Хабаршы вестник bulletin «Филология ғылымдары» сериясы Серия «Филологические науки»



Pdf көрінісі
бет181/375
Дата06.01.2022
өлшемі4,16 Mb.
#11773
1   ...   177   178   179   180   181   182   183   184   ...   375
Түйін сөздер: архетип, көне түркі, көркем ойлау, көркемдік дәстүр, дәстүр жалғастығы. 
 
Қазақтың көркем ой тарихының негіздері мен тамыры тым тереңде жатқаны ХХ ғасырдың екінші 
жартысында  ғана  ғылыми  дәлелденді.  Оның  генезисі  мен  архетиптік  негіздері адамзат  тарихы  мен 
өркениетіне орасан зор өзгерістер әкелген орта ғасырларда (қайта өрлеу, ренессанс) ғана емес, көне 
түркілік  дәуірде,  тіпті  біздің  жыл  санауымыздан  да  бұрынғы  кезеңдерде  жатқаны  айқындалды. 
Белгілі әдебиеттанушы Н.Келімбетов  «...Біз қазақ әдебиеті қайнар-бастаулары Түрік қағанаты (ҮІІІ 
ғасыр) тұсында өмірге келген «Күлтегін» және «Тоныкөк» жырларында жатыр деп келдік. Бұл пікір 
кезінде ғылыми тұрғыдан негізделген тұжырым еді. Алайда мұндай ғажайып жырларды жазуға үлгі-
модель болған шығармалар бұрын бар ма еді деген сауал ұдайы ойда тұратын» [1, 3 б.] – деп, соңғы 
уақыттардағы  түркология  ғылымындағы  соны  жаңалықтар  мен  ғылыми  ашылулардың  осы  сауалға 
жауап  тапқанын  айта  келіп,  «...Ежелгі  түркілердің  арғы  ата-тегі  саналатын  сақтар  мен  ғұндар 
дәуірінің  көркем  сөз  үлгілері:  «Алып  Ер  Тоңға»,  «Шу»  батыр,  «Аттила»,  «Көк  бөрі»  және 
«Ергенекон»  дастандарының    жеке-жеке  үзінділерін,  фрагменттерін,  сюжеттік  оқиғаларын  ұзақ 
жылдар бойы іздестіріп, тырнақтап  жинап,  белгілі  бір  логикалық  жүйеге келтірдік»  [1,  3  б.]  дейді. 
Көне  түркілік  ғажайып  көркем  сөз  жәдігерліктерінің  өзіне  үлгі  бола  алған  осындай  ежелгі 
қаһармандық  дастандардағы  түр,  мазмұн,  стиль  мен  көркемдік  дәстүрлердің  халқымыздың  көркем 
ойлау қалыбының өн бойынан табылуы оны қазақ әдебиетінің бастау бұлағы, алғашқы негізі болды 
деген қорытынды жасауымызға әкеледі. 
Қазақтың  ұлттық  әдебиеті  біздің  заманымыздан  бұрынғы  ежелгі  түркілік  және  біздің  жыл 
санауымыздағы  ҮІ-ХІІІ  ғасырларда  жасаған  көне  түркілік  әдеби  дәстүрлер  негізінде  қалыптасып, 
дамыды дейтін болсақ, төл әдебиетіміздің тарихындағы түркілік көркемдік дәстүрлердің де, әр түрлі 
100
 


Вестник КазНПУ им.Абая, серия «Филологические науки», № 1(55), 2016 г. 
бағыттар  мен  ағымдардың  да  шыққан  тегін,  түпкі  тамырын  сол  дәуірлердегі  түркі  әдебиетінің 
тарихынан іздеген абзал. 
Сондықтан  сан  ғасырлар  бойы  қалыптасып  дамыған  қазақ  поэзиясының  көркемдік  негізі  түркі 
өркениетінен бастау алады. Түркі халықтарының көне дәуірдегі жазба ескерткіштеріндегі атамекенді, 
тілді,  салт-дәстүрлерді  ардақтау  сияқты  тарихи  сананың  көрінісі  өз  алдына  мемлекет  құрып,  ұлт 
болып ұйысқан қазақтың да қоғамдық, әлеуметтік тұрмысында із қалдыра отырып, мәдени, рухани 
жадының өзіне ғана тән ерекшеліктерімен дамуына ықпал етті.  
Тарихта  белгілі  болғанындай  ежелгі  сақ  пен  ғұн  сынды  тайпалар  ҮІ-ҮІІ  ғасырларда  Түрік 
қағанатын құрып, бүгінгі түркі халықтарына ортақ діл, тіл, дін сияқты рухани құндылықтармен қоса 
этнографиялық, фольклорлық мұралар қазынасын қалыптастырды. Бұл үрдіс уақыт өте келе бірегей 
түркілік  дүниетанымның  қалыптасуына  негіз  болды.  Түркітанушы  ғалым  Л.Н.Гумилевтің  «Түрік 
мемлекеттігінің құрылуы бүкіл адамзат тарихында белгілі дәрежеде бетбұрыс кезең болды, өйткені 
сол кезге дейін орта теңіз мәдениеті мен қиыр шығыс мәдениеті бір бірінің дүниеде бар екенін білсе 
де, басы қосылмаған еді. Түріктердің қоғамдық тірлігі мен әлеуметтік институты тарихының күрделі 
түрлері қайран қалдырады: ...әскери тәртіп, елшілік үрдісі, сол сияқты көрші елдердің идеологиялық 
жүйелеріне қарсы қоятын, мұқият әзірленген дүниетанымның болғандығы таң қалдырады» [2, 41 б.], 
деген  нақты  деректерге  негізделген  пікірі  осы  тарихи-мәдени  даму  құбылысын  толық  дәйектей 
түседі.  
Орхон-Енисей ескерткіштері аталатын көне жазбаларда Түрік қағанаты құрамында тіршілік еткен 
елдің  өнер-білімі  мен  дүниетанымы,  әр  түрлі  түркі  халықтарының  тарихы  мен  тағдыры,  олардың 
өзара  қарым-қатынастары,  тынымсыз  жалғасқан  жорық  жолдарындағы  жеңістері  мен  жеңілістері, 
сүйініші мен күйініш, өкініштері, адамзат баласына үлгі тұтарлықтай ерлік, бірлік, отаншылдық пен 
намыс  туралы  түсініктері,  салт-дәстүрі  мен  наным-сенімі,  тәуелсіздік  аңсары  мен  еркіндікке 
құштарлығы, сондай-ақ   осы мақсат, мүддеден шығу жолындағы ұлы істері мен атқарған қызметтері 
баяндалған.  Бұл  жырлардың  негізіне  түрлі  ру-тайпалардың  басын  біріктіру,  материалдық  және 
рухани жағынан нығайту, сыртқы жаулардан қорғану идеясы алынды. 
Қазіргі кезде «түркі» терминінің ең көп тараған тілдік түсінігінің өзіндік белгілі негізі бар: көне 
түріктер  сонау  ғұндар  дәуірінде  кәмелетке  жетіп  толысып,  ІІІ-Ү  ғасырлардағы  қысылтаяң  қиын 
заманда  анабиоз  жағдайында  болған  дала  мәдениеті,  ізгі  бастауларын  жарқын  дамытып,  өмір 
тіршіліктің мәніне айналдырды. Яғни, бұдан біз қазақ әдебиетіндегі түркілік дүниетанымның туып, 
қалыптасуы ежелгі сақ, ғұндар дәуірінен бастау алатынын көреміз. 
Қазақтың  ұлт  болып  қалыптасуы  мен  «қазақ»  этнонимінің  пайда  болу  тарихы  бұрынғы-соңғы 
ғалымдар тарапынан тарихи-деректік, этнографиялық, фольклорлық тұрғыдан аз қарастырылған жоқ. 
Әр  кезеңде  жасалған  әр  түрлі  гипотезалардағы  кейбір  алшақтықтар  мен  көмескі  тұжырымдарға 
қарамастан  қазақ  халқының  ұлт  болып  қалыптасу,  дербес  мемлекет  болу  тарихы  біздің  жыл 
санауымыздың  ХҮ  ғасырына  алып  келеді.    Осы  тұста  ел  тарихының  ұлттық  әдебиет  тарихымен 
ажырағысыз  тығыз  байланысты  екендігін  баса  айту  орынды  болмақ.  Бұл  құбылыс  ауыз  әдебиеті 
ерекше дамыған қазақ сияқты көшпелі өмір салтын ұстанған халыққа тіпті жақын. Тарих тізбегінің 
белгілі бір кезеңінде өзіне ғана тән жазу дәстүрінен қол үзіп қалған халқымыздың шын әрі объективті 
тарихы осы ауыз әдебиеті үлгілерінде еді. Түркітанушы Л.Н.Гумилевтің өз кезінде ғылыми ортаны 
таң қалдырған әйгілі ғылыми-зерттеу әдісі шынайы тарихты жасауға тек хатқа түскен нақты тарихи 
дерек  қана  емес,  әдеби,  этнографиялық  және  археологиялық  мұралардың  да  үлгі,  дерек  бола 
алатынын  дәлелдеді.  Ғалымның  бұл  әдісін  әйгілі  орыс  әдебиеттанушысы,  академик  Д.С.Лихачев 
«Ғалымның  қиял  көзімен  өткенді  елестету  арқылы,  яғни  реконструкция  тәсілімен  көп  жәйттердің 
құпиясын ашуға болады. Ғылымда тек сирек кездесетін деректермен ғана шектеліп қалуға болмайды. 
Өйткені, тарихи өмірдің өзі деректерден гөрі әлдеқайда бай, әрі сан қырлы болып келеді» [3, 7 б.] – 
деп мойындайды. Бүгінгі ұлан-ғайыр Еуразия құрылығын мекендейтін көптеген түркі халықтарының 
түп атасы – көне түріктердің мемлекеттік тарихы, қоғамдық-әлеуметтік келбеті т.б. ерекшеліктері нақ 
осы көне жазбалар мәтіндеріне сүйене отырып жасалды.  
Ежелгі сақтар мен гүндер қоғамындағы мәдени, рухани жәдігерлер туралы да ақпараттарды нақты 
жазба тарихи деректерден табу қиын. Белгілі түркітанушы С.Г.Кляшторный ежелгі сақ тайпаларының 
Еуразия  құрлығындағы  өркениетке  тигізген  әсері  мен  сол  дәуірлердегі  геосаясаттағы  ықпалын 
сараптай  келе:  «В  суждениях  о  социальном  устройстве  сакского  общества  скудность  письменных 
источников  заставляет  более  полагаться  на  археологический  материал»  [4, 46-47  б.]  дей  келе, 
«Духовная  культура  и  религия  саков  реконстрируются  скорее  по  памятникам  искусства,  чем  по 
101 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   177   178   179   180   181   182   183   184   ...   375




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет