Вестник КазНПУ им.Абая, серия «Филологические науки», № 1(55), 2016 г.
методикасында қандай үлкен роман болмасын ол әуелі үйде алдын ала оқылып, лекция бағдарлаушы
әңгіме, талдау сол негізде жүргізілуі тиіс. Басқаша айтқанда ҮІІІ-Х кластарда текске тұтас талдау
жүргізіледі”-дейді [4].
Автордың ұсынған әдістемелік жүйесі бүгінгі мектеп практиксында қолданылып жүрген басты
әдістемелік бағыт болып есептеледі.
Орта буын сыныптарға арналған әдістемелік оқулықтар, әдебиеттік оқу сыныптары
оқулықтарына жазылған әдістемелік нұсқаулар да Ә.Қоңыратбаевтың авторлығында жарық көрді.
Әр сыныпқа арналған әдістемелік нұсқауларда да автор әдеби мәтінді терең тану арқылы әдеби
білімді жүйелей алу талаптарына ерекше мән береді.
Ғылымда дәлелденген жай әдебиетті зерттеп терең таныған адам ғана оны оқытудың толағай
жолын толғап, таным түйсігімен түйіндей алатыны байқалады. Бұл ретте Ә.Қоңыратбаев сияқты
әдебиеттің бірнеше саласын терең зерттеген ғалымның қазақ әдебиетін оқыту әдістемесімен
шұғылдануы осы сала үшін үлкен олжа. Қазақ әдебиетін оқу әдістемесіне жаңа әдіскер-ғалымдар
қосылып, жаңа әдістемелік ізденістер мен еңбектер жазалып жатыр дегенмен де, бүгінгі қазақ
әдебиетін оқыту әдістемесі Ә.Қоңыратбаев сияқты ғалымның салып кеткен сара жолынан ұзап кете
алған жоқ. Себебі ғалымның әдістемелік жүйесі әдебиеттану ғылымының терең тамырларынан нәр
алып, педагогика, психология, физология ғылымдарымен астасқан, санадан сіңіп, жүрекке жол
тартқан, көркем шығарма мен оқушы әлемін тұтастырған бірегей жол екендігі анық.
1
Қоңыратбаев Ә . Шолпанның ақындығы А., ҚМКӘБ, 1956.
2
Қоңыратбаев Ә . Қазақтың « Қозы Көрпеш» жыры туралы. А., ҚМКӘБ, 1956, 1959.
3
Қоңыратбаев Ә. Әдебиетті оқыту методикасының очерктері, 1962.
4
Жолдыбайұлы М., Қоңыратбайұлы Ә., Қаратайұлы М. Әдебиет хрестоматиясы. (төрт жылдық
мектепке арналған) - Алматы: 1934 жыл.
5
Қоңыратбаев Ә. Мектепте Абайдың мысал өлеңдерін оқыту туралы. «Халық мұғалімі» журналы,
1946 жыл.
6
Қоңыратбаев Ә. ҮІ класта лирикалық өлеңдерді оқыту. «Қазақ тілі мен әдебиеті» 1959 ж, №4.
7
Қоңыратбаев Ә. Әдебиетті оқыту методикасы «Қазақ мектептерінің ІХ-Х класс мұғалімдері үшін
көмекші құрал) Алматы: Мектеп, 1966 жыл.
Достарыңызбен бөлісу: