Халал мәселесі тұрғысынан қарасақ, біз харам жануарлардың генін пайдала



Pdf көрінісі
бет5/6
Дата28.12.2016
өлшемі2,63 Mb.
#634
1   2   3   4   5   6

Ақеділ ТОЙШАНҰЛЫ,

М.Әуезов  атын да ғы

Әдебиет және өнер институтының

аға ғы лыми қызметкері

Роза РАҚЫМҚЫЗЫ

ДОСТЫҚҚА АДАЛДЫҒЫНА ТӘНТІМІН

ҚАЙРАТКЕР ДӘРЕЖЕСІНЕ КӨТЕРІЛГЕН ҒАЛЫМ

ҚОРҚЫП ТА, СЫЙЛАП ТА ТҰРАМЫЗ... 

кезеңі болатын. Халық жауы ретінде талай 

арыстарымызды қырып сал  ған қасиетсіз 

қаулылардың күшін жою әре  кетінің басы-

қасында болуы Сейітті қай 

 

раткерлік 



дәрежеге көтерді. Заманында әді-

летсіздіктің ауыр азабын арқалап дүние-

ден өткен ұлылардың аруағын тірілтуге 

қыз  мет ету арқылы ол өзінің негізінде бар 

тек тілікті шыңдады. Тәуелсіз еліміздің ең-

се  сін  көте ріс кен  еңселі  азаматтардың  бірі-

не айналды. Бұл оның азаматтық бол мы-

сын танытатын қа сиеті болса, адамдар 

ара  сын біріктіре тү се тін келесі бір ерек та-

би   ғаты – оның дос тық қа деген адал ние ті 

дер едім.

Өмірзақ АЙТБАЙҰЛЫ,

Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының 

президенті,  ака де мик

қау лыларды дайындаған адам. Былайша 

айт қанда, Сейіт Асқарұлының фольклор 

арқылы өткеннің жұмысымен ай на лы сып 

қана қоймай, оны бүгінгі күнмен бай ла-

ныс тыра алған, сөйтіп, үлкен қайраткер 

дәрежесіне көтерілгендігі анық. 

Ғалымның тікелей шәкірті ретінде ме-

нің қорғаған тақырыбым қазақтың сал-

серілері поэзиясына қатысты болды. Сол 

кезде Сейіт ағаның Ақан сері мен Біржан 

салдан бастап, көптеген халық ком по зи-

тор ларының шығармаларын, ескі әндерді 

жатқа білетіндігі және домбырамен жақсы 

орын дайтындығы мені қайран қал дыр-

ды.


Шәмшидин КЕРІМ,

Нұр-Мүбәрәк  универ си тетінің 

проректоры, профессор

Гзавье АЛЛЕЗ, тарихшы, қазақ музыкасын 

зерттеуші:

– Қазақ музыкасын зерттеуге қызы-

ғу шылығым ерекше. Себебі Тәттімбеттің 

шертпе күй өнерінде музыканың клас-

си калық дәстүрі бар екеніне көзім жетті. 

Мен бұл жазылған еңбекпен тоқтап 

қал май, Тәттімбет өнерін ары қарай 

зерт теуге  тырысамын.

Ерлан ТӨЛЕУТАЙ, өнертанушы:

– Гзавье Аллездің еңбегін өте құнды 

деп бағалаймын. Өзімізде бар асыл 

дүние лерді біз арзан деп бағалайтын 

сияқ тымыз. Ал Гзавье қазақ халқының 

өне ріне асқан қызығушылық танытып, 

ба 

рымызды әлемге паш етіп отыр. 

Оның осы әрекетіне қазақ халқының 

аты нан рақмет айтқым келеді.

Сейілбек АСАНОВ

Ғылымды 

жалғастырып, 

дәстүрді сабақтаған...

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ АҚПАРАТТЫҚ ГАЗЕТ

№172 (398) 6.10.2010 жыл, сәрсенбі                 



www.alashainasy.kz

6

e-mail: info@alashainasy.kz

АЛАШ АЗАМАТЫ

?

Б I Л Г I М   К Е Л Г Е Н   Б I Р   С Џ Р А Ћ

Б I Л Г I М   К Е Л Г Е Н   Б I Р   С Џ Р А Ћ

Ертеден келе жатқан бұл ырымды ата-

бабаларымыз баланың денсаулығына кері 

әсер ететінімен түсіндірген. Яғни жүктілік 

кезінде әйел шашын қидырса, іштегі баланың 

дамуына кері әсер етіп, соның нәтижесінде 

кемтар сәби дүниеге келуі мүмкін. Алайда 

уақыт өте келе бұл қағиданы ұстанушылар 

азайып кетті. Қазір болашақ аналардың басым 

бөлігі аяғы ауыр екеніне қарамастан, өзіне 

ұнайтын шаш үлгісін қойып, шаш бояулары-

мен бояп та жүргенін жиі кездестіреміз. Оған 

денсаулық сақтау мамандарының жүкті 

әйелдің организмінде болатын түрлі 

гармондық өзгерістер олардың шашының 

түсуіне себепкер болатындықтан, жүктілік 

кезінде, керісінше, шашты қысқартуға кеңес 

берулері ықпал етсе керек. Дегенмен мұндай 

кезеңде адам ағзасының барынша сезімтал 

болып келетінін ескерсек, шаш қиюда немесе 

бояғанда абай болғаныңыз жөн. Себебі шаш 

бояуларының құрамындағы химиялық 

қоспалар аллергия тудыруы әбден мүмкін. 

«Жүктілік кезінде шаш қиюға болмайды» деп жатады. Мұның себебі неде? Оның 

іштегі балаға қандай зияны бар?

Айжан БЕКЕТАЕВА, Сәтбаев қаласы

Жүктілік кезінде шаш қиюға бола ма?

ДАТ!

Дулатбек ҚЫДЫРБЕКҰЛЫ, саяси ғылымдар докторы:

– Әлемдегі ықпалды ұйымдардың 

бірі, Еуропадағы қауіпсіздік және ын-

ты 

 

мақтастық ұйымының кезекті сам-

миті араға 11 жыл салып біздің елдің 

ас 

танасында өткізілгелі отыр. Мұны 

же тіс тік дейтіндермен қатар, ағым да-

ғы жұмыс деп қарайтындар да бар шы-

лық. Сіз не дейсіз?

– Еуропадағы қауіпсіздік және ынты-

мақ 

тастық ұйымына 56 мемлекет мүше 



еке 

нін және олардың арасында әлемдегі 

көш 

басшы державалардың барын ес 



кер-

сек, бұл ұйым мүмкіншілігінің едәуір еке нін 

аңғару қиын емес. Халықаралық қа-

тынастардың ең беделді акторларының 

басын қосып, ортақ мүддеге жұмылдыруда 

ЕҚЫҰ-ның маңызы жоғары екенін ұйым-

ның тарихынан білеміз. Ал Қазақстанның 

ЕҚЫҰ-ға мүше болғаны күні кеше ғана. 

Жиыр ма жылға жетер-жетпес уақыт ішінде 

ха 


лық 

аралық деңгейде беделі бар ЕҚЫҰ 

сияқ 

ты ұйымға төраға болып, ұйымның 



бар 

лық жұмысын дөңгелетіп әкету оңай 

шаруа емес. Бізбен қатар тәуелсіздік алған 

дер 


бес мемлекеттердің ешқайсысы дәл 

осын дай жетістікке жете алған жоқ. Ұйым-

ды басқару бар және оның қызметін мінсіз 

ат қару бар. ЕҚЫҰ тарихын алып қарайтын 

бол сақ, 1999 жылдан бері ең жоғарғы дең-

гейдегі кездесу өткізілмеген. Осы ара лықта 

1998 және 2009 жылдары қар 

жы 


лық 

дағдарыс орын алды. Дағдарыстың сал-

дарын естен шығармауымыз керек. Осын-

дай дүниені шарпыған оқиғалар ха 

лық-

аралық саясатта өзіндік өзгерістер жа 



сап 

кететінін айта кеткім келеді. Демек, құн-

дылықтар да белгілі бір деңгейде өз кел-

бетін өзгертеді. Қаншама елде әртүрлі жол-

мен билік ауысты. Саяси жүйелер мен 

прин 


 

циптер өзгерді. Осындай жағ 

дай-

ларды ескерсек, халықаралық саясаттың 



ойын шыларынан бастап, тәуелсіздігіне ке-

ше ғана қол жеткізген жас мемлекеттер тең 

құқылы мүшесі болып табылатын ЕҚЫҰ ая-

сында қордаланып қалған проблемалар 

бір шама деп айтуға болады. Қаңтар айы-

нан бастап ЕҚЫҰ-ның бойына қан жүгірту 

мақ 

сатында Қазақстан қыруар шаруа ат-



қар ды. Салыстырмалы түрде алғанда, өте 

қат 


ты дамымаған жас мемлекеттің көзге 

кө рінетін ірі шаруаларының соңын Астана 

тө рінде үлкен саммитпен қорытындылау – 

әді лет тілік. Мұны Еуропаның белді мем ле-

кет 

терінің басшыларының өзі мойындап, 



сам 

митке қатысуға ықыластарын білдіріп 

жатыр. Менің ойымша, бұл – үлкен же тіс-

тік. Кемшілікті тере білетіндер жетістікті де 

көре білуі керек деп ойлаймын.

– «Кемшілікті тере білетіндер» де-

мек  ші, 

қақтығысты 

аймақтардағы 

жағ 

 

дайлар басы ашық күйде қалды 

дей  тіндер де аз емес. Бұған не ай та-

сыз?

– Таулы Қарабақ, Ресей мен Гүржістан 

ара 

сы, Приднестровье, Қырғызстандағы 



қақ тығыстардың барлығына да Қазақстан 

ЕҚЫҰ-ның төрағасы ретінде араласты. Егер 

халықаралық  саясаттағы  ара аға йын дық 

жұмыс оңай болса, шешілмегеніне жиыр ма 

жылға жуықтаған қақтығыстарды бізге 

дейінгі төрағалары неге реттей сал мады? 

Дипломатияның қағидаларына сәй 

кес, 


аталған аймақтардың барлығына Қа 

нат 


Саудабаевтың өзі барып, мәмілеге ша-

қырды. Тың ұсыныстар мен идеяларын жет-

кізді. Төраға мемлекеттің міндеті де – осы. 

Мәмілеге келуге барлық жағдай жасап 

тұрғанда, ортақ мүддесі үшін бір-біріне 

кешіріммен 

қарамаған 

мем ле кет тер ге 

басқа не істеу керек? Ал ЕҚЫҰ-ға же тек-

шілік етіп отырған кезде бір мемлекеттің 

(Қыр ғызстан) екіге бөлініп кету қаупі орын 

ал 


ды. Дер кезінде үлкен жауапкершілікті 

қо лына алған қазақ билігі арнайы өкілін та-

ғайындап, делдалдық жұмысқа шындап кі-

рісті. Сырт көз үшін ғана жұмыс істеген бол-

са, осылай болар ма еді?! Қазірдің өзін де 

қырғыз еліндегі бүліктің салдарымен 

күресіп бағуда. ЕҚЫҰ-ға төрағалық ету 

деген – шексіз мүмкіндікке ие болу деген 

сөз емес. Ең бастысы, делдалдық қызмет 

ат қа рылды. Одан арғысын қақтығысқа қа-

ты сы мемлекеттердің өздері шешуі тиіс. 

– Жалпы, Астана саммиті гео сая сат-

та үлкен өзгерістер жасай ала ма? Мұ-

ны сұрап отырған себебім, кезекті бас-

қосу Батыс пен Шығыстың ара сындағы 

қа лып тасқан 

қасаң 

сте ре о тип терді 

жою ға себеп бола ала ма?

– Бір ұйымға мүше болу – бір терінің 

пұш пағын илеу деген сөз. Яғни бір құ ры-

лым аясында бас қосқан мемлекеттер ор-

тақ проблемалар аясында тізе қосып жұ-

мыс істейді. ЕҚЫҰ-ның құрылуына сол 

кез дегі коммунистік жүйе мен капиталистік 

ке ңістіктің арасында болған «қырғи-қа бақ» 

соғыс ықпал етті. Яғни екі дер 

жа 


ваның 

«бөліп алып, билей кеткісі» келген Еу ро па 

мемлекеттерінің қауіпсіздігін қорғау, ара да 

тепе-теңдікті сақтау үшін құрылды. Ұйым 

осылайша өзінің даму кезеңін бастан ке-

шіріп, 1991 жылы биполярлы жүйенің 

ыды рауы салдарынан тиісінше ЕҚЫҰ-ның 

да ұстанымдары өзгерді. Зайырлы қоғам, 

демократиялық құндылықтар, азаматтық 

қоғам институттарының қалыптасуына 

ықпал етуге күш сала бастады. Бірақ 1990 

жылдары көп жағдайда біржақты, субъ ек-

тив 

ті ұстанымдарға ұласып кеткенін айта 



ке ту керек. Мысалы, ұйымның басындағы 

мем лекеттердің саяси, экономикалық мүд-

делерін жүзеге асыруына жағдай жасап 

отыр ған кейбір елдердің саяси жүйесі мен 

сай лаулары қанша жерден демократияның 

та 


лап 

тарына сай келмей жатса да, батыс 

елдері бұған көз жұма қарағаны жасырын 

емес. Қысқаша айтқанда, әділ, объективті 

көзқарастар жетіспей жатты. Бұдан кейін 

посткеңестік елдер ұйымға қарсы өздерінің 

пікірлерін білдіре бастады. Осы кезде 

ЕҚЫҰ-ның мемлекеттері арасында тіпті те-

ке тірес басталды. Шыны керек, ұйым ұсақ-

талып, осыған дейінгі уақыттарда сайлау 

қо 

рытындыларын мойындамау жұмыста-



ры мен ғана айналысып кетті. Мем ле кет тер-

дің менталитеті, басқару жүйелері көп жағ-

дайда қаперге алынбады. Осындай 

тү   сі  ніс  пеушіліктерден  кейін  стереотиптер 

қа лып тасты. Бұл мәселені Елбасы Нұрсұлтан 

На зарбаев ЕҚЫҰ-ның эстафетасы біздің ел-

ге тапсырылып жатқанда бейнежолдау ар-

қылы ашық айтты. Бұл түсінбестіктерді рет-

теу үшін Қазақстан аянбай жұмыс істеді. 

Сам 


митті шақырып отырғанымыздың өзі 

ара дағы стереотиптерді жоюға бағытталған 

ша раның бірі деп түсінемін. 

– Ұйым саммиттерінің қо ры тын ды-

ла 

рына көз жүгіртсек, түрлі құжаттар 

қа 

былданған. Астанада қандай ма-

ңыз ды құжаттар қабылданады деп ой-

лайсыз?

– Иә, ЕҚЫҰ-ның әрбір саммитінде ға-

лам дық проблемаларды қамтитын ма ңыз-

ды құжаттар қабылдануы дәстүрге ай нал-

ған. Қазақстанның төрағалығы ұйымның 

негізгі міндеттері аясында жүргізілді. Қазақ-

 стан бұл жерде үлкен жаңалық ашқан жоқ, 

бірақ негізгі үш себетін толық қам 

титын 

істердің басын қайырды. Сондықтан Ас тана 



саммитінің қорытындысы бойынша да 

қауіпсіздік, демократиялық институт тар дың 

дамуына жағдай жасайтын келелі құ жаттың 

қабылданатыны анық. 



– Біздің елдің сарапшылары ЕҚЫҰ-

ны «Еуразиялық қауіпсіздік және ын-

ты 

мақтастық ұйымы» деп өзгерту 

идея   ларын  қоғам  назарына  ұсынып 

жүр. Сонымен қатар қалыптасқан сте-

ре отиптерді жою үшін штаб-пәтерлерді 

Азия мемлекеттерінің территориясына 

кө шіру керек деген де ойлар айтылып 

жа тыр. Бұл ұсыныстардың жүзеге асу 

мүмкіндігі қаншалықты?

– Еуропалық қауіпсіздік және ынтымақ-

тас тық ұйымы әу баста құрылғанда «Кәрі 

құр лықтың» 33 елімен қатар, Америка құр-

лы ғының екі елі – АҚШ пен Канада мүше 

бол ған. Солтүстік Американы алып жатқан 

қос мемлекет тарапынан осы уақытқа де йін 

«Еуро-америкалық қауіпсіздік және ын-

тымақтастық ұйымы» болып өзгертілсін де-

ген ұсыныс болған емес. Және мұндай 

идея лар күн тәртібіне шығарылмаған. Қан-

ша адам болса, сонша пікір болады дейді 

ғой, біздің отандық сарапшылар та ра пынан 

осындай идеялар айтылғаны рас. Бі рақ бұл 

ауқымы кең ұйым аясында кө 

те 


рілетін 

мәселе деп есептемеймін. Азия құр  лығын-

да Президент Н.Назарбаевтың идея сымен 

Азиядағы өзара іс-қимыл жә 

не сенім 

шаралары жөніндегі кеңесі құ рыл ған. Сары 

құрлықтың қауіпсіздігін осы ке ңес шең бе-

рінде де сақтауға болады. Мүм кін, бірнеше 

жыл дан кейін осы халық ара лық ұйымдар 

бірігіп континенттік си пат қа ие болса, онда 

ұйымның атауын өз гер ту, штаб-пәтерлерін 

көшіру сияқты мә се лелерді көлденең тар-

туға болатын шы ғар. Ал дәл қазір күрделі 

өзгерістер жа 

сауға ұйымға мүше мемле-

кеттер жағынан сұ раныс та, ниет те жоқ. 



– Көршілес Қырғыз елінде бірнеше бү-

ліктің орын алғаны белгілі. Бұл ел 

де 

гі 

жағдай кезекті сайлауға дейін ға на тын-

шып тұр дейтіндер бар. Бұл ту ра лы түрлі 

бол жамдар бар. Сіздің ойы ңызша, қандай 

сце нарий  бас шы лық қа  алын бақ?

– Қырғызстанда қалыптасқан саяси тұ-

рақ сыздық базбіреулер айтып жүргендей, 

хал ықтың саяси мәдениетінің жоғарылы ғы 

демократияның белгісі емес. Мен Қырғыз-

стандағы бүліктердің бірінен кейін бірі 

қайталануының себебін өте арыдан із дей-

мін. Бүлік синдромының перманентті си-

пат қа ие бола кетуі Тәуелсіздігінің ал ғаш қы 

жылдарында әлеуметтік-кешенді бағ 

 

дар-


ламалардың дұрыс жасалмауынан деп 

түсінемін. Я болмаса қабылданған құ жат-

тардың ойдағыдай жүзеге аспауынан те пе-

теңдік жойылған. Нәтижесінде халық жап-

пай кедейшілікке ұшырап, ашынуға де йін 

жетті. Салыстырып қарасаңыз, дер бес тігіне 

бір жылда қол жеткізген Қазақ стан ның жан 

басына шаққандағы ішкі жал 

пы өнімінің 

көрсеткіші Қырғыз елінен он есеге жоғары 

екен. Осыдан-ақ әу баста кімнің қандай 

жол таңдап алғанын аңғару қиын емес. Иә, 

Қазақстан – қазба байлық 

тар 


ға бай 

мемлекет. Бірақ соны ұқсата ал 

май, 

әлеуметтік ахуалымыз күрт төмендеп ке т-



кен 90-жылдардың басында қазақ 

стан-


дық тар сабырлылық таныта білді. Бұл жер-

де халықтың менталитеті де саясатта үлкен 

рөл ойнайды. Қырғыздар – алтынға бай 

халық. Аз ғана халқын электр қуатымен, 

суы мен, алтынымен де асырауға болады. 

Бү ліктің басты себебі – әлеуметтік бағ дар-

ла малардың шикілігінен деп отырғаным да  

осы. Қазір қырғыз саясаткерлері бір 

ымыраға келген сияқты. Парламенттік бас-

қаруға келіскеннен кейін, әділ сайлау өт кізу 

арқылы үкіметін жасақтау керек. Содан 

кейін сол үкіметке жұмыс істеуге мүм кіндік 

пен уақыт беру қажет. Егер қо лынан келмей 

жатса, билікке қарумен қарсы шықпай, 

үкіметті отставкаға жібе 

ру 


дің мәдениетті 

тәсілдері бар екенін ес 

те 

рі 


нен шығармау 

керек. Қандай сценарий бас 

шылыққа 

алынбасын, халық билікке мүм 

кіндік пен 

уақыт беру қажет. 



– Әңгімемізге Қырғызстан та қы ры-

бын араластырып отырған себебім, 

гео саясатта белгілі бір аймақтағы, бір 

мем лекеттегі тұрақсыздық тұтас өңір-

дің қауіпсіздігіне нұқсан келтіреді де-

ген қағида қалыптасқан. Жақында 

Тәжік станда да келеңсіз оқиғалар орын 

ал 

ды. Жалпы, осындай өткір про 

бле-

ма лар аймақтағы ахуалға қалай әсер 

етуі мүмкін?

– Әрине, осындай оқиғалар қайталана 

берсе, тұтас аймақтың қауіпсіздігіне сызат 

түседі. Орталық Азия тұрақсыз белдеуіне 

өте жақын орналасқан олардың ықпалы 

бол май қоймайды. Осыны ертерек ес кер-

ген Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назар-

баев Орталық Азияның ортақ мүддесі үшін 

ұйым құруды айтқан еді. Бұл идея кейбір 

ел 


дің басшылары тарапынан кері 

тарт 


па-

лыққа салынып кетті. Біз уақыт оздырып ал-

дық. Бес елдің экономикалық же 

тіс 


тік 

те-


рінің саяси жүйесінің арасы алшақтап кетті. 

Ендігі жерде экстремистермен, лаңкес тер-

мен, есірткі тасымалымен жеке-жеке кү ре-

су 


ге тура келеді. Тәжікстандағы жағдай 

Қыр ғызстанмен  салыстырғанда,  бас қа ша-

лау. Ұқсас жері – әлеуметтік ахуалдың мәз 

еместігі. 1 миллионнан астам тәжік пен 

қыр ғыздың Ресей мен Қазақстаннан нә па-

қа тауып жүргені жайлы деректер бар. 

Тәжік стандағы қақтығыстардың астарында 

ді 


ни факторлар бар. Қазіргі жағдай 90-

жыл  дардың басындағы азамат соғысының 

сал 

 

дары деп түсінемін. Тәжікстан пре 



зи-

ден ті Эмомали Рахмон діни кадрларды ше-

телде дайындауға тыйым салды. Бұл – өте 

дұрыс шешім. Қазақстанға дәл қазір қа уіп 

жоқ. Себебі қазақтар ежелден дінге қат ты 

берілмеген. Ұлттық дәстүрмен са 

бақ-

тастырып отырған. Десе де, жаман айт пай 



жақсы жоқ, бізге де ерте ме, кеш пе, ше-

телде діни кадрларды дайындауға ты йым 

салатын кез жетеді деп ойлаймын. Ор талық 

Азия – әлемдік саясаттың басты ойын-

шыларының көз құртына айналған ме кен. 

Әр ойыншы өзінің ырқында ұста 

ғы 

сы 


келеді. Сондықтан аймақтағы бес мем ле кет 

те бірлесіп күресу керек. Сонда ғана ай мақ 

тұрақтылығын қамтамасыз ете ала мыз.

– Жақында Түркияда өткен түр кі тіл-

дес мемлекет басшыларының сам ми-

тінде Ынтымақтастық кеңесі деп ата-

латын тағы бір халықаралық ұйым 

құ 

рылды. Бұл ұйымнан бір жа 

ңа-

шылдық күтуге бола ма әлде мәдени-

ру хани саланың төңірегінен аспай қалу 

ықтималдылығы да бар ма? 

– Түркітілдес мемлекеттердің ойлары 

ор тақ болғанмен, іске келгенде әртүрлі көз-

қарастары бар. Мұның себебі Түр кия ның 

саяси тарихы бір бөлек те, посткеңестік ке-

ңістіктегі түркітілдес мемлекеттердің та рихы 

бір бөлек. Десе де, кейінгі кезде түркітіл дес 

елдердердің басшылары саммит өт 

кізуді 

дәстүрге айналдырып келеді. Бұл да 



жақсылықтың бір нышаны. Иә, осы уа қыт-

қа дейін мәдени-рухани салада ын ты мақ-

тастық орнатқан елдер саяси деңгейге шы-

ға алмаған. Бірақ соңғы саммитте Түркі 

ел дерінің ынтымақтастық кеңесі құрылды. 

Бір қуантатыны, жыл сайын күн тәртібіне 

тың тақырыптар шығарыла бермейді. Жұ-

мыста жүйелілік бар. Мысалы, былтырғы 

жы лы Әзірбайжан астанасы Бакуде күн тәр-

тібіне шығарылған проблемалар бір жыл 

бойы жан-жақты зерттеліп, зер 

де 


ле 

ніп, 


биылғы саммитте тиісті құжаттарына қол 

қойылды. Яғни жыл сайын байланыстар т е-

реңдеп келеді. Осыған қарап уақыт өте ке ле 

Түркі елдерінің байланыстары саяси-эко-

номикалық деңгейге көтеріледі деп ой-

лаймын. Егер бұл ойымыз жүзеге асып жат-

са, әлемдегі ең қуатты одаққа ай на ла рымыз 

сөзсіз. Себебі Түркияның Еуропаға бе-

йімделген экономикасы бар. Оған Қа зақ-

стан, Әзірбайжан, Түрікменстан сияқты 

мем лекеттердегі мұнай мен газдың мол қо-

рын қосыңыз. Теңізге шығу мүмкіндіктері 

тағы бар. Сондықтан бұл бастама аяқсыз 

қал майды деген үміттемін. Бірақ оған бел-

гілі бір деңгейде кедергілер де болмай қал-

майды.


– Ресейді меңзеп отырсыз ба?

– Жасыратын несі бар, бұрын Ресейдің 

қа рамағына қараған мемлекеттерді ық па-

лын да ұстағысы келетіні екібастан белгілі. 

Бі 

рақ олардың бізге өкпелейтін де жөні 



жоқ. Басқа көршілеріміз сияқты қиқар лық-

қа салған кезіміз жоқ. Жақында ғана Ке-

дендік одақ құрылды. Сарапшылардың 

көпшілігі бұл Қазақстанның мүддесіне сай 

келмейтінін айтуда. «Шығын шықпай, кіріс 

кірмейді» дейді ғой. Кедендік одақтың 

алғашқы жылдары біз үшін қорған болады. 

Яғни Қытайдың қазақ нарығын жаппай 

жаулап алуына белігілі бір деңгейде 

тосқауыл болады. Уақыт өте келе өнер кә-

сібіміз дұрыс жолға қойылып жатса, 

табысты нарыққа айналады.



– Әңгімеңізге рақмет.

Сұхбаттасқан 

Жарқын ТҮСІПБЕКҰЛЫ

ЕҚЫҰ-ға төрағалық 

ету – шексіз 

мүмкіндікке ие болу 

деген сөз емес

Қазанның екінші жұмасында жұмыртқа күні тойланады



Жақында Бүкіләлемдік жұмыртқа күні дегенді естідім. Бұл қандай мереке, не 

үшін тойланады?

Еркін МҰРАТБЕКҰЛЫ, Семей қаласы

Жыл сайын әлемнің көптеген елінде қа-

зан айы  ның екінші жұмасында Бүкіл әлем дік 

жұмырт қа күні тойланады. Бұл датаны 1996 

жылы Венада Ха лықаралық жұмыртқа ко-

мис сиясы бекіткен. Соған сәйкес, жұмыртқа 

өндірісін насихаттайтын шаралар елімізде 

де ұйымдастырылады. Құс өні 

мі адам 

ағзасына аса қажет азықтың бірі са на ла ды. 

Ғалымдар жұмыртқаның дәрумендер мен 

ми 


 

нералдарға және қатерлі аурулардан 

қор  ғай тын  антиоксиданттарға  толы  екенін 

әл деқашан  дә  лел деген.  Сондай-ақ  жұ мырт-

қа – түрлі мә де ниет тердің ас мәзіріне ортақ 

әм бебап өнім. Айта кетейік, әлемде жұ-

мырт қаны пай далану жағынан көш бас тай-

тын ел – Жапония. Бұл елдің әрбір тұрғыны 

кү ніне кемінде бір жұ мырт қа жейді. Жапон 

ба лаларының «Тамаго, та маго!» аталатын 

та нымал әні осы құс өнімінің кереметіне ар-

на лады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет