Хабаршы вестник bulletin «Филология ғылымдары» сериясы Серия «Филологические науки»


Қазақ  тілін оқытуда білім мен  ғылымның интеграциясын жүзеге асыру



Pdf көрінісі
бет63/375
Дата06.01.2022
өлшемі4,16 Mb.
#11773
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   375
Қазақ  тілін оқытуда білім мен  ғылымның интеграциясын жүзеге асыру. Жолы – қазақ тілі 
пәнінің  білім  мазмұнын  қазақ  тіл  білімінің  дамуына  сәйкестендіру  арқылы  тілді  ғаламның  бір 
бөлшегі ретінде таныту, тілді оқытуды Тарих – Білім – Мәдениет үштағанына негіздеу. Қағидасы: 
«Мәдениетті тіл ғана мәртебелі» (Р.Сыздық) [5, 214 ]. 
Ғылым  –  ғаламды  танудың  кілті.    Мектептегі  әрбір  пән  өзіне  сәйкес  ғылым  дамуына  сай 
мазмұндық  тұрғыда  жетілдіріліп  отыруы  шарт.  Өйткені  білім  мазмұнын  жетілдіруде  ескерілетін 
басты  фактор  ғылым  дамуы  болып  саналады.  Тұлғаның  интеллектуалдық  әлеуетін  арттырудың 
маңызды жолы – ғылыммен интеграцияланған білім беру. Әлбетте, бұл жерде ғылымдағы басы ашық, 
түбегейлі шешімін тапқан тұжырымдар мектеп бағдарламаларына енеді деген ұстаным  басшылыққа 
алынады.  
Әдістеме  –  ғылым  мен  білімнің  арасын  жалғайтын  алтын  көпір.  Ол  ғылымдағы  жүлгелі  жаңа 
ойлардың  білім  жүйесіне  енуін  қамтамасыз  етеді.  Әдістеме    заманауи  сұраным  мен  білім  беру 
саласының  өзара  бірлікте  даму  жолдарын  белгілейді.  Сондықтан  да  жастардың  келешегіне  лайық 
білім  беріп,  қажетті  біліктерді  қалыптастырудың  жолдарын  іздейтін  әдіскер-ғалымдар,  біріншіден, 
өркениетке бастайтын озық ойларды саралай отырып, жаңаруға тірек болатын қағидаларды қапысыз 
тани алуы тиіс. Екіншіден, сол жаңашылдықты өзгермелі дүниеде өмір сүріп жатқан жас толқынның 
талабына сай, танымына орайлы, қабылдауына қолайлы етіп ұсынудың ұтымды жолдарын таба алуы 
қажет.  Олай  болса,  тілді  оқыту  үдерісінде  де  білім  мен  ғылымның  сабақтастығын  сақтау  Білім 
аушының тіл туралы дүниетанымын кеңейту нәтижесінде мемлекеттік тілдің, ана тілінің жеке адам 
өміріндегі  мәнін,  әлеуметтік  қызметін  дұрыс  бағамдап,  өмірде  оны  дұрыс  қолдануға  мүмкіндік 
тудырады.  Тілдік  тақырыптар  аясында  өз  алдына  жеке  сала  болып  қалыптасқан  сөз  мәдениетін, 
шешендік  өнерді,  этно-  психо-,  прагматикалық,  когнитивтік  лингвистикадағы,  лингвомәдениет-
танымдағы  тілге  қатысты  қызықты  әрі  маңызды  деректерді  ендіру  білім  мазмұнын  жаңартуда  
инновациялық серпіліс жасауға негіз болады.  
7. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   375




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет