Хабаршы вестник



Pdf көрінісі
бет10/21
Дата08.01.2017
өлшемі1,79 Mb.
#1396
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   21

1.
 
Мойнын  мінер  жаққа  бұра,  қарыстырып  алып,  шапқылай  жөнелуі  мүмкін 
(М.Мағауин). 
2.
 
Мүмкін аяған болуы да (М.Мағауин). 
3.
 
Мүмкін, қарбалыста поездің сағатын, не нөмерін шатастырып алған шығар. 
Жаңбыр астында көп жүргендіктен өзініц төсек тартып жатып қалуы да... (М.Мағауин). 
Бірінші мысалда «мүмкін» сөзі мен жетекші етістіктің бірлікте қолданысын аңғарсақ, 
екінші  мысалдан  «мүмкін»  модаль  сөзінің  орын  ауыстыруы  нәтижесінде  жетекші  сөзінен 
алшақ тұрып, ерекше интонациялық жікпен дараланып айтылғанын байқаймыз. Ал үшінші 
мысалда  «мүмкін»  модаль  сөзінің  дербестенгенін,  дегенмен  оның  баяндауыш  құрамында 

58
 
Абай атындагы ҚазҮПУ-дың Хабаршысы, «Филология гылымдары» серимы, Ко2 (32/,2010ж. 
 
 
қажеттілігін  аңғарамыз.  Мұндай  жағдайда  модаль  сөздердің  орнын  интонация 
компоненттері толықтырады. 
Жоғарыда  талданған  толық  дербестенген  модаль  сөздердің  қалыптасуында  да  дәл 
осындай  өзгерістер  болуы  мүмкін.  Мұндай  өзгерістер  грамматикалық  заңдылықтың  ішкі 
әсерінен бірте-бірте қалыптасқан деп түйіндеуге болады. 
Жинақталған  мысалдар  негізінде  жіктесек,  «мүмкін»  модаль  сөзі  көп  қырлы 
қызметімен  көзге  түседі.  Төменде  «мүмкін»  модаль  сөзі  субъектінің  үмітті  көзқарасын 
даралаган.  Бір  қараға  жетіп  жығылсаң,  мумкін,  содан  кейін  апамды  тауып  алармын 
(С.Досанов). Мүмкін, бүгін келе қоймас (С.Досанов). 
Субъект аралық сенімсіз көзқарас та «мүмкін» модаль сөзінің ықпалымен жүйеленеді. 
Мысалы: Мүмкін, бозарып, қызарған өзің шығарсың (С.Досанов). 
              Жорамал, болжап реңктері «мүмкін» модаль сөзінің ықпалымен беріледі. Мысалы: 
Мүмкін,болашақта қазіргіден көп болады (С.Досанов).Субъект аралық қарсылық, 
наразылыққа «мүмкін» модаль сөзімен айқындалады. Мүмкін, оқудан шіріген миыңа бірдеңе 
қонар (М.Мағауин). 
«Мүмкін» модаль сөзі етістік сөздердің жетегінде де қолданылады. Көп жағдайда бұл 
модаль сөз тұйық етістіктермен бірлікте жұмсалады. Мысалы; Арты дауылға айналып кетуі 
мүмкін  (С.Досанов).  Соңғы  рет  болуы  да  мүмкін  (СДосанов).  Қ.Мамаділ  еңбегінде  мұндай 
құрылымдар етістікті-модальді құрылымдар деп арнайы зерттелген. Автор көрсеткендей, -у 
мүмкін құрылымы тұрақтылығымен дараланды. Бір  аңғарғанымыз, бұл құрылымдардың да 
семантикалық  ауқымы  кең.  Яғни,  -у  мүмкін  тұлғасымен  субъектінің  әр  түрлі  модальді 
көзқарасы  айқындалады.  Олардың  модальді  мағынасы  мәтін  аясындағы  сөйлем  аралық 
семантикалық заңдылықтарға бағына,  сабақтала анықталады. Модаль сөздердің көп қырлы 
қызметіне  назар  аударған  А.Салқынбай  оның  ішкі  себебін  төмендегідей  сипаттайды: 
«Модаль сөздердің қалыптасуы сөздердің лебіздегі қолданысымен тікелей байланысты. Кез 
келген  жеке  сөз  табының  пайда  болуы  оның  сөйлемдегі  кызметіне  сай  болатыны  сияқты, 
модаль  сөздердің  ішкі  функционалдық-семантикалық  құрылымы  да  қолданыста  жасалып, 
бірте-бірте  қалыптасады.  Модаль  сөздердің  ішкі  мағыналық  құрылымы  мәтінде  ашылады» 
(2, 312). 
Тұйық етістікпен тіркескен «мүмкін» модаль сөзінің қызметтік ауқымын, сөйлемдегі 
белсенділігін төмендегі мысалдар көрсетеді: 
1)
 
сенімсіз  модальді  мағынаны  даралайды.  Мысалы:  Басына  барып  ойнауы 
мүмкін.  Қызық  көргісі  келіп  мазаны  алуы  мумкін  (М.Мағауин).  ...Сол  сәттерде  ойлады  ма 
екен  Мәжнүнді?  Неғайбыл!  Ләйлі  Мәжнүнді  түсіне  қойды,  тіпті,  жай  мүсіркеді  дегенге 
мен  сенбеймін.  Сырттай  қызықтауы,  өз  атының  жырға  қосылып,  ел  аузына  тарауын 
тамашалауы мүмкін (М.Мағауин). 
2)
 
күдікті  көзқарасты  ашады.  Мысалы:  Арты  дауылға  айналып  кетуі  мүмкін 
(С.Досанов).  Жаңағы  жауыздардың  бірі  Сережаның  жолын  тосып  жүруі  мүмкін  (С. 
Досанов). 
3)
 
субъектінің үмітті көзқарасын ашады: Зоя Борисованың жүрегінде бір үміт 
сәулесі  жылт  етті:  «Жолықтыратын  болғаны  ғой.  Босатып  жіберуі  де  мүмкін» 
(С.Досанов). 
Дербестенбеген модаль сөздерге қазіргі етістікті құрылымдармен тұрақты 
қолданылатын модаль сөздерді жатқызамыз. Оларды етістіктің категорияларына сәйкес 
төмендегіше жіктейміз: тұйық етістік және модаль сөзді құрылымдар; есімше және модаль 
сөзді құрылымдар; шартты райлы етістік және модаль сөзді құрылымдар.  
               Дербестенбеген модаль сөздерге: жарар, екен, шығар, болар, дейді, көрінеді, білем, 
деседі, деймін, керек, қажет, тиіс, бар, жоқ, сияқты, секілді, тәрізді, сықылды сөздері 
жатады. 
Жинақталған  мысалдарға  сүйеніп,  аталған  модаль  сөздердің  етістік  тұлғаларымен 
тіркесуін талдауға болады. 
«Керек»  модаль  сөзі  -са,  -се  және  -у  тұлғаларымен  еркін  құрылым  құрайды.  Бұл 
тұлғалардың  модальді  мағынаны  түрлендіруі  де  тұрақты.  Яғни,  барлық  қолданыста 
болжал, жорамал реңктерін ашуға негіз болады. Мысалы: Аналар қоқаңдай ұмтылса керек 
(М.Мағауин). Балалар бораннан құтылып, ықтасын may ішіне ілінген кезде ғана бағдардан 
айрылса  керек  (М.Мағауин).  Жеңгесі  қала  іргесіндегі  колхозға  кетсе  керек  (С.Досанов). 
Бүркітбайды қалай қолға түсіремін деп жүрсе керек (Ә. Нұршайықов). 
«Керек» модаль сөзі мен -са, -се және -у тұлғаларының бірлігінен кейде субъектінің 
күдікті  көзқарасы  да  дараланады.  Әй,  қайдан  білейін,  қараңғыда  табатын  кісі  жарықта 
адаспаса керек еді (Ә. Нұршайықов). 

59
 
Весіпниі: КазНПУ имени Абая, серия «Филологические науки», № 2 (32), 2010 г. 
 
 
Субъектінің  өзіндік  ой  түюі  және  субъекті  аралық  бағалау  орын  алған  жағдайда 
«тиіс» модаль сөзі сенімді көзқарасты көрсетеді. Мысалы: Сүюге тиіс. Мендік болуға тиіс 
(М.Мағауин). Бұрын журналистер назарына мүлде ілінбеген адам туралы тың дүние болуға 
тиіс  (М.Мағауин).  Ербол  түбінде  біздің  белді  қызметкерлердің  бірі  болуы  тиіс  (Ә 
Нұршайықов)  Ал  субъектінің  бұйыра  айтқан  лебізімен  астарласқанда,  «тиіс»  модаль  сөзі 
міндеттілікті айқындайды. 
«Сияқты»  модаль  сөзі  есімшенің  -ған,  -ген,  -атын,  -етін,  -йтын  тұлғаларымен 
грамматикалық  байланысқа  түседі.  Бұл  құрылымдардың  өзара  бірлігінен  субъектінің 
сенімсіз, сенімді, болжалды, жорамалды көзқарастары айкындалады. 
Субъекті  өз  басындағы  жағдаятты  баяндауда  аталған  құрылымдарды  қолданса, 
сенімсіз  модальді  реңкі  орын  алады.  Мысалы:  Қазақша  сөйлеген  осы  оқытушы  ма,әлде 
басқа біреу ме деп, өз құлағым мен өз көзіме өзім сенбеген сияқтандым (Ә.Нұршайықов). 
Төмендегі  мысалдарда  болжалды  көзкарас  көрініс  тапқан:  Саған  жаңа  жұмыс 
бергілері келіп отырған сияқты (Ә.Нұршайықов). Жұрттың бәрі әуестікпен емес, қызыға, 
қызғана қарайтын сияқты (М.Мағауин). 
«Тәрізді»  модаль  сөзінің  де  тіркес  құрайтын  жетекші  сөзі  -  ған,  -ген,-атын,  -етін,  -
йтын  тұлғалы  етістікті  құрылымдар.  Бұл  құрылымдар  мәтін  аясында  күдікті,  болжалды, 
жорамалды, сенімсіз модальді мағынаны ашады. Мысалы: Кім келгенін сырттан-ақ аңдаған 
тәрізді (М.Мағауин). Шаршатып жеңгісі келетін тәрізді (М.Мағауин). Ол қазір басын қылқан 
еткізіп көтеріп алып, менің мойныма орана кететін тәрізді (Ә.Нұршайықов). 
Есімше  тұлғаларымен  бірлікте  қолданылатын  «шығар»  модаль  сөзі  де  әр  түрлі 
модальді мағынаны сипаттауға негіз болады. Оларды төмендегіше топтаймыз: 
1-
 
ден,  субъектінің  үмітін  даралайды:  Меңтай  менің  қолымды  қаттырақ 
қысып, ұзағырақ ұстайтын шығар (Ә.Нұршайықов). 
2-
 
ден,  субъекті  сенімсіздігін  көрсетеді:  Бәлкім,  маған  солай  сияқтанып 
көрінген шығар (Ә.Нұршайықов). Әй, алыс қой, бара алмайтын шығармын (Ә.Нұршайықов). 
3-
 
ден, 
күдікті көзқарасты ашады: Ендігі біреумен танысып та қойған шығар 
(Ә.Нұршайықов). 
4-
 
ден, 
субъектінің  ішкі  жорамалын  айқындайды:  Тегі,  Меңтайдың  мұнысы 
қолыма қарама дегені шығар (Ә.Нұршайықов). 
«Деймін»  модаль  сөзі  мен  жетекші  сөз  арасында  үнемі  дәнекер  ретінде  «ау» 
демеулігінің  қызметін  байқаймыз.  Бұдан  модаль  сөздердің  көп  жағдайда  шартты  рай, 
есімше,  тұйық  етістік  тұлғаларымен  тұрақты  байланыста  болатынын  даралаймыз.  Бұларды 
да  тұрақтанған  етістікті  модальді  құрылымдардың  қатарын  толықтыратын  тұлғаларға 
жатқызамыз. Жетекші етістік, -ау демеулігі және «деймін» модаль сөзінің негізінде жасалған 
тұлғалардың семантикалық өрісін шектеулі деп даралауға болады, себебі барлық қолданыста 
дерлік  болжау,  жорамалдау  мағынасын  даралайды.  Мысалы:  Менің  «жаңа  студентпін» 
деген  сөзімнің  қыздарға  жаңаша  бір  әсері  болды-ау  деймін  (Ә.Нұршайықов).  Берлинде 
болып,  Рейхстагты  көргенім  тергеуші  қызға  әсер  етті-ау  деймін  (Ә.Нұршайықов).  Сол 
түрімді  аяды-ау  деймін  (Ә.Нұршайықов).  Тегі,  оны  ауыстырып  киерлік  лайықты  басқа 
кеуде  киімі  болмады-ау  деймін  (Ә.  Нұршайықов).  Менің  сұқтанып  отырғанымды  сезді-ау 
деймін (Ә.Нұршайықов). 
Қазіргі  модаль  сөздердің  қатарын  «болар»  модаль  сөзі  де  толықтырады. 
Қолданыста  «болар»  модаль  сөзі  етістік  сөздермен  де,  зат  есім  сөздермен  де  жарыса 
қолданылып,  модальді  реңкті  саралауға  үлес  қосады.  Мысалы:  Қыздың  көмейіне  «оның  ар 
жағы не болды» деген сұрақ та келген болар (Ә. Нұршайықов). Кім біледі, сол жаман деген 
адамның  да  жақсылығы  болар  (Ә.  Нұршайықов).  Бәлкім,  анасы  есіне  түскен  болар 
(Ә.Нұршайықов). Бәлкім ол қазір билет алудың қамында жүрген болар (Ә. Нұршайықов). 
Қорыта келгенде, модаль сөздердің модальді мағынаны айқындауда  қосар үлесі  зор. 
Қолданыстағы  құрылымдық  ерекшеліктері  олардың  қызметін  әлі  де  тереңдей, 
салыстырмалы негізде талдау қажеттігін көрсетеді. 
1.
 
Оралбаева Н. Қазіргі қазақ тілініц морфологиясы. -Алматы, 2007. 
2.
 
Салқынбай А. Қазіргі қазақ тілі. -Алматы, 2008. 
3.
 
Жанпейісов Е. Модальдық мағына білдіретін кейбір сөздердің құрылымдық 
сипаты Қазақ ССР Ғылым академиясының Хабарлары. -Алматы, 1983г №1. 
4.
 
Исаев  С.  Қазіргі  қазақ  тіліндегі  сөздердің  грамматикалық,  сипаты.  -
Алматы, 1998. 
5.
 
Камильджанова  Р.А.  Модальные  слова  в  современном  узбекском  языке.  -

60
 
Абай атындагы ҚазҮПУ-дың Хабаршысы, «Филология гылымдары» серимы, Ко2 (32/,2010ж. 
 
 
Ташкент, 1975. 
6.
 
Закиев М.З. Современный татарский литературный язык. -Москва, 1969. 
7.
 
Мамаділ  Қ.  Қазіргі  қазақ  тіліндегі  етістіктің  модальдық  құрылымдары. 
Автореферат. - Алматы, 1996. 
Түйін 
Мақалада  модальділік  санатының  жасалуына  негіз  болатын  модаль  сөздердің  сөз 
табы  ретіндегі  дербестігі  сөз  болып,  оның  модальді  мағынаны  түрлендірудегі  белсенді 
қызметі  сипатталады.  Қазіргі  модаль  сөздердің  сөйлем  аясындағы  қолданысына  қарай 
құрылымдық түрлері де дараланады. 
Резюме 
В статье рассматриваются модальные слова как отдельные части речи и их отношения 
к категори модальности. Также в статье идет речь о структурных особенностях модальных 
слов. 
Summary 
Modal  words  as  separate  parts  of  speech  and  their  relations  to  category  of  modality  are 
considered in the article. It was also mentioned about structural peculiarities of modal words in the 
article. 
 
 
ҚЫТАЙ ТІЛІНДЕГІ ЖАҢА СӨЗДЕР ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ЖАСАЛУЫ ТУРАЛЫ 
Нәсіпқазы Еркінбек - 
аға оқытушы Абай атындағы ҚазҰПУ 
Адамзат  қоғамы  үздіксіз  дамып,  өзгеріп  отырады.  Ғаламдық  саяси  өзгерістер, 
экономиканың  өркендеуі,  ғылым  мен  техниканың  дамуы,  коғамдық  өмірге  ұқсамаған 
дәрежеде жаңа құбылыстар алып келеді. Мәселен: жаңа құрылымдар, жаңа саяси жүйе, жаңа 
идея, тың танымдар мен тапқырлықтар т.б. Міне осындай жаңа дүниелерді айқын бейнелеу 
үшін жана атаулар мен тың терминдер дүниеге келеді. ягни осы атаулар және сөздер болып 
енді. 
Соңғы  мезгілдерде,  әсіресе  «  сыртқа  есік  ашу,  реформа  жасау»  саясатын  белсенді 
жүргізгеннен  кейін,  Қытай  Халық  Республикасында,  Қоғамның  әр  саласында:  заң,  саяси 
жүйе, ғылым- мәдениет, сауда-экономика т.б. мәселелерде елеулі өзгерістер болды, осындай 
жағдайлар,  Қытайдың  тілдік  қорында  жаңа  сөздердің  кең  көлемде  туындауына  әсер  етті. 
Айталық,  Қытайда  ауыл-  қыстақтарға  жүргізілген  реформа  ең  алдымен,  Халықтық 
коммуналарды  жоғалтып,  өндірісті  біртұтас  жоспарлайтын  ескі  саясатты  алып  тастап,  жер 
телімдерін  жан  басына  шаға  отырып  әрбір  шаңыраққа  дейін  көтереге  беруден  өнімінің 
белгіленген  мөлшердегі  бөлімін  мемлекетке  тапсырады  да,  калған  бөлігіне  бүкілдей  өзі 
иелік етеді. Осыдан реформаның халыққа тиімділігін айқын көрсетуге болады. 
(  Отбасына  көтереге  беруі)  дейтін  жаңа  сөз  пайда  болды.  Отбасына  дейін  кетереге 
беруі  саясаты  егіншілердің  өндірістегі  белсенділігін  арттырады;  Бір  бөлім  шаруалар 
алдымен  байып,  жылдық  отбасылық  табысы он  мың  (төмен) Қытай  юаньына  жетті  немесе 
асып жығылды. Адамдар енді осындай отбасын (түмендік түтін) дейтін тағы бір жаңа атау 
арқылы жеткізді. Қытайдағы қала экономикасына жүргізілген реформа екінші жағынан жеке 
адамдардың  сауда-саттық  жұмысымен  айналысуына  мүмкіндік  берді.  Бұдан  бұрын  тек 
мемлекет немесе ұжым ғана мұндай жұмысты жүргізетін, жеке адамдарға рұқсат етілмейтін. 
Жоғарыдағы  мүмкіндікке  байланысты  сауда-  саттықпен,  қоғамдық  қызмет  көрсетумен 
арнайы  айналысатын  көптеген  жеке  меншік,  отбасылар  өмірге  келе  бастады.  Осындай 
жағдайда,  (жеке  кәсіпкер)  дейтін  бұрын  болмаған  жаңа  бір  сөз  дүниеге  келді.  Таяу 
жылдардан  бері  Қытай  үкіметі  базар  шаруашлығын  мықтап  қолға  алды.  Осыдан  кейін 
арнайы  бизнеспен  шұғылдантын  серіктестіктер  (фирма)  көптеп  өмірге  келе  бастады.  Тіпті 
қаржы-қаражаты да, тұрақты мекен-жайы да жоқ ақпа серіктестіктер бой көрсетті. Мұндай 
серіктестіктерді жұрт: ( бос белбеу фирма) деп атады. Кейбір үкімет ұйымдары өздеріндегі 
мүмкіндіктерімен  қызмет  қолайлығынан  пайдаланып,  әр  түрлі  аты  өзгерген  фирмалар 
құрып,  ақша  жасауға  кірісті.  Халық:(түсі  өзгерген  фирма)  деу  арқылы  осындай 
серіктестіктерді  көрсетті.  Көптеген  үкімет  қызметкерлері,  оқытушылар,  дәрігерлер  өз 
жұмыстарын  тастап,  бизнеске  бет  бұрды.  Осы  жағдайды  (теңізге  сүңгуі)  деген  атау  енді. 

61
 
Весіпниі: КазНПУ имени Абая, серия «Филологические науки», № 2 (32), 2010 г. 
 
 
Үкіметтің  экономикалық  саласындағы  өзгерістеріне  байланысты,  осындай  көптеген  жаңа 
сөздер өмірге келді. 
Жоғарыда  керсетілгендей,  Қытай  тілінің  сөздік  қорына  көптеген  жаңа  сөздер 
қосылуда. Алайда, осы сөздер ироглифтердің бет алды қосылуынан жасалған ба? Жоқ әлде 
белгілі  заңдылықтарға  негізделген  бе?  Ироглифтердің  орналасуы  арқылы  сөз  жасап,  оны 
мазмұны  арқылы  түсінуге  болады  (  Қазақ  тілінде  түбір  арқылы  сөз  жасалып,  буындарға 
бөлікке  бөледі)  қытай  тілінің  грамматикалық  ерекшелігі,  жаңа  атаулардың,  сөздердің 
жасалуына  орасан  зор  мүмкіндіктер  беріп  отыр.  Біз  Қытай  тіліндегі  жаңа  сөздердің 
ерекшелігіне,  кұрылымына  назар  аударсақ,  онда  белгілі  заңдылықтардың  бар  екендігін 
байқаймыз. Негізінен, оларды төмендегідей жинақтауға болады: 
Біріншіден, жаңа сөздер тікелей жасалған. Қытай тілінде ироглифтер өте көп, сөз 
жасауға аса ыңғайлы. Адамдар жаңа заттар дүниеге келгеннен кейін, олардың ерекшелігіне, 
сыйпатына  негізделе  отырып,  мазмұн  жағынан  дәл  жеткізетін  ироглифтер  арқылы  жаңа 
сөздер  жасап  отырады.  Мысалы:  (ерекше  аймақ)  деген  сөзді  қарап  көрейік:  1980  жылы 
мамырда,  Қытай  үкіметі  Қытайдың  оңтүстік  шығысындағы  теңіз  жағалауына  орналасқан 
Шынжың,  Жухай,  Шиянту,  Шиямин  қатарлы  төрт  ірі  қаланың  орналасқан  орны  бойынша, 
белгілі  көлемдерін  анықтап,  экономиканы  дамыту,  дамыған  елдерден  озық  техникаларды 
енгізу,  олардың  басқару  ерекшеліктерін  үйрену  мақсатына,  ерекше  жеңілдіктер 
қарастырылып,  еркін  экономикалық  аймақ  саясатын  жүргізе  бастады,  бұл  кейіннен 
қарапайым түрде ықшамдалып,  «ерекше район » болып қалыптасып кетті. Тағы бір мысал, 
Қытай үкіметі елдің жан санының қалыптан тыс көбеюін тежеу мақсатында, ер мен әйелдің 
тұрмыс құру жас шамасын, перзент сүю мезгілін және олардың бір балалы болуын  белгілі 
үкімет тарапынан қадағалауды міндеттеді, жүктеді. Бұл саясат (жоспарлы туыт) деп аталды. 
Осы  саясаттың  нәтижесінде  өмір  есігін  ашқан,  жас  жұбайлардың  жалпы  ұрпағы  (жалғыз 
перзент) деген сөзбен көрсетілді. 
Екіншіден,  бұрыннан  қолданыста  бар  сөздердің  жаңаша  түрленуі  арқылы 
жасалған.  Айталық,  (үлкен  қазандағы  ас),  бұл  әсілінде  бар  сөз  болып,  үлкен  қазанда 
әзірленген  тағамды  білдіретін.  Кейіннен  жаңа  саяси  мән  алу  арқылы,  әр  бір  адам  үлесінің 
тепе-теңдігін  білдіретін  болды.  Қоғамда  атқарған  шаруаларының  қандай  болуына 
қарамастан, сіңірген еңбегінін аз немесе көп болуын ескерместен жалпыға бірдей, тең үлес 
беретін  құбылысты  (үлкен  қазаннан  ас  ішу)  деп  атады.  (Кішкентай  патша)  -  деген  сөздегі 
кіші,  кішкентай  деген  мағынаны,  ал  император,  патша  деген  ұғымды  білдіретін  бұрыннан 
қолданыста  бар  сөз.  Алайда,  жоғарыда  айтқанымыздай  Қытайдағы  жоспарлы  туыт 
нәтижесінде, дүниеге келген әр отбасындағы жалғыз перзент, әке-шешесі мен ата-әжелерінің 
шектен  тыс  қолпаштауы  салдарынан,  ақшаны  бей-берекет  шашатын,  нені  каласа  соны 
алатын,  тәкаппар,  өзімшіл  болып  өсе  бастады.  Міне  осындай  жағдайда  есейіп  келе  жатқан 
жалғыз  баланы  теңестіру  арқылы  (кішкентай  патша)  деп  атайтын  болды.  Мұндай  жаңа 
сөздерді қазіргі кезде Қытай тілінен көптеп кездестіруге болады. 
Үшіншіден,  Қытай  тіліндегі  жаңа  сөздердің  тағы  бір  бөлігі,  кейбір  ұзын 
сөздердің  ықшамдалып,  қысқартуыннан  пайда  болған.  Мысалы:  (кедейлерді 
сүйемелдеу)  сөзі  әсілі  Қытай  үкіметінің  түрлі  тәсілдерді  қолдана  отырып,  мешеу  дамыған 
кедей өңірлерді сүйемелдеп, олардың тез арада кедейліктен құтылуы үшін жүргізген деген 
саяси  ұғымын  білдіретін  атаудың  қысқаруынан  келіп  шықкан.  Тағы  сол  сияқты  терминде, 
өндірісте және қызмет барысында ерекше  ерлік көрсетіп, үкіметтің назарына ілінген еңбек 
озаттары  мен  қаһармандарын  сыйпаттайтын  (қаһарман  және  озат  жекелер)  сөзінің 
қысқаруының  туындысы.  Жалпы  халыққа  ғылым,  білімнің  ең  жаңа  жетістіктерін  жеткізу, 
жалпыластыру  мақсатында  қолданған  (ғылыми  танымдардың  жалпыласуы)  деген  атаудың 
ықшамдалған  көрінісі.  Қазіргі  осындай  жолмен  жасалған  сөздер  қытай  тілінде  күн  санап 
көбеюде. 
Төртіншіден,  шет  тілдеріндегі  атаулардың  дыбыстық  аудармасы  негізінде 
жасалған.  Қытай  тілі  жалпы  алғанда,  өзінің  тілдік  тазалығын  нық  сақтаған  тіл.  Бұлай 
болуындағы  басты  себеп,  ең  алдымен  тілдің  граматикалық  ерекшелігі  болса,  енді  бір 
жағынан,  қытай  ұлтының  басқа  тілдердегі  дыбыстарды  оңай  ажыратып,  дұрыс  дыбыстай 
алмауынан. Және де кез-келген жаңа құбылыстарға бірден ат қойып, айдар тағатын өз тілін 
барынша  таза  сақтауға  ұмтылатын  ұлттық  психологияны  қосыңыз.  Мұндай  жағдай  шет 
тіліндегі  атаулардың  молынан  енуіне  кедергі  болған.  дегенмен,  ғылым  мен  техниканың 
ұшқан құстай дамыған бүгінгі кезеңінде, шет тілдерінен келген жаңа сөздер қытай тілінде де 
бой  көрсете  бастады.  Мәселен,  70-  жылдарда  алғаш  Жапонияда  пайда  болып,  кейіннен 
әлемге  кеңінен  таралған  «  Саrаоке»  техникасы,  Қытай  тіліне  болып  қосылды.Сондай  -ақ, 
Американың  танымал  сусыны  «  Сосо-СоІа»  Қытай  тілінде  дыбыстық  аударма  бойынша 

62
 
Абай атындагы ҚазҮПУ-дың Хабаршысы, «Филология гылымдары» серимы, Ко2 (32/,2010ж. 
 
 
«(Кекои  кеіе)»  болып  бейнеленді.  (Bisabing)»  -  арқылы  Италиянның  аты  шулы  тағамынын 
бір түрін (pizza) көрсетті. Шет тілдерден келген мұндай сөздер мұнымен шектелмейді. Айта 
берсек  тағыда  көптеп  мысалдар  келтіруге  болады  «-Wei  ta  ming»  (Витамин),  «  A  si  pi  lin» 
(Аспирин) , « Di si ke» (Диско) т.б. 
Резюме 
В статье рассматриваются некоторые вопросы словообразования в китайском языке
Summary 
In  this  article  some  problems  of  word  forming  in  Chinese  language  are  considered  by  the 
author. 
 
ТҮР МЕН ТҮС АТАУЛАРЫ - КҮРДЕЛІ ҚҰБЫЛЫС  
Р.К. Садықова - 
ҚазҰПУ-дың доценті 
Түр-түс  атаулары,  түр-түс  символикасы  -  әрбір  халықтың  өзіндік  феноменін 
танытатын  күрделі  құбылыс.  Осыған  байланысты  қазіргі  кезде  жедел  дамып  бара  жатқан, 
тілдердің  қолданылуының  когнитивті  және  прагматикалық  факторларының  зерттелуінің 
аясында  түр-түс  атаулары  да  жиі  қарастырылып  келеді.  Өйткені  түр-түс  атауларының 
лингвистикасы «Тіл және ойлау», «Тіл және қоғам», «Әлемнің тілдік бейнесі» сияқты іргелі 
проблемалардың  жаңа  қырларын  таныта  алады.  Сонымен  қатар  түр-түс  атаулары 
мәдениетаралық  коммуникацияда  да  ерекше  манызға  ие.  Түр-түс  атаулары  этномәдени 
жағынан  барынша  байлаулы  (маркерлі).  Түр-түс  атаулары  -  мәдениеттің  жемісі,  әрі 
мәдениетті  жасайтын  фактор;  ұлттық  мәдениетті  танып-білудің  негізгі  құралы. 
Зерттеушілердің бұл салаға қызығушылықпен қарауының басты себебі осында. 
Сондықтан тілші-ғалымдар түр-түс атауларының барлық аспектілеріне назар аударып 
келеді. Ғалымдарды төмендегі мәселелер ойландырады: 
-
 
әрбір  ұлтқа  тән  маңызды  (когнитивті  және  прагматикалық  тұрғыдан)  түр-түс 
атауларын ажырату; 
-
 
түр-түс атауларына лингвистикалық парадигма ретінде қарап, зерттеу; 
-
 
түр-түсті қабылдау мен оны атаудың универсалиялары; 
-
 
лексикалық-семантикалық акпарат беретін компоненттерді зерделеу
-
 
түр-түс атауларының семантикалық өрісінің корреляциясын анықтау; 
-
 
түр-түс атауларын металл ретінде зерттеу; 
-
 
әрбір  халықтың  түр-түс  атауларының  лингвомәдени  ерекшеліктерін  салыстырып, 
кешенді түрде сипаттау және т.б. 
Осы  аталғандардың  ішінде  бірнеше  аспект  айрықша  маңызды  болып,  қазірге  дейін, 
зерттеулердің  көп  болғандығына  қарамастан,  қызу  пікірталас  тудырып  отырған 
мәселелердің  бірі  -  әрбір  ұлтқа  тән  маңызды,  ұлттық  этносимволиканы  білдіретін  түр-түс 
атауларын  ажырату.  Көптеген  ғалымдар  И.Гётенің  жүйесін  атап  өтеді;  ол  барлық  түр-түс 
спектрін үш топқа бөлген: 
1.
 
Негізгі түстер: сары, көк, қызыл; басқа түстер осы арқылы жасалады; 
2.
 
бірінші дәрежедегі құрамдас түстер - жасыл, қызыл, сары 
(оранжевый), сиякөк, булар негізгі екі түстің араласуы арқылы жасалады. 
3.
 
Екінші  дәрежедегі  құрамдас  түстер  -  бірінші  дәрежедегі  түстердің 
араласуынан пайда болған 
түстер. 
Ал америкалық лингвистер Б. Берлин мен П. Кей пікірі бұл мәселенің аныққанығын 
ашып  берді  деп  есептеуге  болады.  Олар  98  тілдегі  түр-түс  атауларын  зерттеп,  жинақтаған 
материалдың негізінде 11 негізгі түсті көрсетеді: basic colour terms - black (қара), white (ақ), 
red (қызыл), yellow (сары), green (жасыл), blue (көк), brown (қоңыр), purple (алқызыл), pink 
(қьпгылт сары), orange (қызьиісары), gray (суры). 
Яғни  қайсыбір  тілде  бар  болған  үш  қана  түс  атауы  болатын  болса,  онда  олар  -  ақ, 
қара,  қызыл.  Орыс  тілші  ғалымдарының  көпшілігі  осы  жіктемені  мойындайды  және  орыс 
тілінде 11 негізгі түс бар деп санайды, олар - ағылшын тіліндегі blue дегеннің орыс тілінде 
екі баламасы бар деп есептейді: blue - көк (синий) және көгілдір (голубой). Б. Берлин мен П. 
Кейдің  жіктемесі  негізінде  ғалымдар  барлық  тілдердегі  дерлік  түр-түс  атаулары 

63
 
Весіпниі: КазНПУ имени Абая, серия «Филологические науки», № 2 (32), 2010 г. 
 
 
төмендегідей иерархияда орналасады деп есептейді: black, white}- >{red}- >{green, yellow}- 
> {blue} - > { brown } —♦ > {gray, orange, pink, purple}. 
Бірақ орыс ғалымы P. Фрумкина жоғары аталған жіктемеде түр-түс атауларының 11 
болып  көрсетілуі  шартты  түрде  деп  есептейді,  солай  бола  тұрса  да  өзінің  негізгі  түр-түс 
жіктемесін  ұсынбайды.  Р.  Фрумкинаның  пікірінше,  негізгі  түр-түс  атауларының  олардың 
реңктеріне (мысалы, көк-көкшіл) қарсы қойылуы мәдени-тарихи және психологиялық факт 
болып  табылады,  олар  психофизиологиялық  тұрғыдан  қарағанда  өзара  теңбе-тең.  Яғни 
психофизиологиялық  жақтан  түс  пен  оның  реңктеріне  бөлу  мүмкін  емес,  бұлайша  бөлу 
әлемнің  қарапайым  бейнесіне  тән.  Түр-түс  атауларының  негізгі,  маңыздыларын,  яғни 
ұлттық-мәдени  ерекшеліктерді  белгілей  алатындарды  ажыратып  көрсетуде  түр-түс 
атауының  негізгі  түбір  болатындығы  да  айтылады.  Бұл  пікір  бойынша,  сұр  -  негізгі  түс; 
сұрғылт - негізгі түс емес, түстің реңкі. Осыған байланысты орыс тілінде 800-дей атау бар 
деп айтылады [1]. 
Қазақ  ғылымында  түр-түстің  толық  сипаттамасы  жасалған  алғашқы  еңбек  -  «Сырға 
толы түр мен түс» деп аталады [2]. Түс атауларына қатысты тұңғыш еңбек деп санауымызға 
көптеген негіздер бар, олардың бастылары мыналар: 
-
 
түстердің зерттелу тарихынан толық  мәлімет алуға болады, яғни жұмыста түр-түс 
тану ғылымының бұдан 150 жылдай бұрын басталғанын, бұны Ньютон, Ломоносов, Вернер, 
Риджвей, Саккардо, Рихтер және т.б ғалымдардың қарастырғаны туралы дерек берілген
-
 
түстердің негізгі физиологиялық қасиеттері талданған; авторлар «өмірде кездесетін 
заттардың  түр-түсі  ахроматты  және  хроматты  болып  екіге  бөлінеді.  Ақ  пен  қара  түстердің 
барлық реңдері ахроматты болады, ал сары, жасыл, көк, қызыл, күлгін және басқа түстердің 
түрлі  реңктері  хроматты  түр-түске  жатады.  Ахроматты  термин  қазақша  «түссіз»  деген 
ұғымды білдіреді» деп жазады [2, 18 б.]. 
-
 
түр-түс атауларының ұлттық ерекшеліктері талданады; 
-
 
әрбір халықтың тіліндегі түр-түс атауларының саны туралы дерек беріледі. 
Авторлар Р. Фрумкинаның айтқанын негізге ала отырып, орыс тілінде тек бір сөзбен 
берілетін  түр-түс  атауларының  жалпы  саны  150-ден  аспайтындығын,  осылардың  80-90 
пайызы тілдік табиғаты айқын, заттық негізі белгілі атаулар екендігін жазады [I, 49 б.]; 
-
 
ал  қазақ  тілінде  түбір  сөздерден  тұратын  түс  атауларымен  қатар,  туынды  түбір, 
біріккен сөз түрінде, сөз тіркестері  түрінде берілетін атаулар саны өте мол; бұны авторлар 
дәл көрсеткен
-
 
түр-түс  атауларының  жасалу  жолдары,  олардың  қатысуы  арқылы  жасалған 
фразеологизмдер талданады. 
Жоғарыда атап өткен, «Сырға толы түр мен түс» атты еңбекте қазақ тіліндегі түр-түс 
атауларының саны көрсетілмейді, авторлар түр-түс атауларын біршама санап шығады, бірақ 
олар толық емес. 
Осындай  еңбектердің  негізінде  біз  де  әрбір  халықтың  тіліндегі  түр-түс  атаулары 
маңызды категория деп танимыз. Олардың аудару үдерісінде қалай жеткізілетіні де маңызды 
болып табылады. Өйткені түр-түс атаулары әр халықтың символикасын, ұлттық ерекшелігін, 
қоршаған  ортаны  қалай  қабылдап,  қалай  бейнелейтіндігін  көрсететін  тілдік  бірліктер  тобы 
болып  саналады.  Осы  тұрғыдан  келсек,  тіл-тілдердегі  түр-түс  атаулары  бір  жағынан 
идиоэтникалық  айырмашылықтары  бар,  екінші  жағынан  универсалды  болып  саналатын 
концептілер  деп  бағалаймыз.  Мысал  келтірелік.  Қазақ  тіліндегі  «сары»  деген  түс  атауына 
байланысты мынадай пікірлер бар: 
-
 
бұл  біріншіден,  концепт,  оның  ішінде  қазақ  ұлтының  дүниетанымын  танытатын 
концепт; 
-
 
бұл  сөзде  геосимволика  бар;  өйткені  «сары»  сөзі  негіз  болған  жер-су  атаулары 
(Сарыжал,  Сарыбел,  Сарысу,  Сарышаған,  Сарыарқа)  қазақ  ұлтының  географиялық 
объектілерді көзбен қалай қабылдағанын білдіреді [3, 112 б.]. 
-
 
сары  дала,  сары  жайлау,  сары  бел  деген  тіркестер  «ұлан-ғайыр  кең  дала»  дегенді 
білдіреді; 
-
 
жалпы,  «сары»  деген  сөздің  өзінің  семантикасында  «биік  қырат,  кең  даланың 
жоталы жоны» деген мағына бар [4, 87 б.]. 
Мұндай қорытындылар жасауға ғалымдар сөздің семантикасы. Ол арқылы жасалатын 
тіркестердің  мағынасына  талдау  арқылы  қол  жеткізіп  тұр.  Өйткені  осы  лексеманың 
номинациясы  мен  семантикасына  метафоралық  және  метонимиялық  атауларға  келетін 
болсақ,  «Қазақ  тілінің  түсіндірме  сөздігі»  толық  дерек  бере  алады:  сөздікте  негізгі 
мағынадан басқа 50 ауыспалы мағына көрсетілген [5]. 
Бірнеше  тілдердің  материалдарын  салыстыратын  болсақ,  А.  Залевскаяның  талдауы 

64
 
Абай атындагы ҚазҮПУ-дың Хабаршысы, «Филология гылымдары» серимы, Ко2 (32/,2010ж. 
 
 
бойынша  төмендегілерді  атап  көрсетеміз:  сары  түс  -  неміс  халқында  жек  көрушілік, 
қызғаныш,  жалғандық,  сатқындық,  америкалықтарда  -  қорқақтық,  қауіп  төнетіндей 
жағдай,  француздарда  -  сатқындық;  орыс  ұлты  үшін  -  күзгі  жапырақ  деген 
ассоциацияларды тудырады [6, 129 б.]. 
Қазіргі  заманда  қазақ  тілінде  түр-түс  атауларын  білдіретін  лексикалық  топтың 
құрылымы  мен  құрамы  едәуір  өзгеріске  ұшырады.  Бұған  әсер  етіп  отырған  жағдайлар:  а) 
экономикалық,  әлеуметтік  -  мәдени  байланыстар  аясының  кеңеюі;  ә)  жанрдың  жеке  типі 
ретінде  жарнаманың  дамуы;  б)  әлеуметтік  -  мәдени  байланыстардың  негізінде  туындаған 
мәтіндер  мен  жанрлар  типтерінің  қазақ  тіліне  кеңінен  аударыла  бастауы  және  осының 
нәтижесінде өзге тілдердегі түр-түс атауларының қазақша баламаларының ұсынылуы. 
1
 
Фрумкина Р. Цвет, смысл, сходство. - М.: Наука, 1984. - 105с. 
2
 
Қайдаров  Ә.,  Өмірбеков  Б.,  Ахтамбердиева  3.  Сырға  толы  түр  мен  түс.  - 
Алматы: Қазақстан, 1986.-95 6. 
3
 
Жарқынбекова  Ш.  Языковая  концептуализация  цвета  в  казахском  и  русском 
языках: дисс. ...доктора филол. наук. — Алматы, 2004. - 49 с. 
4
 
Қайдаров  Ә.  Қазақ  терминологиясына  жаңаша  көзқарас.  —  Алматы:  Рауан, 
1993. - 105 6. 
5
 
Қазақ тілініц түсіндірме сөздігі. - 8-том. —Алматы: Ғылым, 1985. - 591 б. 
6
 
Залевская  А.А.  Слово  в  лексиконе  человека  //Психолингвистическое 
исследование. — Воронеж: Изд. Воронежского университета, 1990. - 205с. 
 
Резюме 
В  данной  статье  рассматриваются  особенности  наименований  видов  цветов  в 
культуре разных нардов. 
 
Summary 
The article considers the peculiarities of different kinds of colours in culture of nations. 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   21




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет