ӘОЖ 419.992 71:398.9 ГЕНДЕРЛІК ЛИНГВИСТИКАНЫҢ ПАРЕМИОЛОГИЯЛЫҚ ДҮНИЕ БЕЙНЕСІНДЕГІ МИКРОФРЕЙМДІК ҚАТЫНАСТАРЫ
Исаева Ж. И. - Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ-нің доценті, филология ғылымдарының кандидаты Түркістан, Қазақстан; e-mail: jazirhon79@mail.ru Аннотация Бұл мақалада гендерлік лингвистиканың паремиологиялық дүние бейнесіндегі микрофреймдік
қатынастары қарастырылып, адам санасындағы танымдық және мәдени деректерді жинақтап, реттеп отыратын
фреймдер ірі-ірі концептер («Заман», «Салт-дәстүр», «Ел-жер», «Еркек», «Әйел» т.б.) аралық байланыстарды
тұйықтап, концептуальдық жүйені (ұғым-түсініктер жиынтығы) тілдік жүйемен (мән-мағыналар жиынтығы)
жалғастырады. Фреймдер іштей микрофреймдік құрылымдарға жіктеле келіп, адам санасы мен жадыда
сақталған білім қорының концептуальдық элементтерін тіл бірліктерінің семантикалық-ассоциативтік өрісіне
жинақтайды. Сондықтан да «еркек-әйел» бинарлық оппозициясына қатысты сан алуан микрофреймдік
құрылымдардың өзара сатылай және тізбектеле байланысуының нәтижесінде «паремиологиядағы адам»
«мәдениеттегі адаммен» үнемі салғастырылып отырады, яғни тілдік қолданыста паремиялардың түсінікті
болуы оның жалпы мағынасына ғана емес, паремия құрамындағы әр компоненттің микрофреймдік
құрылымына да тәуелді болады.