Prize деп жазылады. Сәй ке сін ше, Ig Nobel Prize
діреді. Орыс тілінде «Шно бель сый лығы» деп
үс тінде сақ танып жүрудің оңай тәсілін та уып ты. Ол
белгіленді. Брендке «Жа йық» де ген атау берілді.
ны Атырау об лы сы ның әкімшілігі бақылайды. Осы-
айында күшіне енеді. Ол ел ішіндегі бүкіл бекіре
өнімдерін қамтитын болады. Бұл ша ра бірқатар
де йін жал ғас ты. Осы кез ден бастап тек Иранда ға-
ратурасы нүкте қойыпты. Яғни мер-
мем лекет есебіне қайтарылған.
алқа мәжілісінде баса айтылды. Мысалы,
ры тындылады. Ал оған кімнің қалай және
күннің еншісінде екені анық. Өйткені
тағы да бір рет еске салынды.
Сейітхан ЗЕБЕРХАНҰЛЫ,
Оңтүстік Қазақстан облыстық
прокуратурасының БАҚ-пен
жұмыс жөніндегі маманы
экспортқа шығаратынымыз анық. Ал
тоқталды. «Осы тұрғыдан ал
шешім болып табылады. Ал бұл актив
инвестиция салдық. Нәтижесінде біз келесі
РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ АҚПАРАТТЫҚ ГАЗЕТ
№172 (398) 6.10.2010 жыл, сәрсенбі
www.alashainasy.kz
5
e-mail: info@alashainasy.kz
ӨРКЕНИЕТ
?
Б I Л Г I М К Е Л Г Е Н Б I Р С Џ Р А Ћ
Б I Л Г I М К Е Л Г Е Н Б I Р С Џ Р А Ћ
Акулалар кіші балықтарды қалайша жеп қоймайды? Көлікті ұзақ жүргізу зиян ба?
КӨРМЕ
Соңғы уақыттарда Алма-
тыда орналасқан Ұлттық
кітап хана халықаралық дең-
гей дегі көптеген ауқымды
жобалар мен жалпы, ел руха-
ния тына қатысты бірқатар игі
ша руаларды жүзеге асырып
келеді.
Кітап мәселесі
қаралды
Соның бір дәлелі ретінде кеше ғана
атал
ған кітапханада «Сирек кездесетін
кітап тар мен қолжазбалар қорының мәсе-
ле лері» атты республикалық конференция-
көрме болып өтті. Тарихшы ғалымдар мен
қаламгерлер бас қосқан жиын барысында
ұсы нылған көрмеде Қазақстан кітап ха на-
ла рының және республикалық кітап мұ ра-
жайы ның сирек кітаптар мен қолжазбалар
қо рынан 400-ден аса құнды жәдігерлері
назарға ұсынылды. Конференция-көр ме-
нің жұмысына, сондай-ақ республикалық
кітап ханалар басшылары және сирек кітап-
тар мен қолжазбалар қоры бөлімдерінің
қыз меткерлері қатысты. Сонымен қатар
Ұлттық академиялық кітапхананың, облыс-
тық әмбебап ғылыми кітапха на ла рдың, ҚР
БҒМ Орталық ғылыми кітап ха на сының,
Республикалық кітап мұражайы мен ҚР
Ұлттық мемлекеттік кітап пала
та
сының
жетекші мамандары да осы ғылыми
басқосуда тақырыпқа орай өз ұсыныстарын
ортаға салды. Алқалы жиында бас қос қан-
дар Қазақстан кітапханаларындағы сирек
кітаптар мен қолжазбалар қорының қазіргі
жағдайы мен оны толықтыру, сақтау, қайта
қалпына келтіру сияқты өзге де өзекті
мәселелерді жан-жақты талқылады.
Сахи ШАЙЫР
Жақында теледидардан шетел океанариумдарының бірі
туралы берілген хабарды көріп қалдым. Таңғалғаным, алып
акулалар ұсақ балықтармен бірге жүзіп жүр. Сонда акула
оларды қалайша жеп қоймайды? Өйткені табиғатта солай ғой,
яғни үлкен балықтар кіші балықтарды жеп қояды деуші еді...
Айдана БЕРІКЖАНҚЫЗЫ, Семей қаласы
Акуланың өзінің кіші «бауыр-
ларын» жемеу себебі – оке ана-
риумда оларды жүйелі кестемен
жақсы тамақ тан ды рады. Мәселен,
аку ла ларға күнделікті, кесімді бір
уақытта жаңа сойылған, қаны әлі
кеуіп үлгер меген балық беріледі,
әрине, келу
шілер көзінен тыс
жағдайда. Сон дықтан аку ла лар-
дың өз көршілерін аңдитындай
жөні жоқ. Биолог ма ман дардың
бұл реттегі пікірі «жырт
қыш
атаулының адамзат ба ласынан бір
айырмашылығы – олар шектен тыс
қанқұмар емес. Қашан қатты
ашық қанша, өзара бей біт жағ дай-
да қатар өмір сүре береді» дегенге
саяды.
Жұрттан естуімше, күні бойы көлік рулінде жүру көптеген
аурулардың белең алуына себепкер болатын көрінеді. Шынымен де,
солай ма?
Әлихан АЙДАРХАНҰЛЫ, Тараз қаласы
Терапевт дәрігерлер көлікті екі са-
ғаттан астам уақыт бойы үздіксіз жүр-
гі
зудің денсаулыққа айтарлықтай
зияны болатынын айтады. Яғни
қимыл-қозғалыстың жоқтығы ағза-
дағы зат алмасу процесін нашарлатып,
нәтижесінде семіруге себепкер бо ла-
ды. Жүргізушілердің ұзақ уақыт бойы
денесін дұрыс ұстамауы, рульде қалай
болса, солай отыруы аяқтың бұлшық
еті мен мойын және бел омырт қа сын-
дағы, жамбастағы қан айна лы мын
бұзады. Соның салдарынан радикулит,
остеохондроз, простатит сияқты
аурулар пайда болады. Артериалдық
қан қысымының кө те рілуі инфаркт
пен инсульт қаупін арттыра түседі.
Аталған сырқаттардың алдын алу
үшін дене жаттығуларымен жүйелі
түрде айналысып, таза ауада көбірек
серуендеуді әдетке айнал
дыр
ған
абзал.
МҮШӘЙРА
Қазақ радиосы мен «Заңғар»
шығармашылық бірлестігінің
ұйымдастыруымен Қазақ
радиосының 90 жылдығының
аясында өтетін «Тәуелсіз
елдің жастары жырлайды»
атты жас ақындардың жыр
мүшәйрасының
ЕРЕЖЕСІ
Мүшәйраның мақсаты:
қазақ жастары арасында отан
сүй-
гіштікті кеңінен насихаттау, өскелең ұр пақ-
тың өн бойына ұлттық рухты сіңіруге,
Тәуел сіздікті терең сезінуге және Қазақ-
станның мерейін арттыруға әсер ету.
Мүшәйраның міндеті:
жас дарындарды анықтау, олардың
шығармаларын тарихи Отаны – Қазақстан
аумағында насихаттау.
Мүшәйраның шарты:
мүшәйраға 18-30 жасқа дейінгі жас
ақын дар қатыса алады. Автордың шығар-
ма сы ешбір жерде жарияланбаған болуы
керек.
Бір ақынға үш өлеңмен қатысуға
болады.
Бірінші өлеңі – Қазақ радиосының 90
жылдығына арналуы керек (міндетті);
Екінші өлеңі – «Тәуелсіздіктің 20
жылдығы» тақырыбында;
Үшінші өлең – әзіл-қалжыңды өлең
болуы қажет.
Мүшәйраға қатысушыларға қойы-
ла тын талаптар:
1. Өзі жайлы нақты ақпарат (жібе рі-
летін өлең мәтінінің астына автордың
толық аты-жөні, өмірбаяны, байланыс те-
ле
фондары, тұрғылықты мекенжайы
көрсетілуі шарт).
2. Кәсіби деңгейде түскен 10х15 фото-
сурет.
Әділқазылар алқасының шешімімен
жеңімпаздарға үш дәреже бойынша жүлде
тағайындалады:
Бірінші жүлде - 1
Екінші жүлде - 1
Үшінші жүлде - 1
Ынталандыру сыйлығы – 3
Мүшәйра жеңімпаздары лауреаттық
дипломдармен және бағалы сыйлықтармен
марапатталады. Сонымен қатар үздік
шығармалар Қазақ радиосының 90 жыл-
ды ғына арналған «Тәуелсіз елдің жастары
жыр лайды» атты жас ақындардың кітабына
енеді.
Ақындар өлеңдерін «Мүшәйраға»
деген атпен 2010 жылдың 31 жел тоқ-
са нына дейін мына мекенжайға жібере
алады:
Алматы қаласы, Достық даңғылы
114-үй, 154-бөлме.
Байланыс тел.: 8 (727) 264 25 94.
Өлеңдерді электрондық поштаға
жіберуге болады: kazradio_zangar@
mail.ru
Сейіттің тіл десең, тілге, өнер десең,
өнерге жосыла жөнелетін жүйріктігіне таң-
ғалмау мүмкін емес. Соған қарамастан,
«мен білем» дейтін менмендік мінезден
мүл де аулақ. Бұл – оның бойынан табиғи
түр де көрініс беретін, өзінен-өзі туындап
жа т атын ізгілік іздері. Осындай тек ғұ ла ма-
ға жа расқан қарапайым мінезі нағыз ға-
лым ның кейпін сомдайды. Сейіттің оқы ға-
ны көп, оқы ғанын көкейге тоқи білуі тіпті
ерек. Тіпті кітап қана емес, тірі адам бойы-
нан көріп, біліп, оқып алғандай көрінетін
қа білеті бар. Сол оқып, көңілге түйгенін
тұм шалап, өзі мен-өзі тұйықталып, жұмбақ
өмір сүретін жан дар да бар. Сонымен бірге
өмір де «Мен біл генді өзгелер де білсін,
әсі ресе келер ұрпақ білсін» дейтін табиғаты
кең пейіл жан дар да жетерлік. Сейіт, ме нің
МЕРЕЙ
байқауымша, осы кейінгі лекке жататын
тұлға. Ол кәсібі, ісі, тірлігі, мінез-құлқы әр
алуан адамдармен қыз меттес болды. Қыз-
мет тес бола жүріп, со лар ды тануға ты рыс-
ты. Әсіресе ғылымдағы ұйым дас ты ру шы-
лық қарым-қабілет жа ғы нан Сейіттің
І.Кеңес баев пен М.Базарбаевтан көбірек
тағы лым алғаны байқалады.
Ғылым мен мәдениет және қоғам қай-
рат кері ретінде Сейітті шыңдаған мекеменің
бірі – Қазақстан Орталық партия комитеті.
Сейіт тің болмыс-бітіміне, білігіне қызықты
ма, бірде оны Ө.Жәнібеков қызметке ша-
қыр ды. Қазақтың осы бір кесек тұлғалы
азаматымен қыз меттес болған сәттерін
Сейіт әлі күнге елжірей әңгімелейді. Айтса
айтқандай, бұл тұс қазақтың рухани
әлемінің ұлы тұл
ға
ла
рын қайта тірілту
Француз ғалымы Тәттімбет
күйлерінің жинағын шығарды
ТҰСА
УКЕСЕР
Алматыда қазақтың ұлы сазгері, шертпе күй өнерінің
негізін салушы Тәттімбет Қазанғапұлының шығармалары
жазылған Dombra du Kazakhstan L’heritage de Tattimbet
(«Қазақ домбырасы: Тәттімбет күйлері») атты компакт
дискі көпшілікке таныстырылды. Бұл жинақ – француз
тарихшысы, өнертанушы, Сорбонна университетінің түлегі
Гзавье Аллездің еңбегі.
Тәттімбет шығармаларының жи на-
ғы Шәкен Айманов атындағы «Қазақ-
фильм» киностудиясында та
ныс-
тырылды. Баспасөз мәслихатына
му зы катанушы Жарқын Шәкә рім, өнер-
танушылар Ерлан Төлеутай, Саида
Дәукеева, Мемлекеттік «Да рын» сый-
лығының лауреаты, жа зу шы, кино дра-
ма тург Дидар Амантай қа тысты. Dombra
du Kazakhstan L’heritage de Tattimbet
атты компакт дискіге таңдаулы өнер-
паздардың орын дауындағы Тәттімбет
күйлері енген. Олардың қатарында
белгілі жа зушы, өнертанушы Таласбек
Әсем құлов, қара ған дылық күйші, Тәт-
тімбет мектебінің орындаушылық дәс-
түрін таза сақтап отыр
ған Құнан
Кәріпбеков, керекулік жас күйші Қайрат
Айтбаев, астаналық өнер паз дар Нұр-
ғаным Жексенбай және Ақжусан Иман-
ғазылар бар. Тәттімбет мұрасын қазақ-
тың шертпе күй өне рі нің шебері Әбікен
Хасе нов сіз көз ал дымызға елестету
мүм кін емес. Сон дықтан да дискіде
Хасе нов күй ле ріне ерекше маңыз
берілген. Фран ция лық ғалым әйгілі
дала данышпаны Тәт тім бет шығар ма-
шы лы ғын зерттеуге 1998 жылдан бас-
тап жүйелі түрде кіріскен екен. Қыр-
күйектің 13-інде Париждегі әйгілі BUDA
MUSIQUE студиясынан шы
ғар
ған
дискісі – қазақтың ұлы күй шісіне қа-
тысты ұзақ жылғы еңбегінің же
місі.
Гзавье Аллез қазақ халқының тарихын
зерттеумен де әуестенеді екен. Баспасөз
мәслихатында ол өзінің 1900-1940
жылдардағы қазақ халқының басынан
өткен зұл мат оқиға лар дың сырын ашуға
қызығатынын айтты. Еуропалық ғалым
шетелде Алаш қайрат кер лері Әлихан
Бөкейханов, Ахмет Байтұр
сынов,
Бақыт жан Қаратаев, Тұрар Рысқұ лов,
Мұхамеджан Тынышпаевтар жайлы ғы-
лыми мақалалар да жариялаған.
Көрнекті ғалым, Мемлекеттік сыйлықтың иегері, ҰҒА-ның академигі, профессор Сейіт
Қасқабасовтың есімі ел ішінде ғана емес, алыс-жақын шетелдерге де кеңінен танымал. Ғалым
ізденісінен туындаған іргелі еңбектердің қай-қайсысының да ұлт мәдениетіне өлшеусіз үлес
болып қосылып жүргені даусыз. Қазақ фольклорының прозалық саласын ғылыми тұрғыдан
саралап, жанрлық жағынан жіктеген және қазақ мифологиясын типологиялық тұрғыдан
тұңғыш тұжырымдаған Сейіт Асқарұлына көзіқарақты қауымның берер бағасы әрдайым
жоғары. Осы ретте, ғалымның даралық сипатын ғылымдағы әріптестері мен ізбасар шәкірттері
көзімен саралау мақсатында біз оларды сөзге тартқан едік.
Ғалымдардың әртүрлі типі бар. Бірі ғы-
лымның нақты бір саласымен ғана шұ-
ғылданады да, әкімшілік жұмыстармен,
шә кірт тәрбиелеумен айналыспайды. Сейіт
Ас қарұлының бір қасиеті – осы жұ мыс тар-
ды қатар алып жүруінде. Яғни ол кісі – ака-
де
миялық сипаттағы ғалым әрі үлкен
ұйым дастырушы, сонымен бірге ұлағатты
ұс т аз да. Бұл ретте, ол ғылыми тұрғыда із-
денуші шәкірттерінің бәріне бірдей жақсы
та қырыптар береді және олар үлкен кон-
цеп цияларға құрылып отырады. Осы тұр-
ғы дан алғанда, Сейіт аға – өз шәкірт те рін
ака демиялық ғылымның дәстүрінде тәр-
биелеп келе жатқан адам. Қарап тұр са ңыз,
ұстаздың да ұстазы бар. Мысалы, бер ген
та қырыбы немесе идеясы шәкірт те ріне
ұна май не оны дұрыс жүйеге, арнаға сала
ал май жүретін де ғалымдар болады. Ал
Сейіт ағаны шәкірттерімен жұмыс істеу де
өзін дік мектеп қалыптастырған және осы
фоль клортану саласындағы шәкірті ең көп
адам десек, қателеспейміз. Сондай-ақ ға-
лым ның шәкірттері фольклордағы ең өзек-
ті тақырыптарды қолға алғандығымен де
дараланып тұрады. Бұл ретте, Сейіт Асқар-
ұлы ғылымдағы кезінде өзі айта ал маған
ойларын, уақыты жетпеген та қы рып тарын
шәкірттеріне беріп, солар ар қы лы дамытып
отыруымен де ерекше қа дірлі.
Бір айта кетерлік еңбегі, бұл кісі –
Тәуел
сіздіктің алғашқы жылдарында
Қазақ станның жоғарғы аттестациялық ко-
мис сиясын қолымен құрған, Орталық ко-
ми тетте қызмет істеген, сөйтіп, көптеген
ақ таңдақтарымызды ашуға негіз болған
Қазақтың фольклоры – телегей те ңіз дей
көл-көсір дүние. Өткен ғасырдың 60-
жылдарында әлемдік және Ресей фоль к лор-
тану ғылымындағы озық әдіс-тә
сілдерді
мең гере отырып, Сейіт аға соны жаңаша
жүйе леді. Мысалы, ол кісі «зерт теліп бітті»
деп есептелініп келген ертегі саласының
өзінен көптеген жаңа лық тар ашты, жанр-
лар ға бөліп, жүйеледі, саралады. Өзіндік
ен- таңба салған сияқты етіп таңбалау ба ры-
сын да ертегілеріміздің өзі миф, әпсана, хи-
каят, аңыз түрлеріне бө лініп, олардың си-
паттамасы әлемдік фоль клор деңгейінде
ай қындалды. Бірақ алып бәйтерек іспетті
қазақ фольклорын бір кісінің игеріп алып
кетуі мүмкін емес еді. Сондықтан бұл кісі
шәкірт тәрбиелей білді. Соның арқасында
«Қазақ әдебиеті та рихының» «Қазақ фольк-
лортануы» атты бө
лімін сол кісінің бас
-
шылығымен біз, яғни шәкірттері, жазып
шық тық. Бұл ол кісінің ғалым ғана емес, та-
ғылымды ұстаз екендігін де көрсетеді. Өзі
терең білімді болғандықтан, бұл ретте, ол
кісінің талабы да өте қатал. Сол үшін біз әрі
қорқып, әрі сыйлап та тұра мыз.
Оқушы баланы ұстаз қалай әліппеге үй-
рет се, Сейіт аға да ғылым жолына бізді со-
лай баулыды. Жұмыс барысында қара са-
ңыз, өте сұсты, қаһарлы адам. Ал үйіне
бар саңыз, қазақтың жағасы жайлау, көңілі
көк тем, дана қариясын көресіз. Керемет
мейір
бан. Үйінде бай кітап қоры бар.
Керекті әдебиетіміздің барлығын да аямай
қо лы мыз ға ұстатады және үйімізге беріп жі-
бе реді. Сосын көл-көсір дастарқан жая ды.
Соны ішіп-жейміз. Домбырасын қо лы на
алып, ән айтатын, шежіре шертетін қа сие ті
де – бөлек әңгіме. Тағы бір қасиеті –
жұмыста бізден есеп алса, үйіне бар ға ны-
мызда бізге есеп береді, жазып жатқан
дүниелері туралы жа лық пай әңгімелейді,
алдағы жоспарларымен бөліседі. Шәкірті
ре
тінде керемет қара
пайымдылығын,
адам гершілігін, мейір бан дығын көрген дік-
тен де қасынан кете алмай, байланып қа-
ла мыз. Әйтпесе академияда ақша аз. Шын-
дығында, көптеген шәкірттері Сейіт ағаның
адами зор қасиеттерін сыйла ған дық тан да,
ғылымға адал қалпында қалып отыр. Ол
кісі болмаса, мұнда ғылым ның жал ғастығы,
дәстүр сабақтастығы үзіліп қалуы да ықти-
мал еді. Бірақ Сейіт аға – бүкіл шәкірттерін
көндіре білген, соңына ерте алған адам.
Мәселен, Кенжехан Ма тыжан деген шәкірті
әуелде ғылым кан ди дат тығын академияға
жазып алып келген. Сонда Сейіт аға:
«Саясаттанудың ғылым
да
ғы жолы ұзақ
болмайды. Өзің дарынды жігіт екенсің.
Тілімді алсаң, қазақтың ха лық тық мұрасын
зертте. Сонда үлкен қазы наға батасың. Ол
– өзіңе де абырой, хал қыңа да абырой»,
– деген. Жас ғалымның мық
тылығы –
жазып қойған жұмысынан бас тартып, Сейіт
аға берген «Қазақтың балалар фольклоры»
деген тақырыпқа дереу кіріскен. Осылайша,
ауыз әдебиетінің ең бір арналы бұтағын
игеріп шыққан Кенжехан ағамыз докторлық
жұмысын отбасылық фольклордан қор ға-
ды. Ал ғылыми ізденісін сал-серілер ден
бас таған Шәмшидин Керім ағамыз ар тын-
ша жұм бақ ты докторлық жұмысқа ай нал-
дырды. Сөйтіп, Сейіт ағаның шәкірттері
қазақ фольк
лортануындағы жеке-жеке
жанр лар ды жүйелеп, монография дең гейі-
не кө тер ді. Осындай іргелі зерттеулер ар қа-
сында қазақтың көне мәдениетінің тамыры
тереңде және іргетасы өте мықты екендігі,
сондай-ақ үлкен құндылық болып табы ла-
тыны әлем мәдениетімен салыстыра
зерттелді. Сондықтан біз Сейіт ағаны
артына үлкен мектеп ерт
кен, жо
ғары
деңгейдегі ғалым деп тани мыз.
Достарыңызбен бөлісу: