Вестник КазНПУ им.Абая, серия «Филологические науки», № 1(55), 2016 г.
жеңге» микрофреймдік құрылымы арқылы «Заман»
– «Салт-дәстүр»
– «Еркек»
– «Әйел»
концептілері аралық байланыстың паремиологиялық дүние бейнесіндегі қиысу нүктелерінің бірі
«әменгерлік» микрофреймдік тармақ екенін байқауға болады.
«Еркек - Әйел» концептілері аралық байланысты сипаттайтын «ұл-қыз», «ата-ана», «жиен-
немере», «әпке-жезде», «аға-жеңге», «қыз-күйеу», «күйеу – қайын» т.б.
микрофреймдік тармақтардың
қазақтың мифтік танымындағы «жат-жақын» бинарлық жұбымен ассоциативтік қарым-қатынасқа
түсуінің нәтижесінде паремиологиялық дүние бейнесінде қазақ дәстүріндегі қандық, тектік,
туысқандық жіктеменің суретті сипаттамасы жасалып, әр микрофреймдік тармақша ұлттық-мәдени
сипаттағы кең ауқымды мазмұндық тұрпатқа ие болады. Мысалы:
¤Қыздың баласы – қырғыздың
(өзгенің баласы) өз қып тұрған анасы, Ұлдың баласы – өзінің баласы, жат қып тұрған – анасы
паремиясында «туыстық жақындықты жеті атадан қайыруға байланысты қалыптасқан қыздың
баласын «жиен»деп өзгеге санау, ұлдың баласын - «ұрпақ жалғасы» деп өзіне санау дәстүрі көрініс
табатын болса, бұл ой
¤Ұл өсіргенің – ұрпақ өсіргенің, Қыз өсіргенің – ұлт өсіргенің паремиясындағы
« ұл болашақта өз орныңды басушы, ұрпақ жалғастырушы, қыз бала дүниеге ұрпақ әкеліп, ұлт өрісін
кеңейтуші» деген мағынамен ұласады.
¤Ұлдың ұяты – әкеге, Қыздың ұяты – шешеге
паремиясында «ұл тәрбиесіне әке жауапты, қыз тәрбиесіне шеше жауапты» екенін ескертіп, осыған
байланысты «ұлдың жақсы-жаман атағы әкесіне, қыздың жақсы-жаман атағы шешеге келерін»
меңзеген
ұлттық тәлімнің негізі көрініс беретін болса, ол ой
одан әрі өрбіп, «жас жеткіншек
тәрбиесінде оның өсетін ортасының да ықпал-әсері болатынын» кеңес ететін
¤Ұлың өссе, ұлы
жақсылармен ауылдас бол, Қызың өссе, қызы жақсылармен ауылдас бол паремиясын
қалыптастыруға негіз болады
.
Қызы бен келіні арасындағы айырмашылықты терең бажайлаған ананың қызына айтқан болып,
жаңа түскен келініне ащы шындықты жеткізуінің тәсілі
¤Қызым саған айтам, Келінім сен тыңда
паремиясында
бейнеленетін болса, қазақ шешенің балаға деген қамқорлығы, нақты жәрдемі, бере
тәлім-тәрбиесі әкеге қарағанда мол болатынын
¤Орақ ұстап, әкең қалғанша, Оймақ ұстап, шешең
қалсын деп білдіреді. Ал қайын жұрт пен күйеу арасындағы байланыстың тым жақын орнығуына
шектеу қойған қазақ дәстүрі
¤Қайындағы күйеуден – қарғылаған тазы артық деп қыздың әке-
шешесінің босағасына ер баланың кетуін қорлық санайды және ол ойын
¤Жаман күйеу – қайын сақ
деп бекітеді; ¤
Қалыңсыз қыз болса да, кәдесіз күйеу болмайды паремиясы қазақтың үйлену салт-
дәстүрімен сабақтасып келіп, қыз алушы жігіттің қандай жағдайда үйленбесін қыз ұзату салтына
байланысты жөн-жосынды, әдет-кәдені орындауға міндетті екенін ескертеді [5, 161-549 бб.].
Қорыта айтқанда, адам санасындағы танымдық және мәдени деректерді жинақтап, реттеп
отыратын фреймдер ірі-ірі концептер («Заман», «Салт-дәстүр», «Ел-жер», «Еркек», «Әйел» т.б.)
аралық байланыстарды тұйықтап, концептуальдық жүйені (ұғым-түсініктер жиынтығы) тілдік
жүйемен (мән-мағыналар жиынтығы) жалғастырады. Фреймдер іштей микрофреймдік құрылымдарға
жіктеле келіп, адам санасы мен жадыда сақталған білім қорының концептуальдық элементтерін тіл
бірліктерінің семантикалық-ассоциативтік өрісіне жинақтайды. Сондықтан да «еркек-әйел» бинарлық
оппозициясына қатысты сан алуан микрофреймдік құрылымдардың өзара сатылай және тізбектеле
байланысуының нәтижесінде «паремиологиядағы адам» «мәдениеттегі адаммен» үнемі
салғастырылып отырады, яғни тілдік қолданыста паремиялардың түсінікті болуы оның жалпы
мағынасына ғана емес, паремия құрамындағы әр компоненттің микрофреймдік құрылымына да
тәуелді болады.
1
Кирилина А.В. О применении понятия гендер в русскоязычном лингвистичес -ком описании //
Филологические науки. –М., 2000. -№3. -С. 38-45.
2 Мамаева Г.Б. Ерлер мен әйелдердің сөз қолданысындағы ерекшеліктер (гендерлік зерттеу): филол. ғыл.
канд. ... дисс. : 10.02.02. – Алматы: әл-Фараби атындағы ҚазМҰУ, 2003. -150 б.
3
Кирилина А.В. Гендер: лингвистические аспекты. -М., 1999. - С. 19.
4
Оразалиева Э.Н. Когнитивтік лингвистика: қалыптасуы мен дамуы. - Алматы: Ан Арыс, 2007. -312 б.
5 Қайдар Ә.Т. Халық даналығы. – Алматы: Толағай, 2004. -560 б.
Достарыңызбен бөлісу: