«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексі жобасының тұжырымдамасы


Заң жобасын iске асырумен байланысты болжалды қаржылық шығындар



бет23/23
Дата16.02.2023
өлшемі182,51 Kb.
#68641
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23
11. Заң жобасын iске асырумен байланысты болжалды қаржылық шығындар
Демографиялық және эпидемиологиялық болжамдармен, сондай-ақ медицинаны цифрландырумен және аурулардың диагностикасы мен оларды емдеу үшін жаңа технологияларды тұрақты енгізумен байланысты шығыстардың өсуіне байланысты жаһандық сындарды ескере отырып, МӘМС мақсаты – тұрақты дамуды, қаржыландыру ауыртпалығын әділ бөлуді және денсаулық сақтау жүйесінің қауіптерінен кешенді қорғауды қамтамасыз ету болып табылады.
ТМККК қаржыландыруға бөлінетін бюджет қаражатын жыл сайын ұлғайтуға қарамастан, соңғы 5 жыл ішінде халықтың денсаулық сақтау қызметтеріне қалтасынан төленетін шығыстардың өсуі байқалады, олар 2017 жылы 678 млрд. теңгені құрды. Қалтасынан төленетін шығыстардың үлесі денсаулық сақтау саласының жалпы шығыстарынан 41%-ға жетті, бұл Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы ұсынатын шекті деңгейден екі есе жоғары (20%). Бұл ретте, жеке шығыстардың 30%-дан астамы ТМККК шеңберінде мәлімделген ақылы медициналық қызметтерді сатып алуға бағытталып отыр.
Бұл ең алдымен ТМККК-ны толық көлемде қаржыландырмаумен байланысты, ол бүгінгі күні бағалау бойынша 362,5 млрд.теңгені құрайды, оның ішінде амбулаториялық-емханалық көмек бойынша – 164,3 млрд. тг., стационарлық көмек бойынша – 126,1 млрд. тг., оңалту қызметтері бойынша –18,3 млрд. тг.
Бүгінгі күні 2030 жылға дейін денсаулық сақтауға жұмсалатын шығыстарды есептеу жүргізілді:
2018 жылы денсаулық сақтауға жұмсалған шығыстар 940,9 млрд. теңгені құрды. 2030 жылы денсаулық сақтауға жұмсалатын шығыстар жинақталған қаражатты ескере отырып 2943,7 млрд. теңгені, оның ішінде ТМККК-ға – 1546,7 млрд. теңгені, МӘМС жүйесінде – 1397,1 млрд. теңгені құрайтын болады.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет