Хаймулданов ерлан сеилханович



Pdf көрінісі
бет52/70
Дата17.05.2022
өлшемі3,24 Mb.
#34749
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   70
сауаттылық  пәні,  бұл  пән  бойынша  жауап  берудің  жалғыз  таңдауы  бар 
жабық түрдегі 20 сұрақ (20 балл) беріледі. Мұндағы тапсырмалар логикалық 
ойлау, практикалық, өмірлік жағдайларға арналған. 
Математика  пәні,  мұнда  30  сұрақ  (40  балл)  беріледі,  20  сұрағында 
жауап  берудің  жалғыз  және  10-да  бірнеше  таңдауы  бар  жабық  тест 
тапсырмалары  ұсынылады.  Бұл  математика  пәні  мамандықты  таңдауға 
байланысты жүргізіледі. 
11  сынып  оқушылары  үшін  қорытынды  аттестаттау  жазбаша  емтихан 
түрінде  өтеді.  Бұған  дейін  бұл  жаратылыстану-математикалық  бағыттағы 
оқушылары  үшін  6  тапсырма,  ал  қоғамдық-гуманитарлық  бағыттағы 
оқушыларға – 5 тапсырма берілетін болған. 
Жаңартылған  білім  беру  мазмұны  бойынша  11-сыныпта  емтихан  әлі 
өткізілген жоқ. Ал орта мектеп мұғалімдерінің жаңартылған білім мазмұнына 
сай  9-сыныптарда  емтихан  өткізген  әдіс-тәсілдерін  сараптау  барысында 
кейбір  тиімді  тұжырымдар  туралы  тоқталайық.  9-сыныпта  жазбаша  бітіру 
емтиханы төмендегідей құрылымда өткізілген: А тобына ұсынылған 10 тестік 
тапсырманың  жалғыз  жауабын  таңдауы  керек.  В  тобына  қысқа  және  толық 
жауаптарды талап ететін 8-10 тестік (2-8 баллмен бағаланатын) тапсырмалар 
берілген. Ең жоғарғы балл саны 50 (білу және түсіну деңгейіне 50% , қолдана 
білуге 30%,  жоғары дәрежедегі шешімдерге 20%) [125]. 
Бұл нұсқаулықты 9-сыныпта бітіру емтихандарына, колледждерге түсу 
емтихандарына дайындау үшін пайдалануға болады. Сол сиқты жаңартылған 
білім мазмұнына сай оқушылардың білім сапасын бағалау үшін БЖБ  (бөлім 
бойынша  жиынтық  бағалау)  және  ТЖБ  (тоқсандық  жиынтық  бағалау) 
өткізіледі. 
Біріншісі  белгілі  бір  бөлімді  зерттеу  аяқталғаннан  кейін  жүзеге 
асырылады,  әрбір  БЖБ  үшін  дескрипторлар  міндетті  түрде  жасалады  (әр 
критерий бойынша оқушылардың жетістік деңгейін сипаттайды және белгілі 
бір балл санымен бағаланады). 
ТЖБ  тоқсанның  соңында  өткізіледі,  орындалу  уақыты  40  минутты 
құрайды  және  ойлау  дағдыларының  әртүрлі  деңгейлеріндегі  жетістіктерді 
көрсететін көп деңгейлі тапсырмаларды қамтиды. 
Біз  өзіміздің  зерттеуімізде  математиканы  оқыту  процесінде 
оқушылардың оқу іс-әрекетін ұйымдастыруда тесті қолдануға болатындығын 
байқадық,  сондықтан  математикадан  білімді  бағалау  үшін  өткізілетін  БЖБ 
және ТЖБ тест тапсырмаларын енгізуге болады деп санап оның әдістемесін 
көрсетеміз. 


68 
 
 
 
Қазіргі  қашықтықтан  оқыту  кезеңінде  тест  тапсырмаларын  жиі 
қолданудың қажеттілігі туып отыр. 
Біз  зерттеуіміз  бойынша  математиканы  оқыту  процесінде  тест 
тапсырмаларын  қолданудың  негізгі  бағыттарын  айқындадық,  ол  келесі         
15 суретте көрсетілген. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
15 сурет.
 
Тестің қолдану бағыттары  
 
1. Математиканы оқыту процесінде білімді меңгеруді бағалау бағытына 
арнап  тестік  тапсырмаларды  құрастыруға  болады,  мұндағы  негізгі  мәселе 
күнделікті өтіліп жатқан тақырыптарды меңгеруін және түсінбеген жерлерін 
тез айқындап, оны жою бағытында жұмыс жүргізуге болатындығында. 
2.  БЖБ  және  ТЖБ  ұйымдастыруға  арналған  тест  тапсырмаларын 
дайындауда оқушылардың жас ерекшеліктерін ескеру негізге алынады. 
Мысалы,  бесінші  және  алтыншы  сынып  оқушыларының  жас 
ерекшеліктерін ескере отырып, дайындалған тест тапсырмалары жабық түрде 
болады,  онда  оқушылар  ұсынылғандардан  дұрыс  жауапты  таңдайды.  Бұл 
жастағы  балаларда  бейнелі  ойлау  дамыған,  сондықтан  тестерді  құрастыру 
кезінде бірқатар тапсырмаларға суреттер мен сызбалар ұсынған жөн.  
3.  ҰБТ-да  қолдануға  арналған  тестік  тапсырмаларды  құрастыруда, 
ескеретініміз,  оқушылардың  негізгі  дамуы  жоғары  мектеп  жасына  дейін 
болады. Осылайша, 10-11 сынып оқушыларына арналған тест тапсырмалары 
барлық  түрдегі  жабық  (бір  және  бірнеше  таңдау  үшін)  және  ашық  түрдегі 
тапсырмалар болғаны дұрыс [126]. 
Жоғарыда  көрсетілген  бағыттардағы  математиканы  оқыту  процесіне 
оқушылардың оқу іс-әрекетін тест арқылы ұйымдастыру жұмыстарын неден 
бастауға  болатындығына  тоқталайық.  Бұл  жұмысты  төменде  құрылған 
модельге  сүйене  жүргізген  тиімді.  Себебі,  мұнда  математиканы  оқыту 
процесінде  тест  арқылы  оқушылардың  оқу  іс-әрекетін  ұйымдастыру 
теориялық және әдістемелік тұрғыдан қалай қалыптасу керек екендігі айқын 
көрініс  тапқан.  Зерттеу  жұмысының  түйінін  көруге  болады.  Төменде  16 
суреттегі модельге толық тоқталып, сипаттамасын береміз.  


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   70




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет