Вестник КазНПУ им.Абая, серия «Филологические науки», № 1(55), 2016 г.
Қазақ тіліндегі фразеологизмдердің жасалуына ұйытқы болатын тірек сөздердің ішінде ең көбі
адамның дене мүшелерінің атаулары. Бұл тек қазақ тілінде ғана емес, жалпы тіл-тілде кездесетін
ортақ ерекшелік. Демек, адамдар өзінің іс-әрекетінде неғұрлым жете танып білген заттар мен
құбылыстардың қасиетін ұзақ уақыт бойы бақылай жүріп, солардың ерекшеліктерінен жинақтаған
өмірлік тәжірибелеріне сүйеніп түрлі қорытындылар жасау дағдысын меңгереді. Осыдан пайда
болған салыстырулар, ұқсата отырып жаңа ұғым туғызу, өзі білетін ежелгі атауға тағы да басқа
мағынаны үстеу, оны тілдік қатысым әрекетінде ауыспалы мағынада жеткізу сияқты қатынас
құралының қызметіне қосымша бейнелілік туғызады.
Қазақ сөйленістері жүйесінде де фразеологизмдер қоры біршама, диалектілік фразеологизмдер
формалық жағынан жалпыхалықтық фразеологизмдерден ерекшеленбейді. Семантикалық жағынан
қазақ тілінің фразеологиялық қорын әдеби-диалектілік синоним, вариант қатарларымен байыта
түседі, антонимдік қатарлар түзіледі. Диалектілік фразеологизмдер эмоционалды-экспрессивтілігі,
поэтикалық бейнелілігі жағынан әдеби тіл қорындағы фразеологизмдерге кем түспейді, ауызекі
сөйлеу тіліне тән болғандықтан, рең мәні,бояуы қалың болуы да мүмкін. Мұның барлығы
фразеологизмдердің ішкі формасындағы ақпарат мазмұнынан көрінеді.
1
Кайдар А.Т.Актуальные вопросы казахского языка. Алматы :Ана тілі,1998. 304 б.
2
Сулейменова Э.Д. Казахский и русский языки: основы контрастивной лингвистики. Алматы:
Демеу,1996. с. 168.
3
Шведова Н.Ю. Теоретические результаты, полученные в работе над «Русским семантичеcким
словорем» // ВЯ. – 1999. №1. – C 3-6.
4
Нұржанова А. Дүниенің қарабайыр бейнесі: фразеологиялық фрагменттің соматикалық коды: филол.
ғыл. канд. ... дисс. Астана, 2010.125 б.
5
Кайдар А.Т. Тысяча метких и образных выражений «Казахско-русский словарь с
этнолингвистическими пояснениями. Астана: ТОО Білге, 2003. 368 с.
6
Кеңесбаев І. Қазақ тілінің фразеологиялық сөздігі. Алматы:Ғылым,1977.712 б.
7
Уызбаева Б.К. Қазақ тіліндегі соматикалық етістік фразеологизмдердің этнолингвистикалық
сипаты: филол. ғыл. канд. ... дисс. авторефераты. Алматы,1994. с.21.
8
Қалыбаева Қ.С. Салыстырмалы түркі фразеологиясы.-Алматы:Полиграфия Сервис К.- 2009.- 404 б.
9
Смағұлова Г.Н. Мағыналас фразеологизмдердің ұлттық-мәдени аспектілері. Алматы: Ғылым,
1998.196 б.
10
Маслова В.А. Лингвокультурология. М.: Academia, 2001. 208 c.
Достарыңызбен бөлісу: