Хабаршы вестник



Pdf көрінісі
бет41/56
Дата12.02.2017
өлшемі4,46 Mb.
#3969
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   56

Бимаганбетова А.К. 
Халықаралық қазақ-түрік 
университеті, аға оқытушы 
Түркістан қаласы 
Базарбаев Қ.Қ. 
Халықаралық қазақ-түрік 
университеті, PhD докторант 
Түркістан қаласы 
 
Түйіндеме 
 
 Бұл мақалада жалпы білім беретін мектептерде мүмкіндігі шектеулі балаларды инклюзивті оқытудың 
теориялық негіздері туралы айтылады. Инклюзивті мектептер барлығына да ашық - әрбір жас балаға және 
жасөспірімдерге. Инклюзивті мектептер барлық балаларға, олардың ақыл-ой, психологиялық, әлеуметтік, 
тіл  және  басқа  да  ерекшеліктеріне  қарамастан  бірдей  білім  береді.  Онда  қалада  тұратын  және  жұмыс 

Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Педагогика ғылымдары» сериясы, №4(40), 2013 г. 
265 
істейтін  ерекше  қасиеті  бар  мүгедек  балалар,  көшпенді  халықтың  балалары  және  жекеленген  жағдайда 
тұратын халықтың балалары, қиыр шығыста немесе тауларда тұратын балалар оқи алады. 
 СӨЗДЕР: инклюзив, мүмкіндігі шектеулі, мектеп, балалар, ақыл, ой, педагогика, пікір, шешім.  
  
Резюме 
  
 В этой статье рассматриваются инклюзивные школы, которые открыты для всех детей и подростков. 
Инклюзивные школы дают возможность для всех детей развивать их разум, психику, язык и также другие 
качества.  В  них  учатся  городские  дети,  работающие  дети  с  ограничеными  возможностями,  дети  других 
национальностей, дети из малоимущих семей, а также дети живущие в отдаленных местах.  
КЛЮЧЕВОЕ  СЛОВА:  инклюзив,  с  ограничеными  возможностями,  школа,  дети,  ум,  мысль, 
педагогика, отзыв, решение.  
 
Summary 
 
 
This  article  deals  with  inclusive  schools  open  for  all  children  and  teenagers.  Inclusive  schools  give 
children the chance to develop their mentality, language and also other qualities. City children, working children 
with limited opportunities, different nations’ children, children from needy families, and also children living in the 
remote places study there.  
KEY  WORDS:  inclusive,  with  limited  opportunities,  school,  children,  intelligence,  thought,  pedagogics, 
review, solution.  
 
 Қазақстан  қоғамының  қазіргі  даму  кезеңінде  мемлекеттік  әлеуметтік-экономикалық  дамуының 
құдіретті факторы ретінде білім беру жүйесін модернизациялауға ерекше назар аударылып отыр. Елбасы 
Н.Ә.Назарбаевтың  «Әлеуметтік-экономикалық  жаңарту  –  Қазақстан  дамуының  басты  бағыты»  атты 
Қазақстан  халқына  Жолдауында  «Қазақстанда  адами  капиталдың  сапалы  өсуі»  мәселесі  қойылды. 
Мемлекет басшысы білім берудің қолжетімділігін кеңейту қажеттігін атап: “оқу жастарға тек білім беріп 
қана  қоймай,  сонымен  бірге  оларды  әлеуметтік  бейімделу  үдерісінде  пайдалана  білуге  үйретуі  тиіс»,- 
деген [1]. 
 Сондықтан бүгінгі  таңда денсауылығы шектеулі балалар да басқа барлық оқушылар сияқты сапалы, 
әлеуметтік  бейімделуге, қоғамда  өз  орынын  табуға  толық  жағдай  жасайтын  білім  алуға  тиісті  екендігін 
ерекше  айту  қажет.  Арнайы  білім  беру  мекемелеріндегі  жағдайлар  мүмкіндігі  шектеулі  балаларды 
қоғамнан,  әллеуметтік  ортадан  бөлектеніп  қалуына  әкеліп  отыр.  Олардың  қоғамның  басқа  бөлігі  мен 
қарым-қатынас жасау мүмкіндіктері өте аз. 
 Қазақстан  Республикасындағы  білім  беруді  дамытудың  2011-2020  жылдарға  арналған  мемлекеттік 
бағдарламасында  инклюзивті  оқыту  білім  жүйесін  дамытудың  ең  бір  өзекті  бағыттары  қатарынан  орын 
алып отыр. Бағдарламада мүмкіндігі шектеулі балалардың санының ұлғайғандығы, 2002 жылы олардың 
саны  120  мың  құраса,  2009  жылы  149 246  мыңды  құрағыны,  олардың  38%  -  ы  ғана  арнайы  білім  беру 
бағдарламаларымен  қамтылғаны  жазылған.  Алға  қойған  мақсаттарға  жету  үшін  міндеттерді  орындау 
қажеттілігі  қатарында  жалпы  білім  беретін  мектептерде  инклюзивті  білім  беруді  жетілдіру  көрсетілген. 
Сондай- ақ барлық өңірлерде  ерте жастағы балаларға түзету  - педагогикалық қолдау көрсету үшін және 
инклюзивті білім беру кабинеттері құрылатыны, мектептер үлесі жалпы санына 10 % - дан 70 % -ға дейін 
артатыны көрсетілген [2].  
 Соңғы жылдары мүмкіндігі шектеулі балаларға деген көзқарас өзгеріп, оларды дамытуға ерекше мән 
беріліп  отыр.  Жалпы  білім  беретін  мектептерде  қалыпты  дамыған  оқушылармен  қатар  мүмкіндігі 
шектеулі балаларды оқыту бүгінгі таңда өзекті мәселеге айналды. 
 Инклюзия  –  бұл  балалардың  жынысына,  этникалық  және  діни  құрамына,  бұрынғы  оқудағы 
жетістіктеріне, денсаулығының жағдайына, жетілу  деңгейіне, ата-аналарының әлеуметтік-экономикалық 
дәрежесіне  және  т.б.  өзгешеліктеріне  қарамастан,  жалпы  білім  беру  барысында  балаларды  интегралды 
түрде  оқыту  процесі.  Инклюзивті  білім  беру  барлық  балалардың  түрлі  қажеттіліктері  үшін  тиісті  оқу 
кеңістіктерін  құру  негізінде  сапалы  білім  алуға  қол  жеткізуге  және  бірігіп  оқытуға  мүмкіндік  береді. 
Инклюзивті білім беру – бұл бала және оның әртүрлі білім алу барысындағы қажеттіліктерін қамтамасыз 
етудің шешімі.  
 Әлемнің дамыған елдерінде мүмкіндігі шектеулі балаларды қалыпты балалармен қосып оқытуға көп 
көңіл  бөлінеді  және  бұл  салада  елеулі  тәжірибелер  жинақталған.  Біздің  отандық  жалпы  білім  беретін 

Вестник КазНПУ им. Абая, серия «Педагогические науки», №4(40), 2013 г. 
266 
мектептің  іс  –  тәжірибесі  үшін  инклюзивті  оқыту  педагогикалық  жаңашылдық  деп  бағалануы  мүмкін. 
Себебі  мәселенің  жаңалығы  қазақстандық  жалпы  білім  беретін  мектептердің  іс  –  тәжірибесінде 
инклюзивті оқыту жан-жақты зерттеуді талап етеді.  
 Инклюзивті  оқыту  мәселелері  педагогикалық  ойлармен,  мектептің  дамуы  тарихында  жаңа  мәселе 
емес. Өз кезінде белгілі педагогтар мен психологтар И.Г.Песталоцци [3], Л.С.Выготский [4] т.б. еңбектері 
мен педагогикалық іс-тәжірибесінде  мүмкіндігі шектеулі балаларды қалыпты дамыған балалармен бірге 
оқытудың білімдік және тәрбиелік рөліне көп мән берілген. 
 Мүмкіндігі  шектеулі  балаларды  инклюзивті  оқыту  мәселесін  зерттеу  ең  алдымен  оның  негізгі 
ұғымдарының  түпкі  мағынасын  ашып  беруді  қажеттейді.  Отандың  жалпы  білім  беру  мектептерінің  іс-
тәжірибесінде инклюзивті оқыту жаңа құбылыс. Сондықтан біздің зерттеуіміз үшін «инклюзивті оқыту» 
ұғымын  нақтылау,  оған  синоним  ретінде  пайдаланылатын  ұғымдардың  мәнін  қарастырудың  рөлі  мен 
маңызы  ерекше.  Атап  айтқанда  халықаралық  білімдік  тәжірибеде  «инклюзивті  білім  беру»  мен  қатар 
«интегративті оқыту», «интеграциялық оқыту» сияқты ұғымдар да кең қолданыс тапқан. 
 ХҮІІ  ғасырда  Швецарияның  ұлы  математигі  (1654-1705)  Я.Бернули  математика  ғылымына 
«интеграл»  терминін  енгізген.  Бұл  термин  соңғы  жүз  жылдар  ішінде  басқа  ғылымдарға  ене  бастайды, 
атап айтқанда алғаш философияға, кейіннен психологияға, соңында педагогикаға енгізілді.  
 Мүмкіндігі  шектеулі  балаларды қалыпты  дамыған  балалармен  бірге  оқыту  мәселесін  қарастырғанда 
екі  ұғым  қарастырылады.  Ол  «интеграция»  және  «инклюзия».  Осы  ұғымдырға  толық  тоқталайық.  Шет 
елдердің сөздіктеріне назар аударсақ «интеграция» (латын тілінен аударғанда integratio – қалпына келтіру, 
толықтыру; integer - бүтін) мынадай мағынаны білдіреді: 
1. элементтердің қандай да бір бөлшектерін бір бүтінге біріктіру;  
2. өзара бейімделу мен бірлесу процессі.  
 Ал ағылшын тілінен бір түбірлі сөздер қатарында аударылады: 
1) integrate —біртұтастықты құру; біріктіру; құрама; толық, бүтін;  
2) integration — бір бүтінге біріктіру;  
3) integral — біртұтас, толық, бүтін; мәнді; 
4) integrality — біртұтастық, толыққандылық;  
5) integrant —біртұтастықтың бөлінбейтін бөлшегі.  
 «Инклюзия» сөзі шет елдердің сөздіктерінде жоқ. Өйткені ол ағылшын тілінің inclusion – қосу, енгізу 
деген мағынаны береді. 
 Бір түбірлі сөздік аудармасын көрсетейік: 
а) include — өзіңде тұжырымдау, қорытынды жасау, енгізу; 
ә) including — енгізе отырып;  
б) inclusive —өзіне енгізетін. 
 Келтірілген сөздің мағынасын ашып түсіну үшін орыс тілінің сөздігіне жүгінсек: 
1. қосу — өзінің құрама бөлігінің болуы; қамту;  
2. енгізу — құрамға кіргізу, ендіру;  
3. тұтас қосылу — қандай да бір әрекетке ену, бірігу.  
 «Интеграция»  орыс  тілінде  бір  бүтінге  біріктіру  және  өзара  бірігу  мен  бірлесу  процессі,  ал 
«интегрант»  -  біртұтастықтың  бөлшектенбейтін  бір  бөлігі  болып  табылады.  Интеграциялық  оқыту  мен 
нклюзивтік 
білім 
берудің 
айырмашылықтарының 
критерилерін 
отандық 
зерттеушілеріміз 
Р.А.Сүлейменова мен А.Т.Баймуратова анықтап көрсетті.  
 Инклюзивтік білім беру – дамуында ауытқуы бар балалардың дұрыс, сапалы білім алуына жан-жақты 
жағдай жасап, білім беру ұйымына (балабақшалар және жалпы білім беретін мектептер) қосу жүйесі.  
 Интеграциялық оқытудың мақсаты - білім беру аясында жұмыс жасайтын әлеуметтік және білім беру 
қажеттіліктерін  қанағаттандыру  үшін  жалпы  білім  беру  мекемелерінде  мүмкіндігі  шектеулі  балалардың 
денсаулығын сақтау қажеттіліктерін қамтамасыз ету болып табылады.  
 
 Интеграция  терминімен  бірге  кеңестік  арнайы  педагогикаға  ғылымында  қалыпты  балалар  мен 
мүмкіндігі  шектеулі  балаларды біріктіріп  оқытуда  «инклюзивтік  оқыту»  термині  жиі  қолданылады.  Бұл 
терминдер  арнайы  педагогтар  Н. Н. Малофеев, Н. М. Назарова,  Егорова  Т.В.,  Шевцова  Н.В.  және  Н.Д. 
Шматконың  жұмыстарында  орын  алған.  Біздің  әр  қайсысымыз  әлеуметтік  теңдікке  жету  үшін 
басқалардың білім алуын қолдауымыз керек.  
 Инклюзивті білім берудің қажеттілігі: 
 -  адамдардың  және  балалардың  құқықтары  бойынша  жауапкершіліктер  әртүрлі  деңгейде 
қарастырылуы тиіс; 

Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Педагогика ғылымдары» сериясы, №4(40), 2013 г. 
267 
 - әрбір баланың ақиқат қызығушылықтарын анықтап, оған не қажет екенін айқындап сараптама жасай 
білу.  Дәйектемелерге  сүйенсек,  институттарда  (мысалы,  интернат,  мектеп-интернаттарында)  сол 
адамдардың қажеттіліктерін қанағаттандыра алмайды;  
 - сараптама бойынша, әлеуметтік қызметтер икемді болған кезде ғана жақсарады; 
 -  ресурстар  шектеулі  болған  кезде,  қатысушылар  инклюзияның  әдістемелерін  қолдағанда  қосымша 
ресурстарды қажет етпейді. 
 Инклюзивті  білім  беруді  басқа  мәдениетке  және  қоғамға  өз  идеяларын  жалпы  принциптердің 
негізінде жүзеге асыру барысында инклюзивті білім берудің негізгі принциптерін мамандар ұсынады: 
 - балалар жергілікті (үйінің қасындағы) бала бақшаға және мектепке барады; 
 -  жастық  шақтан  араласу  бағдарламасы  инклюзияның  принциптері  негізінде  іске  асырылады  және 
интегралды бала бақшаға дайындайды; 
 -  әдістеме  әртүрлі  қабілеттілігі  бар  балаларды  оқытуды  қолдау  үшін  жасалған  (сол  себептен,  тек 
ерекше қажеттіліктері бар балалардың ғана емес, дені сау балалардың көрсеткіштері өседі);  
 -  инклюзивті  болып  табылатын  мектеп  және  сыныптарда  өтетін  іс-шараларда  барлық  балалар 
қатысады; 
 -  жеке  -  дара  жас  балаларды  оқыту  мұғалімдер,  ата-аналар  және  көмек  көрсете  алатын  әрбір 
адамдармен бірге жұмыс жүргізеді; 
 -  егер  инклюзивті  білім  беру  дұрыс  принциптер  негізінде  құрылған  болса,  балалардың  қарым-
қатынасындағы дискриминацияны жояды және  ерекше қажеттіліктері бар балалардың қоғамның теңдей 
мүшесі болу құқығы бар;  
 -  инклюзивті  білім  берудің  барлық  күші  құқықтық  идеология  негізінде  құрылған  –  егер  біз  мұны 
аяныш және қайырымдылық ретінде жасайтын болсақ, онда ол ешқандай нәтиже бермейді;  
 - барлық балалар оқи алады- біз оларға қажетті жағжайларды жасауымыз керек; 
 - арнайы қажеттіліктері бар балалармен жақсы жұмыс жасайтын ұйымдар бар; 
 Егер инклюзивті білім беру әдісі  осы ұйымның жүйесіне сай құрылған болса, онда әрбір бала өзінің 
оқу орнын табады, және ол орын барлық жағдайда да тиімді болады. 
 Педагогикада «әлеуметтік интеграция» термині ХХ ғасырда пайда болып, көбінесе біріншіден АҚШ-
та  этникалық,  нәсілдік  проблемаларда  ,  кейінірек  эмигрант  балаларға  қатысты  қолданыла  бастады.  Тек 
ХХ ғасырдың 60-жылдарында ғана термин Еуропа континентінде сөйлем құрамына қосылып, мүмкіндігі 
шектеулі адамдардың проблемаларына қатысты қолданыла бастады.  
 Педагогика  тарихында  мүмкіндігі  шектеулі  балаларды  дені  сау  балалармен  біріктіріп  оқыту  (бас 
кезінде  «интеграция»  емес  осылай  аталған)  феноменінің  пайда  болуы  И.Г.Песталоцидің  (ХІХғ.) 
педагогикалық  идеяларының  европалық  оқыту  практикасына  еңгізіп,  кеңінен  таратуы  қажет  болды. 
Дамуындағы  ауытқулары  бар  балаларды  дені  сау  балалармен  бірге  қосып  оқыту  идеясы  ХІХ  ғасырдың 
бірінші  жартысындағы  европалық  мұғалімдердің  ең  басты  проблемасына  айналды  (Франция,  Германия, 
Австрия). Алдыңғы қатарлы педагогикалық қоғам біріктіріп оқытудың пайдасын түсіндіру үшін бірнеше 
аргументтер  келтірді:  дамуында  ауытқулары  бар  балаларды  оқыту  үшін  арнайы  мекемелердің  аз 
болғандықтан,  кең  ауқымды  мүмкіндік  беру;  жабық  мектеп-интернаттарында  балаларды  оқытуда  ата-
аналарды  қатыстырмағандықтан  отбасының  тәрбиелеу  потенциалын  қолдануға  мүмкіндік  беру; 
дамуында  ауытқулары  бар  балалрды  оқытуында  қолданылатын  тиімді,  ерекше  әдістерді  барлығының 
қолы  жетерліктей  мүмкіндік  беру.  Ұлттық  мектептерде  мүмкіндігі  шектеулі  балаларды  оқыту  қоршаған 
ортамен  қарым-қатынас  және  жаттығуларды  қолдану  деп  есептеді.  Мұғалімдер  семинариясының 
жетекшілері  байқағандай,  оқытуда  арнайы  оқыту  технологияларын  ұлттық  мектептің  мұғалімдері 
пайдаланса,  мүмкіндігі  шектеулі  балаларды  оқыту  сапасы  өсетініне  сенімді.  Сонымен,  неміс  педагогы 
Х.К.  Фридрих  Шварц  1829  жылы  өзінің  «Теория  воспитания  в  трех  томах»  атты  жұмысында  былай 
жазған: «есту және  көру кемшіліктері  бар балаларды оқыту үшін жақсы мекемелер бар, соларды қазіргі 
уақытта  жетістіктерін  ұлттық  мектептерге  қосу  маңызды  болып  табылады».  Сол  кезде  естімейтін  және 
көзі  көрмейтін  балаларды  арнайы  мұғалімдер  ұлттық  мектептерде  оқытса,  ол  арзанға  түседі  деп 
есептеген.  Мұндай  дайындық  тәжірибесі  пруссияның  Саксония  провинциясында  белгілі.  Мектеп-
интернаты жадында естімейтін балалар үшін Эрфуртте және Хальберштадтта, кейінірек Магдебург және 
Вайсенфельсте  мұғалімдер  семинары  ашылған  болатын.  Мұнда  дамуында  ауытқулары  бар  балалармен 
жұмыс жасай алатын 100-ден астам семинаристерді  2 жыл ішінде дайындап шығарды. Францияда білім 
министрлігінің  қолдауымен  мүмкіндігі  шектеулі  балаларды  ұлттық  мектептерде  оқытуды  А.Бланше 
ұйымдастырған.  Міндетті  түрде  жалпы  білім  беру  және  қатал  білім  шектелімдері  енгізбей  тұрып, 
біріктіріп  оқыту  тәжірибесі  тиімді  болатын.  ХІХ ғасырда  Еуропа  елдерінде  бастауыш  сыныптарға  білім 

Вестник КазНПУ им. Абая, серия «Педагогические науки», №4(40), 2013 г. 
268 
беру міндеттелгеннен бастап қарапайым мектептер  және ондағы сыныптар саны ұлғая түсті. Мүмкіндігі 
шектеулі  балаларды  мұндай  жағдайда  оқыту  тиімді  емес.  Сондықтан  бұл  бағдарламаларды  игере 
алмайтын  балаларды  қосымша  сыныптарға  немесе  осы  үшін  ашылған  арнайы  мектептерге  жіберіледі. 
Мүмкіндігі  шектеулі  балаларды  көпшілік  білім  алатын  ордалардан  бөліп  оқытуды  ХІХ  ғасырда 
скандинавия елдері қолдады. Содан соң 100 жылға дейін біріктіріп оқыту туралы ұмытып кетеді. Әлемдік 
білім  беру  жүйесі  осы  аралықта  өзінің  құрылымында  жекеленген  ішкі  жүйені  тұрғызады  –  мүмкіндігі 
шектеулі  балаларды  дифференцилы  түрде  және  ұлттық  мектептердегі  көпшілік  сыныптарында  емес 
арнайы сыныптарда оқытады.  
 Принциптер өте қажет деп ойлаймыз, себебі бұл салада жұмыс істейтін адамдарға өз жұмысына баға 
беруге көмектеседі. Инклюзивті мектептер барлығына да ашық - әрбір жас баларға және жасөспірімдерге. 
Инклюзивті мектептер барлық балаларға, олардың ақыл-ой, психологиялық, әлеуметтік, тіл және басқа да 
ерекшеліктеріне  қарамастан  бірдей  білім  береді.  Онда  қалада  тұратын  және  жұмыс  істейтін  ерекше 
қасиеті бар мүгедек балалар, көшпенді халықтың балалары және жекеленген жағдайда тұратын халықтың 
балалары, қиыр шығыста немесе тауларда тұратын балалар оқи алады.  
 
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ : 
 
1. 
Әлеуметтік  экономикалық  жаңғырту  –  Қазақстан  дамуының  басты  бағыттары.  ҚР-ның 
Президенті  –  Ұлт  көшбасшысы  Н.Ә.Назарбаевтың  Қазақстан  халқына  жолдауы  //  Егемен  Қазақстан. 
2012ж, 28 қаңтар. 
2. 
2011  –  2020  жылға  арналған  Қазақстан  Республикасындағы  білім  беруді  дамытуға  арналған 
мемлекеттік бағдарламасы // Егемен Қазақстан, 2010, 18 – маусым. 
3. 
Песталоцци И.Г. Педагогические сочинения М.: Педагогика, 1998.- С-320.  
4. 
Выготский Л.С. Педагогическая психология М.:Педагогика 1996.-С- 301.  
  
  
 
 
ӘОЖ. 378.105.7  
ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ САЛТ-ДӘСТҮРІ АРҚЫЛЫ ОҚУШЫЛАРҒА 
ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ БЕРУ ЖОЛДАРЫ 
 
ПУТИ  НАЦИОНАЛЬНОГО  ВОСПИТАНИЯ  УЧАЩИХСЯ  НА  ОСНОВЕ  КАЗАХСКИХ 
НАРОДНЫХ ТРАДИЦИЙ 
 
LINES  OF  NATIONAL  EDUCATION  OF  PUPILS  THROUGH  CUSTOM-TRADITION  OF 
KAZAKH PEOPLE 
 
 
Ү.Мелдебекова 
п.ғ.к., доцент м.а. 
Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ 
 
С. Құтымова 
1 курс магистранты 
Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ 
 
А.Рысбекова 
п.ғ.к., доцент м.а. 
Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ 
 
 
Түйіндеме 
 
 Бұл  мақалада  қазақтың  салт-дәстүрі  арқылы  оқушыларды  адамгершілікке  тәрбиелеудің  жолдары 

Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Педагогика ғылымдары» сериясы, №4(40), 2013 г. 
269 
көрсетілген.  Салт-дәстүрдің  танымдық  мүмкіндіктерін  аша  білген  ата-бабаларымыздың  көне  заманнан 
жинақтап, іріктеліп еле атқан ұлттық құнндылықтарымыздың ерекшеліктерін атап көрсеткен. Өркениетке 
ұлттық элементтеріміздің негізін арқау етсек деген ой айтылған. Жастардың бойында ізгілік қасиет боуы 
тілге  тиек  еткен.  Осы  бағытта  ой  қозғаған,  ұлттық  таным  мен  білімге  үлес  қосқан  ағартушылардың 
еңбегіне тоқталған. 
 
КІЛТТІК  СӨЗДЕР:  салт-дәстүр  арқылы,  ұлттық  ұстаным,  ата-баба  мұрасы,  жастар  тәрбиесі, 
адамгершілік, имандылық, өнеге, үлгі, ел мұраты, болашақ. 
 
Резюме 
 
 В статье рассматриваются пути нравственного воспитания учащихся посредством казахских обычаев 
и  традиций.  Раскрыты  познавательные  возможности  обычаев  и  традиции.  Показаны  особенности 
национальных ценностей. Высказывается мысль что в основу цивелизации должны войти национальные 
элементы.  Молодеж  должна  воспитываться  в  духе  гуманизма  .Анализируются  труды  просветителей 
внесших вклад в национальное воспитание и оброзование. 
КЛЮЧЕВЫЕ СЛОВА: традиции, обычаи, национальное воспитание ,наследие предков, воспитание 
молодежи, нравственность, духовные воспитание, пример, идеал народа, будущее. 
 
Summary 
 
 This article about how custom-tradition influence to pupils of their  morality education. Ancestors who done 
cognitive possibility of custom-tradition may opened features of national values. We said about how include bases 
of national  elements to civilization. This article has  enlightener labours about national cognition and knowledge 
and they are helped that humanism quality was in young people. 
 KEY  WORDS:  custom-tradition,  national  credo,  ancestors  of  heritage,  youngs  education,  morality, 
humanity, standard, dream of county, national, future 
 
 Ел  басымыз  Н.Назарбаев  «Қазақстан-2050»  стратегиясының  Білім  және  кәсіби  машық  –  заманауи 
білім  беру  жүйесінің,  кадр  даярлау  мен  қайта  даярлаудың  негізгі  бағдары  атты  жоспарында:  «Қазіргі 
әлемде  жай  ғана  жаппай  сауаттылық  жеткіліксіз  болып  қалғалы  қашан.  Біздің  азаматтарымыз  үнемі  ең 
озық жабдықтармен және ең заманауи өндірістерде жұмыс жасау машығын меңгеруге дайын болуға тиіс. 
Сондай-ақ балаларымыздың, жалпы барлық жеткіншек ұрпақтың функционалдық сауаттылығына да зор 
көңіл  бөлу  қажет.  Балаларымыз  қазіргі  заманға  бейімделген  болуы  үшін  бұл  аса  маңызды»,-  деген 
болатын [1]. 
 «Ел болам десең – бесігіңді түзе» дейді біздің дана халқымыз. Бала тәрбиесіне дұрыс көңіл бөлу ата-
бабаларымыздың  ежелден  келе  жатқан  негізгі  қасиеттерінің  бірі.  Бала  –  ұрпағының  жалғасы,  ертеңгі 
күнге  аманатым  деп  бала  тәрбиесіне  ерекше  көңіл  бөлген.  Кісі,  қонақ  келгенде  қолына  су  құйғызып 
батасын алған, қонақты аттан түсіріп, үйге бастап әдеп танымын көрсеткен.  
 
Осындай  керемет  үлгілерімізден  айрылып қалардай  уақыттарды  бастан  кешкен  халқымыз  мына 
жаңа заманда дәстүріміз бен салт-санамызды қайта бір жаңғыртқандай.  
 
Сонау  заманда  адам  баласының  мәңгі  жасауын  арман  еткен  Қорқыт  атамыздың  тәлім-тәрбиелік 
әңгімелері  мен  мақал-мәтелдері,  әл-Фарабидің  білім,  ғылым,  тәрбие  жөніндегі  тұжырымдары,  А.Ясауи 
ілімдері, Жүсіп Баласағұни тәлімдері, Абай мен Ы.Алтынсариннің тәрбиелік ойлары, А.Байтұрсыновтың 
ұлттық  білім  беру  жүйесі,  М.Жұмабаевтың  «Педагогикасы»,  Ж.Аймауытовтың  қазақ  психологиясын 
зерттеуі  бәрі  де  біздің  қасиетті  де  құймақұлақ,  шешен  де  пайымды  халқымыздың  болашағы  үшін  тер 
төгіп, халықтың қамы үшін этнопедагогиканың негізін салған ағартушы-ғалымдар. 
Бүгінгі  таңда  осы  проблеманы  қолға  алып,  оқулықтар  жазып,  жанашырлық  көрсетіп  отырған 
Оразбекова  К,  М.Оразаев,  М.Смаилова,  Қ.Жарықбаев,  Ә.Табылдиев,  С.Ғаппасов,  С.Қалиев,  Ұ.Асылов, 
Ж.Нұсқабаев т.б. ғалым-зерттеушілеріміз тәрбие ісін жүргізудің оны оқу бағдарламасына енгізудің түрлі 
жолдарын көрсетіп, мақсатын жеткізе білді [2]. 
Халықтық  педагогиканың  үздік  дәстүрлері  арқылы  адамгершілік  тәрбие  берудің  проблемаларын 
айқындау,  халықтық  дәстүрлердің  тарихи  танымдық  сипатын  анықтау,  ұйымдастырылған  іс-әрекет 
негізінде  ұлттық  дәстүр  арқылы  адамгершілікке  тәрбиелеудің  және  ойын-сауық  өткізу  барысында 
адамгершілікке  тәрбиелеу  әдістерін  қарастыру  бүгінгі  таңдағы  шығармашыл  педагогтардың  негізгі 
міндеті болып отыр. 

Вестник КазНПУ им. Абая, серия «Педагогические науки», №4(40), 2013 г. 
270 
Қаншама  заман  өтсе  де,  маңызын  жоймаған  халықтық  педагогиканы  тәлім-тәрбиенің  туы  қазығына 
айналдыру ата-ананың да, мектептің басты борышы.  
Қоғам  барлық  тарихи  даму  кезеңдерінде  халық  педагогикасы  жайлы  ұғымды  анықтау,  әр  түрлі 
ғылыми-педагогикалық  көзқарастарды  қалыптастыру  проблемаларына  көптеген  ғалымдар,  педагогтар 
көңіл аударды, құнды пікірлер айтты, өмірлік мұра қалдырды. 
Әр  халық  өзінің  жас  ұрпағын  қайырымды,  адал,  үлкенді  құрметтейтін  әділ,  ержүрек  ізгі  ниетті,  ар-
ожданы  мол  болып  өссін  деп  армандайды,  бұл  мәселені  өзінің  тұрмыс  салтына  байланысты  шешіп 
отырды.  Ол  үшін  ғасырлар  бойы  қолданып,  сұрыпталып,  өмір  тәрбиесін  сыннан  өткен  салт-дәстүрлерді 
педагогикалық әдіс-тәсілдерді пайдаланып келеді. 
Халықтық  педагогика  дәуірдің  небір  қатал  сынынан  өтіп,  жаңарып,  шым  болаттай  тіршілік  тынысы 
және салт-дәстүрлерімен біте қайнасып, бірге жасалып келе жатқан қазына. 
 Қазақ  халқының  ұлы  педагогы,  этнографы  Ы.Алтынсарин  өзінің  әдеби  және  педагогикалық 
еңбектерінде қазақтың фольклорын пайдалана білген. 
Ы.Алтынсарин  барлық  еңбектерінде  жеке  адамның  жоғары  қасиеттерін  қалыптастыруда  еңбек, 
адамгершілік  ақыл-ой  тәрбиесінің  ерекше  орын  алатынын  атап  көрсетеді.  Кемеңгер  ұстаз 
Ы.Алтынсариннің ұлағатты сөздері, педагогикалық мұралары халық педагогикасында үлкен орын алады. 
Оларды  қазіргі  қазақ  халқының  ұлттық  мәдениеті  мен  салт-дәстүрін  қайта  жаңғырту  кезеңінде  кең 
мағынада насихаттау әрбір педагог-тәрбиешінің басты борышы болуы қажет. 
Қазақтың 
ағартушы-педагогтары 
А.Байтұрсынов, 
М.Жұмабаев, 
Ж.Аймауытов, 
М.Дулатов, 
Х.Досмұхамедов ұстаздық етуде және тәлім-тәрбиелік еңбектер жазуда өз ұлттының салт санасын терең 
зерттеген.  Сан  ғасырлық  тарихы  бар  ата-бабаларының  халықтық  педагогикасына  терең  ғылыми  талдау 
жасады. Сөйтіп, олар қазақ халқының ғасырлар бойы қалыптасқан әдеп-ғұрып, салт-дәстүрімен тәлімдік 
мұраларын  жас  ұрпаққа,  ұлттық  тәрбие  беруде  пайдалану  жолдарын  көрсетті.  Сол  мақсатта  олар  қазақ 
мектептерінің жас жеткіншектеріне арнап оқулықтар, оқу құралдар және әдеби шығармалар жазды.  
А.Байтұрсынов қазақтың халық педагогикасын жан-жақты зерттеп, қазақ этнопедагогикасының негізін 
қалады, ұлттық білімнің шамшырағы болды. 
Халық  педагогикасының  арқауы-ауыз  әдебиеті  мен  халықтық  салт-дәстүрлері.  Ауыз  әдебиеті  мен 
халықтық  салт-дәстүрлері-ұлттық  тәрбиенің  негізі.  Міне,  осы  тұғырлы-тұжырымды  ірі  ғалым  лингвист, 
әдебиет  зерттеуші  дарынды  ақын,  аудармашы,  қазақ  тілі  бөлімінің  іргетасын  қалаушы,  қазақ  баспасөз 
тілінің ұлттық үлгісін жасаған талантты көсем сөз иесі, туған халқының рухани дүниесін жандандырған 
ғұлама  –  А.Байтұрсынов  жан-жақты  зерттеп,  олардың  тәрбиелік  мәнін  ашып  берді.  Ол  қазақ 
этнопедагогикасының  негізгі  нұсқаларын  зерделей  зерттеп,  талғай  тауып,  олардың  ғылыми  теориялық 
негіздерін жасады [3]. 
М.Жұмабаевтың  ”Педагогикасы”  нағыз  ұлттық  тәрбиені  насихаттауға  бағытталған,  жас  ұрпақты 
ұлттық рухта тәрбиелеу мақсатында мектеп мұғалімдері мен тыңдаушыларға арналып жазылған тұңғыш 
халық  этнопедагогикалық  еңбек  деп  толық  айтуға  болады.  Өйткені,  Мағжан  ”Педагогикасының”  басты 
ерекшелігі  –  оның  қазақ  топырағымен  тығыз  байланыстылығында.  Оқулықтың  басынан  аяғына  дейін 
ұлттық  тәрбие  басшылыққа  алынып,  оған  сүйеніп,  ұлттық  тәрбие  беруге  тәлімгерлерді  даярлау  туралы 
ой-пікірлерінің  айтылуы  қазіргі  кезде  мектепте  оқу-тәрбие  үрдісіне  ұлттық  мазмұн  беру  қажеттілігімен 
сипатталады [4]. 
Этнопедагогика  –  белгілі  бір  халықтың,  халықтық  тәлім-тәрбиені,  оның  тәжірибесін  қорытындылап, 
жүйелейтін теориялық сипаттағы ғылым саласы.  
Этнопедагогика  ғылымы  екі  саладан  тұрады:  халықтың  ауыз  әдебиеті  мен  салт-дәстүрлерінен 
құралған ауыз әдебиеті және ұлттық тәлім-тәрбиенің жазу мәдениетіндегі көрінісі.  
Этнопедагогиканың  зерттеу  объектісі  халық  педагогикасы.  Халық  педагогикасы  халықтардың  ғасыр 
бойы  ұрпақ  тәрбиелеу  тәсілдеріне  негізделген  тағылымдардың  бай  тәжірбиесінің  эмпирикалық 
жиынтығы [5]. 
 Ал  этнопедагогика  халық  педагогикасының  ұрпақ  тәрбиелеудегі  тағылымдарын  ғылыми  жүйеге 
келтіріп  зерттейтін,  оны  тәжірибеде  қолданудың  әдіс-тәсілдерін  теориялық  тұрғыда  сөз  ететін  ғылыми 
педагогиканың бір саласы. 
 Этнопедагогиканың  мақсаты  –  халықтық  салт-дәстүрді,  өнерді  дәріптейтін,  ана  тілі  мен  дінін 
қадірлейтін,  отанын,  елін,  жерін  сүйетін,  жан-жақты  жетілген,  саналы  намысқор,  патриот  азамат 
тәрбиелеу. 
Қазақтың  ұлттық,  имандылық,  қайырымдылық,  мейірімділік,  ізеттілік,  инабаттылық  дәстүрлері, 
меймандостық,  қонақжайлылық  рәсімдері  –  ұлттық  мәдениеттің  айқын  белгілері  болып  саналады. 

Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Педагогика ғылымдары» сериясы, №4(40), 2013 г. 
271 
Мысалы,  кісі  күту  дәстүрі  бойынша  қонақ  қабылдау,  қонақасы  беру,  қонақ  кәде  жасау  ұлттық  мәдени 
рәсімдер арқылы орындалады. 
«Халқыңды  сүйсең,  салтыңды  сүй»  деп  халық  ұлттық  тәрбиеде  қасиетті  туған  жерді  қастерлеу, 
халықты  қастерлеу,  текті,  ұлтты,  жалпы  адамзатты  сүюді  парыз  деп  санайды,  халық  педагогикасының 
мәдени, рухани кредосы - әдептілік.  
Аталы сөз – бата, өнеге, тілек – ұлттық мәдениеттің мәнді белгілері. Ұлағатты ұстаздар мен шешендер, 
хандар, билер, атақты аталар мен дарынды даналар өздерінің өсиеттерін айтып, өнегелерін көрсетіп, ана 
тілінің айшықты сөздерімен тілек, бата беріп, ұрпақты мәдениеттілікке тәрбиелеуді мақсат тұтқан.  
Халықтың  ұрпақты  әдептілікке  (мәдениетке)  тәрбиелейтін  ұлағатты  ұғымдары  мен  ырым,  тыйым 
сөздерінің  мәдени-тәрбиелік  мәні  зор.  Салауаттылық,  үнмешілдікке,  ұқыптылыққа,  яғни  мәдениеттілік 
негіздерін білуге тәрбиелейтін.  
Халық ұрпағынан ағайын, жекжат жұратты сылау  дәстүрлері арқылы аталас, ауылдас, құда, нағашы, 
күйеу,  жезде,  жиен,  дос,  таныс,  ұжымдас  адамдармен  сыйласу  мәдениетін  талап  етеді.  «Аталастың  аты 
озғанша,  ауылдастың  тайы  озсын»,  «Құдаңды  құдайыңдай  сыйла»,  «Шын  дос  болу  –  бақыт»  деп  халық 
адам сыйлаудың ғажап үлгілерін ұрпағына үнемі үйретіп отырған.  
Ер намысы, қыз абыройы – қазақ халқының ұлттық тәрбиедегі мәдени мұралық белгілерін білдіретін 
тәрбиелік тіректері. «Жақсы жігіт он бесінде баспын дейді, жаман жігіт отыз бесінде жаспын дейді» деп, 
жеке  тұлғаның  мәдениеттілігі  жастайынан-ақ  белгілі  болатынын  дәлелдейді.  Халық  қыздың  абыройлы 
болуына  көбінесе  ана  жауапты  деп  қарап,  қызды  әдепті  (мәдениетті)  етіп  тәрбиелеу  –  ұлттық  міндет 
екенін баса көрсетеді. 
Ата-ананың  тәлімі,  өнегесімен  ештеңе  теңесе  алмайды.  Халқымыз  кезінде  арнайы  бала  тәрбиесімен 
айналысатын  қоғамдық  орындары  болмаса  да  өз  ұрпағын  бесікте  жатқан  кезінен  бастап-ақ  өлең,  жыр, 
ертегі, асыл сөздері арқылы тәрбиелілікке баулыған. Қазақ халқы ұрпақ тәлім-тәрбиесінде өз ұлтына тән, 
оның ұлттық тектілігін сақтайтын сәтті қағидалар мен ережелерді дүниеге келтіріп, ұстаған.  
Отбасында  ұл  мен  қыздың  тәлім-тәрбиесіне  терең  көңіл  бөліп,  «Әкеге  қарап  ұл  өсер,  шешеге  қарап 
қыз өсер», - деп әке-шешенің бала тағдырына, болашағына жауапкершілігін міндеттейді. 
Шығыстың ұлы  ойшылы Әл Фараби:  «Жақсы мінез-құлық пен ақыл күші  болып,  екеуі ғана бақытқа 
жетіп,  адамгершілік қасиетке  ие  болмақ»,  -  десе  Махмуд  Қашғари:  «Атасынан  адал  қалса,  тентек  ұл  да 
түзелер»,  -  деп  мінездің  өмір  тәжірибесінде  қалыптасатыны  жайлы үлкен  ой  тастаған.  Қазақ  отбасында 
ұлттық  мінез-құлықты  бала  бойына  дарыту  негізінен  әдептілікке  үйретуден  басталып,  әдепті  болуды 
балаға міндет етіп қойған.  
Әке-шеше  баласын  қайырымды,  мейірімді,  тіл  алғыш,  елгезек,  адал,  шыншыл  болуға,  ата-анаға 
үлкенді  сыйлауға,  құрметтеу,  орынсыз  сөйлемеу,  тіл  тигізбеу,  т.б.  қасиеттерді  бойына  сіңіріп  өсуіне 
ерекше мән берген. 
Ересек  адамдар  жеке  бастарының  өнегесімен  балалардың  бойына  осындай  сезімдерді,  азаматтық 
парызды  ұялата  білсе,  ұнамсыз  жайларға  бой  алдырмауына  жол  берілмеуі  анық.  Өйткені,  күнделікті 
тіршіліктегі  кездесетін  кейбір  жағымсыз  көріністер  ықпалы  бала  бойына  мінез  болып  қалыптасуы  да 
ықтимал.  Сол  себепті  отбасында  әке-шеше  өздерінің  ұнамды  өмірлік  тәжірибелерін  ұл-қыздарына 
ұғындыруы мінез-құлықтың оңды қалыптасуының негізгі түйіні болмақ.  
«Артында  қызы  бардың,  көзі  бар,  ұлы  бардың  өзі  бар»,  -  демекші  осындай  асыл  ұғымдарды  терең 
зерделей білуіміз керек. 
Ұлттық  тәлім-тәрбиенің  элементтерін  тәрбие  үдерісіне  ендіру  арқылы  бүгінгі  заманның  ұлтжанды 
ұрпағын тәрбиелеу барысында өз үлесімізді қосып отырмыз. Балалардың осы ерекшелігін түсіну арқылы 
баланы  жан-тєнімен  жақсы  көре  отырып,  танып  білуге  олармен  санасу,  қамқарекетін,  ісін,  көңіл-күйін 
білу арқылы оларды ұлттық нақышта тәрбиелеу біздің негізгі мақсатымыз болатын.  
Жас  жеткіншектердің  бойына  дарытқан  ата-бабамыздың  ғасырлардан  ғасырға  елек  көзінен  өткізіп, 
жеткізген мол мұрасы болашаққа бүгінгі жас ұландар арқылы жетпек.  
Батыр  ағамыз  Бауыржан  Момышұлы  айтқандай,  әрбір  үйде  отбасы  ұстанымы  болғаны  жөн. 
Бұрындары  жасаған  ерліктерді  сыйламай,  қадірлемей  тұрып,  жаңа  ерлікке  шақыру  бекершілік. 
Сондықтан  жас  ұрпақта  ата-баба  дәстүрі  рухында  тәрбиелей  отырып,  оларды  адамгершілікке, 
инабаттылыққа  баулыған  абзал.  Ол  үшін  әрбір  отбасында  қалыптасқан  тұрмыс-салт,  дәстүрі  жүйелі 
тәртіптің болуы тиіс. 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   56




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет