«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексі жобасының тұжырымдамасы


VII ДСМ жанындағы медициналық қызметтердің сапасы жөніндегі бірлескен комиссияны дербес коммерциялық емес заңды тұлғаға өзгерту



бет9/23
Дата16.02.2023
өлшемі182,51 Kb.
#68641
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   23
VII ДСМ жанындағы медициналық қызметтердің сапасы жөніндегі бірлескен комиссияны дербес коммерциялық емес заңды тұлғаға өзгерту
Қазіргі жағдайда экономика, атап айтқанда денсаулық сақтау салаларын реттеудің өзге, мемлекеттіктен басқа түрлері мен нысандарын қолдану туралы мәселе өзекті болып табылады. Қазақстанда реттеу функцияларының басым бөлігін мемлекеттің жүзеге асыруы тарихи қалыптасқан, ол құқықтық қатынастарды реттеу үшін нормативтік құқықтық базаны құру арқылы байқалады.
Қазіргі кезде ҚР Денсаулық сақтау министрлігі әкімшілік кедергілерді қысқарту және денсаулық сақтау саласына тиімді және икемді реттеуді енгізу бойынша жұмыс жүргізуде. Алға қойылған міндеттерге қолжеткізу үшін әрбір тараптың күштері біріктіру мен мүдделерінің теңгеріміне негізделген мемлекеттің, бизнес пен қоғамның өзара іс-қимыл жасасу механизмін енгізу өзін-өзі ақтаған болып көрінеді.
Мемлекет басшысының бес институционалдық реформасын іске асыру жөніндегі 100 нақты қадам – Ұлт жоспарының 82-қадамына сәйкес медициналық қызмет көрсетудің озық стандарттарын енгізу мақсатында Денсаулық сақтау минисрлігінің жанында Медициналық қызмет көрсетудің сапасы жөніндегі бірлескен комиссия құрылды, оның қызметі клиникалық хаттамаларды, медициналық білім беру стандарттарын, дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуді, сапасын басқару жүйесі және денсаулық сақтау саласындағы қызметтердің қолжетімділігі стандарттарын жетілдіру бойынша ұсынымдар әзірлеуге бағытталған.
Мемлекет басшысының бес институционалдық реформасын іске асыру жөніндегі 100 нақты қадам – Ұлт жоспарының алға қойған мақсаттарын одан әрі іске асыру үшін денсаулық сақтау саласын басқарудың жаңа моделін енгізудің қажеттігі туындағы, ол мемлекеттік реттеумен қатар, қоғамдық реттеудің қолданылуын көздейді. Бұл модел дербес заңды тұлға ретінде Медициналық қызмет көрсетудің сапасы жөніндегі бірлескен комиссия (БСК) құру арқылы іске асырылатын болады. Бұл кәсіптік қауымдастықтың өз бетінше шешім қабылдауына мүмкіндік береді.
Бұл модель бірқатар функциясын БСК беруді көздейді.
Осылайша, коммерциялық емес түріндегі БСК құруды көздейді, оның мақсаты медициналық және фармацевтикалық қызмет көрсету саласында қолайлы жағдайлар мен сапаны қамтамасыз ету, сондай-ақ денсаулық сақтау саласын өздігінен еттеу болып табылады.
БСК міндеттері мыналар болып табылады:
1. Клиникалық хаттамаларды, медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыру, медициналық білім беру стандарттарын, дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуді, сапаны бақылау және денсаулық сақтау саласындағы қызметтердің қолжетімділігі жүйесі стандарттарын жетілдіру
2. Халықты қауіпсіз, клиникалық және экономикалық тиімді, сапалы және қолжетімді медициналық қызметтермен және медициналық технологиялармен (дәрілік заттармен, медициналық мақсаттағы бұйымдармен және медициналық технологиялармен және т.б.) қамтамасыз ету
3. Медициналық көмектің, денсаулық сақтау саласындағы ғылыми және білім беру қызметтің, дәрі-дәрмекпен және материалдық-техникалық қамтамасыз етудің, адами ресурстарды басқарудың, денсаулық сақтау инфрақұрылымын дамытудың сапасын қамтамасыз ету.
Құрылтайшылар
БСК құрылтайшылары белгілі бір өлшемшарттарға сәйкес келетін қоғамдық бірлестіктер (заңды тұлғалар бірлестігі) мен қауымдастықтар (жеке тұлғалар бірлестігі) болып табылады.
Қоғамдық бірлестіктерге қойылатын өлшемшарттар:
- медициналық немесе фармацевтикалық мамандыққа тиесілігі;
- елдегі осы мамандық бойынша барлық мамандардың кемінде 25% қоғамдық бірлестіктердің мүшелері болып табылады.
Заңды тұлғалар бірлестіктерінің өлшемшарттары:
- денсаулық сақтау ұйымдарына тиесілігі;
- кемінде 5 өңірдің өкілдері заңды тұлғалар бірлестігінің мүшелері болып табылады.
Ескертпе:
Мамандардың саны бойынша өлшемшарттар денсаулық сақтау саласындағы қолданыстағы қоғамдық бірлестіктерінің мүшелігінің орташа статистикалық көрсеткіштерін және халықаралық тәжірибені есепке ала отырып, әзірленген.
Қазіргі кезде 56 (73,2%) ішінен 41 медициналық және фармацевтикалық мамандықтар бойынша қоғамдық бірлестіктер бар, оларда мамандықтар бөлінісінде медициналық қызметкерлердің 5-тен 50 пайызына дейін мүшелері болып табылады.
БСК мүшелік
БСК мүшелері құрылтайшылардың қойылған өлшемшарттарға сәйкес келетін қоғамдық бірлестіктер (заңды тұлғалар бірлестігі) мен қауымдастықтар (жеке тұлғалар бірлестігі) болып табылады.
Бір мамандық бойынша екі және одан көп қоғамдық бірлестік болған кезде БСК-ға мүшелік бойынша артықшылық саны көпшілігін құрайтын қоғамдық бірлестікке беріледі. Ғылыми ұйымдар мен білім беру ұйымдары құрған қауымдастықтарға өңірлердің репрезентативтілігі бойынша өлшемшарттар қолданылмайды
Басқару органдары
1. БСК басқару органдары мыналар болып табылады:
1) жалпы жиналыс – жоғарғы басқару органы;
2) президиум – басқару органы;
3) атқарушы орган – жеке дара;
4) ревизор – бақылаушы орган;
5) мамандандырылған орган.
БСК қызметкерлерінің құрылымы мен штаты
БСК жоғарғы басқару органы жалпы жиналыс болып табылады, оның негізгі құзыретіне БСК жарғысын бекіту, Президиум мүшелерін, ревизорды сайлау және босату жатады.
ОКК Президиумы алқалық басқару органы болып табылады, 15 мүшеден тұрады және оның төрағасы басқарады.
Президиум мыналардан құрылады:
- ҚР ДСМ-нан 3 өкіл;
- МӘМСҚ-дан 3 өкіл;
- мүшелерден 6 өкіл;
- 3 тәуелсіз өкіл.
Мамандандырылған орган
Денсаулық саласына мониторинг жүргізудің мақсатында БСК мамандандырылған органы құрылады. БСК мамандандырылған органы БСК бекіткен талаптардың сақталуын бақылауды жүзеге асыратын орган болып табылады.
Атқарушы орган БСК төрағасы атынан ұсынылады, ол БСК президиумының шешімімен сайланады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   23




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет