Хабаршы вестник bulletin «Жаратылыстану-география ғылымдары» сериясы Серия «Естественно-географические науки»



Pdf көрінісі
бет21/21
Дата24.03.2017
өлшемі2,27 Mb.
#10203
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   21

Түйін 
Алдашева А.А. - т.ғ.к.Абай атындағы ҚазҰПУ елтану және туризм кафедрасының аға оқытушысы, 
Мурзинова А.С. - Абай атындағы ҚазҰПУ-ң түлегі, 5В060900-Жаратылыстану бакалавры 
Жастарды тәрбиелеудегі туризмнің рөлі 
Туризмнің педагогикадағы рөлі ерекше.Педагогика саласы туризмді дамытуда маңызды рөл атқарады.Туризм 
жастарды еңбекке, патриоттық тәлім тәрбиеге және білім алуға шақырады. Педагогика және туризм өзара байланыс­
ты және жастарды тұлға ретінде қал^гптаст^груға әсері мол. Педагогика және туризм жастарды ұлттық тәрбиеге 
шақыра
ды. Елбасымыздың халыққа жолдауында осы туризм мәселесі қолға алынған.Туризмді дамыту арқылы 
елімізді бүкіл әлемге таныта аламыз. Мысалы,көрікті жерлерін көрсету арқылы. Еліміздің түкпір-түкпіріндегі көрікті 
жерлерді тиімді пайдаланып, туризмді дамыту керек. Туризм - кейінгі жылдары елімізде жанданып келе жаткан 
салалардың бірі. Бұл сала экономикамызға едәуір пайда әкелетін тармаққа айналып келеді. Дегенмен сыртқы елдерге 
шығатын туристер саны еліміздің ішіндегі демалушылардан басым түсіп отыр. Мұның себебін олар біздің елдегі 
қонақ үй, туристтік қызмет бағасынан артық болмаса, кем еместігімен түсіндіреді. 
Түйін сөздер: педагогика, тәрбие, туристік қызмет, еңбек, дамыту, ұлттық тәрбие, патриоттық тәлім тәрбиеге, 
жастар 
Резюме 
Алдашева А.А. - к.и.н. старший преподаватель кафедры страноведения и туризма КазНПУ имени Абая, 
Мурзинова А.С. - КазНПУ им. Абая 
Роль туризма в воспитании молодежи 
В данной статье особое внимание уделяется педагогики и воспитании молодежи. Педагогика имеет важное значе­
ние в развитии туризма. Туризм призывает к труду, к патриотическому воспитанию молодежи и к знанию. Педагоги­
ка и туризм взаимосвязанный между собой, и являются важнейшей сферой в формировании личности студента. Роль 
туризма в педагогике играет огромную роль в национальном воспитании молодежи а также способствуют развитию 
туризма Казахстана. В стратегии Президента республики Казахстан Н.А. Назарбаева "Казахстан-2030" в порядке 
первоочередных приоритетов развития до 2020 года говорится о туризме и инфраструктуре туризма как наиболее 
важных вопросах, требующих разрешения. 
Ключевые слова: педагогика, воспитание, труд развитие, туристическая деятельность, национальное воспита¬ 
ние, патриотическое воспитание,молодежь 

Вестник КазНПУ имени Абая, серия «Естественно-географические науки», №2(48), 2016 г. 
УДК: 323, 23 (574) 
ТУРФИРМАЛАРДЫҢ ІС-ӘРЕКЕТІНДЕГІ ВИРТУАЛДЫ ТУРЛАРДЫҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ 
МЕН ҚАЗАҚСТАН ТУРИЗМІНЕ ӘСЕРІН ҚАРАСТЫРУ 
А.Болатбекқызы - 6МО90200 - Туризм мамандыгының 1 курс магистранты, 
С.К. Алшымбеков - п.г.к., Абай ат. Қаз¥ПУЕлтану және туризм кафедрасының ага оқытушысы 
Мақалада қазіргі таңда ел назарын аударып отырған табысы жоғары және серпінді дамып келе жатқан қызмет 
көрсетулердің халықаралық сауда сегменттерінің бірі, әлемдік экономиканың қүлдырауды білмейтін туризм 
саласының бір түрі виртуалды туризм туралы жан-жақты қарастырылды. Виртуалды туризмнің адам факторына 
тигізетін әсерлері қөрсетілді. Тұтынушы туристерге маркетингтік жағынан, сонымен қатар ақпаратық құралдар-ды 
қалай қолданатыны баяндалды. Кез келген елдің туризмдегі имиджін қал^штаст^іруға ақпараттық технология-
лардың әсерлер зерттелді. Қазақстанда жалпы туристік индустрияны дамуына жарнаманың мақсаты көзделді. 2010¬ 
2015 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының туризмді дамыту мемлекеттік бағдарламасына сәйкес 
жүргізілген «IPK International» компаниясы зерттеулері Шетелде Қазақстан туралы сапасы жоғары полиграфия-лық 
және аудио-бейне жарнама материалдарын шығару және белсенді түрде тарату қажет екендігі көрсетілді. Қазақстан 
туризміне виртуалды турдың әсеріне жүргізілген зерттеулерге байланысты нәтижелер шығарылды. 
Түйінді сөздер: виртуалды тур, виртуалды туризм, адам факторы, ақпараттық құралдар, туризм имиджі, туризм 
маркетингі, жарнама, туристік индустрия, панорамалық фотосуреттер, мемлекеттік «Wanaway» жобасы, туристік 
ресурстар 
Біздің ақпараттық технологиялардың дамыған заманында өмір сүруіміз өткен ғасырлармен салыстыр-
ғанда көптеген кереметтей мүмкіншіліктерге қол жеткізіп ие болуымызға ықпал етті. Аз уақыт аралығын-
да виртуалды мәдениет әсері қазіргі заманға сай адамның өмірінің барлық қырларынан байқалады. Ол, 
сонымен қатар, туризм саласында да кең етек алды. Мультимедиялық жүйелердің пайда болуы «виртуал­
ды туризм» ұғымының пайда болуына әкелді. Мұндай революция саяхатшылар үшін бұрын армандама-
ған мүмкіндіктерге қол жеткізуге жол ашты. Өткен заманда туристік армандар сол орындалмаған күйінде 
қала берсе, бүгінгі күні арманға қол жеткізу үшін интернет жүйесіне кіру жеткілікті. Тіпті сырқаттанған 
немесе мүмкіндігі шектеулі жандар үшін де, үйін, жұмысын тастай алмайтын бос уақыты жоқ адамдар 
үшін де бүгінгі таңда басқа елде саяхаттау қиынға соқпайды. Ол үшін тек интернеттен қажетті орынды 
таңдау жеткілікті. Сол жерлермен нағыз саяхат жасауға сол жерден түсірілген суреттерден және аудиоды-
быстардан құралған виртуалды турлар көмектеседі. Мұндай турларда қозғалу құралы болып тінтуір 
табылады. Виртуалдылық шынында да адамға шексіз мүмкіндіктер сыйлайды. Тінтуірді бір-екі басу 
арқылы армандаған Эйфель мұнарасын қызықтап, тұманды Альбионның көшелерімен немесе Елесей 
алаңында қыдыруға, Стокгольмнің керемет көріністерімен таң атыруға болады. Шынайы сезім тудыруға 
айналадағы адамдар, автомобильдер, сол жердің шуы көмектеседі [1]. 
Демек, жаңа заманғы технологиялар виртуалды туризмді нағыз туризмге максималды түрде жақында-
тады: бірнеше минут ішінде бірнеше қалалар мен елдерді көруге мүмкіндік туды. Әрине, қалай шындық-
қа жақындаса да, мұндай турлар кәдімгі саяхаттың орнын баса алмайды. Солай бола тұрса да, көптеген 
мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін, қаражаты төмен адамдар үшін саяхаттау мүмкіндігін алу және көпте-
ген туристік кәсіпорындар үшін дұрыс маркетинг жүргізу жолында тартырмас шешім болып табылады. 
Сондықтан виртуалды туризмді бөлек қарастыруға тұрарлық сала ретінде есептеген дұрыс болар [2]. 
Ең бастысы виртуалды тур тұтынушыға тауарды немесе қызметті ерекше қырынан көрсетуге арналған 
маркетингтік әсерлі құрал болып табылады. Ол өзінің тұтынушысына: 
сол жерде жүргендей әсер қалдырады; 
жарқын, есте каларлықтай мүсіндер; 
тауар немесе қызмет туралы барынша мол ақпарат алуға мүмкіндік береді [3]. 
Виртуалды туризмнің еліміздің туристік әлеуеті жоғары жерлерін көрсету мақсатында пайдаланудың 
тиімді екенін біле тұрса да, көптеген туристік кәсіпорындар жарнаманың бұл түрін пайдалана бермейді. 
Осы мәселені шешу жолы және бұл ұғымның жаңашылдығына деген қызығушылығына еліміз аса мән 
берсе екен! 
Виртуалды тур тұтынушыға тауарды немесе қызметті ерекше қырынан көрсетуге арналған маркетинг-
тік әсерлі құрал болып табылады. Ол көрерменде сол жерде жүргендей әсер қалдырады, дәлірек айтсақ, 
жарқын, есте каларлықтай мүсіндер, сонымен қатар, тауар немесе қызмет туралы барынша мол ақпарат 
алуға мүмкіндік береді. Әлем бойынша виртуалды тур туризмнің 35% алады екен. Заманның өзгеруі мен 
компьютерлік технологиялардың дамуы барысында виртуалды әлем дамып, күннен күнге дамуда [4]. 
121 

Абай атындагы Қаз¥ПУ-ніңХабаршысы, «Жаратылыстану-география гылымдары» сериясы, №2(48), 2016 ж. 
Елімізде виртуалды туризмнің даму мүмкіншіліктері жоғары болғанымен, оны пайдаланып жатқан 
кәсіпорындар саны ауыз толтырып айтуға келмейді. Бірақ та, Қазақстанда жалпы туристік индустрияны 
дамыту мақсаты көзделген. Әрі виртуалды туризм түсінігі дәл қазіргі кезде еліміз үшін таңсық дүние 
болғандықтан, алдағы уақыттарда оның даму сатысынан көрінері әбден мүмкін. Виртуалды туризм 
бойынша қосатыным, жоғарыда аталып өткен мәселелер үшін таптырмас тәсіл болып табылады. 
Виртуалды турды құрастыру 
Заманауи технологиялармен қамтамасыз ету және қолдану 
.  _ _ t . 
Жарнама ретінде 

Имиджті көтеру 
Сурет 1. Виртуалды туризмнің имиджін көтерудегі маркетингтік әсерлі құрал 
[Ескерту: автормен бірге құрастырылған] 
Жоғарыдағы 1- суретбойынша, виртуалды турларды құрастыру үшін міндетті түрде толықтай қажетті 
технологиялармен қамтамасыз етілуі тиіс. Жабдықталған технологиялармен арнайы виртуалды турлар, 
яғни өнім құрастырылады. Бұл тек қана қарапайым тұтынушыға арналған өнім. Ал екінші қырынан бұл 
маркетингтік әсерлі құрал. Бұл жарнама ретінде қолдану болып табылады. Себебі, бұл қарапайым өңдел-
ген фотосуреттерден, тіпті түсірілген видеолардан да жағымды әсер қалдырады. Олардан гөрі анағұрлым 
мол ақпарат алуға көмектеседі. Ал мұндай жағдайда үшінші сызба бойынша имиджті көтеру мәселесі 
туынтайды. Имиджті көтеру үшін маркетинг жүйесіндегі PR-ды, яғни жарнаманы қолданы. Имидж 
мәселесінде жарнама маңызды роль атқарады. Осы айтылғандар бойынша қарастырсақ, елімізде жалпы 
имиджті қалыптастыруда виртуалды тур құрастырудың керекті шара екендігіне көзіміз жетеді. Сонымен 
қоса, ол тек имидж қалыптастыруда ғана емес, жарнамалық іс-әрекет жүргізу тұрғысында қажетті тәсіл 
деп санауға болады. 
Елімізде ресурстар жеткілікті болғанымен олар жөнінде іс-шаралар баяу жүргізілуде. Міне, сол себепті 
де виртуалды туризмнің даму мүмкіншіліктері туралы сөз қозғамауға болар. Тіпті, виртуалды туризм 
қарқынды дамыған ірі шет елдердің өзінде де енді қолданылып келеді. Қазақстан нарығында виртуалды 
тур жасаумен айналушы компаниялар туралы дәл мәлімет алып анықтау мүмкін болмады. Оның басты 
себебі мұндай статистикалық мәліметтердің әлі де жүргізілмендігінен болса керек. Әрі енді ғана еліміздің 
нарығында жұмыс атқара бастағандықтан аса мән берілмей отыр. Жалпы виртуалды турлар, панорамалық 
фотосуреттер жасаушы компаниялар саны сайттар жасаумен айналысатын компаниялар санымен пара 
пар келеді. Себебі кез келген сайт жасаушы компания қосымша табыс көзі ретінде виртуалды турларды 
жасаумен айналысады. Бірақ та, туризмнің бұл таңсық түрін пайдалану және оның болашағы зор деп 
айтуға болады. Себебі, аталып өткендей қазіргі заманғы ақпараттық технологияларға сүйеніп жасалына-
тын виртуалды турлар өте тез қарқынмен дамуда. 
Қазіргі уақытта әлемдік нарық алаңында көшбасшы ролін атқару үшін жаңа тауар өндіріп қана қою 
жеткіліксіз. Бәсекелестіктің жоғарғы дәрежеде дамыған заманында өнім мен қызмет түрлерін жасауда 
сапаның жоғарылығымен қатар, ол өнімді нарықта дұрыс жылжыта білу керек. Қазақстан Республикасы-
ның таптырмас туристік ресурстарына қарамастан, еліміздегі туризм дамуы жоғары дәрежеде деп ауыз 
толтырып айта алмайтынымыз бәрімізге аян. Оның негізгі себептерінің бірі болып дұрыс таңдалынбай-
тын және дұрыс жүргізілмейтін маркетинг болып табылады [5]. 
Еліміздің туризмін дүниежүзінің туристік қызмет көрсету нарығына наихаттау жөнінде стратегия 
жасалғанда, ең әуелі осы мәселеге баса назар аударуымыз керек. Қазір өзіңізге белгілі, коммерциялық 
фирмалардың шетел тұтынушыларына жарнама жасау мүмкіндігі аз. Осыған орай, Туризм және спорт 
министрлігі тарапынан елімізге ең көп туристер келетін Батыс елдеріне насихаттау мақсатында жұмыс 
істеп жатыр. Мәселен, қазір Қазақстан жөнінде BBC, CNN, Euro News телеарналарында бейнероликтер 
көрсетілуде. Онда еліміздің туристік мүмкіндіктері насихатталуда. Сонымен қоса виртуалды турлардың 
пайда болуы және арнайы сайттарда құрастырылып орналастырылуы жарнаманың ролін атқарады деп 
ойлаймын. Себебі, жарнаманың психологиялық әсер ету тиімділігі әлуетті тұтынушылардың назарын 
122 

Вестник КазНПУ имени Абая, серия «Естественно-географические науки», №2(48), 2016 г. 
123 
тарту деңгейімен және жарнамалық жариялауды тындаушылар қаншалықты еске сақтау деңгейімен 
анықталады. Бұны тұтынушылар қимылдарының өзгерістерінің шамалап білуге болады. Ал оны нақты 
есептеу шығару қиындау. Маркетингтік әрекетте жарнаманы қолдана отырып жарнаманы тұтынушыға 
әсер ететін өте күшті құрал екенін ұмытпаған жөн [6]. 
Тағы бір айта кететін жайт елдің туристік беделін қалыптастыруда республика аймақтарында және 
шет елдерде туристік ақпараттық орталықтарды ұйымдастыру да маңызды рөл атқарады. Туристік 
ұйымдар мен Қазақстан Республикасының шетелдердегі дипломатиялық өкілдіктерінің өзара бірлескен 
іс-қимыл жасау тәжірибесін пайдалануға лайықты назар аудару керек. Елдің туристік әлеуетін жарнама-
лауда ұлттық авиатасымалдаушы мен басқа да көлік кәсіпорындары пәрменді көмек көрсете алады. 
Шетелде Қазақстан туралы сапасы жоғары полиграфиялық және аудио-бейне жарнама материалдарын 
шығару және белсенді түрде тарату қажет. Қазақстанға туристерді тартуға өлкетану жарияланымдары, 
жарнама-баспа қызмет, оның ішінде туристік фирмалар мен қонақ үйлердің жарнама-баспа қызметі өз 
ықпалын тигізеді. Жаңа ақпараттық технологияларды пайдалануға, оның ішінде Интернет жүйесінде 
Қазақстанның туристік фирмаларының WEB-сайттарын құруға айрықша мән беру қажет. Бұл шаралар өз 
алдына орындалып жатыр. Мысалы, Ұлыбритания мемлекетіне ұсынған сайтта Қазақстан Республикасы 
туралы жан-жақты мәліметтер алуға болады. Бірақта, бұл сайтқа еліміздің кереметтей көрікті жерлерінің 
сурет, видеоларымен қоса, сондай жерлер туралы, мысалы, Көлсай көлі, Бурабай табиғаты, әртүрлі 
тарихи-мәдени ескерткіштер туралы виртуалды тур жасап сайтқа қойса, бұл еліміздің қандай әсем 
екендігін және сонымен қатар, беделіне де әсер етеді деп ойлаймыз [7]. 
Виртуалды туризмнің Қазақстандағы жағдайы аса мәз емес, бірақ қуантатын жайттар да бар. Оған 
бүкіл Қазақстанның көрікті орындарының виртуалды турын қамтитын мемлекеттік «Wanaway» 
жобасының пайда болуын жатқызуға болады. Сонымен қатар, автормен еліміздің виртуалды туристік 
әлеуетін жоғарлату мақсатынды терминал түріндегі жаңа жоба ұсынылды. 
Елімізде виртуалды туризмнің даму мүмкіншіліктері жоғары болғанымен, оны пайдаланып жатқан кә-
сіпорындар саны ауыз толтырып айтуға келмейді. Виртуалды туризмнен нағыз табыс көзін жасаудың жә-
не елімізге келуші қонақтар үшін виртуалды гид ролін атқару мақсатында жоба ұсынылған. Бұл идеяны 
былай қарастырған: еліміздің ірі қалаларында әуежай, вокзалдарда виртуалды қызмет көрсетуші терми-
налды орналастыру. Ол терминалдардың мүмкіншіліктері өте жоғарғы дәрежеде болмақшы: кез келген 
қалаған адам сол терминалға барып, қажетті орындар төңірегінде өзіне қажет ақпарат ала алады. Ол үшін 
терминал дисплейінде қалалар аты тұрады. Барлық ақпарат үш тілде: қазақ, орыс және ағылшын тілдерін-
де болады. Қонақтап келген қаласын таңдап, турист экранда сол қаланың виртуалды картасын көреді [8]. 
Туризм тек қана экономикалық емес, сонымен бірген әлеуметтік- мәдени маңызға ие. Себебі ол елдер 
арасындағы мемлекетаралық байланыстардың және мәдени айырбастаудың дамуына ықпалын тигізеді, 
аймақаралық байланыс көлемін арттырады, халықтың танымдық деңгейін көрсетеді. 
Туризмнің кез келген түрлерінде ұйымдастырылған виртуалды тур, оны көрушілер үшін танымдық 
болып табылады. Ең алғашқы үңгір бойынша виртуалды тур жасалған. Бұл Шульган таш үңгірі. Шульган 
таш
 - 1958 жылы құрылған Башқұртстандағы мемлекеттік қорық болып табылады. Бұл мәдени-тарихи 
объект болып саналады. Мұнда көптеген мифтер мен аңыздарды еске түсіреді. Қорықта ерекше үңгір бар. 
Үңгірге кіру ұзақтығы 2,9 километрді құрайды. Үңгір 3 қабаттан тұрады. Ішкі үңгірде жерасты өзені 
ағады. 1959 жылы қорық зоологы А.В. Рюмин үңгірді ашқан. Сол кезде палеолит заманына жататын 
ерекше суреттер табылған. Кейіннен 2012 жылдың ақпан айында бұл жердің табиғилығын сақтау мақса-
тында және мұндағы ауа-райының өзгерістеріне байланысты үңгірге саяхаттаушылардың еркін кіруіне 
тыйым салынып, жабылады. Бірақ та, қызығушылардың саны ұлғайған. Сол үшін үкіметтің талабы 
бойынша үңгірге панорамалық виртуалды тур жасалады. Виртуалды тур жасау барысында барлық түкпір-
түкпіріне дейін қалмай түсіріледі. Және бұл қорық мұражайына қойылған. Аталып өткендей елімізде 
виртуалды турлар құрастырудың көптеген мүмкіншіліктері бар. Өйткені еліміз туристік ресурстарға, 
яғнитабиғи, тарихи, мәдени ескерткіштерге бай
 [9]. 
Кез келген туристік кәсіпорын өз веб-сайтында клиенттерді барынша ұзақ ұстап және басқа жер 
іздемейтіндей етіп қалдырғысы келетіні сөзсіз. Ал ондай мүмкіндікті виртуалы турлар туғыза алады. 
Виртуалды турлар тәулік бойы сіздің кәсіпорныңыз бойынша ашық есіктер күнін жасайды, бұл 
клиенттердің сіздің веб-сайтыңызға толық сенімділігін әкеледі және интернеттен шыққан соң да өз әсерін 
клиентке қалдырады. 
Қорытынды 
Бүгінгі күні әлемдік туризмде «виртуалды туризм» атты жаңа бағыт пайда болды. Оның мүмкіндіктері 
таң қаларлық және ақпаратты әлемнің кез келген нүктесіне жеткізуде таптырмас қазына. Виртуалды 

Абай атындагы Қаз¥ПУ-ніңХабаршысы, «Жаратылыстану-география гылымдары» сериясы, №2(48), 2016 ж. 
124 
туризм қоғам дамуына байланысты жаңа технологиялардың, мультимедиялық жүйелердің пайда болуы-
мен байланысты шыққан туризмнің түрі. Туризм дамуын мақсат тұтқан елімізде дамымай отырған туризм 
түрі жетерлік. Виртуалды туризм ең жаңа инновациялық жарнамалық технология болып саналады. 
Мұндай турлар арқылы кез келген туристік кәсіпорын өз қызметі туралы тұтынушыға дұрыс ақпарат 
беріп, өз қызметтеріне сенімділігін арттыра алады. Солай бола тұрса да, отандық туристік мекемелер 
маркетингтік құралдың бұл түрін қиын жол деп санап, қолдана бермейді. 
Сонымен, виртуалды турлардың туристік агенттер немесе туристік фирмалар үшін ең бастысы -
жарнамалық әрекет болып табылады. Туристік фирмалар елге келуші немесе кетушілер үшін алғашқы 
ұйымдастырушылық қызметті көрсетушілер. Қазіргі таңда байқап отырғанымыздай тұтынушылардың 
көпшілігі туристік фирмаларды интернет арқылы таңдайды. Ал виртуалды турлар тұтынушылар үшін 
компания офисін компьютер алдынан алшақтамай-ақ толығымен қарап көруге мүмкіндік береді. Фирма 
сайтында орналастырылған виртуалды тур арқылы клиенттің туристік фирмаға деген сенімділігі мен 
көңіл аудару жиілігін шақырады [10]. 
Қазақстан туризміне виртуалды турдың әсеріне жүргізілген зерттеулерге байланысты төмендегідей 
нәтижелер шығаруға болады: 
- ақпараттық туристік орталық құру; 
- елімізге туристерді жеткізуші елдерде еліміздің көрікті жерлерінің виртуалды туризмі көрсетілген 
ақпараттық портал құру; 
- виртуалды туризмді туризм маркетингісінде тұрақты қолдану; 
- виртуалды гид ролін атқарушы терминалдарды енгізу; 
- мемлекеттік дәрежедегі жаңа жобалар жасау; 
- виртуалды тур өндіруші компаниялардың санын өсіру, олардың сәтті жұмысы үшін мемлекет 
тарапынан жағдай жасау. 
Жалпы «виртуалды туризм» ұғымы халық санасындағы жаңа түсінік. Сондықтан болар еліміздегі 
қазіргі жағдайы аса мәз емес. Бірақ еліміздің туристік нарығы бір орында тұрған жоқ. Сондықтан кішкен-
тай қадамдармен үлкен жеңістікке жететінімізге кәміл сенемін. 
1 Виртуалды тур және 3D панорама құрусайты Режим доступа www.google.kz/search?q=Nodal+Ninja+EZ+ 
Leveler&source 
2 Википедия свободная энциклопедия Режим доступа http://ru. wikipedia.org/wiki/ 
3 RISMedia's Real Estate MagazineРежимдоступаhttp://remag.rismedia.com/i/181245/40 
4 «AirPano» сфералық панорамаларды жасауга арналган коммерциялық емес жоба сайты//www.airpano.ru 
5 Виртуальный тур по официальному дилерскому центру Режим доступа http://vidi-terminal.com/news/vidi-
group/24943/ 
6 Timothy K., Shih,Paul P., Wang. Intelligent Virtual World: Technologies and Applications. - Singapore: World 
scientific publishing, 2004. 
7 Виртуальный туры и 3D понарама Режим доступа http://studio360. kz/glavnaya/ 
8 http://www.pewinternet. org/2006/11/27/virtual-tours/ 
9 Компьютерлік техникага арналган «Your Sputnik» сайты//www.yoursputnik.ru/page/14 
10 «Visitkazakhstan» Қазақстанның туристікресми порталы сайты//www.visitkazakhstan.kz 
Резюме 
Болатбекқызы А. - магистрантка 1 курс по специальности6МО90200 Ту^лти 
Алшымбеков С.К. - п.н.к. старший КазНПУ имени Абая 
Рассмотреть важность виртуальных туров в работе тур фирмы и влияние на туризм Казахстана 
В этой статье всесторонне рассмотрены интересным для общества, с высокими доходами и одним из наиболее 
быстро растущих сегментов международной торговли услугими и не знающих о крушении в мировой эконимике, 
один из отрослей туризма - виртуального туризма. Показаны эффекты виртуального туризма на человевеский 
фактор. Содержится руководство для потребительских туристов как пользоваться с информационным средством с 
маркетинговой стороны. Изучены влияние информационный технологий на развитие имиджа туризма любой 
страны. Предусматривается цель рекламы для развития туристической индустрий в Казахстане. Еще показаны 
данные, в соответствии с государственой программой по развитию туризма в Республике Казахстан на 2010-2015 
годы исследований компаний «IPK International)) за рубежом на высококачественной печати и аудио-видео реклам¬ 
ных материалов, которые должны быть активно распределены. Показаны результаты исследований влияние вирту¬ 
ального тура на туризм Казахстана. 
Ключевые слова:виртуальный тур, виртуальный туризм, человеческий фактор, средства массовой информации, 
образ туризма, маркетинга туризма, туристическая индустрия, панорамные фотографии, государственный проект 
«Wanaway», туристические ресурсы 

Вестник КазНПУ имени Абая, серия «Естественно-географические науки», №2(48), 2016 г. 
125 
Summary 
А ^ ^ ^ К ^ ^ У
 - 1
th
 course master specialty ofTourism 
S.K.Alshymbekov - candidate of Pedagogical Sciences senior lecturer Department of Regional Geography and Tourism 
KazaNPU named after Abai 
Consider the importance of virtual tours in the tour company and the impact on tourism in Kazakhstan 
This article comprehensively considered interesting for the society with high incomes and one of the fastest growing 
segments of the international trade in services and do not know about the crash in the global economy within one of tourism 
had grown - the virtual tourism. Showing the effects of tourism on the virtual chelovevesky factor. It provides guidance for the 
consumer as the tourists with information to use means from the marketing side. We studied the impact of information 
technology on the development of the image of tourism in any country. It is envisaged the purpose of advertising for the 
development of tourism industry in Kazakhstan.Another shows the data , in accordance with the state program on 
development of tourism in the Republic of Kazakhstan for 2010-2015 research company "IPK International" abroad for high-
quality print and audio-visual promotional materials , which should be actively distributed. The results of the impact studies of 
the virtual tour on tourism in Kazakhstan. 
Keywords: virtual tour, virtual tourism , the human factor, the media, the image of tourism, tourism marketing, tourism 
industry, panoramic photos, a state project "Wanaway", tourist resources. 

Абай атындагы Қаз¥ПУ-ніңХабаршысы, «Жаратылыстану-география гылымдары» сериясы, №2(48), 2016 ж. 
126 
ҰСЫНЫСТАР ҮШІН 
ДЛЯ ЗАМЕТОК 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   21




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет