ӘЖБ 811.111+811.161’255.2:6
ҒЫЛЫМИ-ТЕХНИКАЛЫҚ МӘТІНДЕРДІ АУДАРУДАҒЫ
ГРАММАТИКАЛЫҚ ҚҰРЫЛЫМДАР ҚИЫНДЫҚТАРЫ
М.К. Абеуова -
Абай атындағы ҚазҰПУ, Магистратура и PhD докторантура институтының магистранты
Аңдатпа:Ағылшын ғылыми-техникалық материалдары бірқатар грамматикалық ерекшеліктерге ие. Әрине,
қандай да бір «ғылыми-техникалық грамматика» жоқ.Тілдік құралдарды сұрыптау мен қолдануда бейнеленетін
ағылшын ғылыми-техникалық стилінің маңызды сипаты баяндаудың қысқалығы мен ықшамдылығына ұмтылу
болып табылады. Атап айтқанда, бұл эллипстік құрылымдарда жиі қолданылады. Бұл құрылымдарды дұрыс
аңғармау аудармада оғаш қателікке жиі алып келуі мүмкін.Сондықтан да аталмыш мақалада ғылыми техникалық
мәтіндердің грамматикалық құрылымдарын аудару барысында туындайтын қиындықтары жайлы айтылады.
Тірек сөздер:аударма, ғылыми-техникалық мәтін, синтаксистік құрылым, грамматикалық құрылым, ғылыми-
техникалық стиль.
Аннотация: Английские научно-технические материалы обнаруживают целый ряд грамматических
особенностей. Конечно, не существует какой-либо «научно-технической грамматики». Важная характеристика
английского научно-технического стиля, которая отражается в отборе и использовании языковых средств,
заключается также в его стремлении к краткости и компактности изложения, что выражается, в частности, в
довольно широком использовании эллиптических конструкций. Неправильное понимание этих конструкций нередко
приводит к нелепым ошибкам в переводе. Поэтому в данной статье рассматриваются сложности встречающиеся при
переводе грамматических структур научно-технических текстов.
Ключевые слова:перевод, научно-технический текст, синтаксическая структура, грамматическая структура,
научно-технический стиль.
Abstract: English scientific and technical materials exhibited a number of grammatical features. Of course, there is not
any "scientific and technical grammar. " An important characteristic of English scientific-technical style, which is reflected in
the selection and using of linguistic resources, is also in his quest for brevity and compactness of presentation, which is
reflected, in particular, in a fairly wide use of elliptical constructions . Misunderstanding of these structures often leads to
absurd errors in translation. Therefore, in this article discusses the difficulties of scientific and technical texts in grammatical
structural translations.
Key words:translation, scientific and technical text, sintactical structure, grammatical structure, scientific and technical
style.
Ағылшын ғылыми-техникалық материалдары бірқатар грамматикалық ерекшеліктерге ие. Әрине
қандай да бір «ғылыми-техникалық грамматика» жоқ. Ғылыми-техникалық сөйлеуде басқа да
функциональдық стильдердегі сияқты сол синтаксистік құрылымдар мен морфологиялық формалар
қолданылады. Алайда аталмыш стильде басқа стильдерге қарағанда грамматикалық құбылыстардың
бірқатары жиі, кейбір құбылыстар оларда керісінше сирек, ал кейбіреулері тек өзіндік лексикалық
«толысулармен» ғана қолданылады. Біз жоғарыда атап өткен ғылыми-техникалық көзқарастардың ортақ
қасиеттері сөйлеудің синтаксистік құрылымында бейнеленбеуі мүмкін емес. Осы тәрізді материалдардың
біз қасиеттерін көрсету жолдары арқылы шынайы нысандардың ұғымын анықтау мен сипаттаудың
оларға тән екендігін атап өттік. Бұл етістік пен жалғаулықтан және есім таптардан (предикатив) құралған
құрамды баяндауышты жай екіқұрамды сөйлемдердің кең қолданылуын алдын-ала болжайды.
Предикатив ретінде үнемі сын есім немесе жатыс орам пайдаланылады: The pipe is steel, The surface is
copper, These materials are low-cost, Control is by a foot switch, Wing de-icing is by ducting exhaust heated air
through leading edge duct. Осы тәрізді құрылымдар болымсыз формада қолданылады, мұнда жай
болымсыз етістік (do not) орнына предикативке поп болымсызы келетін құрама баяндауыш жиі
қолданылады: The stuff is non-shrink, The refrigerants are nontoxic and nonirritating. Заттарға сүйене отырып,
шындық бейнені көрсетуге ұмтылу ағылшын ғылыми-техникалық стилінде есім құрылымдардың
басымдылығына алып келеді. Әңгіме техникалық мәтіндерде нақты зат атауларының көптігінде емес.
Зерттеулер мұндай мәтіндерде үдерістер мен әрекеттердің сипаттамаларының да аталатынын көрсетті. to
clean after the welding деп айтудың орнына маман to do post-welding cleaning деп айтады; егер бөлшектің
Вестник КазНПУ им. Абая, серия «Филология», №1(47), 2014 г.
204
ядроның маңында екендігін көрсету қажет болса, The contents of the tank are discharged by a pump деудің
орнына it occupies a juxtanuclear position деп айтады. Артықшылық Discharge of the contents of the tank is
effected by a pump беріледі. Аспаптың алмалы қақпағы аспапты жеңіл тазалау мен жөндеу үшін ғана керек
емес, бірақ for ease of maintenance and repair. Әрекетті шынайы сипаттау қызметіне байланысты сөйлемде
баяндауыш тек жалпы шартты белгі ретінде ғана атау тұлғада «оператор» жеке тұр. Жалпы алғанда
ғылыми-техникалық мәтіндерде мәні мен аудармасы сөйлемдегі басты мағыналыққа ие зат есіммен
байланысты болатын effect, assure, perform, obtain, provide, give, involve, entail, imply, result in, lead to, to be
ascribed to, to be attributed to, etc. сынды етістік-операторлардың кең қолданылуы байқалады.
Номинативтілікке ұмтылу үстеудің жатыс есімді тіркеске өзгеруіне алып келеді. Сонымен accurately with
accuracy, very easily - with the greatest ease или the easy way (Салыстырыңыз: to do something the hard way),
etc. болады. Бұл үрдіске ғылыми-техникалық мәтіндерде маңызды мәтінде жат элемент болып
табылмайтын басты модальды-экспрессивті құрал ретінде қолданылатын күшейткіш үстеулер ғана қарсы
тұра алады. Мұндай үстеулер: clearly, completely, considerably, essentially, fairly, greatly, significantly,
markedly, materially, perfectly, positively, reasonably, etc. Ср.: The amount of energy that has to be dissipated is
clearly enormous. The energy loss is markedly reduced. Етістіктің орнына демеулікті етістіктен жасалған сын
есімдердің кең қолданылуы ғылыми-техникалық стильдің етістікке қарама-қайшы көрінісі болып
табылады: to be attendant on, to be conducive to, to be destructive of, to be incidental to, to be responsive to, to
be tolerant of, etc. Салыстырыңыз: This system is conducive to high volumetric efficiency. This type of mixing
is often incidental to other stages of the industrial process, e.g. size reduction. Әрине ғылыми-техникалық
стильдің атаулы сипаты бұл стиль материалдарында жақтық тұлғасындағы толық мағыналы етістіктер
жоқ дегенді білдірмейді. Мұндай етістіктерсіз мағыналы байланысқан мазмұндағы сөйлемді елестету
қиын, әйткенмен кейбір пікірлер бойынша ғылыми-техникалық мәтіндердегі етістікті предикатив
формалар саны сондай көлемдегі әдеби шығармаларға қарағанда екі есе кем. Тіл ғылымы зерттеу
жұмыстарында [1: 89; 2: 115] ағылшын тілінің ғылыми-техникалық стилінде етістіктерді қолданудың
мұндай ерекшеліктері ғылыми баяндаудың басты сипатымен және мақсатымен байланысты пассив форма
мен осы шақтың жай формасының маңызды басымдылығы ретінде бірнеше рет көрсетілген.
Арнайы мәтіндерде сабақты етістікті пассив мәнді салт формада кең қолдану аудармашының басты
назарын аударады: These filters adapt easily to automatic processing of many materials. The steel forges well.
The unit must test for adequate wiring.
Баяндаудың қысқалығы мен ықшамдылығына ұмтылу тілдік құралдарды сұрыптау мен қолдануда
бейнеленетін ағылшын ғылыми-техникалық стилінің маңызды сипаты болып табылады. Атап айтқанда,
бұл эллипстік құрылымдарда жиі қолданылады. Аудармада бұл құрылымдарды дұрыс аңғармау оғаш
қателікке жиі алып келуі мүмкін. Мәтінде а remote crane немесе a liquid rocket тіркесін кездестірген
аудармашы олардағы a remote-operated crane және a liquid-fuelled rocket эллипстік формаларын тани білуі
тиіс. A non-destructive testing college is to open in London this October оқи отырып, ол ашылған колледждің
аса берік (non-destructive) немесе сынамалы (testing) болмайтынын, материалдарды сынаудың берік
әдістері саласында мамандар даярлайтынын есте ұстағаны жөн. Осыған ұқсас low-pressure producers
төменгі қысым әдісімен полиэтилен шығарушысы болып табылуы да мүмкін.
Көрсетілген үрдіс басқа да бірнеше грамматикалық ерекшеліктерде көрініс табуы мүмкін. Ғылыми-
техникалық стильге постпозицияда анықтауыш бағыныңқы сөйлемдерді сын есімдермен ауыстыру тән
(әсіресе -ible, -able, -ive жұрнақтарымен және т.б.): the materials available, excellent properties never before
attainable, all factors important in the evaluation of, problems difficult with ordinary equipment, etc. Осы
мақсатқа инфинитив формасының түрін анықтау қызметін қолдануда да жету мүмкін: the properties to be
expected, the temperature to be obtained, the product to be cooled, etc.
Сондай-ақ ғылыми-техникалық стильде артикль түсіп қалуының көптеген жағдайларын, басқа типтегі
мәтіндерде артикльдің қолданылуы міндетті болып саналатынын ерекше ескеруге болады: General view is
that..., First uranium mine in the region was...
Техникалық құралдардың нақты атауларының, техникалық сипаттамалардың, нұсқаулықтардың және
сол сияқтылардың алдында артикль жиі түсіп қалады: Armstrong Traps have long-live parts, valve and seat
are heat treated crome steel, lever assembly and bucket arc stainless steel.
Осы құбылыс ғылым саласы атауларының алдында да байқалады: .in such fields as work study,
mechanical engineering, civil engineering, telecommunication, standardization, higher education, etc.
Қазіргі ағылшын тіліндегі ғылыми-техникалық стильдің спецификасын зерттейтін лингвистикалық
жұмыстарда бірқатар жеке грамматикалық ерекшеліктер көрсетіледі: заттық зат есімдердің көпше түрінің
кең қолданылуы (fats, oils, greases, steels, rare earths, sands, wools, gasolines, etc.), құралдар атауларының
Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Филология» сериясы, №1(47), 2014 ж.
205
көпше түрі (clippers, jointers, shears, dividers, compasses, trammels, etc.), амалдық-тектік қарым-қатынасты
беру үшін of көмекші сөзінің қолданылуы (the oxidizer of liquid oxygen, the fuel of kerosene), type, design,
pattern, grade сөзді анықтауыштық тіркесімдердің көп таралуы: Protective clothing and dry-chemical-type fire
extinguisher should be readily available in the area. Not only laboratories, but pilot-type manufacturing plants are
included in the center [3: 301]. Жоғарыда көрсетілген ғылыми мазмұндаудың бірізділігі мен дәлелділігіне
байланысты, сондай-ақ себеп-салдарлы жалғаулық пен since, therefore, it follows that, so, thus, it implies,
involves, leads to, results in, etc. сияқты қисынды байламдарды көп қолдану байқалады. Ғылыми-
техникалық материалдардың көрсетілген лексика-грамматикалық ерекшеліктері аударма барысында
айтылуға тиісті материалдардың коммуникативті сипатына тікелей әсер етеді.
Ағылшын тілінің ғылыми-техникалық материалдары үшін мәтіндегі сөйлемдердің жалпы санының
орташа 50%-нан жоғарысын құрайтын жай сөйлемдердің артықшылығы тән. Сонымен қатар құрмалас
сөйлемдердің де саны көп емес. Бұл құбылыс құрмалас сөйлемдер кең қолданылатын орыс тілінің тиісті
стиліне тән емес. Осыған байланысты ағылшын-орыс техникалық аудармаларында сөйлемдерді біріктіру
тәсілі жиі қолданылады, мұның нәтижесінде ағылшын түпнұсқасының екі немесе одан да көп жай
сөйлемі орысша аудармадағы бір құрмалас сөйлем сәйкес келеді. Мысал келтірейік: Classically, we should
expect the stopping voltage to be different for different intensities. Furthermore we should not expect any simple
direct dependence of the stopping voltage on the frequency of the light used. – Классикалық теория тұрғысынан
алғанда, жапқыш қуаттың әртүрлі үдемелілік үшін әртүрлі болатындығын күтуге болады, бірақ түсуші
сәуле толқынының ұзақтығына байланысты болмайды.
Аударманың арнайы теориясы нақты функционалдық стильге қатысты мәтіндерді аудару
барысындағы стилистикалық бейімделулердің әртүрлі формаларын сипаттайды [4:182]. Мұндай
бейімделуге біз сөз етіп отырған тілдік ерекшеліктер ғана себепші болмайды. Стилистикалық алмасу
аударма барысында бастапқы және аударылып отырған тілдің ұқсас стильдерінде бір мезгілде көрінетін
сол стилистикалық белгілеріне қатысты міндетті болып табылуы мүмкін. Сол және басқа да
стилистикалық сипаты әртүрлі деңгейде тілдердің әрқайсысында көрініс табуы мүмкін және оның
түпнұсқада болуы аударма мәтінінде оның айтылуы мүмкін дегенді білдірмейді.
Ағылшын тілінде де, орыс тілінде де ғылыми-техникалық стиль үшін мазмұндауға деген анықтылық
пен қаталдылық, нысандардың жанама, сипаттық белгілеулерінен, арнайы лексикалық штамп пен
таптаурындарды кең қолданудан бас тарту тән. Алайда неғұрлым жіті талдау терминдер мен әдеттегі
тұжырымдарды қолданудағы қаталдық ағылшын тіліне қарағанда, орыс тілінің ғылыми-техникалық
стиліне тән екенін көрсетеді. Сондықтан да аудармашы жиі түпнұсқаның «стилистикалық түзетулерін»
жүзеге асыруды өзіне міндет санайды, парафразаның орнына нақты термин енгізеді, нақты ненің
түсіндірілетінін авторлық орамды неғұрлым әдеттегі штамппен алмастырады. Ғылыми-техникалық
аудармадағы стилистикалық бейімделулердің кең тараған көріністерінің бірі – бұл стилистикалық жат
терминдерді «тырнақшалауға» талпыну: It is thus the trademark of the results of new theory. – Ол жаңа
теория нәтижелерінің «фабрика белгісі» болып табылады.
Аудармалардың салыстырмалы талдауы «маңызды» ғылыми мазмұндауларда олар үшін қисынсыз
болып
көрінетін
түпнұсқаның
эмоционалды-стилистикалық
элементтерін
түсіре
отырып,
аудармашылардың аударылып отырған мәтіннің стилистикалық алмасуларын үнемі жүзеге
асыратындығын көрсетеді. Мысалы, dramatic (тиімді, ашық), successful (табыскер, жолы болғыш),
excellent (үздік, өте жақсы) сынды бағалау эпитеттері, орысша аудармасына көбірек жиі көрсетеді: These
conclusions, however, raised other uncomfortable questions. – Алайда бұл қорытындылар бірқатар
сұрақтарды туындатады. Ұқсас тенденция «артықшылық»бейнелілігіне қатысты айқындалады: Modern
technology is growing at a very rapid rate, and new devices are appearing on the horizon much more frequently.
Заманауи техниканың тез дамығаны соншалық, аспаптардың жаңа түрлері бұрынғыға қарағанда жиі
пайда болады. Біздің көкжиегіміз бен көз аямызда пайда болады – мұның бәрі мүмкін, бірақ орыс тілінің
ғылыми мәтіні үшін ерекше бейнелі.
Ағылшын тілі мен орыс тілінің ғылыми-техникалық стильдері арасындағы толықтай дәл келушіліктің
жоқтығын оларда жеке сөйлеу мүшелерін қолданудың салыстырмалы жиілігін оқып-үйрену барысында
көруге болады. Жалпы алғанда ғылыми мазмұндауға атауыштық белгі тән, яғни басқа функциональді
стильдерге қарағанда зат есімдердің кең қолданылуы тән. Ғылыми-техникалық стильдің ағылшын тіліне
де, орыс тіліне де тән сол ерекшелігі біркелкі емес анықтылықта көрініс табуы мүмкін және әртүрлі тілдік
құралдармен айтылады [5: 253]. Біз ғылыми мазмұндауға жоғары қисындылық пен бірізділіктің тән
екенін атап өттік. Келесі пікір бір-бірімен қисындылықтың түрлі қатынастарымен байланысты: бір пікір
басқа бір пікірден туындайды, оны түсіндіреді, онымен себепті, шақтық, кеңістік және с.с. қарым-
Вестник КазНПУ им. Абая, серия «Филология», №1(47), 2014 г.
206
қатынасты орнатады. Бұл ерекшелік ағылшын түпнұсқасымен қатар орыс тіліндегі аудармасында да
айқындалады. Алайда ағылшын тілінде қисындылық қатынастары тек олардың өз мазмұнында ғана
айқындалады және аса көрінбейді. Орыс тілі байланыстың сол және басқа да түрін көрсететін арнайы
сөздер мен кіріспе орамдарды қолдануды артық санайды. Сондықтан да аудармада түпнұсқада жоқ осы
сынды қосымша анықтаулар байқалады.
Таныс емес мәндес терминдер сөздігінің көмегімен аудару қиындық тудырмайды. Бір ағылшын
терминінің бірнеше орыс терминіне сәйкес келуі өз алдына басқа, мысалы: switch – сөндіргіш,
ауыстырып-қосқыш, коммутатор. Бұл жағдайда ұқсастықты ерікті таңдау аталмыш пәнді жақсы білумен
ғана мәжбүрленуі мүмкін. Мына сөйлемді алайық: Most of the modern radio-transmitters can communicate
both telegraph and telephone signals. Аударманың екі нұсқасы болуы мүмкін: Заманауи радио хабарын
таратқыштардың көпшілігі телеграфтық, сонымен қатар телефондық сигналдарды да жолдайды немесе
заманауи радио хабарын таратқыштардың көпшілігі телеграфтық, сонымен қатар телефондық режимде де
жұмыс істеуі мүмкін. Аударманың екінші нұсқасы неғұрлым дұрысырақ.
Аудармашы ағылшын мәтінін аудару барысында орыс тілінің ғылыми-техникалық стиліне тән
формасына иелік ете отырып, тіпті орыс тіліне ағылшын тіліндегі түпнұсқасының арнайы белгілерін
аудармай-ақ автордың ойын толық және нақты жеткізуі тиіс [6: 216]. Ағылшын тіліндегі мәтінде
етістіктің жақтық тұлғасы басым, ал орыс тілінің ғылыми стиліне жақсыз немесе белгісіздік жақтық
тұлғалық орам тән, мысалы: You might ask why engineers have generally chosen to supply us with alternating
current rather than direct current for our household needs. Әдетте үй қажеттілігіне неліктен тұрақты токтың
емес айнымалы токтың қолданылатынын сұрауға бола ма? Түсіндірмелі сипаттағы ағылшын тіліндегі
мәтіндерде қарапайым қимыл-әрекетті білдіру үшін жиі келер шақ қолданылады. Контекстке сүйене
отырып, мұндай сөйлемдерді келер шақта емес, осы шақта аударған қажет.
Ғылыми-техникалық мәтін аудармасын зерттеу нәтижесінде мұндай мәтіндердің басты стилистикалық
белгісі сөйлеуге эмоциональды қанықтық беретін толық айқын элементтердің жоқтығы барысында
материалды толық және нақты мазмұндау болып табылады деген тұжырым жасауға болады. Ғылыми
әдебиеттерде көркем шығармаларда кең қолданылатын метафоралар, метонимиялық транспозициялар
және басқа стилистикалық фигуралар мүлдем кездеспейді.
Ғылыми-техникалық мәтін аудармасы түпнұсқа формасында, мүмкіндігінше түпнұсқа формасына
жақын бойынша ойды тура беруі тиіс. Шегіністер орыс тілінің ерекшеліктерімен, стильдің талаптарымен
дәлелденуі тиіс. Жалпы алғанда аударма түпнұсқаның дәлме-дәл де емес, еркін қайта жазу болмауы тиіс,
әйтсе де екеуінің элементтері де міндетті түрде болуы мүмкін. Түпнұсқаның маңызды ақпаратын
жоғалтпауға жол бермеу керек.
1
Ванников Ю.В. Виды научно-технического перевода: общая характеристика, функции, основные
требования. - М.: 1988.– 89 с.
2
Ванников Ю.В. и др., отв. ред. Ю.Н. Марчук. Научно-технический перевод / - М.: Наука, 1987. –
115 c.
3
Дмитриева Л.Ф. «Английский язык: курс перевода» Москва-Ростов-на-Дону, 2008. – 301 с.
4
Комиссаров В.Н. Слово о переводе-М.: Международные отношения,- 1973. – 182 с.
5
Комиссаров В.Н. Теория перевода (лингвистические аспекты)Учеб.для ин-тов и фак. иностр. яз. -
М.: Высш. шк., 1990. – 253 с.
6
Рецкер Я.И. Теория перевода и переводческая практика. М.: Международные отношения, -
1974.–216 с.
УДК 81
'
373, 001.4
АМЕРИКАНДЫҚ ЖӘНЕ БРИТАНДЫҚ БИЗНЕС ТЕРМИНДЕРІНІҢ
АЙЫРМАШЫЛЫҚТАРЫМЕН ҰҚСАСТЫҚТАРЫ
А.К. Мусагулова -
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті 3 курс PhD докторанты,
Л.Б. Жанаманова -
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті 1 курс магистранты
Аңдатпа:Аталмыш мақала бизнестегі жеке британдық және американдық бизнес терминологиясының немесе
белгілі бір терминологиялық жүйенің аймақтық нұсқаларының болуын анықтау мақсатында британдық және
американдық бизнес терминдерін тіл деңгейінде және сөйлеу деңгейінде талдауға арналған. Қазақ тілі – мемлекеттік
Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Филология» сериясы, №1(47), 2014 ж.
207
тіл, орыс тілі – ұлтаралық қатынас тілі, ал ағылшын тілі – жаңа саясатқа кірудің басты кілті», - деп елбасымыз
айтқандай қазіргі таңда еліміз шетелдермен саяси-әлеуметтік және мәдени қарым-қатынас жасау үстінде.Британдық
ағылшын және американдық ағылшын тілдері ағылшын тілінің екі негізгі жергілікті нұсқасы болып табылады.
Британия мен Америка арасындағы қатынастар әрқашан да күрделі сипатқа ие болған, ол тілдік деңгейде де көрініс
тапқан деуге болады. Бір жағынан, әр ел өз ерекшелігін сақтап, оған көпшіліктің назарын аудартуға ұмтылады, бұл
үдеріс тіл арқылы жүзеге асады. Британдық және американдық банк терминологиясын бөлудің негізі жоқ, бұл жерде
банк терминологиясының британдық және американдық нұсқалары туралы сөз қозғауға болады, өйткені
терминологияның өзегі екі нұсқаға да ортақ болып табылады. Банк терминологиясының британдық және
американдық нұсқалары арасындағы ең елеулі айырмашылықтарды екі елдің банк жүйесіндегі айырмашылықтармен
түсіндіреміз.
Түйін сөздер: британдық бизнес термині, американдық банк термині, дескриптор, перифериялық термин,
аймақтық нұсқа.
Аннотация: Данная статья посвящена анализу функционирования британских и американских терминов бизнеса
на уровне языка и на уровне речи с целью установления, можно ли говорить о существовании отдельно британской и
американской терминологии бизнес или лишь региональных вариантах одной и той де терминологической системы.
Широкое развитие частного предпринимательства на постсоветском пространстве привело к тому, что
экономические термины, прежде употреблявшиеся в узкой сфере государственной экономики, стали употребляться в
повседневном общении и в разговорной речи. В последнне время в казахском языке (как и в русском) появилось
множества иностранных (английских) и интернациональных терминов рыночной экономики, которые не
переводятся или не подлежат переводу, причем некоторые их них имеют соответствия в казахском языке. Такие
конкурирующие синонимы частовстречаются в языке средств массовой информации. Поэтому вопрос создания и
распространения национальной экономической терминологии
это проблема не только экномистов, но также всех
специалистов в области терминлогии.В коммуникативном пространстве независимых государств заметны явления,
которые позволяют говорить о неоднозначности и разнонаправленности развития лексических норм стандартного
языка. Следует отметить не только продолжающуюся и все шире распространяющуюся унификацию терминологии
в разных областях науки и народного хозяйства, но также реконструкцию элементов традиционной языковой
культуры и поиски новых источников концептуализации языковой картины мира: как внутренних, так и внешних .
Достарыңызбен бөлісу: |