Хабаршы вестник bulletin «Филология ғылымдары» сериясы Серия «Филологические науки»



Pdf көрінісі
бет180/375
Дата06.01.2022
өлшемі4,16 Mb.
#11773
1   ...   176   177   178   179   180   181   182   183   ...   375
УДК: 821.512.122.09 
ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІНІҢ КӨНЕ ТҮРКІЛІК БАСТАУЛАРЫ 
Ж.Әлиева.  – Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің PhD докторанты, 
филология ғылымының магистрі,  janat_25.01@mail.ru. 
Ғылыми жетекшіЕржанова С.Б. – ф.ғ.д. ҚазмемқызПУ профессоры, esb72@mail.ru. 
 
 
Мақалада қазақ әдебиетінің туып, қалыптасу тарихының ежелгі кезеңдегі негіздері қарастырылады. Адамзат 
өркениеті  мен  ақыл-ойының  дамуына  ерекше  ықпал  еткен  көне  түркілік  мәдениеттің  қазақ  руханиятына, 
көркем  ойлау  жүйесіне  тигізген  әсерінің  тарихи,  гносеологиялық  маңызы  зор  болғаны  белгілі.  Біздің  жыл 
санауымыздан бұрынғы замандарда Еуразия құрлығын тұтас жайлаған көне түркілік сақ, ғұн сияқты тайпалық 
одақтары  мен  Ү-ҮІІІ  ғасырларда  алып  мемлекеттер  құрған  көк  түріктердің  ауызша  тараған,  тасқа  қашалып 
жазылған  көптеген  әдеби  жәдігерліктері  қазақ  әдебиетінің  қалыптасуына  тікелей  ықпал  етті.    Көркем  ойлау 
дәстүрі ортақ, әдеби тәсілдер мен пішіндік ұқсастықтар болғанмен, бұл үдеріс қазақ халқының өзіне ғана тән 
ұлттық әдебиетінің өсіп, өркендеуіне әкелгені тарихи шындық. Негізінен қаһармандық жыр үлгісіне құрылған 
бұл  туындылар  мыңдаған  жылдар  бойы  қайта  түлеп,  жаңарып,  әр  дәуірдің  тарихи  шындығын  суреттейтін 
көркем-деректік дүниелерге айналды. Мақалада қазақ әдебиетінің көне замандардағы негіздеріне байланысты 
түрлі ғылыми тұжырымдар беріле отырып, ұлттық әдебиеттің көне түркілік бастаулары сараланады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   176   177   178   179   180   181   182   183   ...   375




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет