Хабаршы вестник bulletin «Филология ғылымдары» сериясы Серия «Филологические науки»


Нәтижеге жетудің басты белгілерін



Pdf көрінісі
бет332/375
Дата06.01.2022
өлшемі4,16 Mb.
#11773
1   ...   328   329   330   331   332   333   334   335   ...   375
Нәтижеге жетудің басты белгілерін үйренудің барлық кезеңдерінде материады газетте басуға 
даярлық  негізгі  дағды  болып  табылады.  Бірақ  барлық  оқушылардың  бағдарлама  материалдарын 
біркелкі  дәрежеде  меңгере  бермейтіні  белгілі,  сондықтан  бағдарлама  материалдарын  тәжірибе 
жүзінде  үйретудің  жеке  дара  тәсілін  де  қолданған  абзал  (яғни  оқушылардың  қызығушылығы  мен 
қабілеті ескерілуі тиіс). 
Меңгеру деңгейі бойынша аталған бағдарлама кәсіби-бағдарлық болып табылады.  
Оқушылардың білімін бағалау мен оқыту – шығармашылық жұмыс үлгісінде, барлық тақырыптар 
бойынша  эвристикалық  әңгімелесу,  реферат  жазу  түрінде  өткізіледі.  Сондай-ақ,  сабақта 
шығармашылық  тапсырмаларды  орындау,  тәжрибе  жүргізу,  өздігінше  бақылау  жасайтын 
экскурсиялық  дәрістер  қолданылады.  Теориялық  материалдармен  жұмыс  істеу  барысында 
эвристикалық  әңгімелесуге  басымдылық  беріледі.  Себебі  бұл  тәсіл  ауызша  материалды  баяндауда 
маңызды рөл атқарады. Оқушылар жаңа ұғымдарды өздігінше логикалық ойлау жолымен меңгереді. 
Сол  себепті  де  дүниетанымның  эвристикалық  әдісі  белсенді  қолданылады.  Оқушылардың  сабақ 
барысында сауал қоя білу техникасы да маңызды рөл атқарады. Бұл журналистік қызметте нәтижеге 
жетудің  ең  маңызды  жолы.  Аталған  әдіс  қайталауға,  алған  білімді  пысықтауға  және  бекітуге 
мүмкіндік береді. 
Кәсіби  дайындықтың  сапасы  оқушылардың  оқу  үдерісі  кезінде  алған  тәжірибесіне  байланысты 
болады. Тәжірибе жұмысы және авторлық мақала даярлау – кәсіпті берік меңгеруді қамтамасыз етеді 
және кәсіптік білімді бекітіп, білік мен дағдыны қалыптастырады. Сабақ барысында балалар әртүрлі 
газет жанрларында материалдар жазады, өз бетінше газет нөмірлерін беттейді, авторлық мәтіндерді 
түзетеді,  конкурстарға,  студиялық  сабақтарға,  әдеби-іскерлік  ойындарға,  семинарларға  (дөңгелек 
үстелдерге),  семинар-пікірсайыстарға,  топтық  жобаларға,  шебер-сыныптарға  қатысады.  Өздері 
қызығатын  тақырыптарда  пікір  алысып,  мамандармен  әңгімелеседі,  алған  білімдерін  тәжірибе 
жүзінде қолданып көреді. 
Бағдарлама  кез-келген  мектепте,  лицейде,  гимназияда  қолдануға  лайықты,  сондықтан  оны 
мерзімді басылым шығаруға талпынушылар да, тұрақты мерзімді қабырға газеті бар білім мекемелері 
де қолдана алады. 
Тиісті  мемлекеттік  білім  беру  стандарты  болмаған  жағдайда  журналистиканың  негіздерін 
мектепте  үйрету  үшін  Т.Амандосовтың  (Совет  журналистикасының  теориясы  мен  практикасы.  – 
Алматы, 1978), Т.Қожакеевтің (Жас тілшілер серігі. – Алматы, 1991; Сатира негіздері. – Алматы, 1996), 
Б.Сердәлінің  (Қазіргі  газет  жанрлары.  –  Алматы,  2011;  Мерзімді  баспасөз  дизайны.  –  Астана,  2015), 
Д.Рэндаллдың (Универсальный журналист. – Алматы, 1996) оқу құралдарын пайдалануға, әдістемелік 
құрал ретінде басшылыққа алға болады. 
Біз  ұсынып  отырған  «Мектептегі  журналистика»  қосымша  білім  беру  бағдарламасының  жалпы 
көлемі 136 сағатқа есептеліп, 2 оқу жылына лайықталған. Оқу сабақтан тыс уақытта аптасына 1 рет 2 
сағаттан өткізіледі.  
Бағдарламаның сағатқа мөлшерлеп қана бөлінуі шеберліктің алғашқы дағдысын беріп, таныстыру 
үшін ғана қажет. Схемасы шартты, себебі ол жыл сайын нақты топтардың оқуына арналып түзетіліп 
отырылуы мүмкін. 
Аталған  пән  факультативті  курстың  бағдарламасы  негізінде  8-11  сыныптарға  журналистика 
негізінен сабақ беретін мұғалімдерге арналған, сондықтан ол, мамандығына қарамастан, кез-келген 
шығармашылықпен айналысатын педагогқа қолжетімді болып табылады.  
Бағдарламаны іске асыру қорытындысы 1-ші оқу жылының соңында оқушылардың журналистік 
кәсіп  туралы  толық  мағлұмат  алып  шығуына,  журналистік  кәсіп  мәдениетінің  негізін  меңгеруіне, 
жанрлар  бойынша  журналистік  мәтіндерді  түзе  білуіне  негізделген.  Оқу  жылын  аяқтау  сәтінде 
оқушылар әртүрлі дереккөздерден ақпараттар іздестіру дағдысын меңгеріп, әдеби редактор қызметін 
меңгеруі қажет. 
Оқудың 2-ші жылының соңында оқушылар журналистік шеберлік дағдыларын айтарлықтай толық 
меңгеруі  қажет:  материал  жинауды  үйреніп  қана  қоймай,  оны  жүйелей  білуіге,  беттей  білуіге, 
макеттей  білуге  және  мектеп  басылымын  (газет,  журнал,  альманах  т.б.)  өз  бетінше  шығаруға 
дағдылануы тиіс.  
Біліктілікті,  білім  мен  дағдыны  тұрақты  түрде  жетілдіре  беру  үшін  жазғы  каникул  кезінде  де 
тәжірибені  іс-жүзінде  қолдана  білу  қарастырылған.  Оқушыларға  жергілікті  редакцияларда  болып, 
туған  өлкенің  тарихы  мен  ескерткіштеріне  саяхат  жасау,  экологиялық  аймақтарға  журналистік 
213 


Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Хабаршысы, «Филология ғылымдары» сериясы, № 1 (55), 2016 ж. 
жолсапарға шығу, ұлттық мерекелерге қатысу, әлеуметтік маңызы бар іс-шаралардың куәсі болу, осы 
оқиғалардың нәтижесін өз мерзімді басылымында жазу тәжірибесі үйретіледі.  
Жоба 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   328   329   330   331   332   333   334   335   ...   375




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет