Халықаралық «Əділ сөЗ» СӨз бостандығын қОРҒау қоры


Сарапшы-лингвистің  құзыреті



Pdf көрінісі
бет35/45
Дата06.01.2022
өлшемі418,89 Kb.
#16481
түріАнықтамалық
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   45
Сарапшы-лингвистің  құзыреті   лингвистикалық  танымды 

пайдалана  отырып,  шешуге  болатын  шиеленісті  жағдаяттар  өрісі. 

Құқыққа қайшы реттегі сөйлеу əрекеттерін заңгерлік саралау даулы 

материалдар мазмұнының бағасына негізделуі тиіс.  Сондықтан фи-

лологиялық сараптаманың дəстүрлі міндеттеріне сөйлеу əрекетін тал-

дау жəне мəтін мазмұнын анықтау жатады. 

Алауыздықты  қоздыру  туралы  істер  бойынша  сот-филологиялық 

сараптама  жүргізу  кезінде  сараптама  нысаны  (сөйлеу  əрекетінің 

өнімі)  өздерінде  заңмен  тыйым  салынған  насихаттық  немесе 

үгіттік  сөйлеу  əрекеттеріне  тəн  белгілердің  қамтылуы  тұрғысынан 

бағаланады. Заңгерлік бағалауда зерттелетін сөйленістердің идеялық-

мағыналық  бағыттылығын  тауып,  белгілеу  басты  мəселе  болып 

табылады.  Мəтіннің  мазмұны  оның  мақсаттық  бағыттылығын 

дəлелдейтін  бірден  бір  дереккөз  болып  табылатындықтан,  даулы 




35

ақпарат  материалдарын  зерттеу  иландыру  (сендіру)  ықпалының 

риторикалық тəсілдерін талдау əдістерін игерген тіл мамандарының 

құзырына  жатады.  Сөйлеу  əрекеттерінің  мақсаттық  бағыттылығы 

тікелей  тыңдармандардың  пікіріне  коммуникативтік  ықпалдың 

ұғымдық-семантикалық  тұрғыдан  білдірілуі  негізінде  анықталады, 

яғни мəтіннің мақсаттық бағыттылығында тыңдармандар санасында 

анықталған  ойлау  нəтижелерін  қалыптастыру  ниетінің  бар  болуы. 

Сарапшының объективті əрі дəлелді түрде шешуі тиіс негізгі мəселесі 

мəтін арқылы тыңдарманға құқыққа қайшы экстремистік сипаттағы 

моралдық-құлықтық  ықпалдың  толықтай  жүзеге  асырылуын 

анықтауда  жатыр.  Бұл  орайда  сарапшы  міндетіне  адамдардың 

этникалық,  конфессиялық  жəне  осы  сияқты  белгілері  бойынша 

бөлінетін  əлеуметтік  топтарына  мəтіннің  əлеуетті  ықпал  ету  күшін 

анықтау енбейді. Ақпараттың мазмұнына талдау ж асау арқылы оның 

аудиторияға  ықпалының  шынайы,  нақты  бағасын  беру  əрдайым 

болжамдық,  ықтималдық  сипатқа  ие,  өйткені  сол  бір  ғана  мəтін 

түрлі  оқырман  категориялары  тарапынан  əртүрлі  қабылдана  алады. 

Сондықтан  ақпараттың  адресатқа  шынайы,  нақты  ықпалын  зерттеу 

үшін əлеуметтік сұрастырым жүргізу қажет. 

Шешілуі  тиіс  сараптамалық  міндеттердің  ерекшеліктеріне 

байланысты  сарапшы  мəтіннің  коммуникативтік-риторикалық 

құрылымы  туралы  өз  тұжырымдарын  ғылыми  негіздеуге  жəне 

мəтінде  пайдаланылған  дəлел,  дəйектердің  мазмұны  бойынша 

коммуникативтік міндеттер мен мəлімдемелердің мақсаттық бағдарын 

анықтауға мүмкіндік беретін лингвистикалық талдау əдістерін игеруі 

керек. 

Сарапшылар  мəтінде  (жазбаша  немесе  ауызша)  көрініс  таппаған 

жағдайларды анықтамайды. Сарапшылардың құзыретіне іс-əрекетті, 

қылмысты  заңдық  (құқықтық)  саралау  (мысалы,  алауыздықты  қоз-

дыру), пиғыл-ниетті анықтау, құқық бұзушылықтың мотивін (себеп-

терін) анықтау енбейді. 

Сондықтан тек соттың айрықша құзыретіне жатқызылған құқықтық 

сипаттағы мəселелерді сарапшының алдына тартуға болмайды. 

Қайсыбір  жағдайларда  сараптамалық  зерттеулерге  басқа  да  ма-

мандар  тартылуы  мүмкін.  Сөйтіп,  көркем  шығарма  тұрғысынан  та-

нылатын  ақпараттық материалдардың құқықтық жəне филологиялық 

бағалануы елеулі ерекшеліктерге ие, сондықтан оларды талдауда əде-

биеттану  саласы  бойынша  маманданған  филологтың  жұмысқа  тар-

тылуына кеңес беріледі.




36

Экстремизм белгілері бар ақпараттар ғылыми зерттеулердің нəти-

желерін көрсететін материалдарда қамтылуы мүмкін. Бұл этносара-

лық жəне діниаралық қақтығыстар мəселелерінің тарихта, философи-

яда, этнографияда, қақтығыстануда талдануымен байланысты; терро-

ризмнің  себептерін  криминологтар,  психологтар,  социологтар  зерт-

тей алады; антропологтар, генетиктер жəне т.б. адамзат нəсілдерінің 

шығу  тегі  туралы  мəселені  қарастырады.  Осындай  басылымдарда, 

əдетте,  əртүрлі  нəсілдік,  ұлттық  жəне  діни  топтар  туралы  деректі 

мəліметтер келтіріледі, өйткені мұнда жалпы ереже əрекет етеді: де-

ректі мəліметтердің шынайы болмысқа сəйкестігі жағдайында ақпа-

рат тарату бостандығына басымдық берілуі керек. Деректердің (фак-

тілердің)  шынайы  болмысқа  сəйкестігін  анықтау  үшін  көрсетілген 

ғылым салаларының мамандары іске тартылуы мүмкін.

Діни сипаттағы мəтіндер лингвистикалық талдаумен қатар, арнайы 

діни білімді көпшілік жағдайда талап етеді. Бейвербалды (тілдік емес) 

емес құралдар пайдаланылған кезде, өнертану саласы бойынша білім 

қажет етілуі мүмкін.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   45




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет