«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексі жобасының тұжырымдамасы


Мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарындағы корпоративтік басқару



бет15/23
Дата16.02.2023
өлшемі182,51 Kb.
#68641
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   23
Мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарындағы корпоративтік басқару.
Корпоративтік басқаруды жетілдіру денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік ресурстарды тиімді бөлуге ЭЫДҰ мемлекеттік кәсіпорындарындағы корпоративтік басқару жөніндегі басшылық принциптеріне сәйкес басқару органдарының есептілігін және айқындығын қамтамасыз етуге ықпал ететін болады. Денсаулық сақтау саласындағы осы тәсіл медициналық қызметтердің сапасын арттыруға қол жеткізуге және инвесторлардың сеніміне және ұзақ мерзімді капиталдарын тартуға ықпал етуге көмектеседі.
Осыған байланысты, жаңа Кодексте уәкілетті органға:

  1. қадағалау кеңесі бар мемлекеттік ұйымдар үшін корпоративтік басқару құжаттарының үлгілік нысандарын әзірлеу (іскерлік этикасының үлгілік кодексі, үлгілік кадрлық саясат, ақпараттық саясат туралы үлгілік ереже, құпия жөніндегі үлгілік ақпарат);

  2. денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік кәсіпорындарды корпоративтік басқаруды бағалау қағидаларын әзірлеу және бекіту бойынша құзыреттік беруді көздейді.



Денсаулық сақтаудың ұлттық шоттары.
ЭЫДҰ сарапшылары «Денсаулық сақтаудың ұлттық шоттарына шолу» деген есепте халықаралық тәжірибеде мойындалған Денсаулық сақтаудың ұлттық шоттары (бұдан әрі - ДҰШ) аспабын енгізу ұсынылды, оны әлемнің 190 аса елдері қолданады. Өзінің мақсаты бойынша ДҰШ денсаулық сақтау саласындағы саясаттың талаптарына тез ден қоюға мүмкіндік береді және сапалы макроэкономикалық жоспарлау және егжей-тегжейлендірудің саясатты табысты қолданудың табыстылығын бағалау үшін қажетті деңгейде ақпарат ұсынуға мүмкіндік береді.
ДҰШ ЭЫДҰ, ДҰҰ және Еуропалық статистикалық ұйымының (Еуростат) бірлескен күшімен жасалған «Денсаулық сақтау шоттары жүйесі» методологиясы негізінде құрылады. ДҰШ еліміздегі денсаулық сақтау жүйесінің ақшалай қаражатының көздері және пайдаланылуы туралы ақпаратты жинауға және өңдеуге әрі оны басқа елдермен салыстыруға мүмкіндік береді.
ДҰШ құру кезінде ақпарат көзі ретінде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі, Денсаулық сақтау министрлігі, ҚР ҰЭМ Статистика комитеті, ҚР Ұлттық Банкінің Сақтандыру бақылау департаменті құрған және жариялаған деректер, сондай-ақ Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының Дамытуға ықпал ету комитетінің «Кредиторлардың есепберу жүйесі» деректер базасынан алынған ақпарат қолданылатын болады.
Денсаулық сақтаудың ұлттық шоттарын құру кезінде кәсіпкерлік субъектілеріне қажетті ақпарат ұсыну бөлігінде қосымша міндеттеме жүктелмейтін болады.
Осыған байланысты, ДҰШ ұғымын, оны қолдану мақсатын заңнамалық анықтау және оны қалыптастыру процесін регламенттеу ұсынылады.
ДҰШ енгізу еліміздің денсаулық сақтау жүйесіндегі қаржы ағымына мониторинг жүргізуді жүйелі түрде, жан-жақты және дәйекті жүзеге асыруға мүмкіндік береді.


Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдарының денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі міндеттері мен жауапкершілігі.
Денсаулық туралы жаңа кодексте облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдарының мынадай мазмұндағы міндеттері мен жауапкершілігін белгілеу ұсынылады:
Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдары:
1) денсаулық сақтау желісін дамытуды және денсаулық сақтау инфрақұрылымын дамытудың өңірлік перспективалық жоспарларын орындауды жүзеге асыруға;
2) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органның шешімін іске асыруды қамтамасыз етуге;
3) денсаулық сақтау саласындағы іс-шаралардың орындалуын жүзеге асыруға;
4) уәкілетті органның келісімі бойынша мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарының басшыларын лауазымға тағайындауға және лауазымнан босатуға міндетті.
Уәкілетті орган облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдарына мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарының басшыларын лауазымға тағайындау және лауазымнан босату туралы ұсынымдар енгізуге құқылы.
Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдары уәкілетті органның ұсынымы бойынша денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі міндеттерін орындамағаны үшін жауапкершілікте болады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   23




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет