Резюме
Сахитжанова З. – кандидат филологических науык.,
Сәрсенбаева А. – Казахский турецкий университет имени Қожа Ахметa Яссауи, магистрант
Исследование эпоса «Короглу»
Существуют общие сходства среди вариантов эпоса «Короглу», которые известны в тюркоязычных странах. Но
несмотря на эти общие качества, можно заметить и индивидуальность, связанная с фольклором каждого народа.
Поэтому эпос можно считать эпическим наследством каждого из них. В эпосе описываются события, отвечающие
требованиям того общества, в которых они воспевались разнообразными национальными оттенками. Своим
появлением, развитием, идейностью, эстетическим качеством, художественностью и множеством вариантов эпос
Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Кӛптілді білім беру және шетел тілдері филологиясы» сериясы, №1(13), 2016 ж.
118
привлекает внимания многих исследователей. В связи распространѐнностью сюжета эпоса насчитывается множество
научных исследований.
Международные варианты эпоса «Короглу» исследуется учѐными разных стран.
Вариант эпоса, записанный польским востоковедом А.Ходзько в первой половине XIX века, был опубликован в
1842 году на английском языке, а текст на русском языке - в 1856 году. Эти изданные впервые были внесены в
научные круги.
Известный учѐный И.Н. Берѐзин записав стих о Короглу в середине XIX века, внѐс его в свою изданную
хрестоматию. Один вариант эпоса на турецком языке был внесѐн в многотомные произведения, опубликованные
академиком В.В. Радловым. В том числе он опубликовал и вариант эпоса сибирских татаров. Ещѐ одна легенда
татаров Сибири встречается в творчестве А.Володина. Н.Марр записал и опубликовал эпизод эпоса, в котором Хамза
крадѐт у Короглу его скакуна Гирата.
Ключевые слова: Короглу, тюркоязычные народы, фольклор, эпос, сюжет эпоса, казахская наука
фольклорологии.
Summary
Sakhydzhanova Z. –
candidate of Philological Sciences,
Sarsenbaeva A. – а master at Yassawi Kazakh-Turkish International University, Turkistan
Exploration of epos «Koroglu»
There are general similarities among the options the epic "Koroglu", which are known in the Turkish-speaking countries.
But despite these common qualities and peculiarities can be seen associated with the folklore of every nation. Therefore, we
can assume epic as the legacy of each of them. The epic describes the events that meet the requirements of the society in
which they are sung by a variety of national colors. Its appearance, development, ideological and aesthetic quality, art and lots
of versions, epic attracted the attention of many researchers. Due to prevalence of the epic story there are a lot of research
works.
International versions of the epic "Koroglu" is studied by scientists from different countries.
Epic version written by Polish orientalist A.Hodzko in the first half of the XIX century, was published in 1842 in English,
but the text in Russian - in 1856. These publications were introduced in the scientific community.
Well-known scientist I.N.Berezin writing a poem about Koroglu in the middle of the XIX century, has made it into a
published anthology. One version of the epic in the Turkish language was introduced in multivolume works published by
Academician V.V. Radlov. He also published the epic version of the Siberian Tatars. Another legend of the Tatars of Siberia
is found in the works of A. Volodin. N. Marr wrote and published an episode of the epic, in which Hamza steals Koroglu‘s
horse Girat.
Key words: Koroglu, Turkic-speaking people, folklore, epic, epic story, the Kazakh folklore science
Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Кӛптілді білім беру және шетел тілдері филологиясы» сериясы, №1(13), 2016 ж.
119
ЛИНГВOМӘДЕНИЕТТАНУ
ЛИНГВOКУЛЬТУРОЛОГИЯ
CULTURAL LINGUISTICS
УДК 811.111.811.512.122’37
АҒЫЛШЫН ЖӘНЕ ҚАЗАҚ ТІЛДЕРІНДЕГІ ФРАЗЕОЛОГИЗМДЕРДІҢ
КЕЙБІР ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Аязбаева Н. – Қожа Ахмет Ясауи атындағы
Халықаралық қазақ - түрік университетінің магистранты
Тілдің тарихи даму процесінде бірқатар сӛздер белгілі морфологиялық тұлғада бірте-бірте қалыптасып, белгілі
бір мағынада қолданылатын тұрақты сӛз тіркестеріне айналады. Қабырғаңмен кеңес, жігері құм болды, қой аузынан
шӛп алмайтын, деген сӛз тіркестері ойла, ойлағаны болмады, момын деген ұғымдарда қолданылып тұр. Бұл тіркес-
тегі сӛздердің жеке мағыналары мен тіркес күйіндегі беретін мағыналары бір-біріне сәйкеспейді және бұл тіркестегі
сӛздерді синтаксистік apa қатынастарын ажыратып талдауға келмейді. Біртұтас тілдік тіркес ретінде, бір ұғым
түрінде қолданылып тұр. Бұл сияқты сӛз тіркестерінің қалай жасалып, қалай бір ұғым ретінде қалыптасқандығын
дәлелдеу қиын.
Сонымен, бір ұғымда қолданылатын, сӛйлем мүшелеріне ажыратуға келмейтін, грамматикалық мағыналарын
ӛзгертіп, тіркестегі орындарын алмастыруға болмайтын тарихи қалыптасқан тұрақты сӛз тіркестерін фpазeология
дейді.
Фразеологизмдерді түр-түрге бӛліп топтастыру тіл біліміндегі ең күрделі де қиын мәселелердің бірінен саналады.
Зерттеушілердің бір тобы тұрақты тіркестердің біртұтас мағынасы мен солардың құрамындағы сыңарлардың ара
қатынасына қарай жіктеп бӛлсе, екіншілері құрылым-құрылысы жағынан, үшіншілері атқаратын қызметі мен
стильдік мәні жағынан топтастырады.
Тҥйін сӛздер: фразеолгия, тілдік тіркес, тұрақты сӛз тіркес,ұғым, тұлға тұрақтылығы, мағына тұтастығы,
қолдану тиянақтылығы
Фразеология деген грамматикалық термин гректің фразис (сӛйлемше), логос (ілім) - деген сӛздерінен
біріктіру арқылы жасалған. Тіл ғылымындағы қазіргі мағынасы тұрақты сӛз тіркестері деген ұғымды
береді. Сондықтан фразеология деудің орнына кейде грамматикада тұрақты сӛз тіркестері деп те
қолданылады. Тілдегі жеке сӛздер грамматиканың қарамағына еніп, белгілі морфологиялық тұлғаларды
қабылдап, ӛзара бір-бірімен тиісті грамматикалық байланысқа түсіп, сӛз тіркестерін құрайды. Сӛйлемдегі
сӛздер, ең алдымен, ӛзара байланысқан бірнеше тіркестерден тұрады.
Фразеология саласын тіл білімінің жеке саласы ретінде қалыптастыруда, оның нысандарын, тілдегі
орны мен табиғатын зерттеу әдістерін анықтауда, маңызды теориялық тұжырымдар жасауда кӛптеген
отандық және шетелдік ғалым-фразеологтардың еңбектері ерекше орын алады. Н.И. Амосова,
А.В. Кунин, И.И. Чернышева, В.Флейшер (W.Fleischer), М.М. Копыленко, І.Кеңесбаев, А.Т. Қайдар,
А.Д. Райхштейн, С.Е. Исабеков, С.К. Сатенова, З.Қ. Ахметжанова, Д.Добровольский, М.Сабитова,
К.К. Дүйсекова т.б. атақты ғалымдардың жалпы және салғастырмалы фразеология мәселелеріне арнап
жазған құнды-құнды еңбектері жарық кӛрді.
Фразеологизмге тән үш түрлі ортақ белгі болғанымен, бұлар бір-бірімен әрдайым ашық ажыратыла
бермейді. Бұл белгілер, әсіресе мағына тұтастығы, біреуінен ап-айқын кӛрінсе, екіншісінен кӛмескі,
үшіншісінен ӛте солғындау болып кездеседі.
Сондықтан фразеологизмдерді түр-түрге бӛліп топтастыру тіл біліміндегі ең күрделі де қиын
мәселелердің бірінен саналады.
Зерттеушілердің бір тобы тұрақты тіркестердің біртұтас мағынасы мен солардың құрамындағы сыңар-
лардың ара қатынасына қарай жіктеп бӛлсе, екіншілері құрылым-құрылысы жағынан, үшіншілері
атқаратын қызметі мен стильдік мәні жағынан топтастырады.
Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Кӛптілді білім беру және шетел тілдері филологиясы» сериясы, №1(13), 2016 ж.
120
Сонымен, қазақ тілі фразеологизмдеріне терең, әрі жан-жақты сипаттама жасаған және болашақ
зерттеулерге бағыт-бағдар берген І.Кеңесбаев фразеологизмдердің үш басты белгісіне (тұлға тұрақты-
лығы, мағына тұтастығы, қолдану тиянақтылығы) сүйене отырып ең негізгі үлкен екі топқа бӛледі:
фразеологиялық тұтастық; фразеологиялық тіркес. Бұл еңбектерде фразеологизмдердің негізі белгілері
анықталып, оларды семантикалық және грамматикалық тұрғыдан талдап топтастыру қаралады [1].
К.Аханов қазақ тілі фразеологизмдерін В.В. Виноградов классификациясына сүйене отырып, семантика-
лық тұрғыдан: фразеологиялық тұтастық; фразеологиялық бірлік; фразеологиялық тізбек; фразеология-
лық сӛйлемше деп топтастырады [2].
Кӛптеген фразеологизмдердiң құрамындағы зат есiмдер жекеше не кӛпше түрде қолданылады.
Мысалы: keep one‘s head above water / ауыртпалықпен күресу; set one‘s cap at smb. /артынан қалмау —
keep their heads above water; they were all setting their caps at me. Бұл мысалдардан фразеологизмдердiң
құрамындағы зат есiмнiң жекеше және кӛпше түрде де қолданылатынын кӛремiз. Зат есiмнiң кӛпше түрде
қолданылуы iс-әрекеттi кiм орындағанына ғана байланысты емес, сонымен қатар фразеологизмнiң кiмге
қатыстылығына байланысты болып келедi. Мысалы: to pull his leg – have been pulling our legs Кейбiр
фразеологизмдегi iс-әрекеттiң бiрнеше адамның орындауына қарамастан, фразеологизмдер жекеше және
кӛпше түрде де қолданысқа түседi. Мысалы: cut off one‘s nose to spite one‘s face / қолын кесу —cutting off
their noses to spite their faces- cut off their nose to spite their face. Сонда да, кӛптеген фразеологизмдердің
құрамындағы компоненттер нолдiк парадигмада, яғни тек қатаң сақталған ӛзгертуге келмейтiн сӛздiк
формада тұрады немесе толық емес парадигмада қолданылады да, басқа шақтық формаларда қолданысқа
түспейдi.
Сонымен қатар ағылшын тiлiндегi фразеологизмдердiң болымды, болымсыз және сұраулы түрде
қолданылуы әрдайым емес, шектеулi болады. Фразеологизмдердiң құрамындағы етiстiк альтернант
есiмдiктермен (one, one‘s, oneself, smb, smb‘s, smth.) қолданылады. Альтернанттардың орнына баска
есiмдiктер, зат есiм немесе басқадай фразалар қолданылуы мүмкiн. Мысалы: Оne есiмдiгi — ӛздiк
есiмдiгiмен, one‘s — тәуелдiк есiмдiгiмен, oneself — тәуелдiк есiмдiгiмен, smb‘s — ӛздiк есiмдiгiмен не
зат есiммен, one‘s — тәуелдiк есiмдiгiмен немесе iлiк септiгiнде тұрған зат есiммен, smth.— зат есiммен
алмастырылады.
Белгiлi бiр ұғымды бiр сӛзбен де, екi немесе одан да кӛп сӛздердiң жымдасып келiп, жанама мағынада
айтылуы арқылы да бiлдiруге болады. Ал, фразеологизмдер ағылшын және қазақ тiлдерiнде де жеке
сӛздiң қызметiн атқарады. Қос тiлдегi фразеологизмдерге ортақ қасиет, олардың құрамындағы сӛздердiң
дараланбай, мағынасының тұтастығы мен бiрлiгiне бағынышты әрі тәуелді болып, бiр сӛздiң орнында
жүруi. Ағылшын және қазақ тiлдерiндегi фразеологизмдер белгiлi бiр сӛз табына бағынышты болып
келiп, мағына жағынан бiр ұғымды бiлдiредi де, бiр сӛздiң орнына жүредi, ал сӛйлем iшiнде бiр ғана
сӛйлем мүшесiнiң қызметiн атқарады [3].
Ағылшын және қазақ тiлдерiндегi фразеологизмдер құрамындағы басқа сӛз таптарымен тiркесе
отырып, олармен морфологиялық және синтаксистiк байланыстарға түсiп, белгiлi қалыптар (модельдер)
құрайды.
Қос тiлдердегi фразеологизмдердiң құрылымдық жағынан бiр-бiрiне сәйкес келмеушiлiгi, ағылшын
және қазақ тiлдерiндегi фразеологизмдердiң құрамындағы сыңарларының орын тәртiбiнiң бiрдей болып
келмеуiмен, яғни қос тiлдердiң туыс емес тiлдер екендiгiмен сипатталады.
Фразеологиялық ерекшеліктерді анықтау күрделi де, сатылы процесс болып есептеледi. Ағылшын
және қазақ тiлiндегi фразеологизмдердiң қалыптасуы қос халықтың ұлттық-мәдени ерекшелiктерi,
тұрмыс салт, дiни наным-сенiмдерге байланысты пайда болып, әр халықтың рухани байлығына айналған
және рухани ӛмiрiн суреттейдi. Ағылшын және қазақ тiлдерiндегi фразеологизмдердiң қалыптасуын
салыстыра қарастырып, осы деректердi жан-жақты сипаттау екi тiлдiң фразеологиялық қорының даму
белгiлерiн ажыратуға мүмкiндiк бердi. Ағылшын және қазақ тiлдерiндегi фразеологизмдердiң салғастыр-
малы құрылымдық анализi қос тiлдiң типологиялық ерекшелiктерiн, грамматикалық жүйедегi ұқсастық-
тары мен айырмашылықтарын анықтайды [4].
Сонымен, тілдің фразеология саласы - ӛте күрделі құбылыс. Сондықтан ол әр аспектіде, әр қырынан
зерттеуді қажет етеді. Тілдік бірлік ретінде фразеологизмдердің семантикалық құрылымы, лексикалық
құрамы, лексика-грамматикалық ерекшеліктері, қолданылу тұрғысынан экспрессиялық-стилистикалық
реңктері, диахрония тұрғысынан шығу тегі, жасалу жолдары т.б. мәселелер ӛз алдына жеке-жеке зерттеу
объектілері болатындығы даусыз.
Қорыта айтқанда, фразеологизмдердің ерекшеліктері дегеніміз - үнемі мағыналық тұтастықта,
тіркестік тиянақтылықта болып келетін, адамның кӛңіл-күй, ішкі сезім дүниесінің терең қатпарларына
Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Кӛптілді білім беру және шетел тілдері филологиясы» сериясы, №1(13), 2016 ж.
121
қозғау сала аларлықтай әсерлі, этнос бітімін, ұлт болмысын «образдар галлереясы» іспетті бейнелейтін,
сӛзбен ӛрілетін ойды әуезділікпен әдіптей кӛмкеріп, оған аса бір кӛркемдік, нақтылық, ықшамдылық
дарытатын тұрақты тіркестерінің тӛлтума қасиеттері деген сӛз.
Қос тiлдердегi фразеологизмдердiң құрылымдық жағынан бiр-бiрiне сәйкес келмеушiлiгi, ағылшын
және қазақ тiлдерiндегi фразеологизмдердiң құрамындағы сыңарларының орын тәртiбiнiң бiрдей болып
келмеуiмен, яғни қос тiлдердiң туыс емес тiлдер екендiгiмен сипатталады.
Сонымен, фразеологизмдер - біздің ата-бабаларымыздың ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып, бүгінгі осынау
ӛмірге де ӛз дәрежесін сақтап жеткен тіл- ӛнеріміздегі аса баға жетпес қазынамыз. Ол болашақ ӛмірде де,
биік деңгейін жоғалтпас деп білеміз. Әлемдегі әр түрлі тілдер тіршіліктің әрқилы саласын қамтитын әр
ұлттың ӛзіне ғана тән бейнелік, әсерлілік, экспрессивті-эмоциялық суреттеме қасиетімен кӛзге түсетін
фразеологизмдерге бай.
Ағылшын және қазақ тілдеріндегі фразеологизмдер әр халықтың ерекшелігіне байланысты ӛсіп ӛрбіп,
сол халықтың дүниетанымын, ой парасатын, ұлттық сезімін суреттейді.
1 Кеңесбаев І.К. Қазақ тілінің фразеологиялық сӛздігі. – Алматы: Ғылым, 1977.
2 Виноградов В.В. Об основных типах фразеологических единиц в русском языке. – М., 1972.
3 Исина Г.И. Фразеологические сравнения в современном английском языке. – А., 2000. – 124б.
4 Зеленецкий А.Л., Монахов П.Ф. Сравнительная типология немецкого и русского языков. – М.: Просвещение,
1983. – 240 б.
Резюме
Аязбаева Н – Казахский турецкий университет имени Қожа Ахметa Яссауи, магистрант
Некоторые особенности фразеологических единиц в английском и казахском языках
В процессе исторического развития языка некоторые слова в определенном морфологическом смысле становятся
словосочетаниями. Қабырғаңмен кеңес, жігері құм болды, қой аузынан шӛп алмайтын, деген сӛз тіркестері ойла,
ойлағаны болмады, момын. Значения слов в этих словосочетаниях не совпадают друг с другом а также нельзя
различать и анализировать эти слова в синтаксическом значении. Используется как единая языковая фраза, и как
одно понятие. Сложно объяснить как эти словосочетания образовались, и как связались в одно понятие.
Итак, исторически сложившиеся словосочетания, которые не делятся на члены предложения, в которых нельзя
менять грамматическое значение и нельзя менять слова в словосочетании называются фразеологией.
Одна из самых сложных проблем в языкознании – это деление фразеологизмов в группы.
Группа исследователей делит фразеологизмы в зависимости от значения и отношении между парами устоичивых
словосочетании, а другая группа делит их в зависимости от структур, а третья группа в зависимости от функции и
значении стиля.
Ключевые слова: фразеология, языковая фраза, устойчивое словосочетание, понятие, личностная устойчивость,
целостность значения, адекватность применения.
Summary
Ayazbayeva N. – а master at Yassawi Kazakh-Turkish International University, Turkistan
Some peculiarities of phraseological units in the English and Kazakh languages
In the process of historical development of the language some words in a certain morphological meaning become
combination of words. Қабырғаңмен кеңес, жігері құм болды, қой аузынан шӛп алмайтын, деген сӛз тіркестері ойла,
ойлағаны болмады, момын. The meanings of the words in these word combinations do not match with each other and also it
is impossible to distinguish and analyze these words in the syntactic value. It is used as a phrase and as a concept. It is difficult
to explain how these phrases are formed, and as associated in one concept.
So, historically established phrases that are not divided into the parts of a sentence in which you cannot change
grammatical meaning and not to change the words in the phrase are calledphraseology.
One of the most difficult problems in linguistics is the division of idioms into groups.
A group of researchers divides phraseological units depending on the value and relation between pairs of steady phrase,
and another group divides them depending on the structures, and the third group depending on the function and importance of
style.
Key words: phraseology, phrase, idioms, concept, personal stability, integrity, values, adequacy of application.
Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Кӛптілді білім беру және шетел тілдері филологиясы» сериясы, №1(13), 2016 ж.
122
ДИСКУРС ЖӘНЕ ОНЫҢ ТИПОЛОГИЯСЫ
ДИСКУРС И ЕГО ТИПОЛОГИЯ
DISCOURSE AND ITS TYPOLOGY
ӘОЖ: 378.091.12
«ҚҦЗЫРЛЫҚ» ҦҒЫМЫНЫҢ БІЛІМ ЖҤЙЕСІНДЕГІ АЛАТЫН ОРНЫ МЕН РӚЛІ
Мухитова Г.М. – Абай атындағы ҚазҰПУ 6М011900 - Шет тілі: екі шет тілі
мамандығының 2 курс магистранты, 7_89_7@bk.ru
Ғылыми жетекшісі: Баданбекқызы З.Б. – ф.ғ.к., Абай атындағы ҚазҰПУ доценті,
zaure.badanbekkyzy.51@mail.ru
Бұл мақалада дүниежүзілік білім кеңістігіне толығымен кіру және білім беру жүйесін халықаралық деңгейге
кӛтеру мақсатында бәсекеге қабілетті, кәсіби тұрғыдан жан-жақты, ӛзін-ӛзі дамытуға және ӛз бетінше дұрыс шешім
қабылдауға қабілетті тұлғасын қалыптастыру үшін білім жүйесіндегі қазіргі заманғы жоғары білімнің мақсаты мен
басты стратегиялық бағдары айтылған, онда білімге бағытталған мазмұнды құзыреттілік, яғни нәтижеге бағдар-
ланған білім мазмұнына алмастыру қажеттілігі кӛрсетілген.
Тҥйін сӛздер: бәсекелестік, әлеуметтік құзырлық, кәсіби дағды, құзырлық, құзыр, жүйелілік-практикалық,
дәстүрлі оқыту әдістемесі, интегративті қасиеттер, парадигма, тәжірибелік қайта құрушылық, танымдық, құндылық-
бағдарлық.
Н.Ә. Назарбаев Қазақстан халқына Жолдауында: «Әлемдік білім кеңістігіне толығымен кірігу білім
беру жүйесін халықаралық деңгейге кӛтеруді талап ететіні сӛзсіз. Ұлттық бәсекелестік қабілеті бірінші
кезекте оның білімділік деңгейімен анықталады» деген еді. Осы мақсатта болашақ мамандардың сапалы
білім алып, әлемдік білім кеңістігіне ӛз деңгейінде кірігіп кетуі үшін әлеуметтік ойлау мен әлеуметтік
құзырлықтың, әлеуметтік интелектінің, қарым-қатынас мәдениетінің жоғары болуын ӛмірдің ӛзі талап
етуде.
Соның дәлелі ретінде Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырым-
дамасында құзыретті орта білім берудің мақсаты ретінде «...терең білім мен кәсіби дағдылар негізінде
еркін бағдарлай білуге, ӛзін-ӛзі іске асыруға, ӛзін-ӛзі дамытуға және ӛз бетінше дұрыс, адамгершілік
тұрғысынан шешім қабылдауға қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру» деп кӛрсетілген. [1]
«Құзырлық» сӛзі «құзыр» сӛзінен алынған туынды сӛз екендігіне баса назар аударамыз. Бұл туралы
қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сӛздігінде: «құзыр (компетенция) – жалпы алғанда
қайсыбір тапсырманы орындауға қабілеттілік немесе бір нәрсені жасау» деп берілген. Ал Қазақстан
Ұлттық энциклопедиясында «құзырет (компетенция)» - нақты органның не лауазымды тұлғаның заң
жүзінде белгіленген ӛкілеттіліктерінің, құқықтары мен міндеттерінің жиынтығы деп кӛрсетілген. Латын
тілінен аударғанда (competentia – әділ, дұрыс қорытынды; competere – дегеніне жету, сәйкес келу, жақын
келу) «құзырлық – ӛз ісін жетік білу, танымы мол, тәжірибелі» деген мағынаны білдіреді. Белгілі бір
саладағы құзырлықты меңгерген тұлға ӛз саласына сәйкес білім мен біліктілікпен қаруланған қандай да
бір негізі бар ой-тұжырым жасайтын және тиімді әрекет ете алатын адамды есептеуге болады. Енді осы
ұғымдардың мәнін тереңірек талдайтын болсақ, онда «құзыр» - тұлғаның белгілі бір пәндер шеңберіне
қатысты білімі, біліктілігі, дағдысы мен іс-әрекеттері тәсілінің ӛзара байланысқан сапаларының жиын-
тығы, ал «құзырлық» - адамның іс-әрекеті саласына сай құзырлықтарды меңгеруі. Бұл екі ұғымды керек
болған жағдайда бӛліп қарастырады. Мысалы, құзырлық оқушылар дайындығына алдын ала қойылатын
талаптарды, ал құзыреттілік олардың қалыптасқан тұлғалық сапасын және белгілі бір саладағы іс-
әрекетке қатысты жинақталған тәжірибесін айтады.[2]
Қазақ тілі сӛздігінде «құзыр (компетенция)» ұғымының мән-мағынасын анықтауға бағытталған
мәселелер ғылыми-әдістемелік басылымдарда, білім саясатын анықтайтын құжаттарда және әлеуметтік,
философиялық, психологиялық, педагогикалық әдебиеттерде жиі қолданылатынына кӛзіміз жетті. Бұл
осы ұғымның жалпы білім берудегі жүйелілік-практикалық қызметімен байланысты. Дәстүрлі оқыту
Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Кӛптілді білім беру және шетел тілдері филологиясы» сериясы, №1(13), 2016 ж.
123
әдістемесінде «құзырлық» жаңа ұғым емес. Мәселен, лингвистикалық құзырлықты орыс тілін оқыту
әдістемесінің мамандары пайдаланса, ал филология мен информатика сабақтарында «коммуникативтік
құзырлық» ұғымы жиі қолданылады.
Егер отандық әдебиеттерде құзырлық ұғымы жоғарыдағыдай тұжырымдалса, «Ресейдің мектептегі
білімді модернизациялау стратегиясында» білім мазмұны – құрылымы бойынша адамның мәдениетіне
теңестірілген, изоморфты, педагогикалық тұрғыдан бейімделген, адамзаттың, әлеуметтік тәжірибесі
ретінде қарастырылады. Ол негізгі тӛрт элементтен тұрады: танымдық қызмет тәжірибесі, қызметтің
белгілі амалдарын жүзеге асыру тәжірибесі, шығармашылық қызмет тәжірибесі, эмоциялық-құндылық
қатынастар жасау тәжірибесі. Осы тӛрт тұрпатты тәжірибені меңгеру оқушыларда әрекет етудің күрделі
мәдениеттілікке сыйымды қабілеттерін қалыптастырады. Бұл қабілеттер құзыреттілік деп аталады.
Соңғы жылдары білім берудің жаңа бағытына қатысты Еуропа Кеңесінің ұсыныстарына сәйкес құзыр
ұғымына кӛп мән беріліп жүр. Соған сәйкес ғылыми әдебиетерде құзырлық түсінігіне әр түрлі бағытта
анықтамалар берілген. Шетел тілінің сӛздігінде «құзыр», «құзырет» (XVIII ғасырдың соңында) – «қандай
да бір мекеме, мемлекет органының немесе лауазымды тұлғаның құзырындағы іс-әрекеттері. Сот
құзырлығы. Шығындарды бақылау менің құзырыма жатады. Бұл шешім әкімшіліктің құзырында» деп
түсінік берген. Ал ХІХ ғасыр ортасында «құзырет» - адамның жақсы ақпараттандырылған, кәсіби
талғамы бар, істің мәнісін білетін сұрақтардан тұрады. Біреудің құзырында болу. Бұл оның құзырында.
Шешімді жылдам қабылдауда оның бұл мәселедегі құзыреттілігі қатты әсер етеді.
Мысалы, философиялық энциклопедиялық сӛздігінде құзырлық – «компетенция» сӛзінің француз
(competence - құзыретті, хабардар), латын (competentia – әділ, дұрыс қорытынды; competere – дегеніне
жету, сәйкес келу, жақын келу) тілінен келгендігін, әмбебаптық тұрғыда қолданылатын термин екендігі
кӛрсетілген. Ӛз саласына сәйкес білім мен біліктілікпен қаруланған, негізгі ой-тұжырым жасайтын және
тиімді әрекет ете алатын адамды белгілі бір саладағы құзыреттіліктерді меңгерген деп есептеуге болады.
Құзырлықты ғылыми-теориялық негізде зерттеу жұмыстары Л.А. Петровскаядан, ал жалпы білім беру
саласын құзырлық тұрғыдан зерттеу И.А.Зимняя еңбектерінен басталғаны белгілі.
Білімдік парадигманы ӛзгертудің немесе одан шығудың жаңа моделдерін В.С. Леднев пен М.С. Каган
ұсынады. Олардың пікірінще білім мазмұнының негізгі ғылыми пәндік сала емес, адам қызметі болуы
тиіс. Оның түрлеріне тәжірибелік қайта құрушылық, танымдық, коммуникативтік, құндылық бағдарлық
және кӛркемдік-эстетикалық құзырлықтарды жатқызуға болады.
Құзырлық тұрғыда қарастыру дегенде, бірінші орынға оқушылардың алған ғылыми хабардардығы
емес, мәселені шешудегі біліктілігі тұруы тиіс. Мұндай жағдайлар: біріншіден, қоршаған ортадағы
құбылыстарды танып білу мен түсіндіруде; екіншіден, қазіргі заманғы техника мен технологияларды
меңгеруде; үшіншіден, адамдармен қарым-қатынаста, этикалық нормаларда, ӛзінің іс-әрекетін бағалауда;
тӛртіншіден, отбасы мүшесі, сатып алушы, кӛрермен, қала тұрғыны сияқты күнделікті ӛмірде кездесетін
әлеуметтік рӛлдерін орындауда; бесіншіден, құқықтық және әкімшілік құрылымдарда талап-тілегін
білдіруде және эстетикалық тұрғыда баға беруде; алтыншыдан, мамандық таңдауда, ӛзінің кәсіптік оқу
орнына түсуге дайындығын, анықтауда, еңбек рыногын бағдарлауда, ӛзінің ӛмірдегі орнын, ӛмір сүру
мұраты мен стилін, келіспеушілікті шешу амалдарын табу сияқты кӛптеген тікелей ӛзіне байланысты
мәселелерді шешуде пайда болады. Осы тұрғыдан қарағанда, құзырлық ұғымын кезеңдік сол заманғы оқу
парадигмасы мен әлеуметтік тапсырысына сәйкес қолданғанын кӛреміз. Ұқсас ұғымдардың ӛзара
байланысқан дамуын 1-кесте арқылы жіктеуге болады.
Достарыңызбен бөлісу: |