Хабаршы вестник «Жаратылыстану-география ғылымдары»



Pdf көрінісі
бет7/19
Дата06.03.2017
өлшемі2,7 Mb.
#8173
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   19

 
Резюме 
Платан  (
лат. 
Plátanus),  чинар,  или  чинара  – 
род
 
деревьев
,  издавна  используемых  в  культуре;  единственный 
представитель монотипного семейства Платановые (Platanaceae).  
Род  насчитывает  11 
листопадных
  и 
вечнозелёных
 
видов
,  распространённых  в 
Северном  полушарии
  –  в 
Средиземноморье

Северной Америке

Средней
 и 
Малой Азии
, а также в 
Юго-Западной
 и 
Центральной Европе
.  
В 
Старом  Свете
  в  естественных  условиях  сейчас  растут  лишь  два  вида  платана  – 
Platanus  orientalis
  (
Платан 
восточный
)  и 
Platanus  kerrii
.  Естественный 
ареал
  платана  восточного  сосредоточен:  на 
Балканском  полуострове
 
(
Албания

Греция
),  островах 
Кипр
  и 
Крит
,  на  островах 
Эгейского  моря
,  в 
Малой
  и 
Средней  Азии
,  на  восточном 
берегу 
Средиземного  моря
  (
Сирия

Ливан

Израиль
)  и  в  отдельных  местах  произрастания  на  территории 
Ирана

Афганистана
, а также на 
черноморском побережье Кавказа
 в России, Абхазии, Грузии, в Армении и Азербайджане. 
Естественный  ареал  Platanus  kerrii  – 
Индокитай
  (
Вьетнам

Лаос
).  В 
Новом  Свете
  в  естественных  условиях  растут 
североамериканские 
Platanus  racemosa
  (
Калифорния
), 
Platanus  wrightii

Platanus  mexicana

Platanus  lindeniana
 
(
Мексика
), 
Platanus  occidentalis
  (
США
).  Согласно 
флористическому  разделению  суши
  по
А.Л.  Тахтаджяну
  (1974), 
природные ареалы видов рода Platanus 
L.
 находятся в  пределах 
Голарктичного  флористического  царства
  и только 
один  вид  Platanus  kerrii  в 
Индокитайской  области
 
Палеотропического  царства
.  Ареалы  видов  рода  Platanus  L.
 
территориально разделены сушей и океаном. 
По данным ряда исследователей, виды рода Platanus L. широко используются в культуре в 
США
, странах 
Европы
 
и 
Азии
. Северная граница ареала проходит около 46° с.ш. по континенту 
Северной Америки
, в 
Великобритании
 она 
переходит  за  65°  с.ш.,  в  Европе  проходит  около  55°  с.ш.,  в  Азии  держится  около  40°  с.ш.  Южная  граница  ареала 
проходит около 20° с.ш. в Северной Америке, до 30° с.ш. в Азии и 
Африке
, до 15° с.ш. в 
Индокитае
, в 
Австралии
 10-
15  ю.ш.  Анализируя  современное  географическое  распространение  рода  Platanus  L.,  следует  заметить,  что  не  все 
виды этого рода в равной степени используются в культуре. Так, например:Platanus kerrii практически неизвестен в 
культуре  за  пределами 
Вьетнама
  и 
Лаоса
,  P.  mexicana,  P.  lindeniana  –  за  пределами 
Мексики
,  Platanus  wrightii,  P. 
Racemosa известны в культуре только в 
США
 и 
Мексике
. Среди всех ныне существующих видов платана широкое 
географическое распространение имеет 
платан клёнолистный
 (Platanus acerifolia). По мнению многих учёных мира, 
первый  экземпляр  платана  клёнолистного  возник  от  случайного  или  преднамеренного  скрещивания 
платана 
западного
 и 
платана восточного
 в 
Англии
. Благодаря своей выносливости и высокой экологической пластичности в 
течение XVIII века этот вид широко распространился на территории Европы. Сейчас платан клёнолистный широко 
культивируется  от 
Средиземноморья
  до  побережья 
Северного  моря
  в 
Евразии
,  а  также  на  Североамериканском 
материке в США и Мексике и на Австралийском материке. 

Вестник КазНПУ имени Абая, серия «Естественно-географические науки», №4(42), 2014 г. 
40 
Ключевые слова: the Platanus (платан), Платан западный, Платан восточный, платановый лес, редькие деревья, 
кленовые леса. 
 
Түйін 
Шынар  (
лат.
  Plátanus)  немесе  чинар  –  ежелгі  мәдениетте  қолданыста  болған  ағаштардың  түрі.  Монотипті 
жанұяның жеке дара түрі (Platanaceae).  
Бұл  жапырақты  және  мәңгі  жасыл  жапырақты  ағаштың  11  түрінің  Солтүстік  жарты  шарда  таралу  шеңбері: 
Жерорта  теңіз  аралығы,  Солтүстік  Америка,  Орталық  және  Кіші  Азия  және  Оңтүстік  Батыспен  Орталық  Европа 
аймақтарында.  
Ежелгі тіршілік ортасында шынайы табиғи түрін сақталған шынардың екі түрі өседі. – 
Platanus orientalis
 (шығыс 
шынары)  мен 
Platanus  kerrii  (
батыс  шынары).  Шығыс  шынарының  табиғи  ортасы  Балқан  жартылай  аралында 
(
Албания,  Греция), 
Кипр  мен  Крит  аралында,  Эгей  теңізінде,  Кіші  және  Орта  Азия,  Жерорта  теңізінің  Шығыс 
жағалауында (
Сирия

Ливан

Израиль
) және жекеленген аймақтарда Иран аумағында, Ауғаныстан,  сондай-ақ Қара 
теңіз жағалауларымен, Кавказ төңігері және Ресей, Абхазия, Грузия, Армения және Әзірбайжан. 
Platanus  kerrii  табиғи  ортасы  –  Үндіқытай  (
Вьетнам

Лаос
).  Жаңа  тіршілік  ортасыда  табиғи  орта  жағдайында: 
солтүстік  америкалык  шынар  түрі 
Platanus  racemosa
  (
Калифорния
), 
Platanus  wrightii

Platanus  mexicana

Platanus 
lindeniana
 (
Мексика
), 
Platanus occidentalis
 (
США
).  
Зерттеушілердің қарастыруы бойынша шынардың Platanus L. түрі Европа мен Азия мемлекеттерінде, АҚШ-тың 
мәдениетінде  кеңінен  қолданылған.  Табиғи  ортаның  солтүстік  шекаралық  аймағының  46°  градусы  солтүстік  ендік 
(с.е.), Солтүстік АҚШ континетінде, Ұлыбританияда 65° с.е., Европада шамамен 55° с.е., Азияда шамамен 40° с.е., 
Оңтүстік шекарасында 20° с.е., Солтүстік Америкада 30° с.е. дейін, Азия мен Африкада 15° с.е. дейін, Үндіқытаймен, 
Австралияда 10-15 о.е. өтеді.  
Түйінді сөздер: the Platanus (шынар), Батыс шынары, Шығыс шынары, шынар орманы, сирек кездесетін ағаштар, 
үйеңкі ағаш ормандар. 
 
ӘОЖ: 612. 011.29 
 
АДАМ АҒЗАСЫНДА ҰЯЛЫ ТЕЛЕФОННЫҢ ӘСЕРІНЕН БОЛАТЫН  
ФИЗИОЛОГИЯЛЫҚ ӨЗГЕРІСТЕР 
 
А.М. Бабашев – профессор, Абай атындағы ҚазҰПУ  
 
Соңғы  жылдары  елімізде  ғылыми-техника  қарқынды  дамығалы,  көп  жетістікке  қол  жеткіздік.  Қоғамда  өмірге 
қажетті әрі қолжетімді технологиялар көптеп еніп, телекоммуникация жүйелері жаңарды. Адамзат игілігіне арналған 
бұл жаңалықтар, әрине, пайдалы. Әйткенмен, әртүрлі жиіліктегі диапазоны бар техногенді электромагниттік өрістер-
дің адам денсаулығына кері әсері де жоқ емес. Әсіресе, ұялы байланыстың зияны бөлек дейді мамандар. 
Соңғы жылдары мобильдi радиотелефон (ұялы) байланыс қондырғылары жүйесi қарқынды  дамуда. Кеше ғана, 
өткен ғасырдың 80-90 жылдары мобильдi телефон сәндi, бiрақ сирек құбылыс болатын. Алайда, қазiргi уақытта бұл 
жағдай  түп-тамырымен  өзгердi.  Ашық  түстi  баулы  телефонды  мойнына  асып  алып  мектепке  мақтанышпен  бара 
жатқан  балалар.  Ай  сайын  киiмдерiнiң  түсiне  қарап  телефонның  модельдерiн  айырбастайтын  тинэйджерлер.  Бұл 
үнемi толассыз өндiрiстiк сөйлесулер жүргiзетiн кәсiпорындар мен ұйымдардың қызметкерлерi мен жұмысшылары, 
олардың күнiне бiрнеше сағат мобильдi кеңес өтуi де мүмкiн. Ұялы компаниялармен ұсынылатын шектеусiз лимит-
тер адамдардың мобильдi байланысты одан әрi жиi, ұзақ пайдалануына үгiттейдi. Біздің қоғамның, әсіресе, жастар-
дың  капиталистік  өмірге  әуес  екендігінің  де  бір  көрінісі,  адамдардың  арасындағы  жаңа  иновациялық  қарым-
қатынастың,  жаңа  мобильдік  байланыстың  кең  етек  алуының  олардың  саулығына  әсерінен  көрінеді.  Мектеп  бас-
тауыш сынып  оқушыларының ертеден  кешке дейін  осындай телекоммуникациялық жүйелерді қолдануы,  олардың 
ерекше ауыр жағдайларға душар болуына себеп болары айқын. Мұндай жағдайлардың туындағанын, ұялы телефон-
дар пайда болғалы зерттеулерден, ғылыми әдебиеттерден көрерсіз. 
Түйінді сөздер: Компьютер, Ғаламтор, Стептік-тест, Ұялы телефондар, Интерактивті тақта. 
 
1875 жылдың 2 маусымында Бостон  университетінің Шешендік өнер мектебінің профессоры Грехем 
Белл ең алғаш рет байланыстырушы сымдардың көмегімен өз көмекшісінің даусын естиді. Өнертапқыш 
шотландиялықтың бұл жаңалығы тарих бетінде телефон деген атпен қалды. Бір қызығы, өнертапқыштың 
есімі ағылшын тілінен аударғанда, «қоңырау» деген мағына береді [1-3]. 
Арада бір ғасырға жуық уақыт өткенде ең алғашқы ұялы телефондар пайда болды. Иллинойс техноло-
гиялық  институтының  түлегі  Мартин  Купердіңөнертапқыштық  бұл  жаңалығын  қазір  әлем  халқының 
жартысына жуығы күнделіктіқолданып отыр [4-5]. 
Ұялы телефонмен жасалған алғашқы нағыз байланыстың тарихы 1973 жылдың 3 сәуірінен басталады. 
Ұялы байланыс компаниясыныңқызметкері Мартин Купердің зерттеулер бөлімінің басшысы Белл Лабзға 

Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Жаратылыстану-география ғылымдары» сериясы, №4(42), 2014 ж. 
41 
Нью-Йорк  көшелерінде  серуендеп  жүріп  соққан  қоңырауы  ұялы  телефонмен  алғашқы  байланыс  орнату 
саналады.  Купердіңөзі  таратқыштан  сигнал  жіберу  хаттамасының  негізгі  құрастырушысы  еді.  Ал  ол 
қолданған телефонның салмағы, яғни ең алғашқы ұялы телефон 1,15 килограмм тартатын. Сол уақыттары 
Нью-Йорк  әлемдегі  ұялы байланыстың базалық станциялары орнатылған әлемдегі жалғыз нүкте  болды, 
төрт  жылдан  соң  Чикагода  2000  абоненттік  тәжірибелік  ұялы  желі  құрылды.  Ал  1979  жылы  бұл  өнер-
тапқыштық  жаңалыққа  Күншығыс  елі  зор  қызығушылық  білдіріп,  88  базалық  станциядан  тұратын 
алғашқы ұялы байланыстыңқызметін бастады [6]. 
Қазір  әлемде  ұялы  телефондардыңқолданыс  аясы  өзінің  байланыс  орнату  шегінен  асып  кетті. 
Телефондар  өмірдің  барлық  саласында  қолданылуда.  Ұялы  телефон  қазіргі  заманда  адамның ажырамас 
көмекшісіне айналды [7]. 
Ұялы  телефондарды  мынадай  түрлерге  бөлуге  болады:  жайұялы  телефон  смартфон,  ұялы  бейне 
телефон. Пішініне қарай: моноблокты, жайылмалы, сырмалы, т.б. [8] 
Смартфон (ағылш. smart – білімді, ақылды) құрылымы жағынан компьютерге ұқсас болып келеді.  
Оның ішіндегі функциялар бағдарламаретінде жасалынған, ал олар смартфонның амалдық жүйесінде 
істейді. 
Мұнымен  қатар  өз  бағдарламаларыңызды  да  қосуға  болады.  Мысалы,  ойындар,  ойнатқыш,  шолғыш 
т.с.с.  Сол  себепті  смартфон  жайұялы  телефонға  қарағанда  күрделі,  функциялары  кеңейтілетін  құрылғы 
[9]. 
Бейнетелефонда  ұялы  телефонның  бейнекамерасы  мен  бейнебет  арқылы  бірін  бірі  көріп  сөйлесуге 
болады. 
Телефон  (Сымтетік)  –  (гректің  τῆλε  (теле)  –  ұзақ,  φωνή  (фон)  –  дыбыс,  дауыс)  –  дыбысты  қабылдау 
және  ұзаққа  жіберу  құрылғысы.  Телефонныңнегізгітүрлерікөп:  электрсіз  телефон,  электрлі  телефон, 
радио телефон, желісіз DECT телефон, ұялы телефон [10]. 
Ұялы  телефонның  пайда  болуы  өмірімізге  көп  өзгеріс  әкелді.  Адамзат  сол  үшін  де  Мартин  Куперге 
қарыздар.  Том-том  кітаптарды  арқаламай-ақ,  сол  кітаптарды  алақанға  сыйып  кететін  шағын  ғана  ұялы 
телефонға жүктеп алып, оны оқуғаболатын бағдарламалар да жасалды.  
Ұялы телефонға кітап жүктеу үшін ұялы телефоныңыз: 
-  javaны  қолдауы  керек  (java  дегеніміз  бағдарламалар  мен  жұмыс  жасауға  мүмкіндік  беретін 
бағдарламалар тілі); 
- кітап оқитын бағдарламасы болуы қажет; 
- бір шет тілін де және аздап техниканы басқаруды да білгеніңіз жөн;  
Көптеген  ұялы  телефондар:  TXT,  PDF  сияқты  т.б.  мәтіндік  форматтарды  қолдайды.  Ал  егер 
аппаратыңыз  мәтіндік  файлдарды  оқи  алмаса,  оған  кітап  оқитын  арнайы  бағдарламаны  жүктей  аласыз. 
Дәл  сіздің  ұялы  телефоныңыздың  моделіне  арналған  бағдарламалар  бар  [11].  Бірақ  осының  бәрі  білім 
алушыға  қаншалықты  тиімді,  пайдалы,  әрі  оны,  біліміне  және  саулығына  әсерлері  туралы  ой  бөлісіп 
көрейік. 
 
ЗЕРТТЕУЛЕР МЕН ОЛАРҒА АНАЛИЗ ЖАСАУ 
Электромагниттік өрістер барлық тіршілік көздеріне, cоның ішінде адам организміне өте үлкен зардап 
тигізетіні  ертеден  белгілі.  Биологиялық  және  медициналық  зерттеу  нәтижелері  көрсеткендей  электро-
магниттік  өрістердің  адамның  нерв  жүйесіне,  ішкі  мүшелеріне,  олардың  физиологиялық  дамуына 
тигізетін  теріс  зардаптары  туралы  барлықғылыми  және  көпшілік  басылымдарда  тек  кеңінен  айтылып 
қана жүр. Сонымен қатар, кейінгі кезде шет ел мамандарымен бірігіп өткізілген зерттеулер нәтижелеріне 
сүйенетін  болсақ,  электромагниттік  өрістердіңәсерінен  жүздеген  ауру  түрлерінің  жаппай  таралуыкөп 
қаралып  та,  айтылып  та  жүргені  анық,  қалаларда  өзіне  қол  жұмсау  фактілері  көптеп  тіркеле  бастады. 
Мұның бір басты себебі, электромагниттік өрістер адамның ми құрылысына өте қатты әсер ете отырып, 
дұрыс  ойлау,  есте сақтау қасиеттерін бірден бұзатынын да көреміз. Қазіргі кезде Қазақстан Республика-
сында  телекоммуникацияның  дамуына  байланысты,  элекетромагниттік  өрістер  де  өсе  түсуде.  Мысалы, 
1990  жылмен  салыстырғанда  елімізде,  оның  ішінде  қалаларда,  электромагниттік  өрістердің  таралуы 
ондаған есе өсе түскен, ірі қалаларда, Алматы сияқты ірі мегаполистерде, оның мөлшері қалыпты норма-
дан 1000 есе артқан [11]. 
Мысалы,  электромагниттік  өріс  толқыныныңүзіліссіз  аз  мөлшерініңөзі  ағзаның  орталық  жүйке 
жүйесіне, қорғаныштық гомеостатусына, әсіресе, көзге кері әсер етеді. Көру, есте сақтау қабілетін төмен-
дету  мен  қатар,  жыныстық  органдардың  және  эмбрионның  дамып  жетілуіне  де  теріс  ықпалын  тигізеді. 
Ана  құрсағындағы  эмбрионның  электромагниттік  өріс  толқындарына  сезімталдығы,  ана  ағзасына 

Вестник КазНПУ имени Абая, серия «Естественно-географические науки», №4(42), 2014 г. 
42 
қарағанда анағұрлым  жоғары  екендігі,  сондықтан  екі  қабатәйелдердің  электромагниттік  өріс  аумағында 
ұзақ болуы нәрестені туа біткен кеселдерге ұрындыратыны ғылыми тұрғыдан да дәлелденген [12-15, 24]. 
Электромагнитті өрістер бүгінде ауыл шаруашылық, медицина, радиотехникалық салалардың барлы-
ғында  кездеседі.  Ол  интернет,  мектептердегі  лингофондық  кабинеттер,  телекоммуникациялық,  интер-
активті тақталар және тұрмыста да қолданылады.  
Электромагниттiк өрiстiң (ЭМӨ) адам ағзасына ықпал ету мәселесiне қызығушылық А.Л. Чижевский 
мен В.И: Вернадскийдiң пионерлiк жұмыстары пайда болғаннан кейiн, 20 ғасырдың бiрiншi жартысында 
ғана  пайда  болды.  60-жылдардың  басынан  бастап  ғылыми  және  техногендi  ЭМӨ-нiң  биологиялық 
нысандарға әсер етуi бойынша ақпараттар легi толассыз өсуде [16].  
Электромагнитті  ұялы  телефонннан  шығатын  электромагниттік  өрістер,  ол  адам  ағзасына  біраз 
жиналып барып, «комулятивтік әсер етеді» дейді, оның әсері 5-10 жылдан кейін бірақ пайда болады. Ол 
мүмкін ісік ауруы, жүйке ауруы, қан ауруы болуы мүмкін. Сондықтан, ұялы телефонды қолданғанда өте 
сақ болу керек [17].  
Ғалымдар,  әсіресе,  «3  жастан  6  жасқа  дейінгі  балаларға  телефон  беруге  болмайды»  дейді.  Өйткені, 
электромагнитті өріс, өсіп келе жатқан миға кері әсер етіп, кейін баланың есте сақтау қабілетін нашарла-
тады.  Сондықтан,  мамандар  радиотехникалық  нысандардан  бөлінетін  зиянды  толқындарды  тығыздық 
ағымын  өлшейтін  аспаптармен  ұдайы  тексеріп  отырады.  Айтуларынша,  антенналар  мен  ұялы  телефон-
дардың шегі 10 микроватт шаршы сантиметрден аспау керек [18]. 
Электромагниттік  сәулелендірудің  адам  ағзасына  тигізер  зияны  туралы  жинақталған  білімдер, 
телефонның  сәулеленуі  сияқты,  басқа  да  электромагниттік  сәулелендірулер  онымен  байланысқа  түскен 
адамдар ден саулығына, физиологиялық жай-күйіне әсер етеді. 
Ұялы  телефонның  жұмыс  жасап  тұрғандағы  сәулелендіру  аумағында  болған  бастың  ми  қалпақшасы 
мен  есіту, көру қабілетіне  едәуір  әсері болатындығында күмән жоқ [19-24]. .  Ұзақмерзімді  сәулелендіру 
мидың  кейбір  құрылымдарының  биоэлектрлік  белсенділігіне  әсер  етуі  мүмкін  және  оның  жұмысына 
(айталық,  есте  сақтаудыңқысқа  және  ұзақ  мерзімді  жағдайына)  кері  әсерін  тигізетіні  туралы  соңғы 
зерттеулерімізде болды. 
Еуропа ғалымдары жақында мынадай қорқынышты қорытынды жасады:  
10  жылдан  артық  ұялы  телефонды  пайдаланған  адамда  мидың  гематоэнцефаликалық  кедергілерінің 
бұзылуы  басталады,  яғни  миға  зиянды  заттардың  кірмеуіне  себепкер  болатын  сүзгіштің  қабырғалары 
бітеледі.  Бұл  болашақта  адамды  мидың  қатерлі  ісік  ауруына  шалдығуына  әкеліп  соқтырады.  Біздің 
өміріміздегі  соқпақтар  мұндай  электромагниттік  қысымды  көтере  алмауы  мүмкін.  Кейбір  сарапшылар 
«адамдардың басым көпшілігі Альцгеймер және Паркинсон ауруларына шалдығады» деп жорамалдайды. 
Сонымен қатар жүргізілген тәжірибеге сүйене отырып, сәуленіңәсері тек жинақталып қалмайды, кейінгі 
ұрпаққа  беріледі  деген  де  қорытындыға  келіп  отыр  зерттеушілер.  Бір  ай  бойына  әртүрлі  ұялы  телефон 
арқылы  атжалмандарды  сәулелендіру  тәжірибесін  жасағанда,  тәжірибеден  кейінгі  екі  аптадансоң, 
зерттелушілердің  қорғаныстық,  яғниолардың  иммундық  жүйесі  сыр  берген.  Содан  соң  сәулеленген 
атжалмандардың  қанын  сәуле  қабылдамаған  контроль  «таза»  буаз  атжалман  тышқандарға  егуді  жүргіз-
ген. Нәтижесінде бүкіл атжалман тұқымымен өліп қалған [19]. 
Еуропаның электронды компоненттер ғылыми-зерттеу институты жүргізген зерттеулері көрсеткендей, 
тіпті аз ғана мөлшерде ұялы телефон арқылы сәуле  алу гемоглобин талшықтарының «таралып» кетуіне 
әкеліп  соқтыратынын  бейнесуреттерін  берген.  Ұялы  телефонға  деген  тым  әуестенушілік  адамдардың 
бүйрегінде  тас  жиналуына  және  жүрек-қан  тамырлары  ауруларына  соқтыратындығы  да  белгілі  болды. 
Дәлелдеу  үшін  мамандар  бірнеше  рет  қан  үлгілерін  зерттеп,  10-нан  60  сағат  аралығында  сәулелендіру 
жұмыстарын жүргізген. 
Қазіргі  таңда  мұндай  зерттеулердіРесейде  қолға  алып  жүргізілді.  Халықаралық  энергоақпараттық-
ғылымдар  академиясының  корреспондент-мүшесі  И.Чернозубов  басқаратын  Халықтық  медицинаның 
ғылыми-практикалық орталығында компьютерде тәулігіне 6-8 сағат жұмыс жасайтын адамдарды тексеру 
барысында  анықталуы  заңды  құбылыс.  Екі  жылдан  артық  жұмыс  жасағандардың  талақтары,  ұйқы 
бездері,  ми  тамырлары өзгеріске  түскен,  ер  адамдардағы  импотенцияның  көбейгені,  ал  әйелдерде  түсік 
тастау  күрт  артқаны,  әрі  бұл  америкалықтар  мен  шведтердің  бұл  саладағы  зерттеулерімен  толықтай 
сәйкес  келетінін зерттеушілер де айтқан.Сонымен электромагниттік  сәулеленудіңәсерін біз көрмесек те, 
байқамасақ та, біздің ағзамызға тигізері, әсері аз емес екендігіне біз де көз жеткіздік. 
Осыдан екі жыл бұрын «екі қабат әйелдер мен жас балалардың ұялы телефонды пайдалануы, олардың 
денсаулығына  орасан  зиянын  тигізеді»  деп  иондық  емес  сәулелерден  қорғану  жөніндегі  Ресей  Ұлттық 
комитеті  де  дабыл  қаққан  болатын.  «Ұялы  телефон»  –  балалардың  денсаулығына  кері  әсер  етеді  екен. 

Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Жаратылыстану-география ғылымдары» сериясы, №4(42), 2014 ж. 
43 
Оны  ғалымдар  балалардың  есте  сақтау  қабілеті  нашарлауынан,  танымдыққабілеті  төмендеуінен,  сол 
сияқты бойларындағы сүлесоқтық пен бойкүйездік билеуінен байқалатынын көрсетті. Балалардың көбісі 
өте  тез  ашушаң,  шаршауық,  жүйкесі  тез  құриды.  Ал  ұялы  телефонмен  ұзақ  сөйлесетін  балалардың 
жүйкесі жұқарып, депрессиялық синдром да жиілейтін көрінеді. Адамдар, әсіресе, пойызда, лифт ішінде 
телефонмен сөйлесіп жатады, мұнда оның ауыр және көп зиянды екендігіне көңіл бөле бермейміз. Ұялы 
телефонның антеннасы мұндай жағдайда жоғары деңгейде сәулелендірудің радиациялық мөлшерінің көп 
шығаратынын  да  біле  бермейміз  екен.  Бұл  айналып  келгенде  адамның  дене  бөліктерін  қыздырып,  ден 
саулығына кері әсер беретін көрінеді. Әсіресе, жастар күндіз-түні «ұялы телефонға» жақын, қолдарынан 
тастамай  үзіліссіз  қолданады.  Тіпті  түнімен  музыка  тыңдайды,  бір-біріне  хабар  жібереді,  тынымсыз 
пайдаланады. Ал заряд беретін, қуаттайтын қондырғының жарты метр жерде болса, онда жоғары кернеулі 
электр  тогың  тасымалдайтын  жоғары  кернеулі  сымның  астында  ұйықтағанмен  бірдей  екенін  де  біле 
бермейміз. Тіпті мұның соңы мидыңқатерлі ісіктерінің пайда болуына әкеледі екен. Ғалымдар да анықтап 
отырғандай, ұялы телефонмен ұзақ сөйлессеңіз, ол адам миын бір градусқа дейін қыздырады екен [20]. 
Биыл  дүние  жүзілік  Денсаулық  сақтау  ұйымы  ұялы  телефондардың  жеткіншектердің  ден  саулығына 
зиянды екенін мәлімдеді. Ғалымдардың пайымдауынша, 10 жыл бойы, күніне жарты сағат ұялы телефон-
мен сөйлескен адамдардың глиома дертіне шалдығу қаупі 40 пайызға дейін ұлғаятынын айтты. 
Ұялы телефондар – электромагниттік сәулелердің негізгі тетігі  екені айтпаса да түсінікті. Бұл жүйке, 
эндокриндік  және  жыныстық  аурулардың  асқынуына  әсер  ететін  сәулелер.  Шведтік  ғалымдардың 
мәлімдеуінше, 10-11 жастан бері ұялы телефондытұрақтыпайдаланатынжандардың ми ісігіне тап болуы 
әбден мүмкін. 
Себебі  электромагниттік  сәулелер,адамның  ойлау  қабілетін  реттейтін,  мидағы  жүйке  орталығына 
енеді. Мамандардың ойынша, қазіргі эпилепсия, жүйке аурулары, аққан сияқты дерттердің де асқынуы-
ның негізгісебепкері де сымсыз телефон болуы ықтимал. 
Әлем  елдері ұялы телефонның адам өміріне қауіптілігін жан-жақты зерделеуде. Тіпті, кей мемлекет-
терде мектеп жасындағы балаға ұялы телефон ұстауға тыйым салынған. Испаниялық ғалымдар 11-13 жас 
шамасындағы бала телефон арқылы екі минут сөйлескеннен соң, мидың биоэлектрлік белсенділігі 2 сағат 
бойы  қалпына  келтірілетіндігін  дәлелдеген.  Ұлыбританияның  бірқатар  қалаларында  зерттеу  жүргізген 
ғалымдар да дәл осындай пайымға келіпті. Ал Ресейдің гигиена институтының жүргізген зерттеулері 5-10 
жыл бойы сымсыз телефонды пайдаланған 20-29 жас шамасындағы азаматтың ми ісігіне тап болу қаупі 
ұлғая  түсетінін  көрсетіпті.  Бұл  –  жеткіншектер  ұялы  телефонды  неғұрлым  ерте  пайдаланса,  соғұрлым 
дертке шалдығу қаупі де арта түсетінін меңзесе керек. Дегенмен ғалымдардың мұндай пікірімен келіспей-
тіндер  де  бар.  Ұялы  телефонның  адам  ағзасына  осыншалықты  әсер  ететіндігі  әлі  толықтай  дәлелденген 
жоқ.  Әлемніңәр  түкпірінде  сан  қилы  зерттеулер  жүргізілсе  де,  бұл  жанама  пікір  ғана.  Ал  профессор, 
дәрігер  Әскер  Есенқұловтың  айтуынша,  мұндай  зерттеулер  әлі  дәлелденбеген.  «Сол  себепті  де  сымсыз 
телефонныңқауіптілігін айтып, дабыл қағу орынсыз. Мұның бәрі кішігірім зерттеулер ғана» дейді Әскер 
Есенқұлов [21]. 
Жалпы,  ұялы  телефонға  қызығушы  топ  -  балалар  мен  жастар  екен.  Тұтынушы  назары  үшін  барын 
салатын  ұялы  байланыс  операторлары  балаларды  баурау  үшін  түрлі  ойындарды,  жаңа  қызметтерді 
ұсынады.  2001  жылы  Еуропарламенттің  ғылыми  зерттеулер  басқармасы  кәмелеттік  жасқа  толмаған 
балаларға ұялы телефонды пайдалануға тыйым салған. Содан бері Еуропа мемлекеттері мектеп қабырға-
сында  оқушыларға  телефон  пайдалануға  үзілді-кесілді  қарсылық  білдірді.  Мәселен,  Ұлыбританияда 
сымсыз  телефонды  сату  барысында  оныңқауіптілігі  жөнінде  ақпараттандыратын  парақшалар  қатар 
ұсынылуы керек десе, Францияда ата-аналарға балалары қанша уақыт телефонмен сөйлесетінін қадағалау 
міндеттелді.  Адам  ағзасына  радиацияның  әсер  етуін  зертетйтін  бір  топ  ғалымдар  ұялы  телефондардың 
қорапшаларына  «Денсаулық  сақтау  ұйымы  ескертеді»  деген  ескертпе  жазуларды  енгізу  керек  деген 
ұсыныс  білдірді.  Еуропа  елдерінен  үлгі  алса  керек,  Тәжікстан  президенті  Эмомали  Рахмон  2009  жылы 
мектептер  мен  жоғары  оқу  орындарында  білім  алушыларға  ұялы  телефон  пайдалануға  тыйым  салған. 
Дегенмен қанша тыйым салынса да, сымсыз телефонның негізгі тұтынушысы балалар мен жастар болып 
қала бермек. 
Анкара  дәрігерлер  палатасынан  жасалған  мәлімдемеде  былай  делінген:  «Еуропада  жүргізілген 
зерттеулер ең аз дегенде он жылдан бері ұялы телефон қолданған адамдарда кейбір ми рагының кездесу 
жиілігінің  артқанын  көрсетті».  Мәлімдемеде  ұялы  телефон  және  оның  станцияларының  мектептің 
ауласына, бала бақшалар, ауруханалар, саябақ секілді  әлеуметтік тұрмыс  мекендеріне  құрылмауы керек 
екені айтылды.  
Анкара  дәрігерлер  палатасы  мәлімдемесінде  ұялы  телефондар  мен  олардың  станцияларының  адам 
денсаулығына әсерінің кабельсіз  байланыс жүйелері  құрылғалы бері талас болып  келе жатқанына назар 

Вестник КазНПУ имени Абая, серия «Естественно-географические науки», №4(42), 2014 г. 
44 
аударылды.  Ұялы  телефон  және  станцияларының  бір-бірімен  байланыста  әуеден  радио  сигналдары 
жолдап,  жұмыс  істегені  айтылған  мәлімдемеде  «Алайда  әуе  кеңістігіндегі  сигналдардың  бөлінуі  үшін 
қала орталығы секілді көп адам бар жерлерде төмен деңгейлі сигнал станциясы құрылуы керек. Байланыс 
әуе  жолы  арқылы  болғандықтан  сигнал  төңірекке  тарайды  және  тірі  организмдерге  міндетті  түрде  әсер 
етеді» деп жазылды.  
Мәлімдемеде  сондай-ақ  былай  делінді:  «5  Еуропа  елінде  жасалған  зерттеудіңқорытындысы  ең  аз 
дегенде  10  жылдан  бері  ұялы  телефон  қолданған  адамдарда  кейбір  ми  рагының  кездесу  жиілігінің 
артқанын көрсетті. Осы мәселемен бірге ДНК-дағы өзгерістер, нерв клеткаларындағы өзгерістер, мидың 
жұмысы мен ұйқыдағы өзгерістер секілді аурулар да ортаға шығуда  
Ұялы  телефон  станциялары  денсаулыққа  қауіп  төндіргендіктен,  мектептердің  ауласы,  бала  бақшасы, 
ауруханалар,  саябақтар  секілді,  қариялар,  балалар  мен  науқастар  көп  болатын  мекендерге  құрылмауы 
керек.  
Англия  ғалымы  Г.Белл,  шотландиялық  М.Купер  зерттеу  жүргізу  арқылы  үнемі  келте  хат  және 
электронды  жолдама  жолдаудың  адамдардың  қалыпты  тұрмысымен  денсаулығына  кері  ықпал  жасай-
тынын ертеде байқаған. Зерттеулер әлі де жалғасуда.  
 
1. Bell G. Война мобильникам: новости о детях // Здоровье. - 2005. - N 4. - С. 78. London. 
2. Гайсенок Н. Как бы не подсесть на SMS// Н.Гайсенок // Эхо планеты. - 2004. - N 50/51. - С. 7.  
3. Девисилов В. Безопасны ли мобильные телефоны?/ В.Девисилов // ОБЖ. Основы безопасности жизни. - 2003. - 
N10(88).-С.53-60.  
4. Каштан, я - Елка! Как слышно? // Химия и жизнь - XXI век. - 2005. -N 9. - C. 45.  
5. Купченко Д. Всеобщая мобилизация/ Д.Купченко // Карьера. - 2004. - N 11. - С. 50-52. 
6. Kuper M. Мобильники улучшают память у мужчин. // Вы и ваш компьютер. - 2003. - N7.-С.4. Montano 
7. Новости со всего света: подборка материалов // Здоровье. - 2005. - N 7. - С. 40-41.  
8. Попов А. Мобильниками снова пугают, но не сильно/ А.Попов // Эхо планеты. - 2003. - N14.-С.10-11.  
9.  Сергеев  В.  Когда  рак  на  горе  свистнет:  насколько  вредны  и  опасны  "мобильники"  /  В.Сергеев  //  Основы 
Безопасности Жизнедеятельности. - 2005. - N 6. - С. 15-19.  
10. Сорокин К. Мобильные телефоны: или новогод. страшилки / К.Сорокин //Смена. - 2004. - N 12. - С. 168-171.  
11. Ты имеешь мобильник или он имеет тебя?: Тест // Здоровье. - 2004. - N 2. - С. 33. 
12. Федоров А. Оглохнуть от мобильника?/ А.Федоров // Здоровье. - 2005. - N 2. - С. 84.  
13. HarasA.С трубкой у виска /А. Хараз // Здоровье. - 2004. - N 2. - С. 3 
14. Амосов Н.М. Денсаулық туралы толғаныстар. Ауд. Т.Әлішеров – Алматы: Қазақстан, 1988. - 200 б. 
15. Өмешұлы А. Салауатты өмір – денсаулық кепілі. - Алматы: Білім,1999. - 96 бет. 
16. Сатбаева Х.К. Валеология.Оқу-әдістемелік құрал – Алматы: Ғылым, 1999 – 156 бет. 
17.  По  2004а  и  здоровье.  Научите  себя  не  зависеть  от  по2004ы:  Владимир  Трошин  -  СПб.:  Центрполиграф, 
2004. - 192 с. 
18.  После  40  жизнь  только  начинается.  Методики  поддержания  и  укрепления  здоровья:  А.  М.  Максимук  — 
СПб.: Феникс, 2006. 
19. WIKIPEDIA. Ашық энциклопедия. Компьютер зияны 
20. «Ана тілі» газеті, 1 шілде 2011 жыл. Компьютер баланың қасы ма, досы ма? 
21. «Алтын орда» газеті, 28 қазан 2001 жыл. Компьютерге таңылған ұрпақтың денсаулығы құлдырап барады. 
22. «Қазақ үні» газеті, 6 сәуір 2011 жыл. Ғаламторға қамалған жастар. 
23. www.be1.kz сайты. Балаға ғаламторда да абай болған жөн. 
24. Shaiken T. Mobile end cancer/J.American science. 2011.N13.Texas.P/1-3 
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   19




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет