Хабаршы тарих жəне саяси-əлеуметтік


Резюме  Социальное положение и обеспеченность работой население города Кызылорда



Pdf көрінісі
бет49/50
Дата06.03.2017
өлшемі3,91 Mb.
#8501
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   50

Резюме 
Социальное положение и обеспеченность работой население города Кызылорда 
Жалмагамбетов Е.А. – Казахский национальный педагогический 
университет имени Абая, Yerlan_bek@mail.ru 
В  данной  статье  рассматривается  социальная  жизнь  горожан  столичного  города  Кызылорды.  Кызылорда 
1925 году стала столицен КазАКСР. Жизнь граждан провинциального города быстро изменялась. Нужно было 
обеспечить  работой  население,  которое  быстро  расло.  Этими  работами  занималась  местная  администрация  и 
государственные учреждении. 
Ключевые  слова:  столица,  Кызылорда.  безработица,  КазАКСР,  социальное  положение  граждан, 
повседневность, горожане, биржа труда, Перовск, Ак-Мечеть. 
 
Summary 
the social situation and unemployment in the city of Kyzylorda 
Zhalmagambetov Y.A. – Kazakh national pedagogical university after Abai 
Yerlan_bek@mail.ru 
This article discusses the social life of the citizens of the capital city of Kyzylorda. Kyzylorda in 1925 became the 
capital  of  KazAKSR.  The  life  of  a  provincial  town  citizens  quickly  changed.  It  was  necessary  to  provide  jobs  for  a 
population that is rapidly industries. These works involved the local administration and public institutions. 
Keywords:  capital,  Kyzylorda.  unemployment,  KazAKSR,  the  social  situation  of  citizens  daily,  citizens,  labor 
exchange, perovskite, the Ak-mosque. 
 
 
УДК 930:94(574) «16/17» 
 
ҚАЗАҚ-ЖОҢҒАР КҮРЕСІ МƏСЕЛЕЛЕРІНІҢ 1920-1953 жж. ЗЕРТТЕЛУІ 
 
Құрманалина Н.Н. – əл-Фараби атындағы  аз У «Тарих» мамандығыны  PhD докторанты, 
nurgulca@mail.ru 
Ғылыми жетекші: Төлебаев Т.Ə. – т.ғ.д., əл-Фараби атындағы  аз У профессоры, tur-07@mail.ru 
 
Жалпы қазақ-жоңғар күресінің тарихнамасын шартты түрде үш кезеңге бөліп саралауға болады: төңкеріске 
дейінгі  кезең,  кеңестік  дəуір,  қазіргі  заман.  Кеңестік  дəуірдегі  тарих  ғылымының  өзіндік  даму  ерекшеліктері 
болды.  Тіпті  ол  кезеңдегі  қазақ-жоңғар  қатынасының  зерттелу  тарихнамасын  да  жылымыққа  дейінгі  жəне 
кейінгі  деп  бөліп  қарастыруға  болады.  Мақала  Кеңес  үкіметі  орнаған  тұстан,  яғни  1920  ж.  бастап  жылымық 
кезеңіне, демек 1953 ж. дейінгі аралықтағы елдегі тарих ғылымының даму барысын сипаттауға, ондағы қазақ 
халқының жоңғар шапқыншылығына қарсы күресінің зерттелуіндегі мəселелерді қарастыруға арналған. 
Түйін сөздер: тарихшы, қазақ елі, Жоңғар хандығы, күрес, қорытынды. 
 
Кеңестік  кезеңнің  алғашқы  жылдарынан  бастап-ақ  қоғамдық  жəне  гуманитарлық  ғылым  салала-
рында  коммунистік  идеологияға  сай  методологиялық  бағыт  ұсталынды.  Төңкерістен  кейінгі  тұста 
Қазақстандағы тарих ғылымы да формациялық, таптық тұрғыдан зерттеле түсті, өз жолымен дамуда 
болды. Ол жайлы қазақ ғалымдарының бір ауыз сөздерімен түйіндесек, А.Н. Нүсіпбеков: «В резуль-
тате  революционных  преобразований  в  стране  казахский  народ  стал  субъектом  историографии»,  - 
десе [1, c. 225], академик Б.А. Төлепбаев: «По личному заданию В.И. Ленина в начале 20-х гг. в крае 
изучались быт, расселение и история народов и племен, издавна населявших территорию Казахстана 
и Средней Азии», - деп жазған [2, c. 29]. Төңкерістен кейінгі уақытта қазақ халқы тарихнама ныса-
нына айналып, еліміздің тарихы жазылды, зерттелді. Дегенмен де алғашқы ғалымның сөзінен байқа-
ғанымыздай сол кездегі КСРО көсемі В.И. Лениннің жеке тапсырмасымен қолға алынуға тиіс Қазақ-
стан мен Орта Азия территориясын ежелден мекен етіп келе жатқан халықтар мен тайпалардың тұр-
мысын, орналасуын жəне тарихын зерттеу маркстік-лениндік идеологияға сай жүзеге асқан болатын. 
Зерттеуші көрсеткендей ХХ ғ. 20-жж. ұлттық тарихшы мамандар болмаған кездер еді: «в 20-х гг. еще 
не  было  национальных  кадров  историков…»  [1,  c.  226].  Дегенмен  С.  Асфендиаров,  М. Тынышбаев 
сияқты ұлт зиялыларының сол кезде жарық көрген еңбектері қазақ елінің тарихы бойынша жазылған 
еңбектер  ретінде  ғылымда  өз  орнын  тапты,  онда  қазақ  пен  жоңғар  күресіне  қатысты  мəселелер  де 
зерделенген еді [3].  
Қарастырылып отырған кезеңде Қазақстанда тарих ғылымының негізінің қалануына нақты қадам-
дар  жасалды.  Елімізде  1933  ж.  ғылыми-зерттеу  институты  құрамында  тарих-археология  секторы 
құрылды.  Ол  жайлы  «В  1933  г.  был  организован  Казахский  научно-исследовательский  институт 

Абай атындағы  аз ПУ-ні  Хабаршысы, «Тарих жəне саяси-əлеуметтік ғылымдар» сериясы, №3 (50), 2016 ж. 
311 
национальной культуры, в котором был создан историко-археологический сектор, преобразованный 
впоследствии  в  Сектор  истории  Казахского  филиала  АН  СССР»  -  деп  жазылған  мəлімет  бар  [1,  c. 
226].  Екінші  дүниежүзілік  соғыс  жылдарында  Мəскеу  мен  Ленинград  қалаларынан  ғалымдар  тобы-
ның елімізге эвакуациялануы жəне 1945 ж. КСРО Ғылым академиясының Қазақ филиалында Тарих, 
археология  жəне  этнография  институтының  құрылуы  Қазақстанның  тарих  ғылымын  ерекше  даму 
кезеңіне бастады. Ауыр соғыс жылдарының өзінде, яғни 1943 ж. «История Казахской ССР (с древ-
нейших  времен  до  наших  дней)»  еңбегі,  кейін  оның  түзетілген  нұсқасы  «История  Казахской  ССР» 
деген атпен екі томдық болып 1949 ж. жарық көруі республиканың ғылыми өміріндегі, əсіресе тарих 
саласындағы маңызды қадамдардың бірі болды. 
Сонымен  қатар  осы  уақыт  аралығында  жарық  көрген  Қазақстан  тарихындағы  қазақ  халқының 
жоңғар  шапқыншылығына  қарсы  күресін  зерттеу  проблемасына  орай  В.В.  Бартольд  [4],  М.  Вяткин 
[5],  Г.Е.  Грумм-Гржимайло  [6],  А.П.  Чулошников  [7],  Н.Г.  Аполлова  [8]  жəне  т.б.  ғадымдардың 
еңбектері  маңызды  болып  саналатынын  айта  кетейік.  Бұл  кезеңдегі  авторларда  өзіне  дейінгі,  яғни 
төңкеріске  дейінгі  уақытта  жазған  дүниелерді  өз  зерттеулеріне  қосып,  қарастыруына  мүмкіндіктері 
болды. Өйткені алғашқыларында жалпы деректерді жинақтау ісінің негізі қаланған болатын, алайда 
елімізде  таза  ғылым  тиісті  деңгейге  көтеріліп,  толық  қалыптаспаған  болатын.  Осы  екінші  мəселені 
шешудегі бастама жүгі кеңес дəуірі ғалымдардың мойнына артылғаны белгілі. 
Қазіргі  таңда  өзіміз  Жоңғар  хандығының  тарапынан  қазақ  еліне  жасаған  басқыншы  соғыстарын 
жүргізгендерге «жоңғар» атауын қолданғанды оңды санағанымызбен, тарихнамамызға бұл атау бір-
ден енбеген. Зерттеушілер жоңғарларға қатысты қалмақ, ойрат, елеуіт атауларын қолданғаны белгілі. 
Сонымен  бірге  кейбір  тарихшылар  Жоңғар  хандығының  өзін  де  əр  алуан  етіп  жазған.  Мысалы, 
С.В.Бахрушин «Джунгарская держава Галдана» - деп көрсетсе [9, c. 168], В.В. Бартольд «Ойратская 
держава» деп атаған [10, c. 168]. Екі автор да жоңғарлар мемлекетін держава ретінде қарастырғанын 
көреміз.  Осы  авторлардың  еңбектерінің  ықпалынан  шетел  тарихнамасында  да  Жоңғар  хандығын 
«Empire» - империя атауына əсері тиуі бек мүмкін. 
М.Вяткин: «до 30-х годов (XVII в. – Н.Қ.) калмыки еще не представляли крупной политической 
силы»,  -  дейді  [5,  c.  102].  Кеңестік  тарихнамада  байқағанымыздай  тұрақталып  қалған  тұжырым 
бойынша  Жоңғар  хандығының  құрылу  кезеңі  XVII  ғ.  30-жж.  сəйкес  келеді.  Осы  уақыттан  бастап 
қазақ халқының жеріне жоңғарлармен шайқастар дəуірі орнаған. С.А. Козиннің: «в 2586 (1635) году, 
во времена Хун-тайджия, снова попрежнему утвердилась держава и вера, и имя Зюнгарской страны 
разнеслось по всем четырем материкам...» - деген сөздері де 1635 ж. нығайған держава, өз дінін негіз-
дегенінен мəлімет береді [11, c. 7]. Осы тұстан бастап Жоңғар елінің атауы дүркіреп шыға бастаған. 
«В основе борьбы (казахов – Н.Қ.) с калмыками, которая с перерывами велась весь XVII и первую 
половину  XVIII  в.,  лежало  соперничество  из-за  обладания  кочевьями»,  -  деп  жазған  зерттеушінің 
пікірінше,  қазақтардың  жоңғарлармен  арасындағы  болған  үзілістермен  бір  жарым  ғасырға  жуық 
созылған күресінің негізінде шұрайлы жерлерді иемденудегі бақталастық жатқан [5, c. 104]. Ал Н.Г. 
Аполлова  өз  монографиясында  Жоңғар  елінің  сыртқы  саясаттағы  шапқыншылық  бағыт  ұстануын 
əскери  жаулаушылық  кезінде  де,  жауланған  жерлерде  қоңтайшы  билігі  орнаған  кезде  де  экономи-
калық  ресурстарды  басып  алумен  байланысты  болғанын  жазған.  Оның  жазғаны:  «Завоевательная 
политика  Джунгарии  была  связана  с  захватом  экономических  ресурсов  как  во  время  военных 
вторжений, так и в условиях, когда хун-тайджи укрепил свою власть в вассальных владениях, внед-
ряли в них и систему «взысканий» [8, c. 158]. Қос автордың қалай бағалағандарына қарамастан тұжы-
рымдарының бір-біріне қайшы еместігін айта аламыз. Өйткені шұрайлы жерлердің өзін құнды ресурс 
ретінде қарастыруға болады, біздің ойымызша. Жалпы Орта Азиядағы халық пен жоңғар арасындағы 
күрестің себептерін кей авторлар діндер арасындағы тартыстан көрген.  
Қазақ  пен  жоңғар  арасындағы  соғыстың  алғашқысын  XVII    ғ.  30-жж.  сəйкестендірген  орынды, 
себебі  Жоңғар  мемлекеті  сол  уақытта  құрылғандығы  туралы  орныққан  пікірді  өз  тарапымыздан 
қолдаймыз. Ел аузында, зерттеушілер еңбегінде де жоңғар хонтайшысы Батыр мен Есім ханның ұлы 
Жəңгір сұлтанның арасындагы 1635 жылғы əскери қақтығыс туралы айтылады [12, с. 160-162; 13, с. 
5; 5, c. 104]. М. Тынышбаевтың ойынша, осы соғыста Жəңгір тұтқынға түскен. Ал одан босап шыққан 
ол қалмақтарға оқтын-оқтын атой салып, мазалай бергендіктен кек алу мақсатында Жоңғарлар қазақ 
еліне  басып  кірмек  болған.  Жəңгір  сұлтан  мен  Батыр  қоңтайшы  арасында  болған  1643  ж.  шайқас 
туралы да мағлұматтар көптеген тарихшылардың еңбектерінде көрініс тапқан [13, с. 5; 14, с. 69; 5, c. 
104].  М.  Тынышбаевтың  қазақ-жоңғар  күресіне  қатысты  зерттеулерінің  мəн-мазмұны  ауқымды 
болды,  ол  ауыз  əдебиетінің  деректерін  молынан  айналымға  енгізді.  Сондықтан  оның  еңбектерін 

Вестник КазНПУ имени Абая, серия «Исторические и социально-политические науки», №3 (50), 2016 г. 
312 
арнайы  қарастырып,  жеке  мақала  ретінде  бөлек  талдаған  жөн  деп  санаймыз.  Н.Г.  Аполлованың 
ойынша,  əскери  көмек  алу  жəне  вассалды  қатынастарды  нығайту  мақсаттарында  қазақ-жоңғар  ара-
сында дипломатилық неке қию болып тұрған: «с расчетом на военную помощь и с целью укрепления 
вассальных отношений заключались и дипломатические браки» [8, c. 100]. Ал қазақ аңызы бойынша, 
Жəңгір  ханның  қаһарынан  қаймыққан  қалмақтар  сүйек  жаңғыртып,  туыс  болмақ  ниетпен  оған 
қоңтайшының қызын береді, Тəуке содан туады [13, c. 6]. Бұдан қазақ-жоңғар арасындағы қыз алысу 
дəстүрінің алғашқы үлгілерінің бірін байқауға болады. Себебі кейінгі халықаралық қатынастарда да 
осындай ниеттер болғандығы жайлы тарихнамалық фактілер бар. 
Əз  Тəукенің  хандық  құрған  кезі  қазақтардың  ең  бақытты  заманы,  яғни  «қой  үстінде  бозторғай 
жұмыртқалаған»  кезеңі деп  есептелетіні белгілі. Дегенмен де елді  осындай  хəлге  жеткізу  ел  билеу-
шісі үшін оңай іс болмаған. Жоңғариямен болған күрестің ауырлығы мен тегеурінділігіне қарамастан 
қазақ елі Тəуке билігі тұсында өз тəуелсіздігін ғана сақтап қоймай, өз ішінде де бірлігі айтарлықтай 
нығая  түскен.  Оны  тарихшы  М.  Вяткин  жақсы  түйіндеп  жазған:  «Несмотря  на  тяжесть  и  упорство 
борьбы с Джунгарией, Казахский союз не только сохранил свою независимость, но и достиг значи-
тельного внутреннего укрепления (при Тауке – Н.Қ.)» [5, c. 105]. Үш жүздің басын қосқан хандардың 
бірі  –  Тəукенің  хандық  құрған  жылдарына  Жоңғариядағы  Галдан-Бошокту  мен  Цеван-Рабтанның 
билік кезеңімен тұспа-тұс келген. Жоңғардың қос қоңтайшысы да аса мықты болғандықтан, қазақтар-
мен болған күрес те өте шиеленіскен сипатқа ие болған. Ол туралы аталған автор былай деп жазған: 
«Тауке  был  ханом  казахов,  когда  в  Джунгарии  господствовали  Галдан-Бошохту  (1676-1697  гг.)  и 
Цеван-Рабтан (1699-1727 гг.). Это были два могущественных джунгарских хунтайчжи, и во время их 
ханства борьба с казахами приняла наиболее острые формы» [5, c. 105]. Н.Г. Аполлова өз кезегінде 
күрделі  күрес  сəттеріне  аталған  жоңғар  билеушілерімен  қоса  Батыр  қоңтайшының  да  билік  құрған 
мерзімін  жатқызған.  Ол:  «наиболее  острые  моменты  борьбы  связаны  с  крупными  вторжениями  в 
казахские кочевья  джунгарских  хун-тайджи  Батура,  Галдана-Бошохту  и  Цеван-Рабтана  (с  середины 
XVII  до  середины  XVIII  вв.)».  Автор  əрі  қарай  сөзін  қорытындылай  түсіп,  қазақ  елі  тарапынан  да 
қарсы тойтарыс бере алған күшті хандардың есімдерін тізбектей түскен: «таким образом, эта борьба 
падает на годы ханства Джангира, Тауке и Абулхаира [8, c. 148]. Халқымыз  «құба қалмақ заманы» 
атап кеткен кезеңде батыр, қолбасшы тұлғаларымыздың орны ерекше болған.  
Авторлар  тобының  бірлескен  еңбегінде  Тəуке  хан  билігіне  жоғары  баға  берілген.  Онда: 
«государственное объединение казахов еще никогда до этого не было столь сплоченным и сильным, 
как в царствование Тауке-хана», - деп көрсетілген [14, c. 171]. Оған дəлел ретінде XVIII ғ. алғашқы 
онжылдығында бірнеше рет болған жоңғар шапқыншылығына қазақтар тарапынан берілген тойтарыс 
кезеңін  келтіреді:  «они  (джунгары  –  Н.Қ.)  в  1710–1711  годах  предприняли  свое  второе  крупное 
наступление  на  Казахстан.  Тауке-хан  дал  калмыкам-ойротам  сильный  отпор.  В  1711–1712  годах 
казахи  сами  вторглись  в  пределы  калмыцких  владений.  Они  разорили  дотла  множество  кочевий 
пограничных  калмыков,  перебили  мужчин  и  увели  в  плен  женщин  и  детей.  В  1713  году  калмыки 
выслали против казахов трехтысячное войско, но и на этот раз потерпели поражение [14, c. 171]. Бұл 
кездегі қазақтардың жеңісіне Қарақұм съезінің өз ықпалы болғаны анық. Жиын туралы халық ауыз 
əдебиетінің үлгілеріне сүйенген келесі автор жыл сайын күзде Ташкенттің оңтүстігіндегі Күлтөбеде 
жарты ай мерзімге созылатын жиналыс болатынын жазған. Ол: «ежегодно «осенью собирались бии в 
ставке Тауке – «Ханабад», на холме Куль-Тобе», - деп көрсетеді. «Күлтөбенің басында күнде жиын» 
сөзінің ел жадында сақталғаны көпшілікке  белгілі.  Оған  қоса  автор құрамы  бойынша кең  ауқымды 
үш жүздің басын қосқан Мартөбедегі жиынның да жыл сайын өткізілгенін жазған. Бұл жиында «где 
зимовать,  где  летовать,  как  достигнуть  спокойствия  и  как  воевать»,  яғни  қыс  қыстау,  жаз  жайлау, 
қалай жиылу жəне жауға қарсы күресу туралы мəселелерді қарастырған екен [8, c. 108]. Осы сияқты 
жоңғарларда  да  1640  ж.  жиылыс  туралы  жəне  онда  қабылданған  ережелер  жайлы  көп  айтылады. 
Авторлар  пікіріне  сүйенсек,  осындай  съездерде  соғыс  жəне  бейбітшілік  мəселелері,  басқа  да  ортақ 
істер шешілген, тіпті қарапайым тойлау мақсатында да халық жиылғаны жайлы мəлімет бар. Ол тура-
лы жазылғаны: «На съездах этих решались вопросы войны и мира, всякие общие дела; устраивались 
собрания князей и просто ради празднеств и забав. [15, c. 177]. Кей зертеушілердің ойынша, бұнда 
жаңа жерлерді жаулап алу, Шыңғыс хан монархиясын жаңғырту сияқты мəселелер көтерілген болуы 
мүмкін.  Ол  жайлы  тарихшы:  «на  этом  съезде  могли  быть  речи  о  завоевании  новых  земель  и  о 
восттановлении монархии Чингиз-хана», - деп өз түйінін жазған [8, c. 149]. 
Тəуке ханның өзі де қазақ елінің күш-қуатын көрсетіп, өз жауынгерлер санын айтқан. Ол бойынша 
қазақ əскерінің саны 80 мыңға жеткен: «Тауке, желая подчеркнуть могущество Казахского ханства, 

Абай атындағы  аз ПУ-ні  Хабаршысы, «Тарих жəне саяси-əлеуметтік ғылымдар» сериясы, №3 (50), 2016 ж. 
313 
заявил русским послам: «Я стал бог здрав, в 80 тысячах» войска своего» [8, c. 99]. Ал Унковскийдің 
көрсетуінше  жоңғарлар  болса  100  мыңға  дейін  əскер  шығаруға  қабілетті  болған:  «калмыки  могли 
выставить до 100 000 войск» [16, c. 100]. Қазақ пен жоңғардың тек өмір салтының ұқсастықтары ғана 
емес,  əскер  санының  да  шамалас  болуынан,  өзара  соғыстарда  бір-біріне  лайықты  мықты  қарсылас 
болғанын болжауға болады.  
Ал қоңтайшының өзі қазақтарға соғыс ашуына төмендегі оқиға да өзінше түрткі болғанын жазған 
екен.  Ол  Қытай  императорына:  «Қазақтармен  соғыспасқа  амалым  қалмады,  себебі  бірде  тұтқынға 
түскен ұлын еліне қайтарғанымда оның қасындағы 500 қалмақтың басын алды, енді бірде ол қалың-
дығымның  нөкерлерін  де  өлтіріп  тастады...»,  -  деп  шағымданған  [13,  c.  6].  Алайда  хатта  осындай 
мəлімет  берілгенімен  де  оған  көзсіз  сенуге  болмайтындығын  И.Я.  Златкин  орынды  көрсеткен.  Хат 
мазмұнына  қатысты  ол:  «у  нас  нет  оснований  верить  как  в  благородство  Цеван-Рабтана,  так  и  в 
бескорыстие Тауке.  Можно  сказать  заранее,  что оба  хана  имели более  или  менее  равное  основание 
обвинять  друг  друга  в  проступках»,  -  дейді  [17,  c.  326].  Автор  оған  қоса  «именно  с  этого  времени 
джунгарская  опасность  начала  превращаться  в  главную  опасность,  угрожавшую  самостоятельному 
существованию феодального Казахстана»,  - деген. Тарихшы дəл осы Цеван-Рабтан билігі кезеңінен 
бастап  жоңғарлардың  шапқыншылығы  қазақ  елінің  өз  бетінше  тіршілік  етуіне  аса  зор  қауіп-қатер 
тудырғанын  айшықтаған  [17,  c.  326].  Дегенмен  бұл  жерде  автор  жоңғарларды  қаншалықты  мықты 
қылып көрсетуге тырысқанымен, олардың қазақтар үшін үйреншікті жау болғанын ескергеніміз жөн. 
Цеван-Рабтанның  тұсында  Жоңғар  хандығының  бірлігі  мен  күші  арта  түскендігін  М.  Вяткин  анық 
көрсеткен. Оған қоса автор оның себебін Жоңғар елінің 1714 ж. дейін қытайлықтармен бейбіт қарым-
қатынастарын сақтай алғандығынан көреді. Ол: «При Цеван-Рабтане единство и могущество Ойрот-
ского союза окрепло. Способствовало этому то, что до 1714 г. ему удалось сохранить мирные отно-
шения  с  Китаем»,  -  деп  жазған  [5,  c.  102].  С.  Асфендиаровтың  пікірінше,  керісінше  Цеван-Рабтан 
кезінде  жоңғарларға  қытайлықтардың  басқыншылықтары  үдей  түскен.  Сол  себептен  де  жоңғарлар-
дың қазақ еліне қарай жаулаушылығы күшейген. Ол жайлы: «давление манчжуров все усиливалось. 
Это обстоятельство вынуждало ойротов, с одной стороны, бороться с Китаем, а с другой – все более и 
более перемещаться на запад, на территорию казахов», - дейді [18, c. 104]. Алайда М. Вяткиннің де, 
С.  Асфендиаровтың  да  қорытындыларын  жоққа  шығара  алмаймыз.  Өйткені  алғашқысының  ойы 
белгілі нақты жылдарға қатысты айтылған болса, соңғы автор хронологиялық шегі бойынша кеңірек 
ауқымда алып, жалпы түде сипаттап айтқан.  
В.В.  Бартольд  «военным  и  культурным  успехом  калмыков  много  содействовал  шведский  унтер-
офицер Ренат»,  - дейді [19, c. 86]. Автор жоңғарлардың соғыстарда жетістікке жетуіне швед унтер-
офицерінің  ықпалы  зор  болғандығын  айтқан.  Сол  сияқты  жоңғарлардың  қазақ  елімен  жүргізген 
соғыстарда жеңіске жетіп отыруының бір себебін М.Тынышбаев «1709-жылы Полтава түбінде орыс-
тарға тұтқынға түскен швед артиллериясының сержанты Иоган Густав Ренаттың» ықпал еткендігімен 
түсіндірген. Тарихшы 1716-1733 жж. жоңғарларда тұтқында болған ол елді темір қорытуға, зеңбірек 
құюға,  снаряд  жасауға  үйреткенін,  ал  қазақтар  болса  бұлардың  бəрінен  бейхабар  болғандығымен 
түсіндірген [13, c. 7-8]. Ал қазақ елінде бұл тұстарда керемет қарусыз-ақ жеңіске жетуге мүмкіндік 
туғызатын  қара  күштің  иесі  əрі  əскери  қолбасшылық  қабілеті  жоғары  болған  батырлар  рөлінің 
артқанын кей зерттеушілер орынды көрсеткен. Мысалға, Н.Г. Аполлова: «В первой половине XVIIІ 
века сильно вырос авторитет батырства, окрепли традиции его выступая в качестве военачальников в 
крупных  походах  против  джунгар  в  20-е  годах  и  в  собраниях  30-годов  наряду  с  биями,  батыры 
значительно  усилили  политическую  роль  [8,  c.  66].  Тарихшы  батырлардың  саяси  ықпалының  да 
күшейе  түскенін  сөз  етеді.  Қазіргі  кездегі  авторлардың  біразы  ол  кезеңді  «батырлар  заманы»  деп 
айдарлауы орынды. Өйткені ол уақытта ел басқарған хандардың өзі қол бастаған батыр да бола алған.  
Қазақ пен жоңғар арасындағы соғыс тарихын төмендегідей қорытындылаймыз. Бір ғасырдан астам 
мерзімді қамтыған екі елдің өзара күрестерінің ішінде Орбұлақтан бастап Аңырақайға дейін жəне т.б. 
көптеген  ірілі-ұсақты  шайқастар  болды.  Қос  көшпелі  мемлекеттің  бұл  соғыстарының  соңында 
Жоңғария  жер  бетінен  мемлекет  ретінде  жойылса,  қазақ  елі  бірте-бірте  Ресейдің  қоластына  түсті. 
Қазақтар мен жоңғарлардың текетіресін бөлек алып қарайтын болсақ, бүгінгі таңда тəуелсіз мемлекет 
болып отырған қазақ елін жеңімпаз ретінде тану орынды деп санаймыз. 
Қазақ-жоңғар  соғысының  1920-1953  жж.  тарихнамасын  жалпы  қорытындыласақ,  кеңес  тұсында 
тарих  ғылымының  дамуы  жаңа  жолға  қойылды.  Мəселеге  қатысты  жаңа  деректер  де  айналымға 
енгізілді. Алайда зерттеулер маркстік-лениндік идеологияның тар шеңберінде ғана жүзеге асырылды. 
Ел  санасын  қалыптастыруда  социализмнің,  коммунизмнің  қай  салада  болмасын  игі  əсері  кеңінен 

Вестник КазНПУ имени Абая, серия «Исторические и социально-политические науки», №3 (50), 2016 г. 
314 
дəріптелді  жəне  бұл  үрдіс  жылымықтан  соң  күшейе  түскенін  де  айта  кету  керек.  Мысалға,  Н.Г. 
Аполлова 1948 ж. еңбегінің өзінде Қазақстанның Ресейге қосылуы нəтижесінде қазақ халқын Жоңға-
рия  тарапынан  билеп-төстеу  қаупі  жойылды,  шаруашылықтың  жоғары  формаларына,  отырықшы-
лыққа  ауысуға  жəне  жер  шаруашылығымен  айналысуға  жол  ашылғандығын  түйіндеп  жазған  [8,  с. 
253].  Дегенмен  де  патшалықтың  негізгі  іс-əрекетіне  қазіргі  кездегі  тарихи  еңбектерде  өзгеше  баға 
берілген. Онда отаршылдық акциялар, əсіресе ойраттардың нақты қатері жойылғаннан кейін бұрын-
ғысынан  да  неғұрлым  ауқымды  түрде  дамытылып,  керісінше  қазақ  жерлерін  күшпен  бағындыру 
жандана  түскендігі  көрсетілген  [21,  169].  Сондықтан  тарихымыздағы  келелі  мəселелерді  зерттеуде 
сыни тұрғыда объективті зерделеп, шынайы бағасын беруге ұмтылу қажет.  
 
1
 
Нусупбеков А.Н. Основные направления развития исторической науки в Казахстане // Наука Советского 
Казахстана. – Алма-Ата: Издательство «Наука» Казахской ССР, 1981. – С. 225-233. 
2
 
Тулепбаев  Б.А.  Марксистко-ленинская  теория  и  развитие  общественных  наук  в  Казахстане  //  Наука 
Советского Казахстана. – Алма-Ата: Издательство «Наука» Казахской ССР, 1981. – С. 27-36. 
3
 
Тынышпаев  М.  Материалы  к  истории  киргиз-казакского  народа.  –  Ташкент:  Восточное  Отделение 
Киргизского  Государственного  Издания,  1925.  –  61  с.;  Тынышпаев  М.  Киргиз-казаки  в  17  и  18  веках.  (Допол-
нение  к  «Материалам  к  истории  киргиз-казакского  народа).  –  Кзыл-Орда:  Издание  Общества  изучения 
Казакстана,  1926.  –  20  с.;  Тынышпаев  М.  Великие  бедствия...  (Актабан-Шубрынды).  –  Алма-Ата:  Жалын, 
1991. – 152 с.; История Казахстана с древнейших времен / Асфендиаров С. Отв.ред. Омаров А.А. Алма-Ата: 
« аза<  университеті»,  1993.  -  304  с.;  Тынышпаев  М.  История  казахского  народа:  (Сост.  и  авт.  предисловия 
проф. А. Такенов и Б. Байгалиев). Учебное пособие. – Алматы: «Санат», 1998. – 224 с. 
4
 
Бартольд  В.В.  Киргизы  (исторический  очерк).  –  Фрунзе:  Киргизское  государственное  Издательство, 
1927. – 51 с.; Бартольд В.В. Очерк истории Семиречья. – Фрунзе: Киргизгосиздат, 1943. – 104 с. 
5
 
Вяткин М. Очерки по истории Казахской ССР. Т. 1. – Огиз.госполитиздат, 1941. – 367 с. 
6
 
Западная  Монголия  и  Урянхайский  край.  Т.2.  Исторический  очерк  этих  стран  в  связи  с  историей 
Средней Азии / составлен Г.Е. Грум-Гржимайло. 1926. – 898 с. 
7
 
Чулошников  А.П.  Очерки  по  истории  казак-киргизского  народа  в  связи  с  общими  историческими 
судьбами  других  тюркских  племен.  Часть  1.  Древнее  время  и  Средние  века.  Киргизское  Государственное 
издательство, Оренбург, 1924. – 289 с. 
8
 
Аполлова Н.Г. Присоединение Казахстана к России в 30-х годах ХVIII века. – Алма-Ата: Академия наук 
Казахской ССР, 1948. - 256 с. 
9
 
Бахрушин  С.В.  Очерки  по  истории  колонизации  Сибири  в  XVI  и  XVII  в.в.  –  Москва:  Издание  М.  и  С. 
Сабашниковых, 1927. – 198 с. 
10
 
Бартольд  В.В.  Киргизы  (исторический  очерк).  –  Фрунзе:  Киргизское  государственное  Издательство, 
1927. – 51 с. 
11
 
Козин  С.А.  Джангариада.  Героическая  поэма  калмыков.  –  М.-Л.:  Издательство  Академии  наук  СССР, 
1940. – 252 с. 
12
 
Левшин  А.И.  Описание  киргиз-казачьих,  или  киргиз-кайсацких  орд  и  степей  (под  общей  редакцией 
академика М.К. Козыбаева). Алматы: «Санат», 1996. – 656 с. 
13
 
Тынышпаев М. Киргиз-казаки в 17 и 18 веках. (Дополнение к «Материалам к истории киргиз-казакского 
народа). – Кзыл-Орда: Издание Общества изучения Казакстана, 1926. – 20 с. 
14
 
История Казахстана (История Казахской ССР с древнейших времен до наших дней. Издание 1943). 3-е 
издание. – Алматы, 2011. – 670 с. 
15
 
Владимирцов  Б.Я.  Общественный  строй  монголов.  Монгольский  кочевой  феодализм.  –  Ленинград: 
Издательство Академии Наук СССР, 1934. – 223 с. 
16
 
Бартольд В.В. Сочинения. Т. 2. Ч. 2. – Москва: Издательство «Наука», 1964. – 657 с. 
17
 
Златкин  И.Я.  История  Джунгарского  ханства  (1635-1758).  Академия  наук  СССР  Институт  народов 
Азии. Издательство «Наука», Москва, 1964. - 481 с. 
18
 
История Казахстана с древнейших времен / Асфендиаров С. Отв. ред. Омаров А.А. Алма-Ата: « аза< 
университеті», 1993. - 304 с. 
19
 
Бартольд В.В. Очерк истории Семиречья. – Фрунзе: Киргизгосиздат, 1943. – 104 с. 
20
 
Бартольд В.В. Тюрки. Двенадцать лекций по истории турецких народов Средней Азии. – Алматы: ТОО 
«Жалын», 1998. – 192 с. 
21
 
Кіші жCз бен Орта жCз <аза<старыны  Ресей бодандығын <абылдауы // Кітапта:  аза<стан тарихы 
(кAне заманнан бCгінге дейін). Бес томды<. 3-том. – Алматы: «Атам@ра», 2002. – Б. 156-169. 
 
 
 
 

Абай атындағы  аз ПУ-ні  Хабаршысы, «Тарих жəне саяси-əлеуметтік ғылымдар» сериясы, №3 (50), 2016 ж. 
315 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   50




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет