1
Покровский С. Борьба за упрочение советской власти в Семиречье //Ученые записки КазГУ. Т.13. Серия
история. – А-Ата, 1950. 3-34-б.
2
ойгелдиев М. ., Омарбеков Т. Тарих тағылымы не дейді? Алматы, 1993.
3
Рыбаков Ф.П., Кузнецов А.И. О земельно-водной реформе 1921-1922 годов в Семиречье //Ученые записки
АГПИ. Т.12. Серия общественно-политическая. – А-Ата, 1957. 74-88-б.
4
Казахстан в цифрах. Краткий статистический справочник за 1920-1935 гг. М., 1936. 198-б.
5
Нарбекова Б.М. О тCстік
аза<стандағы @лтаралы< <атынастар /ХХ ғ. 20-жылдары/ канд. дисс…
автореф. 1994. 13б.
6
М@<атова Д.М. ТCркістандағы этносаралы< <атынастар тарихы (ХІХ ғ. екінші жартысы мен ХХ ғ. бас
кезіндегі Жетісу жəне Сырдария обыстарыны материалдары бойынша). Семей, 2010.
Резюме
Межнациональное отношение в Южном Казахстане во время аграрной реформы
Айтбекова А.Б. – магистрант
(г. Алматы. Казахский государственный женский педагогический университет)
В статье рассматривается земельно-водные реформы Туркестанской АССР и Южно Казахстанской области
в 1921-1922 гг. Подавляющее большинство населения было занято в сельском хозяйсве, поэтому земельно –
водный вопрос считался одним из важнейших. Большая часть населения была безземельной. Кроме того, после
царского завоевания множество плодородных земель было передано переселенцам из России. Провозгла-
шенный Советской властью лозунг «Земля - крестьянам» вселял надежду на лучшую жизнь. Земельно-водные
реформы в Казахстане социально-экономические преобразования, осуществленные Советкой властью в 20-х гг.
для уничтожения последствий колониальной земельной политики царизма, ликвидации помещичьего и резкого
сокращения байско – кулацкого землепользования в пользу батрацко-середняцких масс крестьянства.
Ключевые слова: Реформа, кооператив, царская политика, конфискация, национальное государства,
крестьянство.
Абай атындағы аз ПУ-ні Хабаршысы, «Тарих жəне саяси-əлеуметтік ғылымдар» сериясы, №3 (50), 2016 ж.
293
Summary
During the agrarian reform in South-Kazakhstan inter-ethnic relations
Aitbekova A.B. – 2
nd
year Master
(Kazakh State Women`s Teacher Training University)
The article deals with land and water reform Turkestan Autonomous Soviet Socialist Republic and the South
Kazakhstan region in 1921-1922. The vast majority of the population was employed in agriculture hozyaysve, so land -
water issue was considered one of the most important. Most of the population was landless. In addition, after the king's
conquest of a lot of fertile land has been transferred migrants from Russia. Hailed by the Soviet government slogan
"Land - the peasants' gives hope for a better life. Land and water reform in Kazakhstan socio-economic transformation
undertaken Sovetkoy power in the 20-ies. to eliminate the consequences of colonial land policy of tsarism, the
elimination of the landlord and the sharp reduction bey - kulak land in favor of farm laborers and middle peasant masses
of the peasantry.
Keywords:
Reform, cooperative, tsarist policy, confiscation, national state, peasantry.
ƏӨЖ11(567.47)
ҚЫТАЙ ҚОҒАМЫНДАҒЫ ДƏСТҮРЛІ ОТБАСЫЛЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАР
Бақытжан Б.Б. – 2 курс магистранты
(Алматы <., аза< мемлекеттік <ыздар педагогикалы< университеті)
Бұл мақалада Қытай өркениетінің ерекше түріне жататын, онда жанұя, яғни отбасылық тұрмыс салты мен
аман-саулық адам өмірінің басты мағынасы болып табылады, ол əлеуметтік не тұлғалық болсын. Қытай
қоғамының ең маңызды қағидасы адамгершілік жəне инабаттылық – үлкенді құрметтей білу. Онда əлеуметтік
баспалдақ жақсы дəріптелген, яғни үлкендер кішілерге басымдылық етсе, ал ата-анасы балалына. Осындай
иерархиялық қоғамда өмір сүре білудің өзі – адам құндылығы мен отбасылық татулық. Сондықтан осы уақытқа
дейін Қытайда жанұя – өмір сүріп жатқан ортаның ең жоғарғы құндылығы. Мəселен, «аңыз бойынша үлкен
жанұяда татулықпен өмір сүре білу, қарапайым ғана сөздің мағынасына тең: «Шыдамдылық».
Түйін сөздер: империя, өркениет, отбасылық құндылықтар, келісім, татулық, адамгершілік.
Қазіргі кезде көптеген мемлекеттерде көне салт-дəстүрлерді,əдет-ғұрыптарды, діни наным-сенім-
дерді сақтап, ұлттық дəстүрлік отбасылық құндылықтарды өз балалары мен ұрпақтарының бойына
сіңірген отбасылар көптеп кездеседі. Солардың ішінде қазіргі замандағы мəдениеттің қарқынды
дамуына қарамастан, мыңдаған жылдық тарихы, дəстүрі бар Қытай мемлекетін ерекше айтуға бола-
ды. Бірақ, ұлттық салт-дəстүрді уақыт өткен сайын ұмытып, оны тек отбасылық естелік ретінде неме-
се «өткінші» тарих деп қарайтын да отбасыларкөптеп кездеседі.
Қытай отбасы қазіргі заманғы өмір мен ежелгі отбасылық дəстүрлер арасындағы өзіндік құнды-
лықтармен Оларда империя – үлкен отбасы, ал, отбасы – кіші патриархалдық ұйым болып табылады.
Қытайдың көне дəстүрі бойынша ер адам отбасын құрмай тұрып, өзінің үйленгенін, болашақ балала-
рын, əсіресе ұлдарын, олардың өсіп жетілгенін, отбасы құрғанын, немере сүйгенін өз көзімен көрген-
дей елестетуге міндетті. Сөйтіп, ол өз ұрпағының үзілмейтініне жағдай жасауы керек[1. 140].
Қытайлықтарда:«үлкен отбасын басқару – императорғатиесілі, ал кіші отбасын басқару отағасына
тиесілі»,- деген ой қалыптасқан. Əке – отбасының ең негізгі мүшесі, үйдегі тəртіп, мемлекеттік
тəртіптің дəрежесінде қарастырылады. Балалар əке-шешесіне толығымен қызмет етуі керек жəне
үлкендердің айтқанын орындау мақсатында балалары өз өмірлерін де қиюға барады. Қытай отба-
сында ұл баланы өмірге əкелу үлкен мəртебе болып саналады. Осындай шарттарды негізге ала
отырып, қытайлықтар үшін көпбалалы отбасын құру нағыз бақыт болып табылады.
Егер қытайлықтарда белгілі бір отбасында əйел адам ана болу бақытына ие бола алмаса, ол
туыстарының жəне де қоғам алдында беделі төмендейді. Қытай халқының дəстүрі бойынша, ана болу
бақытына ие бола алмаған əйел адам үй шаруасына да икемсіз болғаны. Осы себептер ерлі-зайыпты-
лардың ажырасуларына əкеп соғады. Себебі, өмірге сəби əкеле алмаған əйел күйеуімен бір шаңырақ
астында тұруға лайықты емес деп есептеген. Дүниеге ер бала əкелген əйелді ғана қоғам жəне туған
туыстары бағалаған жəне сый құрмет көрсетеді. Өмірге ұл баланың келуі кез-келген Қытай отбасы
үшін үлкен қуаныш болған, себебі ұл бала сол отбасының ары қарай жалғастырушы мұрагері болып
табылады. Егер өмірге қыз бала келсе, ата-анаға одан келіп-кетер пайда жоқ,себебі,қыз бала өмірге
келіп бой жеткен соң, ата-анасының үйінен жырақтап, күйеуінің үйіне кетеді.
Вестник КазНПУ имени Абая, серия «Исторические и социально-политические науки», №3 (50), 2016 г.
294
Сондықтан ата-ана қызын күйеуге берерде аса көп шығынданбайды. Күйеу баланың ата-анасы
барлық шығынды өз мойнына алады.Ал қыздың ата-анасы керек-аудеген жасауын дайындаса жеткі-
лікті. Күйеуге шыққаннан кейін,күйеуінің тегін қабылдаған қыз бала, өз ата-анасына емес күйеуінің
отбасына ғана қамқорлық жасауға міндетті болады. Қазіргі кезде перзентханада көптеген əйелдер,
егерқыз бала дүниеге келсе, анасы сол кезде ақ өз сəбиінен оп-оңай бас тарта алады екен. Осындай
кейбір салттың кесірінен əйел қауымы еріксіз қаламаған қадамға барады. Əсіресе, ауылдық жерлерде
мұндай жағдайлар көп кездеседі. Көбінесе қыз бала өмірге келе салысымен сəби мен анасын өлтіру
мақсатында неше түрлі амалдар жасайтын жағдайлар да болады екен. Қытайда ұл баланы дүниеге
əкелу мақсатында осындай жағдайлар жылдан жылға өсуде [2. 57]. Осындай себептердің нəтижесінде
Қытай басқармасы əр отбасындағы бала санының өсіп кетпеуін қатаң қадағалауды қолға алған,яғни,
əр отбасында бір баладан артық сəбиді дүниеге əкелуге қатаң тиым салған. Осы заңға бағынған
отбасыларға мемлекет тарапынан жəрдем ақы тағайындалады. Сонымен қатар, осы заңға бағынбаған
отбасыларға белгілі бір тəртіппен айыппұл тағайындайды немесе үлкен салық салумен қинауы да
мүмкін. Бір жағынан Қытай мемлекеті үшін бұл заң өте тиімді болып табылады, неге десеңіз,
осыншама көп халықты жұмыспен қамту, өмір сүретін жер тауып беру мүмкін емес.
Қытайда ұл балалар жас кезінен əкесіне қамқоршы болады жəне оның өмірі, болашағы əкесінің
қалауымен болады.Егер отбасында əкесі қайтыс болса, отбасы билігі оның үлкен ұлына өтеді [2. 110].
Оған тек бауырлары мен қарындастары ғана емес, сонымен қатар туған анасы мен əкесінің басқа да
əйелдері бағынышты болады. Отбасында болатын келеңсіз оқиғаларды, жалпы барлық мəселелерді
дерлік отбасындағы үлкендер шешеді.Яғни үлкендер кішілерге, ата-аналары балаларына, ал күйеуі
əйеліне билік жүргізуі деген сияқты.Қытай отбасында қуанышты да, қайғыны да отбасы мүшелері
бірге бөліседі. Егер отбасында бір адам, белгілі бір үлкен дəрежеге ие болса, отбасы да сондай
дəрежеге ие болады, ал отбасының бір мүшесі қылмыс жасаса, отбасы бірге жазаланады.
Ер жеткен ұлына болашақ жар, бой жеткен қызына болашақ күйін таңдау да əке-шешенің
құзырында болды жəне отау құрар алдында жастар арасында бір-бірін сүю, махаббат жайында сөз
қозғамаған. Қытайда бұл табиғи əрі қалыпты жағдай болып саналды, себебі екі жастың арасында
махаббат неке қиғаннан кейін де пайда болады немесе отбасы жағдайына қарай мүлде болмауы да
мүмкін деген түсінік болды. Дəстүр бойынша екі жақтың ата-аналары балаларын үйлендіреміз деп
шешкеннен кейін, болашақ ерлі-зайыптылар той күніне дейін көп күшті қажет ететін əр түрлі
рəсімдерді орындауға тиіс.Сонымен қатар үйлену тойын өткізгенде көне дəстүр бойынша рəсімдер
өткізуді қазіргі заманда көптеген отбасы осы күнге дейін қолдануда. Соның ішінде болашақ ерлі-
зайыптылар қасиетті адамға немесе көріпкелдерге той болатын бақытты күнді, яғни некеге отыратын
күнді белгілетеді. Болашақ ерлі-зайыпты той түнінде əр түрлі салт-дəстүрді ұстанып, яғни ладанды
өртеп, ата-бабаларына сыйынып, аспан мен жерге табынулары тиіс. Сонымен қатар жастар бірге
үңгірде тізерлеп отырып «қасиетті су» ишулері керек жəне осылай басқа да дəстүрлерді орындайды.
Қытай дəстүрлі қоғамында некені бұзу үш түрлі бағытта жүргізілген: бірінші əдіс неке бұзу –өзара
келісім арқылы жүзеге асырылады. Тан əулетінің (618-907) заңдар кодексіне сəйкес ерлі-зайып-
тылардың біреуі неке жағдайының бұзылуын қаласа бұл жағдайда күйеуі ажырасу хатын жазуы
керек; екінші əдіс – некені жарамсыз деп тану уəкілеті. Бұл əдіс, егер ерлі-зайыптылардың біреуі
екіншісіне немесе отбасына қарсы қылмыс жасаған жағдайда қолданылады; Cшінші əдісі – күйеуі бір
жақты тəртіппен ажырасқаны туралы жариялай алады. Осы əдістер заңды түрде танылуы үшін
мынадай жеті себептердің негізінде болуы тиіс:
1.
Əйел күйеуінің туыстарына құрмет көрсетпейді. Мұндай жағдайда күйеуінің туыстары ерлі-
зайыптылардың некесін тоқтатады;
2.
Əйелі ұл баланы дүниеге əкеле алмаған жағдайда;
3.
Əйелі күйеуінің көзіне шөп салған жағдайда;
4.
Күйеуі басқа əйел аламын деген жағдайда, əйелінде қызғаныш сезімі пайда болған жағдайда;
5.
Əйелі қауіпті ауырумен ауырған жағдайда;
6.
Əйелдің шектен тыс өсек айтуы;
7.
Əйелі қылмыс жасаған жағдайда; [3. 210].
Алайда, ажырасу себептерінің бірі бар болса да, мүмкін емес болып табылатын үш нақты
анықталған ерекшеліктер бар:
1.
Егер əйелдің қайтып баратын отбасы жоқ болса;
2.
Егер əйелі енесімен үш жыл аза тұтуды бірге орындаса;
3.
Егер, ерлі-зайыптылар үйленерде күйеуі кедей болып, қазір бай болған жағдайда;
Абай атындағы аз ПУ-ні Хабаршысы, «Тарих жəне саяси-əлеуметтік ғылымдар» сериясы, №3 (50), 2016 ж.
295
Сонымен қатар Сорорат дəстүрі бойынша – ер адам бір уақытта немесе үйленгенннен кейін,
əйелінің əпке-сіңілдерімен некеге отыра алады. Мұндай неке оның əйелі тірі екеніне қарамастан жəне
ол қайтыс болғаннан кейін де іске асты.Бұл тəжірибе Чжоу əулетінің тектілігін жалғастыруда,
ақсүйектер арасында ортақ болды. Ортағасырлық қытай заңнамасында ажырасу да көрсетілген.
Ажырасуға мынадай жағдайларда ғана рұқсат берілді:
–
əйелі бедеу болса;
–
əйелі неке адалдығын бұзса, немесе осындай күдік болса;
–
күйеуінің ата-анасына құрмет көрсетпеген жағдайда;
–
əйелі жаман аурумен ауырса;
–
отбасында араздық əдетке айналған жағдайда;
–
отбасы (ата-ана) пайдасы үшін ұрлыққа бару;[3. 58].
Егер, ерлі-зайыптылар некелерін бұзған жағдайда, жесір ер адам қайта əйел алуға ерікті. Ал жесір
əйел үшін қазіргі тиесілі күйеуінің отбасын сақтау, өзін арнау, бұл табиғи жағдай болды. Дегенмен,
мақұлданбаса да жас жесір қайта күйеуге шығуға ерікті.
Отбасынан тыс жерлерде тұратын, (мысалы:
апат, ауру, немесе соғыстан оралмау) салдарынан отбасын жоғалтқан - ең үлкен бақытсыздық
[3. 112].
Қорыта айтқанда, осындай кейбір көне салт-дəстүрлердір Қытайда бүгінгі күнге дейін сақталып
келеді.
Дегенмен Қытайлықтардың отбасында бұданда басқа дəстүрлер көптеп кездеседі.
1
Китайские метаморфозы.
–
М., 2007.
–
С. 250.
2
Лисевич И.С. Традиционная китайская культура: Очерки истории мировой культуры.
–
М., 1997.
–
С.305.
3
Почагина О. В. Модели семейной организации в Китае и на Филиппинах.
–
М., 1997.
–
С. 295
.
Резюме
Традиционные семейные ценности в Кйтайском обществе
Б.Б. Бакытжан – магистрант2 курса
(г. Алматы. Казахский государственный женский педагогический университет)
Китай относится к тем типам цивилизаций, где семья, семейный уклад и благополучие лежит в основе всей
жизни человека, и социальной, и индивидуальной. Умение почитать старшего – важный принцип нравствен-
ности китайского общества. В нем четко прописана социальная иерархия, в которой старший главенствует над
младшим, муж главенствует над женой, а родители – над детми. Умение существовать мирно в жестко
иерархизованных сообществах неотделимо от такой ценности, как семейное согласие. По легенде: касающийся
умения жить мирно в огромном семействе, оказался простым и содержал лишь одно слово: «Терпение».
Ключевые слова: Империя, цивилизация, семейные ценности, благополучие, нравственность, иерархия.
Summary
Traditional family values in Chinese society
B.B. Bakytzhankyzy–
2
nd
year Master, (Kazakh State Women`s Teacher Training University)
China refers to the types of civilizations, where the family, family life and well-being is the basis of all human life,
and social and individual. The ability to read older - an important principle of morality in Chinese society.It clearly
spelled out the social hierarchy in which senior dominates over younger husband presides over his wife and parents - on
detmi.The ability to exist peacefully in tough ierarhizovannyh community is inseparable from such values as family
consent.Legend: relating to the ability to live peacefully in a large family, was simple and contained only one word:
"Patience."
Keywords:
Empire civilization, family values, welfare, ethics, hierarchy.
Вестник КазНПУ имени Абая, серия «Исторические и социально-политические науки», №3 (50), 2016 г.
296
ƏОЖ 93/94 (4):378
ҰЛЫ КАРЛ ИМПЕРИЯСЫНДАҒЫ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Бұлтыңбаева А.Қ – 2 курс магистранты
(Алматы <., аза< мемлекеттік <ыздар педагогикалы< университеті)
Ортағасырлардағы ең күшті патшалардың бірі Ұлы Карл 768-814 жж. аралығында Франктер патшалығын
басқарды. «Ұлы» деген лақап атының өзін Карл, тарихшылардың пайымдауы бойынша бəрінен бұрын 53 ірі
əскери жорықтарға байланысты алған болу керек, яғни ол жеңілуді білмеген. Ол үлкен империя құруға қол
жеткізіп, онда салыстырмалы түрде айтқанда жаңа алдыңғы қатарлы заңдар қабылдады. Ұлы Карл туралы
көптеген аңыздар мен өлеңдер шығарылды. Тіпті «патша» сөзінің өзі Карлдың есімінен шыққан. Ұлы Карл
жаңа білім жүйесін енгізеді. Мəселен, 789 жылы ол көпшілікке арнап мектеп ашу заңын қабылдайды. Осы заң
бойынша мектептер шіркеу маңында ашылып, онда монахтар жəй халықтың балаларын тегін оқытуға міндетті
болды. Патша сарайында да мектептер ашылды.
Түйін сөздер: Ұлы, патша, академия, философия, монах, мектеп, каролинг, граматика, империя.
Ортағасырлық Батыс Еуропада білім беру саласының дамуы антикалық кезеңнен ортағасырларға
өту дəуіріндегі түсінік бойынша ең бір маңызды мəселенің бірі болып табылады. Осы мəселеге байла-
нысты Каролингтік Қайта өркендеу дəуірі Ортағасырлық Батыс Еуропада білім беру жүйесінің
дамуын нақты жолға қойды. Мəселен, каролингтік қайта өркендеу – варварлық надандық түнектен
кейінгі күннің сəулесі сияқты болып, ол дəуірде əдебиет пен өнердің ауқымы айтарлықтай кеңейді [1, 45].
Ортағасырлық Еуропада ең алғашқы саяси қайраткер – Ұлы Карл мемлекеттік биліктің басты
құрал-сайманы, мектептен бастау алатынын жақсы түсіне білді. Ол франктер патшаларының ішінде
ең бірінші болып ағартушылық қызмет жүргізген құрметі үшін, Францияда қазіргі кезге дейін мектеп
мейрамын «Қасиетті Карл күні» деп тойлайды. Сондықтан Еуропада Ұлы Карл империясының білім
беру жүйесінің даму жағдайы осылайша дүниежүзі тарихында өзекті мəселелердің бірі болып
табылады.
Бастапқы кезде шіркеу өзінің мақсаты үшін кем дегенде бірнеше пəнді оқу жүйесіне енгізу керек
болды. Сонымен 430 жылдар шамасында африкалық жазушы Мартин Капелла «О браке философии и
Меркурии» атты шығармасында «жеті еркін өнер» жүйесін енгізген болатын. Ол оны антикалық
білім беру жүйесіне шолу жасай отырып, б.з.д. 116-27 жылдары өмір сүрген римдік жазушы-ғалым
Марк Теренция Варронның «Тоғыз классификациясы» еңбегінің негізінен алады, яғни «Тоғыз
классификациядан» медицина мен архитектураны алып тастайды. Мартин Капелланың бұл ілімі
«Жеті еркін өнер: грамматика, риторика, диалектика, геометрия, арифметика, астрономия жəне
музыка деген атпен танымал болды. Ал уақыт өте келе, VI ғасырдың ағартушылары – Боэций мен
Кассидор осы «жеті еркін өнерді» екі топқа бөледі: тривий (trivium) (үш жол) (граматика, риторика,
диалектика) жəне квадривий (quadrivium) (төрт жол) (геометрия, арифметика, астрономия, музыка).
Осы түрімен бұл білім түрлері бүкіл ортағасырлық дəуірдің барлық оқулықтары мен энциклопедия-
ларына еніп, негізгі жоғарғы білім беру жүйесінің іргетасын қалайды [2, 51].
Грамматика бірнеше классикалық авторлардың ағымын біріктірді, ал риторика шешендік тілмен
сөйлеу мен жазуға үйретті. Диалектика біздің түсінігіміз бойынша немқұрайлы түрде логиканы
үйретті, яғни болып жатқан жағдай туралы дұрыс қорытынды шығаруға үйретті. Арифметиканың
басты бейнесі «есеп», яғни христиандық мейрамдардың болатын уақытын анықтап отыру. Осындай
мақсатпен астрономия өмір сүрді – «аспандағы жарқырап тұрғандардың қозғалысы туралы ілім», ол
«жылжымалы мейрамдардың» күнтізбесін жасау үшін маңызды болды. Геометрия жəй ғана фигура-
лар туралы түсінік берді, яғни храмдар жəне сондай ғимараттар салу үшін. Музыка шіркеулік əндерді
үйрену жəне құдайдың қызмет дəріптейтін əндерді шығару үшін керек болды.
Əлемдік мəдениет жəне педагогикалық ой-пікір тарихының тамаша беттері еуропалық ерте ортаға-
сырлар кезеңі, 476 жылы герман тайпаларының шапқыншылығынан Рим (Батыс) империясы күйрей-
ді. Осы жылдан бастап еуропалық ортағасырларға жол ашылып, ол XVII ғасырда аяқталды. Жаңа
дəуірдің басты факторы сол кездегі мектеп пен тəрбиенің қыр-сырын ашты. Біріншісі – ең бастысы
деседе – христиандық дəстүр, мектеп бағдарламасына антикалық дəстүрдің ықпалы. Еуропалық
ортағасырлардағы философиялық-педагогикалық ақыл-ойдың басты мақсаты жанды құтқару ілімімен
қатар жүрді. Құдайшылықтың бастамасы негізінде білім жүйесі енгізілді. Оқушылар тек діни білім
алғанмен, ол зайырлылықтың бастамасы болатын.
Абай атындағы аз ПУ-ні Хабаршысы, «Тарих жəне саяси-əлеуметтік ғылымдар» сериясы, №3 (50), 2016 ж.
297
Білім берушілер монахтықты дамытып, ортағасырларда олар барлық жерге тарады. Монахтар
ауызды бекіту, діни мəтіндерді оқу, байлыққа деген қызығушылықтан бас тартып, ынтасына, ақыл-
ойына, іс-əрекетіне бақылау жасап «таза жүректерімен» білім берді [5,48].
Ортағасырлық қоғамның рухани орталығы – Католиктік шіркеу, бір жағынан, дəстүрлі антикалық
білім беру жүйесін «пұтқа табынушылық» жəне «шайтанның азғыруы» деп ығыстырса, ал екінші
жағынан ерте ортағасырлардағы зұлмат кездің өзінде христиандық дін мамандары мен ұстаздардың
шағын тобы болды, олар грек-римдік білімнің қалған сарқыншағын сақтап қалуға ұмтылыс жасады.
Ерте ортағасырлардағы білім беру жүйесінде ең маңызды орынның бірінде схоластика (scola –
школа) тұрды. Болашақ философия жəне теологияның əмбебап түрі, ол ХІ ғасырдан бастап – XVI
ғасырдың басына дейін Батыс Еуропаның қоғамдық-саяси дамуына үстемдік жасайды. Схоластика-
ның тамаша үлгісінің бірі француздық дін маманы жəне ұстаз Пьер Абеляр (1079-1142) болды, ол
жиырма төрт жасында Париждік кафедралы мектепте сабақ берді. Сөзге шешен, жүйрік ойлы Абе-
лярдың жүздеген тыңдаушылары болып, діншілдік пен парасатты біріктіруге ынта жасады, жоғарғы
қоғамдық билікке білімнің күшімен жететіндікті дəріптейді.
Сонымен ХІІ-XV ғғ. мектептік білім жүйесі біртіндеп шіркеулік жəне монастырлық қабырғалар-
дан шыға бастайды. Мұның басты көрінісі қалалық мектептер мен университеттер болды. Зайырлы
оқу орындарының ашылуы қалалардың өсуімен тығыз байланыста болып, қала тұрғындарының əлеу-
меттік жағдайын анықтап отырды. Мұндай ғимараттар шіркеулік білім беру жүйесінің қойнауынан
шықты. Бірінші ірі мектептер ХІІ ғасырдың екінші жартысы жəне ХІІІ ғасырдың басында Лондон,
Париж, Милан, Флоренция, Любек, Гамбург жəне басқа қалаларда пайда болып, бітірушілер лирик
дəрежесін алып шықты, яғни мұғалім немесе діни қызметкер [4,101].
Саудагерлер мен қолөнершілердің балалары үшін ХІІІ-ХIV ғғ. цехтық мектептер ашылды. Оларды
цехтар қаржыландырып, онда оқу, жазу, есеп, геометрия жəне жаратылыстану сабақтарын үйретіп,
оқу ана тілінде жүрді. Бастапқы кезде қалалық мектептер шіркеудің бақылауында болды, діни қыз-
меткерлер оқу бағдарламасын өздері жасап, мұғалімдерді де өздері бекітіп отырды. Алайда, біртіндеп
қала мектептері мұндай «қамқоршыдан» арыла бастады, оқу бағдарламасын анықтауға өздері құқық
алып, оқытушыларды да өздері тағайындады.
Қала мектептерін көбінесе тағайындалған қауымдық педагог ашты, яғни оны «ректор» деп атады,
ал ректор көмекшілерін өзі таңдап алды. Оқытушылар бастапқы кезде діни қызметкерлер болды,
кейін – университеттің түлектері таңдап алынды. Мұғалімдер еңбек ақыларын ақшалай жəне заттай
алып отырды, ол кезде айлық тұрақты болған жоқ, əсіресе шіркеулік мектептерде. Ал келісімшарт
аяқталған соң педагогтарды жұмыстан шығарып отырды, сосын олар басқа жұмыс іздеулеріне тура
келді. Осының нəтижесінен ерекше əлеуметтік топ пайда болды – «қаңғыбас мұғалімдер» деген.
Алғашқы университеттердің тарихы – мəдениет, ғылым жəне ағартушылыққа жаңа серпіліс берген
ойшылдардың шығармаларымен тығыз байланысты (Р Бэкон, Я. Гус, А. Данте, Дж. Уинкли, Н.
Коперник, Ф. Петрарка жəне т.б.), əлемдік мəдениет пен педагогикалық ой-пікір тарихының тамаша
беттері, еуропалық ортағасырлардарғы Ұлы Карл империясының білім беру жүйесінен бастау алды.
Қолжазбалардың сыртын əрлеу де айтарлықтай жақсара түсті. Бұрынғы жазбагерлердің түсініксіз
жазуларын енді əдемі жəне түсінікті болып қайта жазылды. Каролингтік кодекстер енді өзінің сəнді-
лігімен ерекшеленді: кішігірім суреттер, жан-жағы көркемделіп, басқы қаріп ерекшеленді. Қолжаз-
балар бұрынғыдай монастырлерде көшіріп жазылды. Олардың ең ірілері үлкен шеберхана сияқты
болды, оны скриптор деп атады, яғни онда бір монах дауыстап оқып отырса, ал бірнеше монах бір
уақытта соны жазып отырды. Ұлы Карл тұсында қандай да бір үлкен атаққа ие болғаны «Қасиетті
Мартин» монастырындағы Турс скрипторийі, оны аббат Алкуин болды. Сонымен бірге Лорш, Кор-
бий, Биббио жəне Флери монастырлеріндегі скрипторийлер де өте танымал болды. Ал сосын монас-
тырлерде кітапханалар пайда бола бастады, онда 300-400 қолжазбалар сақталды. Əлемнің ірі кітапха-
наларында осы каролингтік скрипторийлердің қолынан шыққан қолжазбалар осы күнге дейін сақтау-
лы. Монастырлық скрипторийлерде тек діни кітаптар ғана көшіріліп жазылған жоқ, сонымен бірге
зайырлы мазмұндағы шығармалар да көшірілді. Мысалы, Цезарьдің, Тациттің, Светонидің, Саллюс-
тидің, Ливидің Цицеронның шығармалары жəне ақындар Виргилидің, Ювеналдың, Персидің, Мар-
циалдың т.б. шығармалары жазылды. Антикалық əдеби мұраның айтарлықтай көп бөлігін бізге дейін
тап осы каролингтік скрипторий қолжазбаларынан сақталып келеді.
Вестник КазНПУ имени Абая, серия «Исторические и социально-политические науки», №3 (50), 2016 г.
298
1
Антонова Е.В. Формирование средневековой системы образования (Каролингское Возрождение)
//Западноевропейская средневековая школа и педагогическая мысль. – М., 1989. – С. 71–85.
2
Безрогов В.Г., Варьяш О.И. Педагогика Средневековья // Антология педагогической мысли хрис-
тианского Средневековья / Сост. и ред.: В.Г. Безрогов, О. И. Варьяш. – М., 1994. – Т. 1. – С. 11–28.
3
Бликштейн Л.С. Материалы к изучению педагогического наследия выдающихся мыслителей раннего и
развитого средневековья // Западноевропейская средневековая школа и педагогическая мысль. – М., 1989. – 201.
4
Дворецкая И.А. Италия на рубеже эпох: судьбы образования на заре средневековья //Западноевропейская
средневековая школа и педагогическая мысль. – М., 1989. – С. 5–21.
5
Добиаш-Рождественская О.А. Духовная культура Западной Европы IV–XI вв. //Культура западно-
европейского средневековья. Научное наследие. – М., 1987. – С. 156–214.
6
Зверева В. В. Аллегории в каролингской культуре (на примере сочинений Рабана Мавра) // Карл Великий:
реалии и мифы. – М., 2001. – С. 94–105.
7
Уколова В.И. Античное наследие и культура раннего средневековья (конец V – середина VII в.). – М.,
1989.
8
Рамм Б.Я. «Каролингское Возрождение» и проблемы школьной образованности в раннем средневековье
// Учен. зап. / Ленингр. пед. ин-т им. М.Н. Покровского. – Л., 1940. – Т. 5.
Достарыңызбен бөлісу: |