161
бүркеншік есім және кісінің өз есімінен жасалған не туыстық қатынасты білдіретін
құрметтеу, еркелету, жақсы көру мәніндегі қосалқы есімдері жатады» [1, 8].
Қазақ тіл білімінде ресми есімдердің құрылымдық-сөзжасамдық сипаты,
лексика-
семантикалық ерекшеліктері, хронологиялық қабаттары т.б. ерекшеліктері жеткілікті
зерттелген деуге болады. Ал бейресми есімдер – антропонимияның зерттелуі кенже қалып
келе жатқан саласының бірі. Жалпы қазақ тіл білімінде бейресми есімдер туралы
Т.Жанұзақов, Г.Мадиева, С.Бәйменше, С.Рахимберлина, Қ.Рысбергенова т.б. ғалымдардың
зерттеу еңбектері бар. «Сол сияқты әдебиетші ғалымдар (Н.Мұхаметханов, К.Сыздықов,
М.Тәжімұратов, Т.Нұртазин, Т.Кәкішев, Ғ.Есім, К.Есмағамбетов, Т.Қожакеев, Т.Бейісқұлов)
да зерттеу еңбектері мен мақалаларында белгілі қаламгердің, қоғам қайраткерінің
шығармашылығы туралы айтқанда бүркеншік есімдеріне де тоқталып отырған.
Салғастырмалы тіл білімінде Т.Т. Жарасованың зерттеу жұмысы бүркеншік есімдердің
лингвомәдени мәнін үш тіл материалы негізінде қарастырған үлкен еңбек болып табылады»
[1, 10]. Лақап аттар жеке адамның екінші, қосымша аты ретінде қызмет етеді. Т. Жанұзақов
Қазан төңкерісіне дейін қазақ ауылында әр адамдардың өз лақап аты болғандығын айтады.
Ол аттар адамдардың жүріс-тұрысына, мінез-құлқына, сыртқы кейпіне, іс-әрекетіне т.б.
байланысты қойылып отырған.
Лақап аттарды ғалым, түрлі семантикалық белгісіне қарай
бірнеше топқа бөледі:
«1) сыртқы келбетін, түрлі кемшіліктерін бейнелейтін лақап аттаулар: Қисық, Бұжыр,
Пұшық, Көккөз, Қазанбас, Шолақ, Бүкір, Тапал, Сорай, Семіз, Сарықарын, т.б.
2) Адамның мінез-құлқына байланысты қойылған лақап есімдер: Алдар, Қожанасыр,
Жиренше, Таусоғар т.б.
3) Отбасылық қарым-қатынасты бейнелейтін лақап есімдер: Кенже, Төре, Шал,
Кішкентай, Ортаншым, Қарт т.б.
4) Мамандықпен, кәсіппен байланысты қойылған лақап есімдер: Шебер, Ұста Кәрім,
Тамшы, Зергер Молбай, Ораз мұғалім т.б.
5) Әлеуметтік-қоғамдық қатынастармен байланысты лақап есімдер: Шонжар, Би,
Мырза Боранбай, Әкім, Сатан-батыр т.б.
6) Флора және фаунамен байланысты лақап есімдер: Қасқыр, Түлкі, Қошқар, Мал,
Тікен, Аю, Түйе т.б.» [2, 270].
«Лақап ат, жасырын ат т.б. негізгі болмайтын қосымша есімдер барлық адамдарға
беріле бермейді. Лақап атты адамға өзі емес басқа адамдар тақса, бүркеншік атты, жасырын
атты белгілі бір себептермен адамның өзі таңдап алған.
Сәкен Сейфуллин, Мұхтар Әуезов, Бейімбет Майлин басқа да қазақ жазушылары өз
еңбектерін жасырын атпен берген: Дүйсенбі, Шамиль, Манап, Жұмақан,
Ерке Бұлан,
(С.Сейфулин), Арқа, Арғын, М.Э., М., Ауыл баласы (М.Әуезов), Бимағамбет, Бимұқамбет,
Қара бала, Быж, Б.М., (Б.Майлин), Құйқалық, Шолжық, Салпанқұлақ, Мерген, Сақа
(І.Жансүгіров). Жасырын есімдер кеңінен танымал болып, ресми есімнің орнын басатын
кездері де болған. Мәселен, Максим Горький (А.Пешков), Владимир Ильич Ленин
(В.И.Ленин), Марк Твен (Сэмюэл Клеменс) т.б.
Т.Жанұзақов
1917-1940
жылдары
мынадай
бүркеншік
аттар
өте
көп
қолданылғандығын айтады: Бұйрас, Быж, Арғын, Арқа, Екеу, Жөнеу, Матай, Сот, М.Б., Ш.,
М., МЭ., К. және т.б.» [2, 271].
Бүркеншік аттардың құрылымдық жақтан төрт типін ажыратады.
1. Ойдан шығарылған фамилиялар;
2. Жер атауына байланысты қойылған бүркеншік аттар (туған жеріне, тауына, көліне
т.б.);
3. Фамилиясының немесе атының бірінші әрпінен не алғашқы буынынан қысқарған
бүркеншік аттар;
4. Лақап бүркеншік аттар [2, 271].
Ғалым 20-30 жылдары баспасөз беттерінен жиі көрінген бүркеншік аттарға мысалдар
келтірген: Бимағамбет, Бимұқамбет, Қара бала, Быж, Б.М., – Б.Майлин, Құйқалық, Шолжық,
162
Салпанқұлақ, Мерген, Сақа – І.Жансүгіров, Бурас, Малтен, Бөгде – Қадыр Тайшықов, Сым –
С.Мұқанов, Тоқпақ, Тарпан, Замандас –
Сұлтанбек Қожанов, Жалшы – Қалқаман
Әбдіқадыров, Ш.Атығай – Жұмат Шанин, Қошке – Кеменгерұлы Қошмұхамбетов т.б.
Шығармаларын бүркеншік атпен жазу, кейде мүлде қолтаңбасыз (аноним) жариялау
қазақ әдебиетінде ХХ ғасырдың басында бой көрсеткен құбылыс. Алайда оның арғы төркіні
Көне шығыс әдебиетінде, тіпті әлем әдебиетінде орын алған. С.Бәйменше лақап есімдерді
аллонимдер, титлонимдер, астронимдер, псевдандронимдер, псевдогинимдер, ұлттық
псевдонимдер
деп ажырата келіп, кейбір есімдердің мән-мағыналарына тоқталады [3].
Кісінің өз есімінен жасалған не туыстық қатынасты білдіретін құрметтеу, еркелету,
жақсы көру мәніндегі қосалқы есімдерді Г.Мадиева мынадай салаларға бөледі:
«Гипокористі, яғни қысқарған негізді болуы немесе екі негізді есімнің орнына бір
негізді есімнің қолданылуы: Қасымжан – Қасым, Тілеуберген – Тілеукен, Гүлнар – Гуля,
Раушангул – Раушан, т.б. Деминутивті, яғни арнайы деминутивті аффикстер арқылы
жасалынатын, кішірейтіп еркелету мағынасына ие есімдер: Әлия – Әлкен, Бақытжан – Бақас,
Еркебұлан – Еркош, Еркін – Еркінтай т.б.
Пейоративті, яғни әдейілеп кішірейту мағынасында орыс тілінде жиі кездеседі:
Машка, Васка т.б» [4, 55].
Әдебиеттанушы ғалым Б.Кенжебаев бүркеншік аттарды қою әдісті былай жіктейді:
1. Бүркеншік аттардың жасау, туу жайымен байланысты немесе географиялық
принцип бойынша (туған жер ру атымен қою.) Мысалы:
Ақмола, Омбылық, Қоңыр, Семей т.б.
2. Криптонимдік әдіс бойынша (өз атының немесе фамилиясын бас әрпін қысқартып
қою) Мысалы: М.Ә. – Мұхтар Әуезов, М.Ж. – Мағжан Жұмабаев, С.С. – Сәкен Сейфуллин.
3. Лақап аттармен атау (дене пішіні, психологиялық ерекшелігіне байланысты)
Мысалы: Қараша бала – Б.Майлин, Зайсан жігіті, Жаны ашыған - Ж.Байболов, Семинарист
Әуезов – М.Әуезов т.б.
С.Талжановтың,
Б.Кенжебаевтың,
Е.Байболовтың
материалдар
бойынша
С.Сейфуллин, «Манап», «Дүйсенбі», М.Әуезов «Арқа», «Арғын» сияқты бүркеншік аттарды
қолданған [5, 75]. Қазақ антропонимиясында сыйластық есімдер, яғни жасы, дәрежесі үлкен,
әлеуметтік жағдайы жоғары кісілерді қарату үшін қолданылатын есімдер бар: Баянжан –
Бәке, Халел – Халеке, Самат – Сәке. Есімдердің бұл түрі ертеректе тек ер адамдарға қатысты
қолданылған, кейінірек әйел есімдеріне де қатыстырылып айтыла бастады: Раушан – Реке,
Бибігүл – Бүке т.б. Сонымен тіліміздің ономастикалық кеңістігінде ресми есімдермен қатар
бейресми есімдер де өмір сүріп, қолданыс табады. Бейресми есімдердің тууына түрлі
қоғамдық-әлеуметтік, саяси, мәдени т.б. объективтік жағдайлар себеп болады және олардың
пайда болуының тарихи, әлеуметтік, этникалық негіздері бар. Бейресми есімдер тілдік бірлік
ретінде тілдің негізгі функцияларын, жалқы есімдердің атау, телу және саралау қызметтерін,
сонымен қатар антропонимдердің негізгі төрт қызметін де (қоғамдық, әлеуметтік, ритуалдық
және харизматикалық) атқаратын ерекше есімдер тобы болып табылады.
ӘДEБИEТТEP
1.
Рахымберлина С. Қазақ тіліндегі бейресми кісі есімдерінің этнолингвистикалық
және танымдық сипаты. Филол.ғ.к., ғылыми дәрежесін алу үшін жазылған дисс.
авторефераты. – Астана, 2009, 32 б.
2.
Жанұзақ Т. Қазақ ономастикасы. Казахская ономастика 1 том. – Алматы, 2006,
400б.
3.
Бәйменше С. Псевдоним деген не? // «Зерде». – 2003. - № 3. – 8-б.
4.
Мәдиева Г., Иманбердиева С. Ономастика: зерттеу мәселелері. – Алматы, 2005,
240б.
5.
Кенжебаев Б. Бүркеншік аттар сыры. – Алматы, 1965. – 75 б.