Хабаршы тарих жəне саяси-əлеуметтік



Pdf көрінісі
бет40/50
Дата06.03.2017
өлшемі3,91 Mb.
#8501
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   50

 
1  Новоженов  В.А.Азиатские  колесницы(к  проблеме  выделения  азиатского  колесничного  комплекса) 
//Археология  Казахстана  в  эпоху  независимости:  итоги,  перспективы:  Материалы  международнойнаучной 
конференции,  посвященной  20-летию  Независимости  Республики  Казахстан  и  20-летиюИнститута 
археологии им. А.Х. Маргулана КН МОН РК. – Алматы, 2011.– Т. 1. – С. 247-255. 
2  Евдокимов  В.  Варфоломеев  В.  Эпоха  бронзы  Центрального  и  Северного  Казахстана.  –  Караганда: 
Издательство КарГу, 2002. – 138 c. 
3 Бороффка Н.Некоторые культурные и социальные взаимосвязи в бронзовом веке Евразии // Комплексные 
общества Центральной Евразии в 
III–II тыс. до н.э. – Челябинск-Аркаим, 1999. – С. 80-83. 
4  Виноградов  Н.  Могильник  Кривое  озеро  в  Южном  Зауралье,  Челябинск:  Южно-Уральское  книжное 
издательство. 2003. – 362c. 
5  Зданович  Г.Б.  Бронзовый  век  Урало-Казахстанских  степей  (основы  периодизаций),  Свердловск: 
издательство Урал, 1988 –184c. 
6 Худяков Ю. Боевые колесницы в Южной Сибири и Центральной Азий // Северная Евразия в эпоху бронзы: 
пространство,  время,  культура:  Сборник  научных  трудов  /  Под  ред.  Кирюшина  Ю.  И  Тишкина  А.  Барнаул, 
2002 год. – С. 139-141. 
7  Сотникова  С.В.  Образ  колесницы  и  колесничего  в  ритуальной  практикенаселения  эпохи  бронзы 
Евразийских  степей:  опыт  реконструкции  ритуала  ипредставлений  //ВестникТомского  государственного 
университета. 2014. № 380. – С. 102-108. 
8  Бочкарев  В.  С.,  Бужилова  А.П.,  Епимахов  А.В.  Кони,  колесницы  и  колесничие  степей  Евразии.  – 
Екатеринбург-Самара-Донецк: Рифей, 2010. –229 с. 
9  Кукушкин  И.  Колесничные  комплексы  Центрального  Казахстана  //  Известия  НАН  РК  серия 
общественных наук. 2010. – № 1.– С. 25-31.  
 
Түйіндеме 
Солтүстік жəне Орталық Қазақстанның арбалы кешендері 
Омаров Ғ.Қ., Сағындықова С.Т. –  
?л-Фараби атындағы атындағы  аза< @лтты< университеті 
аза<стан Республикасы, Алматы <. Е-mail.Symbat_s93@mail.ru 
Мақала қола дəуірі тайпаларының жоғары даму деңгейін көрсететін Солтүстік жəне Орталық Қазақстанның 
арбалы  кешендерін  талдауға  арналады.  Халықтың  даму  деңгейін  жерлеу  ғұрпы,  діні,  тұрмыстық  заттары 
көрсетеді.  Жұмыста  Бірлік,  Сатан,  Ащысу  арбалы  ескерткіштерінің  қазу  процесі  көрсетілген.  Далалық  Еура-
зияда  арбалы  кешендер  өз  уақытының  заманауи  техникасы  болған.  Олар  өте  көп  функциялы:  көлік  ретінде, 
əскери техника жəне діни мəнде қолданылды. 
Қарастырылып  жатқан  ескерткіштерді  зерттеумен  Ресей  жəне  отандық  археологтар  айналысты.  Зерттеу 
барысында  Солтүстік  жəне  Орталық  Қазақстанның  қола  дəуірі  арбаларына  қатысты  мəліметтер  қаралды. 
Археологиялық  қазба  жұмыстары  барысында  зерттеу  кешендерінің  ерекшеліктері  болып  табылатын  арбаның 
шыбықтары  мен  дөңгелек  жиектері,  ірі  қара  мал  жəне  ит  сүйектері  табылды.  Бұл  мал  шаруашылығының 
дамығандығын,  қолға  үйретілген  үй  жануарларының  болғандығын  жəне  адамдар  арба  құрастыру  шеберлігін 
білгендігін көрсетеді. 
Мақалада қарастырылып жатқан арбалы кешендер б.з.д. 3-2 м/ж мерзімделеді. 
Түйін сөздер:арбалар, қорғандар, əскери техника, жерлеу ескерткіштері. 
 
Summary 
Chariot complexes of Northern and Central Kazakhstan 
Omarov G., Sagyndykova S. –  
Al-Farabi Kazakh National UniversityRepublic of Kazakhstan, Almaty. 
Е-mail.Symbat_s93@mail.ru
 
Article  is  devoted  to  consideration  the  chariot  complexes  of  Northern  and  Central  Kazakhstan 
which  reveals  the 
high degree of development of Bronze Age tribes. 
Development of the population reflects a funeral ceremony, beliefs of 
the people, household objects. 
The paper shows the process of excavation chariot monuments Berlik, Satan, Ashchisu. 
Chariot  complexes  are  well  known  in  the  steppes  of  Eurasia,  as  a  progressive  technique  of  that  time.  They  were 
multifunctional, used as a vehicle movement, had great military and religious significance. 
Both the Russian, and domestic archeologists researched the considered monuments. During studying the materials 
concerning chariots of a bronze age of the Central and Northern Kazakhstan were covered. Archeological excavations 

Абай атындағы  аз ПУ-ні  Хабаршысы, «Тарих жəне саяси-əлеуметтік ғылымдар» сериясы, №3 (50), 2016 ж. 
253 
revealed  features  of  funeral  complexes,  such  as  remnants  of  wheels  from  chariots  together  with  rims  and  spokes, 
skeletons as a cattle and dogs are also found. It shows well developed cattle breeding and a domestication of pets, and 
also knowledge of creation of chariots.
 
The chariot complex considered in article is dated within 3-2 millennia B.C. 
Keywords:chariots, mounds, military equipment, funerary monuments. 
 
 
УДК:903.26 
 
ЕРТЕ КӨШПЕЛІЛЕРДІҢ ӨНЕРІ МЕН ДҮНИЕТАНЫМЫНДАҒЫ ИТ БЕЙНЕСІ 
 
Шағырбаев М.С. – ?л-Фараби атындағы  аза< @лтты< университетіні  ғылыми <ызметкері, 
schagyrbaev@gmail.com
 
Жуматаев Р.С. – ?л-Фараби атындағы  аза< @лтты< университетіні  аға о<ытушысы,  
rinat_82@hotmail.com
 
 
Шығыс  Қазақстан  ерте  көшпелілерінің  өнері  мен  дүниетанымында  əртүрлі  жануарлар  көрініс  беретіні 
ғылыми деректерден, оның ішінде археологиялық қазба жұмыстары мен петроглифтерінен белгілі. Иттің қалай 
қолға үйретілгені жөнінде қазіргі таңда бір ыңғай пікір жоқ десек, оның көшпелілер өмірінде қаншалықты орын 
алғаны  да  толық  белгілі  емес.  Бірақ  ерте  көшпелілердің  жерлеу  ғұрыптарында,  жартас  суреттерінде  ит 
бейнелері аз кездеспейді. Мақалада негізінен ерте көшпелілердің дүниетанымындағы иттің ролі археологиялық 
жəне жартастағы суреттер негізінде талданып, баяндалады. Ит культінің, Шығыс Қазақстан ғана емес, онымен 
көршілес аймақтар, Батыс Моңғолия, Алтай, Хакасия, Енисей өзені бойындағы ерте көшпелілердің дүниетаны-
мында  алатын  орны  үлкен  болғаны  белгілі.  Аталған  аймақтарда  палеолит  кезеңінен  бастап,  ортағасырларға 
дейін  өмір  сүрген  автохтонды  тұрғындардың  рухани  өмірінде  маңызды  орын  алған  жануарлар  культі,  оның 
ішінде  ит  культі,  отандық  ғылымда  аса  көп  зерттелмеген  мəселенің  бірі.  Мақалада,  аталған  аймақтарда  əр 
жылдары  жүргізілген  археологиялық  қазба  жұмыстарының  нəтижелеріне  талдау  жүргізілген.  Нəтижесінде 
итпен жерлеу ғұрыптары анықталып, оның себептері талданған. 
Түйін сөздер: Шығыс Қазақстан, көшпелілер, дүниетаным, өнер, жануарлар культі, ит культі.  
 
Шығыс  Қазақстанның  ерте  көшпелілерінің  өнері  мен  дүниетанымында  жануарлардың  ролі  зор 
болғаны археологиялық, этнографиялық зерттеулерден белгілі. Жануралардың ішінде адамзат тари-
хында маңызды орын алатын иттің ролі ерекше назар аударуға тұрады. Мақалада Шығыс Қазақстан-
ның  ерте көшпелілерінің  дүниетанымындағы  иттің  роліне археологиялық деректер  негізінде  талдау 
жүргізіледі.  Зерттеу  барысында,  территориялық  шеңбер  Шығыс  Қазақстан  болғанымен,  паралельді 
ұқсастықтарын  анықтау  үшін,  көршілес  аймақтардағы  ескерткіштер,  ондағы  жерлеу  орындарының 
ерекшеліктері  де  қарастырылады.  Сонымен  қатар,  ерте  көшпелілердің  территоииялық  қоныстануы 
бүгінгі  шекаралық  шеңбермен  өлшенбейтінін  де  ескеру  қажет.  Көршілес  аймақтар,  оның  ішінде 
итпен  бірге  жерлеу  ғұрыптары  кездескен  ескерткіштер  орналасқан  нысандар  қатарынан  Орталық 
Енисей  мен  Чульмо–Енисей  өзендерінің  аралығы,  Орталық  Енисей  аймағын  айтқанда  Хакасия 
Рспубликасы  мен  Краснаяр  аймағы,  сонымен  қатар,  оңтүстік–батыс  Саян  жəне  Шығыс  Саян  таулы 
жоталары  да  қамтылады.  Осы  аталған  аймақтарда  жүргізілген  археологиялық  қазба  жұмыстары 
барысында,  итті  жерлеу  ғұрыптары  кеңінен  таралғанын  дəлелдейтін  ескерткіштер  кездескен.  Оның 
ішінде Минусин жəне Ачинск–Мариинск қазаншұңқырларында орналасқан тағар мəдениетіне тиесілі 
ескерткіштерді  ерекше  атауға  болады.  Оқшау  етіп  алған  аймақты  негізгі  зерттеу  нысаны  ретінде 
қарастыру,  зерттеу  жұмысымыздың  нəтижелі  боларына  септігін  тигізері  анық.  Себебі,  анықталған 
аймақта өмір сүрген ерте көшпелі тайпалар бір–бірінен аса алшақ емес, туыстық қатынасы бар, бір 
идеология  мен  дүниетанымға  бекіген  халық  болуы  əбден  мүмкін.  Шығыс  Қазақстан  –  əртүрлі 
археологиялық  мəдениетке  тиесілі  жерлеу  орындарының  көп  кездесуімен  жəне  онда  итті  адаммен 
қоса жерлеу дəстүрінің кездесуімен ерекшеленеді. Бірақ осы күнге дейін, жерлеу орындарында иттің 
жерлену салтына қатысты зерттеушілер толық талдау жүргізбеген. Жалпы жерлеу орындарында иттің 
кездесуіне қатысты бізге дейін біршама ғалымдар тоқталғанын ескеру қажет. 
Итті пайдалану, онымен байланысты дүниетанымның қалыптасуы палеолит кезеңіне сай келеді [1, 
С.8]. Бірақ, дей тұрғанымен, адамзат баласы жануарды қашан қолға үйреткені туралы біржақты пікір 
жоқ.  Палеолит  кезеңін  жақтаушылар,  б.з.д.  30  м.ж.  мерзімделетін  Алтайдағы  «Қарақшы»  үңгірден 
табылған  иттің  басы  мен  Бельгияда  орналасқан  «Гойе»  үңгірінен  табылған  иттің  қаңқасына  қарап, 
итті адамзат баласы палеолит кезеңінде қолға үйреткен деген пікірді берік ұстанып отыр [2, Р. 19–20]. 

Вестник КазНПУ имени Абая, серия «Исторические и социально-политические науки», №3 (50), 2016 г. 
254 
Бірақ, ол қаңқалардың дəл итке тиесілі екенін де күмəнмен қарайтындар бар [3, 
P. 247–257.
]. Жалпы, 
ерте палеолит кезеңінде Шығыс Еуропа мен Сібірде аңшылыққа итті пайдаланған. Ал Батыс Сібірде 
итті  пайдалану  б.з.д.  VIII  м.ж.  уақытымен  мерзімделеді  [4].  Камчаткада  орналасқан  палеолиттік 
тұрақтан,  үстіне  қызыл  жоса  төгіліп  жерленген  иттің  қаңқасы  шықты  [5, 
С.  88–89.
].  Якутиядағы 
неолиттік  жерлеу  орындарының  бірінен  үстіне  жоса  себілген  итің  басы  табылған  [6,  С.  2].  Бұл 
табылған  материалдар  өндіргіш–шаруашылықтың  пайда  болуына  дейін–ақ  адамдарда  итпен  байла-
нысты  сенімдердің  болғанын  айғақтайды.  Ал,  алғашқы  егін  жəне  мал  шаруашылығының  дамып 
жетілген кезінде, бұл сенім кең таралды. 3000 мың жыл бұрын жерленген иттің қаңқасы ежелгі Урар-
ту  елінің  астанасы  Тушпа  қаласының  территориясындағы  қонысжайдың  ұрасынан  табылған.  Осы 
жерге археологиялық қазба жүргізген археолог Эркан Коньярдың айтуынша, табылған иттің қаңқасы 
мал бағатын итке тиесілі. Итті үйдің ішіне жерлеу, оған деген құрметтің белгісі болуы мүмкін [7].  
Жерлеу орындарынан иттің табылуы жөнінде археология ғылымында алғаш сипаттама берген И.Т. 
Савеньков жəне И.П. Кузнецов–Красноярский. Аталған ғалымдар қазіргі Абақан өзенінің бір тармағы 
болып табылатын Қамышты жылғасы бойында қола дəуіріне жататын тағар мəдениетінің обаларын 
қазғанда екі иттің жерленуіне кездескен. И.Т. Савенков өзінің жазбаларында мынадай мəлеметтерді 
алға  тартады:  «1884  жылы  И.П.  Кузнецовпен  бірігіп  жүргізген  қазба  барысында  екі  иттің  қаңқасы 
кездесті».  И.Т.  Савенков  жерлеу  орындарынан  шыққан  иттерге  үлкен  назар  аударған.  Ол  иттердің 
тұқымын  қаңқа  негізіне  қарап  отырып  толып  сипаттаған.  Зерттеу  нəтижесінде  екі  иттің  canis 
abacanensis  тұқымына  жататынын  анықтап,  өз  зерттеулерімен  палеозоологиялық  зерттеушелірдің  
жұмысына  үлкен  үлес  қосады.  Зерттеушінің  пікірінше  иттердің  бас  сүйегіне  жүргізілген  зерттеу 
барысында, аталған иттердің қазіргі пойнтер тұқымына жақын [8, С. 48–76;9, С. 191–194 ].  
А.В.  Адриановтың  Уйбат  даласынадағы  Қызыл  көл  тұзды  көлінің  маңайында,  1895  жылы  Тағар 
қорымдарына жүргізген қазба жұмыстары барысында, жерлеу орнынан иттің басы шыққан [10, С. 58; 
11, С. 121; 12, С. 227–228.]. 
Қызыл көл тұзды көлінің маңайындағы Чаа–тас ортағасырлық ескерткіштеріне жүргізілген қазба 
барысында,  тонауға  ұшыраған  жерлеу  орнынан  басқа  да  жануарлардың  сүйегімен  бірге  иттің  басы 
шыққан [13, С. 17–18]. 
Шир  өзенінің  бойындағы  тағар  мəдениетіне  тиесілі  қорымдарды  1910  жылы  зерттеген  И.П.Куз-
нецов жерлеу орындарынан ит қаңқасын кездестірген. И.П. Кузнецов қазған оба тағар мəдениетінің 
сарыағаш кезеңіне тиесілі болған. Обаның қоршауы 8 тігінен қадалған тақта тастардан тұрады. Беткі 
жабынды топырағының биіктігі 15–20 см құрайды. Қоршаудың бұрыштары дүниенің төрт тарабына 
қаратылған. 1,5 м тереңдіктен ағаш қатар орналасқан бөрене шыққан. Оның ішінен 11 анатомиялық 
қалыпта сақталған жəне 1 бұзылуға ұшыраған адам қаңқасы мен үлкен иттің қаңқасы табылды. Ит оң 
жағымен жатқызылып, басы батысқа қаратылған. Ит адам қаңқаларының қатарында, тура бір топтың 
мүшесі секілді кейіпті елестетеді. Аталған қазба материалдары 1959 жылы ғана жарияланған [14, С. 
168–202].  
ХХ ғасырдың 20–30 жылдарында Шығыс Қазақстанға жақын аймақтардан, оның ішінде Қарасұқ 
жəне Тағар, сондай–ақ, Чаа–тасс жəне Таштық обаларынан ит қаңқасының қалдықтары кездесіп, олар 
жайында С.А. Теплоухов [15], С.А. Киселев [16], Л.А. Евтюхина жазып қалдырды [17]. 
ХХ  ғасырдың  50–ші  жылдары  Шығыс  Қазақстанмен  көршілес  аймақтардан,  оның  ішінде  тағар 
обаларынан шықан ит қаңқасы мен бассүйектері зерттеушілер назарын өзіне аударды [18, С. 99]. 
ХХ  ғасырдың  60–шы  жылдары  Шығыс  Қазақстанмен  көрілес  аймақтардан  ит  қаңқалары  аз 
кездескен.  Зерттеушілер  тарапынан  аз  көңіл  бөлгендіктен,  материалдар  жарыққа  шықпай  қалуы  да 
мүмкін.  70–ші  жылдары  Енисей  бойына  жүргізілген  зерттеулер  нəтижесінде  итпен  жерлеу  дəстүрі 
кездескен [19, С. 76–77.]. Бұл зерттеулерге палеозоологтардың да қосқан үлесін айта кетуіміз қажет. 
Көршілес  Хакасия  аймағына  жүргізілген  зерттеулер  нəтижесінде  ит  қаңқасы  бар  жерлеу  орындары 
кездескен.  Енисей  бойындағы  ит  қаңқалары  кездескен  ескерткіштер  жөнінде  ой  қозғаған  ғалымдар 
қатарынан Н.Ю. Кузмина, Э.В.Вадецкой, Е.Д. Паульс, Н.А.Боковенко, С.В.Красниенко, Д.Г.Савино-
ва, В.Н.Седых жəне М.Л. Подолький секілді ғалымдары көре аламыз. Аталған ғалымдар, аймақтағы 
жерлеу орындарынан шыққан ит қаңқалары жөнінде мағлұматтар қалдырған.  
Соңғы  уақыттардағы  археологиялық  зерттеулер  барысында  ит  қаңқасының  жиі  кездесе  бастауы, 
ескерткіштердің көптеп зерттелініп жатқанының көрінісі емес, керісінше зерттеушілердің табылым-
ды жіті қадағалап, назардан тыс қалдырмауының нəтижесі деп түсінгеніміз абзал.  
Шығыс Қазақстанмен көршілес аймақтардың бірі Байкал көлінің маңындағы ерте көшпелілердің 
жерлеу ғұрыптарында итті қоса жерлеу дəстүрі кездескен. Аталған аймақта өмір сүрген ғұн тайпала-

Абай атындағы  аз ПУ-ні  Хабаршысы, «Тарих жəне саяси-əлеуметтік ғылымдар» сериясы, №3 (50), 2016 ж. 
255 
рының құрылымы тақта тастан жасалатын жерлеу орындары ұшырасады. Аталған аймақтағы Черему-
хов қорымындағы ғұндардың жерлеу ғұрыптарында алғаш рет иттің ғұрыппен жерлену салты кездес-
кен. Итті көбіне бүтін күйінде қойып, үстін тақта тастармен жапқан. Өлген кісінің жанына көмекші 
ретінде иттің қоса жерленуі хуннулардың шығыстағы көршілері ухуань мен сяньбилерде де кездеседі 
[20, C. 264]. 
Байкал  өңірінің  ерте  көшпелілерінің  жануарларды  құрбандыққа  шала  отырып,  жерлеу  ғұрыпта-
рының себептерін іздеуде В.Е. Ларичевтің көзқарастарымен санасқан жөн. Ол Байкал аймағындағы 
тақта тастармен жерлеу дəстүрін, Дүнбеейдегі отырықшылық шаруашылықпен байланыстырады [21]. 
Дүнбейдегі тақта тасты жерлеу орындарында жануарларды құрбандыққа шала отырып, олардың бас-
сүйектері  мен  төменгі  жақсүйектерін  тақта  тастың  үстіне  қойған.  Отырықшы  шаруалардың  жерлеу 
орындарында ғұрыптық негізбен жерленген жануарларлың қатарынан біз өгіз, шошқа, ит жəне қойды 
көре аламыз. 
Шығыс  Қазақстанды  мекендеген,  көне  түркі  халықтарында  адаммен  бірге  арнайы  итті  жерлеу 
ғұрпы аз кездеспейді.  
Шығыс Қазақстаннның қола дəуіріне тəн Қанай қонысынан күзетші иттердің қаңқалары кездескен 
[22, С. 94.]. 
 
Шығыс  Қазақстанды  зерттеген  С.С.  Черниковтың  зерттеулерінде  адаммен бірге жерленген  иттің 
табылғаны белгілі [23, С. 74.]. 
 
Алтайдағы  Қурай  даласындағы  түркі  ескерткіштеріне    жүргізген  қазба  жұмыстары  барысында 
адаммен бірге иттің жерленгені анықталған [24,С. 97.].
 
1939  жəне  1940  жылдары  Минусин  қазаншұңқырында  орналасқан  Көпендегі  Чаа–тас  обалары 
археологиялық зерттеуге түскен. Обалардың барлығы дерлік сол заманда тоналып еткенімен, жерлеу 
орнының  жанындағы  құпия  жерлері  көне  қырғыздардың  жерлеу  ғұрыптарымен  ерекшеленді.  Чаа–
таста аталған жылдары алты үлкен обаға зерттеу жүргізілді (№1, 2, 6, 7, 8, 10).Жерлеу орындарында 
негізінен  өлікті  өртеу  ғұрыптары  жүргізілген.  Ал  обаның  үйіген  топырағының  арасында  екінші 
жерлеу жүргізілген. Бұлар қайтыс болған адаммен бірге о дүниеге баратын адамдар ретінде жерлен-
ген  құлы  немесе  қызметшісі  болуы  мүмкін. №2 обаны қазу  барысында  ит  қаңқасының қалдықтары 
шыққан. Алтайдағы көшпелілердің жерлеу орындарынан ит қақңқасы шығуы бұған дейін де кездес-
кен.  Қурай  даласындағы  үшінші  топқа  кіретін  №1  обадан  жылқымен  бірге  жерленген  ит  қақңқасы 
шыққан. Көпендегі № 6 обада да ит қойылуы мүмкін. Бірақ оба тонаушылардың əрекетінен өте қатты 
зақымдалған [25, С. 97.].  
Ит  қаңқасы  Салтов  жерлеу  кешендерінен  кездескен.  Дон  өзенінің  бойында  шұңқырлап  жерлеу 
ғұрпы  кеңінен  таралған.  Дөңгелек  келген  шұңқырлы  жерлеу  орнында  ит  қаңқасы  жиі  кездеседі: 
толық сақталған ит қаңқасы №2, 31, 46, 55а жерлеу орындарынан шыққан. С.А. Плетневтің пікірінше, 
«дмитриевтіктерде  ит  ғұрыптық  жануар  ретінде  саналған.  Саркаледе  ит  негізгі    құрбандық  малы 
ретінде қаралған» [26, С. 97.] 
 
Иттің  «тазы»  деп  аталатын  түрі  өте  жылдам  қозғалатын,  аңды  тез  қуып  жетіп,  ұстап  алуға 
машықтанған. Орта Азиялық тазы тұқымын далалық, шөлді жəне орманды алқаптарында аңға сала-
ды.  Сондықтан,  иттің  осы  тұқымын  Ертіс  бойындағы  көне  халықтар  малды  күзетуге,  аймақтағы 
аңшылық істеріне жиі пайдаланған болуы да мүмкін. Көпендегі VII–VIII  ғасырлармен мерзімделетін 
Чаатас обалар кешеніндегі тастарда салт атты адам мен иттің бейнесі бейнеленген.  
Түркі  халықтарының  тотемдік  бейнелерінде  ит  образы  аз  орын  алмаған.  Тотемдік  сенімнің 
сарқыншақтарына зерттеу жүргізген И.В. Захаров, көне түркі халықтарының сенімдерінде иттің ролі 
маңызды болғанын атап өткен. С.П. Толстов түркімен халықтарының көне сенімдеріне назар аудара 
келе,  шығыс  палеоазиаттардың  жерлеу  ғұрыптарында  итті  құрбаныққа  шалу  өте  маңызды  салттың 
бірі екендігіне көз жеткізген [27, С. 93]. 
Вогулдардың  (мансы  халқының  көне  атауы)  жерлеу  ғұрыптарын  талдаған  В.Н.  Чернецев  өлген 
адаммен  итті  бірге  жерлеу  мəселесіне  назар  аударады  [28,  С.  147.].  Жоғарыда  келтірілген  мəлімет-
терді  талдай  келе  қорытынды  жасар  болсақ,  өлген  адаммен  бірге  итті  қоса  жерлеу,  Ертіс  бойында 
өмір  сүрген  көне  түркі  халықтарының  осы  жануармен  тікелей  байланысты  діни  сенімінің  көрінісі 
болып табылады.  
Археологиялық  еңбектерден  кездесетін  «ит  культі»  сөйлемі  шындығында  ішкі құрылымы  толық 
пісіп  жетілмеген  дүние.  Археологиялық  материалдарды  талдау  барысында,  ертедегі  тұрғындардың 
итке деген құрметін анық байқау өте қиын. Жерлеу орнынан ит қаңқасының немесе ит сүйектерінің 
кездесуі итті құметпен жерледі деген сөз емес. Мүмкін жерленген ит құрбандық малы ретінде бірге 

Вестник КазНПУ имени Абая, серия «Исторические и социально-политические науки», №3 (50), 2016 г. 
256 
қойылуы мүмкін. Құрбандық шалу салтында негізгі нысан құрбандық малында емес, кімге құрбандық 
шалынып жатыр, соған көңіл бөлінеді.  
Шығыс  Қазақстан  жəне  онымен  көршілес  аймақтардан  табылған  ит  қаңқаларын  біз  мынадай 
типтерге жіктейміз: 
1.
 
Өлген адамды о дүниеге итпен бірге шығарып салу 
2.
 
Итті тонаушылардың қалдырған тесігіне жерленуі 
3.
 
Иттерді арнайы ғұрыптар негізінде жерлеу. Мұның өзін ішінде былай жіктеуге болады: 
а) «Адам орнына» өлген ит 
б) Қожайынына адал қызмет атқарғаны үшін бірге жерлену 
с) Кенотафтағы адам орнына итті жерлеу 
д) Ит қаңқасының қалдықтары мен жекелеген сүйектерінің құрбандық шұңқырына жерленуі 
е) Жерлеу орындарынан шыққан ит/қасқырдың тістері бар бойтұмар 
г)Жерленген адамның мүрдесінің қасына ит қаңқаларының кездейсоқ қалып қоюы 
Жоғарыдағы  келтірілген  талдау  нəтижелеріне  қарап,  иттің  жерленуі  бір  қалыпты  емес  екендігін 
аңғарамыз.  Тағы  бір  ескеретін  жайт,  иттер  кей  жағдайларда  жерлеу  шұңқырының  еденінде  емес, 
үстіне  жалбылған  топырақ  арасынан  да  шыққан.  Бұл  біздің  ойымызша  кейінгі  тонаушылар  əрекеті 
барысында  орын  алған  болуы  кəдік.  Жалпы  ерте  көшпеліліердің  ескерткіштерінің  барлығы  дерлік 
тонауға  түскендіктен,  ескерткіштердің  стратиграфиялық  реконструкциясын  беруде  алшақтықтар 
кездесіп жатады.  
Ит тек жерлеу орындарында ғана емес, бұғытастардағы суреттерде де кездеседі [29, С. 319–328]. 
Шығыс  Қазақстан  жəне  онымен  көршілес  аймақтардан  табылған  бұғытастарда  10–нан  астам  ит 
бейнелері  кездескен.  Кей  жағдайларда  бұғытастардағы  суреттердегі  ит  бейнесі  мысық  тұқымдас 
жануарға немесе қасқыр бейнесі жақынырақ болып көрінгенімен, суретпен байланысты басқа компо-
зицияларды талдау барысында суреттегі жануар ит болуы мүмкін деген пікір орныққан. Ит бейнесі 
санының аз болуына қарамастан, іс жүзінде үлкен аймақты алады. Мəселен, Тува, Алтай, Моңғолия, 
тіпті солтсүтік Кавказ өңірлеріндегі бұғытастарда да ит бейнесі кездескен.  
Тувадан  табылға  бұғытастағы  ит  бейнесі  алдыңғы  аяқтарын  созыңқырап,  алға  қарай  ұмсынып 
тұрған, əрі ауызын ашқан ит көрініс береді[29, С. 321].  
Ит  бейнесінінің  жарқын  көрінісі  іспеттес  сурет  Моңғолиядағы  Ушкин–Увэрден  табылған  бұғы-
тастар  кешеніне  кездеседі.  Аталған  жердегі  бұғытастар  саны  15  дана.  №15  бұғытастың  жоғарғы 
жағында  көздері  үлкен,  ауыздарын  айқара  ашқан,  тістері  анық  көрінген,  аяқтарынан  тырнақтары 
тарбиып  шыққан  екі  иттің  бейнесін  көре  аламыз.  Екі  ит  бір–біріне  қарама  қарсы  қарап  тұр.  Оң 
жағындағы иттің алдында басын төмен салбыратқан жылқы бейнесі кескінделген. Ит бейнесі кескін-
делген  басқа  да  суреттердің  ішінде  карасұқ  типіндегі  бұғытастарда  бейнеленген  суреттерді  атауға 
болады [30, С. 39]. Жақсы зерттеліп, ғылыми құжатталған табылымның бірі Оңтүстік–Батыс Алтай-
дағы  Юстыд  өзенінің  бойынан  табылған  бұғытастар  кешенін  атауға  болады.  Аталған  нысанды 
В.Д.Кубарев  зерттеп,  ғылыми  айналымға  қосқан  [31,  С.  27–91].  Мұнда  30–дан  астам  бұғытастар 
кездеседі.  Бұғытастардың  əрқайсысы  тастармен  қаланып,  қоршалған.  Барлық  бұғытасқа  қарағанда, 
Юстыд кешенінің солтүстігінде орналасқан бұғытасты атауға болады. Онда, автордың пікірінше екі 
мысық  тұқымдасына  жататын  жануар  бейнеленген.  Екі  жануар  да  бір–біріне  қарама–қарсы 
орналасқан.  Екі  жануар  да  алдыңғы  бір  аяқтарын  көтеріп,  аузын  айқара  ашып,  тістерін  көрсете, 
тілдерін шығарған күйі бейнеленген. Басқа да бұғытастардан ит бейнелері аздап, толық емес кейіпте 
көрініс берген.  Бұл  тарихи  ескерткіштер  б.з.д.  VII–V  ғасырлармен  мерзімделеді. Барлық  ит  бейнесі 
кездесетін  бұғытастарды  талдау  барысында  мынадай  ерекшеліктер  байқалады.  Ит  бейнесі 
бұғытастардың тек жоғарғы жақтарында ғана бейнеленген. Тағы екі мəселе ерекше назар аудартады. 
Бұғытастардағы  ит  бейнесінің  ішінде  бұрылып  тұрған  ит  бейнесі  мен  алдыңғы  аяқтарын  көтеріп, 
аузын ашып, тілін шығарып тұрған ит бейнесі еуразия даласының əр жерінде кездеседі. Бұл Еуразия 
халқы,  оның  ішінде  Шығыс  Қазақстанмен  көршілес  аймақтарда  өте  жиі  кездескен  ұқсастықтар. 
Мұндай  паралельді  ұқсастықтар  негізінде  ерте  көшпелілердің  өнеріндегі  өзіндік  байланыстарды 
байқауға болады.  
Аталған  екі  көріністің  де  семантикасы  əлі  күнге  дейін  толық  ашылмаған  күйі  қалып  отыр.  Сон-
дықтан  да,  бұғытастардағы  ит  бейнесі  Орталық  Азиядағы  ерте  көшпелілердің  өнері  мен  идеоло-
гиясындағы ашылмаған ақтаңдақтарды анықтауда, көмегі зор болады деп есептейміз.  
Л.Н.  Гумилев  атындағы  Еуразия  Ұлттық  Университеті  мен  Моңғолияның  Ғылым  Академиясы 
аясындағы  тарих  институтының  біріккен  археологиялық  экспедициясы,  Моңғолияның  орталық 

Абай атындағы  аз ПУ-ні  Хабаршысы, «Тарих жəне саяси-əлеуметтік ғылымдар» сериясы, №3 (50), 2016 ж. 
257 
аймақтарына  археологиялық  зерттеу  жұмыстарын  жүргізіп,  ерте  көшпелілердің  жерлеу  орнын 
анықтаған. VII ғасырға тəн жер асты кесенесі Ұлан Батыр қаласынан батыста Майхан Уул үстіртінен 
табылған.  Ескерткіш  жан–жағынан  терең  арықтармен  қоршала  қазылып,  үш  камераға  бөлінген. 
Қайтыс болған адамның денесі ағаш табытта орналасқан. Екі камерадан қабырғаға салынған суреттер 
кездесті. Суреттердің ішінде жазу секілді символдар, адам кейіптері мен жануарлар бейнесі кездеседі. 
Терракоталық  фигуралар  бірнеше  қатар  етіп  орналасқан.  Бірінші  қатарында  əйелдер,  одан  кейінгі 
қатарда  атқа  мінген  музыканттар,  оның  артында  жаяу  ту  ұстаған  адамдар.  осы  жерлеу  салтына 
қатысушылардың  арасында  ит  бейнесі  де  көзге  түседі.  Археологиялық  қазба  барысында  кесенені 
тонаушының денесі мен оның итінің қаңқасы шыққан. Екеуінде топырақ басып қалған [32, 283–288 
бб.].  Біз  жоғарыда  айтып  өткендей,  иттерді  ғұрыптық  негізде  арнайы  жерлеу  мен  қатар,  жерлеу 
орнына басқа да жолмен түсетінін осы мысалдан анық көруге болады. 
Жоғарыда келтірілген мəліметтерді саралай келе қорытынды жасайтын болсақ. Шығыс Қазақстан 
жəне онымен көршілес аудандарда өмір сүрген ерте көшпелілердің өнері мен дүниетанымында иттің 
алатын  орны  ерекше  болған.  Бұлай  айтуымызға,  жоғарыда  келтірілген  əр  аймақтағы,  əртүрлі 
мəдениетке тиесілі жерлеу орындарынан табылған ит қаңқалары, олардың бірнеше мақсатты бағыт-
тарда  жерленуі  себеп  болып  отыр.  Ит  тұрмыста  шаруашылық  бағыттағы  жұмыстармен  қатар,  сол 
кезеңдегі  тұрғындардың рухани,  дүниетанымдық түсініктерімен,  діни–ғұрыптық  шараларымен  тіке-
лей  астасып  жатқанын  байқадық.  Сонымен  қатар  жерлеу  орындарынан  табылған  ит  қаңқаларының 
барлығы  дерлік  ғұрыптық  жерлеуге  жата  бермейтіні,  оның  əр  түрлі  жолмен  сонда  қалып  қоюы 
мүмкін  екендігіне  көз  жеткіздік.  Ерте  көшпелілердің  өнеріндегі  ит  бейнесі  де  əлі  күнге  басы  ашық 
мəселе екендігі анық. Себебі ерте көшпелілерде бөрі культі ерекше орын алған. Сондықтан жартастар 
мен  бұғытастарда  бейнеленген  суреттерде  барлығы  дерлік  итке  тиесілі  болмауы  мүмкін  екендігін 
естен шығармау қажет.  

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   50




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет