  оқу  материалдарының  болуы,  оқушының  білім  меңгеру  бойынша 
белсенділігі. 
7.  Оқу  пәндерін  интеграциялау  негізінде  бастауыш  сынып  оқушыларының  білім  сапасын  арттыру 
бойынша мұғалім дайындығы.  
8. Білім сапасын арттыруға бағытталған оқыту технологиясы, оның техникалық жарақталуы. 
9. Оқыту нәтижелерінде оқу пәндерін интеграциялау негізінде бастауыш сынып оқушыларының білім 
сапасының арттырылуы. 
Оқу  пәндерін  интеграциялау  негізінде  бастауыш  сынып  оқушыларының  білім  сапасын  арттыруды 
жүзеге асырудағы педагогикалық шарттардың негізгілері төмендегідей белгіленеді: 
-
 
қазіргі оқу материалдарын белсенділікпен, саналылықпен зерделеу; 
-
 
әр  түрлі  оқу  материалдары  негізінде  жатқан  жалпы  принциптерді,  байланыстарды,  үдерістерді 
салыстыру, сәйкес қою жолымен табуға үйрету; 
-
 
оқушылардың  оқу  пәндері  сабақтарында  игерген  теориялық  білімдерін  оқу,  еңбек,  өндірістік 
үдерістерді зерделеу мен игертуде негіздеу. 
Сонымен,  дәстүрлі  оқыту  жүйелеріне  қарағанда  жаңа,  жетілдірілген  оқыту  жүйесіне  қызмет  ететін 
шарттар жиынтығы дидактикалық шарттар болып табылады.  
 
1
 
Қазақстан Республикасының Президенті – Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстан-2050: Бір мақсат, бір мүд-
де, бір болашақ» атты Қазақстан Халқына Жолдауы // Егемен Қазақстан. 2014, қаңтар – 18. - №11 (28235). - Б. 34. 
2
 
Хмель Н.Д. Педагогический процесс в общеобразовательной школе. -Алма-Ата, 1984. -133 с. 
3
 
Подласый И.П. Педагогика. – Владос: Гуманитарный издательский центр, 2000. - 576 с. 
4
 
Кішібаева Д.Ж. Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық іс –ірекетін пәнаралық байланыс негізінде 
қалыптастыру: пед.ғыл.канд. ... автореф. – Шымкент, 2006. - 28 б. 
5
 
Ортаев Б.Т. Болашақ еңбек пәні мұғалімдерін оқушыларды қолөнерге баулуда политехникалық бағыттылық-
ты қамтамасыз етуге даярлаудың дидактикалық шарттары: пед. ғыл. канд. ... автореф. – Шымкент, 2002. - 27 б. 
6
 
Совершенствование обучения младших школьников/под ред. А.М. Пышкало. - М.: Педагогика, 1984. - 128 с. 
7
 
Зверева  М.В.  О  понятии  «дидактические  условия»  //  Новые  исследования  в  педагогических  науках.  -  М.: 
Педагогика, 1987. - № 1. - С. 29-32. 
 
Резюме 
В этой статье расматривается дидактические условии повышения качества знания учащихся начальных классов 
на основе  интеграции учебных предметов.  Также определены  дидактические условия повышения качества знания 
учащихся начальных классов путем интеграции учебных предметов. Актуальность выбранной темы данной статьи 
связана с делением особого внимания повышение качество знаний в начальных классах в последнее время.  
В  статье  освещаются  вопросы  понятие  повышение  качество  знание,  дидактические  условия.  Интегрирование 
учебных предметов начальных классов на повышение качества знания учащихся осуществляется на основе создания 
дидактических условий, являющихся составной частью педагогической системы в целом. 
Ключевые слова: повышение качество знание, дидактические условия, интеграция учебных предметов 
 
Summary 
This  article  deals  with  the  didactical  requirement  for  improving  the  quality  of  knowledge  of  pupils  of  primary  classes 
based on the integration of educational subjects. Also in this article defined didactical requirement of improvement of quality 
of knowledge of pupils of primary classes through the integration of educational subjects. The actual of the chosen theme of 
this article connected with the division of special attention to improving the quality of learning in primary school recently.  
The article  highlights the issues the concept of  improving the quality of  knowledge, didactical requirement. Integrating 
educational subjects in primary classes on improving the quality of pupil’s knowledge is based on the creation of didactical 
requirement, which is part of the pedagogical system as a whole. 
Key words: improving the quality of knowledge, didactical requirement, and integration of educational subjects 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Педагогика ғылымдары» сериясы, №4(48), 2015 г. 
251 
ӘОЖ 821.512.122 – 31 
 
МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫ СӨЗДІҢ ДЫБЫСТЫҚ МӘДЕНИЕТІНЕ 
ТӘРБИЕЛЕУ ЖОЛДАРЫ 
 
А.Н. Галиева – ф.ғ.к., доцент, І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті 
 
Мақалада мектепке дейінгі ұйымдар мен мектепалды даярлық сыныптарындағы баланың байланыстырып сөйлеу 
тілін дамытуда дыбыстарды дұрыс артикуляциялаудағы әдіс-тәсілдерді іріктеу, оны тәжірибеде пайдалану жолдары 
қарастырмақ. Сөздік қоры бай әрі тілі дұрыс шыққан бала өз ойын дұрыс білдіре алады, қоршаған ортаны тануы, өз 
қатарластары  мен  үлкендермен  қарым-қатынас  жасауы  жеңіл  болып,  психикалық  дамуы  белсенді  жүреді.  Сөйлеу 
тілінің  негізі  –  дыбыстарды  дұрыс  айту.  Балалардың  дұрыс  дыбыстауын  қалыптастыру  өте  күрделі  үрдіс,  өйткені 
бала сөйлеу мүшелерін дұрыс басқаруға, өзіне қаратыла айтылған сөзді қабылдауға, өзін қоршаған адамдардың және 
өзінің сөйлеу тілін бақылауды меңгереді. Бірақ көп балада бұл үрдіс кешірек қалыптасады. Сөз дыбыстарын дұрыс 
айту  кемшіліктері  өз  өзінен  жойылмайды.  Бірақ  дұрыс  жүргізілген  оқыту  әдістерінде  бала  тіліндегі  кемшіліктер 
түзеледі. Барлық мектепке  дейінгі  кезең  -  бұл сөйлеу  тілінің  қарқынды  дамуы, соның ішінде  дыбыстардың  дұрыс 
айтылуын меңгеру болып табылады. Көптеген балалар мектепке сөйлеу тілінің кемістігімен барады. Бұл кезде бала 
тілі тазалығы мәселесі өткір қойылады. Мектепте сөйлеу тілінің кемістігі үлгермеушілікке әкеледі, жазба тіліндегі 
қателіктерге  бой  алдырады.  Төменгі  сынып  оқушылары  көбіне  қалай  айтылса,  солай  жазады.  Бала  тілінің  дұрыс 
дыбысталуы  мен  орфографиялық  сауаттылық  арасында  тығыз  байланыс  бар.  Тілінде  кемшіліктері  бар  балалар  өз 
кемістігін аса ауыр қабылдайды, кейде ұялып, тұйықталуы да мүмкін. 
Кілт сөздер. Сөйлеу тілі, дыбыс, дыбыстық мәдениет, артикуляциялық жаттығулар 
 
Сөйлеу тілі – баланың толық және жан-жақты дамуының басты шарты. Сөздік қоры бай әрі тілі дұрыс 
шыққан бала өз ойын дұрыс білдіре алады, қоршаған ортаны тануы, өз қатарластары мен үлкендермен 
қарым-қатынас  жасауы  жеңіл  болып,  психикалық  дамуы  белсенді  жүреді.  Сөйлеу  тілінің  негізі  – 
дыбыстарды дұрыс айту. Балалардың дұрыс дыбыстауын қалыптастыру өте күрделі үрдіс, өйткені бала 
сөйлеу  мүшелерін  дұрыс  басқаруға,  өзіне  қаратыла  айтылған  сөзді  қабылдауға,  өзін  қоршаған 
адамдардың  және  өзінің  сөйлеу  тілін  бақылауды  меңгереді.  Бірақ  көп  балада  бұл  үрдіс  кешірек 
қалыптасады. Сөз дыбыстарын дұрыс айту кемшіліктері өз өзінен жойылмайды. Бірақ дұрыс жүргізілген 
оқыту әдістерінде бала тіліндегі кемшіліктер түзеледі. Барлық мектепке дейінгі кезең - бұл сөйлеу тілінің 
қарқынды дамуы, соның ішінде дыбыстардың дұрыс айтылуын меңгеру болып табылады.  
Көптеген балалар мектепке сөйлеу тілінің кемістігімен барады. Бұл кезде бала тілі тазалығы мәселесі 
өткір қойылады. Мектепте сөйлеу тілінің кемістігі үлгермеушілікке әкеледі, жазба тіліндегі қателіктерге 
бой  алдырады.  Төменгі  сынып  оқушылары  көбіне  қалай  айтылса,  солай  жазады.  Бала  тілінің  дұрыс 
дыбысталуы  мен  орфографиялық  сауаттылық  арасында  тығыз  байланыс  бар.  Тілінде  кемшіліктері  бар 
балалар өз кемістігін аса ауыр қабылдайды, кейде ұялып, тұйықталуы да мүмкін.  
Алдымен  бала  тілдің  дыбыстық  құрамын  меңгеруі  керек.  Бала  үлкендерге  еліктеп,  сөздің  екпінін, 
интонациясын,  сөздің  айтылуын  меңгереді.  Бала  сөйлеу  мәнерін  де  әбден  меңгеруі  керек.  Сөйлеу 
кезіндегі  дауысының  жағымды  болуы,  тыңдаушыға  қарап  сөйлеу,  сөйлеу  кезінде  өзін  дұрыс  ұстау 
дағдысын да қалыптастыру қажет. 
Тіл дамыту, сөз қорын молайту сабақтарында баланы сөз ішіндегі дыбыстарды дұрыс айтуға үйрету 
ісіне баса назар аудару керек. Балалардың көбінің сөз ішінде кездесетін р, л, с, ш, ж, з, б, п, ф дыбыстарын 
айтуға қиналатыны байқалады. Кейде бала аталған дыбыстарды жеке–жеке дұрыс айтады да, сөз ішінде 
дұрыс айта алмайды. 
Балалардың дыбыс қолдануында мынадай кемшіліктер кездеседі: сөз ішінде дыбысты дұрыс айтпау, 
сөзде  дыбыс  қалдырып  айту;  сөз  ішінде  дыбыс  алмастыру  (қуыршақ–құршақ,  қолғап–қолбақ,  орамал-
омалар –омайлар). 
Сөздің дыбыстық мәдениетін тәрбиелеу ісі - байланыстырып сөйлеуді дамытумен тығыз байланысты. 
Себебі  сөздің  дыбысталу  мәдениетін  меңгерту  жеке  сөйлемдерді  аңғаруға,  сөйлемнің  басталу,  аяқталу 
кезін  сезініп,  үн,  ырғақ,  дауыс  қарқынын  ажырата  білуге  негіз  болады.  Балалардың  жас  кезеңдеріне 
тәуелді  морфологиялық  және  физиологиялық  ерекшеліктерді  білу,  оны  тәрбие  жұмыстарына  тиімді 
пайдалану  —  әрбір  педагогтің  міндеті.  Әсіресе,  жас  мамандардың  педагогтік  шеберлігінің  дұрыс 
қалыптасуында баланың жас ерекшеліктеріне тән қабылдау және ойлау процестері, оның жеке басының 
даму заңдылықтары жөнінде білуі шарт.  
Мақалада  мектепке  дейінгі  ұйымдар  мен  мектепалды  даярлық  сыныптарындағы  баланың 
байланыстырып  сөйлеу  тілін  дамытуда  дыбыстарды  дұрыс  артикуляциялаудағы  әдіс-тәсілдерді  іріктеу, 
оны тәжірибеде пайдалану жолдары қарастырмақ. 

Вестник КазНПУ им. Абая, серия «Педагогические науки», №4(48), 2015 г. 
252 
Әр тілдің өзінің дыбыстық құрамы, олардың орфоэпиясы, интонациясы, екпіні бар. Бала оны меңгеруі 
керек.  Сөйлеудің  мәнерлілігі  де  белгілі  қызмет  атқарады.  Сондықтан  мұғалім-тәрбиеші  оларды  балада 
дұрыс қалыптастыруда нәтижелі әдіс-тәсілдерді қолдануға тиісті. 
Әдіс-тәсілдердің көптігі, оларды ары қарай жетілдіру мәселесі, мұғалім-педагог алдында қай сабақта 
қандай әдісті пайдалану тиімді деген қиын сұрақ туындатады. 
Мектеп  жасына  дейінгі  балаларын  тілдің  дыбыстық  мәдениетін  тәрбиелеу  жұмысының  мазмұнына 
айту, есту, сөйлеу қарқыны, оның интонациялық мәнерлілігіне байланысты ойындар мен жаттығулардан 
тұрады. Мұнда берілетін материалдың біртіндеп күрделенетінін, оның қайталанатынын ескеру маңызды. 
Дыбыстардың  дифференциациясы  мен  бекітуінін  жүйелілігі  сөйлеудің  дамуы  үрдісінде  пайда  болған 
қиындықтарға  байланысты  беріледі.  Тіл  дыбыстарының  айтылуы  сөйлеу  мүшелері  арқылы  жүзеге 
асырылады. Бала тілін, байланыстырып сөйлеуін дамыту күрделі дидактикалық жүйе болғандықтан, оның 
құрылымдық-мазмұндық  жүйесін  қалыптастыруда  білім  мазмұнын,  әдіс-  тәсілдерін,  құралдарын, 
баланың сөйлеу деңгейін анықтаудың маңызы зор. 
Анықтау  кезеңінің  басты  мақсаты  –  балалардың  (4-5  жас)  дыбыстарды  дұрыс  артикуляциялау 
деңгейін, педагог-тәрбиешілер қолданып жүрген әдіс-тәсілдер жүйесін және олардың тиімділігін анықтау. 
Мына төмендегі мәселелер бойынша тәжірибелік жұмыстың бағыттары ұйымдастырылды: 
1.
 
Балабақшада дұрыс артикуляциялап сөйлеуге, жекелеген дыбыстардың артикуляциясын үйретудің 
басты міндеті не деп ойлайсыз? 
2.
 
Сөздің дыбысталу мәдениетін үйретуде қандай әдістемелік қиыншылықтарға кездесіп жүрсіз? 
3.
 
Балабақшада балалрдың тыныс алуын дұрыс жолға қою, дыбыстардың артикуляциясын үйретуде 
қандай әдіс-тәсілдерін қолданасыз? Қандай жұмыс түрлеріне көп көңіл бөлесіз? 
Баланың  жеке  ерекшеліктерін  ескере  отырып,  тиімді  әдістерді  іріктеу  мақсатында  Талдықорған 
қаласының  №  42  балабақшада  эксперимент  жұмысы  жүргізілді.  Тәжірибемізде  Федоренко  Л.П.  [1], 
Кондратенко И.Ю. [2], Ланцов А.А. [3], Лопатина Л.В. [4], Парамонова Л.Г. [5], Власова Т.М. [6], т.с.с. 
ғылыми-педагогикалық еңбектер басшылыққа алынып отырды. 
Дауысты және артикуляциясы бойынша жеңіл дауыссыз дыбыстарды анық айту балада артикуляция-
сы қиындау болатын дыбыстарды айта алуына әкеледі. Ал балалардың сөйлеуі анық және түсінікті болу 
үшін олар ауыздарын үлкенірек қып ашу керек – бұл [а] дауысты дыбысының артикуляциясы арқасында 
және  еріндерін  қатты  айқастыру  керек  –  бұл  [м],  [п],  [б]  сияқты  дыбыстардың  анық  айтылуы.Тілдің 
дыбыстық  мәдениетін  дамыту  және  тәрбиелеу  –  бұл  тек  қана  дыбыстарды  дұрыс  айтқызу  ғана  емес. 
Дыбыстарды дұрыс айтқызуда фонематикалық естуды, яғни дыбыстарды айыру, сөйлеу кезіндегі тыныс 
алу, сөйлеу қарқыны, дауыстың биіктігі мен қаттылығы, дикцияны айыра алу қабілеттілігі жетіле түседі. 
Бұл мәселелерді тиімді шешу үшін бала жақсы айта алатын дыбыстарды қолдандық. 
Туған  тілдің  дыбыстарының  анық  артикуляциясын  қалыптастыру  үшін  дауысты  дыбыстарды  дұрыс 
айту  және  оларды  дифференциациялау  қажет.  Бұл  сонымен  қатар  балаларды  үлкендердің  сөйлеуін 
тыңдап, есту арқылы жеке дыбыстар мен сөз тіркестерін айыруға үйретеді. Логопедтердің жұмыстарында 
көрсетілген [м], [б], [щ], [т], [д], [щ], [к], [г], [х], [ф], [в], [л], [с], [ц] – дауыссыз дыбыстарды айту артику-
ляциялық аппарат мүшелерін қатаң дыбыстарды айтуға дайындайды. Қолданылатын ойындар мен жатты-
ғулар балалардың «па-па», «ба-ба», «то-то», «до-до» сияқты буын бірліктерінде пайда болу орнына қарай 
бір-біріне жақын дыбыстарды ([п] және [б], [т] және [д], [ф] және [в]) дифференцациялауға дайындайды. 
Артикуляциялық  аппарат  мүшелерін  дамыту  мақсатында  жануарлар  дауыстары,  келтіруші  сөздер 
кеңінен  қолданылды.  Мысалы,  балаларға  сырнай  мен  қоңырау  сияқты  музыкалық  аспаптар  беріледі. 
Сырнай «ду-ду», қоңырау «динь-динь» деп сыбдыр қақса – жуан және жіңішке дыбыстардың айтылуы 
бекітіледі. Ал, «Ненің дыбыстайтынын тап», «Кімнің дауысы екенін тап» деген сияқты ойындар ойын-
шықтармен  жүргізіліп  отырды.  Мұнда  «Бақа  (қаз,  үйрек,  әтеш)  қалай  дыбыстайды?»  деген  тура  сұрақ-
тармен қатар «Ку-ка-ре-ку (ква-ква, кря-кря) деп нелер айтады?» деген кері сұрақтар қойылып отырды. 
Әр сөз, сөз тіркесінен дыбысты ерекшелеп алу нәтижесінде бала «дыбыс», «сөз» терминдерін игерді, 
түсінді.  Сонымен,  интонациялық  сезімділікті,  сөйлеу  қарқынын,  дикцияны,  дауыс  қаттылығы 
дамытылды. 
Тәжірибелік жұмыс барлық балалар дерлік өз дауыс аппаратын басқара алмайтындығын, яғни айтқан 
хабарламаның  мазмұнына  қарай  сөйлеудің  қарқынын,  дауыс  қаттылығы  мен  биіктігін  бірден  өзгерте 
алмады. Артикуляциялық қиындықтар нәтижесінде мектепке дейінгілер жеке дыбыстарды әлі де дұрыс 
айта  алмаса  да,  олардың  көбі  құрдастарының  сөйлеуіндегі  дыбыстық  жағының  қателіктерін  байқайды. 
Бүлдіршіндердің көбі дыбыстық жағынан ұқсас буындарды (би-и және пи-и), сөздерді (ыдыс және ырыс) 
есту арқылы ажырата алады. Олар сөздің дұрыс немесе қате айтылғанын айта алады, бірақ қай дыбыстың 

Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Педагогика ғылымдары» сериясы, №4(48), 2015 г. 
253 
дұрыс емес екенін көрсете алмады. Төрт жасар бала арнайы оқытусыз өздіктерінен сөз ішінде белгілі бір 
дыбыстың бар немесе жоқтығын және оны сөз құрамынан жекелеп көрсете алмады. Бұл жас кезеңінде де 
тілдің  дыбыстылу  мәдениетін  дамыту  мен  тәрбиелеудің  негізгі  мақсаттарының  бірі  болып  дұрыс 
дыбыстап  айтуды  қалыптастыру,  яғни  бірінші  кіші  топта  анықтау  мен  бекіту  жұмыстары  жүргізілген 
дыбыстарды  дыбыстап  айтуға  жаттықтырылды.  Бірақ  бұл  жұмыс  дыбыстық  тіркестер  мен  жай,  жеңіл 
сөздерде емес, көпбуынды сөздер мен сөйлемдерде іске асырылды.  
Дауыс  аппаратын  дамыту  мақсаты  –  мектепке  дейінгі  балаларды  күнделікті  қарым-қатынас  және 
сабақтар  барысында  сұрақтарға  нақты  жауаптар  беріп,  қаттылығы  әр  түрлі  дыбыстарды,  дыбыс 
тіркестерін, сөздер мен сөйлемдерді айтуға үйрету болып табылады. 
Балалардың  дыбыстық  сөйлеу  тілін  дамытудың  өзіндік  қиындықтары  да  болды.  Балабақшада  және 
одан кейінгі бастауыш мектептегі кезеңде баланың оқу әрекетін дұрыс ұйымдастырудың дидактикалық 
талаптарының бірі — баланың оқу-танымдық белсенділігін арттыру. Бала не үшін оқитынын бірте-бірте 
саналы түрде ұғынатын кезеңі де осыдан басталады. Мұндай жастағы баланың жоғарыда айтқандай оқу 
әрекетін қалыптастыруда кездесетін қиындықтардың бірі - зейінінің тұрақсыз болуы. Сондықтан мұғалім-
тәрбиеші  оқушының  зейінін  тұрақтандырып,  білім  беруді  нәтижелік  моделіне  бағыттау  жолында  оқу 
үрдісін тиімді ұйымдастыруы қажет. 
Тілдің дыбыстық мәдениеті бойынша сабақтар өзара жалпы мазмұнымен байланысқан бірнеше бөлім-
дерден тұрады. Әр бөлім белгілі бір дыбыстар топтарын дұрыс айтуын бекітуге арналды. Негізінде, бұл 
бір-біріне жасалу орнына қарай жақын дыбыстар: еріндік ([м], [б], [п]), тілалды ([т], [д], [н]), еріндік-тіс 
арқылы  жасалатын  ([в],  [ф])  және  тағы  басқалар.  Дұрыс  дыбыстауды  бекіту  жұмысы  дыбыстардың 
жасалу орнына байланысты болғандықтан, олар акустика жағынана да бір-біріне жақын болып келеді ([т] 
мен [д], [б] мен[п], [ф] мен [в] және т.с.с). Біз өз тәжірибемізде сабаққа осы дыбыстардың есту бойынша 
дифференцациясына бағытталған (көбінде кіші сөйлеу бірліктері – буындарда) ойындар мен жаттығулар 
енгіздік. Мұндай сабақтардың мақсаты тек белгілі бір дыбыстар тобының дұрыс дыбыстап айтуды бекіту 
ғана емес, сонымен қатар балаларды сол дыбыстарды анық айтуға,  яғни  тәрбиеленушілердің артикуля-
циялық аппараты мен сөйлеу қабілетін жаттықтыру болып табылды. Бірінші екі сабақта педагог балалар-
ға  [а],  [и],  [у];  [о],  [э],  [ы]  дауыстылар  қатарын  айыруды  сұрайды.  Мұндағы  мақсат  –  бүлдіршіндерді 
тәрбиеші  сөзін  тыңдап,  жеке  дыбыстар  мен  дыбыстық  тіркестерді  есту  арқылы  айыра  алуға  үйрету. 
Сабақтың  негізгі  бөлімінде  дыбысты  анықтау  мен  бекіті  жұмысы  жүргізіледі,  ал  қорытынды  бөліміне 
сөйлеу демі мен дауыстық аппаратты дамытуға бағытталған ойындар мен жаттығуларды енгізу қажет. 
Бала күрделі дыбыстарды «с», «з», «ш», «ж», «л», «р», дыбыстап үйрену үшін оның еріндері және тілі 
күшті иілгіш болып кажетти калыпты ұзак уақыт ұстап тұруы киындықсыз бір қозғалыстан екіншісіне, 
бірнеше рет ауыса алуы керек. Осының барлығына үйренуге артикуляциялык жаттығулар көмектеседі. 
Артикуляциялық жаттығуларды жасау қажеттілігінің бірнеше себептері бар. Олар: 
1.
 
Артикуляциялық  жаттығуларды  және  есту  қабілетін  дамыту  жаттығуларын  дер  кезінде  бастау 
нәтижесінде кейбір балалар маманның көмегінсіз-ақ таза және дұрыс сөйлеуге үйренеді. 
2.
 
Дыбысты айтудың күрделі бұзылулары бар балалар олармен логопед маман сабақты бастаған кезде 
өздерінің сөйлеу тіліндегі ақауларын неғұрлым тезірек алады. Олардың бұлшық еттері дайын болады. 
3.
 
Дыбыстарды дұрыс, бірақ түсініксіз дыбыстайтын балаларға да артикуляциялык гимнастикалар өте 
пайдалы. Дыбыстарды анық айту - жазуға үйретудің бастапқы кезеңінен негізі екенін есте сактау қажет. 
4.
 
Артикуляциялык  жаттығуларды  орындау  балаларға  да  ересектерге  де  дұрыс  анық  және  әдемі 
сөйлеуге үйренуге мүмкіндік береді. 
Баланы  ана  тілінде  сөйлеуге,  айналасын  бақылап,  тани  түсуге  үйретуде  жүргізілетін  жұмыстардың 
негізгі бір түрі – дидактикалық ойындар. Дидактикалық ойындар мектеп жасына дейінгі кезеңде баланың 
тілін дамытуда өте маңызды роль атқарады. Балаға бағдарламалық материалды меңгерту, үйренген білім-
дағдылырын бекіту жұмыстары осы дидактикалық ойындар арқылы іске асады. Онсыз сәбилерді қажетті 
білім  дағдыларына  үйрету,  түрлі  тәрбие  жұмыстарын  жүргізу,  олардың  сөздік  қорын  молайтып,  есту, 
көру, сөйлеу мөлшерін дамытып, жаттықтыру қиындыққа соғатыны сөзсіз. 
Сондықтан  балабақшаның  тәрбиешілеріне  арналған  бағдарламалық  жоспарды  басшылыққа  ала 
отырып, балалардың бақылап көргендерін тиянақтап, естерінде берік қалдыру, сөздік қорларын дамыту 
үшін  төмендегідей  дидактикалық  ойындар  ұсынылды.  Бұл  ойындарда  балалар  үшін  қиын  дыбыстарды 
дұрыс айтуға жаттықтыру көзделді. 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   57




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет