131
шығармалардың тууына, жазылуына септігін тигізді. Мақалада әдебиеттанудағы алғашқы
постмодернистік қаламгерлер және олардың шығармалары жайында баяндалады.
Түйін сөздер:
Проза, модернизм, постмодернизм, жаңа идеялогия, постмодернистік
бағыттағы алғашқы шығармалар Э.С.Сервантестің «Дон Кихот», Ф.Рафленің «Гаркантю мен
Пентагрю», Ф.Кафканың «Құбылу», Ж.П.Сартрдың «Айну».
Бастапқы кезеңде философиялық ұғым ретінде қалыптасқан «постмодерн» терминінің
этимологиялық мәнін, негізгі мағынасын анықтап, саралап, талдауға бағытталған әр түрлі
дерлік ғылыми кітаптар мен еңбектердің саны мен сапасы жағынан алуантүрлілігі оның
әлемдік мәдени аренада негізгі бағыттардың бірі екендігін айқындайды. Алдымен
постмодерн не деген сауалға алдын-ала жауабын бере кетейік.
Жер жүзіндегі тарих атаулы бірінен соң бірі алмасып келетін сан мың жылдық
ғасырды өткеріп, бірнеше мәдени дәуірлерді адамзат көзімен көріп, басымен кешіргені
баршамызға белгілі. ХХ ғасырдың орта шенінде орын алған екінші дүниежүзілік соғыс
уақытынан бастау алып, бүгінгі біз кешіп отырған заманға ілесіп келген, мәдениет
атаулысын қамтып отырған дәуірді постмодерн деген атаумен атаймыз.
Бұл бағыт өзіне
дейінге әртүрлі мәдениет атаулысы ұсынған жүйелерді, атап айтқанда «өзіндік идеялардың»
қайталануынан шаршаған, тоталитарлық жүйеге, белгілі бір идеологияға құрылған ойлардан
жалыққан, түбейгейлі бас тартқан жаңашыл мәдениеттің үлгісі ретінде таныстырылды.
Жаңашыл мәдениет ретінде танылған постмодерндік мәдениеттен жекелеген
салалардағы бағыт атауларын қамтитын постмодернизм ұғымы пайда болды. Жаһандық,
яғни әлемдік «мәдениеттің соңы» деген атауға ие болып қарастырылатын постмодернизм
анықтамасы өнер салаларының барлығында дерлік көрініс тапты. Алғашында ол сәулет пен
бейнелеу өнерінде ғана болған болса, кейіннен музыка, мүсін өнерлерінде, сонымен қатар
әдебиетте де постмодернизм бағыты ауқымды шығармалар тууына себепкер бола білді.
Әдебиеттегі постмодернизм бағыты жайында сөз қозғар болсақ, жалпы әдебиеттегі
постмодернизм ХХ ғасырдың 50 жылдарынан, яғни ғасырдың
орта шенінен бастап белең
алды. Бірақ бағыт ретінде көп тұстарда мойындалмай, тек 80-жылдарда ғана өзінің әдебиетте
айшықты орны бар бағыт ретінде мойындалып, дами бастады. Батыс европа елдерінде де
алғашқы уақытта постмодернистік әдеби шығармалар латентті яғни жасырын түрде дамып,
тарады. Постмодернизм бағытының даму, қалыптасу уақыты осылайша ұзаққа созылды.
Соңғы уақыттарда пайда болған посмодернистік бағыттың ережесі бойынша
постмодернистік шығармалар өзінің басталған кезеңін бұл бағыттың дамымай тұрған
кезеңіне алып барып тірейді, яғни постмодернистік шығармаларды соңғы жылдардағы
еңбектерден ғана емес, ертеректегі шығармалардан да көре аламыз. Әдебиеттануды зерттеп,
зерделеп жүрген ғалымдардың пікірі бойынша постмодернистік алғашқы шығармалар,
туындылар ХХ ғасырдың 20-жылдарынан, яғни Х.Л.Борхестің еңбектерінде кездеседі десе,
кейбір ғалымдар бұл пікірмен келіспейді. Олардың ойларынша
постмодернистік эпикалық,
поэзиялық шығармалар Х.Л.Борхеске дейін де болған деген пікірді алға тартады. Оған мысал
үшін ағылшын әдебиеттанушысы Э.С.Сервантестің «Дон Кихот», Ф.Рафленің «Гаркантю
мен Пентагрю» сонымен қатар Ф.Кафканың «Құбылу», Ж.П.Сартрдың «Айну» атты
шығармаларында кездесетінін баяндаса [1], француздың постмодернист-философы Ж.Делез
постмодернистік шығармалардың түп негізін Платонға алып келіп тірейді, оған дәлел ретінде
«Платон и симулякр» шығармасын алады. [2]
Жалпы постмодернизмнің көркем әдебиеттегі көрінісі мен жай-күйі әдебиеттанушы
ғалымдар арасында көп талқыланатын және әртүрлі қарама-қайшылыққа келіп тірелетін
негізгі тақырыптардың бірі. Өйткені италиялық тіл маманы У.Эко айтқандай «әрбір
көркемдік дәуірдің өз постмодернизмі бар». Ал амаерикандық әдебиеттанушы И.Хасан
постмодернистік бағыттың негізгі қасиеттерін атап өткен. Олар: шығармадағы оқиғаның
белгісіздігі, фрагменттілігі, ережелерден бас тартуы, «Мен» атты ұғымның жоғалуы,
келемеж (ирония), гибредтенуі, карнавалдылығы, құрастырмалығы, екіұштылығы мен күдік
тудыруы жатады. Әдебиеттанушы ғалым Д.Затонский болса: «мен барлық осы белгілерді
132
бөлшектеу деп атайтын едім. Сонымен қатар, белгілі бір
белсенді Тәуелсіздік оларды
біріктіреді. Өйткені, ирония да, өзін-өзі қорлау да, пародия да, өзін-өзі тудыру да
жаратылысқа жатпайды. Оның бәріне күмән келтіруге дайын екендігі және сонымен бірге
барлық күмәнді адамдарды күту мүмкіндігі одан да аз» [3] – деп жоғарыда баяндалған
сипаттың барлығын да туындының көркемдігін жоюшы деп ашық түрде сынады.
«Сондықтан да болар постмодернистік туынды шынында да белгілі бір ойын ретінде
қабылданады» [4, б.267], - деп А.Ісмақова өзінің «Бүгінгі постмодернизм» атты мақаласында
негізгі ойын қорытындылап, тұжырымдайды.
Біршама еңбектерде ғалымдар постмодерн анықтамасы туралы нақты дерек жоқтығын
тілге тиек етіп, оны модернистік бағытпен салыстырып, түсінік беруге тырысады. Дегенмен
әдебиеттануда пайда болған бұл бағыт сан түрлі зерттеулер мен өзекті пікірлерден кейін
негізгі поэтикасы айқындала түсті.
Постмодернизм
бағытын ең алғашқы зерттеп, ғылымға енгізген теоретик ғалымдар
Ж.Ф.Лиотор мен америка ғалымы И.Хассан болды. Олар негізінен постструктурализм мен
деконструктивизмнің ережелеріне сүйенді және оның маңызды деген ұғымдарын
пайдаланды. Ол түсініктер мынадай болды: қоршаған ортаның хаосы, постмодерндік сезім,
қарама-қайшылық, әңгімелеудің дискерттілігі, ноноселекциясы, метаәңгімелігі және т.б.
ғылыми атаулар енгізді.
Жоғарыда аты аталған постмодернистік мәдениетті зерттеуші ғалымдар өздерінің
еңбектері арқылы әлемдік қатынас түрлерін өзгертті, әсіресе гуманитар мен әлеуметтік
пәндерге жаңашылдық алып келді. Осы еңбектердегі басты пікірлерді қорытындылай келе,
негізгі тұжырымымыз постмодернизмнің ғылымға
алып келген жаңашылдығы, ойлары
қалыптасып қалған идеологияларға, бір кезеңде дамуын тоқтатқан біртұтас сенімдерге қарсы
үлкен жаңалық болды. Постмодернизм – модернизмнен кейінгі кезеңде туып, оның негізгі
ережелерін, кейбір әдістері мен тәсілдерін өзіне қабылдағанымен, модернизмге қарама-
қайшы бағыт болып саналады. Модернизмдегі сияқты постмодернизмде автордың «меніне»
күмәнмен қарау, басты ролді автор емес мәтіннің атқаруы, аласапыран яғни хаостың орын
алуы, өмірден мағына іздеуден бас тарту және өмірден баз кешу, шығарманы ойын ретінде
беру, міне осы анықтамалардың барлығы да постмодернистік әдебиеттегі шығармаларға тән.
Постмодернистік шығарма тудырудағы басты құралдарға интертекстуалдық, метапроза,
ирония, көркемдік сипаттың орын алмауы сияқты осыған ұқсас түсініктерді айта аламыз.
Орыстың әдебиетші ғалымы И.Ильиннің тұжырымдамасы негізінде
постподернистік бағыт
белгілі бір ұлттың тарихына, социологиялық ортасына және халықтық мәнмәтініне
байланысты өзгермелі болады, сонымен қатар көп мағыналы мәнге ие болып табылады[5].
Постмодернистік мәдениеттің әдебиеттегі бағыты Еуропа мен АҚШ-та канон
модернизмінен кейін дүниеге келсе, Кеңестік республикадағы мемлекеттердің әдебиеттануда
романтизм мен реализмнің аражігіндегі модернизмге қайта аяқ басу шағында пайда болды.
Сол себепті бұрынғы кеңестік елдердегі модернистік әдебиет пен постмодернистік
әдебиеттің мәні Европалық бағыттарға қарағанда басқалай екендігі белгілі. Қазақ
әдебиетіндегі бұл бағытты Еуропаның әдебиеттіндегі постмодернизммен бірдей деп
қабылдауға болмайды. Постмодернизмнің Еуропа мен АҚШ-та туылу, пайда болу себебі
басқа да, біздің әдебиеттегі пайда болу себебі басқа.
Жалпы қазақ әдебиетіндегі
постмодернизм модернизм мәдениетінен кейін емес, кеңестік реализмнен кейін бірден келді.
Өйткені модернизм бағыты басталған шақта қазақ әдебиетінде бұл бағытқа түрпідей
қараушылардың қарасы көбейіп, бұл бағыттың ғұмыры ұзақ болмады. Бірақ та
постмодернизм кеңестік реализмнің шекпенінен шыға біліп дамыды. Постмодернизм сол
уақыттан бері «модернизмнен кейінгі» деген ережеге телінді. Бастапқы шақта өз дамуын
кешеуілдеткен модернизмді постмодернизммен шатыстырушылар көп болды. Бірақ,
кейіннен постмодернизм өзіндік жеке ғылыми термин ретінде аталуға толық құқылы
екендігін таныта білді.