БИЛЕТ №20 1. Тарихи жырлар. 2. Қобыланды батыр жыры.
1-сұрақ Қазақ халқы өз өмірінде талай тар кезеңдерді бастан кешіргені мәлім. Мәселен, орыс әскерлерінің ілгері жылжып, бекіністі шеп бойларына қоныстар салу ісінде өзіндік қарсылықтар болды, жоңғарлардың қазақ жерін басып алу мақсатымен Қазақстанға енуі – үлкен қантөгіс қақтығыстарға, көптеген елді-мекен, қоныстарды ойрандап, қазақтардың көп бөлігінің ата жерінен босуына әкеп тірегендігі тарихтан белгілі. Осы тарихи оқиғаларды халық өз ұрпағына жыр етіп жеткізген. Шығыс Қазақстанда кең тарлған тарихи жырлар - "Базар батыр", "Мырзаш батыр", "Барақ батыр, Абылай", "Тобағұл" жырлары.
Шығыс Қазақстан өңіріндегі тарихи жырлар – қазақ фольклорының арналы бір саласы. Бұл туындылар жергілікті халықтың дүниекөзқарасын, сана- сезімін, таным-түсінігін және өзі өмір сүріп отырған қоғамы туралы пікірін, өлкесі, оның тарихы, мғдениеті, табиғаты, тұрмыс-салты туралы ойын танытады және оны халықтық көзқараспен бағалайды, сол арқылы қара халықтың тарихи шындықты терең түсіне алатынын көрсетеді, яғни жырлар - халықтың тарихқа берген бағасы.
Бұл жырларда халықтың тарихы, өмірі жазулы, сол арқылы біз халықтың өткенін танимыз жғне болашағын бағамдаймыз, өйткені жырлардың басты тақырыбының өзі - халықтың тғуелсіздігі мен бақыты үшін күрес, сол себепті бұл туындылар бақытты болашақ, тәуелсіздік үшін күресе білу керек деген идея көтереді. Жырларда халық біртұтас күш ретінде суреттеледі, оның жағымды қасиеттері саралана отырып, батырлығы, патриоттық жғне биік адамгершілік қасиеттері мадақталады. Бұл жырларда халықтың болашаққа ұмтылысы бейнеленеді. Және оның ұзақ жылдар бойғы шайқастар кезіндегі мықты рухы, тәуелсіздік үшін күресі, сол шайқастарда өздерінің жеңіп шығатынына жғне әділетттіліктің орнайтынына деген сенімі суреттеледі.
Енді осы жырлардың жиналу, зерттелу жайына келейік. Базар батыр жырын жинастыру ісі XX ғасырдың 1935-1940 жылдары қолға алынған. Жинаушысы – күршімдік ақын, жазушы Бәделқожа Тұрсынбаев. Ақын жырды Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданына қарасты Батбақ бұлақ селосының тұрғыны Жангөдей қарттың айтуы бойынша жазып алып, 1941- 42 жылдары ҚР ҰА ОҰК - ның қолжазба қорына тапсырған. Дастан 7-8 буынды жыр үлгісімен араб ғрпінде қағазға түсірілген. Аталмыш жыр үш бөлімнен тұрады. Бірінші бөлімінде Базардың Алтай еліндегі қазақтарды қалмақ басқыншыларынан қорғауы айтылады. Екінші бөлімінде Алтай қазақтарының қазақ ханы Даниярға қарсы күресі, ал үшінші бөлімінде орыс патшасының отарлау саясатына қарсы жорығы баяндалады, ол бөлім жырдың кириллица әрпінде берілген нұсқасынан алынған. Жырдың соңында патша жендеттерінің Базарды азаптап өлтіргендігі суреттеледі. 2003 жылға дейін «Базар батыр» жырының толық нұсқасы баспа бетін көрмеген. 1942 жылы Алматы қаласынан Бғдел Тұрсынбаевтың құрастыруымен шағын кітапша ретінде жырдың бірінші бөлімінің аяқталмаған нұсқасы жарыққа шыққан. Базар туралы тарихи өлең де бар, оны Семей экспедициясы кезінде Е.Байырбеков жинастырған, өлең - латын әрпінде қағаз бетіне түсірілген.
Жыр туралы алғаш сөз қозғаушылардың бірі - ғалым Есмағамбет Ысмайлов. Ғалым жырға: «Бұл күнге дейін қалың оқушылар жұртшылығына мәлім болмаған Базар батыр туралы жыр Шығыс Қазақстанның Алтай өңіріндегі ел ішінде өте көп жайылған сұлу жырлардың бірі. Базар талайірісоғыстардажауларынтас-талқанетіпжеңеді, бұл да біздіңтарихтағыСырым, Кенесары-Наурызбай, Исатай, Махамбет, Жанғожа, Бекет сияқтыайбындыхалықгеройы, қазақелініңШығысжақтүкпірінетөніпкелгенжауларғаталайойрансалғанбатыр адам. Базар батыртуралыдастанныңкөркемдік (геройлық, лирикалықмотивтіқатарсуреттеген) қасиетіжырдыңөзіненкөрініптұр»,- деп, өзіндікпікірінбілдірген (1, 1б), депқысқаша сипаттама береді. Сонымен қатар, аталмыш жыр туралы М.Ғабдуллин, М.Ғұмарова т.б. біраз пікір білдірген. Алайда олар туындыға коммунистік партияның талабымен баға берген, өз ойларын идеологияға, қыспаққа байланысты айтқан. «Базар батыр» жырыжөніндекейінгікезеңдеС.Сғкеновтің «Қазақтарихижырларыныңсюжеттері: тарихилығыментипологиясы» аттыкандидаттықдиссертациясындақомақтыпікірбілдірілді.
Тарихи өлеңдердің көбі бай фольклорлық поэзиямыздың арасында аралас жатыр V-VIII ғ.ғ. Орхон-Енисей жазбалары, қарлұқ, оғыз-қыпшақ бірлестігі, Қараханид, Жошы ұлысы, Алтын Орда, Ақ Орда, Қазақ хандығы дәуірлерінің де бірталай нақтылы оқиғалары тарихи өлеңдер тудырған. Тарихи өлеңдердің әзірге жиналған нұсқасы көлем жағынан мол болмаса да, мәні орны ерекше ескерткіштер. Қазақтың тарихи өлеңдері тақырыптық жағынан түрліше болып келеді. Бірақ солардың бәрі де нақтылы оқиғалар ізімен, халықтың түсінігі, бағасы ретімен бейнеленіп отырған. Тарихи өлеңдердің үлкен шоғыры 1916ж. Ұлт-азаттық көтеріліске байланысты болып туған. (Қоштасу, сәлем хат, бата, толғау, т б). Қазақ халқының 1916 ж. Ұлт-азаттық көтеріліс туралы тарихи өлеңдер аса мәнді мұра. Амангелді, Бекболат, Ұзақ басқарған көтерілістің әр кезеңі көп өлеңдерде өрнектелген. Тарихи оқиғаларды, аңыздарды эпикалық дәстүрмен насихаттау ниетінен туған жырлар өз алдына бір сала. Бұларда тарихи істердің желісі сақталып, негізгі белес оқиғалар, белгілі адамдар сөз болып отырады. Сонымен қатар мұндай жырлардың тарихи оқиғалар ізімен туған өлеңнен айырмашылығы бар. Тарихта анық болып өткен оқиғалармен адамдарды ауызша тараған аңыз негізіндегі жырлар. Кейде оқиғалар жазба тарих сарынына сәйкес баяндалса, енді бірде қиялдау, көркемдеп жинақтау басым түсіп жатады. Абылайға арналған жырлар осы топқа жатады (1300 ж). Жыр Абылай ханның балалық шағынан бастап, даңқты билеуші болғанға дейінгі өмір жолының кейбір мезеттерін елестете алады. Абылай туралы жырлар түрлі нұсқада кездеседі, әрі бірін-бірі толықтырады. Солардан оның XVIII ғ. қазақ елін жоңғар шапқыншыларына қарсы күресте атқарған еңбегі көрінеді. «Қабанбай батыр» жыры да ауыз әдебиеті дәстүрінен тым алыстап кете алмағн сонымен қатар, бірыңғай эпос ізінде де түспеген. «Бөгенбай жырында» қаһарманның елді жаудан азат ету күрестері көрінбейді. «Шақшақ ұлы Жәнібек» (1300 ж) тіл кестесі көркем шебер туынды. «Олжабай батыр» жырында қазақ елінің ішкі қайшылықтары да көрініс табады. «Сырым батыр», «Исатай–Махамбет», «Бекет», «Жанқожа», «Досан» жырлары.
2-сұрақ Қобыланды Батыр жыры—қазақ халқының қаһармандық жыры. Негізгі мазмұны—шет ел басқыншыларынан елді қорғау, осы жолда асқан ерлік көрсеткен ер азаматтардың батырлық істерін көрсету. Көркемдік биік қасиеттері жағынан дүниежүзі халықтарының белгілі батырлық эпостарының қатарында тұрған шығарма.«Қобыланды батыр»жырының ең көне түрі бізге жетпеген,өйткені жырды жырлаған ақын,жырау-жыршылар өзі өмір сүрген дәуір тұрғысынан толықтырып,өңдеп отырған. Сондықтан «Қобыланды батыр» жыры көп вариантты жыр болып саналады. «Қобыланды батыр» жырын жинау тек 19 ғасырда ғана қолға алынды. Жырдың бізге 29 түпнұсқасы жеткен.Осы 29 нұсқасының 26-сы Қобыланды батырдың ерлігі жайында,ал 3 нұсқасы Қобыландының балалары Бөкенбай мен Киікбай батырлар туралы жазылған.«Қобыланды батыр» жырының заңды жалғасы болып есептелетін Қарлыға қыздың достығы,махаббаты,ерлік істері жайында тағы бір жыр бар. Бұл нұсқалардың көбісі кейінгі кезде жинақталған. Осы нұсқалардың барлығы да оларды алғаш хатқа түсіріп,оны жырлаған ақын-жыраулардың аттарымен аталған.Бұл нұсқалардың көпшілігі бұрыннан белгілі,халық арасына кең тараған,ғалымдар азды-көпті зерттеген жырлар.Кейінгі кезге дейін белгісіз болған-Дәулетше нұсқасы. Жыр Марабай нұсқасына ұқсас. Бұл жырдың 1884 жылы араб әрпімен жазылған түпнұсқасы Қазан мемлекеттік университетінің кітапханасында сақтаулы.1860 жылы қазақтың белгілі ағартушысы Ыбырай Алтынсариннің Марабай жыраудан халықтың көптеген ауыз әдебиеті үлгілерімен қатар «Қобыланды батыр» жырын жазып алған.Оның ең көркем,ең қызық бір тарауын Қобыландының Тайбурылмен Қазан ханға қарсы шауып бара жатқан сәтін 1879 жылы басылып шыққан „Қырғыз хрестоматиясына“ енгізді. 1870–1890 жылдарының аралығында «Қобыланды батыр» жырының кейбір үзінділерін В.В. Радлов пен Г.Н. Потанин жариялаған. Осы жырды 1932 жылы С.Сейфуллин, 1939 жылы С.Мұқанов „Батырлар жыры“,„Батырлар“ деген жинақтарға енгізген. С.Сейфуллин,М.Әуезов,С.Мұқанов,Ә.Марғұлан,М.Ғабдуллин,О.Нұмағанбетова. т,б. ғалымдардың зерттеу еңбектерінде «Қобыланды батыр» жырының мазмұндық,көркемдік қасиеті жан–жақты қарастырылған. Жеті буынды өлшеммен жырланған эпостың тілі айырықша көркем,эпитет,теңеу,салыстыру,әсерлеу молынан кездеседі.Қазіргі кезде бұл жырдың нұсқалары Мәскеу,Алматы,Орынбор,Қазан,Ташкент,Нөкіс қалаларының мұрағаттарында ,Орталық ғылым кітапхана қоры мен Әдебиет және өнер институтының қолжазба және мәтінтану бөлімінде сақтаулы.