Хаджи-Мурат Сабина Қазақ бейнелеу өнері шеберлерінің еңбектерінің көркемдік ерекшеліктерін тану бағыттарын айқындау



бет2/10
Дата22.10.2022
өлшемі109,46 Kb.
#44800
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
БЕЛГІЛЕУЛЕР МЕН ҚЫСҚАРТУЛАР
ҚР – Қазақстан Республикасы
ҚР БжҒМ – Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі
ҚР МЖМБС – Қазақстан Республикасы Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты
МДҰ-мектепке дейінгі ұйым
ҰОҚ-ұйымдастырылған оқу-қызметі
ББС-білім беру саласы
БӨ-бейнелеу өнері


КІРІСПЕ

Зерттеу жұмысының өзектілігі: Ұлттық бірегейліктің айрықша белгілерін әрқашан әлемдік кеңістікте көрсететін дүние ол, әрине - өнер болмақ. Өнер салт-дәстүрлердің, әдет-ғұрыптардың ерекшеліктерін анықтайтын күшке ие. Ал сол ұлттық колорит пен тарихты көрсету қазақ бейнелеу өнері үшін маңызды болып есептеледі. Себебі, бейнелеу өнерінің ұлттық кәсіби деңгейі, яғни қазақ суретшілерінің шығармалары қазақ болмысы мен ұлттық нақыштың тарих беттерінде мәңгі айна болып қалатынын көрсетеді. Ұлттық құндылықтар туралы айтқанда, біз бәрімізге қатысты үлкен жауапкершілікті көреміз. Өйткені, ұлттық өнер мен ұлттық құндылық кез-келген халықтың ерекшелігін көрсетеді. Ал сол ерекшелікті анықтау үшін бірінші кезекте қазақ бейнелеу өнеріне жүгінсек болады. Себебі, бейнелеу өнеріне қатысты “Өнер мәдениетінің айнасы” деген пікір бекер айтылмаса керек.


Бұл курстық жұмыс жазылу барысында Қазақстан Республикасының халық суретшілері және қазақ халқының бейнелеу өнерінің көшбасшысы мен мақтанышы болып табылатын ұлы суретшілер туралы баяндалады. Олардың тамаша шығармаларын қазақ өмірінін айнасы деп айтуға болады. Қазақ бейнелеу өнері арқылы Қазақстан өмірін, тың тіршілігін бүкіл әлемге танытқан суретшілер елімізде баршылық. Қазақстан халық суретшілерінің ғажайып шығармалары кейінгі ұрпаққа ұлағатты ұстазы, үлгі болар мектебі болып табылады. Еліміздегі суретшілердің бір де бірегей болып табылатын Әбілхан Қастеев шығармаларында ұлттық болмысты реалистік суреттері: портреттер, тарихи және жанрлық шығармалары, табиғат көріністері белгілі бір тақырыптың мазмұнын айқын ашып көрсетеді.
Бейнелеу өнеріне кескіндеме, мүсін, графика, сәндік өнері жатады. Бейнелеу өнері өмірдегі шындық түрінде, сондай-ақ заттың материалдық формасы ретіндегі объективті қасиетіне және заттың көлемі, түсі, жарықтығы, фактурасы және кеңістік ортаға байланысты шығарылады. Бейнелеу өнерінің осындай үлгілі жақтары мектеп жасына дейінгі балаға өнегелі тәрбие мен тағылым қалыптастырады. Балалар бейнелеу шығармашылығына Е.И. Чарушин үлкен көңіл бөлді. Дарынды суретші-иллюстратор және педагог, мектеп жасына дейінгі балалардың сурет салу мәселесімен көп айналысты. Е.И. Чарушин балалар суреттерінің мазмұнын бағыттап, шығармашылығына үлкендер тарапынан басшылық жасауды, балаларға бейнені қалыптастыруға, мәнерлілік құралдарын іздеуге көмек көрсетуді ұсынды [1]. Ол балаларға бейне жасауда бояулармен жұмыс жасау техникасын жеңілдетуге мүмкіндік туғызды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет