Хаймулданов ерлан сеилханович


Математикада  практикада  қолданылатын  тест  тапсырмаларын



Pdf көрінісі
бет31/70
Дата17.05.2022
өлшемі3,24 Mb.
#34749
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   70
Математикада  практикада  қолданылатын  тест  тапсырмаларын 
түрлері бойынша жеті негізгі топқа бөлуге болады [79]: 


27 
 
 
 
1. Бір дұрыс жауапты таңдаумен жабық түрдегі тапсырмалар. 
2. Ашық түрдегі тапсырмалар. Оны орындағаннан кейін тест бланкісіне 
тест  орындауға  арналған  нұсқаулықта  белгіленген  формада  жауаптар 
енгізіледі. 
3. Толық шешімді жазу қажет болатын тапсырмалар. 
4. Бірнеше дұрыс жауаптары бар тапсырмалар. 
5. 
Бір  жиынның  элементтері  басқа  жиынның  элементтерін 
сәйкестендіруді қажет ететін сәйкестік орнату тапсырмалары. 
6.  Есептеулердің,  әрекеттердің,  қадамдардың,  операциялардың  дұрыс 
реттілігін орнату қажет болған жағдайда дұрыс реттілікті орнатуға арналған 
тапсырмалар. 
7.  Логикалық  қатынастарға  арналған  тапсырмалар,  оларды  орындау 
кезінде  мәтіндік  тапсырмада  көрсетілген  ұғымдар  арасындағы  логикалық 
қатынасты орнату қажет. 
Тапсырмалар  түрін  таңдау  тестілеу  мақсаты  мен  тест  мазмұнына 
байланысты.  Математикалық  тесттердің  нормативті-бағытталған  тестілерін 
құрастыруда 
төртінші-жетінші 
типтегі 
тапсырмалар 
іс 
жүзінде 
қолданылмайды,  бірақ  білім  сапасының  жүйесін  қалыптастыруға  арналған 
тесттер  үшін  оларды  қолдану  әбден  мүмкін,  сонымен  қатар  бұл 
тапсырмалардың  негізгі  түрлері.  Сонымен  қатар,  осы  формалардың 
әрқайсысы білім сапасының нақты түрлерін тексеруге мүмкіндік береді. 
Математикадан  компьютерлік  тестілеу  мәдениеті  әрбір  тестілік 
тапсырмаға  жеке  және  жалпы  барлық  кешенге  қойылатын  қағидалар  мен 
талаптар кешеніне негізделеді.  
Тест  тапсырмаларының  жеке  және  көпше  таңдау  түрі  1  кестеде 
көрсетілген. Тест тапсырмаларының басқа түрі ашық болып табылады. Онда 
жауап нұсқалары ұсынылмайды, тест тапсырмасының ашық түрі бір нәрсені 
толықтырып  жасауды,  жазуды,  құруды  талап  етеді.  Тест  тапсырмасының 
мұндай  түрі  оқушылардың  практикалық  дағдыларды  меңгеруін  анықтайды. 
Мысалы,  «х³+2х=….  өрнегінің  мәнін  тап,  мұндағы  х=3»  деген  тапсырмада 
сыналушы  дұрыс  жауапты,  яғни  өз  бетінше  есептеулер  жүргізуі  (осы 
мысалдағыдай), немесе қосымша құрылымдарды енгізуі тиіс. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 


28 
 
 
 
1 кесте 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   70




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет