«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексі жобасының тұжырымдамасы



бет2/23
Дата16.02.2023
өлшемі182,51 Kb.
#68641
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23
2. Денсаулық сақтауға бөлінген қаражаттың жалпы көлеміндегі медициналық-санитариялық алғашқы көмекті (бұдан әрі – МСАК) артықшылықпен дамыту
Халықаралық тәжірибе халықты қажетті қамту мен МСАК қызметтерін тиімді көрсету амбулаториялық қызметті қаржыландыру көлемі денсаулық сақтауға шығыстардан кемінде 40% деңгейінде болған кезде қол жеткізілетінін көрсетеді. Қазақстан бұл бастапқы буынға арналған шығындардың арақатынасына жақындайды.
Елдегі МСАК-тың рөлін арттыруға қарамастан бастапқы буында медициналық қызметтерді көрсетуді жақсартуда елеулі ілгерілеулер болған жоқ. Өзінің техникалық және кадрлық жарақтануы бойынша бұл сектор денсаулық сақтау жүйесінде орталық буын бола алмады және амбулаториялық және стационарлық деңгейлерде емдеу кезеңдерін ұтымды бөлуді қамтамасыз ете алмады.
Күшті МСАК-тың болуы ЭЫДҰ елдерінің бүкіл жүйенің басты үйлестірушісі бола отырып, өзінің деңгейінденауқастардың 80%-на дейін ұстауына мүмкіндік береді, ал біздің елімізде стационарлық сектор негізгі жұмыс істеп тұрған құрылым болып қалуда.
3. Халықтың негізгі дәрілік заттарға ең жоғары қолжетімділігі
Дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету рөлі денсаулықты сақтау мен қолдауда маңызды, сондықтан ЭЫДҰ елдерінде дәрілік заттардың сапасы мен қауіпсіздігі мәселесі ұлттық биологиялық қауіпсіздік деңгейіне дейін көтерілді.
ЭЫДҰ елдерінде дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуді қаржыландырудың жалпы көлемінен орта есеппен 80% қаражат пациенттерді амбулаториялық деңгейде дәрілік заттармен қамтамасыз етуге бағытталады.
Дәрілік заттарға мемлекеттік шығыстардың құрылымындағы амбулаториялық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету үлесі Қазақстанда барлығы 45%-ды алады. Амбулаториялық деңгейдегі жеткіліксіз дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету МСАК-ты дамытуға кедергі келтіреді және стационарға артық емдеуге жатқызуға себепші болады.
Бұл ретте, ЭЫДҰ елдерінде стационарлардың шығыстарының жалпы көлемінде дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуге арналған шығыстардың үлесі 20%-дан аспайды.
Қазіргі таңда Қазақстанда бұл көрсеткіш 50 %-ға дейін жетеді.
Басты себептер – бұл медициналық ұйымдардың дәлелді тиімділікті бағалау әдістерін игерудің жеткіліксіздігі, дәрілік формулярларға нақты қажеттілікті көрсетпейтін, дәрілік заттардың тізімін қалыптастыруға әкелетін, төмен экономикалық және клиникалық тиімділігі бар препараттарды қосу фактілері. Нәтижесінде медициналық ұйымдарда дәрілік заттардың бір түрлері бойынша тапшылық және басқа түрлері бойынша профицит туындайды.
4. Жоғары еңбек уәждемесі және медицина персоналының шеберлігі
Қазақстанда дәрігердің орташа айлық номиналдық жалақысы шамамен 125000 теңгені құрайды, бұл ЭЫДҰ елдерінен 16 есе (шамамен 2 000 000 теңге) төмен. Бұл мамандықтың беделсіздігін және Қазақстанның медицина қызметкерлерінің еңбек уәждемесінің нашарлығына байланысты.
Сондай-ақ еңбек ақының оның қарқындылығы мен нәтижесіне, сондай-ақ қызметкерлердің біліктілігіне нашар тәуелділігін атап кеткен жөн.
Орта медицина персоналының кәсіби деңгейі әлде де жақсартуды қажет етеді, яғни оқытудың ескірген әдістері қолданылады, мамандықтың беделінің төмендігі және қанағаттанарлықсыз жалақы.
Медициналық ұйымдар мен персоналдың еңбекті қарқынды етуге, қызметтердің бастапқы құнын төмендетуге, олардың сапасын арттыруға уәждемесі әлде де жеткіліксіз деңгейде. Сараланған еңбек ақы төлеу бос орындардың және мамандардың сақталған тапшылығының есебінен, әсіресе ауылдық жерлерде жүргізіледі.
Менеджерлерді даярлау мәселесітөмен деңгейде қалуда, бұл қызметтің тиімсіздігінің басты факторларының бірі болып табылады. Медициналық ұйымдардың, саланы басқару органдары басшыларының лауазымдарына тағайындау кандидаттардың біліктілік деңгейін және оның жүйені басқару қабілетін ескермей жүргізіледі. Іс жүзінде жергілікті жерлерде шамамен 50% менеджер белгіленген біліктілік талаптарына сәйкес келмейді.
5. Медициналық ғылымның басымдылығы
ЭЫДҰ көптеген елдерінде ІЖӨ жалпы көлеміндегі зерттеулер мен әзірлемелерге арналған шығыстардың үлесі шамамен 3%-ды құрайды. Қазақстанда 2000 жылдан бастап ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды (бұдан әрі – ҒЗТКЖ) қаржыландыру көлемінің 5 есе өсуіне қарамастан,ішкі шығындардың үлесі республиканың ІЖӨ-ден 0,26%-ды құрады.
Сондай-ақ, дамыған елдерде жеке сектордың ғылыми зерттеулерге шығыстары мемлекеттік шығындардан артып түсетінін (60-70%) атап кеткен жөн. Қазақстанда ҒЗТКЖ-ны қаржыландырудың мемлекеттік секторы рөлінің басым болуына байланысты инверстік құрылым әлде де сақталуда.
6. Денсаулық сақтауды қаржыландырудың жоғары деңгейі және ортақ қағидаты
Денсаулық сақтауға арналған жалпы шығыстар орта есеппен ЭЫДҰ елдері бойынша 8%-ды құрайды. Денсаулық сақтау жүйесінің жұмыс істеуінің тиімділігін қамтамасыз ету үшін ДДҰ дамыған мемлекеттердегі бюджеттік қаржыландыру кезінде ең аз қажетті көлемі ретінде ІЖӨ-ден 6-8% және дамыған елдердегі ІЖӨ-ден кемінде 5% бөлуді ұсынады. Қазақстан шығыстарының үлесі жоғарыда көрсетілгендей барлығы шамамен 3%.
7. Денсаулық сақтауға арналған жеке шығыстардың төмен деңгейі
ЭЫДҰ елдерінде медициналық көрсетілетін қызметтерді алуға арналған жеке шығыстардың үлес салмағы 19,6%; ЕО - 16,3% құрайды. Медициналық көрсетілетін қызметтердің алдыңғы қатарлы әдістерін қаржыландырудың өсуі мен енгізуге қармастан Қазақстанда 2014 жылы бұл көрсеткіш денсаулық сақтауға арналған жалпы шығыстардан 35,4% құрады. Халықтың 20%-дан асатын медициналық қызмет көрсетуге шығыстарының деңгейі ДДҰ мақұлдауы бойынша денсаулық сақтау жүйесінің қаржылық тұрақсыздығы мен халық үшін жоғары қауіп белгісі болып табылады.
ТМККК болуы кезінде жеке шығыстардың елеулі көлемін сақтау жүйеге бағытталған қаражаттың тапшылығын білдіреді.
Қаржыландырудың жетіспеушілігі мен медициналық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеудің жаңа әдістерінің шығындары ресурстар мен бастапқы буыннан (МСАК) барынша білікті кадрлардың стационарларға, ал стационарларда – көбінесе жоғары технологиялық медициналық қызметтер (бұдан әрі – ЖТМҚ) көрсететін бөлімшелерге «ағылуға» әкеліп соқты.
8. Ақпараттық жүйені дамыту
Денсаулық сақтауды дамытудың әлемдік үдеріс IT-технологияны дамытумен тығыз байланысты. ЭЫДҰ елдерінде дәрігер мен пациенттің арасындағы өзара қарым-қатынасты елеулі жеңілдетуге мүмкіндік беретін жаңа коммуникативтік технологияларды енгізудің белсенді процесі жүріп жатыр. Смарт-медицинаны дамыту, саланы дамытудың негізгі тренді болуда.
Қазақстанда салаға қазіргі заманғы ақпараттық технологияларды енгізу аясындағы елеулі прогреске, бірқатар порталды құруға, компьютерлік техникамен қамтамасыз етуді жақсартуға қармастан әзірленген және енгізілген веб-қосымшалар тек денсаулық сақтау жүйесін қаржыландыру мен басқарудың жекелеген мәселелерін шешуге ғана бағытталған. Бар деректер базасы ажыратылған, бұл денсаулық сақтаудың әртүрлі деңгейлері мен қызметтерін интеграциялау мен сабақтастығына кедергі келтіреді.
Біздің еліміз бен ЭЫДҰ елдерінің денсаулық сақтау жүйелерінің арасындағы айырмашылықты ескере отырып, Кодекстің бұл жобасында денсаулық сақтау деңгейінің ЭЫДҰ елдерінің деңгейіне сәйкестігін қамтамасыз ету үшін саланы жеделдетіп дамыту негізін салуды болжамдайды, ол үшін республика экономикасының барлық қажетті ресурстары бар.
Соның нәтижесінде, Кодекстің жобасы адамның толық өмірлік циклын қамтитын геномдық медицинаның негізінде қоғамдық денсаулықты басқаруға бағытталған. Сонымен, одан арғы медициналық көмек адам дамуының әрбір кезеңінде денсаулықпен байланысты профилактикаға және проблемаларды шешу бағдарланатын болады. Қазақстан Республикасында медициналық білім беруді дамыту шеңберінде дәрігерлік қызметті лицензиялауды кезең кезеңмен енгізуді қарайтын болады. Ақпараттық жүйелерді интеграциялау, мобилдік цифрлық қосымшаларды пайдалану, электрондық денсаулық паспорттарын енгізу, қағазсыз медицинаға өту арқылы медициналық көмектің қолжетімділігі мен тиімділігін арттыру.
Емдеу мен технологиялардың жаңа әдістерінің қосымшаларының өсуімен халықтың денсаулық сақтау қызметтеріне қолжетімділігі бөлігіндегі сенімі де өсуде. Халықтың сенімін ақтау үшін ғылыми қызметті, оның ішінде клиникалық зерттеулердің нарығын дамыту және биоэтикалық сараптаманың сапасын, медициналық көмектің тиімділігін арттыру, емдеу мен диагностиканың клиникалық хаттамаларын енгізу қажет.
Осылайша, Кодекс жобасының жаңа редакциясы ұлт денсаулығын нығайтуға, қол жеткізілген табыстарды бекіту мен дамытуға және денсаулықты сақтау және денсаулық сақтау жүйесі, денсаулық сақтау саласындағы қолданыстағы заңнамадағы олқылықтарды жою мәселелердегі бар проблемаларды шешуге бағытталатын болады, сондай-ақ 2050 жылға дейін саланы жоспарлы және алға қарай дамыту үшін негіз болып табылады.
Денсаулық сақтау саласындағы заңнамалардың мынадай институционалдық бөлімдерін тұжырымдамалық қайта қарау ұсынылады:

  1. денсаулық сақтау жүйесі мен медициналық көмек ұйымдары;

  2. медициналық қызмет;

  3. фармацевтикалық қызмет және дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың айналысы;

  4. азаматтардың денсаулығын сақтау;

  5. халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы мен қоғамдық денсаулық сақтау саласындағы қызмет;

  6. денсаулық сақтау саласындағы білім беру және ғылыми қызмет;

  7. медициналық және фармацевтикалық қызметкерлердің құқықтық мәртебесі, әлеуметтік қорғау.

Атап айтқанда, Кодекс жобасының жаңа редакциясында мынадай негізгі бағыттарды көрсету ұсынылады:


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет