Халықаралық Бизнес Уневерситеті Қаржы және есеп кафедрасы


Мемлекеттік бюджет жүйесі



бет3/4
Дата03.10.2023
өлшемі0,92 Mb.
#112836
1   2   3   4
Мемлекеттік бюджет жүйесі
Мемлекеттік қаржы статистикасы бюджеттің орындалу процесіндегі бюджеттік қаражаттардың түсімдері мен шығыстарын көрсетеді. Мемлекеттік қаржы статистикасының ақпараттық базасы Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі табыстайтын мемлекеттік, республикалық және жергілікті бюджеттердің орындалуы жөніндегі есептер негізінде құралған. Қазақстан Республикасында келесі деңгейдегі бюджеттер бекітіледі, орындалады және дербес болып табылады: республикалық бюджет; облыстық бюджет, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеті; аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджеті. Аналитикалық ақпарат ретінде өзара өтелетін операцияларды есепке алмағандағы республикалық және жергілікті бюджеттерінен, және аудан (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттерін біріктіретін облыс бюджетінен тұратын мемлекетік бюджет пайдаланылады. Мемлекеттік және облыс бюджеті бекітілмейді.
Бюджеттердің түсімдері болып кірістер, бюджеттік кредиттерді өтеу, мемлекеттің қаржылық активтерін сатудан түскен түсімдер, алынған трансферттер, сонымен қатар мемлекеттік қарыздар табылады.
Бюджет кірістері – салық және салықтан тыс түсімдер, негізгі капиталды сатудан түскен түсімдер және трансферттер түсімдерінің көлемі.
Салықтық түсімдер – Қазақстан Республикасының Салықтық кодексімен бекітілген салықтар және басқа да бюджетке міндетті төлемдер.
Салықтық емес түсімдер – республикалық және жергілікті бюджетке түсетін міндетті, қайтарылмайтын төлемдер және Қазақстан Республикасының Ұлттық Қорына жіберілетін түсімдер, байланысты гранттар және бюджетке қайтарымсыз түрде түсетін қаражаттар.
Ең алдымен осы мәліметтерді сызықтық регрессия арқылы сипаттап көреміз:


Х- тің орташа мәні- 2589360,20
Y- тің орташа мәні-14408799,60
Олардың көбейтіндісінің орташа мәні(ХY)- 3,906E+13 -ға тең
=1754335464917,87

a

-1390005,0687

b

0,2762

у=-1390005,07+0,27х

Регрессия теңдеуі: у=-1390005,07+0,27х

Яғни, осы регрессия теңдеуі арқылы мемлекеттің жағдайын сипаттауға болады. Ал осы модельдің маңыздылығын анықтау үшін детерминация коэффициенті (индексі) мен Аппроксимацияның орташа қателігін табамыз.

r(x;y)

0,98

R^2

0,9568754

А

0%

Қортындылай келсек,құрылған модельдер сапасын анықтау үшін анықтылық коэффиценттерін талдау қажет.


Анықтылық коэффициенті бойынша келесі тұжырымдар жасауға болады:
Егер R 2   0 ; 0 , 0 9  болса, онда х және у айнымалыларының
байланысын табуға арналған модель жарамсыз;
Егер R 2   0 , 0 9 ; 0 , 4 9  болса, онда регрессиялық моделді
статистикалық талдаудан кейін пайдалануға болады.
Егер R 2   0, 4 9 ;1  болса, онда құрылған модельді у
айнымалысын талдауда пайдалануға әбден болады.

Біз мемлекеттік бюджеттің шығыс бөлігіне жиынтық регрессиялық және корреляциялық талдау жасауды жөн көрдік. Себебі. біз осы талдаулар арқылы мемлекет бюджетті қай салаларға бөлетінін және оның жалпы шығындаға қалай әсер ететінін біле аламыз.



Статистикалық мәліметтерді талдай отырып,кесте құру барысында жаңа айнымалылар енгіземіз,яғни y айнымалысы-шығындар, x1 айнымалысы-білім беруге кеткен шығындар, x2 айнымалысы-денсаулық сақтауға кеткен шығындар болсын. Жиынтық регрессия теңдеуін шығара отырып,тәуелсіз x1;x2 айнымалыларын салыстырамыз.
Келесі қадам ретінде жиынтық регерссия моделінің құру барысында керек болатын мәндердің бәрін келесі көрсетілген кестелердегідей тауып аламыз.


Ендігі осы осы факторлардың мемлекеттік бюджеттің шығындарынп қандай әсер ететінін анықтау үшін біз олардың өз ара корреляция коэфицентін анықтаймыз.

Келесі қадам ретінде біз факторладың нәтижеге ықпалын сондай-ақ икемділіктің орташа коэффициенттерінің көмегімен де анықтаймыз:

Келесі байланысты матрица арқылы мәнін табамыз.







Қорытындылай келсек, біз осы зерттеу жұмысымызды аяқтай отырып,біз х1 ,х2 факторлы белгілерінің у нәтижеге қалай әсер ететінін анықтап, нәтижесінде х1, яғни, білім беруге кеткен шығындар факторының жалпы шығынға басқада факторларға қарағанда қатты ықпал ететінін байқадық.

2. Уақытқа байланысты қоғамдық құбылыстар үнемі өзгеріп отырады. Осы процестерді зерттеу үшін динамикалық қатарларды құрады.




Негізгі капиталды сатудан түскен түсімдер – мемлекеттік мекемелер иеленетін мемлекеттік меншікті сатудан, мемлекеттік материалды резервтерді сатудан, Қазақстан Республикасының заңдарымен немесе басқа халықаралық келісім-шарттармен қарастырылған жеке меншікке, тұрақты және уақытша пайдалануға немесе басқаша өткізілген мемлекеттік меншіктегі жер учаскілерін сатудан, мемлекетттің иелігіндегі материалды емес активтерді сатудан түскен түсімдер.
Трансферттердің түсімдері – бюджеттің бір деңгейінен екіншісіне, Қазақстан Республикасының Ұлттық Қорынан бюджетке түсетін трансферттер түсімдері.
Бюджеттік кредиттерді өтеу – кредиттік келісімге және Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес карыз алушының бюджеттік кредит бойынша негізгі қарызды өтеуі.
Мемлекеттің қаржылық активтерін сатудан түсетін түсімдер – заңды тұлғалардың, оның ішінде мемлекеттік меншіктегі халықаралық ұйымдардың, мүліктік кешен түріндегі мемлекеттік мекемелер мен мемлекеттік кәсіпорындардың қатысу үлестерін, құнды қағаздарын және мемлекеттік кәсіпорындардың оперативті басқаруында немесе шаруашылық жүргізуіндегі тағы да басқа мемлекеттік мүлікті сатудан түскен операцияларға байланысты бюджетке түсетін түсімдер.
Бюджет шығыстары болып шығындар, бюджеттік кредиттер, қаржылық активтерді сатып алу, қарыздар бойынша негізгі қарызды өтеу табылады.
Бюджет шығындары болып қайтарымсыз негізде бөлінетін бюджеттік қаражаттар табылады.
Бюджеттік кредиттер – бюджеттен қайтарымды, жедел және ақылы негізде бөлінетін қаражат.
Қаржылық активтерді сатып алу – заңды тұлғалардың, оның ішінде халықаралық ұйымдардың қатысу үлестерін, құнды қағаздарын мемлекеттік меншікке сатып алу бойынша операцияларға байланысты бюджет шығыстары.
Бюджет дефициті (профициті) кiрiстер мен шығындар, таза бюджеттiк кредиттеу және қаржы активтерiмен операциялар бойынша сальдо арасындағы айырмаға тең.
Терiс белгiсiмен алынған шама - бюджет тапшылығы, оң белгiмен алынғаны - бюджет профицитi болып табылады.
Бюджет дефицитін қаржыландыру – бюджет дефицитін қарызға алу және бюджеттік қаражаттар қалдықтары есебінен жабуды қамтамасыз ету.
Бюджет профицитін пайдалану – бюджет профицитін, қарыз қаражаттарын, қарыздар бойынша негізгі қарызды өтеуге арналған бюджеттік қаражаттар қалдықтарын жұмсау.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет