УДК: 821.512.122.0
М. ӘУЕЗОВТІҢ ТАШКЕНТТІК КЕЗЕҢІНІҢ СОҢҒЫ ЖЫЛДАРЫ
Б .Т. Иманбердиев -
2-курс PhD докторанты
Аңдатпа: Бұл ғылыми мақалада М.Әуезовтің Ленинград мемлекеттік университетін бітіріп, 1928-1929 жылдары
Ташкентте өткен шығармашылықөмір жолы баяндалады. Мақалада осы кезеңдегі педагог-ғалымныңұстаздық,
зерттеушілік еңбектері тарихи деректер негізінде жазылған. 1929 жылы М.Әуезовтіңұлтшыл ретінде тұтқынға
алуынының негізгі себептері архив құжаттары арқылы дәйектелген. Мақала соңында жазушының ташкентік кезеңде
жазған әдеби–көркем, ғылыми және публицистикалық шығармалары берілген.
Кілт сөздер: ташкенттік кезең, әдеби орта, ұлттық нақыш, тарихи бейне, ұлтшылдық, шығармашылық өмір
жолы, әдеби–көркем туынды, жазушы ұстанымы.
Аннотация:Встатье речь идет о драматическом периоде жизни М. Ауэзовав Ташкенте в 1928-1929 гг. В статье
педагогические и исследовательские труды педагога-ученого рассматриваются на основе архивных материалов.
Кроме того, предметом нашего внимания является ложные обвинения. В этой стаьте рассматриваются ташкентский
период жизненно-творческого пути М.Ауэзова. М. Ауэзова в национализме и его арест. В заключительной части
статьи проанализированы худежественные, научные и публистические произведение писателя, который были
написанны им в Ташкенский период.
Ключевые слова: ташкентский период, литературная среда, национальный колорид, исторический образ,
творческий жизненный путь, литературно-художественный произведение, принцип писателя.
Abstrats:
this
scientific
article
describes
creative
life
of
M.Auezov,
how
he
graduated
the
LenengradGovermnentaluniversity and situated in Tashkent from 1928 till 1929. Scientific techer’s scientific work was made
in accordance with historical actions. In 1929 M.Auezov was detained as a nazist this fact is proved by archives. In conclusion
athor described artly – literary, scientific and publicistic thinks which had been written in Tashkent. Article describes
Tashkent period and creative life of M.Auezov.
Keywords: Tashkent period, literary environment, natiomalcolorit, historical image, nationalism, creative course of life,
artly – literary works, principle of the writer.
1928 жылы М.Әуезов Ленинград мемлекеттік университетін редакция-баспа ісі мамандығы бойынша
тәмамдап, 5 тамызда толтырылған № 2041 дипломды қолына алған соң, Ташкентке көшкен.Көшкен
деуіміздің мәнісі өз естелігінде Валентина Әуезова: «С сентября 1925 года по май 1927 года Мухтар
Омарханович жил в Ленингарде на Васильевском острове.С ним вместе жили Алькей Маргулан и
Мухаммед Хабибулин из Семипалатинска...Осенью 1926 года мы решили соеденить наши жизни»,-деп
жазғанындай, ол кезде жаңадан шаңырақ көтерген М.Әуезов әйелі мен ұлы Елдесті алып, тамызда
Ташкентке келеді.Ташкентте олар Салар өзенінің жағасындағы Орман техникумының ауласында
орналасқан үйге қоныс тебеді.Ләйлә да осы жерде дүниеге есігін ашқан.Алғашында Орта Азия
мемлекеттік университетінің ғылыми қызметкері болып жұмысқа қабылданған М.Әуезовтің келешек
ғылыми жұмыстармен айналысуы, аспирантурағабқабылдануы үшін университет директоры Сегаль
Қазақ өлкелік партия комитетінен ресми рұқсат сұраған. 1929 жылы 21 ақпанда ВКП (б) Қазақ өлкелік
партия комитетінің үгіт-насихат бөлімі меңгерушісінің орынбасары Н.Мартыненконың Сегальдың атына
жазған: «Только за последние годы замечается некоторый сдвиг в его мирвозрении, дающий возможность
Вестник КазНПУ им. Абая, серия «Филология», №1(47), 2014 г.
110
судить о нём, что он отказываетсся от прежних своих буржуазно-националистических устремлений.Это
обстоятельство, а также отсутствие казахских литературных кадров убеждает нас дать согласие на
занятие тов. Ауэзова должности научного сотрудника САГУ» [1],-деген жауап хатын алған соң ғана
университеттің Басқарма мәжілісінің шешімімен аспирантураға қабылданған.Бұл жайында М.Әуезов
музей-үйінің архивінде: «Выписка из протокола №6. Заседания Правления Среднеазиатского
Гос.Университета от 10-го марта 29 г. Гор.Ташкент:8. Утвердить тов. Ауэзова аспирантом по кафедре
турецкой филологии (казаховедение), 10.ІІІ.29 г.» [2] деген құжат сақталған. Аспирантурада М.Әуезовпен
бірге Қ.Кемеңгерұлы және Е.Омаров оқыды.Мұны 1929 жылдың 1-маусымындағы САГУ-дің
бюллетеніндегі
мәліметте
жазылған:
«М.Ауэзов–по
кафедре
турецкой
филологии/восфак,
Х.Д.Кеменгеров-по кафедре туркологии/восфак, Э.О.Омаров- казахский язык/востфак, сельфак»[3] деген
деректер растайды.М.Әуезовтің Халық ағарту институтына қазақ және орыс әдебиетінің оқытуышысы
болып кіріскен кезі – 1928 жылдың 25желтоқсаны.Бұл жайында да М.Әуезов музей-үйінің архивінде:
«25 декабря. Казахский Институт Просвещания,
25 декабря, 1928 г., № 267.
Управление САГУ.
Тов. Ауэзов прикомандирован в Казинпрос в качестве штатного преподавателя в начале в настоящего
учебного года.Постановлением Коллегии Казнаркомпроса и ведёт русской и казахской литератур.
Заведущий учебной частью Казинпроса Буралкиев.
Секретарь Леонтьева»[4] деген құжат сақталған.
М.Әуезов 1927-1930 жылдары жаз айларында Жетісу, Қырғызстан жерлеріне ғылыми
экспедициялармен бірнеше рет барғанын айғақтайтын В.Н.Әуезованың, Ф.Габитованың естеліктері мен
САГУ-дің берген Куәліктерінің архивтік көшірмелері бар. Экспедициялардағы жиналған материалдар,
осы жерлерде көзбен көрген жайлар, естіген деректер негізінде ол осы кезеңдерде «Хан Кене» пьесасын
жазып, «О сказателях и слушательской среде Манаса» атты диссертациясының алғашқы тарауын
аяқтаған.Жазушы шығармашылығының орыс тілінде Одақ көлеміне, сол арқылы кейін әлемге
таралуындағы алғашқы еңбектің иесі – С.Сәдуақасұлы.Ол кісі 1927 жылы қыркүйекте Ташкентте жүріп
орыс тілінде «Молодой Казахстан» атты жинақ даярлап, оған М.Әуезовтің, Ж.Аймауытұлының,
Б.Майлиннің әңгімелерін аудартып енгізген.Жинақ 1928 жылы Москвадағы «Огонёк» баспасынан жарық
көрді.Арада бір жыл өткенде С.Сәдуақасұлының даярлауымен 1929 жылы Москвада «Литературная
энциклопедия»да жарыққа шықты. Ол кезде С.Сәдуақасұлы Москвадағы Теміржол транспорты
институтында оқитын.Міне, осы энциклопедия жарық көргенде Қазақстанның коммунистік белсенді
қызметкерлері «Советская степь» газетінде оған қарсы мақала жазып, мақаланы «Правдада» басуды
сұраған. Онда:«Әдебиет энциклопедиясында»: «Ол қазіргі замандағы аса көрнекті жазушы, оның көркем
шығармалары таңғажайып дәлдігімен және тарихи шындығымен дараланады»-деп жазылған. Біздің
ойымызша, бұл сыпайылап айтқанда, Әуезовтің өзін де, оның творчествосын да білмеу, түсінбеу боп
табылады.Біріншіден: Колчактың тұсында, «Алашорданың» шығыс бөлімінің белсенді қайраткерлерінің
бірі ретінде Әуезов Колчакқа қарсы күреспеді, күрескісі де келмеді, керісінше, сол кездегі бүкіл
«Алошорда» үкіметі, оның ішінде Әуезов, Колчакпен одақтаса отырып большевиктерге, кеңес өкіметіне
қарсы күрескені белгілі...Бірақ та, кеңес өкіметі орнаған соң Әуезов сол жаққа шығып, партияға өтті
де,КирЦИК-тің хатшысы міндетін атқарды, алайда, бұған қарамастан, Әуезов саясатта да, әдебиетте де
буржуазияшыл ұлтшыл – қазақ байларының идеологы болып қала береді...
«Әдебиет энциклопедиясының» редакция алқасы жіберген қателіктерді түзету мүддесін көздеген
біздің бұл пікірімізге «Правданың» бетінен орын беруіңізді өтінеміз»
Коммунистік сәлеммен:О.Исаев, Ә.Құрамысов, Ғ.Тоғжанов, С.Сапарбаев, О.Жандосов, Х.Жүсіпбеков,
А.Байдилдин»-деп жазған.
Ал осының алдында ғана, яғни 1929 жылы 21-ақпанда С.Сейфуллин бастатқан Қазақ халық ағарту
институтының коммунистік фракциясының мәжілісінде: «Заседания Комфракции при Казинпросе о
снятии с должности Ауэзова М.О.» [5] деген құжат қабылдап, онда М.Әуезовті сабақ берудің марксистік
жолын бұзушы ұлтшыл ретінде жұмыстан шығарған.Дегенмен, Халық ағарту комиссариатының
коллегиясы бұл шешімді дәлелдерінің жеткіліксіздігінен бұзып, оның қызметін қалпына келтірген.Ол
құжат мынау:
«12 марта, 1929 г.
Постановление коллегии Наркомпроса о восстановлений в должности преподавателя Ауэзова М.О.
Ознокомившись с решением Комфракции ташкентского Инпроса по предположению фракции
Коллегия НКПроса постановлет:
Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Филология» сериясы, №1(47), 2014 ж.
111
1. Снятие с работы преподавателя литературы Ауэзова считать неуместным фактом, нарушающим
преусмотренным законом и колдоговором положение не увольнять в середине года.
2. Мотивы к снятию не веские, где указываются отступления Ауэзова, которые легко могут быть
устранимы вмешательством педагогическогот Совета, а этого в течение полугода совсем не было.
3. Впредь подобные решения непременно должныт быть санкционированы Наркомпросом.
4. Предложить директору Инпроса востоновить в пержней должности преподавателя Ауэзова.
Наркомпрос Оликов
Управделом Сайдузов »[6].
Кеңес өкіметінің нығайып, елде оқу-ағарту жұмыстары мен баспасөз ісінің өркендеуіне, жаңа
қоғамдық қатынастағы жаңа ұғымдардың, техника мен өндірістегі жетістіктердің ұлғаюуына
байланыстыжалпы халықтық тілге еніп жатқан сөздер мен ұғымдарды ғылыми-лингвистикалық тұрғыда
бекітуді көздеген Уақытша терминологиялықкомиссия құрылды. Оның төрағасы
М. Әуезовтің ғылыми жетекшісі, доцент М.Ф.Гаврилов, ғалым-хатшысы аспирант М. Әуезов болды.
Уақытша терминологиялықкомиссиясының құрылу тарихы жайлы Ташкент мемлекеттік архивінде
сақталған құжатта: «По предложению деканата Восточного факультета САГУ об образовании
специальной постоянно действующей комиссии по разработке научных и иных терминов, входящих в
соответствующие литературы на языках местных корренных национальностей Советской Средней Азии,
была создана временная терминологическая комиссия. Председателем комиссии был избран доцент
востфака М.Ф.Гаврилов, ученым серетарем-аспирант М.Ауэзов, которому было поручено составить и
разработать список учреждений, организаций и лиц для вовлечения их в работу терминологической
комиссий»[7]-деп жазылған. Осы терминологиялық комиссияның мәжілістерінде қазақ тілінің сөзжасам,
орфография, орфоэпия, терминологиясына қатысты кейбір күрделі мәселелерде ұлтымыздың ташкенттік
әдеби-ғылыми ортадағы дарынды азаматтары М.Әуезов, Е.Омаров, Қ.Жұбанов, Қ.Кемеңгерұлы, т.б.
ешқандай атақ, беделге жалтақтамастан, принципті түрде пікірталастарға барып, өздерінің дұрыс
тұжырымдарын өткізе білгендерін дәлелдейтін деректер мол.
1929 жылдың 10 наурызынан 1930 жылдың 17 қыркүйегінде түрмеге қамалғанға дейінгі аралықтағы
аспирант ретіндегі ғылыми қызметіне қатысты М.Әуезовтің 1930 жылы 18 наурыз бен 30 наурызда
жазған екі есебінің нұсқасы сақталған.Соның алғашқысы мен ғылыми жетекшісі М.Ф.Гаврилов жайлы
профессор М.Мырзахметұлының: «САГУ-дің аспиранты» атты жан-жақты ғылыми дәйекті түрде
жазылған еңбегі бар.Ал, М.Әуезовтің аспиранттық жұмысының екінші жазған есебінің нұсқасы «Жизнь и
деятельность представителей казахской национальной интеллигенции в Туркестане» атты құжаттар мен
материалдар жинағының І бөлімінде толық берілген.
М.Әуезов 1930 жылдың 1 қазанында Ташкентте тұтқындалып, Алматыдағы Тастақ түрмесіне
айдалды. Бұл турасында архив құжатында:
«Приказ № 323 САГУ от 24/ХІ.1930 года.
...5.Аспирантов Ауэзова и Кеменгерова снять с аспиантуры, Кошкинбаева с ассистентом педфака
САГУ и снять с оплаты со дня их ареста-1/Х.1930 года.
Оснавание: Представление зав. педагогического факультета.
Директор САГУ Сегаль »[8],-делінген. М.Әуезовке ұлтшылдық көзқарасты жүргізу үшін астыртын
Кеңес қызметіне өткен, «Алқа» атты құпия ұлтшылдық әдеби кружоктың жұмысына белсене араласқан,
контрреволюциялық пиғылдағы адамдарды мемлекеттік аппаратқа ендіруге күш салған деген айыптар
тағылды.
Қазақ әдебиетінің алыбы,кемеңгер ғалым М.О.Әуезов 1932 жылы 20 көкекте Қазақстандағы біріккен
саяси Бас басқарма жанындағы Үштіктің мәжілісі шешімімен үш жылға сотталып,оның қалған бір жарым
жылын бақылауда жүріп өтуге үкім етіліп,7 мамыр күні бостандыққа шықты.
М.Әуезовтің қаламынан 1922 жылғы 23 қыркүйектен бастап, 1930 жылы 1 қазанда қамауға алынғанға
дейінгі аралықтағы Ташкент қаласы мен ташкенттік әдеби ортада өткен шығармашылық өмір жолында
жазып, жарияланған 20 әңгіме, повестері («Қыр суреттері», «Оқыған азамат», «Қысқы түн», «Қыр
әңгімелері», «Кім кінәлі», «Қысқы күнгі дала», «Сөніп-жану»,«Текшенің бауырында» «Түнгі ауыл»,
«Үйлену», «Барымта», «Бүркіт аңшылығының суреттері»,«Жуандық», «Жетім», «Қилы заман», «Қараш-
Қараш оқиғасы», «Көксерек», «Кінәмшіл бойжеткен», «Қаралы сұлу», 4 пьесасы («Қаракөз», «Бәйбіше-
Тоқал»,
«Еңлік-Кебек»,
«Хан
Кене»),
2
аудармасы
(«Жердің
жаратылысы
туралы
әңгімелер»(Ю.Вагнерден), «Чусовойдағы бурлактар» (Мамин-Сиберяктан)), 23 зерттеу еңбектері мен
мақалалары («Қазақ әдебиетінің қазіргі дәуірі», «Қазақтың қалам қайраткерлеріне ашық хат», «Қызыл
сұңқарлар туралы», «Халық әдебиеті туралы», «Әдебиет ескілігін жинаушыларға», «Бәрекелде» деді ме
Вестник КазНПУ им. Абая, серия «Филология», №1(47), 2014 г.
112
екен?», «Қазақша жазу қазақ сөздерінің кез-келгенін құрастыра беру ғана емес», «Қобыланды батыр»,
«Шаншар» журналы», «Жалпы театр өнері мен қазақ театры», «Қазақстан мемлекет театры», «Көркем
әдебиет туралы», «Қазақ әдебиетінің тарихы», «Аймақ тану,білім арттыру», «Бөлім мақсаты», «АТУ-дың
оқушылары мен оқытушылары», «Жеткіншек.Ересек жастар мектебіне арналған оқу құралы», «Қазақ
шаруа-жастар мектебіне арналған программа және түсініс хаттар», «Қазақстандағы ұлттар»,«Қазақ
жастарының міндеттері», «Русский букварь для казахских детей», «Аймақтану,білім арттыру», «Новый
аул: вторая книга для чтения по русскому языку для казахских детей школ І ступени»), 12 әдеби
нұсқалары («Абайдың басылмаған сөзі», «Абайдың кейбір өсиет сөздері», «Абылай орыспен соғысамын
дегенде Бұқар жыраудың айтқан бір толғауы», «Айтаңсықтың қоштасқаны», «Бұқаржыраудың сөздері»,
«Бұқар жыраудың Керейге айтқан сөзі», «Жаман бақсының сарыны», «Жаман сарт сарыны», «Күдері
қожаның Қарқаралы тауымен қоштасқаны», «Мәлике қатын мен Тоқтамыс би», «Сыбан Ақтайлақ би»,
«Сыбан Сабырбай ақынның төреге айтқан сөзі») дүниеге келді.
1
Архив Президента РК, ф. 141, оп. 1, д. 2407, л. 121.
2
Архив НЦК «Дом Ауезова», п.628, л.2.
3
Бюллетень САГУ. 1929, 18-кітап, 150 бет.
4
Архив НЦК «Дом Ауэзова», п.628, л.3.
5
Фонд 81, опись 2, дело 23, л. 122-123.
6
Фонд 81, опись 2, дело 23, л. 124.
7
ТГА, ф. Р-38, оп.1, д.358, л.1.
8
ТГА, ф. Р-38, оп.1, д.358, л.15.
ӘОЖ 378.016:821.512.122.
Ә.НҰРШАЙЫҚОВ ШЫҒАРМАЛАРЫНЫҢ ЗЕРТХАНАСЫ
А.Д. Ибраева - филол.ғ.к.,
Абай атындағы ҚазҰПУ-дың қазақ әдебиеті кафедрасының аға оқытушысы
Аңдатпа: Мақалада Ә.Нұршайықовтың шығармаларының жазылу тарихы қарастырылған. Жазушының өзінің
айтқан пікірлері романның жазылу тарихын қарастыруда негізгі дерек ретінде пайдаланылды. Кейіпкерлерімен
кездескені, өмір дерегін қай арнадан алғанын қаламгер жан-жақты өзі айтып өтеді. Жазушының күнделік жазуы
оның шығармашылық зертханасының ерекшелігі ретінде қарастырылды.
Тірек сөздер: шығармалар, тақырып, көркемдік ерекшелік, шығармашылық зертхана, күнделік, түптұлға
Аннотация: В статье рассмотрена творческая история создания произведений А. Нуршайыкова. В процессе
изучения создания романа мнение писателя использовано как одно из основных сведений. Писатель подробно
рассказывает о встрече с героями своих произведении и о жизненных фактах, которые послужили основой для его
произведений. Ведение писателем дневника рассматривается как особенность его творческой лаборатории.
Ключевые слова: произведения, тема, художественная особенность, творческая лаборатория, прототип
Abstract: In this article the history of the creative works of A. Nurshayykova. During the study of the novel the writer's
opinion is used as one of the basic information. Writer recounts a meeting with the heroes of his work and life facts that
formed the basis for his works. Keeping a diary writer regarded as a feature of his creative laboratory.
Keywords: work, theme, art feature creative laboratory prototype
Халық жазушысы Әзілхан Нұршайықов қазақтың өнернамалық ғұмырында қалам қарымының
өлшеусіз байлығымен қоса көрініп,қазақ әдебиеті тарихында ойып алар орнын нәзік лиризммен,ұлы
романтизммен эпикалық шыңымен бағындыра білген.Замана сазының көшімен сонау өз кезеңінде
халықтық ахуалмен дәуір келбеті,жастар бейнесі мен махаббат мәселесі, майдангер бейнесін
шығармашылығына арқау еткен.
Оның
шығармашылық ғұмырнамасына тоқталар болсақ:
«Алғашқы очерк,әңгімелер жинағы «Алыстағы ауданда» деген атпен 1956жылы жарық көрген.
Алпысыншы жылдардан бастап біржола көркем прозаға ауысты. Жиырмадан астам кітабы шыққан:
«Махаббат жыры» (повестер, 1964), «Тоғыз толғау» (1977), «Автопортрет» (әдеби портреттер, 1977),
«Махаббат қызық мол жылдар» (1970) романы және «Ақиқат пен аңыз»(1976) роман-диологі, «Екі
естелік» (1985), «Жамбылға хат» атты әскери естеліктері (1996), «Қаламгер және оның достары»
эпистолярлық романы (2000), «Өмір өрнектері» әскери күнделігі (2000), «Мәңгілік махаббат жыры»
прозалық поэмасы (2003), «Боздақтар» (2005) кітабы.
«Махаббат жыры» деп аталатын алғашқы повесі де бірінші рет «Семей таңы» газетінің бетінде жарық
көрген. Бас кейіпкері жазушының жауынгер досы, Ұлы Отан соғысының қаһарман солдаты,1943жылы
Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Филология» сериясы, №1(47), 2014 ж.
113
неміс фашистерінің танктерімен жекпе-жек атыста екі көзінен бірдей айрылып,алпыс жыл бойы зағиптық
ғұмыр кешкен ерен ер азамат Әділхан Құсайынов. «Махаббат,қызық мол жылдар» романының бас
кейіпкері Меңтай (Нұрғамила Нұрбосынова) университетте жазушымен бірге оқыған курстастарының
бірі.Шығыс Қазақстан облысына қарайтын Ұлан ауданының қызы. Ұлы Отан соғысында үш ағасы бірдей
опат болған. Соғыстан келген Ерболға конспектісін жазып беріп, көмектесетін себебі сол. Соғыста жүрген
майдангерге жар болуға уәде берген. Кейін сол жігітке тұрмысқа шыққан. Жазушы ұзақ уақыт журналист
болған. Тек қана журналистика жанрларымен: бас мақала, сын мақала, очерк, рецензия жазумен
шұғылданып, әңгімені ауызша айтатынмын-деп көрсетеді жазушының өзі. Ауызша айтатын әңгімесніің
тақырыбы лирикалық, сатиралық, әзіл-қалжың түрінде боп келе беретін. Ұзақ жол жүріп келе жатып
машина ішінде, дастархан басында, демалыс үйінде тынығушылар арасында айтатын ондай әңгімелерінің
бірнешеуін атайды. Олар «Ботагөз», «Жемпір», «Әтір», «Алтын сағат», «үлкен жазушының жанында»,
«Аупартком секретары туралы баллада», «Қызыл көрпе» т.б. болатын. Осылардың бірсыпырасын кейін
жолдастардың кеңесімен қағазға түсіріп, газет-журналдарда жариялаған. Кейбіреулері кітапқа да кіріп
кетті. Тек сонау 1945-49жылдардағы студенттік өмірдің бір сәтіне ғана құрылып, кейін әлденеше рет
өңделіп, жөнделіп, толықтырылған «Қызыл көрпе» әңгімесі ұзақ уақыт қағазға түсірілмей ауызша
айтылумен келді. Оның қысқаша мазмұны мынадай еді: соғыстан келген солдат-студент өзімен біірге
оқитын қызды сүйеді. Қыз да жігітті жақсы көреді. Жігіт сөз айтқанда қыз басқаға беріп қойған уәдем бар
еді, оны қайтемін деп қиналады. Жігіт қыздың уәдесін бұздырмайды. Содан кейін ол сырттай оқуға
ауысып кетеді. Бұл әңгімені мен ауызша ең соңғы рет 1968жылы 7-ноябрьде белгілі тіл маманы Әйтім
Әбдірахмановтың үйіне жиналған көп адамның алдында айттым. Сонда ақын Ғафу Қайырбеков орнынан
тұрып, құттықтап қолымды алды да:
-Осы айтқаныңыз қағазға түскен бе?-деп сұрады.
-Жоқ.
-Қағазға түсіресіз бе?
-Түсіремін.
-Ендеше,тез қағазға түсіріңіз,әйтпесе мұны мен поэма етіп жазып қоямын...
Студент кездегі блокноттардың беттерін ақтардым. Ақтара отырып бұл жайды өзім жазбасыма
болмайтынын және түсіндім. Күндіз-түні соны қағазға қалай түсіруді ойладым. Қандай қосалқы оқиғалар
жанастыру жағын іздестірдім. Ақыры сол жылдың декабрінде демалыс алып,осы әңгімені қағазға
түсіруге отырдым»- деп жазады қаламгер.
Жазушы өзінің журналист екенін,өмір бойы кеңседе қызмет істеп келетіндігін көрсетеді. Кәсіби
жазушылардың журналист жазушылардан артықшылығы олар кеңседе қызмет істемейді,тек қана
творчествомен шұғылданады. Ондай мүмкіншілігі болмаған қаламгер шығармаларын тек қана жыл
сайынғы кезекті демалысында жазатынын көрсеткен. Алғашқы
жоспарым
бұрын
жарияланған
«Махаббат жыры», «Ботагөз», «Әсем», «Ескі дәптер» енді «Жастық жырын» қосып,замандастар жайлы
шағын бес повестен құралған роман жасау болды. Осы арада бұл шығарманың қай жақтан баяндалатыны
да белгілі боп қалды. Өйткені,оған дейінгі шағын повестердің бәрі де бірінші жақтан баяндалатын.
Солардың бір бөлігі болғандықтан, мұны да солай етудің қажеттігі айқындалды.
«Бұған дейін де мен бұл әңгімені қағазға түсіремін деп бір-екі рет талаптанған болатынмын. Бір рет
бастағанымда журналист Ербол Алматыдан келген жазушымен екеуі тың жерлерді аралап жүріп,
аупартком председателінің кабинетінде қонады. Сонда Ербол астана жазушысына өз өмірін баяндап
беретін. Екіншісінде ол кабинетте емес,далада,машина ішінде баяндалатын. Ал,үшінші жолы, оны
кабинетте де емес, машина ішінде де емес, өзен жағасында шопан үйінде жатып баяндайтын еттім. Бірақ
кітап біткеннен кейін оның басталуын тағы да өзгертуге тура келді. Біз кездескенімізде жазушы
Мырзабек Дүйсенов екеуміз романның жалпы атын не деп қоюды ақылдастық. Ол «Махаббат, қызық мол
жылдар» деп қоюға кеңес берді. Осыған тоқтадық. Осы атпен «Жазушы» баспасының 1970 жылғы
жоспарына 15 баспа табақ роман беремін деп мен заявка тастадым.
Ал, ауызша айтқанда 20-30минутта
аяқталатын «Қызыл көрпе» әңгімесі «Жастық жыры» деген атпен қағазға түсе бастағанда шағын повесть
көлеміне сыймай, шырқап кетті. Бір ай демалысымда оны бітіре алмадым. 1969 жылдың басында тағы да
бір ай демалыс алып, тапжылмастан отырдым. Онда да бітпеді. Жазған сайын жаңа линиялар қосылып
шығарманың арқауы қалыңдай берді. Бұрын әңгіме бір ғана Меңтай мен Ербол арасында ғана болса, енді
оған Ербол-Сәлима, Бүркітбай-Сәлима, Тұмажан-Меңтай, Заман-Тана линиялары қосылды. Белгілі бір
дәуір-Отан соғысы кезінің қиындығы, одан кейінгі ауытпалық туралы шығарма жаза отырып,сол кезге
тән бұл оқиғалардан аттап кете алмайтын болдым. Оның үстіне Меңтай мен Ерболдың олардың
қасындағы жанама кейіпкерлерді сол 40-жылдардың дәрежесінде қалдыру керек пе деген сұраққа да көп
Вестник КазНПУ им. Абая, серия «Филология», №1(47), 2014 г.
114
ойлануға тура келді. Қалдырсам, 70-жылдардың жастарына олар ұнай ма? Бұл кітаптың оқырмандары сол
Меңтай мен Ерболдың, солардың тұстарының балалары болады. Олардың әке-шешелерінің махаббатын
әрі таза күйінде, әрі өздеріне үлгі ете көрсету міндет. 1969жылдың басында алған демалысымда
шығарманы аяқтай алмаған соң сол жылдың декабріне дейін жұмыс істей жүріп,кештетіп үнемі соған
үңілумен болдым. Ақыры 1969жылдың аяғында бір айлық кезекті демалысымды алып, 1970жылдың 19
январында кітаптың соңғы нүктесін қойдым.
Кітаптың әр тарауын жеке новелла етіп аяқтап отырдым. Шамасы келсе, әр тарау келесі тарауға
жетекші болсын. Шамасы келмесе,біткен бір тарау өз алдына жеке әңгіме сияқтаныпқалсын дедім.
Өйткені осы күнгі оқушының кез келген романды басынан аяғына дейін оқып отырарлық мұршасы жоқ.
Қолына тиген романның бір тарауын оқып,тартпаса тастай салуы дамүмкін. Мен кітабымның ең жоқ
дегенде оқушы шыдамы жетіп оқыған тарауы ойында қалуына тырыстым. Ол үшін оның оқиғасы
қызықты,тіл тартымды –екеуі де өмірдің өзінен алынған шындық болуына көп назар аудардым.
Бірсыпыра тарауларды кейін қайталай көшіріп, ондағы оқиға, сезім, сөз шындығын үнемі тексеріп
отырдым. Кей күндері жаңа материалдан 3-4бет жазсам, кейде жарты бетті толтыра алмай, қиналған
шақтарым да болды. Әсіресе оқушының көз алдында картина тәрізді болып қалса-ау деген тұстар тұтқыр
тарта берді.
Кітапты жазуын жазып бітірсем де қолжазбамды жолдастарға көрсетуге қорқып жүрдім. «Ұнай
ма,ұнамай ма? Ұрсып тастамай ма?»деп қымсындым. Оны алғаш оқып, пікір айтқан,көңілімді демеп,
буынымды бекіткен ақын Мұзафар Әлімбаев болды.
«Жастар жыры» біткен соң оған бұрынғы повестерді қосуға болмай қалды. Өйткені, жалғыз осының
өзі баспа жоспарындағы көлемнен көбіректеу боп шықты. Енді мұны жеке кітап етіп шығаруға тура келді.
Тек «Жастық жыры» деген аты өзгертіліп, баспаның жоспарында көрсетілген «Махаббат, қызық мол
жылдар» деген атпен шығып, «роман» деп аталатын болды. Сонымен, осы кітаптың түбіне бірінші рет
фамилиям жазылды»- деген болатын жазушының өзі.
Ал «Ақиқат пен аңыз» атты кітабыңызға арқау болған Бауыржан Момышұлымен таныстығы туралы
автордың былай деп көрсетеді. – «Ең алдымен 1943 жылғы «Знамя» журналының №5, 6 сандарында
жарияланған Бауыржанның батальоны туралы Александр Бек деген жазушының повесінен Баукеңнің
атымен таныс болдым, бұл шығарманы мен күндіз күннің жарығымен, түнде айдың сәулесімен оқып
шықтым. Осы арқылы менің батыр Баукеңе деген ықыласым мен қызығушылығым артты, ол кісінің
тұлғасына сондай сүйіспеншілікпен, құрметпен қарай бастадым.
Ал ең алғаш түр-тұлғасын көргенім — 1958 жылы Мәскеуде өткен қазақ әдебиеті мен өнерінің
онкүндігі кезінде еді. Павлодардағы облыстық газеттің редакторы ретінде бұл шараға шақырту бойынша
барсам, онда менің «Махаббат, қызық мол жылдардағы» кейіпкерім Жомартбек — Мырзабек Дүйсенов
те бар екен, екеуміз Қазақстаннан келгендерге бөлінген «Киев» қонақүйінің бір бөлмесіне орналастық.
Орналасып болысымен қыдырып келейік деп сыртқа шықтық. Қонақ үйдің алдында сұңғақ бойлы,
ұзын пальтосы мен папахасы бар бір кісі әрлі-берлі жүр екен. Ол кісіні көре сала менің досым, «жүр,
Баукеңе сәлем береміз» деді.
Бұған дейін түрін көрмегендіктен мен оның атақты Бауыржан екенін білмедім. Қасына барып
амандасқан бізге Баукең одырая қарап: «Сендер кімсіңдер?» деді. Мен өзімді және жолдасымды
таныстырып едім, «не шаруаларың бар?» деп сұрады.«Басты мақсатымыз — сәлем беру, рұқсат етсеңіз
суретке түссек», дедім.Баукең менен «соғыста болдың ба?» деп, майданда қай жерде болғанымды
тәптіштеп сұрап алды. Менің соғыстан келгенімді естіген соң рұқсатын беріп, екеуміз суретке түстік.
Мырзабектің де ол кісімен суретке түскісі келіп тұр, осыны айтып едім, «ол соғысқа барды ма?» деп
сұрады.«Жоқ» деп едім, «онда барыңдар, айда, мен соғыста болмағандармен суретке түспеймін» деді. Бұл
Баукеңді алғаш көруім және тілдесуім еді. Одан кейін ол кісінің 60 жылдығы тұсында Қазақ совет
энциклопедиясында қызмет істеп жүрген маған «Жұлдыз» журналы Баукең туралы 6 беттік мақала
жазуды тапсырды.Мен бұл тапсырмадан азар да безер болып қашып, одан сұхбат алуға жұмсағанша,
зоопарктегі арыстанның жалын сипауға жіберіңдер дедім. Олай дейтін себебім, ол кісінің бұған дейін
талай журналистерді қуып жібергенін естігенмін.Бірақ Рахметолла Райымқұлов, Тілек Жәкешев деген
сыйлас ағаларым жалынғандай болғасын амалсыз келістім. Содан бір ай бойы ол кісінің өз жазғандары
мен ол туралы жазылғандарды түгел оқып шығып, 60 сұрақ дайындадым да, үйіне бардым. Баукең ас
үйінде шәй ішіп отыр екен, әскердегіше «здравия желаю» деп амандасып кірдім.«Не шаруа?» деді ол.
Мен келуімнің мәнісін түсіндіріп, «Сіз туралы біраз авторлар жазыпты, өзіңіз де біраз жаздыңыз, енді
маған не жазу керектігін сізбен ақылдасайын деп едім» дегенім сол еді, оның қабағы түйіліп, мұрты
едірейіп, шашы тікірейіп: «Сонда саған мақаланы мен жазып беруім керек пе? Кругом..!» деді.Мен жалт
Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Филология» сериясы, №1(47), 2014 ж.
115
қарап бұрыла бере: «Бауке, дат!» деп едім, сол сөз ұнап кеткен болу керек, мырс етті де: «Айтқын!» деді.
«Мен теріс қарап тұрмын ғой, бұрылуға рұқсат етіңіз» дедім, «Бұрылғын!» дегесін, оң қарап жөнделіп
алдым да: «Сіз менің сұрақтарыма жауап берсеңіз мақаланы өзім жазамын» деп сарт-сұрт басып бардым
да сұрақтарымды қолына ұстаттым.
Төрт беттік сұрақтарды парақтай бастаған Бәукеңнің жүзі жылып: «Это серъезно, садись» деп алдында
тұрған орындықты нұсқады. Сол отырғаннан 4 жыл отырып, «Ақиқат пен аңызды» жазып шықтым, ол
үшін Абай атындағы Мемлекеттік сыйлықтың иегері болдым.Оқырман қауым Баукең екеуміздің
арамыздағы осы диалогты одан ары жалғастыруды тілек етті. Алғашында Баукеңмен 12 сағат
әңгімелесіп,оның өз аузынан 26 бет дерек жазып алған едім. Кейін екеуміз бірде ауруханада, бірде көшеде
кездесіп,диалогты там-тұмдап одан әрі жалғастырдық. 1975жылдың басында роман-диалогты аяқтап,
«Жазушы» баспасына тапсырдым. Кітаптың жазылу кезеңі осылай аяқталды.
Шығарманың жазылу тарихына байланысты деректерді қаламгердің өзі сұхбаттарында,
мақалаларында, сөйлеген сөзі, қойын кітапшаларында анық жазып, айтып отырған. Бұл жазушының өзге
суреткерлерге ұқсамайтын қыры болып табылады. Белгілі бір туындының шығармашылық тарихын
зерттеуде мұндай деректер негізгі мәлімет көзі ретінде құнды. Сондай-ақ қаламгер келбетін айқындауда
суреткердің өз толғанысы зерттеушіні құр болжамға ғана емес, анық шынайы қорытындыға әкелетіні
белгілі. Мұндай деректер оқырман қауым үшін қажет, шығармашылықтың құпиясын тануға үлкен
ықпалы болары анық.
1
Нұршайықов Ә. 4том Шығармалар жинағы. - Алматы:Жазушы,1992. - Т:1: роман, повесть және
әңгімелер. 432б. Т.2: Роман, майдан жазбалары мен эсселер. 448 б.
2
Нұршайықов.Ә. Өмір өрнектері: Әдеби күнделіктер.1-кітап. - Алматы: Өлке, 2000. - 608 б.
3
Нұршайықов.Ә. «Оққа ұшқан газет» // Дидар.2001.16 қазан.
4
Нұршайықов.Ә. «Ақиқат пен аңыз»: Роман-диалог. Алматы: Жазушы, 1976. - 384б.
Достарыңызбен бөлісу: |