Халық ауыз әдебиеті емтихан билеттері билет №1 Фольклордың өзіне тән басты ерекшелігі Тұрмыс-салт жырлары


БИЛЕТ №12 1. Мекендік аңыз бен мекендік әпсананың ұқсастықтары және өзгешеліктері



бет12/21
Дата09.12.2022
өлшемі106,19 Kb.
#56163
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   21
Байланысты:
қха емтихан билеттері (копия) (копия) (копия)

БИЛЕТ №12
1. Мекендік аңыз бен мекендік әпсананың ұқсастықтары және өзгешеліктері.
2. Фольклордағы шежірелік тұтастану.


1-сұрақ
Әпсана(легенда) - дегеніміз қазақ фолклорының ертегіге жатапайтын қиял мен керметтік элементтерін мол пайдаланатын және бір шындық оқиғаны, кейіпкерді, мекенді қамтитын бірақ мұсылмандық дінге негізделмеген әңгіме.
Аңыздық проза жанрлары ішінен етене жақыны аңыз бен әпсана. Аталмыш жанрларды, әсіресе, жақындастырып тұратын белгілер қатарына: біріншіден, көп жағдайда тарихи оқиғадан бастау алып, тарихи тұлғаның айналасында өрбитіндігін, екіншіден аймақтық сипат иеленуін (әсіресе мекендік аңыз бен мекендік әпсана), үшіншіден, бұрынғы дәуірлерде орын алған (немесе алуы мүмкін) яғни өткен шақ оқиғаларын суреттеуге бағытталуын т. с. с. топтастыруға болады.
Аңыз бен әпсананың осындай ортақ сипаттарымен қатар, әрқайсысының дара жанрлық белгілері бар екенін айтуымыз қажет. Аңызға тән қасиеттер ретінде мынадай ерекше белгілерді атап көрсетеміз:
1. Аңыз мифтен пайда болмайды;
2. Аңыз тікелей шындыққа, ақиқатқа бағытталады;
3. Аңыз қиялдан тууы мүмкін, бірақ тарихта болған адамдар әрекетімен байланысты, белгілі бір дәуір шындығына сай әңгімеленеді;
4. Аңызда оқиғаның өтуі мен мекеннің пайда болуы, аталуы шынайы етіп көрсетіледі, ғажайыптың, кереметтің әсерімен жүзеге аспайды.
5. Аңыздың көркемдігінен гөрі, хабарламалық, мәліметтік мақсатқа құрылған қарапайымдығы басым.
Ал әпсананы жеке жанр ретінде сипаттайтын қасиеттерді төмендегідей деп білеміз:
1. Әпсананың жасалу жолының бірі – миф. Әпсаналарда белгілі бір мекеннің пайда болуын, аталуын, оқиғаның жүзеге асуын мифтік ұғымға негіздей, мифтік кейіпкердің қатысуымен түсіндіреді.
2. Әпсанада сюжеттің шығуына негіз болған оқиға көмескіленіп, сұлбасы ғана сақталады, уақыт өткен сайын қосымша материалдармен толығып, әрлене түседі.
3. Оқиға әсіреленеіп, кейіпкерлер дәріптеледі.
4. Әпсана сюжетінде шындық оқиғадан гөрі қиял басым.
5. Ғажайыптық, кереметтік элементтерінің мол ұшырасуы әпсананы дербес жанр ретінде сипаттайды.
2-сұрақ
Шежірелік тұтастану. Тұтастанудың бұл түрі, негізінен, 
қаһармандық және ғашықтық эпосқа тән. Рас, батырлық 
ертегіде де ұшырасады. Тегінде, шежірелік тұтастану екі мақ­
саттан пайда болатын тәрізді. Бірі – батырды дәріптеу болса, 
екіншісі – ұрпақтардың, ата мен баланың, аға мен інінің 
ынтымақта болуын ардақтау, туыстық қарым­қатынастың 
үзілмей, тығыз байланыста болуын көксеу. Екінші сөзбен 
айтқанда, «Атадан ұл туса игі еді, ата жолын қуса игі» деп 
армандайтын халық жыршыдан өзінің сүйікті батыры туралы 
жырлаумен қатар, оның баласы жайында да әңгімелеуді талап 
еткен. Сөйтіп, жыршы «әке кегін баласы, аға кегін інісі алады» 
деген патриархалды­феодалдық түсінік пен тыңдаушылардың 
тілегіне сәйкес бір батыр ғана емес, оның ата­бабасы мен 
ұрпақтары немесе інілері жөнінде жырлап, оны бастапқы бір 
шығармаға қосып, үлкен туынды жасайтын болған.
Шежірелік тұтастанудың пайда болуына тағы бір себеп бар. 
Оны, негізінен, ғашықтық эпосқа байланысты айтуға болады. 
Фольклор заңдылығы мен эстетикасы бойынша қаһармандық 
шығарма трагедиялы өліммен, яғни сүйікті кейіпкердің 
жеңіліс тауып немесе масқара болуымен бітуі мүмкін емес. 
Егер ондай бола қалған күнде, бәрібір жыр, ертегі бақытты 
аяқталуы керек. Айталық, Төлеген қапыда жаудың қолынан 
өлді. Бірақ эпос бұлай қалдыра алмайды.
Мұнда әділетсіздік бар деп есептейді. Демек, әділетсіздікті 
жою қажет, ол үшін зұлымдық жасаған қарақшы Бекежанды 
жазалау керек. Оны кім жазалайды? Әрине, Төлегеннің не 
болмаса Жібектің туысы. Ол үшін не істеу керек? Ол үшін 
Төлегеннің інісін сапарға аттандыру қажет. Сөйтіп, Сансызбай 
ағасын іздеп, жолға шығады, өйткені ол ағасын іздеп табуға
әйтпесе оның кегін кайтаруға тиіс. Міне, сөйтіп, «Қыз Жібек» 
жырының эпилогы іспетті болған Сансызбайдың іс­әрекеті 
жайлы әңгіме эпостың құрамына енген.
Рас, бұл жердегі шежірелік сипат сәл өзгешелеу, мұнда кек 
алушы – қаза болған батырдың тікелей өз ұрпағы емес, туған 
бауыры. Солай бола тұрса да, рулық замандағы түсініктің 
негізгі шарттарының бірі болып есептелген туыстық сезім 
фольклорда осындай тұтастану тудырып отырғаны ақиқат. Сол 
себепті біз оны шежірелік тұтастанудың бір түрі деп отырмыз.
Ал батырлық эпоста көбінесе шежірелік тұтастану, жоға­
рыда айтқанымыздай, елдің жақсы көретін ерін дәріптеу үшін 
пайдаланылады. Сондықтан мұнда әкесі (ағасы) ешбір жәбір 
кермесе де баласы (інісі) әке (аға) жолын қуып, жорыққа шы­
ғады. С. Садырбаев орынды айтады: «Қарт батыр шау тарт­
қанда, жас батыр сахнаға шығады. Жас батырдың әлеумет ісіне 
араласуымен жаңа жау, жаңа араздық тағы да туады. Жеке 
батыр жастық жігердің жәрмеңкесін ұзатып, ду базардың 
шетіне шыққанда, іле­шала қолындағы қаруын, үстіндегі 
сауыт­сайманын іліп әкететін жас батыр пайда болады


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   21




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет