Маркетинг- ғылыми пән ретінде зерттеу объектісіне ие, яғни әртүрлі тауарлар мен қызметтер рыноктарын зерттеу.
Маркетинг (ағылш. marketіng — рынок‚ базар‚ өткізу‚ сауда) — кәсіпорынның (фирманың, бірлестіктің‚ т.б.) тауар өндіру-өткізу және сауда жасау қызметін ұйымдастыру мен басқару жүйесі. Маркетинг нарық дамуының жай-күйі мен келешегін зерделеуге негізделеді, тұтыну мен өндіріс өніміне (тауарға‚ көрсетілетін қызметке) сұранымды қалыптастырады, табыс алу мақсатымен рынокта тауарлардың өткізілуін тездетуге бағытталады.
Маркетинг концепциясы – бұл басқару философиясы, ол тауар өндірушілерге тұтынушылардың қажеттіліктерін іскерлік белсенділік саласының, нарықтың, тұтынушылардың мақсатты топтарының, басты стратегиялық мақсаттардың ұзақ мерзімді және икемді анықтамасына назарын жұмылдыру арқылы, қанағаттандыру жолымен табыс алуды көмектеседі.
1.Өндірістік концепциясы Тарихи тұнғыш қалыптасқан маркетингтің өндірістік концепциясы тұтынушылар арасында кең тараған тауарды қолайлы бағамен сатылуын көбейтуді көздейді . Ол технологияны және өндіру процесін әрқашан жетілдіруді, өндіріс көлемін ұлғайтуды өндіріс шығындарын төмендетуді талап етеді. Бұл жағдайда барлық назар өндірістің ішкі неғұрлым толық пайдалануға аударылады. Сондықтан, осы жолмен пайда алуға болады.
2.. Тауар концепциясы Өндірістік концепциясымен бірге тауар концепциясы пайда болады . Бұл концепцияның негізі тауарды жетілдіруге оның сапасын дизайннын орауын жақсартуына көңіл бөледі. Тұтынушылар жетілген тауарды алады, өйткені олардың сапасы жоғары және бағасы қолайлы. Бірақ тауарды шамадан тыс қызығып артық шығару маркетнгтік соққырлыққа апаруы мүмкін.
3. Өткізу концепциясы Өткізу концепциясы өндірістік және тауар концепцияларын даму нәтежесінде п.б.
Жоғарғыда атап өткен екі концепция тек қана өндірісті кеңейту және тауарды жетілдіруге көңіл бөледі, ол нарықты жете зерттеп оны болжаумен шұғылданбайды. Мұндай жағдайда ерте ме кешпе бірақ міндетті түрде өткізу мәселесі шиелініседі .Өйткені кәсіпорын өндірген тауарды түгелмен және қалайда тұтынушыға өткізу қажет. Ал тұтынушылардың қажеттіліктері мен сатып алу мүмкіндіктері одан төмен болуы мүмкін.