фармацевтика қызметкерлері-фармацевтикалық білімі бар және фармацевтикалық қызметті жүзеге асыратын жеке тұлғалар;
фармацевтические работники
pharmaceutical workers
273
фармацевтикалық білім беру-фармацевтика қызметкерлерін даярлау және олардың біліктілігін арттыру жүйесі, сондай-ақ оқуды аяқтағаны туралы ресми құжатпен расталған фармацевтикалық мамандықтар бойынша даярлау және біліктілікті арттыру бағдарламалары бойынша оқыту барысында алынған, фармацевтика қызметкері үшін қажетті білім мен дағдылардың жиынтығы;
фармацевтическое образование
pharmaceutical education
274
фармацевтикалық көрсетілетін қызмет – дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласындағы субъектілердің тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сатып алуды, тасымалдауды, сақтауды, есепке алуды және өткізуді қоса алғанда, халықты амбулаториялық дәрілік қамтамасыз етумен байланысты қызметі;
фармацевтическая услуга
pharmaceutical service
275
фармацевтикалық қызмет – дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды өндіру және (немесе) дайындау және (немесе) көтерме және (немесе) бөлшек саудада өткізу бойынша денсаулық сақтау саласында жүзеге асырылатын, сатып алумен (иеленумен), сақтаумен, әкелумен, әкетумен, тасымалдаумен, сапасын бақылаумен, ресімдеумен, бөлумен, пайдаланумен және жеткізумен байланысты қызмет дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды жою, сондай-ақ олардың қауіпсіздігін, сапасы мен тиімділігін қамтамасыз ету;